Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы
Диплом (Бітіру) жұмысы
Орындаған 4 курс студенті Байзахов Бағлан Тілеубердіұлы
Ғылыми жетекші Қарагубенов Қорған Дүйсентайұлы
М. ғ. к., Доцент
Норма бақылаушы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді з. ғ. д., Профессор Исаев А. А.
Алматы 2009 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ
1. 1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі.
2 ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2. 1 ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2. 2 ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2. 3 ДАУЛЫ ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ САРАПТАМА
3 ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ТУЫНДАУ ФАКТОРЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жыныстық қылмыстардың саны жөніндегі мәліметтер, басылымдар алуан түрлі. Мәселен Батыс елдерінде мұндай қылмыстар жалпы орын алып жатқан қылмыстардың 5%, ал Еуроппа елдерінде 1%-н алып жатыр делінген. Ал Қазақстанның 1990-1998 жылдардағы жыныстық қылмыстылық таралымы жалпы тіркелген қылмыстардың 0, 8%-н ғана құрайды және де жыныстық қылымыстар Қазақстанда жалпы қылмыстардың ең аз пайызын құрайды сонымен қатар оның өсуі екі талай деп сендірген зерттеушілер.
Алайда бұл жағдайдың нақты таралымын анықтау қиын, себебі орын алып жатқан жыныстық қылмыстардың саны едәуір көп. Мысалы зорлау фактісіне қатысты сәйкестендіріп қарайтын болсақ 1:20 дан 1:100-ге дейін деп болжауға болады. Жеке сексологиялық клиникаларға қаралған жағдайлармен сол тәріздес тағайындалған сараптамалардың ара қатынасын сәйкестендіре келе яғни тіркелген/жасалған жыныстық қылмыстар педофилия жағдайында - 1:15, зорлау жағдайында - 1:60, эксгибиционизм жағдайында 1:85 орын алып жатыр.
Әлемдегі орын алып жатқан жыныстық қылмыстардың динамикасы жайлы пікірлер сан түрлі. Бірқатар зерттеушілер, осы қылмыс түрінің динамикасына, порнографияның сексуалдық мінез-құлыққа әсерінің үлесі тиеді деп ескереді. Осы сауалды зерттеуге құрылған арнайы комисия, порнографиялық басылымдардың өсуі жыныстық қылмыстардың деңгейін төмендетуге өз әсерін тигізеді, деп ескереді. Әрине, мұндай ғылыми шешімдер Үкіметтің порнографиялық басылымдарға наразылық ұстанымына өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Басқа зерттеу жұмыстарына көз жүгіртсек, мұндай порнографиялық өнімдердің көлемінің өсуі, жыныстық қылмыстардың деңгейінің төмендеуіне емес, олардың тек сипаттық өзгеруіне әкеп соғады, өз кезегінде белгілі бір жыныстық қылмыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруі ықтимал. Мысалы, порнографияның кәмелетке толмағандарды азғындыру әрекеттері санына әсерін тигізгенін ескере кеткеніміз жөн.
Зерттеулеріміздің көрсеткіштеріне қарасақ, соңғы 15 жыл ішінде педофилия әрекеттеріне қатысты жүргізілген сот-медицина сараптамаларының саны күрт өсті, сол мезетте қан араласу істеріне қатысты тағайындалған сараптамалар саны төмендеді. Әрине мұндай сараптамаларды жыныстық қылмыстардың абсолютті объективті динамикасының критериі ретінде қолдана алмаймыз, себебі жыныстық қылмыстардың көрсеткіштері мұндай сараптамалармен анықталмайды.
Кеңес дәуірінен бастап бүгінге дейін жарық көрген қылмыстық заңдардың баршасында зорлау, азғындық әрекеттер, еркек аралық қатынастар сияқты жыныстық қылмыстар үшін жаза қолдану бәріне мәлім. Ал осы зорлау деген сөзге тоқталып, түсінік беріп, ашып өтсек.
Заманауй еліміздің қылмыстық заңдарында күш қолдану, қорқыту немесе әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы әйелмен табиғи немесе азғындық түрде жыныстық қатынас жасау «зорлау» деп көрсетілген және де ол жеке адамға қарсы жасалатын ауыр қылмыстардың бірі деп саналады. Толығырақ айтсақ - жәбірленушіні соққылап, мойынынан қылғындырып, қолын байлап күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу немесе түсу зорлау деп есептеледі. Көбінесе әйелдердің осы аталған нұсқадағы жыныстық қатынастан өліп кетуі, сол процесстен алынған немесе пайда болған ауыр дене жарақаттардан туындайды. Өмірде адамның әйелді жалғыз емес топ болып зорлағандары аз кездеспейді.
Жоғарыда айтылып кеткендей әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып - зорлауға көз жүгіртіп өтсек. Бұл жерде әйедің дәрменсіздігі деп, оның организмінің индивидуалдық - физикалық ерекшеліктерін қарастырамыз, оларға жәбірленуші тұлғаның соқырлығы, саңыраулығы, аяқ-қолының болмауы, аурулығы яғни сырқаттығы, кәрілігі, психикалық аурулары кіреді.
Әрине қазіргі заманда бопсалау, кек қайтару, ақша талап ету мақсатын көздейтіндер яғни «мені зорлады» немесе «зорламақшы болды» деген жалған айыптаушылар көптен-көп кездеседі. Осы жағдайларды ескере келе құқық қорғау органдары арнайы сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасы тағайындайды.
Зорлау - заңдық ұғым болып табылады. Мұндай жағдайлардағы, сараптама жүргізгендегі сот-медицина сарапшысының міндеті осыдан алдын жасалған жыныстық қатынастарды анықтау, оның зорлап жасалғанының іздерін табу және әйел үшін қылмыстың медициналық зардаптарын - оның жүктілігін, денсаулығының бұзылуын, венера ауруының жұғуын бағалау.
Дипломдық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі жыныстық қылмыстарға тағайындалған сот-медицина сараптамасы қызметіне байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі - аталған жұмыстың объектісі болып жыныстық қылмыстарға тағайындалған сот-медицина сараптамасының белгілі бір қылмыстық істі шешудегі маңызы, сот-медицина қызметкері мен жәбірленушінің немесе күдікті (сезікті) тұлғаның арасындағы қызметтік және құқықтық қатынастар танылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері - елімізде орын алып жатқан жыныстық қылмыстардың алдын алу, болдыртпау шаралары және оларды ашу жолында дұрыс және оңтайлы сараптама жүргізу, статистикаға сүйене отырып сот-медицина сараптамасының құқықтық жағдайының заңмен реттелу тәжірибесін талдап қорыту, ғылыми зерттеу жүргізу, теориялық және практикалық тұжырымдарды негіздей келе жыныстық қылмыстарды ашу жолдарына ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін - Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық заңдары, отбасы қатынастары аясындағы заң актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің қаулылары құрайды.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізін - жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, медициналық, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Теориялық негізін Қазақстандық, Ресейлік, Польшалық тағы басқа ғалым-заңгерлердің, медицина саласын жетік меңгерген ғалымдардың сот-медицина сараптамасы аясындағы ғылыми еңбектер мен тұжырымдар, статистикалық деректер мен нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімінен тұрады.
1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ
1. 1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың ғылыми-техникалық басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты. Ерте заманнан бері заңгер қылмысты дәлелдеуге объективті деректер табу жолында біраз ізденістер жүргізген. Тергеу әрекеттерінің көбін жүргізу арқылы алынған деректі дәлелдемелерде белгілі бір субъективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы жауап алу, тану үшін көрсету, тағы басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуде алынған дәлелдемелерде кейбір субъективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы мүмкін. Осы тұрғыдан объективті қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді арнайы зерттеу, сараптауда ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану арқылы алуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы - істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану арқылы алуға болады.
Тергеу кезінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі - тергеуәрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнайы білімі бар маманды қатыстыру да, екіншісі - сот сараптамасын тағайындау. Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді қарауға, тергеу экспериментін жүргізуге, т. б қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнаулы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлайды, оның тұжырымды қорытындысы тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс бойынша сараптама тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман-сарапшы өз мамандығына байланысты сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт (қорытынды) жазып береді. Тергеу және сот үстінде арнаулы білім қолданудың екінші түрі - сараптама тағайындау.
Сараптама деген термин латын тіліндегі «expertus», яғни білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды, Сондықтан істің кейбір мән-жайларын анықтау үшін арнаулы білім қолданып, зерттеу тәжірибелерін жүргізу керек болса сот сараптамасы тағайындалды.
Кейбір заң әдебиетінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылық деген сөз қолданылып жүр. Сарапшылық деген бұл тергеу әрекетінің мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай экспертизаның мақсаты сараптау емес, арнаулы білім, арнайы әдіс, құрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу. Міне, осыған байланысты сараптама жүргізу процессін эксперттік зерттеу деп атайды. Осындай зерттеу үстінде кейбір объектілерді, заттарды, т. б. жіктеп іріктеп сараптауға да тура келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айтқандай, сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемлекеттерде тергеу үстінде осындай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизасы деп атайды. Сондықтан сот экспертизасы деген термин халықаралық деңгейде толық қалыптасқан термин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқытатын арнайы сот экспертологиясы дейтін ілім бар.
Жоғарыда көрсеткендей арнаулы білім қолдану керек жағдайда сот-сараптамасы тағайындалады. Қай саладағы арнаулы білімді қолдану керектігін, қандай сот-сараптамасын тағайындау керек екендігін тергеуші, сот, прокурор шешеді. Осыған байланысты сараптаманы керек жағдайда тағайындау - ол арнаулы білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс анықтауға байланысты. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге бір тұжырымға келе қойған жоқ. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнаулы білімнің өзара ерекшелігі субъективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ, осыған пікірлес басқа да ғалымдардың арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды. Біздің ойымызша «арнаулы білім» деген ұғым ғылым мен техника саласында мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан «арнаулы білім», дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай-ақ арнайы кәсіби білім алу арқылы аонаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының аясында қарауды дұрыс деп санаймыз.
Демек, арнаулы білім ұғымы ретінде ғылым мен техниканың белгілі бір саласында мәселе шешуге қолайлы жағдай жасайтындай арнайы кәсіби дағдысы нәтижесінде қалыптасқан білімдер жиынтығын түсіну қажет. Бұл орайда арнаулы білім қатарына құқықтану ғылымы да, ал бұл білімнің иесіне арнулы құқықытық білім алған маман, заңгер де жатады. Бірақ құқықтық мәселелерді шешерде сараптама тағайындалмайды. Өйткені құқықтық және қылмыстық іс жүргізуде, сондай-ақ тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді арнаулы білімі бар тергеушінің өзі шеше алады. Алайда, сараптамалық криминалистикалық зерттеулер жүргізуді талап ететін мәселелерді шешу заңгердің өкілеттілігіне жатпайды. Тек жоғары білімге қоса арнайы дайындықтан өткен криминалистикалық сараптамалық зерттеу өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зерттеулерді жүргізе алады. Кейде тергеушінің сарапшылық әзірлігі болуы, бұрын сарапшы-криминалист қызметін атқаруы да мүмкін. Мұндай жағдайда, соған қарамастан, тергеуші арнаулы криминалистикалық мәселелерді өз еркімен шеше алмайды, өйткені бір адам әрі сарапшы-криминалистикалық өкілеттікті, әрі тергеушілік өкілеттікті қатар атқаруына рұқсат етілмейді. Сараптама - қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің (соттың) тапсырмасымен заттай дәлелдемелерді және материалдарды зерттеуге сарапшы (арнаулы білім иесі) қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті. Сарапшы бейнесі тиісті арнаулы білімнің көмегімен алдын ала және сот тергеуінде зерттеліп, анықталатын ерекше фактілерді ( істің жағдайын) қалыптастырады, тергеушінің (соттың) көз алдына әкеледі. Әр сот сараптамасының өзіндік ерекше зерттеу сипаты болады. Айталық, сарапшы-криминалист, көп жағдайда, адамды, малды, қылмыс жасалған қару мен құралды оның сыртқы түрі бойынша бейнелейді.
Сараптамалық бейне мен объектінің өзіндік ерекшелігі оның, яғни зерттеудің құрал-жабдықтары мен олардың қолданылуының, жаратылыстану ғылымы мен техника ғылымының өзара үйлесмділігінің өзіндік әдістемесін талап етеді. Аталған әдістер мен құралдар, әдетте, зерттелетін объектінің сипаты мен зерттеу мақсатына орай қолданылады. Сот сараптамасы әр-түрлі негіздеріне қарай жіктеледі және жіктелу деңгейі де әр түрлі болады. Объекті мен бейненің өзіндіксипатына байланысты пайдаланылатын білім: криминалистикалық, сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-психологиялық, сот-фармацевтік және фармакологиялық, сот-биологиялық, сот-мал дәрігерлік, химиялық, физика-техникалық, техникалық және технологиялық, тауартанушылық және тамақ өнімдері, бухгалтерлік, экономикалық, экологиялық және басқа бірнеше түрлерге бөлінеді.
2 ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ
САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ЖҮРГІЗІУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2. 1 Әйел жынысты тұлғалардың жыныстық жағдайларының сот-медициналық сараптамасы
1. Жалпы қағидалар
1. 1. Сот-медициналық сараптамасын Қазақстан заңнамаларына сәйкес жалпы негізге сай даярлығы бар сот-медициналық сарапшы дәрігер жүргізеді.
Егер сараптаманы жүргізу үшін басқа арнаулы медициналық білім қажет болса, онда оны басқа мамандардың қатысуымен комиссия түрінде өткізеді.
1. 2. Егер жынысты әйел тұлғаның сараптамасын медициналық сарапшы дәрігердің жалғыз өзі жүргізсе, оған сарапшымен бірге жұмыс істейтін штаттық орта медицина қызметкері, болмаған жағдайда қандай да болса басқа орта медицина қазметкері қатысады.
1. 3. Жынысты әйел тұлғаның сот-медициналық сараптамасын жарық, жылы, арнайы жабдықталған жайда, әдетте табиғи жарықта өткізеді (шұғыл жағдайларда сараптаманы жақсы жарықтандырған жасанды жарықта да өткізуге болады) . Сараптаманы өткізуге қажетті жағдай болмаған кездерде, оны денсаулық сақтау ұйымының мекемелерінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінде өткізеді.
1. 4. Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін тексеруді гинекологиялық орындықта өткізеді.
1. 5. Сот-медициналық акушер-гинекологиялық сараптаманы өткізгенде мынандай медициналық құралдар мен жабдықтарды, материалдарды қолданады: бой өлшегіші, медициналық таразыны, жұмсақ немесе қатты металлды өлшегіш таспаны, жамбас өлшегіші, акушерлік стетоскопты, Симса және Куско айналарын, хирургиялық және анатомиялық қысқаштарды, шыны таяқшаларды, түймелі сүңгіні, майсыздандырылған заттық және жапқыш шыныларды, операциялық немесе стереоскопиялық микроскопты, кольпоскопты, ультракүлгін немесе инфрақызыл жарықты, резеңке қолғаптарды, залалсыздандырылған тығыны бар шыныларды, залалсыздандырылған сүркіштерді.
Ішкі жыныс мүшелерін зерттеуге және зертханалық тексеруге материалдар алу үшін залалсыздандырылған медициналық құралдарды қолданады.
Тексеру жүргізіліп біткеннен кейін барлық медициналық құралдарды жұқпасыздандырады, залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізеді, содан кейін залалсыздандырады. Басқа медициналық бұйымдар жұқпасыздандыруға жатады.
1. 6. Сот-медициналық сарапшы берілген жеке куәлігімен, төлқұжатымен немесе басқа да құжаттармен жәбірленушінің жеке тұлғасын анықтайды, егер кәмелетке толмаған болса, оны сараптаманы тағайындаған адам куәландырады.
1. 7. Сараптама жүргізу барысында зертханалық тексеру үшін материалды сот-медициналық сарапшы дәрігер алады ) қынап ішіндегісін, жатыр мойнының сыртқы өзегінен, емшек бездерінен және т. б. бөлінген шығарылымдарды) . Алынған материалдарды сот-медициналық сараптама бөлімдеріне сәйкес, мөрленген күйінде, ілеспе құжатпен, сот-медицмналық сарапшы дәрігер қол қойып жібереді. Құжатта жәбірленушінің атын, тегін, әкесінің атын, жасын; тексеруге жіберілген күйінде материалдың тізімі мен алынған уақытын, қандай себеппен сараптаманың тағайындалғанын; сот-медициналық сарапшы дәрігердің атын, тегін, әкесінің атын көрсетеді.
1. 8. Егер қаулыда жәбірленушінің ВИЧ жұқпасымен, сол сияқты жұқпалы жыныстық аурулармен, трихомонадпен және хламидиозамен жұқтырылмағанын анықтау туралы сұрақ туса, онда оны арнаулы денсаулық сақтау мекемелеріне жібереді. Тексеру қорытындылары жазба күйінде сараптама жүргізуші сот-медициналық дәрігерге хабарлау керек және оны сарапшының Қорытындысына енгізеді.
1. 9. Оқиға кезінде жәбірленуші мен күдіктінің үстіндегі киім заттар, сараптама кезінде тексеруге алынбаса, сот-медициналық сарапшы ол жөнінде сараптаманы тағайындаған адамға немесе органға міндетті түрде хабарлап, киімдердің зертханалық тексеруге қажеттілігін және сол киімдерді тазартуға немесе жууға болмайтындығын ескертеді.
1. 10. Жыныстық жағдайының сот-медициналық сараптамалық нәтижелерін құжаттағанда мыналарды келтіреді: медициналық құжаттардың деректерін және олардың уақыты мен ретсандарын ( Бұл дағдайда егер жәбірленуші сараптама жүргізуге денсаулық сақтау мекемелеріне барып қаралса), жәбірленушінің шағымдары, арнайы анамнезінде қойлған қойлған сұрақтарды шешумен қатар мыналар көрсетілуі керек: етеккірдің басталуы, сипаты және етеккірдің бірінші күнінің уақыты, жыныстық қатынастың басталуы және барысы туралы деректер, өз еркімен соңғы жыныстық қатынаста болу уақыты, жүктілік (саны, барысы), түсіктер, тууы (саны, барысы), туудан кейінгі аурулар, шығарылымдардың сипаттары, жасалынған операциялар мен аурулар (мерез, туберкулез, эндокриндық және т. б. аурулар) ; жыныстық дамудың ерекшеліктері туралы мәліметтер (жыныстық қатынасқа елігуі, онанизммен айлалысуы) .
1. 11. «Сараптама қорытындысының» зертте бөлімінде сараптаманы жүргіздің мақсатын байланыста жәбірленушіні тексерудің нәтижелерін келтіреді:
- дененің дамуын, дене бітімін, толықтығын, бойын, жамбас өлшемдерін және т. б. ;
- денесіндегі жарақаттар: бары, орны, мөлшері, түсі, түрі мен сипатттамасы (сызаттар, жаралар, қанды ісіктер және т. б. ) қол-аяқтың, арқаның, буындардың үстін, беттің, мойынның, емшек бездерінің сыртқы жыныс мүшелерінің санның ішкі беттерінің аумақтарындағы зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді;
- екіншілік жыныстық белгілердің айқындылығы: қолтық асты ойығында, қасаға мен жыныстық үлкен еріндердегі шаштардың өсу сипаты мен дәрежелері; емшек бездерінің даму дәрежелері (тік және көлденең өлшемдері) ; олардың пішіні мен серпімділігі, емізіктер мен емізіктер айналасындағы шеңбңрлердің диаметрлері мен түстері, олардың пішіні мен биіктігі, емшек бездерінен бөлінетін шығарылымдардың бары немесе жоқтығы;
- сыртқы жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері: үлкен және кіші жыныстық еріндердің күйі, шырышты қабықтарының түсі, шүртекей мен несеп шығаратын өзектің күйі, шығарылымдардың бары және сипаты, қабыну үрдістерінің бары мен жоғы;
- қыздық перденің сипаты: пішіні, биіктігі (негізінен бос шетіне дейін), қалыңдығы (жұқа, қалыңдығы орташы, бұлшық еттілігі), тығыздығы (скрпімділік, тығыздық) ; созылғыштық дәрежесі, (әлсіз, біркелкі, едәуір) ; бос жиектердің сипаты мен күйі (жұқа, қалың, тегіс, бірдей, тісті, ұсақ бұйратылығын және т. б. ) ; табиғи тесіктердің өлшемдері (диаметрі), егер бірнеше тесіктер болса: олардың саны және перделердің сипаттары, табиғи оймалардың бары және орындары, жиектерінің күйі мен оймалардың шекаралары (пішіні, тығыздығы), қыздық перденің зақымдарының бары, орны, пішіні (сағат тілі қозғалысының бағыты бойынша) және олардан қан ағу дәрежесі; сұқ саусақтың ұшын енгізгенде жиырылу сақинасының бары және айқындылығы;
- артқы өтіс тесігі мен тік ішектің күйі ( егер қажет болған жағдайда) ; артқы өтіс тесігін тексеріп қарағанда оның пішінін, тік ішектің шырышты қабығының тесігі мен жарақаттың барын тексеріп анықтау ( қан құйылуын, жарылғанын, сызаттарын, жараларын), олардың орындарыншеңбер бойынша суреттеп жазады (сағат тілі қозғалысының бағыты бойынша), проктологиялық тәжірибеде қолданылатын аспаптардың көмегімен немесе сұқ саусақты вазелинмен майлап, қысқыштардың сипатын, мөлшерін, пішінін, тонусын анықтау үшін тік ішекке енгізеді. Егер тік ішектің көзге түспейтін деңгейінде зақымдардың барына күманданған жағдайда жәбірленушіні ректоскопиялық зерттеуге жібереді.
1. 12. Зертханалық тексеруге материалды алғанда сот-медициналық дәріге оны дәл қай жерден, қайда және қандай мақсатты алып, жолдағанын көрсетеді.
1. 13. Сарапшының қорытындысын қойылған сұрақтарды ескере отырып және жүргізілген зертханалық тексерулердің нәтижелерінің негізінде тұжырым жасалынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz