«Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының құқықтық сипаттамасы»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
«Заң пәндері» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының құқықтық сипаттамасы»
Мамандығы: «050301» - Құқықтану
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
4 курс студенті Шадетов С. А.
Ғылыми жетекшісі:
«»2010 ж.
Дипломдық жұмыс
қорғауға ұсынылады:
Кафедра меңгерушісі
«___»2010ж.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
- Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы
1. 1. Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының түсінігі 7
1. 2 Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының жалпы сипаты 14
- Бас бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылық
2. 1. Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының объективті белгілері 19
2. 2. Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының субъективті белгілері 33
2. 3. Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының сараланған түрлері 42
2. 4. Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының аралас құрамынан айырмашылығы 61
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Адам құқығы кепілдігінің бірден-бір бастауы, қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары делінген1.
Адамның жеке басына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы сот тергеу тәжірибесімен қазіргі заңнаманы талдау жекелеген теориялық және тәжірибелік мәселені көрсетеді. Осы әрекеттерді саралау мәселелерін қарастыру қажеттілігі құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде меншікке қол сұғу қылмыстарын қате қылмыстық құқықтық бағалау оқиғалары жиі кездесетіндігімен түсіндіреді.
2009 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2010-2020 жылдар кезеңіне арналған Республикалық Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 40-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттің құқықтық саясатының басты бағытын одан әрі айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы 2010-2020 жылға дейінгі кезең құқықтық саясаты тұжырымдамасын бекітуді талап етемін. Бұл тұжырымдамада мемлекеттің құқықтық саясаты салалық тиісті бағдарламалары, Қазақстан Республикасы үкіметінің перспективалары және жыл сайынғы заң жобасын жасау жұмыстары жоспарларын Республиканың нормативтік құқықтық актілері жобаларын жасауға негіз болып табылатындығын белгіленген болатын.
Ел басы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында, ішкі саяси тұрақтылық - 2020 стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы. Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді. Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады, деп мәлімдеген2.
Кез келген қоғамда, соның ішінде қазақстандық қоғамда, кейбір себептерге байланысты қылмыстық құқықтық бағалаудың, жазаланатын әрекеттің объективті ерекшеліктеріне сәйкес болмауы байқалуда. Осыған байланысты, қазіргі таңға дейін толық жасалып бітпеген немесе өзінің тиісті шешімін таппаған теориялық мәселелерге қылмыстық құқық саласындағы ғылыми еңбектердің анағұрлым өзектілігі қарқын алуда.
Өтпелі кзеңдегі тежеушілікті ескере отырып, қоғам арасындағы мүліктік қарым-қатынастарының ұлғайуы, әлеуметтік тәуекел етудің жоғарлауы мен топтардың өсуі, біздің Республикамыздағы жиырмасыншы жүз жылдықтың аяқ шенінде 80-жылдармен салыстырғанда екі есе көбейген, яғни әрбір жасалған екінші қылмыс ауыр немесе аса ауыр қылмыс түріне жатады, жеке адамға қарсы қылмыстар саны арта түсті.
Бас бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі жатады. Құқықтық норманың қоғам дамуының объективті тенденцияларын өз бетінше реттейтіні белгілі. Мысалы, Қазақ КСР ҚК-нің 115 бабында біреуді бас бостандығынан заңсыз күштеп айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылық көзделсе, Қазақстан Республикасының күші бар қазіргі Қылмыстық Кодексінің 126-бабында бас бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылық көздейді. Қазіргі таңда, тәжірибеде бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты әртүрлі қылмыстарды жасаған тұлғалардың әрекеттерін саралау кезінде көптеген қиындықтар туындайтыны белгілі. Сондықтан, сот тәжірибесімен ұсынылған бас бостандығынан заңсыз айыру секілді қылмыстық әрекеттермен күрес жүргізудің теориялық зерттеулері, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қазақстандық қоғамда бас бостандығынан заңсыз айырудың қоғамдық қауіптілігі өте жоғары. Ол, бас бостандығынан заңсыз айырудың адамның жеке бостандығына қол сұғатын, зорлық қылмысы болып табылатындығымен анықталады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы ІІМ статистикалық ақпараттар орталығынан алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы тұрғыдағы қылмыстар саны 2000 жылы - 150790 , 2001 жылы - 1 52168, 2002 жылы - 135151 , 2003 жылы 118485, 2004 жылы - 143550, 2005 жылы - 142100, 2006 жылы - 142100, 2007 жылы - 139431, 2008 жылы - 150790 қылмыс жасалғандығын байқауымызға болады. Соның ішінде, жеке адамға қарсы жасалған қылмыстардың жалпы саны 1998 жылы - 15900, 1999 жылы - 19667, 2000 жылы - 17784, 2001 жылы - 16835, 2002 жылы - 14975, 2003 жылы - 18783, 2004 жылы 19417, 2005 жылы 21326, 2006 жылы 21859, 2007 жылы 23447, 2008 жылы 21635 қылмыстарды құраған3.
Бас бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін жауаптылықты көздейтін ҚР ҚК-нің 126-бабының мазмұны және оның тәжірибеде қолданылуы, сонымен қатар, осы әрекетті ҚР ҚК-нің басқа баптары бойынша саралау мәселесі, арнайы зерттеуді талап ететін бірқатар мәселелерді алға қояды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы дипломдық зерттеудің мақсаты адамды бас бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелерін кешенді түрде зерттеу мен қылмыстық заңдылықты жетілдіру және оның тәжірибеде қолданылуы бойынша ұсыныстарды талдау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес, автор өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
- бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстарының түсінігін талқылау;
- бас бостандығынан заңсыз айырудың дәрежеленген түрлерін зерттеу;
- бас бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін жауаптылық мәселелерін зерттеу;
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
1. Бас бостандығынан заңсыз айыру құрамының элементтері, келтірілген зиянның аурлығы критерилері қарастырылды, бұрынғы заң саласындағы аталған норманың қазіргі Қылмыстық заңдағы алатын орнымен салыстырмалы түрде қарастырылып анализ жасалынды.
2. Бас бостандығынан айырудың обьективтік сипаттамасына мынадай элементтерге аса назар аудару қажеттілігі туралы ұсыныс жасалды: қылмыстың жасалу орны мен уақыты; қылмыстың жасалу жағдайы; қылмыстың жасалуы және оларды жасыру тәсілдері; қылмыскердің жеке басы; жәбірленушінің жеке басы; қылмыстың іздері; қылмыстың қол сұғушылық заты; қылмыстың жасалу себептері мен жағдайлары.
Мұндай мән-жайларды анықтау қылмыстарды дұрыс дәрежелеуге септігін тигізеді.
3. Жәбірленуші мен қылмыстың құрбандарына қатысты, олардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік құқықтық шараларды жетілдіру.
Аталған ұсыныстарды жүзеге асыру, біздің ойымызша, адамды бас бостандығынан заңсыз айыру үшін жазаны заңды негіздерінде дифференциациялау мен жекелендіруді қамтамасыз етіп, заңдылықты бекітеді.
барысында жүзеге асырылды.
Жұмыстың құрылысы. Жұмыс кіріспеден, алты бөлімшеден тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы
1. 1. Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының түсінігі
Азаматтардың жеке басына, құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар біздің қоғамымызға үлкен зиянын тигізеді. Сол себепті мұндай қылмыстармен шешуші күрес жүргізу ҚР құқық қорғау органдарының маңызды міндеті болып табылады. Қылмыспен күресу үшін елімізде қылмыспен тікелей күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың жұмысын жақсартудың, сол сияқты қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдірудің маңызы зор. Қылмыстық-құқықтық ғылым тәжірибеші-заңгерлер қылмыстық заңды дұрыс қолдануға септігін тигізетіндей құқықтық мәселелерді дайындауы керек.
Көшпелі қазақ қоғамының жағдайында құқықты жасаудың бірден бір тәсілі ретінде әдет-ғұрып саналған. 1917 жылға дейін Қазақстан аумағында қазақтардың әдет-ғұрыптық қылмыстық құқық нормалары, шариат-мұсылмандық құқығы және жалпы империялық қылмыстық заңдар, соның ішінде 1885 жылғы жазалар туралы Ережелер әрекет еткен. Қазіргі таңда Қазақстанда өзіндік дербес заңдар-1997 жылы Парламентпен қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу Кодексі әрекет етеді. Қазақстаннның Ресей империясына кіруіне байланысты біз, Ресей заңнамасының біздің еліміздің құқықтық өмірінің дамуына әсер ету фактісін мойындаймыз.
Жеке адамға қарсы қылмыстар - бұл азаматтардың негізі жеке құқықтарына бағытталған қоғамдық қауіпті әрекеттерді ҚК-де көзделген тобы. Бұл топтағы қылмыстардың көпшілігі ауыр және аса ауырға жатады, олар моральдық және материалдық зиян келтірілуі мүмкін. Қылмыстың бұл топтарын бірінші орынға жылжыту ҚР қылмыстық заңнамасының негізгі реформасындағы маңызды концептуалдық идеяға, яғни азаматтарды өмірі мен денсаулығы, оның заңды мүдделерінің құқықтары мен бостандықтарын айрықша қорғауға сәйкес еді4.
Әрекетсіздік әрекет сияқты тұлғаның ерікті қылығы болып табылады, сондықтан да ол әрқашан саналы сипатқа ие. Егерде қоғамдық қауіпті әрекет кінәлінің белсенді мінез-құлқынан байқалса, онда әрекетсіздік болу керек және істелуі мүмкін әрекеттің істелмеуінен байқалады. Қоғамдық қажетті әрекеттерді орындауда тұлғаның міндеті мыналардан шығады: а) заң мен нормативтік актілерді жазудан; ә) кәсіби міндеттер мен қызметтік уәзіптерден; б) келісім шарттар; в) жеке өзара қатынастан; г) кінәлінің алдағы қызметінен. Қылмыстың формальдық құрамының объективтік жағы тек қоғамдық қауіпті әрекеттен туады.
Ұлттық заңнаманың ұқсамаушылығы ұлттық дәстүрдегі, экономиканың даму деңгейіндегі және идеологиялық мәселелерге көз қарастардағы айырмашылықтардан, сонымен қатар қалыптасқан ұлттық құқықтық мектептер мен өзекті ғылыми бағыттардың әсер етуінен туындайды5.
Тұлғаның жеке бас бостандығына қол сұғушылық қылмыстарының анықтамаларына қатысты 1917 жылға дейінгі ресейлік заңнама қызығушылық тудыруда. Бұл жерде 1885 жылғы редакциясындағы жазалар туралы Ережелер жөнінде сөз болып отыр. Өйткені, 1903 жылғы Ережелер сол күйі күшіне енген жоқ. Жалпы жеке бас бостандығын шектейтін қылмыстарға: 1) Мәжбүрлеу; 2) Шын мәнінде бостандығын шектеу (қамау және ұстау) ; 3) Адам ұрлау; 4) Қорқыту; 5) Басқа адамның тұрғын үйіне қол сұғушылық (отбасы тыныштығын бұзуы) .
Осыған орай аталған құқық бұзушылықтардың бөлігі ұсақ қылмыстық қол сұғушылықтардың жалпы ұғымы болып табылады. Мысалы, заң бойынша адам ұрлауды келесі топтарға бөлді: а) құлдыққа сату (Ереженің 1410 бабы) ; б) негрлерді сатуға қатысу (1411 бап) ; в) нәрестелер мен балаларды ұрлау (1407 және 1408 баптар) ; г) адасқан балаларды ұстау (1409 б) ; д) әйел ұрлау (1529, 1530, 1549, 1580, 1581, 1582 баптар) . Анағұрлым маңызды болып табылатын қылмыс түрлері де кездеседі, олар «қорқытуң деген жалпы атпен танылады: ол ретінде сараланған қорқыту (1545-1547 бб) және аралық соттармен бекітілетін жазалар туралы Жарғының 139-141 баптарында (бұл жерде 1885 жылғы редакциясындағы аралық соттармен тағайындалатын жазалар туралы Жарғы жөнінде сөз болып отыр) көзделген жай қорқыту танылады. Бірақ, біздің зерттеуіміз тарапынан анағұрлым маңызды болып жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарға өзгенің тұрғын үйіне қол сұғылмаушылықты бұзуды жатқызу фактісі табылады. Жазалар туралы ережелерде осындай қылмыстық әрекетті жазалаушы баптар (ондай бап 1857 жылғы жазалар туралы Ережеде болды, ол бап өзгенің тұрғын жайына баса көктеп кіргендігі үшін жауаптылықты қарастырған болатын), болған жоқ, бірақ, бұл қылмыстағы кінәлілер, аралық соттармен тағайындалатын жазалар туралы Жарғының 142 бабына сәйкес жауаптылыққа тартылды.
Ең алдымен мұндай қылмыс түрінің маңызды бөлігі тек қана арнайы бөлім шеңберінен тыс орналаспаған, ол сонымен қатар басқа да нормативті қайнар көздерде кездесетіндігін; екіншіден, осы қылмыс тобында қазіргі уақытта адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарға (отбасылық тыныштықты бұзу) жатқызу қиынға соғатын әрекеттер бірден көзге түсетіндігін айта кеткен жөн. Мұндай ереже жеке бостандық деп аталатын терминнің қалыптасуымен түсіндірілді. Жеке бостандық-бір жерден екінші бір жерге қозғалу бостандығына құқығы және әрекет және әрекетсіздікке өзіндік анықтаушылық құқығы. Соңғы тұжырым қорқыту мен мәжбүрлеудің құрамдарын жеке бас бостандығына қарсы қылмыстардың қатарына енгізуге негіз болып табылады6. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзуда көрінетін әрекет, ол тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты шын мәніндегі бостандыққа қол сұғылмаушылыққа теңестіруге байланысты, жеке бостандыққа қарсы жасалған қол сұғушылық ретінде танылады7 .
Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңнаманың, әрине, Ресей империясының заңнамасынан елеулі айырмашылығы бар. Бірақ, мемлекеттік, діни, сауда және басқа да тұлғаға қол сұғушылық, соның ішінде жеке бас бостандығына қарсы қылмыстармен салыстырғанда анағұрлым аз мөлшерде өзгеріске ұшырады.
Әрекет кінәлінің жәбірленушіні еркін жүріп тұру бостандығынан заңсыз айырғанда, сондай-ақ, оның өз қалауы бойынша орнын ауыстыру мүмкіндігінен айырғанда жүзеге асырылады8.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 126- бабына сәйкес қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып адамды бостандығынан оны ұрлаумен байланыссыз бас бостандығынан айыру табылады. Бірақ, аталған қылмыстық-құқықтық нормада да, Қазақстанның қылмыстық заңнамасында да жалпы адам ұрлаудың анықтамасы кездеспейді. Адам ұрлаудың белгілі бір нормативті ұғымының болмауы құқық қолданушыдан әр кезде қандай да бір әрекет адамды заңсыз бас бостандығынан айру немесе ұрлау болып табылатындығын дербес бекітуді талап етеді.
Тергеу органдары мен соттың қорытындылары, істің материалдарына қатысты негізді болуы тиіс. Мысалы, Жамбыл облыстық сотының 2002 жылғы 18 қарашадағы үкіміне сәйкес Оразбаев С. деген азамат кінәні ауырлататын жағдайда адам өлтіру мен заңсыз бас бостандығынан айыруды жүзеге асырғандығы үшін кінәлі болып танылды. Істі екінші инстанция сотында қараған кезде сотталғанның Чистопольская деген азаматшаның бостандығын заңсыз айыруға бағытталған әрекеттерін жасамағандығы туралы шағымдары негізді деп танылды. Шешім қабылдау барысында Жоғарғы Сот алқасы келесі жағдайларды көрсетті: ҚК 126 бабының мәні бойынша бостандықтан заңсыз айыру түсінігінде адамның өз қалауы бойынша орнын таңдауына, кеңістік пен уақытта еркін жүріп-тұруына кедергі келтіруге бағытталған әрекетін түсінуге болады. Осыған орай, кінәлі тұлға басқа адамды еркін жүріп-тұру мүмкіндігінен айырады және осыны ниет етеді. Тергеу органдары мен соттың Оразбаев Чистопольскаяны бостандығынан заңсыз айырды деген қорытындылары іс материалдарынан туындамайды және Чистопольскаяның кереғар және ауытқымалы жауаптарына негізделген болжам болып табылды. Оразбаевтың жауабынан белгілі болғандай, ол Слуцкийдың пәтерінде таң атқанға дейін болып, одан кейін кетіп қалған. Чистопольская Оразбаевтың жауаптарын дәлелдеп берді және Оразбаев Дорофеевті ұра бастаған кезде ол одан күйеуін ұрмауды өтініп, оны өзінің денесімен жауып қалғанын айтты. Оған Оразбаев арқасына бірнеше жерден пышақ салады. Оразбаевтың көрсетуі бойынша ол өз күйеуінің қасында оны Оразбаев өлтіре ме деп қорқып жатады. Оразбаев Слуцкийді өлтірген соң Чистопольская орнынан тұрып орындыққа отырады, өйткені арқасы ауырып жүре алмаған. Оразбаев диванда отырып түнгі 12 ден 3 ке дейін ұйықтаған. Азаматша да ұйқыда болған. Таңғы 6 сағат шамасында Оразбаев кетіп қалады. Кетіп бара жатып, ол әйелдің Дорофеев пен Слуцкойдың өлімі туралы полицияға хабарлауын сұрады. Аталған жағдайлар Оразбаевтың кейбір әрекеттері Чистопольскаяның әрекеттерін шектесе де, олар оны заңсыз бас бостандығынан айыруға бағытталмаған. Оразбаев Чистопольскаяның әрекеттерін шектейтін өз сөздерінде белгілі бір белсенді әрекет жасамаған: оны бөлмеде қамамаған, оны байламаған және кетіп бара жатып оны пәтерде жауып кетпеген. Мұндай жағдайларда алқа Оразбаевты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 126 бабының 2 бөлігі г) тармағы бойынша сотталу бөлігіндегі үкімін, оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс өндірісін қысқартып, жойылуға жатады деп таныды9.
Кез-келген құқыққа қайшы әрекеттің нормативтік анықтамасының қажеттілігі еркше аргументацияны талап етпейді. Тек ең маңызды деген жағдайларына тоқталып кетелік. Біріншіден, құқыққа қайшы әрекет түсінігі - бұл осы әрекеттің объективті жағының мәні болып табылады; екіншіден, құқыққа қайшы әрекеттің мәнінің нормативті-құқықтық анықтамасы тек құқық қолданушыларға ғана емес, сондай-ақ, басқа да азаматтарға да өз әрекеттерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, нақты құқыққа қайшы әрекеттің нормативтік-анықтамалық түсінігінің болуы саралау барысында құрамы жағынан ұқсас қылмыстардан ажырату кезінде, нақты құқықтық бағдар береді. Қылмыстық заңнамада адам ұрлау мен адамды заңсыз бас бостандығынан айырудың түсінігінің болмауы, ең алдымен құқық қолданушыдан қылмыстық заңнамада бар ұқсас анықтамалық сипаттамаларды талап етеді.
Ұрлау - яғни жасырын түрде алып кету, ұрлау. Сәйкесінше, адам ұрлау - бұл адамды жасырын түрде алып кету, ұрлауды білдіреді. Жасырын түрде - басқаларға көрсетпей жасырын түрде алып кету. Маңызды нақтылауды өткен ғасырда И. В Платонов жасаған. Оның пікірі бойынша жылжымайтын мүлікті ұрлап алып кетуге бомайды, өйткені ұрлап алып кету деген қозғалатын мүлікті иелену деген мағынаны білдіреді. Жылжымайтын мүлікке қатысты қылмыс құжаттарды өзгерту жолымен немесе өзге адамның иелігіндегі аумаққа баса көктеп кіру жолымен ғана мүмкін10. Сондықтан да, ұрлау яғни затты иелену, алу, біздің жағдайымызда адамды өзінің толық иелігіне алуды білдіреді. Демек, қозғалмалы зат болып табылатын адам ұрлануы мүмкін.
Бірақ, адам бір өзі өмір сүрмейді. Ол қоғамда өмір сүреді және оны қоршаған адамдардың белгілі бір міндеттерімен байланысты. Сондықтан да адам ұрлау (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) кезінде тек жалғыз ол ғана зардап шекпейді, сондай-ақ оның туыстары, оған жақын адамдар зардап шегеді. Міне, ол сол адамдардан ұрланады және сол тұлғалардан сатып алу ретінде ақша және құндылықтар талап етеді.
Адам ұрланған кезінде ең алдымен оның бостандығына нұқсан келтіріледі. Еркін жүріп-тұру құқығы, әрбір адам ерекше қастерлейтін құқықтар қатарына жатқызылады. Ол өзінің тұлғасын еркін басқаратын әрбір адамның қасиетті құқығы- жеке бас бостандығының қарапайым және анағұрлым табиғи көрінісін білдіреді. Осы жерде осы құқықтың жекелеген тұлғалар үшін де, жалпы қазақстандық қоғам үшін де маңыздылығын айту қажет пе? Тұлғаның жеке бас бостандығына қол сұғылмаушылық жалпы және мәңгі қажеттілік болып табылады.
Осы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық бекітілуінде көрініс табатын адамдардың жеке бас бостандығын заңсыз айыру мен адамды ұрлаумен күресте қылмыстық саясаттың жүзеге асуының бағыты ретіндегі құқық шығармашылық елеулі кемшіліктерге ие. Олардың бірі - ол адам ұрлаудың түсінігінің заңдық бекітілуінің болмауы болса, ал екіншісі, бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігінің заңдық бекітілуінің болмауы. Тәжірибеде осы кемшіліктердің орын алуы бас бостандығынан заңсыз айыру, адам ұрлау және адамды кепілге алу секілді қылмыстарын ажырату кезінде қиындықтар туғызады11.
Сонымен қатар, егер адам ұрлау мен бас бостандығынан заңсыз айырудың терминдерін қарастыратын болсақ онда, олар бір біріне ұқсамайды. Мысалы, әрбір заңсыз ұрланған адам - бостандығынан айырылады, бірақ әрбір бас бостандығынан заңсыз айырылған адам - ұрланбайды. Яғни, бұл жерде жеке болып заңсыз адам ұрлау, ал, жалпы болып заңсыз бас бостандығынан айыру табылатын жекенің жалпыға қатынасы туралы сөз болып отыр.
Осылайша, адам ұрлаудың бас бостандығынан заңсыз айрудан негізгі айырмашылығы ретінде жәбірленушіні ұстау орнының жасырын сипаты табылады. Жәбірленуші міндетті түрде тұрақты алыстайды және жақын туыстарына белгісіз жерге орналастырылады12.
Ұрлау барлық уақытта белсенді әрекеттердің жасалу жолымен жүзеге асырылады. бас бостандығынан заңсыз айыру тек әрекет арқылы ғана емес, сондай-ақ әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, өз еркімен қозғала алмайтын адамды мүгедектік арбасынан айыру немесе жәбірленуші оның алдын ала келісімімен бөлмеде қамалуы жағдайында бас бостандығынан заңсыз айыру, оны босату бойынша әрекеттерді жасаудан бас тартқан кезінде көрініс табуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz