Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 8

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ --- 10

1. 1 Алматы облысының рекреациялық орталықтары және «Санатория Көктем» Акционерлік қоғамының қызметтері 10

1. 2 Ұйымның есеп саясаты 16

1. 3 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау 19

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ БУКХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫ ТАЛДАУ 23

2. 1 Бухгалтерлік баланс, оның ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері 23

2. 2 Бухгалтерлік баланстың құрамы мен мазмұны 25

2. 3 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау -- 30

2. 4 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының

динамикасын талдау 35

  1. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 46

3 ТУРИСТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ

3. 1 Алматы облысының туристік инфрақұрылымын дамыту 51

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары мен қаржылық басқаруды жетілдіру 55

Қорытынды 62

Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Қосымшалар 65

Кіріспе

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсеге жарамды өнімдерін өңдіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, біріші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жуктелетін міндеттемелер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал -жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты

жүргізілуде.

Техника және ғылымда үлкен өзгерістер болып жатқанда, біздің ғасырымызда жүйелі есеп беретін нақты және дамыған экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектісінің күрделі экономикалық механизмімен басқару мүмкін емес. Есеп басқару жүйесінде басты орын алады. Ол өндірістің регионалды процесін, тарату және қайта таратуды көрсетеді, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды, оның қызметін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Кәсіпорында еліміз соңғы нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі және тәжірбиесі түбегейлі өзгерген.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылқты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуге мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақта бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай емес қазір контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және тағы басқалары) өзі таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді.

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру - бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді. Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну,

талдау жүргізу және талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу болып табылады. Бұл болашақ жас мамандарға талдау жұмысын біліктілікпен жургізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге көмектеседі.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1. 1 Алматы облысының рекреациялық орталықтары және «Санатория Көктем» Акционерлік қоғамының қызметтері

Мен дипломдық алдындағы тәжірбиені «Санатория Көктем» Акционерлік қоғамында өткізгендіктен дипломдық жұмыс осы ұйым материалдарына негізделіп жазылды.

Алматы облысы - республиканың оңтүстік-шығыс бөлігіңде орналасқан. Жер аумағы 224, 0 мың ш. ш (шаршы шақырым), яғни Қазақстан Республикасы аумағының 9%-дан аса бөлігін алып жатыр. Тұрғын халқы - 1562 мың адам, олардың орналасу тығыздығы - 1 ш. ш-ға 7 адамнан.

Батыстан шығысқа қарай - 700 ш., оңтүстіктен солтүстікке қарай 500 ш-ға созылып жатыр.

Алматы облысының аумағы солтүстігіңде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызылсаяқ, Қоскеліншек, Қызылтас, Қараүңгір, т. б. ), солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық, Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысыңда Жетісу (Жоңғар) қақпасы арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шаньның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен жөне оңтүстік-батысыңда Шу-Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу-Іле тауларының Айтау, т. б. аласа тауларымен тауаралық аңғарларымен шектеседі. Солтүстік-батысыңда Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады.

Облыстың табиғаты мен жер бедері алуан түрлі.

Облыс аумағы геологиялық тұрғыдан қарағанда каледондық және герциндік қатпар кешеңдерінен тұрады. Каледон қатпарлығы Тянь-Шаньның солтүстік бөліктерінде көтерілген (Іле Алатауы, Кетпен, Теріскей Алатауы), Жетісу Алатауы түгелімен дерлік герцин тау қатпарлығында көтерілген. Облыстың жазық өңірлері (Балқаш маңы, Іле жөне Алакөл ойыстары) альпі қатпарлығында пайда болса, Жетісу, Іле, Күнгей Алатаулары альпілік қатпарлықта көтерілген.

Кен байлықтарынан облыс жерінде полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір (Ойқарағай, Қолжат), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жер-асты сулары бар.

Алматы облысының климаты, негізінен, континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік бөлігінде - 10-16°С, оңтүстігінде - 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігіңде - 25°С, оңтүстігіңде - 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Облыс жеріңде жауын-шашын, негізінен, көктем мен жаз айының басыңда жауады.

Алматы облысының өзендер тобы Балқаш - Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен қоректенеді. Ең ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Түрген, Есік, Шілікті, Бүйен. Ал ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл.

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөддің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктері басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан.

Рекреация (латынның геегеаііо - қалпына келтіру) - еңбек етіп шаршағаннан кейін тынығу арқылы адамның күш-қуатын қалпына келтіру. Біз осы Алматы облысының рекреациялық орталықтары туралы сөз қозғамақпыз.

Арасан (монғол тілінде аршан - бұлақ) суы - емдеуге қолданылатын жылы жерасты су көздері.

Арасан суы температурасына қарай: жылы немесе субтермальді (20-37°С), термалды (37-42°С), ыстық немесе гипертермалды (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Су жер қыртысының тереңіңдегі жоғары температуралы тау жыныстарының арасынан өткен кезде ысып, тек-тоникалық жарықтар арқылы жер бетіне шығады.

Арасан сулары, негізінен, жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және тектоникалық қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмірқышқыл газды, күкіртсутекті, құрамында темір, марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, иодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Организмге тигізетін әсеріне қарай арасан суын пайдалану жолы да әртүрлі. Құрамында әртүрлі тұздар ерітіндісі аз және орташа арасан сулары асқазан ауруларын емдеу үшін және ішуге (Аяққалқан, Құрам), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесі мен қан тамырлары сырқаттарын (Алма-арасан, Қапал-арасан, Жаркент-арасан, т. б. минералды сулары) емдеуге пайдаланылады.

Адам денсаулығы үшін курорт-санаторийлер, соның ішіңде баль-неотерапиялық емдеу басты рөл атқарады. Бальнеотерапия - табиғи және жасанды минералды сулар арқылы, ағзаның функционалдык бұзылуын қайта қалпына келтіретін емдеу-сауықтыру әдісі.

Алматы облысы табиғи рекреациялық ресурстарға өте бай, туризмнің әртүрлерін дамытуға қолайлы аймақ. Облыс аумағында бірнеше рекреациялық орталықтар бар.

1. Алма-арасан - республикалық дәрежедегі бальнеологиялық санаторий. Іле Алатауының солтүстік баурайыңда, теңіз деңгейінен 1850 м биіктікте, Алматыдан оңтүстікке қарай 26 ш. ш жерде орналасқан Мұндағы минералды жылы судың шипалы қасиеті 14 ғасырдан белгілі. Санаторий 1931 жылы ашылған. Оның айналасы - шыршалы орман, ауасы дем алуға жеңіл, жыл бойы жұмыс істейді. Орташа ауа температурасы қаңтарда - 4°С, шіддеде - 15 °С, жауын-шашын мөлшері 900 мм. Емге аз минералданған кремнийлі, гидро-карбонат-сульфатты натрийлі су, сондай-ақ, климаттық факторлар (таза ауа, әсем табиғат), физиотерапия, массаж, т. б. пайдаланады.

Алма-арасан санаторийінде жүйке жүйесі, әйел аурулары, аяқ-қол, буын, тері жөне асқазан аурулары емделеді.

Алма-арасан минералды су - Қарасай ауданы аумағындағы жер-асты суы. Қүрамы мен емдік қасиеті бойынша кремнийлі-термалды суларға жатады. Диорит жыныстарындағы жарықшалардан шығатын су көздерінің тәулік шығымы 48 м. Суда күкіртті сутек иісі бар, бұлақтарының ернеуі сульфат бактериялардың ақ түсті колонияларымен көмкерілген. Судың температурасы 33-38°С, минералдығы 0, 3 г/л, химиялық құрамы сульфатты-гидро карбонатты натрийлі, оның кремний диоксиді (40-75 мг/л), фтор (3, 6-6 мг/л), күкіртті сутек (0, 8 мг/л), радон (9-13 эман) сияқты биологиялық активті құраушылары бар.

2. Жаркент-арасан - 1967 жылы ашылған республикалық маңызы бар бальнеологиялық санаторий. Сарыөзек теміржол бекетінен 170 ш. ш, Жаркент қаласынан 40 ш. ш жерде Жетісу (Жоңғар) Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100 м биікгікте, Боро-худзур (Бурақожыр) өзенінің аңғарыңда орналасқан.

Климаты: қысы жұмсақ, жазы қоңыржай. Ауаның орташа температурасы қаңтарда - 5°С, шілдеде - 26° С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 700 мм.

Минерадды судың температурасы - 36°С, минералдылығы - 1, 13 г/л. Санаторийдің негізгі емі - құрамында радоны бар хлорсульфат натрийлі минералды су. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері және әйел ауруларын емдейді. Климаттық факторлар (таудың шипалы таза ауасы, өсімдігі, табиғат ландшафтысы) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия, инемен емдеу, емдік дене шынықтыру қолданылады.

  1. Керімағаш, Кермеағаш- шипалы сумен емдейтін бальнеологиялық санаторий. Жаркент қаласынан 40 ш. ш қашықтықта, Іле өзенінің аңғарында орналасқан. Климаты - континентгік. Жазы - ыстық, күзі - жылы әрі ұзақ, қысы - қоңыржай суық. 1990 жылдан жұмыс істейді. Мұнда тыныс алу органдары, ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйелері, қимыл-қозғалыс мүшелері, тері, несеп жолдары және әйел ауруларын емдейді. Ем ретінде әлсіз минералданған, сілтілігі аз, сульфат-хлоридті, натрий-кремнийлі, құрамы фторға бай гипертермалды су пайдаланылады. Дем алушыларға минералды суы бар ванна, бассейні бар душ, физиотерапиялық ем, массаж, т. б. қызметтер көрсетіледі.
  2. Қапал-арасан- бальнеологиялық санаторий. Молалы теміржол бекетінен 110 ш жерде, Ақсу ауданындағы Бүйен өзенін бөліп тұрған Қаракүнгей және Баянжүрек тауларының аралығыңда, теңіз деңгейінен 975 м биіктікте, Таддықорған қаласынан 100 ш. ш қашықтықта орналасқан. Қапал минералды қайнарларының емдік қасиетін 1840 жылы М. Светаев, 1868 жьшы И. Соболевский, 1951 жылы А. Алғазин зерттеген. Қапал-арасанның адам ағзасына шипалылығы 1848 жылы белгілі болған. Арасан суының орташа температурасы - 35° С. Қазір мұнда жүрек-қан тамыр жүйесі, асқазан, тері, буын, бүйрек, бауыр және ас қорыту органдарының, несеп жолдарының кеселдерін, әйел ауруларын емдейді. Ол үшін табиғи минералды, хлорлы-сульфат-натрийлі термалды су көздері пайдаланылады. Сондай-ақ, санаторийде бальнеологиялық және физиотерапия бөлімдері, арнаулы ванналар мен шипалы балшық, т. б. кабинеттер жұмыс істейді. Қапал-арасан санаторийі емделіп, тынығуға қолайлы, климаты қоңыржай, қалыпты белдемде орналасқан.

Қапал-арасан минералды су - Таддықорған қаласынан 83 ш. ш, Қапал-арасанның солтүстік шығысында (35 ш. ш), Арасан ауылының маңында орналасқан. Минералды су - Арасан интрузиялық массивке қарасты биотитті граниттердің жарықшақтана тілгіленген белдеміне шоғырланған. Минералды су дебиті 1, 5-7, 4 л/с, минералдығы 0, 57- 0, 59 г/л, химиялық құрылымы хлоридті-сульфатты-натрийлі суға жатады. Су құрамында өте аз мөлшерде ортакремнийлі қышқыл, фтор, радон кездеседі. Судың орташа температурасы 33-45°С, шипалық қасиеттері мол.

5. Каменское плато - өкпе ауруына шалдыққандарды таудың таза ауасымен және қымызбен емдейтін санаторий. Іле Алатауының беткейінде, Алматы қаласынан 10 ш қашықтықта теңіз деңгейінен 1360 м биіктікте орналасқан. Жаз айларының орташа температурасы - 18, 1-
20°С, қыста 2, 7-4, 4°С, құрғақ, ең суық айы - желтоқсан (-24, 5°С) .

Каменское плато санаторийіндегі негізгі ем: қымыз, климаттық факторлар (тау бөктерлеріндегі шыршалы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат), сондай-ақ, физиотерапия, гелиотерапия тәсілдері қолданылады. Санаторийде өкпеге операция да жасайды.

6. Қаратал - 1980 жылы ашылған санаторий-профилакторий. Алғаш рет пионер лагері ретінде жұмыс істеген. Мұнда буын, ревматизм, тыныс жолы, аллергия және ішкі органдар ауруларын емдейді. Науқастар минерадцы ванна қабылдайды, балшықпен және шөппен, инемен емделеді.

  1. Ақсайминералды суы- Алматы қаласынан батысқа қарай 13 ш жерде, Таусамалы ауылы маңында орналасқан шипалы су. Ол 1900- 2600 м тереңдіктегі палеоген және неоген сулы қабаттарында таралған. Ақсай минералды суының химиялық құрамы хлорлы-натрийлі-кальцийлі келеді. Суы арынды, орташа температурасы - 55, 5°С, минералдығы - 6, 1 г/л.

Құрамында бром (12, 5 мг/л), йод (1, 34 мг/л) және кремний қышқылы (52 мг/л) бар. Суы, негізінен, еріген газдан, азоттан (80, 5-84, 0%) тұрады. Ақсай минералды суы - аяқ-қол буындарын, асқазан-ішек, жүйке, әйел ауруларын емдеуге қолданылады

  1. Аяққалқан минералды суы- Іле өзенінің сол жағалауындағы палеоген, неоген құмды қабаттарындағы тектоникалық жарылымдардан бұрғыланған ұңғымалар арылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. Ол Алматы облысының Шелек ауылынан солтүстік батысқа қарай 45 ш жерде орналасқан. Бұл шипалы су 1893 жылдан белгілі. Суының тампературасы - 29°С, құрамы хлорлы - сульфатты-натрийлі, минералдығы - 4, 5 г/л. Асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын және әйел ауруларын емдеуге пайдаланылады.
  2. Қорам минералды суы- Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматы қаласынан шығысқа қарай 110 ш жерде орналасқан. Минералды сулардың тәуліктік өнімі 470 м3. Судың температурасы 17-20°С, минералдығы - 2, 9-3, 4 г/л, химиялық құрамы хлорлы-натрийлі (70%), сульфатты-кальцийлі (30%), сілтілі (рН-7, 3-8, 4) келеді. Ең өнімді бұлақ көзінен (тәуліктік өнімі 300 м3) қазылған скважинадан су 2 м биіктікке шығады. Бұл жерде асқазан ауруларын, радикулитті, ревматизмді емдейді.
  1. Қорғас минералды суы- Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейіндегі Қорғас өзенінің шағын оң саласы - Арасан өңірі шатқалыңда орналасқан. Минерадды су өзен арнасы мен оның екі жағасындағы граниттерден және оларды жапқан борпылдақ жыныстардан шығады. Судың жалпы ағымы - 4-5 л/сек. Химиялық құрамы хлорлы-сульфатты-натрийлі, радиоактивті (радон 150-180 эман), сілтілі (рН-9) . Судың температурасы - 37-52°С, жалпы минералдылығы - 27-0, 29 г/л.
  2. Жаманты минералды суы- Алматы қаласынан батысқа қарай 135 ш жерде Бесмойнақ ауылының солтүстік батысыңдағы Жаманты өзенінің аңғарыңда, теңіз деңгейінен 1620 м биіктікте орналасқан. Жергілікті халық оны Қайнар-арасан деп атайды. Минералды су - Жаманты өзенінің аңғарын кесіп өтетін, беті борпылдақ шөгінді жыныстармен жабылған тектоникалық жарықтардан шығып жатыр. Минералды судың жалпы су өнімділігі тәулігіне - 235 м3, минералдылығы - 0, 4-0, 7 г/л, температурасы - 18-26, 3°С. Судың құрамында сульфат, гидрокарбонат, кальций, натрий және денсаулыққа пайдалы микроэлементтер: ортокремний қышқьшы ( 36-40 мг/дм3), фтор (3, 7-5, 0 мг/дм3) бар. Жаманты минерадды суы - аяқ, қол, жүйке, т. б. ауруларды емдеуге пайдаланьшады.
  1. Түрген минералды суы- Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Түрген өзенінің бойындағы табиғаты әсем шатқалында, 1400 м биіктікте, Алматы каласынан 80 ш және Түрген ауылынан оңтүстікке қарай 18 ш жерде орналасқан. Минералды су карбон эффузиялары жарықшаларынан шығады. Тәуліктік өнімі - 60, 5 м3, минералдылығы - 1, 4 г/л, су құрамы сульфатты-натрийлі- кальцийлі, жылылығы - 26, 5°С. Минералды судың жүйке ауруларын емдеуде маңызы зор.
  2. Ойсаз минералды суы- Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік бөлігінде, Текеліден солтүстік шығысқа қарай 22 ш жерде, Ойсаз өзенінің аңғарында орналасқан. Минерадды су өте тұщы, минералдылығы - 0, 15-0, 50 г/л шамасыңда. Судың химиялық құрамы натрийден (90-95%), гидро-карбонаттардан немесе сульфаттардан (30-60%) тұрады. Суда кремний қышқылы (70-85 мг/л), фтор (10-15 мг/л), күкіртті сутегі (2-25 мл/г), радон бар. Минералды судың температурасы жауынсуының қосылуынан 20-22°С-қа дейін төмендейді.
  3. Көксу минералды суы- Көксу өзенінің оң жағында, Текеліден оңтүстік-шығысқа қарай 40 ш жерде орналасқан шипалы су. Минералды су батыс (2200 м биіктікте) және шығыс (2800 м биіктікте) деп екі топқа бөлінеді. Минералды суы тұщы, аздаған радоны (17, 6 эман), күкіртті сутек иісі бар, жылылығы 21-23°С. Минерадды судың тәуліктік өнімі 150-160 мың л.
  1. Алакөл минералды суы- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында, Алакөл ойысында орналасқан. Ұңғымадан шыққан су жер бетінен 18 м-ге дейін көтеріледі. Судың минералдылығы - 0, 4-0, 8 г/л. Минералды судың химиялық құрамы хлор, сульфат, натрий, кальцийден тұрады.

Алматы облысының рекреациялық орталықтары - халықтың елауқатын жақсартып, еңбекке араласуына, демалуына мүмкіндік туғызады. Әлі де зерттелмей жатқан минералды су көздеріне үлкен ықыласпен көңіл бөліп, қазақстандық ер азаматтың денінің сау болуы үшін рекреациялық орталықтарды ашу болашақ еншісі. Мұның өзі Қазақстан, оның ішінде Алматы облысының туризмін дамытуға өте қолайлы. Табиғаты әсем, көрікті де кең байтақ облысымызды басқа мемлекеттерге танытудың бірден-бір жолы рекреациялық орталықтарды өркендету болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын
АЙВЕНГО ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
Нарық экономикасы жағдайында өндіріс тиімділігі арттыру жолдары
Кәсіпорын экономикасындағы рентабельділік
«Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Нарық жағдайындағы кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі
“Казхром” акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау
Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz