Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

І тарау. Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні

Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ оның бұл бағыттың тілінде негізі бар екен тұнғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде айтылды. Бүгінгі таңда социолингвистика - (қазақша-әлеуметтік лингвистика) - тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Қазіргі әлемдік социолингвистика тілдін негізгі қызметі коммуникативтік, яғни қарым-қатынас құралы деп сипаттайды. А. Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты анықтама болды: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді [1. 141]

Себебі, қоғамның тілдік қажеттілігін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айырықша қабылдауы, түйісінуі заңды құбылыс. Өйткені социолингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді.

Бір атап өтерлік жай, әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта анықтаса, (тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) . Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.

Осымен байланысты ономастикалық ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова т. б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.

Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған.

Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.

Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика - кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала, терминдермен белгіленеді. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысбергенова, Г. Мадиева, А. Жартыбаев т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді) т. б.

Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы - антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (очество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншек аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.

Атап айтқанда, түркі тілдерінде антропонимдік зерттеулердің басы ертеден басталып, даму барысында әр түрлі сипатта қарастырылған. Мысалы, Қазанда 1905 жылы жарық көрген В. К. Магницкийдің «Чувашские языческие имена» кітабында акад. К. Мусаевтың көрсетуінше 10587 ер адамның аты (фонетикалық вариантармен қоса) берілген. [206]

Қырғыз есімдерін зерттеген А. Идрисовтың (кыргыз тилиндеги ысымдар. Фрунзе, 1971) еңбегінде антропонимдердің қалыптасу кезеңдері қоғамның тарихи-экономикалық даму кезеңдеріне сәйкес анықталады: 1) Алтай дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған жануарлармен, құстармен, географиялық атаулармен байланысты антропонимдер жатады. 2) Хун дәуірінде қалыптасқан антропонимдер (б. э. д. ІІ, ІІІ-VІ б. ғ. ) Оған мал жануар, құс, өсімдік, жәндік, аспан денелері т. б. байланысты аттар жатады. 3) Көне түркі кезең (V-Хғ. ) Алдындағы кезеңдердегі антропонимдермен қоса, мысал ретінде ескі түркі ескерткіштеріндегі антропонимдер - Чур, Барс, Арстан т. б. келтіреді. 4) Ортағасырлық кезеңдегі (Х-XVғғ. ) аттарға араб есімдері қосылады. 5) Жаңатүркі кезеңде (ХV-ХХғғ. ) бұрынғы есімдерге ескіеврей (библиялық) араб, парсы аттары қосылады. 6) Октябрьден кейінгі кезең аттарының қатарында революционерлер, әдеби кейіпкерлер, мемлекеттік ресми тұлғалар атауларымен сипатталған.

Қазақ тіл білімдегі ономастика, антропонимика саласын қалыптастырушы ғалым Т. Жанұзақовтың антропонимдердің қалыптасуын, даму кезеңдерін басқаша жіктегенің байқаймыз. Атап айтқанда: 1) Ескі түркі кезеңі (V-Хғғ. ) пұтқа табынуға байланысты жалқы есімдер. 2) Ортағасырлық кезең (Х-ХVІІғғ. ) - туыстық атаулар, тайпа, ру атауларымен, жануар мен өсімдіктер, астрономиялық атаулар, қымбат тастар мен материалдың мәдениет пен тұрмыс, әлеуметтік-саяси терминдермен байланысты. 3) ХVІІ-ХІХғғ. кезең - негізінен аппелятивтік лексикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулар: Жібек, Баршын, Қамқа, Шекер, Алуа т. б. 4) Совет кезеңі - жаңа дәуірге сәйкес жаңа ұғымдар мен байланысты есімдер көріп отырғанымыздай, бұл зерттеудің нәтижесі тілдік деректердің мазмұның нақтылығымен дәйектелген.

Сонымен бірге татар тілінің антропонимиясының Г. Ф. Саттаровтың мақаласында ежелгі қабаты көне түркі және ежелгі бұлғар кезеңіне қатысты анықталып, ежелгі түркілердің наным-сенімдеріне сәйкес - аспанға табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен көрсетіледі: Таштемир, Бикташ, Тәңгеребирде, Кугәй, (Кук+ай), Айсылу, Чулпан т. б. []

Cол сияқты түрікмен тілінде де ежелгі антропонимдер ретінде атмосфералық ылғал, күн, ай, флора мен фаунаға байланысты қалыптасқан есімдер көрсетіледі. Мысалы, Ягмур , (жаңбыр) ХІғ. түркіменің қолбасшысының аты.

Академик В. А. Гордлевскийдің түркі антропонимдер жүйесінің түркі қабатын мұсылмандыққа дейінгі деп анықтауы көптеген түркі тілдері бойынша антропонимист ғалымдардың пікірлерінде қолдау тауып жалғасты. Нақты айтқанда осы зерттеулердің нәтижесінде танымдық, мифотанымдық сипаттама космонимдік лақап аттардың т. б. негізі осы қабатқа тән.

Башқұрт антропонимиясындағы қыпшақ қабатын зерттеуші Г. М. Гариповтың пікірінше, барлық түркі тілдеріне ортақ, байырғы, түсінікті этностың терең қайнарларынан деректер беретін тарихи көздер [210] Түркі тілдерінің лексикологиясын салстырмалы түрде зерттеуші К. Мусаевтың еңбегін антропонимияға қатысты бөлімінде оны топтастыруын 7 принципін береді.

Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағұлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т. б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға, этнолингвистикаға сай келеді.

Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланыс бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәдени мәні ерекше екенін жоғарыда атап өтілген. Қазақ тіл біліміндегі антропоцситристік бағыттағы лингвомәдениттанымдық, этнолингвистикалық, дәлелдеп отыр. Балаға ат қоюда ерте кездің өзінен-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Ал, ырым мен әдет-ғұрып Ш. Уәлиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән [2. 176] . Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлболсын деп ат қояды. Ондағысы кейінгі бала ұл болса деген ырым-сенім. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуіннің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңілерін - шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т. б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарын аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.

Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да, антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік т. б. аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни, эфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік көрністері қазіргі қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы өтірік айту - қосып айту, ұрланыпты - қолды болыпты, өлді қайтыс - болды, үзілді т. б.

Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтіктанымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тиым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә. Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген. [3] Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады.

Сонымен бірге бұл құбылыс адам танымына, оның әлеуметтік, саяси т. б. қызметіне қатысты динамикалық жүйе екендігі М. Жұмағұлованың «Газет эвфемиздер» деген зерттеуінен де көрінеді. [4]

Тілші-ғалым Ә. Хасенов эвфемизм мен табу құбылымын лексиканың қалыптасып баю барсындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: аулдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Елеман - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т. б. [66]

Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы есімдердің көбі табуға айналған. Ш. Саадиевтің мәліметі бойынша, әзірбайжанда күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған. Түркіменстанда «әр баланың чын ады - шын аты және ямен ады - жасырын аты бар». Сібірдің солтүстігінде ер адамдарда екі ат болды, оның бірі - шын ат, ол сирек қолданылса, ал екіншісі күнделікті қолданыстағы ат болып саналған. [42] Қазақ жалқы есімдерін - антропонимдерді зерттеуші Т. Жанұзақ былай дейді: «Запрет некоторых слов (табу) имел свое влияние и в сфере лично собственных имен. Казахские замужние женщины давали свои имена Төрем, Шырақ, Жарқын, Тетелес, Мырзажігіт, Шырайлым, Бикеш и др» []

Оңтүстік Сібірдегі түркілердің дәстүрлі дүниетанымын А. Самойловичтен кейінгі зерттеушілер күйеуі мен оның туыстарының атын айтуға тыйым салыну некелік қарым-қатнастың сипатына байланысты деп есептейді. Әйел басқа тектен (әлемнен) болғандықтан күйеуінің жағында оған бірқатар сөздік тыйымдар салынады: «Большинство запретов, которыми было окружено ее поведение во время сватовства и свадьба, постепенно снимались, но оставался от минимум символов, который на протяжении всей ее жизни на земле мужа подчеркивал особый статус женщины - пришелицы, единственного существа «со стороны», находившегося в роде. Она не имела права произносить вслух имена своих старших родственников. Для нее их имен словно бы не существовало, равно как имена мужа. [151] Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік тыйымдар (табу), жоғарыда атап өткендей, қазақ әйелінің де сөздік ғұрпында болған. Қазақ әйелінің сөзіндегі табуға айналған жалқы есімдер эвфемизімдермен алмастырылған. Профессор Т. Жанұзақ былай деп жазады: «Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли қайынаға (деверь) . При запрете личное имя определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо Али-Сали, Турсын-Мурсын . Для замужней женщины являлись запретными и нарицательные имена. » [45]

Акад. А. Н. Самойлович ХХ ғасырдың баскезінде ақ бұл проблеманың әлеуметтік, этномәдени аспектісіне мән беріп, түркітанудың болошағы өзекті мәселелерінің бірі ретінде мән берген: «чтобы исследователи разных тюрских народов обратили особое внимание на личные имена, о том, что следовало бы составлять полные алфавитные списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему давалось то или иное имя, чтовпоследствии позволило бы произвести весьма интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных имен всех тюркоязычных народов» [299]

Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірімен, әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Ал, ұлттық тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген ұғымдар мәдениетпен байланысты. Мәдениет дегеніміз адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Осы мәселені арнайы зерттеуші ғалым Э. С. Маркарьян: «Мәдениет дегеніміз адамзат жасаған материалдық және рухани мұралардың жиынтығы» деген түсінік берген. [3. ] Тіл мен мәдениет сабақтас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ ғалымдары Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова т. б. мәдениетті тілден бөліп алып қарамай, тіл - мәдениеттің бір көрінісі, ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды деп санайды. Себебі, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. В. Гумбольдт айтқандай «Ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш - тіл». [4. 349]

Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында тілді зерттеудің барсында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Себебі, дәстүр әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан - жалпыхалықтық құбылыс. Екіншіден дәстүрдің тағы бір сипаты - оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Сол себепті әр түрлі ұрпақ болғанмен, бірін-бірі түсініп бір ұлтқа жатады. [282] Осы жай түркі соның ішінде қазақ антропонидерінің тілдік табиғатына да тікелей қатысты.

Осымен байланысты тіл мен мәдениетті біріктіріп қарастыратын сала - лингвомәдениеттану (лингвокультурология) . В. Воробьев лингвомәдениеттануға мынандай ғылыми анықтама береді: «Лингвокультурология это комплексная научная дисциплина синтизирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процес как целостную структуру еденицу в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные устоновления (система норм и общечеловеческих ценностей) ». [6. 37] Ғалым В. А. Масловa бұл пәнді халық мәдениетін танутышы ғылым деп санап, былайша анықтайды: «Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и иследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке». ) [7. 8]

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттанудың, соның ішінде антропонимдерге қатысты жағын ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімнің бағыты. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этника-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу деректері мен дәйектері ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т. б. Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты деректер Ш. Уәлиханов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, Ә. Марғұлан, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков т. б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі.

Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың да негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Сейсенова, Г. Қажығалиева, А. Сейілхан, Қ. Қайырбаева т. б. ) анықталып, лингвомәдениеттану ғылымның пән ретінде қалыптасуынан қазақ тіл білімінде жеке сала ретінде қарастырылуынан көрінеді.

Г. Смағұлова өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: Лингвомәдениеттану бұл тіл - ұлт - мәдениет дейтін үштік (триада лингвомәдениеттану пәнің зерттеу нысаны болмақ) . [8. 196]

А. Салқынбайдың пікірі бойынша, тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу - ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами, гуманитарлық, мәдени, өркенеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, әрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады. [9. 309]

А. Алдашева бұл пәннің зерттеу қөздерін ғылыми тұрғыдан анықтап әрі лингвистика ғылымымен ортақтығын лингвомәдениеттанудың ауқымы өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан ұлттық «бет-пішіні» бар деп есептелген сөз ұлттық әлеуметтік, этникалық, адамгершілік, мәдени, тұрмыстық нормаларға сай деп тұжырымдайды. [10. 215]

А. Сейсенова лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететінін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады. [11. 22]

Сол сияқты тіл мен мәдениеттің сабақтастығының көркем мәтіндегі көріністері Г. Снасапова, Ш. Елемесова, Г. Абдрахманова, Ф. Қожахметова, А Әмірбекова, т. б. зерттеулеріне арқау болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қазақ тіліндегі антропонимдер
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұрғыдан қарастырылуы
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz