Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу



Еңбекақы
Шынайы жалақы
Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеу нысандары
Бригадалық кесімді еңбекақы
Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі. Жалақының жинағы және оны тарату.
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынылуына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, "Еңбек ақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей алады, сондай – ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын жасау үшін ғана емес, сондай – ақ ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет.
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатысты және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.
1. Родостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Родостовец В.В., Шмидт О. И. "Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп".
2. Кондраков Н.П. "Бухгалтерский учет": учебное пособие. М:1996
3. Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. "Бухгалтерлік есеп".
4. "Бухучет на практике" №4(5), апрель 2004г.
5. "Бухгалтерский учет" 2'2005.
6. "Бухгалтер бюллетені" №18, мамыр 2004 ж.
7. "Досье бухгалтера" №1, январь – февраль 2000 г.
8. "Библиотека бухгалтера и предпринимателя" №4(117), апрель 2000
9. В.Л. Назарова "Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов". Алматы: Экономика – 2003.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген
еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Шаруашылық
субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект
жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен
анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен
бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынылуына
және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап
айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты
жағдайын ескере отырып, "Еңбек ақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей
алады, сондай – ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының
тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже
жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын
жасау үшін ғана емес, сондай – ақ ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу
үшін де қажет.
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы
дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық
еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап
табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен
адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер
мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатысты және
тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста
болады
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс
уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы
есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп
айырысуды жүргізу;
5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер
кезінде және дұрыс енгізу;
6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен
жалақы туралы деректерді алу;
7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.

Жалақы екі түрге бөлінеді:
- негізгі
- қосымша.

Негізгі – бұл қызметкелерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін,
орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін
белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі
жалақының құрамына кіретіндер:
а) жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді
бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
б) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
в) жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға
қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күнделілігі,
құрал - сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
г) кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;
д) ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген
тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
е) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
ж) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
и) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымшы – бұл қызметкерлердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына
ҚР заңдарына сәйкес есептелінетін жалақы.
Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
а) балаларды тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына
төлем;
б) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
в) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған
жұмыс уақытына төлем;
г) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
д) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
е) шыққанда берілетін жәрдемақы.
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаржаттары
есебінен еңбекке уақытша жарамсыз жөніндегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрады. Жалақы қорының
құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер,
қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкерлердің жұмыс жасамаған уақытына
есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда
есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Кәсіпорынның жоспарымен бекітілген, жалақы төлеу шығыстарының
сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде
қызметкерлерге нақты төленуге тиіс жалақының сомасы кәсіпорындағы
жалақының есептік қоры деп аталады.

Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің екі нысаны бар:
1 – нысаны –мерзімдік;
2 – нысаны – кесімді.
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы
тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі.
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және
қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады.
Практикада осы табыстарды есептеудің үш түрлі әдісі қолданылады:
1) Сағаттық ақы;
2) Күндік ақы;
3) Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген
уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі
ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы
көзделеді).
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге
ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады. Кесімді
еңбекақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген
өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, ткм,
килограмм, т.б.). Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1. Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді – сыйақылық жүйе;
3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
4. Жанама кесімді жүйе;
5. Аккордтық жүйе;

Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның
саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі
бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы
есептейді.
Ілгерішіл кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар
шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс
бұйымдарды көтермеленген бағалаулар бойынша (екі есе кесімді бағалаудан
аспайтындай) төленеді.
Мысал. Сату бөлімінің он жұмыскеріне келесі еңбекақы белгіленген:
100 тауар бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар
бірлігіне 200 теңгеден төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін, үш
жұмыскері – 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері – 160 тауар бірлігін
сатқан.
Енді біз осы ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан
еңбеккерлердің жалақысын есептейміз:

230 тауар бірлігін сатқан = (1000 + (230 - 100) * 200) * 5 =
еңбеккерлердің жалақысы 135000 теңге
190 тауар бірлігін сатқан = (1000 + (190 - 100) * 200) * 3 =
еңбеккелердің 57000 теңге
жалақысы
160 тауар бірлігін сатқан = (1000 + (160 - 100) * 200 ) * 2 =
еңбеккерлердің жалақысы 26000 теңге
Тауар сатумен айналысқан = 218000 теңге
еңбеккерлердің жалақысының жиыны

Жанама кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет
көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін
қолданады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі
жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама кесімді бағалаулар
төленеді. Мысал. Жөндеуші жұмысшы Кимнің жалақысы тариф бойынша 14 400
теңге. Учаске бойынша жоспарланған шығарылым (өндірістік тапсырма) 1000
бірлік. Механикалық цехтың жұмысшысы Ким қызмет көрсеткен станокта 1200
бірлік әзірленген. Жанама кесімді бағалау: 144001000 = 14,40 теңге.
Кимнің жалақысы: 1200 * 14,40 = 17 280 теңге.
Аккордты жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп,
бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады.
Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты
аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі. Бұл
құрылыс саласында жиі қолданылады. Мысал.
Жөндеу цехында жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша
еңбекақы төленген. Негізігі өндіріс цехының жалпы жалақысы 300000 теңге
құраған, жөндеуді орындауға жұмсалған уақыты 140 адамсағат болған, оның
ішінде: 40 адамсағаты – екі ағаш ұстасына; 30 адамсағаты – бес
дәнекерлеушіге; 10 адамсағаты – үш энергетикке; 50 адамсағаты – жиырма
бес сылақшы – майлаушыға; 10 адамсағаты – бес слесарьға кеткен. Топтағы
жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын жұмсаған деп шартты түрде
аламыз.
Атқарған жұмысы үшін еңбеккерлердің жалақысы мынаны құрайды:

Ағаш ұстасы = 300000140 * 40 = 85 714 теңге
(бір жұмысшының жалақысы – 42857 теңге
(857142))
Сварщик = 300 000140 * 30 = 64286 теңге
Электрик = 300 000140 * 10 = 21 429 теңге
Штукатурщик = 300 000140 * 50 = 107 12 теңге
Слесарь = 300 000140 * 10 = 21 429 теңге
Жөндеу цехының = 300 000 теңге
еңбеккерлерінің жалақы
жиыны

Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым
нормаларына негізделеді. Уақыт нормасы – бұл адамсағат, адамкүн
көрсеткіштерімен көрсетілген жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт.
Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен
анықталады. Кесімді бағалау (Б) былайша есептелінеді:
1. Шығарылым нормасын қолданған кезде(Н шығ.) Б = ТН шығ., мұндағы Т –
тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (бірегей тарифтік кесте бойынша
айлық ставканы жұмыс уақытының орташа айлық балансына бөлу жолымен
анықтайды).
2. Уақыт нормасын қолданған кезде (Н уақ.) Б = Т * Н уақ.
Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына
қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу
табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы
сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына
көбейтіндісі ретінде анықталады.

01 Жалақы = нақты жұмыспен * сағаттық тариф

сомасы өтелген сағаты саны ставкасы

Мысал. Мерзімдік ақы алатын 6 – разрядтағы жұмысшы сағаттық тариф
ставкасы 76 теңге болған кезде 182 сағат жұмыс істеген. Жалақы сомасының
есептелуі: 182 * 76 = 13 732 теңге.
Жеке кесімді еңбекақы
Табыс әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген
бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолымен анықталады.
Мысал. Кесімді ақы алатын жұмысшыға бірлігі 250,56 теңгеге
бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30 * 250,46 =
7513,80 теңге.
Бригадалық кесімді еңбекақы.
Жұмысшылардың жалақысы бригаданың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша
анықталады. Бағалаулар жеке(әрбір кәсіпке) және кешенді(ұжымдық) болуы
мүмкін.
Жеке бағалауды қолданған кезде жалақы жұмыстың осы түрінің
бағалауын бригада, цех, учаске жасаған бұйым санына көбейту жолымен
анықталады.
Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы
анықталады. Ол бригада мүшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар
бөлінеді (жұмысшы разрядының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген
сағаттарға көбейту арқылы). Жалақы КТУ ескерілген тариф бойынша
есептеледі, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді
жалақысы КТУ ескерілген тариф бойынша бригада жалақысына бөлінеді).
Әрбір жұмысшының айлық жалақысы тариф бойынша жалақыны бөлу
коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады.
Мысал. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-шы разрядты 3 адам бар кесімді ақы
алушы жұмысшылар бригадасы әр қайсысы 8040,40 теңгеден бағаланған екі
машинаны жинады. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген(6-шы разряд), Ким 60
сағат жұмыс істеген (5 – ші разряд), Петров 70 сағат жұмыс істеген(3 –
ші разряд).
1. Бригаданың жалақысы: 8 040.40 * 2машина = 16 080,80 теңге.
2. Тариф бойынша жалақы:
Ахметов: 80 * 100 = 8000 теңге
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудитінің нәтижелері
Қызметкерлермен есеп айырысу аудитінің теориялық негіздері
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Еңбекақының есебін ұйымдастыру
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Ағымдағы міндеттемелер аудиті
Дебиторлық берешек
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінəсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Пәндер