Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНЕ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1,1 Валюта жүйесінің түсінігі, оның пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1,2 Валюталық бағам және валюталық «қоржын» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің мәні мен белгілері ... 11
2.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Қазақстан Республикасының валюта нарығының ұйымдасуы және оған талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІ Валюталық жүйенің проблемалары мен переспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар , халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Жұмысты орырндаудағы алдыма қойған мақсатым валюталық жүйенің экономикалық мәнін ашып, оның құрылымын, элементтерін, даму эволюциясын және оның негізгі элементі болып табылатын валюталық бағам мен төлем балансын жан-жақты таладу болып табылады.
Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мiндеттерiм мыналар:
• валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
• валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықту;
• халықаралық валюталық жүйенiң эволюциясын зерттеу, оның әр түрлi кезеңдегi ерекшелiктерi;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерiн талдау, екінші бөлімде валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтерiн талдау, ал үшінші бөлімде проблемалары мен перспективалары туралы айтылды.
Жұмысты орындау барысында жалпы валюта, ақша, несие, банк пәні бойынша негізгі әдебиеттер, еліміздің соңғы жылдары бойынша экономикалық басылымдар және Қазақстан Республикасының валюталық реттеу бойынша құқықтық заңнамалар пайдаланылды.

1. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
2. Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
3. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
4. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
5. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2006 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНЕ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1,1 Валюта жүйесінің түсінігі, оның пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ..4
1,2 Валюталық бағам және валюталық
қоржын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің мәні мен белгілері ... 11
2.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері
және реттеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...13
2.3. Қазақстан Республикасының валюта нарығының ұйымдасуы және оған талдау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІ Валюталық жүйенің проблемалары мен
переспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .30
КIРIСПЕ
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда,
экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта,
әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін
айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты
іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу
және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың
жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы
халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық
капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде
әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс,
валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және
мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар , халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Жұмысты орырндаудағы алдыма қойған мақсатым валюталық жүйенің
экономикалық мәнін ашып, оның құрылымын, элементтерін, даму эволюциясын
және оның негізгі элементі болып табылатын валюталық бағам мен төлем
балансын жан-жақты таладу болып табылады.
Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мiндеттерiм мыналар:
• валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн
талдау;
• валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықту;
• халықаралық валюталық жүйенiң эволюциясын зерттеу, оның әр түрлi
кезеңдегi ерекшелiктерi;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi
жағдайы қарастырылды.
Жұмыстың құрылымы үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде жалпы
халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда
болу себептерiн талдау, екінші бөлімде валюталық жүйенің негізгі құраушы
элементтерiн талдау, ал үшінші бөлімде проблемалары мен перспективалары
туралы айтылды.
Жұмысты орындау барысында жалпы валюта, ақша, несие, банк пәні бойынша
негізгі әдебиеттер, еліміздің соңғы жылдары бойынша экономикалық басылымдар
және Қазақстан Республикасының валюталық реттеу бойынша құқықтық заңнамалар
пайдаланылды.
І.Валюта жүйесіне түсінік және оның элементтері
1,1 Валюта жүйесінің түсінігі, оның пайда болу себептері
Халықаралық шаруашылық байланыстардың даму барысында валюталық
жүйені қалыптастырады. Валюталық жүйе дегеніміз – ұлттық заңдылықтармен
немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
▪ Ұлттық валюталық жүйе
▪ Дүниежүзілік валюталық жүйе
▪ Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Ең алдымен халықаралық құқық нормасымен үйлесетін, ұлттық заңмен бекітілген
ұлттық валюта жүйесі туындады.Ұлттық валюта шекарасы жиегінен шығыңқырап
тұрса да, мемлекеттік ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ұлттық валюта жүйесі – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономкасының және сыртқы эйкономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ол мына
төмендегі элементтерді біріктіреді:
← Ұлттық валюта мен бағыттық тәртібі;
← Конвертиленудің шарттары;
← Халықаралық валюталық өтімділікті ұлттық тұрғыдан
реттеу;
← Валютаны реттеуші ұлттық органдар ( парламент, орталық
банк, үкімет);
← Валюталық парапарлықтың реттілігі – екі валютаның
арақатынастары.
Шаруашылық байланыстар неғұрлым интернационалдырылған сайын ұлттық валюта
жүйесінің негізінде әлемдік және аймақтық валюта жүйелері құрылады.
Олардың негізігі принциптері мемлекетаралық келісімдермен заңды түрде
бекітілген.3
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе ХІХ ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюта жүйе – бұл халықаралық несие – қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін
халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін
қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен
тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылық құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі
дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып
келеді.Сомен қоса дүниежүзілік валюта жүйесі шаруашылықты
интернационалдандырудың негізінде құрылған және мемлекетаралық
келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастар ұйымының түрі.
Аумақтық валюталық жүйе - өнеркәсібі дамыған елдердегі
дүниежүзілік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық
валюталық жүйе аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы
қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет –валюталық бағамның негізі болып табылатын
заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындғы шекті қатынасы.
Дүниежүзілік жән аймақтық валюта жүйелерінің негізгі элементтері
мыналар:
□ Халықаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;
□ Валюталық шектеулер мен валютаның конвертирлену
жағдайларын мемлекетаралық реттеу;
□ Халаықаралық төлем мен қосалқы қаржы функцияларын
атқаратын валюта түрлері;
□ Валюта бағытының реттілігін мемлекетаралық белгілеу;
□ Валюта мен алтынның дүниежүзілік нарығының реттілігі;
□ Валютаны мемлекетаралық реттеуді жүзеге асырушы
халықаралық ұйымдар(ХВҚ, дүниежүзілік банк, ЕБРР).
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу
құқығы ) белгіленеді. Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни
елдің ақша бірлігіне негіздлсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе
бірнеше резервтік валюталарға немесе халықарлық есептеу бірліктеріне
негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық бағамды анықтауда негіз реттінде қызмет ететін және валюталар
бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталар.4
Валюта жүйесінің эвалюциясы, ұйымның мемлекеттік – құқықтық формасы
әлемдік шаруашылықтың, өндірістің және әлемдік сауданың, әлемдік шаруашылық
байлықтары мен еңбектің халықаралық бөлінуінің даму дәрежесімен анықталады.
өнеркәсіптік төңкерістің нәтижесінде бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе
өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета
стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды
дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және
дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша
дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын
стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс,
халықаралық есеп айырылысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарды.
Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды,
себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес
келмеді. 1914 жылы валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс
тұсында пайда болған валюталық былықтың соңы алтын және жетекші валюталарға
негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған
валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп
соқтырды. Ол 1922 жылы Генуя валюта жүйесі конференциясында қатысушы
мемлекеттің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда
келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа
негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес
вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген
формадағы шетел валютасы. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында Бреттон-Вудс
конференциясына дейін резервтік валюта статусы ресми ешбір валютаға
бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы
статусты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-
ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде
американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік валюта статусы заңды түрде осы влюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен
Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне
мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіптік өндірістік
54,6%-ын, тауар экспортының 33%-ын, ресми алтын резервінің 75%-ын
шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері
екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін
қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-
экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі,
долларлық гегемония олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни
долларлық ашықтықта көрініс тапты.
Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
• Доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы
бекітілді;
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын
арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы
бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ±1%-ға,
Еуропа елдерінде ±0,75% ауытқуы мүмкін;
• Шетел орталық банктерінің долларлық резервтері алтынға американдық
қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады;
• Алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді
• Мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық
валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
ХВҚ-ның негізгі қызметі – осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің
валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын
бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт
аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың
қарқындап өсуіне ықпал етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере
алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен
әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта
жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты
және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені
әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді.
1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін
жеделдетті.
Төртінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға
мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге
келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта
жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық
принциптерге сүйенді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай
рөл атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:
• Алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір
валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген жарғысына сәйкес алтын
құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс.
Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық
банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық
резервтерді алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді.
Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл
ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс жүзінде оның ақша
ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты
бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса
сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің
орталық банктері және жеке тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын
сақтауда.
• Алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы –
СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп
жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған 30 жыл ішінде ол құн эталонына,
не басты халықаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол
әлемдік ақша рөлін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен
анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980
жылы 15 болса, 1998 жылы ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДР
стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХВҚ-ның
операцияларымен шектелуде. Доллардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми
резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс жүзінде долларлық
стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнын анықтайтын СДР-дің
валюталық қоржынының 39%-ы доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта
долларға бекітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда. Әйтсе де доллар
бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді.
Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-
техникалық және әскери потенциалының басымдылығына негізделген, бірақ
бәсекелестердің тегеурінінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы
монополды жағдайы жойылуда. СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы
стандартқа ауысты. Ол – үш әлемдік валюталық орталықтың валюталарына,
яғни американдық долларға, неміс маркасына, жапондық иенге
негізделген.
• ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта
бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта
бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың
наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда
бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше,
орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы
жүргізетін валюталық интервенциясына шығындары көбейді.
• Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті – мемлекетаралық
валюталық реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым-
қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол
жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою.
Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы жүйемен салыстырғанда
өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының
тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды.
Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стандартының тиімсіздігіне
байланысты; алтынды заңды түрде демонетизациялаумен оның іс жүзінде әлемдік
төтенше ақша статусын cақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі
валюталық бағам ережесінің жетіспетігі және с.с. мәселелерді туғызды.
Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін әлемдік үш орталықтың валюта-
экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта
механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар
іздестірілуде.
Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялану процесін
ынталандыру мақстында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму
себептеріне: шаруашылықтың интернализаялануы, өндірістің қарсылас
орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық
тұрасыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл Батыс Еуропа
елдерінің біршама дамыған аумақтық интеграцоиналдық тобын білдіреді, ол
1957 ж. наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды,
Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып,
1958 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет етті.
Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы екі жүйені
құлатуға және оны жаңадан ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда
үш кезеңді бөліп қарауға болады:
1) Жаңа валюталық жүйені құру, алғышартарын қалыптастыру,
қағидаларын анықтау;
2) Құрылымдық біртұтастылығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа
жүйесінің қағидаларын біртіндеп іске қосу;
3) Біртұтас және элементтері өзара байланысқан толықанды қызмет
ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.
Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері
1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфлиция деңгейін
қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық
валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының
айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделеді. ЭКЮ –
дің нарықтық құнының есебі 1 – кестеде берілген.
Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтындоллар
резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ – ді жартылай қамтамасыз
ету үшін пайдаланылады. Валюталық бағдарламаның режимдері бойынша мүмкін
болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негізінде өзара ауытқу
шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін +-6% және басқа жағдайларда +-
2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервация
жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды
интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргинальдық интервенцияның шектері
диаграммада көрсетілген.
Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының
жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беру, ЕВО
шеңберінде келісім- шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы
Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылады.Қарым –
қатынастардың дамуы дүниежүзілік және ұлттық валюта жүйелерімен шектелмей,
аймақтық жүйелерді құрумен де ұласуда. Бұл жүйе Ямайка жүйесіне қарсы
болды. Ол Еуропалық валюта бірлігіне (ЭКЮ), алтынмен мемлекетаралық
операцияларды жаңғыртуға және валюталардың еркін қозғалу режиміне
негізделген. Ал, оны құрудың негізгі себебі экономиаклық интеграцияны,
тауарлардың, қызметтердің капиталдарының және ЕО елдері арасындағы
тұлғалардың еркін қозғалуын қарастырып, қуаттау болып отыр. Осының
негізінде бірікен Еуропаның ішкі нарығының қалыптасуы 1993 жылға дейін
практика жүзінде аяқталды. Бұл жүйені әлемдік валюта жүйесінің құрамдас
бөлігі ретінде қарауға болады., себебі, ЕВЖ – ге кіретін елдер ХВҚ – ның
мүшелері болып табылады. ЕВЖ құрамына 12 батыс – еуропалық валюта кіреді.
ЕВЖ- ге қатысушы елдер өздерінің валюталық бағытын
ЭКЮ – дің орталық бағытына қарай белгілейді, ал ол арқылы бір – бірімен
белгілеседі.ЕВЖ – ні реттп отыру үшін 1994 жылы Еуропалық валюталық
институт болып өзгерген валюталық қызметтің Еуропалық қоры құрылған
болатын. ЭКЮ орталық және коммерциялық банктердің есеп – шотында жазылу
мен ол арқылы ақшасыз есептерді жүргізу үшін ғана өмір сүріп келеді.
ЕВЖ өмір сүре бастаған алғашқы 10 жылдың барысында өзін - өзі
бекемдей түсіп, ең басты міндеттердің бірі – ұлттық валюталардың
айырбасталу бағытын тұрақтандыру. Бұл жағдай өткен ғасырдың 90 –шы
жылдарының басында – ақ жаңа ұжымдық валюта – евроның қолма- қол – ақшалай
және ақшасыз формаларда айналуын пайдалануды білдіретін интеграцияның жаңа
сатысына көтерілуге негіз болды.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе қағидалары
мынадай:
ЕВЖ, ЭКЮ – еуропалық валюталық бірлікке негізделеді (1999 ж. дейін).
ЭКЮ-дің шартты құны ЕҚ-ның 12 елдерінің валюталары негізінде валюталардың
қоржынының әдісі бойынша анықталады.
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша
төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты
есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.
1.2 Валюталық бағам және валюталық қоржын
Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның
пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы
барысында, каитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың
қажеттілігінен дүниежүзілік және ұлттық нарықтардың бағамдары, сондай – ақ
ұлттық немесе шет елдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық
көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы
шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір
елдің ақша бірліктерінде белгіленген бағасы. Әрбір елдің валюталарын
салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті
құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен
ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгеред.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш фактор тобын бөліп
қаруға болады:
Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың
ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжірибе анықталатын экономикалық
тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инфлицяның төменгі қарқыны ( жылына 10% - ға дейін), жұмыссыздықтың
төменгі деңгейі(жылына 8%- ға дейін), дүниежүзілік нарықитағы еп –теңдік;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден
қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі
дүниежүзілік шароуашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Монометаллизм тұсында алтын немесе күміс – валюталық
ағамның монеталық (алтындық) паритет болып табылады, яғни ол, әр түрлі
елдерлің ақша бірліктерінің олардың металдық құрылымына байланысты
арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын
монометаллизмі тұсында валюталық бағамы алтын паритетіне сүйенді
(валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты)
және стихиялы түрде алтын нүктелердің шегінде оның айналысында ауытқып
отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге
асты: алтынды еркін түрде сатып алу – сату және сыртқа шығару. Валюталық
бағамның ауытқу шектері паритеттің бір пайызыннан асқан жоқ және қажетті
валютада ауыстыру мақсатында шетелге тасымалдау анықталды.
1930-1933 жж. Фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал
АҚШ долларыныкі – 15 г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай
анықталды: 1ф. ст. = 7,320001,50416 =4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең
төменгі бағамы (Англия мен АҚШ – тың пассивті төлем баланысы тұсында)
монеталық париеттен оның аударым құны – 0,05 долл. Шегергендегі сомаға
теңдесті. Фунт стерлингтіңм төменгі алтындық нүктесі 1ф.ст =4,86+,05=4,81
(долл.). валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ- қа алтынның
кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст. =4,86
долл.+0,,5 доол.=4,91 долл.) АҚШ – тан алтынның келуі байқалады.
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады.,
себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға
сатып алып,ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандардын
алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.
1971 жылы долл. Алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру
тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері
сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты.
Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту
Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.
Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мына:
валюталар өзінің құндық көрнісін алтынды емес, яғни алтын нарығында
стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы
құны арқылы болуында.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ –
ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ –
да валюталық қоржын базасында бекітілді.
Валюта бағамының динамикасы ақш бірліктерінің сатып алу
қабілетіне, инфлиция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем
баланысының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық
нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды
мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік
дәрежесіне байланысты.
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын
аықтайтын фактроларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық,
қысқа мерзімді күтпеген факторлар.
Фундаментальды факорлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық
экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіші болып
табылады. Әдетте олар ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын
мароэкономикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі
факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам,
жалпы ұлтық өнім, нақты пайыз мөлшерлнмесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі,
инфлиция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм
индексі.
Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін талдауды
сипаттайды. Графикалық – чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек:
сызықты, кесінді графиктері, жапон шамарының крестикатер – ноликтер
графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толғынға ұқсас болып келеді және онда
бір жерде жоғарласа, екінші жерде төмендеу байқалады.
Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам
динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады:
төтенше оқиғалар(форс- мажор) оқиғалары, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің
сөздері, валюталық инвестиция.

2.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесінің мәні мен белгілері
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде
өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек.
Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар
халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін
бірге шешу міндеттері тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен
бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық
қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын
ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде Валюталық реттеу туралы алғашқы
заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен
жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз
өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта
резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң
бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір
жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы
сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда Валюталық реттеу
туралы жаңадан заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, Қазақстан Республикасының
ақша жүйесі туралы 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; Қазақстан
Республикасының ақша жүйесі туралы 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; Асыл
тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік
реттеу туралы 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР
Президентінің Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының
нормативтік актілері.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып
шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық
құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы
металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу
болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып резиденттер
және резидент еместер саналады. Резиденттерге жататындар:
• Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде
уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
• Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар,
сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс
жерлердегі өкілдіктері;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және
басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен
шұғылданбайтын өкілдіктер.
Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге жоғарыда
республика резиденттері түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке
тұлғалар жатады.
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату
мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия
бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып
Ұлттық банк саналады. Ол:
• Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналасының
аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге
қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы көлеміне де
енгізеді;
• Резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен
және шетел валютасындағы бағалы қағазармен опрациялар жүргізу
ережелерін белгілейді;
• Резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру,
тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге
лицензиялар береді;
• Ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның
ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін,
сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын
операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу
мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
• Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
• Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы- валюталық
және несие-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
• Қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валюталарын тартады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және
олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк
және Қазақстан Республикасының үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып
заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда,
валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:
Жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған
қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін
орындауын тексеру;сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын
сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген
төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің
толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер
еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.
Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени
қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.
2.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу
ережелері және реттеу жүйесі
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін
2001 жылы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен Қазақстан Республикасында
валюта операцияларын жүргізу ережесі реттейді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер
жүргізетін валюта операциялары ҚР Ұлттық Банктік нормативтік-құқықтық
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы
жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер уәкілетті банктердегі
банктік есепшоттарды Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және жабады. Резидент және резидент
емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан
Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген
құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық Банктің басқа да
нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент
және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың
төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы
талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша
аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу
куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға
міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін, олардың көшірмелері
уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылды.
Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша
резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лизенциясын немесе
тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің
банктік есепшоттарына аударуға құқылы, сондай-ақ резидентке мұндай
құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz