Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары


МАЗМҰНЫ:
- Жоспары (2 бет)
- Кіріспе (3-4 беттер)
- Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары (5-19 беттер)
- Банктік емес ұйымдардың құқықтық мәртебесі (20-21 беттер)
- Банктік емес ұйымдарды құру және қызметін лицензиялау
тәртібі (21-23 беттер)
- Банктік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу, бақылау және тоқтату тәртібі (23-24 беттер)
- Банктік емес ұйымдардың есептілігі (24-26 беттер)
- Қорытынды (27 бет)
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (28 бет)
Жоспары:
- Кіріспе бөлім.
- Негізгі бөлім:
2. 1. Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары.
2. 2. Банктік емес ұйымдардың құқықтық мәртебесі.
2. 3. Банктік емес ұйымдарды құру және қызметін лицензиялау тәртібі.
2. 4. Банктік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу, бақылау және тоқтату тәртібі.
2. 5. Банктік емес ұйымдардың есептілігі.
3. Қорытынды.
Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері жинақ ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда экономикасы жақсы дамыған, әрі тұрақты жылдам қарқынмен дамушы болып келеді. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі - банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.
Банктік қызметтер, оның ішінде несие беру мен салымдарды тарту халық арасында әрқашан жоғары сұраныста, ал қазіргі қаржы рыногының барлық бағыттары сапалы дамып және оның активтері өсіп отырған кезде бұл үрдіс бұрынғыдан да өсе түсуде.
Несиелер пайызы төмен, депозиттер бойынша - жоғары, ресімдеудің қарапайымдылығы, сондай-ақ түрлі сыйақылар мен бонустар алу мүмкіндігі сияқты маркетинг шешімдермен күшейтіліп отырған банк заемдары мен салымдарына қызығушылық арта түсуде.
Шағын несиелік ұйымдар офистерінде несие алуды қалағандар кезегі тізілуде. Жалпы қарағанда, несиелер ақысы төмендеп, клиент банктің кредиттік саясаты талабына сәйкес келсе оның сұранысын заем қаражаты есебінен қанағаттандыру әбден мүмкін.
Соңғы жылдары ұлттық нарықта дамыған капиталистік елдердің ссудалық капиталын орындауды ақша капиталын жинақтау мен жұмылдыруда көрнекті орын алған мамандандырылған банктік емес несиелік - қаржылық институттар жүзеге асыра бастады. Бұл ұйымдардың қатарына кредиттік серіктестіктерді, бюджеттен тыс қорларды, сақтандыру компанияларын, жинақтаушы зейнетақы қорларын т. б. жатқызуға болады. Бұл институттар тұрғындардың ақша - қаражатын шоғырландыруда банктерді мәнді ығыстырды және ссудалық капиталды маңызды жеткізуші болды. 1
Банктік емес ұйымдардың өсуіне үш себеп әсер етті: дамушы еліміздегі халықтың табысының өсуі, бағалы қағаздар рыногының белсенді дамуы, бұл ұйымдардың банктерге қарағанда қызметті қарапайым сипатта және жылдам ұсынуы, сондай-ақ банктер көрсете алмайтын кейбір қызметтерді көрсетуі .
Ссудалық капитал рыногындағы бұл ұйымдардың қызметінің негізгі нысаны халықтың жинағын шоғырландыруды, мемлекет пен корпорацияларға облигациялы заемдар арқылы несиелер беруді, акцияның барлық түрлері арқылы капиталды жұмылдыруды, ипотекалық және тұтыну несиелерін беруді, сондай-ақ несиелік өзара көмекті т. б. үйлестіреді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, микрокредиттік жүйенің әлеуеті өте зор. Қазақстанда да микрокредиттеудің әлеуметтік-экономикалық маңызды рөлі ескеріліп, микрокредит рыногын дамыту үшін реттеу мен микроқаржыландырудың тиісті заңнамалық базасы құрылған.
Микроқаржыландыру “Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы”, “Кредиттік қауымдастықтар туралы” және “Микрокредиттік серіктестіктер туралы” заңдармен реттеледі. Басында банк және банк жүйесіне қатысты заңдық құжатта кейбір банктік операциялар бөлек қарастырылып, олардың жұмысына лицензия алу талап етілуші еді. 2005 жылдан бастап кейбір банктік операция түрлерін бейтараптандыру мақсатында банкке жатпайтын мекемелердің, соның ішінде кредиттік қауымдастықтардың банктік операцияларына лицензияның қажеті жоқ деп шешілді, мұның өзi олардың клиенттермен жұмыс нысанын оңайлатады. 2
Банктік емес ұйымдардың қызметі халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына көп әсерін тигізуде. Мысалы, шағын несиелеуді алайық: екiншi деңгейдегi банктер шағын және орта бизнес кәсіпорындарына олардың едәуір бөлігінің кредиттік тарихы болмағандықтан кредиттер беруге мүдделi емес. Көптеген кәсiпорындардың қызметiнде олардың бұрынғы қарыздары бойынша ресми ақпарат айқындығының болмауы себептi кредиттердi уақтылы қайтару мүмкiндiгiне (төлем қабiлеттiлiгiне) банктер күмән келтiредi. Мұндай жағдайда клиенттер несиелік банктік емес ұйымдарды пайдаланады.
Банктік емес ұйымдар бұқара халыққа табысы аз азаматтарды, жеке кәсiпкерлердi, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қоса алғанда, соңғысына ең алдымен кредиттеу оның ішінде жеңiлдiк жағдайларымен кредиттеу қажеттiлiгiн (кредиттік серiктестiктер, ломбардтар, заем операцияларын және қаржы лизингiн жүзеге асыратын ұйымдар) қамтамасыз ете отырып, банктік қызмет көрсетудiң әр алуан түрлерiн жүзеге асырады, мұның өзi олардың халыққа қажеттілік дәрежесін арттырады.
Банктердің несиелеуі кредиттеу жүйесінің бірінші деңгейіне негіз болса, кредиттiк серiктестiк ломбардтармен, ипотекалық компаниялармен және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдармен қатар кредиттеу жүйесiнің екiншi деңгейiне негiз болуы қажет. Бұл ретте олардың қарыз алушылары клиенттердiң негiзгi бөлiгiн құрайтын шағын және орта кәсiпорындар мен жеке тұлғалар бола алады.
Бюджеттен тыс қорлар.
Қандайда бір қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен жедел түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың формасы болып көрінеді. Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушысы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:
- Зейнетақы қоры.
- Халықты жұмыспен қамту қоры.
- Әлеуметтік сақтандыру қоры.
- Міндетті медициналық сақтандыру қоры.
Зейнетақы қорларының негізгі міндеттері:
- балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
- халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісім шарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
- өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.
1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 жылы зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, төрт айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20 пайызын құрайды. Жиналған жарналардың 85 пайыз қаржысын зейнетақы қоры, 15 пайызын әлеуметтік сақтандыру қоры мен міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.
Қордың бюджет жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, Үкіметтің, Президенттің, Ұлттық банктің өкілдері кіреді.
Әлеуметтік сақтандыру қоры - осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдары есебінен қалыптасады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге ( еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті кезде және босанғанда, бала туғанда бір мезгілдік, жерлеуге т. б. ) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдемақы төлеуге тиеді.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991жылы Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттің құрамына енбейді, яғни қор бюджеттен тыс болып есептеледі. Соған қарамастан қор 1993 жылы бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндіріледі. 1995 жылдың мамырынан бастап, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қалды.
Қордың қаржылық көзін қамтитындар:
кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, еңбекке төлеу қорының белгіленген мөлшерінен және шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің формасынан тәуелсіз, өзге де жұмыс берушілер мен кооперативтердің міндетті аударымдарынан;
мемлекеттік бюджеттен дотациялар және өзге де ұсыныстар;
Отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ерікті жарналары, коммерциялық қызметтің табыстары мен басқадай түсімдер.
Міндетті медициналық сақтандыру қоры. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан 1995 жылы 29 қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылған болатын. Заңға сәйкес ҚР азаматтары міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өзін сақтандыруға құқылы екендігі және осы саладағы мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру үшін және оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететіндігі қарастырылған. Сонымен қатар жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын және оның көлемін теңестіру үшін жағадай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржылай қаражаттың медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет меншігінде. Ол бюджеттің және басқа да қордың құрамына кірмейді, сондықтан да тиісінше алынуына жатпайды. Олар мыналардың есебінен құралады:
ҚР Үкіметі белгілеген міндетті медициналық сақтандырудың көлемінде жұмыс берушінің сақтандыру бөлімінің төлемдерінен;
Мөлшерленген басы артық сақтандырудың қаржылай қаражат қоры;
Қордың уақытша босаған қаржысын пайдаланудан түскен табыстардан;
Ерікті жарналармен заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтарынан;
ҚР заңында тыйым салынбаған басқа түсімдерден.
