Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жер қорлары да қорғаусыз емес
2. Жер қорлары бойынша ақпарат
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
4. Жер қорларын пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зияны
5. Қазақстан Республикасының жер қорлары кешенін дамыту болжамы
6. Жыл ішіндегі жер қорларының тиімді пайдалану қорытындысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қор жерлері — жеке меншікке немесе жерді пайдалануға берілмеген жерлердің барлығы. Қор жерлері жеке меншікке немесе жер пайдалануға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп қажеттіліктері үшін және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және талаптармен басқа мақсаттар үшін беріледі. Қор жерлерін басқа санаттарға ауыстыру оларды жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бірге бір мезгілде жүзеге асырылады.Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер деп ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер аталады.Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер құрамына ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер және ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су қоймалары, мелиоративтік желі, ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге қажетті қосалқы үй-жайлар мен құрылыстар алып жатқан жерлер, сондай-ақ басқа да пайдаланылатын жерлер (сортаң жерлер, құмдар, тақырлар және басқа ауыл шаруашылығының пайдаланатын жер көлеміне қосылған басқа да өзге пайдаланылатын жерлер) бөлінеді. «Каспий», «Тобол» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығына және «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, «Тобол» ӘКК ҰК» АҚ дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес барлық жер учаскелері, жер учаскелерін мемлекеттік жер пайдаланушыларға беру жағдайларынан басқа кезде, азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін және жеке меншік үй-жай ұстау үшін; табиғи грант ретінде; арнайы экономикалық аймақтар ретінде беріледі. Ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерге: жыртылған жерлер, тыңайған жерлер, көпжылдық отырғызу алып жатқан жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.Жыртылған жер – көпжылдық өсімдіктер егістігін қоса, ауылшаруашылық дақылдарының егістігі ретінде жүйелі түрле өңделіп, пайдаланылатын жер учаскесі, сондай-ақ таза егістік жерлер. Жыртылған жерге тамырын жақсарту үшін қопсытылған алдын ала (үш жылдан артық емес уақыт ішінде) дақылдар егістігі алып жатқан шабындықтары мен жайылымдар, сондай-ақ егістік ретінде пайдаланылатын бақтардағы қатарлар арасы жатпайды. Тыңайған жер – бұрын жыртылған жер құрамында болған және бір жылдан артық, күзден бастап ауылшаруашылық дақылдарын себу үшін пайдаланылмайтын және егістік жер ретінде дайындалмаған жер учаскесі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шабындық ретінде жүйелі пайдаланылатын және жануарларды жаюға арналған жер учаскелері. Тамыры жақсартылатын шабындықтар мен жайылымдар – егін екпеу арқылы жаңадан тұрақты шөп өскен шабындықтар мен жайылымдар учаскесі. Суландырылған жайылымдар – аумағында су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, су шашырату немесе суландыру каналдары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар, барлық мал басын тиісті сапалы сумен қамтамасыз ете алатын жайылымдар.
1. Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері», Алматы 1995
2. А. К. Бредский «Жалпы экологияның қысқаша курсы», Алматы «Ғылым»1998
3. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева «Экология», Алматы «Экономика» 2002
4. Ә. С. Бейсенова «Экология», Алматы «Ғылым» 2001
5. Ә. Бейсенова, А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», Алматы «Ғылым» 2004
6. Бродский «Жалпы экологияның қысқаша курсы»
7. Колумбаева, Бильдебаева «Жалпы экология»
8. Шилов «Экология»
9. Радкеевич «Экология»
10. Интернет

ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жер қорлары да қорғаусыз емес
2. Жер қорлары бойынша ақпарат
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
4. Жер қорларын пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зияны
5. Қазақстан Республикасының жер қорлары кешенін дамыту болжамы
6. Жыл ішіндегі жер қорларының тиімді пайдалану қорытындысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қор жерлері — жеке меншікке немесе жерді пайдалануға берілмеген
жерлердің барлығы. Қор жерлері жеке меншікке немесе жер пайдалануға ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп қажеттіліктері үшін және Қазақстан Республикасының
Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және талаптармен басқа мақсаттар үшін
беріледі. Қор жерлерін басқа санаттарға ауыстыру оларды жеке меншікке
немесе жер пайдалануға берумен бірге бір мезгілде жүзеге
асырылады.Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер деп ауыл шаруашылығы
қажеттіліктері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер
аталады.Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер құрамына ауылшаруашылық
мақсатында пайдаланылатын жерлер және ішкі шаруашылық жолдары,
коммуникациялар, тұйық су қоймалары, мелиоративтік желі, ауыл
шаруашылығында жұмыс істеуге қажетті қосалқы үй-жайлар мен құрылыстар алып
жатқан жерлер, сондай-ақ басқа да пайдаланылатын жерлер (сортаң жерлер,
құмдар, тақырлар және басқа ауыл шаруашылығының пайдаланатын жер көлеміне
қосылған басқа да өзге пайдаланылатын жерлер) бөлінеді. Каспий, Тобол
және Батыс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және қызметтерін
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығына және Әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорацияларды, Тобол ӘКК ҰК АҚ дамытудың кейбір мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №
1403 қаулысына сәйкес барлық жер учаскелері, жер учаскелерін мемлекеттік
жер пайдаланушыларға беру жағдайларынан басқа кезде, азаматтарға жеке
қосалқы шаруашылық, бағбандық, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу
үшін және жеке меншік үй-жай ұстау үшін; табиғи грант ретінде; арнайы
экономикалық аймақтар ретінде беріледі. Ауылшаруашылық пайдаланылатын
жерлерге: жыртылған жерлер, тыңайған жерлер, көпжылдық отырғызу алып жатқан
жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.Жыртылған жер – көпжылдық
өсімдіктер егістігін қоса, ауылшаруашылық дақылдарының егістігі ретінде
жүйелі түрле өңделіп, пайдаланылатын жер учаскесі, сондай-ақ таза егістік
жерлер. Жыртылған жерге тамырын жақсарту үшін қопсытылған алдын ала (үш
жылдан артық емес уақыт ішінде) дақылдар егістігі алып жатқан шабындықтары
мен жайылымдар, сондай-ақ егістік ретінде пайдаланылатын бақтардағы
қатарлар арасы жатпайды. Тыңайған жер – бұрын жыртылған жер құрамында
болған және бір жылдан артық, күзден бастап ауылшаруашылық дақылдарын себу
үшін пайдаланылмайтын және егістік жер ретінде дайындалмаған жер учаскесі.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шабындық ретінде жүйелі пайдаланылатын
және жануарларды жаюға арналған жер учаскелері. Тамыры жақсартылатын
шабындықтар мен жайылымдар – егін екпеу арқылы жаңадан тұрақты шөп өскен
шабындықтар мен жайылымдар учаскесі. Суландырылған жайылымдар – аумағында
су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, су шашырату немесе
суландыру каналдары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар, барлық мал басын
тиісті сапалы сумен қамтамасыз ете алатын жайылымдар.

Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
Ал жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттары есебінен атқарылған
шаруалар төмендегідей:
- “Нұрдаулет” ЖШС 2002-2003 жылдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде
Қазақстан Республикасының қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Қосқұдық
кен оргындағы алтын-полиметалл кенінің, Солтүстік Балқаш өніріндегі
Көкзабай кен орнындағы қорғасын-мырыш кенінің қор көлемін белгіледі.
Барланған осынау кен орындарының базасында кеніштер салынуда. Олардың кен
қоры тиісінше 6 және 20 жылға жетеді.
- “Казхром” ААҚ зерттеулердің барысында Қарағанды облысындағы Тур кен
орындағы марганец рудасының қоры анықталды. Ол кеніштің 19-20 жыл жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді деп болжануда.
- “Жалын” ЖШС барлау жұмыстарының қорытындысында Қонырат кен орындағы
баланстан тыс бірнеше тотықтанған мыс рудаларының үйінді қорлары белгілі
болды. Бұрыннан жинақталған техногендік түзілістерді өңдеу жаңа жұмыс
орындарын ашып қана қоймай қосымша қаншама мыс алуға, ауданның экологиялық
жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
- “Ақмола Голд” ЖАҚ 1998-2000 жылдары Ақмола облысындағы Теллур алтын
кен орны бойынша жасаған зерттеу жұмыстарынның қортынды есебін ҚР қорлар
жөніндегі мемлекеттік комиссиясына тапсырды. Барланған қорлар өзінің алтын
айыратын фабрикасы бар жаңа кен өндіру кәсіпорнының қызметін 7 жылға
ұзартады. Одан әрі осындағы жаңа кен аймақтарындағы қорларды барлап зерттеу
оның жасын екі есе көбейтіп, 15-20 жылға жеткізеді.
- “Рапид” ЖШС Қарағанды көмір бассейннің өнеркәсіптік аймағындағы
бұрынғы №17 және №20 шахталар алаңдырында шағын тау-кен кәсіпорынның
жұмысын қамтамасыз ете алатындай К10 және К12 тас көмір қабаттарының қорын
анықтап, оны мемлекеттік комиссияға тапсырып, бекітілді.
- “Недра Казахстана” ЖШС жұмыстарының нәтижесі бойынша “Центрказнедра”
аумақтық басқармасы жанындағы қорлар жөніндегі аумақтық комиссия Қарағанды
бассейніндегі өнеркісіп участкесінде а5-6 қабатын ашық өндеу үшін ХI
участке тас көмір қорын бекітті. Онын қоры 17 жылға жетеді.
- Қазақстан Республикасы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы
Жезқазған қаласындағы кәсіпорындарды (“Қазақмыс корпорациясы” ААҚ) сумен
жабдықтау үшін Ескұлын кен орнындағы жер асты суларының пайдаланылатын
қорын бекітіп, Тур марганец кен орны үшін Басақтымақ кен орнында, Павлодар
облысындағы Бастау, Роса және Мойылды участкелеріндегі жер асты минералдық
суларының қорларын анықтауда осындай жұмыстар жүргізді. Қарағанды
өнеркәсіптік аймағындағы түрлі кәсіпорындарды сумен жабдықтау мақсатында 7
скважина участкелері бойынша жер асты суларын пайдаланылатын қорын
“Центрказнедра” басқармасы жанындағы аумақтық комиссия бекітті.
Бұдан бөлек, қорлар жөніндегі аумақтық комиссия жер қойнауын
пайдаланушылардың жұмыстарының нәтижесінің қорытындысында Қарағанды
өнеркәсіптік ауданында (“Ремас” ЖАҚ) Шолаққарасуда жоғары сапалы барит
рудасының шағын кен орны қорын, Жезқазған өнеркәсіптік ауданында (“Еркін
Квац” ЖШС) отқа төзімді кірпіш пен оптикалық шыныны еріту өндірісі үшін,
Ақтас кен орынында кварц үйінділерін, Атасу өнеркәсіптік ауданында (“Анис”
ЖШС) Миқайнар жеріндегі қаттама әкті, Павлодар облысында Көміртұзда отқа
төзімді балшықты, сондай-ақ құрылысқа қажет тастың 8 кен орын, автомобиль
жолы құрылысына, негізінен Алматы-Екатеринбург жолы құрылысына керек
балшықты және киыршақ тасты 14 кен орны мен участкелерді, 1 құмды-гравиялық
қоспа кен орнын белгіледі.
Осындай оң нәтижелерге қарамастан қорғасын, мырыш, мыс, темір сияқты
бірқатар минералдық шикізаттарды көлемінен артық қазып алу байқалады.
Сондықтан біздің басқарманың негізгі міндеттерінің бірі әлеуетті жер
қойнауын пайдаланушылардың инвестицияларын ең бірінші кезекте геологиялық
барлау жұмыстарына тарту болып табылады. Ол минералды-шикізат базасының
жағдайына талдау жасау мен Қазақстан Республикасының үкімет конкурсқа
ұсынатын қабілетті объектілерді даярлауды көбейтеді.
2002 жылы Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалардың барлық негізгі түрлер
бойынша (алтын мен полиметалды қоспағанда) өндіру көлемі артты. Тау-кен
өндіру кәсіпорындары кешенінің бәрінде соңғы төрт жылда тұрақтылық
қалыптасты. Көмір өндіру саласы кәсіпорындары өндіріс көлемін ұдайы
арттырып келеді. Мәселен, “Испат-Кармет” көмір департаменті 10 миллион
тонналық межеден асты. “Шұбаркөлкөмір” ЖШС, “Молодежный” разрезі (“Қазақмыс
корпорациясы” ААҚ), “ЕЭК” ААҚ “Восточный” разрезінде көмір өндіруді
арттыруға қол жеткізілді. Жаңа кен орындарын игерудің белсенді процесі
басталады. Атап айтқанда, “Қазақмыс коропрациясы” ААҚ Жаман-Айбат және
Қыпшақбай мысты құмдауыт кен орны қорын өңдеуге даярлық жасауда.
Үстіміздегі жылдан бастап ол Нұрқазған алтын-мыс кен орны қорын ашуға
кіріседі. “Жәйрам кен байыту комбинаты” ААҚ Жомарт марганец кен орның
қатарға қосты.
Бұрын тоқтап тұрған кәсіпорындарда руда өндіру мен ұқсату қалпына
келтірілуде. Ұзақ уақыттан кейін Ақшатау байыту фабрикасының жұмысы қайыра
жанданып, Қараоба сирек кездесетін металдар кен орнын пайдалану құқығы
алынды.
Алайда алтын өндірудегі айтарлықтай құлдыраудың барлығын атап өту
керек. Бұл негізінен “АБС-Балқаш ” тау-кен комбинатында өндірістің
құлдырауы мен “Қазақалтын” ААҚ объектілерінде жобалық қуаттарға жетпеуге
байланысты.
Орталық Қазақстанның минералды-шикізат кешенінде жер қойнауын
пайдалануға жұмысалған инвестициялардың жалпы көлемі 2002 жылы 543,7
млн.АҚШ долларын (Қарағанды облысы бойынша 428,2 миллион АҚШ долларын)
құрады.
Шетелдік инвесторлар салған инвестициялар 498,1 млн.АҚШ доллары
(Қарағанды облысы бойынша 396,3 млн. АҚШ доллары) болды.
Инвестициялардың негізгі бөлігі, 362,1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі
сома (Қарағанды облысы бойынша 282,9 млн. АҚШ доллары) минералдық шикізат
өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге бағатталды.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасының қызмет аймағында жер қойнауын
мемлекеттік бақылауға жататын 285 (соның ішінде Қарағанды облысында 175)
объекті бар. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі лицензиялар мен
контрактылардың саны 241 (Қарағанды облысы бойынша 137) болса, соның ішінде
республикалық маңыздағы объектілерге 105 (Қарағанды облысы бойынша 81),
жергілікті мыңыздағы объектілерге 136 (тиісінше 57) осындай құжат алынған.
2002 жылы мемлекеттік бақылауға жататын 242 объектіге тексеріс
жүргізілді. Соның барысында жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі
Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзудың 658 фактісі анықталды.
Соған байланысты жер қойнауын пайданушы кәсіпорын басшыларына 208 ұсыныс
еңгізілді.
Есепті мерзімде жер қойнауын өздігінен пайдаланудың 19 оқиғасы мәлім
болды. Мысалы, 5 кәсіпорын жер қойнауы пайдалану құқығын қайта рәсімдемей-
ақ кен өндіру жұмыстарын жүргізген (“Топаз” ЖШС, “Оркен” ЖШС, “Западная
шахтысы” ЖШС, “Укрказуголь” ЖШС, “Атасуруда” ЖШС). Мұндай мысалардар
жеткілікті.
Өздігінен кен өндірудің басқадай фактілері кең тараған пайдалы
қазбалар кен орындарын игеруге байланысты туындап отыр. Олар Алматы-Астана,
Астана-Көкшетау автомобиль жолдарына жақын жатқан аймақтарда орын алуда.
Осы заңсыздықтарға қатысты аумақтық инспекция жер қойнауын
пайдаланушыларға 29 рет ескерту жасап, олардың лицензиясы қайтарып алу
жөнінде 10 ұсыныс түсірді.
Айыптар мен салықтарды өндіріп алу үшін құқық қорғау органдарына 32
материал берілді. Содан 13 іс бойынша ғана шара қолданылып, басқасынан
әзірге жауап алынған жоқ. Сондай-ақ “Центрказнедра” аумақтық басқармасы
жанындағы инспекцияның ұсынысы бойынша облыстық прокуратура “Испат-Кармет”
ААҚ-ға көмір нормадан тыс жұмсағыны үшін 160 млн.теңгенің талабын қойды.

Жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін 2002 жылы 35
объектідегі жұмыс тоқтатылды.
Басқарманың ұсыныстары бойынша құзыретті органдар 2002 жылы кең
тараған пайдалы қазбаларға байланысты берілген 10 лицензияны қайтырып алды.
Енді аумақтағы жер асты суларының жағдайына келсек, біз қамтитын
аймақта 2002 жылы 964 су көзі болды. Содан өткен жылы 195-і тексеріліп, 354
кемшілігі анықталды. Нәтижесінде кәсіпорын басшыларына 170 ұйғарым
түсірліп, скважиналарды консервациялау туралы 25 акті тапсырылды. Жалпы
барлық анықталған кемшіліктердің 223-і орынына келтірілді.
Әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында 31 лауазымды адамға қатысты іс
құқықтық қорғау орнандарына жолданып, оның 6-ы тиісті жазаларын алды.
Жер асты суларын пайдалануға байланысты рұқсат құжаттарын рәсімдеуді
онайлату мақсатында 2002 жыллдың мамыр айында “Суды арнайы пайдалануға
рұқсат пен келісім берудің тәртібі туралы нұсқау” енгізілген. 2003 жылдың 1
қаңтарына дейін осы жаңа формалаға 117 құжат табысталған.
Сондай-ақ бұл нұсқау бойынша әлі де 558 кәсіпорын мен ұйым осындай
құжаттарды алулары тиіс.
Қоршаған ортаның жағдайына, соның ішінде жер асты суларының жай-күйіне
айтарлықтай ықпал ететін жер қойнауын қорғау жөнінде операциялардың бірі
барлау мен өндіруге қатысы жоқ жер асты құрылғыларын салуы мен пайдалануы
болып табылады. ҚР Үкіметінің 2001 жылғы қаулысымен (2001 жылғы 29
маусымдағы № 894 каулысы) жер қойнауын пайдалану құқын беру ережелеріне
қосымшалар еңгізілді. Соған сәйкес барлау немесе өндіруге қатысы жоқ, жер
асты құрылғыларын салу немесе пайдалануға байланысты контрактілерді тікелей
жасайтын объектілер мыналар болып табылады:
- мұнай мен газдың, сондай-ақ олардың өнімдерінің қоймалары мен
ұқсатылатын орындары үшін жер бетінен төменгі орындар.
Мұндай каулының қабылдауны жоғарыда аталған объектілер құрылысының
салынуы мен пайдалануда жер асты суларының өсе түскен техногендік
ластануына байланысты. Сонымен, ертеңгі мереке алдында біздің басқарма
ұжымының азды-көпті іс атқарғанын тілге тиек етіп, көпшіліктің санасына
жеткізсек, ойымыздың орындалғаны.

Жер қорлары да қорғаусыз емес

Жер қорларын қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық Қазақстан
аумақтық басқармасы (“Центрказнедра” АБ) 1992 жылы бұрынғы “Центргеология”
өндірістік геологиялық бірлестігінің базасында құралып Орталық Қазақстан
аумығы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі геология және жер қойнауын қорғау комитетінің аумақтық органы
болып табылады. Ол Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтып, өз
қызметін 674,5 мың шыршы километрде немесе республика жерінің 24,8%
аумағында жүзеге асырады.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасының негізгі міндеті ҚР Заңдарында
көзделгендей минералдық шикізаттардың барлық түрін, жер асты су көздерін
геологиялық зерттеу, өндіру және ұқсату кезінде жер қойнауын қорғау және
рационалды пайдалану саласында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ережелер
мен нормаларын сақтаудғы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Біздің басқарманың құрамында 3 бөлім мен 5 аумақтық инспекциялары бар.
Олар өз міндетттерін ғылыми-техникалық кеңес, пайдалы қазбалар қоры
жөніндегі аумақтық комиссия арқалы атқарады.
Сондай-ақ басқарманың геологиялық мұражайы, геологиялық материалдарың
қоймасы да бар.
“Центрказнедра” аумақтық басқармасы өткен 2002 жылы геологиялық барлау
жұмыстарының негізгі көлемін республикалық инвестициялар, аз мөлшерде
мемлекеттік бюджет есебінен орындады. Бұл іске шетелдік инвестициялар да
тартылды. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет есебінен 2002 жылы Қызылшоқы
кен алаңында іздестіру және бағалау жүмыстары атқарылып, мыс қорынын есебі
жасалынды. Ол 400 мың тоннадай құрайды. Объектіні мүдделі инвесторға беріп,
барлау ісі аяқталғаннан кейін, аталған кен орында 300-дей адам енбек ететін
кен өндіру кәсіпорны құрылуы мүмкін.Республика астанасын сумен жабдықтау
үшін Нұра өңіріндегі жер асты суларының қорына дереу зерттеу жасалынды.
Бұған дейін аз зерттелген Семей және Сарышаған полигондары төнірегіндегі
21.403 шаршы километрді геологиялық жағынан жете зерттеу жөніндегі далалық
жұмыстар аяқталды. Аталмыш аймақтардын геологиясы мен металлогениясы
бойынша мүлдем жаңа мәліметтер алынып, аса қымбат, түсті металдар және
басқа да минералды шикізат түрлерін іздестірудің перспективалы бірқатар
жана алаңдары белгіленді.

Жер асты қорларын пайдаланудың
қоршаған ортаға тигізетін зияны

Халықаралық қуат көздерiн зерттеу орталықтарының ғылыми
зерттеулерiне сүйенсек, мына нәрселерге көз жеткiземiз. Соңғы жылдары
көмiрсутектi қазба байлықтарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигiзетiн
зияны мен бағасы тұрақты өсiп отырған, бiрақ отын ретiндегi қуат беру
тиiмдiлiгi төмендей бастаған. Себебi, оларды үлкен шығынмен жер қойнауының
терең қабаттарынан, теңiз қайраңынан өндiруге тура келедi, тереңдiкке
байланысты құрамында радиоактивтi заттардың мөлшерiнiң ұлғаюы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа, жер, су мәселелері
Кредиторлық қарыздар есебі
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қазақстандағы пайдалы қазбалар
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі
Салық және салық салудың есебі
Бюджетпен есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
Салық салудың экономикалық мәні
Пәндер