Бюджеттен тыс қорлар жайлы ақпарат



Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастырға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс іздей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды болуын; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсаты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
1991 жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық мақсаттарға жасалатын мемелекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшаландыру, мемлекттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету , бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Бюджеттен тыс қорлар

1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Бірақ нарықтық қатынастырға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары
жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру
қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен
тыс қорлар құрылып, жұмыс іздей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды болуын;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсаты
қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы
ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі
қатынастар болып табылады.
1991 жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-
экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық
мақсаттарға жасалатын мемелекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін
оқшаландыру, мемлекттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету , бір
жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл
мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың
ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа
Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды.
Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтық тұрмыс деңгейінің
төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен
әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды
жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының,
Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай
одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік
қорының шешуін қажет етті. Бір қатар қорлардың – Жол қорының, Әскери
өндірісті конверсиялау қорының, түрлі нанымының инновациялық қорларының
және басқаларыныңөте – мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қолдаудың біріңғай одақтық- республикалық қоры уақытша қызмет
етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі
бір иесізденумен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне
қаырылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір юөлігін салудың қосымша
міндеттері жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнімнің (пайданың, табыстың
) құны есебінен төгілсе, онда кәсіп орындарының экономикалық мүдделеріне
тиіп өтеді – ұдайы өндіріс пен тұтынудағы олардың мүмкіндіктерін шектейді
(мысалы, 1995 жылға дейін қызмет еткен Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені
дамыту қорында). Қорларға аударылатын аударымдардың өнімнің өзіндік құнына
жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады,
сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді. Сонымен қатар қорларды құру және
пайдалану кезінде қайта бөлгіштік процестер пайда болады, бұл процестер
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір бөлігі үшін уақыттың белгілі бір
межелдемесінде баламасыз болып табылады, яғни олардың экономикалық
мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сол бір мезгілде бүкіл қоғам ауқымында
бюджеттен тыс қорлар арқылы әлеуметтік - экономикалық теңгерімділік пен
тұрлаулылық қолдап отырылады, өткені халықтың жеке топтарын әлеуметтік
қолдау, бүкіл экономика немесе аймақтың мүдделері үшін белгілі бір мақсатты
бағдарламаларды орындау, әлеуметтік - экономикалық дамуды теңестіру
жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымдағы мәселелерді шешу
мүмкін болады. Бұл орайда бюджеттен тыс қорлардың қызметінде топтық және
қоғамдық мүдделердің қарама – қайшылығы көрініп білінеді. Жалпы бюджеттен
тыс қорлардың қызмет етуі, сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге
асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл
нысанының әлеуметтік – экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуді қаржы
қатынастарын саралауға, олардың бөлігін тасымалдандырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызыметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың
өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды-мақсатты арналымы бойынша
да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.
Бюджеттен тыс қорлар мынандай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты
белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемелекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің мемлекеттік қоры) экономикалық (жол қоры, жер қойнауын
қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры,
табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау
(экологиялық), көші-қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және
басқалары;
басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық
(жергілікті).
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды
ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс
қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі
ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің
мақсаты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен
тыс қорлар және мақсатты ажырату қорлары болып ажыратылады, бұл қорлар
1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді:
жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың
республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған
басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар бойы, мемлекеттік
бюджеткеенгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жұйесінің қалыптасу процесін,
оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал,резервтік капитал,
амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін
қабылдауға болатын, арнаулы қорлар термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі
олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің
басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін
басқаруға, оларды ұтымды , мақсатты пайдалануына бақылау жасауға
мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқарылуында
шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды:
дүние жүзлік практикада қорларды басқару автономды түрде яғни биліктің
өкілетті органдардың араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың
мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге,
ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта
бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі
өнімінің 10-12% жетті.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
бөлшектер, төлем қабілетінсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік – экономикалық
мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз
етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы
саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына өзгерумен
байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары
республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүние жүзлік практика
орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына
кідертуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару
үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының ерекшеліктерін
1995-1998 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасындағы бюджетен тыс
институттардың іс- әрекетінің мысалында қарауға болады.
Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болды:
Зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті медицина сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;
Олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасында Зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы,
Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы, Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттелініп отырады. Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың
қаражаттары жұмыс берушілердің сақты жанарлары және басқа түсімдер
есебінен қалыптасады деп белгіленеді. Жанарлардың мөлшері жыл сайын
бекітілетін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленіп, қорлар арасында
белгіленіп отырды. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болып және
шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды қоса заңды тұлғалар үшін еңбек ақы
қорының 30%құрады, ал шет елдік заңды тұлғалардың өкілдері үшін Қазақстан
Республикасы азаматтарының еңбек ақы қорының бөлігінде құрылды. Заңды тұлға
құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір
қызметкерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеп отырады.
Жаналарды төлеу бойынша мүгедектердің ұйымдарына, еңбекке қабілеттігі
шектеулі адамдарға, ардагерлерге, бірқатар ізгілікті, балалармен басқа
ұйымдарға жеңілдіктер белгіленеді, олардың жарнасының мөлшері еңбекақы
төлеу қорының 5% құрады.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым соммасы мынандай нормативтер
бойынша бөлінеді:
Зейнетақы қорын- 85% ( немесе еңбекақы қорының 25,5%);
Міндетті медициналық сақтандыру қорына -5% (еңбекке ақы төлеу қорының
1,5%).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізушісі
субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбек ақы қоының 2% мөлшерінде міндетті
сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері, ауған –
мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бір қатар
балалардың қайрымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып
белгіленеді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамының ұйымдары қорға
жарна төлеуден босатылады.
Жоғарғы да аталғанқорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың
аударымдарын заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс немесе
айналыс шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік
құнына жатқызды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің
қаражаттары бағытталып отырды:
Мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын
кірістер;
Белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есептелген өсімпұл
соммасы;
Қажетті жағдайларда – бюджет қаражаттары мен банк кредиттері (ағымдағы
төлемақыларға шоғырландырылған қаражаттардың жеткіліксіздігі кезеңінде);
мәселен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы төлеу үшін бюджет қаражаттары
беріліп тұрды.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жарналары салық заңнамасына сәйкес
жиынтық жылдық табысытан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджет және
коммерциялық емес ұымдары үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың
сметасында қарастырылды.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін республика Үкіметі бекітетін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын
мемлекеттік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын мемлекеттік
бағалы қағаздарға, Ұлттық банктің бағалы қағаздарына және мемлекеттік
банктердің депозиттеріне инвестиялауға рұқсат етілді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) болған зейнеткерлерге және зейнетақы алушыларға мемлекеттік
зейнетақыларды;
2) егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі
денгейден аз болса әлеуметтік жәрдемақыларды қаржыландырды.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі
жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды
мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды
қаржыландырды. Бір кездері қоныс аудару шаралы жөніндегі шығындарды
қаржыландыру осы қор есебінен жүзеге асырылды.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыз жөніндегі,
жүктілігі және босану жөніндегі жәрдемақыларды, бала туғанда және жерлеуге
берілетін бір жолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызыметтер
көрсетуді төлеуді қаржыландырды.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражыты есебінене
келісімшарттарға сәйкес сақтандырушыларға медициналық қызымет көрсету
жөнінде медицина ұйымдарының немесе жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке адамдардың шығыстары көтеріліп отырады. Бұдан басқа қор
онда медициналық қызметтер көрсету бойынша келісім шарт жасаспаған
міндетті медициналық сақтандырудың базарлық бағдарламасы шеңберінде
медиңиналық ұйымдардан немесе жекеше практикамен айналысатын жеке адамда
медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың шығыстарын өтеді.
Қор бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді Үкімет бекітетін.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорын, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын басқаруды Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізді. Міндетті әлеуметтік
медициналық қор Үкімет жанындағы құрылым болып табылады. Қордың құрылымы
облыстық, қалалық бөлімдерді, аудандарда халықты әлеуметтік қорғаудың
аудандық бөлімдерін, еңбек және жұмыспен қамту бөлімдерін кіріктірді.
Қордың қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылауды жергілікті атқарушы
органдар, қордың жоғарғы органдары, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылай
коммитетінің мамандандырылған бақылау органдары жүзеге асырылды.
1999 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру
мемлекеттік бюджет арқылы әлеуметтік салықты алу және онда шоғырландыру
есебінен жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа қаржының едәуір бөлігі
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жұйесінде шоғырландырылып,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы еңбекақы қорының 10%
мөлшеріндегі барлық сақтандырушылардың міндетті зейнетақы жарналары
есебінен жұмсалады. Зейнетақымен қамтамасыз етілу үшін Мемлекеттік
жинақтаушы Зейнетақы қорын таңдап алған тұлғалар үшін де зейнетақы
жарналарының осындай мөлшері белгіленген. Мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар (барлық
шығыстардың 90 пайызындайы) көбінесе республикалық бюджеттің есебінен
қаржыландырады.
Халыққа көрсетілетін медициналық көмек кепілді медициналық көмектің
нормалары шегінде негізінен жергілікті бюджет есебінен (денсаулық сақтауға
жұмсалатын барлық шығыстардың 86% қаржыландырылады; нормадан тыстары арқылы
негізінде жүргізіледі.
Жұмыссыздарға материалдық көмек ( табыстық белгіленген ең төменгі
шегін ескере отырып) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының орнына бұл
мақсатқа тиісті қаражаттарды қарастырған кезде жергілікті бюджеттен
қаржыландырылады.
Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары қоғамдық дамудың
кездерінің мақсаттары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық ресурстарды басқару
«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары
Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Бюджеттен тыс қор
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Шағын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Пәндер