Ломбардтар.
Жылжымалы мүліктердің кепіліне қарыз ақша беретін несиелік мекеме болып саналады. Тарихи тұрғыдағы ломбардтар өсімқорлардың несие беретін жеке кәсіпорындары ретінде пайда болды. Соңғы уақыттарда мемлекетпен жеке меншік капиталдың ломбардтар қызметіне қатысу дәрежесіне байланысты мемлекеттік, коммуналдық және жеке меншік ломбардтар мен аралас үлгідегі ломбардтар бөлініп шыға бастады.
Ломбард - банк болып саналмайтын коммерциялық ұйым, ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде басқадай банкілік операциялардың келесі түрін атқаруға құқылы:
ломбардтық операциялар; жылжымалы мүліктер мен құнды қағаздардың оңай депозитке салынуын іске асуының кепіліне қысқа мерзімді несиелер беру;
сейфтік операциялар: бағалы қағаздарды сақтау бойынша құжаттар мен клиенттердің бағалы заттарына қызмет көрсету, сейф жәшіктерін, шкафтарын және бөлмелерін жалға беру;
лизинг қызметін жүзеге асыру;
зергерлік бұйымдар, бағалы металдар және тастарды сақтау мен сату, сатып алу, кепілге алу және есептеу;
ломбардтар шаруашылық серіктесті формасында құрылып, өз қызметін жүзеге асыра алады. 3
Ломбардтар бағалы металдар мен тастарды қосқанда тұтыну несиесінің жылжымалы мүлік түріндегі кепілінің қамтамасыз етілуіне маманданады. Қарыздар негізінде салынатын мүліктің құнына қарай қысқа мерзімге (үш айға дейін) оның 50-80%-ға дейін мөлшерінде беріледі қарыз берумен қатар кепілге клиенттердің бағалы заттарын сақтау бойынша операциялар да қолданылады. Кепілге салынған мүліктерді арнайы дүкендерде сату тәжірибесі де бар.
Ломбардтық несие операцияларын ұйымдастырудың ерекшелігі оның кепілдік міндеттемесінің жоқтығы болып саналады. Кепілге қарыз алған кезде клиент кепілдік билет немесе кепілдік фактіні және берген қарызды куәландыратын басқа құжат алады. Қағида бойынша берушінің тіркеу журналында тіркелген номері, бұл жерде келісімнің негізгі жағдайымен заем алушының реквизиті көрсетіледі. Келісім несиелерінің көпшілік жағдайында жеңілдік мерзімі қарастырылады, оның мерзімі өткен соң кепілдегі мүліктердің сатылуы мүмкін.
Пошта жинақтау жүйесі АҚ «Қазпошта».
Қазпошта дәстүрлі пошталық қызмет көрсетумен ғана шұғылданбай, сонымен қатар халықаралық және ұлттық жедел пошта, директ-маркетинг, аралас пошта, депозиттер қабылдау, кассалық есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ, инкассациялық және ақшамен бағалы заттарды тасымалдаумен, құнды қағаздар нарығанда брокерлік қызмет көрсетумен, электронды ақша аударымымен, сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін оларды тартумен және шарт жасауға агенттік қызмет көрсетумен айналысады.
Еліміздің барлық аймақтарындағы компаниялар белсенділігінің өсуі, қаржылық инфрақұрылымы жоқ елді мекендер аумағына кешенді түрде бағытталған «Қазпошта» АҚ әлеуметтік миссиясын жүзеге асыруға атсалысады.
Ұлттық Kaz Card төлем карточкасы ел ішіндегі қолма-қол ақшасыз төлемнің халық арасында іске асуына бағытталып отыр. Сонымен қатар карточканың бұл түрі бөлшек саудадағы ұсақ төлемдер нарығын қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде «Қазпошта» АҚ 3439 пошта офисі бар, онда жұмыс істейтіндердің саны 17, 8 мың адам, тұрақты пошта бөлімшелеріндегі халықты қамту саны 11, 5 млн. адамды құрайды. 192 млн. шамасында (бірлік) пошталық қызмет көрсетілсе, қаржылық қызмет көрсетудің көлемі 16, 9 млрд. теңгеге жетті.
«Қазпошта» АҚ пошта жүйелерін ақпараттандырумен компьютерлендірудің инвестициялық бағдарламасын іске асырып отыр. Атап айтқанда, дәстүрлі пошта құралдарын жаңартып, осы заманғы пошта мен банктік технологиялармен ендіруде және инкассация қызметі мен пошта қауіпсіздігін дамыту үстінде.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатындағы негізгі міндеттердің бірі - 2004-2010 жж. Аралығында ауыл тұрғындары үшін пошта-жинақтау жүйесінің базалық қызмет көрсетуінің қол жеткізімдігін қамтамасыз ету болып табылады. 2004-2010 жж. Пошта саласын дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жинақ-ақша пошта жүйесін қалыптастыру жөнінен жағдайлар жасалады. Әсіресе, шалғай жерлердегі ауыл тұрғындарын қол жететін, маңызды пошта байланысы мен сапалы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.
Келешекте ақпараттық технологияның жаңа есігі ашылып, поштаның қызмет саласы ұлғая түседі. Қазпошта 2005ж. Аудан орталықтарында қол жетерлік жүйенің 200 Интернет желісін ашады. Бұл көрсеткіш 2006 ж. - 500-ге, 2007ж. - 1000-ға дейін жетпекші. Қызмет көрсетудің бұл түрі қалаға қарағанда арзан болады және ауыл тұрғындарының Интернетті игеру бойынша қалалық деңгейге жетуге мүмкіндік жасайды.
Қаржылық институт ретінде пошта ісі белсенді түрде дамитын болады. Сонымен қатар, пошта бөлімшесінің базасында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп отырып, шағын несиелер бойынша жоба іске асырылып отыр. Пошта байланысының бөлімшелері банкоматтар жүйесін және бірыңғай ұлттық «Kaz Card» төлем карточкаларын пайдалану пост терминалын ашуға мүмкіндік жасайды.
АҚ «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісімен» тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын қабылдау бойынша және комиссиялық банкке алымдардың тұрғын үй қарыздары қорланған ақшаларын беру, тұрғын үй қарызын өтеу шотына өтемдерді қабылдау мен құжаттарды жөнелтіп отыруға шарт жасасты.
«Казпоштаның» Германияда. Қытайда, Өзбекстан мен Қырғызстанда өкілдіктері ашылып халықаралық байланыстары даму үстінде.
Несие серіктестігі. Несиелік одақ.
Несиелік серіктестік туралы ең негізгі міндеті орындайтын іс жүзінде барлық жерде қолданыстағы арнаулы заң бар:
- өзара көмек көрсету үшін бірігетін несиелік серіктестіктердің, коммерциялық емес ұйым ретіндегі одақтардың азаматтардың мүдделерін қорғау;
- несиелік одақтарды бақылау және жол берілген қызмет түрлерін белгіленген шектеу арқылы одақтың несиелік жарнашыларының өз мүдделерін қорғау.
1994ж. Несие серіктестігі, қоғам, одақтардың қызметтерінің негізгі принциптерін бекіткен Дүниежүзілік кеңес құрылды. Олар төмендегідей:
- НС (несиелік серіктестік) демократиялық институттар болып саналады;
- мүшеліктің еріктілігі мен ашықтығы. НС мүшелерінің барлығының мүдделерінің сақталуы, қызмет көрсетуді пайдалануға келісімі мен өзіне тиісті міндеттемені қабылдауға әзір екендігі. Сонымен, нәсіліне, ұлтына, дініне және тұтынатын наным сеніміне қарап кемсітуге жол берілмейді;
- бизнестің немесе жинақ ақшасының салынған мөлшеріне қарамастан НС істері бойынша дауыс бергенде бірдей құқықты пайдаланады. Осының барлығы, яғни бақылау мен басқарудың демократиялығына байланысты.
Несие серіктестігі - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға. 4 Бұл ҚР Несие серіктестігі туралы заңмен белгіленгендей Ұлттық банктің лицензиясының негізінде өз қызметін қарыз және басқа банктік операция түрлерін жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
Несие серіктестігі коммерциялық ұйым болып саналады, құрылады және де жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ұйымдық-құқықтық нысанда қызметін жүзеге асырады.
НС мүліктері меншіктікке құқылы ретінде өзінің иелігіне жатқызылады және міндетті салымдар есебінен, қатысушылардың қосымша жарналарының, НС алынған табыстарынан тұрады. Заң рұқсат ететін табыс көздерінен оның қаржысы қалыптасады. НС өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілмейді.
Несие серіктестігінің қатысушылары өкілдік, атқарушы және сот билігі органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекетке жататын жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы, сонымен қатар оны тіркеген мемлекеттің заңдарына сәйкес офшорлық аймақта тіркелген компанияның мәртебесі бар заңды тұлғаны қоспағанда үш заңды және жеке тұлғадан аз болуы мүмкін (резидентте мен резидент еместер) .
Несие серіктестігі ҚР аумағында және одан сыртқары жерде филиалдар, өкілдіктер мен еншілес серіктестіктер құруға құқы жоқ.
Несие серіктестігі мыналарды жүзеге асыра алады:
- кассалық операциялар - қабылдау, қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, монета мен банкнотты сақтау мен орау;
- қарыз операциялар несие серіктестігінің қатысушыларына ақшалай түрдегі несиелер ұсыну;
- аудару операциялары, ақша аудару бойынша несие серіктестігінің тапсырмасын орындау;
- сенімгерлік (трастовые) операциясы сенімгердің тапсырмасы бойынша (несие серіктестігіне қатысушы) және ақшаны мүддеге сай басқару;
- несие серіктестігінің қатысушылары үшін клирингтік операциялар - алым, салыстырып тексеру, сұрыптау және дәлелденген төлемдер, сонымен қатар олардың өзара есепке алуын және клиринг қатысушылары позициясын анықтау (несие серіктестігі) ;
- сейфтік операциялар - бағалы қағаздарды клиентің бағалы заттары мен құжаттарын сақтау үшін қызмет көрсету, үй-жай мен шкафтарды, сейф жәшіктерін жалға беру;
- заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау несие серіктестігіне қатысушылардың;
- несие серіктестігіне қатысушылардың тапсырмасы бойынша олардың банкідегі шотымен есеп айырысуларын жүзеге асыру;
Жоғарыда аталған операциялармен қатар, Ұлттық банктің лицензиясы болған жағдайда несие серіктестігі келесі операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
- факторинг операциялар - төленбеген төлемді тәуекелдікке барумен қабылдаудың тауар сатып алушының төлем талаптарының құқығын сатып алу (қызмет көрсету, жұмыс) ;
- форфейтинг операциялары - сатушыға айналымсыз келмейтін вексельді сатып алу жолымен тауарларды сатып алушы борышқорлық міндеттемесін өтеу (төлеу), (қызмет көрсету, жұмыс) ;
- жалға берілген мүліктің келісімшарт күшінің барлық мерзімде жалға берушінің жалға берілген мүлкіне меншіктік құқығының сақталуы (лизинг) .
НС кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынады. Қолданылып жүрген банкі заңдарында қарастырылғандай банкілік және өзге де операцияларды несие серіктестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгемен ғана жүзеге асырады. Несие серіктестігі Ұлттық банктен немесе екінші деңгейдегі банктерден оның келісімімен корреспонденттік шот ашуы мүмкін.
НС қатысушылардың жалпы жиналысында бекітілген ішкі несие саясатының ережесімен байланысты НС қарыз операцияларын жүзеге асырады. НС қатысушыларға берілетін несиенің барынша сомасы, несиелендірудің шектемесі, несиенің орнын жабу мен оның жағдайын қамтамасыз етуі мен оның мерзімі баяндалуы керек. Несие тек қана НС қатысушыларға беріледі.
НС қатысушыларға несие қамтамасыз етіліп немесе қамтамасыз етілмей берілуі мүмкін. Несиенің қайтарылуын кепіл мен кепілдеме беруші қамтамасыз етуі мүмкін.
Несие комитетінің қорытындысы бойынша несие беріледі (НС жанынан несие комитеті құрылады) .
Өздерінің қызметтерін үйлестіру үшін, ұсынылатын жалпы мүдделерді қорғау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзге де жалпы міндеттерді шешуде НС ассоциация түрінде, несие серіктестігінің бірлестігін, сонымен қатар бірлескен қызмет туралы келісімшарттың негізінде, консорциум құра алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz