Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі



КІРІСПЕ

I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі

1.1 Ақша қаражаттар операцияларын
есепке алудың мәні мен мақсаты
1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі
1.3 Валюталық шот операцияларының есебі

ІІ Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАИДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дүрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сүз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті үзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рүлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын күріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нэрсе - банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда үз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін күруге болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мэселелер мені қызықтырды, сондықтан бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бүлімін кеңірек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алдым.
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 26.12.1996ж. (үзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
2. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998ж. Заңы
3. Бухгалтерлік есептің Типтік жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Алматы 2002ж.
4. Бухгалтерлік есептің стандарттары. Алматы, 1996ж.
5. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары, 2001ж.
6. Қазақстандағы Аудиттіңхалықаралықстандарттары,2001ж.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Негізгі бүлім, 1996ж.)
Арнайы әдебиеттер:
1. Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.
2. Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.
3. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г. 432с.
4. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж. 1686.
5. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2001ж., 2366.
6. Балапанова Ә.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері». Алматы 2003ж. 936.
7. Бернстайн Л.А. «Анализ финансовой отчетности». Москва 2002г. 623с.
8. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы 1998г. 432с.
9. Дюсембаев К.Ш., Түлегенов Ә.Т. т.б. «Кэсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж. 3296.
10. Дюсембаев К.Ш., «Аудит и анализ в системе управления финансами» Алматы 2000г., 293с.
11. Кеулімжаев Қ.Қ., Әжібаев З.М. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г. 3306.
12. Кодекс РК о налогах и других обязательных платежах в бюджет. Алматы2003г. 238с.
13. Международные стандарты финансовой отчетности 2001г. 1242с.
14. Нидяз Б., Андерсон X. Принципы бухгалтерского учета Москва 2000ж., 495с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі

1.1 Ақша қаражаттар операцияларын
есепке алудың мәні мен мақсаты
1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі
1.3 Валюталық шот операцияларының есебі

ІІ Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАИДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына
түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай
жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта
бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым біздің
экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы
отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан - 2030 деген халыққа жолдауында
да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы
күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік
есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және
талдаудың дүрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл
қызметтердің мэні тірі ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді
билейді деген сүз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге
болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен
ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын
зерртеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында
кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп
жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде
мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның
ішкі аудиті үзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу
қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты
бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі
болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс
ұйымдастырудың рүлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген
кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың
қандай тауар сататынын, қызмет күрсететінін, олармен қандай қарым
-қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын
күріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нэрсе - банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып
кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге
асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда үз үлесін қосады. Яғни,
кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге
асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың
құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін күруге
болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мэселелер мені қызықтырды, сондықтан
бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бүлімін кеңірек ауқымда қарастырып,
курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алдым.

IБӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен
мақсаты.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы Бухгалтерлік есеп
және аудит эдістемесі департаментінің №4 № Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және
инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының
келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен
қамтамасыз етіп және оларға осы заңды түлғаның, яғни субъектінің қаржы
жағдайындағы үзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы
стандарттың екінші бабында:Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен
бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті
осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы
нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады
делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату
барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге эртүрлі
төлемдерді түлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір
кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма эдетте бір уақытта өндірілген өнімін
сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден
сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен
материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып
табылады.
Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және
берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы
арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп
айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден үткен заңды
түлғаларға есеп айырысу шоттарын ;
2) Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке
алу үшін заңды түлғаларға валюталық шоттарды;
3) Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,
қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке
түлғаларға ағымдық шоттарды;4
4) Республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі
банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін
жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде
есептеу.
2) Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс,
тиімді пайдалануды бақылау.
3) Есеп айырысу, түлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе
фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дүрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті
есеп айырысуларды уақтылы және дүрыс жүргізу.
2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу
опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде күрсету.
3) Бұл інген лимиттерге, қорларға және сметаларға
сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы
ережелерін сақтау.
4) Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп
айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.
Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің
туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы
ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6) Есеп айырысу - төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар
мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай - ақ несие
тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сэйкес
мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді
жүзеге асырады. Көп жағдайда бү_л төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу
нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде
ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу
күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде
жүзеге асу керек.1 Ақша қаражаттарын сақтау және заңды түлғалармен есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды
ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім - шартта қарастырылған
клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру
бойынша банк пен клиент арасындағы келісім - шарт қатынастарын күрсету
амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және
есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып бүлінеді.
Корреспонденттік шоттар - (банктер мен ұйымдардың) банктік
операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - жеке және заңды
тұлғаларға, заңды түлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен
-үкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.2[1]
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шотты ашу жүніндегі үтініш;
2) қойылатын қол таңбалары мен мүр таңбаларының үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін
растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куэліктің күшірмесі;
5) жарғы мең қүрылтай шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар саны 1-
ден күп болса).
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи
табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың
барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың
негізінде орындайды:
1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде
қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма - қол ақша
салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма
- қол ақшадағы басқа да сомаларды үз шотына қабылдау туралы шот иесінің
банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада толтырады;
қабылданған ақшаға банк квинтация береді, ол шығыс касса ордеріне
тіркеледі.
2. Әртүрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда-чек
ресімделеді. Чек ресімделуі - чек берушінің чек алушыға төлем құжатын
беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.1[2]
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
Төлем тапсырма - қызмет күрсететін банкке үз ақшасын тапсырмада күрсетілген
сомада бенефициар пайдасына аудару жүнінде түлеушінің тапсырмасы.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған
жұмыстар мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс
болғанда -төлем талап тапсырмасы жасалады. Төлем талап
-тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер,
орындалған жұмыстар үшін дэлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға
төлем ақыны жүргізу туралы талабы.
5. Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бүйрығы, сот органдарының
атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен
шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке
түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге
қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін
банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн
сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке
алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға
есеп айырысу шотынан күшірме жолымен қүлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк
кодтайтың, қатаң түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен
алынған күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын
(корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік
тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктің күшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің
тіркелімін үздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар
үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты
кредиторлық берещекті күрсететін пассивтік шот болып табылады. Күшірмеде
банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның үсуі, ал дебет бойынша оның
есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің
бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты актңвтік болып табылады. Ақша
қаражаттарының қалдығы мен үсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару)
кредит бойынша күрініс табады. Банк күшірмесінің деректері бойынша есеп
айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 441 - шотта жүргізіледі.
441 - шот бойынша түмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:
1. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер және сатып алушылар мен тапсырыс
берушілерден алынған төлем сомасына Д-т441К-тЗО1
2. Түлеу мерзімі басталғанда вексель берушінің вексельді үтеуі Д-т
411 К-т 302 '
3. Еншілес заңды тұлғалар берешекті үтеген Д-т 441 К- т 321,323
4. Жал, займ, қарыздар бойынша алынған % сомасына Д-т 441 К-т 332
5. Дебиторлық берешек үтеген кезде Д-т 441 К-т 333, 334
6. Аккредитивтердің, лимиттелген чек кітапшаларының пайдаланылмаған
сомалары есеп айырысу шотына есептелді
д_т441 К-т421,422
7. Ақшаны кассадан есеп айырысу шотына үткізгенде Д-т 441 К-т 451
8. Жарғылық капиталға салым ретінде қүрылтайшылардан қолма-қолсыз
ақша қаражаттары келіп түсті Д-т 441 К-т 511
9. Алынған несиелер мен займдардың сомасы есеп айырысу шотына келіп
түскен кезде Д-т 441 К-т 601-603
Ю.Аванс алынды Д-т 411 К-т 661,662
11.Алдағы кезеңдер есебіне алынған ақы Д-т 441 К-т 611
12.Акцияларға, облигацияларға салымдар жасалды Д-т 141-144, 401-403 К-
т
441
ІЗ.Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны түлеу Д-т 342 К-т 441 Н.Аванс
берілген кезде (алдын ала төлем) Д-т 351 352, К-т 441 15.Аккредетивтерге
қаражаттар есептелді, чек кітапшасы ашылды Д-т 421,
422К-т441 іб.Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолма қол ақшалар алынды
Д-т 451
К-т441
17.3аймдар мен несиелерді қайтару (үтеу) Д-т 601-603 К-т 441
18.Акциялар бойынша дивиденттерді түлеу Д-т 621-622 К-т 441 19.Бюджетке
салықтар аударылды Д-т 631,633,634 К-т 441 2О.Еншілес, тэуелді, бірлесіп
бақыланатын түлғаларға, жеткізушілер мен
басқа кредиторларға берешек үтелді Д-т 641 -643, 671, 678 К-т 441
21.Несиелер , қарыздар жалдау шарттары бойынша % түленді Д-т 684 К-т
441 22.Айыппүлдарды, түсімақыларды, тұрақсыздық айыптарын түлеу Д-т
821
К-т441
441- шотта күрсетілген операцияларды есепке алу үшін №2 журнал ордер
мен №2 ведомость қолданылады. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша
банк күшірмесінің және соларға қоса берілетін құжаттардың негізінде
жүргізіледі. Құжаттар алдымен эрбір күн үшін жиынтықтарды сомалау арқылы
біртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кірістік және шығыстық
кркаттар бүлек-бүлек), содан кейін №2 журнал-ордерге (441— шоттың кредиті
бойынша) және 441-шоттың дебеті бойынша №2 ведомоске жиынтық бір сомамен
жазылады.№2 ведомостьке біртектес жинақтамалы шоттар бойынша
сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо (қалдық)
күрсетіледі де, ай ішінде есептелген дебеттік және кредиттік
айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 ведомость
бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында Бас кітапқа 441-шот
бойынша күшіріледі.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің үтініші бойынша:
- есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана
бүлігінің болмауына (дербес баланстың бар болуы және т.б.) экеп соқтырған
субъект қызметі сипатының үзгерісі кезінде;
- субъектіні қүрған органның шешімі бойынша;
- 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субьектінің атауы үзгерген кезде
шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектермен қоса банкке қайтаруға,
олардың нүмірін күрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың
қалдығын растауға міндетті.

Төлем тапсырмалары арқылы есеп айырысулар.
Төлем тапсырмалар тауарлы материалдық қүлдылықтар, орындалған жұмыстар
және күрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу кезінде және тауарлар мен
қызметтердің алдын ала төлемін, келісім шартта немесе заңмен қарастырылған
аванстық төлем жағдайжірында қолданылады.
Түлеуші белгіленген нысан бланкілерінде тапсырманы банкке үсынады.
Тапсырмадан басқа банк талабы бойынша түлеуші келісім-шарттарды, шот
фактураларды, төлемнің мақсаттылығын дэлелдейтін басқа да құжаттарды
күрсетуі тиіс. Төлем тапсырмалар онда күрсетілген күннен бастап 10 күн
ішінде банк-алушымен қабылданады. Олар түлеушінің шотында қажетті
қаражаттар болған жағдайда ғана іске асады. Төлем құжаттары электронды да,
қағаз бетінде де болуы мүмкін. Негізінен төлем тапсырмалар екі данада болу
толтырылады: біріншісі - банкте қалады, екіншісі - ақша түлеушіге
қабылданғаны жүнінде банктің мүр таңбасымен қайтарылады.
Төлем тапсырманы толтырған кезде келесі реквизиттері күрсетіледі:
- төлем тапсырма номері;
- төлем тапсырма күні;
- жеке идентификациялық код (ИИК) - аударушы мен бенефициардың
банктік шотының номері;
- ақша аударушы коды (КОд) және бенефициар коды (Кбе) - ол екі
символдан тұрады, біріншісі - резиденттік белгісі, екіншісі экономика
секторы;
- бенефициар - ақша қаражаттарды алушы;
ақша аудару жүнінде клиенттен тапсырма алатын банк аударушының атауы
- банк бенефициар - ақша қаражаттарды келісім-шарт негізінде
қабылдаушы банк;
- аударушының банктік идентификациялық коды (БИК)9
- филиалдар арасындағы айналымдар коды (МФО)
- төлем мақсатының коды - ҚРҮБ нормативті - қүқықтық актілерімен
белгіленген үш символдан тұратын, жүзеге асатын төлемдердің кодтык белгісі;
- бюджеттік сыныптау коды - салықтардың (төлемдердің) қайтарылуы
жүзеге асатын коды;
- валюталау күні - бенефициар банктік шотына ақша қаражаттардың
кіріске алыну күні, оны төлемді жүргізуші субъект белгілейді.
Төлем құжатында еш бір түзетулерге жол берілмейді. Егер олар болатын
болса, онда банк бүл тапсырманы орындаудан бас тартып, үш күн ішінде
құжатты клиентке қайтарады.

1.3 Валюталық шот операцияларының есебі
Резиденттер арасындағы операциялар бойынша нормативті актілермен
қарастырылған жағдайлардан басқа барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асу
керек. Қазақстан Республикасында резидент және резидент еместердің
жүргізетін валюталық операциялары үкілетті банк пен банктік емес қаржылық
мекемелері арқылы жүзеге асады. Валюталық операцияларды жүргізудің негізі
№115 2001ж. 20 сәуірде Ұлттық Банк қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Валюталық реттеу туралы № 54-1 1996ж. 24 желтоқсандағы
Заңы және Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу
ережелері болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің
негізгі органы Ұлттық Банк болып табылады. Өкілетті банктерде заңды
түлғалар - резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргізілуі
және жабылуы №266 2000ж. 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының банк
клиенттерінің банктік шоттардың ашылу, жүргізілу және жабылу тәртіптері
туралы Нүсқаулықта күрсетілген тәртіпте жүзеге асады. Заңды түлға
-резиденттерінің тауарлар (жұмыс, қызмет) экспорты үшін түсетін валюталық
сомасы экспорт күнінен бастап 120 күн ішінде міндетті түрде банк шоттарына
кіріске алынуы керек. Заңды түлғалар - резиденттер резидент емес тұлғаға
төлем ақы жүргізген кезде үкілетті банкке дүрыс ресімделген құжаттарды
(келісім-шарттар, инвойстар, коноссаменттер т.б.) үхынуы тиіс. Өкілетті
банктер валюта заңының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асып жатқан
валюталық операцияға тиісті қажетті қосымша ақпарат пен құжаттарды талап
етуге қүқылы. Ағымдағы валюталық операциялар үкілетті банктер арқылы
шектеусіз жүргізіледі.[3] 2001ж. 31 наурызда №88 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Басқармасымен бекітілген 1996ж. 24 желтоқсандағы Валюталық
реттеу туралы Заңға және Капитал қозғалысымен байланысты
валюталық операцияларды тіркеу ережелеріне сәйкес капиталдың
резидент еместен резидентке қозғалысымен байланысты операцияларды
жүргізу мен есебін ұйымдастырудың тәртіптері бекітілген.
100 мың АҚШ доллар эквиваленттен асатын сомада мүліктердің Қазақстан
Республикасына келіп түсетін, капитал қозғалысымен байланысты келесі
валюталық операциялар міндетті түрде тіркелуге тиісті:
- 120 күннен астам резидент еместерден несие алу;
- экспорт-импорт мэмілелерін резидент еместермен несиелеу;
- Қазақстан Республикасына резидент еместердің тікелей және
портфельді инвестициялар түрінде инвестициялар;
- Интеллектуалды меншік объектілеріне түгел қүқықты
иемденуіне резидент еместердің ақысын түлеуі;
- Жылжымайтын мүлікке меншік құқығына иемденуінің
резидент еместердің ақысын түлеуі;
Аталған операциялардың тіркелімі сэйкес келісім-шартты (кредиттік
немесе инвестициялық мәміле, контракт, қатысушылар келісім-шарты) және
квартал сайынғы қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беруді қамтиды
Заңды түлғалар - резидент емес тұлғалармен заңды түлға -
резиденттермен шетел валютасындағы есеп айырысулар қолма — қолсыз түрде
валюталық шоттағы қаражаттар көлемнің шегінде ғана жүзеге асады. Валюталық
қаржылар келесі күздерден құрылуы мүмкін:
- экспортты валюталық түсім;
- жарғылық капиталға үлес;
- резидент еместердің қаржылық күмегі (гранттар);
- үкілетті банктердің, шетел банктердің, қаржылық ұйымдардың
және басқа да шетел заңды түлғаларының валюталық несиелері;
- үкілетті банктер мен үкілетті ұйымдар арқылы ішкі нарықта теңгеге
сатып алынған валюта;
Орындалған жұмыстар мен күрсетілген қызметтерге шетелдік валюта, яғни
шетелдің ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күні Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау курсы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен (теңгемен) күрсетілуі тиіс.
Шаруашылық субьектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі
мынадай валюталарда:
1) үлттық;
2) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және
шектеусіз айырбастал атын);
3) түйық (айырбасталмайтын) валютада (жақьін шетел мен
дамушы елдердің үлттық валюталары);
4) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді үзара
есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар
келіскен валютада) операциялар жасайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы № 206
қаулысымен бекітілген Қазақстан Реслубликасында валюталық операцияларды
жүргізудің ережесіне сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және
жеке тұлғалар үкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотты ашу
үшін заңды түлғалар түмендегі құжатты тапсырады:
1) Валюталық шотты ашу туралы үтініш;
2) Қүрылтай құжаттарының нотариалды расталған күшірмесі;
3) Өкілетті түлғалардың қойған қолдары мен мүртабан белгісінің
үлгілері;
4) Мемлекеттік тіркеу туралы куэлік;
5) Салық түлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық
орғанының анықтамасы.
Резидент заңды тұғалардың валюталық шотты, жүргізуі және жабуы
Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізуі және
жабу тәртібі туралы 1997 жылғы 4 наурыздағы №61 Нүхқаулықта күзделген
тәртіппен жүргізіледі.
9- Шетелдік валютадағы операцияларының есебі БЕС -ына сэйкес
валютадағы операциялар болып табылады. Мүндай кезде субъект:
1. Мүлікті (тауарлы -материалдық қорларды, негізгі қүралдарды және
т.б. айналым активтерін) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.
2. Түленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген
несиелерді алады немесе береді.
3. Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады
немесе сатады, шетелдік валютамен үзіне міндеттеме алады немесе
сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.
Заңды түлға - резиденттерге валюталық оп ерация бойынша есеп айырысуды
қолма-қол нысанда жүзеге асыруға рұқсат берілмейді. Валюталармен
операциялар жүніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің
шоттарында операция жасалған күнгі ¥лттық Банктің бағамына қайта есептелген
ҚР-ның валютасында күрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар
бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем
валютасында жүргізілуге тиісті.
Шетелдік валютамен есеп айырысу эдетте мынадай нысандарда жүргізіледі:
1) Банктік аударым-бүл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке
пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін
операциясы;
2) Құжаттамалық инкассо - бүл импортшыдан (түлеушіден) ақша сомасын
немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде түленетіндігін растауды
алуға экспортшының (кредитордың)
үз банкіне берген талсырмасы;
3) Қүжаттамалық аккредитив - бү_л-импортшы клиентінің
талсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген
банктік ақшалай міндеттеме.
Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай
құжаттармен ресімделеді:
1. қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланыпмаған сома, есеп
беретін сомалар және басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс
ордерімен ресімделеді;
2. қолма-қол валютаның берілуі (шығысы) -валюталық шығыс
касса ордерімен (тапсырмамен);
3. шетелдік жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару
аударым үтінішімен ресімделеді.
Валюталық шоттар бойынша операциялардың есебі түмендегі активтік
шоттары бойынша жүргізіледі:
- 431-Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақшалар
- 432 Шетелдегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақшалар. 432-шотты
шетелдегі банктерде шоттары бар заңды түлғалар пайдаланады. Мүндай шотты
ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР Ұлттық Банкінің берген алдын ала
рүқсаттың болуын талап етеді. Бұл орайда шаруашылық жүргізуші субъектісі
аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша және басқа да мэліметтер
бойынша есептемені ҚР Ұлттық Банкі белгілеген нысанда және
мерзімде тапсыруға міндетті. 431 шоттың дебеті бойынша бастапқы
қалдық, ақша қаражаттарының түсуі және соңғы қалдық күрсетіледі. 431-
шоттың кредиті бойынша субьектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен
шығарылуы (аударылуы, берілуі) күрініс табады. 431- шоттың кредиті бойынша
операциялар банк күшірмесінің негізінде №2 журнал-ордерге, 431-шоттың
дебеті бойынша №2 ведомостьке жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай
соңында Бас кітапқа күшіріледі.
431 - шот бойынша түмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:
1. Экспортқа жүнелтілген өнімдер мен күрсетілген қызметтер
үшін шетелдік сатып алушылардан түсім түскен кезде Д-т 431 К-т 301;
2. Әртүрлі шетелдік дебиторлардан берешектің келіп түсуі Д-т 4312 К-
т 334;
3. Бүрын берілген аванстардың түсуі (қайтарылуы) Д-т 431 К-т 351,352;
4. Шетелдік валютадағы шоттан ел ішіндегі валюталық шотқа келіп
түскені Д-т 431 К-т 432
5. Қүрылтайшылардың жарғылық капиталға салымы шетелдік валюртамен
түскен кезде Д-т 431 К-т 511
6. Шетелдік валютамен несие, займ алу Д-т 431 К-тр 601-603;
7. Шетелдік валютамен аванс алынғанда Д-т 431 К-т 661,661;
8. Тауарлы материалдық қорларды жеткізуге, жұмыс және қызмет үшін
шетелдік валютамен берілген аванс (алдын ала төлем) Д-т 351, 352 К-т 431;
9. Шетелдік валюта аккредетивке есептелді Д-т 421 К-т 431;
10. Банктерден қолма қол шетел валютасын алу Д-т 452 К-т 431;
11. Несиелер, займдар берешек үтелді (қайтарылды) Д-т 601-603 К-т 431;
12. Шетелдік жеткізушілердің шотын түлеу Д-т 671 К-т 431;13
13. Өзге кредиторларға берешектерді үтеу Д-т 687 К-т 431;
14. Еншілес, тэуелді және бірлесіп бақыланатын заңды
түлғаларға берешектерді үтеу Д-т 641-643 К-т 431;
15. Теріс бағамдық айырма Д-т 844 К-т 431;
Есеп айырысу мен валюталық шот боынша операциялардың есебін келесі
беттегі №1 сызбадан күруге болады.

Есеп айырысу мен валюталық шотгар операцияларын есепке алудың
сызбасы.1[4]

т
43і,432,441 дебеті бойьшша №2 ведомость 431,
432, 441 кредиті бойынша журнал ордер
г
Бас кітап

г

Қаржылық есеп беру



ІІ Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебі

Барлық кәсіпорындар нарықтық экономикада басқа заңды және жеке
тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы
операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек
қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес
жүргізілуді қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының
бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
• Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер
кезінде есептеу;
• Кәсіпорындар мен ұйымдарға ақшалардың түгелділігін және олардың
тиімді пайдалануын бақылау;
• Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының
кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне
байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі –
кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда
дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар
мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің
нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан,
сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады.
Ақшалар баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша
жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын
кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де
жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған
вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс-сапар шығындары үшін аванс
ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай
дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік
есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Касса операцияларының есебі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-
қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті
көлік құралдарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын
сатып алу үшін, хат және басқа бұйымдарды пошта арқылы жіберу үшін есеп
айрысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама орнатылған,
ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы
нақты ақшалар касса қызметкерлерінің мөрі сүргіш арқылы басылып басылып
жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса
қызметкерлері толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп
айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі
берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу
үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады.
Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған,
яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бұл соманың
қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке
кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөрі
басылады. Барлық толтырылуға тиісті ақпараттар толтырылмағанша чекке қол
қоюға болмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты
ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуға тиіс. Сонымен
қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні сол ұйымның
кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін касссир кассалық кіріс ету ордерін
толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына
қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдауүшін бас бухгалтердің
немесе ол сенім білдірген кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы
беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық
кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-
жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның
төленген уақыты жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету
ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша алу үшін
жазылған өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл
құжаттарға кассалық ордердің деректемесі көрсетілген мөртаңба басылуы
керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда
кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының рұқсат етемін деген жазуы және
қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса
қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға
кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты
ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да
құжаттарын көрсетуді талап етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы
көрсетілге нқұжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-
жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта
берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша
алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі
бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері
және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына
жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен
ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық
етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандар мен
әріптерді түзетуге, өзгертуге ешқандай рұқсат жоқ.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы,
сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл
тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп,
үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса
қызметкері кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс
толтырылғандығын бұл құжаттарда ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің
қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша күн түгелдігіне
тексеру жүргізуге, қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан
кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса
операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін
операцияларының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері
қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген
кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына
болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк
мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
• Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
• Кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі;
• Кәсіпорынның басшысы, бухгалтері және оның орынбасары қолтаңбалары
қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі
карточка және басқа құжаттар;
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді. Қандайда болсын заңды
ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатылып алынған
тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да басқалардың құны және
олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана
төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің
келісімінсіз арбитаждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық комитеті немесе
қаржы полициясының бұйрығы тағы басқа заңды қаралған жағдайлар негізінде
аударылуы мүмкін.
Есеп айырысу шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот
иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Ұйымдардың
өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына нақты ақшаны
осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп
айырысу шотына кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық
құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа да заңды және жеке
тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа
да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар
мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістіріледі. Ал бұл шоттан
кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен
заттарының құны, бюджет пен бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем
сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшылар
мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін
нақты ақша алынады. Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақшалардың
көлемінде шот иесінің, яғни кісіпорындар мен ұйымдардың ақша қабылдау,
төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша
операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі
есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем
талабы-тапсырмасы, инкассалық өкімі, салық және кеден органдарының
инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады.
Есеп айырысу құжаттарындағы оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды
адамдардың қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк
мекемесі өзі қызмет көрсететін кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп
айырысу шотының иесіммен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға
шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты
бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу
құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы
қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша
есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістелген және одан шығыс етілген,
яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған
сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға
сәйкестігі тексеріледі.
Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі. Қазақстан Республикасының
белгіленген заңына сәйкес ел ішіндегі әр түрлі операциялар бойынша
кәсіпорындар мен ұйымдардың бір-біріне төлейтін төлемдері тек қана ұлттық
валюта түрінде жүргізілуі тиіс. Ұйымдардың резидент емес заңды тұлғалармен
орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік валюта түрінде
қаржы төлеуі немесе қаржы қабылдауы арнайы рұқсатты қажет етеді.
Шетелдік валюта дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдарға тауарларды, дайын
өнімдерді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау барысында қолданатын
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері болып
табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың шетелдік валюта түрінде алатын табысы сол
операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі
белгіленген ақша айырбастау бағамы бойынша есептеліп, Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасы түрінде көрсетілуі тиіс. Бағам (курс)
дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің өзара қатынасы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру
Ақша қаражаттар есебі
Ақша қаражаттары есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Касса операцияларының есебі. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі
Қолма қол ақшаларды кассадан беру
Ақша қаражаттар есебiнiң аудитi және талдауы
Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау
Компания Бағлан ЖШС
Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
Пәндер