Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
I . Ғаламдану үрдісінің теориялық.әдістемелік негіздері
Әлемдік экономикадағы ғаламдану үрдісі, мәні, негізгі белгілері және алғышарттары
Экономикалық ғаламдану және әлемдік шаруашылық тәртіптің өзгерісі
ТҰК ғаламдану үрдістерінің басты қозғаушы күші ретінде
Ғаламдану үрдісінің салдарлары: әлеуетті мәселелері және қауіптері
II. Әлемдік экономикадағы ғаламдық мәселелерді талдау
Қаржы нарықтарының ғаламдануы және ақпараттық технологиялар
Азық.түлік мәселесіне ғаламдық көзқарас
Ғаламдық экологиялық дағдарыстың аспектілері
III. Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік.экономикалық даму мәселелері
Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның ұлттық басымдықтары
Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы: бағыттары және факторлары
Қазақстанның ӘСҰ.на қосылуының өзекті мәселелері
Ғаламдық даму аясындағы ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтары

XXғ-ң екінші жартысындағы әлемдік шаруашылықтың эволюциясы жеке елдердің, әсіресе өнеркәсіптік дамыған елдердің экономикасының қарқынды дамуымен байланысты. Оның дамуының негізгі тенденциясы шаруашылық өмірдің интернационалдануы болды. Капитал, тауарлар мен адамдардың алып ағындарының бүкіл әлем бойынша қозғалысы және ақпаратпен қарқынды алмасу процесстері «ғаламдану» терминіне ие болды.
Тарихи көзқарас бойынша шаруашылықтың интернационалдану процесстері (ғаламдану) айырбас сферасынан бастау алады.
Ғаламдық үрдістердің түп-тамыры тарих тереңіне кетсе де, дегенмен ғаламдану—XXғ. феномені. Бұл көзқарасқа сәйкес өткен жүзжылдықты ғаламдану ғасыры деп анықтауға болады. Өткен ғасырдың идеялық-саяси нәтижелері қысқаша мынадай: адам құқықтары ең маңызды орында, демократия тираниядан күштірек, рынок әміршіл-әкімшіл экономикадан тиімдірек, ашықтылық өзін-өзі изоляциядан жақсы. Құндылықтар мен ұстанымдардың бұл жүйесін тарихи құрушы және белсенді таратушы Батыс болғанымен, бүгінгі әлемде бұл жүйе кең таралып, қолдауға ие болды.
Бүгінгі адамзатқа тән, көзқарастар мен әдіс-тәсілдердің жақындасуы қоғамдық тәжірибеде көрініс табады. «Социалистік лагердің» күйреуінен кейін рыноктық экономика, саяси демократия, идеялық плюрализм, ашық қоғам алға жылжудағы маңызды бағыттарға айналды. Тарихта бірінші рет Жер тұрғындарының басым бөлігі өмірлік құрылымның негізгі принциптерінің жалпы түсінігін шығаруда. Бұл—ғаламданудың идеялық фундаменті.
Жүз және екі жүз жыл бұрын сияқты ғасырдың соңы жаңа ғылыми-техникалық төңкеріске әкеледі. Интеллект, білім, технологиялар маңызды экономикалық активтерге айналуда. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін, алдыңғы қатарлы елдерде ЖІӨ-ң жартысынан көбі интеллектуалды сыйымды өндірісте жасалады.
Компьютердің телекоммуникациялық торабтармен қосылуы адамзатқа зор болашақ береді. XXғ.-ң басында қол жеткізген әлемнің коммуникациялық бірлестігі сапалық жаңа мазмұнға ие болуда: ақпараттың үлкен көлемін тарату жылдамдығы адамдар мен тауарлардың қозғалу мүмкіндіктерінен айтарлықтай асып түседі. Ғаламдық ақпараттық кеңістік құрылуда.
Ақпараттық революция адамдардың және қоғамның өмірін түбегейлі өзгертеді. Ол уақыт пен кеңістікті қысқартады, шекараларды ашады, жер шарының кез келген нүктесінде байланыс орнатады, қызмет түрлерінің мазмұнын өзгертеді. Ол индивидтерді әлем азаматтарына айналдырады.
Ғаламдық үрдістердің бейнелеуінде ұқсастықтар аз болмағанымен, олар түрліше бағаланып, түсініледі. Дегенмен, осы мәселеге байланысты көптеген еңбектердегі ғаламданудың ең маңызды сипаттамасы: сөз болып отырған адам өмірінің жаңа сапасы ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың бұрынғы шектеріне бұдан әрі сыймайды. Әркім бұл фундаменталды ілгерілеуді әрқалай сипаттайды. Біреулер—ақпараттық революцияның адамзат алдында ашатын шексіз мүмкіндіктері мен перспективалары ретінде, басқалар—либералды демократия принциптерінің тарихи жеңісі ретінде, үшіншілері—нақтылықтың виртуализациялануы ретінде, төртіншілері—ең жаңа технологиялардың негізінде неоколониалды империялардың құрылу қаупі ретінде. Осы көзқарастардың әрқайсысында шындықтың үлесі бар; бірге, олар біздің ғаламдану түсінігімізді байытады.
Ғаламдану—ғаламдық адамзат қоғамдастығының құрылу процесі.
Ғаламдану мәнін іздеу негізінде мына мәселе жатыр: ол өзінің тарихи предшественнигі, әлемнің түрлі елдері мен аймақтарының, түрлі деңгейлі шаруашылық субъектілердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің бірте-бірте өсуінен байқалатын—интернационалданумен қалай қатынасады. Ал ғаламдану—интернационалданудың ең жоғарғы кезеңі.
Көбіне ғаламдану, ғаламдық экономиканың құрылуымен теңестіріледі. Шын мәнінде өзгерістер әлеуметтік сфера, саяси өмір мен мәдениет саласында да байқалады.

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006, 2007ж.
2. «Қазақстан—2030» даму Стратегиясы, 1997ж.
3. www. kisi. kz. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Евразия ұлттық университетінің студенттеріне «Білім экономикасына инновация және білім арқылы жету» атты лекциясы.
4. www. vkgu. kz. «Қазақстан және ХСҰ»
5. Ғаламдану жағдайындағы ұлттық экономиканың теоретико-методологиялық аспектілері / Я.А.Аубакиров / «Ұлттық экономика ғаламдық даму векторында»: ғыл.-тәж.конф материалдары, желтоқсан, 2005ж, Алматы.
6. Ғаламдану жағдайларындағы ұлттық экономика /Я.А.Аубакиров/, Алматы, 2005ж.
7. Қазақстанның ұлттық мүдделері мен ғаламдану/Жатқанбаев.Е.Б, Байзакова К. И.,/ Алматы, 2004ж
8. Ұлттық экономиканың ғаламдану жағдайларындағы мәселелері мен перспективалары/Я.А.Аубакиров, М.С. Төлегенова/АльПари, 2005ж, №4.
9. Жаңа ғаламдық экономикадағы теңсіздіктің күшеюі/ Н.Бердсолл / Вопросы экономики, 2006ж.
10. Ғаламдық контекстегі экология мен экономика/И.Валлерстайн/, Вопросы экономики, 2006ж, №11
11. Ғаламданудың әлеуметтік- экономикалық дамуға әсері /К.Мухтарова/, Транзитная экономика, 2003, №4
12. Ғаламдану мен Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері/ М.Кенжегузин/, Мысль, 2005ж, №1.
13. www.akorda.kz
14. Ғаламдану тәуекелі: экономикалық теориядағы негізгі түсініктері мен мәні/ А.Медеу/, Саясат, 2004ж.
15. Мемлекет дамуының бүгінгі кезеңіндегі қаржылық ғаламдану/ Б.Аймурзина/, Финансы Казахстана, 2005, №6
16. Ғаламдану мәселелері және ҚР-ғы тұрақты дамуы/А.Б. Айтбембетова/, Ұлттық қайта өндіру теориясының актуальды мәселелері: Республикалық ғылыми-тәж. конф. материалдары, Алматы, 2002
17. Ғаламдық шаруашылық: болжамдар мен бүгінгі күн./К.Айтекенов/, Каз.правда, 2004
18. Ғаламдану: объективті логика мен жаңа көзқарастар/А.Арыстанбекова/, Международ.жизнь, 2004, №4
19. Әлемдік экономиканың ғаламдануы мен оның дамуының бүгінгі тенденциялары/Ж.Я.Аубакирова/ Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау мәселелері, халықар.ғылыми конференция материалдары, Алматы, 2001
20. Қазақстан экономикасының ғаламдану және интернационалдану жағдайларындағы трансформациясы/ Ж.Я.Аубакирова/, Вестник КазГУ, 2000, №5
21. Қазақстан ғаламдық бәсекеден қаша алмайды/М.Ашимбаев/, Каз правда, 2004
22. Ғаламдық әлемдегі тәуелсіз Қазақстан, /М.Ашимбаев/ Мегаполис, 2004
23. Ғаламдануға түрлі көзқарас/Е.Бралина/, Свободная мысль, 2000, №10
24. Ғаламдану мен мемлекеттің ақпараттық интеграциясы/А.Бралиев/, Экономика және статистика, 2004, №5
25. Әлемдік экономиканың ғаламдануы : мәселелері мен салдарлары/И.Т.Владимирова /Менеджмент в России и зарубежом/, 2001, №1
26. Интернационалдық және ғаламдық үрдістердің Қазақстанға әсері /З.С.Гаипов/, Қазақстанның инд.-инновациялық дамуының ғылыми әдістемелік мәселелері, конф. материалдары, Алматы, 2005.

Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі
ретінде.
Экономиканың ғаламдануы интернационалданудың жаңа кезеңі ретінде.
I . Ғаламдану үрдісінің теориялық-әдістемелік негіздері
Әлемдік экономикадағы ғаламдану үрдісі, мәні, негізгі белгілері және
алғышарттары
Экономикалық ғаламдану және әлемдік шаруашылық тәртіптің өзгерісі
ТҰК ғаламдану үрдістерінің басты қозғаушы күші ретінде
Ғаламдану үрдісінің салдарлары: әлеуетті мәселелері және қауіптері
I. Әлемдік экономикадағы ғаламдық мәселелерді талдау
Қаржы нарықтарының ғаламдануы және ақпараттық технологиялар
Азық-түлік мәселесіне ғаламдық көзқарас
Ғаламдық экологиялық дағдарыстың аспектілері
II. Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелері
Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның ұлттық басымдықтары
Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы:
бағыттары және факторлары
Қазақстанның ӘСҰ-на қосылуының өзекті мәселелері
Ғаламдық даму аясындағы ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтары
Кіріспе
XXғ-ң екінші жартысындағы әлемдік шаруашылықтың эволюциясы жеке
елдердің, әсіресе өнеркәсіптік дамыған елдердің экономикасының қарқынды
дамуымен байланысты. Оның дамуының негізгі тенденциясы шаруашылық өмірдің
интернационалдануы болды. Капитал, тауарлар мен адамдардың алып ағындарының
бүкіл әлем бойынша қозғалысы және ақпаратпен қарқынды алмасу процесстері
ғаламдану терминіне ие болды.
Тарихи көзқарас бойынша шаруашылықтың интернационалдану процесстері
(ғаламдану) айырбас сферасынан бастау алады.
Ғаламдық үрдістердің түп-тамыры тарих тереңіне кетсе де, дегенмен
ғаламдану—XXғ. феномені. Бұл көзқарасқа сәйкес өткен жүзжылдықты ғаламдану
ғасыры деп анықтауға болады. Өткен ғасырдың идеялық-саяси нәтижелері
қысқаша мынадай: адам құқықтары ең маңызды орында, демократия тираниядан
күштірек, рынок әміршіл-әкімшіл экономикадан тиімдірек, ашықтылық өзін-өзі
изоляциядан жақсы. Құндылықтар мен ұстанымдардың бұл жүйесін тарихи құрушы
және белсенді таратушы Батыс болғанымен, бүгінгі әлемде бұл жүйе кең
таралып, қолдауға ие болды.
Бүгінгі адамзатқа тән, көзқарастар мен әдіс-тәсілдердің жақындасуы
қоғамдық тәжірибеде көрініс табады. Социалистік лагердің күйреуінен кейін
рыноктық экономика, саяси демократия, идеялық плюрализм, ашық қоғам алға
жылжудағы маңызды бағыттарға айналды. Тарихта бірінші рет Жер тұрғындарының
басым бөлігі өмірлік құрылымның негізгі принциптерінің жалпы түсінігін
шығаруда. Бұл—ғаламданудың идеялық фундаменті.
Жүз және екі жүз жыл бұрын сияқты ғасырдың соңы жаңа ғылыми-техникалық
төңкеріске әкеледі. Интеллект, білім, технологиялар маңызды экономикалық
активтерге айналуда. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін,
алдыңғы қатарлы елдерде ЖІӨ-ң жартысынан көбі интеллектуалды сыйымды
өндірісте жасалады.
Компьютердің телекоммуникациялық торабтармен қосылуы адамзатқа зор
болашақ береді. XXғ.-ң басында қол жеткізген әлемнің коммуникациялық
бірлестігі сапалық жаңа мазмұнға ие болуда: ақпараттың үлкен көлемін тарату
жылдамдығы адамдар мен тауарлардың қозғалу мүмкіндіктерінен айтарлықтай
асып түседі. Ғаламдық ақпараттық кеңістік құрылуда.
Ақпараттық революция адамдардың және қоғамның өмірін түбегейлі
өзгертеді. Ол уақыт пен кеңістікті қысқартады, шекараларды ашады, жер
шарының кез келген нүктесінде байланыс орнатады, қызмет түрлерінің мазмұнын
өзгертеді. Ол индивидтерді әлем азаматтарына айналдырады.
Ғаламдық үрдістердің бейнелеуінде ұқсастықтар аз болмағанымен, олар
түрліше бағаланып, түсініледі. Дегенмен, осы мәселеге байланысты көптеген
еңбектердегі ғаламданудың ең маңызды сипаттамасы: сөз болып отырған адам
өмірінің жаңа сапасы ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың бұрынғы шектеріне
бұдан әрі сыймайды. Әркім бұл фундаменталды ілгерілеуді әрқалай сипаттайды.
Біреулер—ақпараттық революцияның адамзат алдында ашатын шексіз
мүмкіндіктері мен перспективалары ретінде, басқалар—либералды демократия
принциптерінің тарихи жеңісі ретінде, үшіншілері—нақтылықтың
виртуализациялануы ретінде, төртіншілері—ең жаңа технологиялардың негізінде
неоколониалды империялардың құрылу қаупі ретінде. Осы көзқарастардың
әрқайсысында шындықтың үлесі бар; бірге, олар біздің ғаламдану
түсінігімізді байытады.
Ғаламдану—ғаламдық адамзат қоғамдастығының құрылу процесі.
Ғаламдану мәнін іздеу негізінде мына мәселе жатыр: ол өзінің тарихи
предшественнигі, әлемнің түрлі елдері мен аймақтарының, түрлі деңгейлі
шаруашылық субъектілердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің бірте-
бірте өсуінен байқалатын—интернационалданумен қалай қатынасады. Ал
ғаламдану—интернационалданудың ең жоғарғы кезеңі.
Көбіне ғаламдану, ғаламдық экономиканың құрылуымен теңестіріледі. Шын
мәнінде өзгерістер әлеуметтік сфера, саяси өмір мен мәдениет саласында да
байқалады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау және қорытындыдан тұрады. Бірінші
тарау ғаламдану үрдісінің жекелеген жақтарын концептуалды түрде зерттеуге
арналған. Екінші тарауда осы үрдістің әсерінен шиеленісе түсетін ғаламдық
мәселелер талданды. Соңғы, үшінші тарау Қазақстанның ғаламдану
үрдістеріндегі алатын орнына қатысты.
Бұл жұмыстың мақсаты ғаламдану құбылысын зерттеу мен оның Қазақстан
экономикасына әсерін бағалау. Көп адамдардың ғаламданудың жағымды жақтарына
сенбейтіндігі мәлім. Сондықтан мен бұл құбылыстың жағымды және жағымсыз
жақтарын ерекше қарастырдым.

1. Әлемдік экономикадағы ғаламдану үрдісі, мәні, негізгі
белгілері және алғышарттары
XX—XXIғ. аралығында ғаламдану ұғымы халықаралық саяси пікір-
таластардың міндетті элементіне айналды. Ғаламдану күннен күнге жаңа
қатысушылар мен қызмет сфераларын қамтып, тартуда бұл үрдіске қарсы күштер
де күннен күнге күшеюде.
Ғаламдану құбылысының негіздерін қарастыра отырып, бүгінгі
ғаламданудың кейбір белгілері өте ертеде көрінгенін атап өту жөн. Үрдістің
түп-тамыры колониялы империялардың құрылуы халықаралық экономикалық
қатынастардың алғашқы негіздерін қалаған кезден басталады. Алайда,
ғаламдану негізінде жатқан бүгінгі халықаралық экономикалық қатынастар сол
дәуірдегі қатынастардан мүлде өзгеше.
Колониализм дәуірінде қатынастар көбіне метрополиялар мен колониялар
арасында құрылды. Іс жүзінде бұл қатынастар метрополияларда өндірілген
дайын тауарлар мен бұйымдарды шикізат пен басқа да колониалды тауарларға
айырбасты ғана қамтыды. Ал бүгінгі жүйенің негіздері ең алдымен дамыған
елдер арасындағы тауарлы-экономикалық қатынастарда қаланады, яғни
метрополиялардың өздерінің арасында. Бұл қатынастар соңғы өте күрделі өнім
мен озық технологиялармен айырбасты білдіреді. Бұндай қатынастар түрлі
дамыған елдер мен аймақтардың тарихи қалыптасқан әртүрлі салалық
мамандануынан туындайды. Мысалы, АҚШ-ын жапондық электрондық өнеркәсіп
өнімдері қызықтырса, Жапонияны АҚШ-да жасалынған энергетикалық құрал-жабдық
қызықтырады .
Ең алдымен ғаламдану, шаруашылық өмірді интернационалдау,
халықаралық экономикалық қауымдастық, халықаралық экономикалық
интеграция ұғымдарының арасындағы ара-қатынасты анықтау керек.
Өндірістің халықаралық кооперациялануы, халықаралық еңбек бөлінісі,
сыртқы сауда мен тұтастай халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы
нәтижесінде ұлттық экономикалардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
күшейіп, сыртқы фактордың есебінсіз олардың тұрақты дамуы мүмкін емес
болады. Бұл құбылыс шаруашылық өмірдің интернационалдануы деп аталады. Бұл
ұғымға мынадай жалпы анықтама беруге болады:
Шаруашылық өмірдің интернационалдануы—жеке елдердің экономикаларының
өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің күшеюі, халықаралық экономикалық
қатынастардың ұлттық экономикаларға әсері, елдердің әлемдік шаруашылыққа
қатынасуы.
Экономиканың интернационалдануы өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті.
Бастапқыда ол халықаралық экономикалық қауымдастықты білдірді: ең алдымен
айналыс сферасын қамтып, халықаралық сауданың пайда болуымен байланысты
болды (XVIIIғ аяғы—XXғ басы). XIXғ аяғында халықаралық капитал қозғалысы
күш ала бастады.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық елдер мен халықтар арасында
тұрақты шаруашылық байланыстардың дамуын, қайта өндіру процесінің ұлттық
шекарадан шығуын білдіреді.
Келесі кезең халықаралық еңбек бөлінісі, капиталдың
интернационалдануы, ғылыми-техникалық прогресстің ғаламдық сипаты мен
ұлттық экономикалардың ашықтылық деңгейінің көтерілуі мен сауда
еркіндігінің нәтижесінде қалыптасқан халықаралық экономикалық интеграция
болды. Интеграция латын тілінен аударғанда (integratio) жеке бөліктердің
біреуге бірігуін білдіреді.
Халықаралық экономикалық интеграция—ұлттық экономикалардың жақындасуы
мен өзара бейімделуі, олардың интернационалдық масштабтардағы тұтас қайта
өндірістік процеске кіруі.
Халықаралық экономикалық интеграцияны жекелей ұлттық шаруашылықтар
арасындағы еңбек бөлінісі, олардың экономикаларының түрлі деңгейлерде,
түрлі формаларда терең де тұрақты өзара байланыстарды дамыту жолымен өзара
әрекеттесуі негізіндегі елдердің шаруашылық бірігу процесі ретінде
сипаттауға болады.
Халықаралық экономикалық интеграция--әлемдік экономика дамуының
жоғарғы, тиімді және перспективті баспалдағы, шаруашылық байланыстарды
интернационалдаудың сапалы жаңа және күрделі кезеңі. Бұл деңгейде ұлттық
экономикалардың жақындасуы ғана емес, экономикалық мәселелерді бірлесіп
шешу қамтамасыз етіледі. Демек, экономикалық интеграцияны шаруашылық
механизмдердің жақындасуына алып келетін, мемлекетаралық келісімдерге
айналып, мемлекетаралық органдармен ақылдасып реттелетін елдердің өзара
экономикалық әрекеттесу процесі ретінде түсіндіруге болады. Экономикалық
интеграция орын алады:
• түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық;
• елдер арасындағы тауарлар, қызметтер, жұмыс күшінің қозғалуындағы
тосқауылдарды жоюда;
• жалғыз, жалпы рынок құру мақсатында жеке елдердің рыноктарының
жақындасуында;
• түрлі мемлекеттерге қатысты экономикалық субъектілердің арасындағы
айырмашылықтардың жойылуы;
• әрбір ұлттық экономикада шетелдік серіктестерді дискриминациялаудың
жойылуында.
Экономикалық интеграция үрдістері екіжақтық, аймақтық және ғаламдық
негізде жүріп жатыр. Бүгінгі күнгі интеграциялық бірлестіктердің сипатты
ерекшелігіне, олардың аймақтық деңгейдегі дамуын жатқызуға болады: жалпы
ұлттық және мемлекетаралық басқару органдары бар тұтас аймақтық шаруашылық
кешендер құрылуда.
Ғаламдану XX—XXIғ шегіндегі әлемдік экономика дамуының шешуші
үрдістерінің біріне айналып, шаруашылық өмірді интернационалдауды
дамытудағы сапалық жаңа кезең болып табылады. Ғаламдануға мамандардың және
жер шары тұрғындарының көзқарасы біртекті емес, тіпті қарама-қарсы деп
айтуға болады. Бұл ғаламдану үрдістерінің салдарларына түрлі қөзқарастың
болуымен байланысты. Біреулер онда әлемдік экономикалық жүйеге қауіпті
қатерді көрсе, басқалар экономикалық ілгерілеу құралын көреді. Сөзсіз
ғаламдану салдарлары оң немесе теріс сипатта болуы мүмкін. Бұл процестер
белгілі-бір қауіп-қатерлерді алып келеді, сонымен қатар мүмкіндіктер мен
артықшылықтар пайда болады.
Ғаламданудың дамуына негізгі алғышарттар болған: экономикалық
либерализация мен 1992ж басталған ЕЭҚ-ң қаржылық интеграциясы. Бұл үрдіс
мынадай сфераларды қамтыды: рыноктарды реттеу мен бақылаудың біртектілігі,
оларға барлық қатысушылардың қол жетізу мүмкіндігі жақсарды, капиталға
талаптардың стандартталуы, Европаның экономикалық интеграциясы, АҚШ банктік
жүйесінің ашылуы, әлемдік есептік жүйені стандарттау. Ғаламданудың
пайдалылығы мен кемшіліктері түрлі деңгейлерде, түрлі елдерде және түрлі
фирмалармен бірдей қабылданбайды.
Ғаламданудың дамуында көлік пен байланыс құралдарының сапалық жетілуі
де өз рөлін ойнады: халықтар, аймақтар мен континенттердің арасындағы
байланыстар жеделдеп қана қоймай, қысымдалып, ықшамдалып, халықтың көп
бөлігі қол жеткізе алатын болды. Алайда ғаламдану өнеркәсіптік дамыған
елдердің әлі де салыстырмалы тар тобын қамтуда, олар 60-тан артық ел
қатысатын, тиімді дамып жатқан бірнеше интеграциялық топтамалардың негізін
қалайды (ЕС, НАФТА, АТЭС, АСЕАН, МЕРКОСУР т.б.). 1997ж. осы елдерге әлемдік
ЖІӨ мен әлемдік сауданың ¾ бөлігі келді, бұл көрсеткіш ғаламдануды ғана
емес, әлемдік кеңістіктің аймақтануын білдіреді.
Әлемдік экономиканың ғаламдануына әкелетін негізгі алғышарттарды
(қозғаушы күштерді) былай топтастыруға болады:
1. Өндірістік, ғылыми-техникалық және технологиялық:
• өндіріс масштабтарының күрт өсуі;
• өндірістің жаңа технологиялық әдісіне көшу—жоғары, ғылыми сыйымды
технологиялар, тауарлар, қызметтер, идеялар, капиталдарды тез тарату
жолындағы тосқауылдарды жоятын жаңа технологиялардың тез және кең
таралуы.
• тауарлар мен қызметтердің, ресурстар мен идеялардың тез таралуын
қамтамасыз ететін көлік пен байланыс құралдарының сапалы жаңа түрлері.
Қазіргі кезде ақпаратты тарату бір сәтте жүзеге асырылады.
Экономикалық мүмкіндіктер және мәмілелер жайлы хабарлаулар бүкіл әлемге
тез таралады. Тауарлар мен кейбір қызмет түрлеріне бір жерден екінші
жерге жету үшін бірнеше күн, тіпті бірнеше апта қажет, ал ақпарат бір
сәтте таралады. Егер әлемнің бір бұрышында рынокта айтарлықтай өзгерістер
болып жатса, бүкіл қалған әлем ол туралы бірден хабардар болып отырады.
Әсіресе бұл қор биржасындағы, валюталық және тауарлық рыноктардағы
құбылыстар, ғылыми жаңалықтар үшін сипатты. Демек, серіктестердің
өндірістік ортақ қызметтесуіне басты тосқауыл болып келген бір-бірінен
алшақтығы жойыла бастады.
• интеллектуалды өзара айырбастың ғылыми және басқа да түрлері
нәтижесінде білімнің тез таралуы;
• озық технологиялардың көмегімен көлік және телекоммуникация шығындары
күрт қысқарды. Ақпаратты өңдеу, сақтау және пайдалану шығындары
айтарлықтай төмендеді, ал бұл ұлттық рыноктардың ғаламдық
интеграциясын жеңілдетеді.
2. Ұйымдастырушылық:
• өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырудың халықаралық формалары
(ТҰК): қызметі ұлттық шекарадан тыс шығатын, тұтас бір рыноктық
кеңістік құруға қызметтесе отырып, халықаралық сипатқа ие болатын
ұйымдастырушылық формалар;
• үкіметтік емес ұйымдардың көпұлттық немесе әлемдік деңгейге шығуы.
Жаңа ғаламдық рөлді ендігі кезде БҰҰ, ХВҚ, ДСҰ, Әлемдік банк сияқты
халықаралық ұйымдар ойнайды.
• көпұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың, жеке де мемлекеттік
те, ғаламдық экономиканың негізгі қызмет етуші тұлғаларына айналуы.
3. Экономикалық:
• тауарлар мен қызметтер саудасының, капитал рыноктарының
либерализациясы, протекционизм саясатын шектеп, әлемдік саудаға
еркіндік берген экономикалық либерализацияның басқа да формалары.
• ірі корпорациялардың өсуі, соның ішінде өз қызметін ұлттық шекарадан
шығарып, әлемдік экономикалық кеңістікті игере бастаған компаниялар
мен қаржылық топтардың артуы;
• капиталдың бұрын соңды болмаған шоғырлануы мен орталықтануы, туынды
қаржылық-экономикалық құралдардың күрт өсуі, халықаралық валюталық
мәмілелерді іске асыру уақытының күрт қысқаруы;
• халықаралық экономикалық ұйымдардың макроэкономикалық саясаттың
біріңғай критерийлерін енгізуі, салықтық, аймақтық, аграрлық,
антимонополиялық саясатқа, жұмысбастылық аясындағы саясатқа
талаптардың унификациясы.
• унификация мен стандартизацияға беталыстың күшеюі. Барлық елдер үшін
біріңғай технология, экология, қаржылық ұйымдардың қызметіне,
бухгалтерлік және статистикалық есептілікке стандарттар күннен күнге
кеңірек қолданылуда. Тіпті білім мен мәдениетке де стандарттар
таралуда.
4. Ақпараттық:
• іскерлік қарым-қатынас, өндірістік, ғылыми-техникалық, экономикалық,
қаржылық ақпарат айырбас құралдарының радикалды өзгеруі; ақпаратты
алу, тарату және өңдеудің жаңа жүйелерінің пайда болуы мен дамуы
арқасында қаржылық және тауарлық рыноктарды, ноу-хау және кәсіптік
қызметтер рыноктарын қоса біріктіретін ғаламдық торабтар құрылды.
Ақпараттық қызмет көрсету электроникадағы жетістіктермен тікелей
байланысты—электронды поштаның пайда болуы, Интернет.
• бір орталықтан түрлі елдерде орналасқан өндірістерді басқаруға
мүмкіндік беретін жүйелердің құрылуы. Олар өндірістік, ғылыми-
техникалық, коммерциялық мәселелерді сол ел ішінде тұрғандай етіп,
жедел, уақытылы және тиімді шешуге мүмкіндік береді. Нақты уақытта
ақпаратпен алмасу менеджмент, маркетинг, қаржылық және инвестициялық
ағымдарды басқаруда революция жасап, өнімді өткізудің жаңа формалары
пайда болады (мысалы, электронды сауда).
• компьютеризация, электронды шоттар мен пластикалық карточкалар жүйесі,
спутниктік байланыс қаржылық ақпаратты бір сәтте жіберуге, келісім-
шарттар жасауға, қаржы құралдарын қашықтық пен мемлекеттік
шекаралардан тәуелсіз бір шоттан екінші шотқа жіберуге мүмкіндік
береді.
5. Саяси:
• мемлекеттік шекаралар қатаңдығының әлсіреуі, тұрғындардың, тауарлар
мен қызметтердің, капиталдардың қозғалу жеңілдігі мен еркіндігі;
• суық соғыс бітіп, Батыс пен Шығыс арасындағы саяси қайшылықтардың
шешілуі;
6. Әлеуметтік және мәдени:
• салт-дәстүрлер, әлеуметтік байланыстар мен әдет-ғұрыптар рөлінің
әлсіреуі, ұлттық шектелушіліктің жойылуы. Бұл өз кезегінде адамдардың
аумақтық, рухани және психологиялық қатынастардағы мобильділігін
көтеріп, халықаралық миграцияға әсер етеді.
• рыноктық экономика мен еркін сауда жүйесін бағалауда ғаламдық
біройшылдықтың пайда болуы. Жақында орын алған Батыстың рыноктық
экономикасы мен Шығыстың әлеуметтік экономикасы арасындағы
қайшылықтардың орнына шаруашылықтың рыноктық жүйесіне біржақты
көзқарас келді.
• ақпарат құралдарының, мәдениет пен өнердің ғаламдық біртекті
формаларының құрылу беталысы байқалуда. Ағылшын тілі халықаралық қарым-
қатынас тіліне айналып, мәдениетаралық қарым-қатынасты, білім алу мен
өзара түсінушілікті жеңілдетеді.
• дистанционды оқу жүйесін дамыту арқылы білім алудағы шекараларды жою;
Ғаламдану динамикасы ірі халықаралық оқиғалармен байланысты.
Ғаламдану процестерін ынталандырушы үш оқиға болды. Ең біріншісі 1985ж.
Люксембургта өткен Европалық қауымдастықтар конференциясы. Онда тауарлар,
адамдар, қызметтер мен капиталдың халықаралық қозғалысындағы еркіндікті
негіздеген Европалық акт қабылданды. Келесісі, 1986ж. Пунта дель Эстедағы
Тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісім конференциясы (ГАТТ). Соңғысы
Германияның қайта қосылуы, СЭВ мен Варшава пактінің жойылуы.
Әлемдік экономиканың бүгінгі сапалық жаңа белгілерінің бұрынғы белгілерден
айырмашылығы қандай?
Біріншіден, бұрынғы халықаралық экономикалық байланыстар сол кезге
қалыптасқан колониалды империялардың шегінде дамыды, содан кейін ғана
метрополиялардың өздерінің арасында дамыды.
Бүгінгі ғаламдану үрдістері ең алдымен өнеркәсіптік дамыған елдердің
арасында таралып, екінші кезекте ғана бүгінгі дамушы елдерді қамтиды. Ұзақ
уақыт бойы шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең басты формасы
халықаралық сауда, яғни метрополиялар мен колониялар арасындағы дайын
бұйымдарды колониалды агро-шикізаттық тауарларға айырбас түріндегі сауда
болды. Халықаралық сауданың негізгі бағыттары мен тауарлық құрамы
айтарлықтай өзгерді: дамыған елдердің өздерінің арасындағы тауар айналымы
басым орынға ие болды. Тауар ретінде машиналар, құрал-жабдықтар, ғылыми
сыйымды, жоғарытехнологиялық заттар мен басқа да дайын бұйымдар. Бұл,
салааралық емес, жекелеген елдердің салаішілік мамандануына негізделген
салаішілік сауда.
Ғаламдану негізіне айналған айырбастың емес, өндірістің
интернационалдануы болды. Бұның институционалды формасы, соңғы онжылдықта
қарқынды дамып жатқан трансұлттық корпорациялар (ТҰК). Бүгінгі халықарлық
сауда бір ТҰК шегінде (оның бас кәсіпорны мен басқа елдердегі филиалдары
арасында), басқа ТҰК-мен немесе ТҰК мен түрлі елдердің жай компаниялары
арасындағы мамандану мен кооперациялану процестерін жүзеге асырады. Бұндай
сауданың негізінде әдетте бір текті коммерциялық мәмілелер емес, сәйкес
альянстар мен ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге негізделген ұзақмерзімді
өндірістік байланыстар жатыр.
Бүгінгі ғаламдану үрдістеріне тән жаңа бір құбылыс--әлемдік
экономикадағы бүкіл өндіріс және сауда сферасына айтарлықтай әсер етіп
жатқан, қаржылық рыноктардың құрылуы мен қарқынды өсуі.
1996-97жж. күнделікті банкаралық операциялар 1,25трлн. долларды
құрды, 1987ж. 600 млрд. долл, 1989ж. 800 млрд. долл, 1993ж 1 трлн. доллар.
Бірақ басты нәрсе, сандық көрсеткіштерде емес, бүкіл қаржылық сфераның және
оның халықаралық экономикалық өмірдегі рөлінің сапалық өзгерісінде.
Мазмұны бойынша ғаламдану үрдісіне ұқсас, бірақ оған қарама-қайшы
процесс болып келетін экономикалық қызметтің аймақтану процесі де бүгінгі
ғаламданудың бір ерекшелігі. Бұл, бірлестіктер құратын елдер тобын
қамтитын, шектелген масштабтағы ғаламдану. Бұндай бірлестіктерде сауданың
либерализациялануы, капитал мен адамдардың қозғалысы сәйкес интеграциялық
топтама шегінде жүзеге асырылады. Бұндай тенденцияға мысал ретінде 15
батысевропалық елдерді біріктіріп, ортақ валюта--евроға көшкен Европалық
Одақты келтіруге болады. Барлығы ГАТТ мәліметі бойынша 90ж. әлемде түрлі
типтегі 30 интеграциялық топтама болды (еркін сауда аймақтары, кедендік
одақтар, жалпы рыноктар, экономикалық одақтар).
1.2 Экономикалық ғаламдану және әлемдік шаруашылық тәртіптің
өзгерісі
Қазіргі кезде, шаруашылық қызметтің өзара байланыстылығы
бұрынғыға қарағанда күштірек сезіліп қана қоймай, әлемнің барлық елдерін
қамтып, ғаламдық бола бастады. Сөзсіз, бірінші кезекте өнеркәсіптік дамыған
елдердің экономикалары өзара араласады, бірақ қалған әлем де түрлі
жылдамдықпен және қарқындылықпен жалпыәлемдік үрдістерге тартылып жатыр.
Компьютерлік техника мен электронды телекоммуникациялардың жедел дамуы,
жоғары жылдамдықты және үнемді көліктердің пайда болуы барлық континенттер
мен мемлекеттерді кенет бір-біріне жақындатып, трансшекаралық айырбастардың
жедел өсуіне қажетті алғышарттар жасады
Экономикалық қызметтің ғаламдануы негізінен 2 деңгейде дамуда:
микро- және макроэкономикалық. Микроэкономикалық деңгейде компаниялардың
сипаты бойынша бүкіләлемдік, жалпы стратегиялық бағытталуы--әлем бойынша
өткізу рыноктарына бағытталуы, түрлі елдерде өндірісті орналастыруға
бағытталуы жүзеге асырылады. Ғаламдану үрдісі дамыған сайын мемлекеттің
қолдауы мен оның макроэкономикалық саясатын қажет етеді. Егер ғаламданудың
басты көзі жеке фирмалар мен компаниялар деңгейіндегі әлемдік бағытталған
стратегияда болса, жалпыұлттық деңгейде осы процестің макроэкономикалық
салдарлары орын алады. Бұндай қолдаудың мәні мемлекеттің сыртқыэкономикалық
саясатындағы либерализация ұғымында.
Экономикалық қызметтің ғаламдануы оның либерализациялануын
талап етеді, яғни халықаралық қаржылық операциялар жолындағы шектеулерді
қысқарту мен жою. Соңғы онжылдықта осы үрдіс орын алуда, алғашқыда бұнымен
ГАТТ айналысты, 1995ж. бастап Әлемдік Сауда Ұйымы (ӘСҰ) айналысып келеді.
Әлемдік экономиканың ашықтығының жалпы деңгейінен, оның либерализациялану
дәрежесінен ғаламданудың одан әрі дамуы тәуелді. Бір елдер бұл тенденцияның
мемлекеттік қолдауын жақтаса, кейбір елдер керісінше тежеуді, басқалары
либерализация мен протекционизм арасында саналы баланстың сақталуын
жақтайды.
Қазіргі кезеңде халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінде терең
өзгерістер болуда. Ғаламдану олардың айқын қасиетіне айналды. Экономикалық
интеграция мен ғаламдануға әкелетін үрдістерді схема түрінде өзара
байланысты тізбекпен көрсетуге болады, 1 сурет. Әрине суретте көрсетілген
кезеңдер әлемдік экономиканың интернационалдану процесін ықшам сипаттайды.
Бұл кезеңдерді таза күйде нақты көрсету мүмкін емес. Бұл абстрактілі схема
шаруашылық өмірді интернационалдау, халықаралық экономикалық
қауымдастық, халықаралық экономикалық интеграция, ғаламдану ұғымдарын
ерекшелеу мақсатымен келтірілген.
1. сурет
Демек, ғаламдану құбылысын зерттеуде ең алдымен мына сұраққа жауап
табу қажет: елдер мен халықтар арасындағы күшейіп келе жатқан жалпылай
өзара тәуелділік неге алып келеді—ортақ жетістік пен гүлдену перспективасы
немесе жаңа қауіптер мен жанжалдар? Бұл сұраққа жауап Қазақстан үшін ғана
емес, бүкіл әлем үшін маңызды
Экономикалық интеграция ғаламдану үрдісіне толығымен кіріп, оның
өзегін құрайды, ал ғаламданудың өзі интернационалданудың ең жоғары кезеңін
білдіреді. Әлем көптеген трансұлттық корпорациялар үшін біртұтас рынокқа
айналады, сонымен қатар аймақтардың көбісі олардың қызметі үшін ашық
Ғаламдану қазіргі әлемдік жүйенің маңызды, нақты сипаттамасы болып,
бүкіл әлемнің даму жолын анықтайтын әсерлі күштердің біріне айналды.
Ғаламдануға қатысты көзқарастарға сәйкес бірде-бір іс-әрекетті, қоғамдағы
бірде-бір үрдісті (экономикалық, саяси, заңдық, әлеуметтік және т.б.)
ғаламданудан тыс, жеке қарастыруға болмайды. Халықаралық қатынастардың
ғаламдануы—халықаралық қатынастардағы қоғамдық өмір мен іс-әрекеттің түрлі
сфераларының өзара тәуелділігі мен өзара әсерінің күшеюі. Ол қоғамдық
өмірдің барлық сфераларына қатысты, экономика, саясат, идеология,
әлеуметтік сфера, мәдениет, экология, қауіпсіздік, өмір сүру салты және
адамзаттың өмір сүру жағдайларын қосады. Бұл жұмыстың мақсатына сәйкес
ғаламдану ұғымын тек әлемдік экономикаға қатысты қарастырамын.
Ғаламдық даму үрдістері шегіндегі ұлттық өндіріс және қаржылар
құрылымы өзара байланысып, келісілген және жүзеге асырылған сыртқы
мәмілелердің санының ұлғаюы нәтижесінде жеделденуде. Әлемдік шаруашылықтың
барлық аймақтары мен секторларын қамтыған ғаламдану, ұлттық
шаруашылықтардың ішкі және сыртқы даму факторларының арасындағы
арақатынасты түбегейлі өзгертеді. Бірде-бір ұлттық экономика елдердің
көлемі (ірі, орташа және шағын) мен даму деңгейіне (дамыған, дамушы және
өтпелі) тәуелсіз қолда бар өндіріс факторлары, технологиялар мен
капиталдағы қажеттіліктен туындап, енді толыққанды бола алмайды. Бірде-бір
мемлекет бүкіләлемдік шаруашылық қызметінің негізгі қатысушыларының
артықшылықтары мен іс-әрекет нормаларын есепке алмай, экономикалық даму
стратегиясын құрып, жүзеге асыра алмайды.
Ғаламдану үрдістері біртекті бағаланбайды. Екі көзқарас бар.
Калифорния университетінің социология профессоры М.Кастельс ғаламдануды
жаңа капиталистік экономика ретінде анықтады. Оның негізгі
сипаттамаларына мыналарды жатқызды: ақпарат, білім және ақпараттық
технологиялар өнімділік пен бәсекегеқабілеттіліктің өсуінің қайнар көздері;
бұл жаңа экономика менеджмент, өндіріс және бөлінудің торабтық құрылымы
арқылы ұйымдастырылады; және ол ғаламдық болып келеді.
Кейбір мамандар ғаламдануды тар ұғым ретінде түсіндіреді: тұтынушылық
талғамдардың жақындауы мен бүкіл әлемде ұсынылатын өнім ассортиментінің
әмбебаптану процесі, нәтижесінде әлемдік тауарлар жергілікті тауарларды
ығыстырады.
Менің көзқарасым бойынша әлемдік экономиканың ғаламдануын әлемдік
экономиканың түрлі сфералары мен үрдістерінің өзара тәуелділігі мен өзара
әсерінің күшеюі ретінде сипаттауға болады. Оның нәтижесінде әлемдік
экономиканың біртіндеп тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші мен
білімнің тұтас бір рыногына айналуын көруге болады.
Ғаламдану процесі әлемдік экономиканың түрлі сфераларын қамтиды,
олар:
• тауарлар, қызметтер, интеллектуалды меншік объектілерімен сыртқы,
халықаралық, әлемдік сауда;
• өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы (жұмыс күші, капитал,
ақпарат);
• халықаралық қаржы-несиелік және валюталық операциялар (қаржыландыру
мен көмек, халықаралық экономикалық қатынастар субъектілерінің
несиелері мен займдары, бағалы қағаздармен операциялар, арнайы
қаржылық механизмдер мен құралдар, валютамен операциялар);
• өндірістік, ғылыми-техникалық, технологиялық, инжинирингтік және
ақпараттық ынтымақтастық
Әлемдік экономиканың қазіргі ғаламдануы мынадай процестерде көрінеді:
— тереңдеуінде, бірінші кезекте айырбастың емес, өндірістің
интернационалдануы. Өндірістің интернационалдануы, соңғы өнімді жасауда
түрлі формаларда және түрлі кезеңдерде әлемнің көптеген елдерінің
өндірушілерінің қатынасунда көрінеді. Аралық тауарлар мен жартылай
фабрикаттар әлемдік сауда мен корпоративаралық трансферттердегі үлесін
ұлғайтуда. Өндірісті интернационалдаудың институционалды нысаны ретінде
ТҰК шығады;
— капиталды интернационалдаудың тереңдеуі, бұл елдер арасындағы капиталдың
халықаралық қозғалысында, бірінші кезекте тікелей инвестициялар түрінде
(тікелей шетел инвестицияларының көлемі сыртқы сауда мен өндіріске
қарағанда тез өсуде), және қор рыногының интернационалдануында көрініс
табады.
— өндіргіш күштердің ғаламдануы, бұл өндіріс құралдары мен ғылыми-
техникалық, технологиялық білімдермен айырбас арқылы;сонымен қатар,
шаруашылық бірліктерді тұтастай өндірістік-тұтынушылық жүйелерге
біріктіретін халықаралық мамандану және кооперация формасында; өндірістік
қауымдастық, өндірістік ресурстардың халықаралық орын ауыстыруы арқылы
жүзеге асады.
— халықаралық қауымдастықтың жүзеге асуын қамтамасыз ететін ғаламдық
материалдық, ақпараттық, ұйымдастырушылық-экономикалық инфрақұрылымның
құрылуы;
— халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, масштабтардың өсуі мен дәстүрлі
халықаралық сауда сипатының сапалық өзгерісі негізіндегі айырбастың
интернационалдануының күшеюі. Халықаралық қауымдастықтың маңызды
бағытына айналған қызметтер сферасы, материалдық өндіріс сферасына
қарағанда тезірек дамуда.
— жұмыс күшінің халықаралық миграциясы масштабтарының ұлғаюы. Салыстырмалы
кедей елдердің тұрғындары дамыған елдерде білікті емес немесе біліктілігі
аз жұмыс күші ретінде орнығады. Төмен біліктілікті қажет ететін немесе
жалақысы аз жұмыстармен байланысты еңбек рыногындағы белгілі-бір
орындарды толтыру үшін шетелдік еңбекті пайдаланатын елдер, иммиграцияны
белгілі-бір шектерде ұстап тұруға тырысады. Бірақ, заманауи
телекоммуникациялық технологиялар бұл салада жаңа мүмкіндіктерді ашып,
иммиграциялық үрдістерді оңай шектеуге мүмкіндік береді. Европа,
Солтүстік Америка немесе Япониядағы кез келген компания қажет тапсырмасын
басқа елде тұратын жұмысшыға беріп, жауабын кез келген уақытта кеңсесінен
ала алады.
— өндіріс пен тұтынудың қоршаған ортаға әсерінің интернационалдануы, бұл
өз кезегінде ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық
қауымдастықтағы қажеттілікті өсіреді.
Болашақта ғаламдану болжам бойынша мынадай салдарларға әкеледі:
— интеграциялық аймақтық үрдістердің интенсификациялануы;
— мемлекеттердің экономикалық жүйелерінің ашықтығы, қазіргі кезде
шаруашылық қызметті либерализациялауды толық жүзеге асырмаған
мемлекеттер үшін;
— барлық қатысушылардың кез келген рыноктарға кедергісіз қол
жеткізуі;
— сауда және қаржы операцияларын жүзеге асырудың нормалары мен
ережелерін универсализациялау;
— рыноктарды реттеу және бақылауды унификациялау;
— капиталдың орнын ауыстыру, инвестициялық үрдіс пен бүкіләлемдік
төлемдік-есептік жүйе талаптарын стандартизациялау;
Ғаламдану мен интеграция—көпдеңгейлі құбылыстар болғандықтан, мына
деңгейлерді қамтиды:
— аймақтық, ұлттық экономиканы (макродеңгей);
— тауарлық, қаржылық және валюталық рыноктар, еңбек рыноктары
(мезодеңгей);
— жекелеген компаниялар (микродеңгей).
Макроэкономикалық деңгейде ғаламдану мемлекеттер мен интеграциялық
бірлестіктердің өз шекараларынан тыс экономикалық белсенділікке (сауданы
либерализациялау, саудалық және инвестициялық кедергілерді алып тастау,
еркін сауда зоналарын құру есебінен) тырысуынан байқалады. Сонымен қатар,
ғаламдану және интеграциялану үрдістері, әлемнің ірі аймақтарында әлемдік
шаруашылық, рыноктық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық, саяси кеңістікті
мақсатты құруға бағытталған мемлекетаралық келісілген шараларды қамтиды.
Микроэкономикалық деңгейде ғаламдану компания қызметінің ішкі рынок
шегінен тыс шығып, кеңеюінен көрінеді. Ірі трансұлттық корпорациялардың
көбісі ғаламдық масштабтарда қызмет етуге мәжбүр: тұтыну деңгейі жоғары кез
келген аймақ олардың рыногына айналады, олар тұтынушылардың сұранысын
шекаралардан тәуелсіз, кез келген жерде қанағаттандыра алуы керек.
Трансұлттық фирмаларды құру мен дамыту көптеген кедергілерді айналып өтуге
мүмкіндік береді Трансұлттық корпорациялар үшін ең маңыздысы
сыртқыэкономикалық қызмет, сондықтан олар ғаламдық үрдістердің негізгі
субъектісі болып табылады.
1.3 Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) ғаламдану үрдісінің басты қозғаушы күші
ретінде.
Экономикалық ғаламдану дәуірінің басталуының басты белгілерінің бірі
өндіріс, сауда және банктік қызметтің трансұлттандырылуы. Бұл терминді
ұлттық компаниялардың әлемнің түрлі бөліктерінде көптеген еншілес фирмалар
мен филиалдарын ашуы ретінде түсінуге болады. Трансұлттық корпорациялар
(ТҰК) экономикалық ғаламдану үрдісінің басты қозғаушы күшіне айналды, ал
оның ұлттық мемлекеттер сияқты субъектілері көптеген қатынастарда
ығыстырылды. ТҰК-ң соңғы уақыттағы осыншама тез өсуі көптеген себептермен
түсіндіріледі. Олардың ішінде бірінші орынды, бәсеке алады, ол өз кезегінде
өндіріс масштабын ұлғайту және жаңа технологияларды енгізу негізінде
шығындарды төмендету, жаңа рыноктарды, арзан жұмыс күшін іздеу, өндірісті
салық салу төменірек жерде орналастыруға мәжбүр етеді.
Адам ресурстарының, ғылыми-техникалық білім мен тәжірибенің
шоғырлануы, орталықтанған басқару халықаралық компанияларға қамтамасыз ету
көздерін, өндіріс пен өткізу рыноктарын оңтайлы орналастыруға мүмкіндік
береді. Заманауи жоспарлау жүйелері мен ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы, трансұлттық корпорациялар экономикалық саясаттағы,
салықтар мен кедендік төлемдердің көлемі, инфляция қарқыны, жалақы көлемі,
өнімділік, техникалық стандарттардағы халықаралық айырмашылықтардан пайда
табады.
Бәсекелік күрестің қатаңдауы, өнімді арзандату ынтасы мен жаңа
технологияларды пайдалану ірі ТҰК-ы бірігудің түрлі формаларына баруға
итермелейді. Бұндай беталыс әсіресе авиағарыштық және автомобильдік
өнеркәсіпке тән болып келе жатыр. Күмәнсіз, жаңа индустриалды
мемлекеттердің пайда болуы және дамушы әлемнің индустриализациялануы көбіне
ТҰК-ң қызметімен түсіндіріледі. 2003 жылы 690 мың шетелдік филиалдары бар,
63 мың трансұлттық корпорациялар тіркелді. Олардың үлесіне әлемдік
өндірістің 50%, әлемдік сауданың 60% және технология рыногының 80% келеді.
ТҰК-ң негізгі экспансиялау құралы тікелей шетелдік инвестициялар,
олар басқа елдерде филиалдарды жаңа кәсіпорындар салу жолымен ашуға немесе
бар кәсіпорындарды қайта жөндеу мен бақылауға алу жолымен ашуға мүмкіндік
береді. Капиталдарды тікелей инвестициялар түрінде экспорттау, әлемдік
саудамен салыстырғанда екі-үш есе тез өсуде. Өнеркәсіптік дамыған елдер
капиталды бірінші кезекте бір-біріне экспорттап, өздерінің ұлттық
экономикаларын одан әрі интеграциялай береді. Тікелей шетел
инвестицияларының әлемдік көлемінде өнеркәсіптік дамыған елдердің үлесіне
70% инвестиция келеді, ал дамушы елдердің үлесіне 30% қана. Бұл деген,
экономикалық ғаламданудың интенсивтілігі әлемнің түрлі бөліктерінде бірдей
емес және ол елдің экономикалық даму деңгейімен тікелей байланысты деген
сөз. Алтын миллиардқа кіретін елдердің шегінде ғаламдану ерекше
байқалатын нәтижелерге әкеледі. Мысалы, салаішілік сауданың дамуына беталыс
байқалуда. Нәтижесінде халықаралық айырбастың өсуі жанжалдарға салааралық
айырбас дамыған уақыттағыдай сезімтал болмайды, себебі ол кезде бір ел
белгілі-бір тауарларының экспортын экспансияласа, басқа елдер сәйкес
салаларын қысқартуға мәжбүр болды.
Соңғы уақытта көбіне біртекті профильді ірі компаниялардың бірігу
беталысы және трансұлттық корпорациялардың қызмет етуші шетел
кәсіпорындарын толық немесе жартылай меншікке алу беталысы байқалуда. Егер
1987ж. өнеркәсіптік дамыған елдер тікелей шетел инвестицияларының 38%-ын
жаңа қуаттылықтарды салуға бағыттаса, 1999ж. олардың шамамен барлық
инвестициялары компанияларды сатып алумен байланысты болды. Бұл бағытта,
машинажасау, фармацевтика, тамақ және темекі өнеркәсіптері сияқты салалар
алдыңғы қатарда. Бұндай әрекеттердің пбудит.мотиві өндірістің сериялылығын
арттыру есебінен шығынды қысқарту, технологиялық кооперация және
зерттемелік әлеуеттердің бірігуі және рынокта үлкен салмаққа ие болу.
Мысалы, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде, өз елдерінде жасалынатын
жоғары тиімді технологиялар, басқа елдердің арзан және салыстырмалы білікті
жұмыс күшімен бірігеді, ал бұл өндірістік шығындарды төмендетіп,
өнімділікті арттырып, пайданы ұлғайтады. Мұндай компаниялардағы жалақының
төмен деңгейі, жергілікті компаниялармен салыстырғанда емес, бас компания
жұмысшыларының жалақысымен салыстырғанда ғана төмен. Осылай, ТҰК онша
дамымаған елдердегі халықтың табыс деңгейінің ұлғаюын ынталандырады.
Түрлі елдердің жұмыс күшін интеграциялау және оларға бірдей талаптар
қою арқылы ТҰК, халықаралық стандарттардың таралуында маңызды рөл ойнайды.
Осылайша, экономикасы онша дамымаған, бірақ еншілес компаниялар бар
елдердегі тұтынушылар, сапа деңгейі басты компания орналасқан елдегімен
бірдей тауарларды өндіріп, төменірек бағамен тұтынады.
ТҰК қоршаған ортаны қорғауға қатаң талаптар қояды, бұл оның
қызметінің тағы бір артықшылығы.
Тағы бір артықшылыққа ТҰК-ң ғылыми-техникалық прогресстің жеделдеуіне
әсерін жатқызуға болады, себебі олар үлкен қаржылық ресурстарға ие. ТҰК
ғылыми-техникалық кадрлар рыногын қамтып, технологиялық білімді ғаламдық
масштабта қолдана алады. Біріншілікті ұстап тұру үшін, оларға үнемі
инновациялық мүмкіндіктерді өсіріп, жетілдіріп тұру қажет. ТҰК жүйесі
шегінде технологияларды берудің негізгі формасы өзінің компанияларын
орталықтан келетін құжаттамалармен қамту. Осылайша, ТҰК еңбек өнімділігінің
өсуіне, жұмысшылардың жұмыс жағдайларының және өмір сүру деңгейлерінің
жақсаруына, өндіріс шығындарын үнемдеуге, ғылым, технология және
коммуникацияның дамуына оң әсерін тигізеді.
Басқа жағынан, дамыған елдердегі жұмыс орындарының көлемі азаяды,
дамушы елдердің экономикалық еркіндігі төмендейді. Бірақ, бұған қарамастан
ғаламдану үрдісі белсенді дамуын жалғастыруда.
ТҰК-ң рөлі бұндай бірмәнді емес, себебі олар ұлттық және ғаламдық
экономикалар арасындағы қайшылықтарды шиеленістіреді. ТҰК-ң экспансиясы
заманауи техникалық прогресстің революциялық жетістіктері, либерализация
және ұлттық рыноктардың ашықтылығынсыз мүмкін болмас еді. Бір жағынан
оларға рыноктық еркіндіктер керек, екінші жағынан-- әлемдік сауданың өспелі
үлесі қажет. Шаруашылық қызметтің ТҰК шегінде ұлғаюы мен шоғырлануы
бәсекелестер арасындағы келісімдерді, олигополия мен монополиялардың бірігу
мен жұту жолымен пайда болуын жеңілдетеді. Нәтижесінде жаңа өндірушілердің
әлемдік тауарлық рыноктарға шығуы ірі кедергілерге жолығады, ал бәсеке
басты кезекте, алыптар бақталастығына айналады.
Ғаламдық өлшем тек экономикалық байланыстарға емес, жекелеген
елдердің күшімен шешілмейтін экономикалық мәселелерге ие болады. Табиғи
ресурстардың шектеулігі, қоршаған ортаның ластануы, халық санының әлемнің
ресурстық мүмкіндіктерімен салыстырғандағы артық өсуі, бай және кедей елдер
арасындағы айырмашылықтың азаймай, тіпті артуы—осының бәрі бүгін
жалпыадамзаттық мәселерге айналуда. Алайда саясаткерлердің барлығы осыны
ескеріп, өз қызметтерін қауіпті дағдарыстық жағдайлар мен жанжалдардың
пайда болуын тежейтін халықаралық ретке келтірмейді. Тек қоршаған ортаны
қорғау саласында ғана осындай өзара қызметтесу байқалады. Мысалы, жекелеген
елдермен атмосфераға көмірқышқыл газын шығарудың шекті деңгейлері туралы
келісім-шартқа қол жеткізілді. Бұнымен ғаламдық жылыну мен климаттың өзгеру
қаупі байланысты.
Ғаламдық экономиканың жаңа құрылымдық элементі—аймақтық интеграциялық
топтар, әсіресе Европада. Ғаламдық деңгейде реттелінбеген экономикалық
қызметтесу мәселелері, аймақтық интеграция шегінде шешімін тауып жатыр.
Шаруашылық өмірдің аймақтану процесі—бүгінгі ғаламдық экономиканың сипатты
белгісі. Әлемдік экономика ешқашан құрылымының біртектілігімен ерекшеленген
жоқ, ал аймақтану ғаламдық және аймақтық процесстер арасында белгілі
қайшылықтарды тудырып, оны одан әрі күрделендіруде. Аймақтық экономикалық
топтар бір уақытта ғаламдану процесінің кең көрінісі ретінде және оның
жағымсыз салдарынан қорғану құралы ретінде жүреді. Олар ірі экономикалық
кеңістік құру мақсатына қызмет етеді, және оған қатысатын елдерді олар
төтеп бере алмайтын ғаламдық бәсеке және экспансионизм қауіптерінен
сақтайды.
Европа интеграциялық ынтымақтастықты тереңдетуде басқалардың алдына
шықты.
4. Ғаламдану үрдісінің салдарлары: әлеуетті мәселелері және
қауіптері
Әлемдік экономиканың ғаламдануы адамзаттың мүмкіндіктерін
ұлғайтып, жалпы мәселелерін шешуге негіз болады. Ғаламдану үрдістерінің оң
салдарлары (артықшылықтары) ретінде мыналарды атауға болады:
1. Ғаламдану халықаралық бәсекені қоздырды. Бәсеке мен рыноктың
кеңеюі мамандану мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне
әкеледі. Ал бұл тек ұлттық емес, әлемдік деңгейде өндірістің
өсуін ынталандырады. Бұндай жағдайларда құралдар мен ресурстар
тиімдірек бөлініп, бұл өз кезегінде халықтың орташа өмір сүру
деңгейінің көтерілуіне және болашақ өмірлік мүмкіндіктерінің
кеңеюіне алып келеді.
2. Ғаламдық үрдістердің маңызды бір артықшылығы өндіріс масштабында
үнемдеу, ал бұл әлеуетті түрде шығындардың қысқаруына,
бағалардың төмендеуіне, нәтижесінде тұрақты экономикалық өсуге
алып келеді.
3. Ғаламданудың артықшылығы өзара тиімді негіздегі, екі жақты да
қанағаттандыратын еркін саудадан түсетін ұтыспен де байланысты.
4. Ғаламдану, бәсекені күшейту арқылы, жаңа технологиялардың одан
әрі дамуын және олардың елдер арасында таралуын ынталандырады.
Бұндай жағдайларда тікелей инвестициялардың өсу қарқыны әлемдік
сауданың өсу қарқынынан әлдеқайда артық, ал бұл өнеркәсіптік
технологияларды трансферттеудегі, трансұлттық компаниялардың
құрылуындағы өте маңызды фактор болып табылады, бұл өз кезегінде
ұлттық экономикаларға тікелей әсер етеді. Ғаламдану артықшылығы,
шетелдегі алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, технологиялық,
біліктілік деңгейін басқа елдерге енгізіп, пайдаланудан түсетін
экономикалық пайдамен анықталады, себебі бұндай енгізулер қысқа
мерзімде және аз шығынмен іске асады.
5. Ғаламдану халықаралық бәсекенің шиеленісіне әкеледі. Ғаламдану
жетілген бәсекеге әкеледі деген, тұжырымдар да айтылуда. Жаңа
бәсекелі сфералардың пайда болып, дәстүрлі рыноктардағы
бақталастықтың қатаңдауы, жеке мемлекет немесе корпорацияларға
ауырлық әкеледі. Себебі ішкі бәсекелестерге іс-әрекеті
шектелмеген, мықты сыртқы бәсекелестер қосылады. Әлемдік
экономикадағы ғаламдық үрдістер, бірінші кезекте, тұтынушыларға
тиімді, себебі бәсеке оларға таңдау мүмкіндігін беріп, бағаларды
төмендетеді.
6. Өндірісті ғаламдық деңгейде рационалдау, алдыңғы қатарлы
технологияларды тарату және бәсекелік қысымнан инновацияларды
әлемдік масштабта үздіксіз енгізу нәтижесінде, ғаламдану еңбек
өнімділігінің артуына әкеледі.
7. Ғаламдану, елдерге қаржылық ресурстардың айтарлықтай үлкен
көлемін мобильдеуге мүмкіндік береді, себебі инвесторлар саны
ұлғайған рыноктарда кеңірек қаржы құралдарын пайдалана алады.
8. Ғаламдану адамзаттың жалпылама мәселелерін шешуге негіздеме
жасайды, бірінші кезекте, экологиялық мәселелерді, әлемдік
қауымдастықтың күшін біріктіру, ресурстарды консалидациялау,
түрлі сфералардағы қызметтерді координациялау негізінде шешеді.
Ғаламданудың соңғы нәтижесі, көптеген мамандардың күтуінше, әлемдегі әл-
ауқаттылық деңгейінің жалпылама көтерілуі.
Жоғарыда айтылғандай әлемдік экономикадағы ғаламдану процесстері
әртүрлі қабылданады және бағаланады. Жеке ғалымдар, мамандар мен эксперттер
ғана емес, түрлі елдердің тұрғындары да ғаламдануға түрлі қатынаста.
Ғаламдану үрдістері көбіне дамыған елдерде қолдау тауып, дамушы әлемде
қауіпті көзқарас тудырады. Бұл мәселе ғаламдану артықшылықтарының біркелкі
бөлінбеуімен байланысты. Бүгінгі ғаламдық үрдістер ең алдымен, өнеркәсіптік
дамыған елдердің арасында таралып, екінші кезекте ғана дамушы елдерді
қамтиды. Ғаламдану осындай бірінші топтағы елдердің позицияларын күшейтіп,
оларға қосымша артықшылықтар береді. Ғаламдық процестердің бүгінгі күнгі
халықаралық еңбек бөлінісі шегінде дамуы, тіпті онша дамымаған елдердің
қазіргі жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай елдер әлемдік
периферия деген атқа ие болып, ғаламдану субъектісіне емес, объектісіне
айналуда.
Демек, ғаламдану үрдістерінің әрбір ел экономикасына оң әсер ету
деңгейі, сол елдердің әлемдік экономикада алатын орнынан тәуелді, іс
жүзінде артықшылықтардың негізгі бөлігін бай елдер мен индивидтер алады.
Ғаламдану игіліктерінің әділетсіз бөлінуі аймақтық, ұлттық және
халықаралық деңгейлердегі қайшылықтар қаупін тудырады. Тез дамушы елдер бай
елдер қатарына қосылып, кедей елдер барған сайын артта қалуда. Ұлттық
экономикалардың әлемдік жүйеге интеграциялануы теңсіздік көріністерін жойып
немесе әлсіретудің орнына, керісінше оларды одан әрі күшейтуде. Әлем
ресурстарының 80%-ын әлем халқының 15 ғана қамтитын, айтулы алтын
миллиард бақылайды. Дамушы 20% ел, әлемдік ЖҰӨ-ң 84,7%, әлемдік сауданың
84,2%, жинақтардың 85,5%-ын иемденеді 1960 жылдан бері ең бай және ең кедей
елдердің арасындағы алшақтық 2 еседен де артты, бұл дамушы елдерге әділетті
көмек көрсетеміз деген сөздердің тұрақсыздығын статистикалық түрде дәлелдеп
отыр. Дамыған елдер ашықтық пен ғаламдануды өз мүдделерінде пайдаланып,
өздерінің бар мәртебелерін күшейтуге тырысады.
Әлемнің біртексіздігі мына мәліметтерде де көрінеді: 358 миллиардер,
2,5 миллиард адам (Жер халқының жартысына жақын) ие байлыққа ие.
Нәтижесінде, ғаламданудан батыс әлемде тұратын 14,5% халық қана ұтады екен.
Ғаламдану жағдайларында, осы үрдіспен байланысты қиратқыш әсерлердің
пайда болуы, ел ішіндегі дәстүрлік байланыстардың үзілуіне,
бәсекегеқабілетсіз өндірістердің деградациясына, әлеуметтік мәселелердің
шиеленісуіне, осы қоғамға жат идеялар, құндылықтар, іс-әрекет модельдерінің
күштеп енуіне алып келуі мүмкін. Барлық елдерде ғаламдық үрдістерден
әлеуетті түрде теріс салдарлар тудыратын мәселелер қатарына мыналарды
жатқызуға болады:
— ұлттық экономиканың жеке салалары деңгейінде ғаламдану
артықшылықтарының біртекті бөлінбеуі;
— ұлттық экономикалардың мүмкін деиндустриализациялануы;
— жеке ел экономикасын бақылаудың тәуелсіз үкіметтер қолынан, мықтырақ
мемлекеттердің, ТҰК немесе халықаралық ұйымдардың қолына көшу
мүмкіндігі;
— қаржылық сфераның мүмкін дестабилизациялануы, ұлттық экономикалардың
әлемдік деңгейдегі өзара тәуелділігінен туындайтын әлеуетті аймақтық
немесе ғаламдық тұрақсыздық. Бір елдегі жергілікті экономикалық
тербелістер мен дағдарыстар аймақтық, тіпті ғаламдық салдарларға алып
келуі мүмкін.
Ғаламданудың ең ауыр салдарларын, әлемдік периферияға жататын онша
дамымаған елдер ең қатты сезінуі мүмкін. Олардың көбісі интернационалдануға
шикізат жеткізушілер мен еңбексыйымды өнімді өндірушілер ретінде қатынасып,
алдыңғы қатарлы державалардан толық тәуелділікке түсіп, аз және тұрақсыз
табыстар алуға мәжбүр болады.
Ғаламдану бұндай елдер үшін қосымша мынадай мәселелерді тудырады:
— дамыған елдерден технологиялық арттақалушылықтың артуы;
— әлеуметтік-экономикалық жіктелуінің өсуі, маргинализация (әлеуметтік
топтардың таралу процесін білдіретін мемлекеттік қоғамның құлдырауы,
адамдар арасындағы дәстүрлі байланыстардың үзілуі, индивидтердің
белгілі-бір қоғамға, кәсіптік немесе этникалық топқа қатыстылық
сезімін жоғалтуы)
— халықтың негізгі бөлігінің кедейленуі;
— онша дамымаған елдердің әлемдік шаруашылық жүйенің тұрақтылығы мен
қалыпты қызмет етуінен тәуелділігінің күшеюі
— ТҰК-ң мемлекеттің ұлтқа бағытталған экономикалық саясатын жүргізу
қабілетін шектеуі;
— сыртқы қарыздың өсуі, ең алдымен халықаралық қаржылық ұйымдарға.
Жоғарыда айтылғандай ғаламдануға қатынасудан ең көп табыс алатын
өнеркәсіптік дамыған елдер. Олар өндіріс шығындарын төмендету мүмкіндігіне
ие болып, ең табысты ғылыми сыйымды өнімді өндіруге икемделеді, ал еңбек
сыйымды және технологиялық лас өндірістерді дамушы елдерге перабрасывать.
Бірақ өнеркәсіптік дамыған елдер де ғаламдану үрдістерінен зардап шеге
алады, дер кезінде шаралар қолданылмаса, жұмыссыздықты арттырып, қаржылық
рыноктардың тұрақсыздығын күшейтеді.
Ғаламдану үрдістерімен байланысты дамыған елдерде әлеуетті түрде
орын алатын әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ішінен мыналарды атауға
болады:
— жұмыссыздықтың өсуі (мына себептермен),
— жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде өнеркәсіптегі жұмыс орындары
қысқарып, әлеуметтік шиеленіс артады;
— өндіріс құрылымының өзгерісі және еңбек сыйымды тауар түрлерін
жаппай өндіруді дамушы елдерге көшіру нәтижесінде осы елдердің
дәстүрлі салаларына ауыр соққы тиіп, көптеген өндірістердің жабылуына
әкеледі;
— жұмыс күші мобильділігінің өсуі;
— бірінші орынға шыққан ТҰК өз мүдделерін, мемлекеттік мүдделерден
жоғары қояды, нәтижесінде ұлттық мемлекеттердің рөлі әлсіреп,
қызметтерінің бір бөлігі түрлі мемлекеттік емес ұйымдар мен
бірлестіктерге көшеді.
Негізгі мәселе мынада, ғаламдану артықшылықтарының біртекті бөлінбеуі
жекелеген елдер бойынша ғана байқалмайды, жекелеген салалар деңгейінде де
орын алады. Өңдеуші өнеркәсіптегі, қызметтер сферасындағы өзгерістер
нәтижесінде сыртқы саудадан пайда алатын салалар, экспортпен байланысты
салалар капитал мен білікті жұмыс күшінің үлкен ағымына ие болады. Басқа
салалар рыноктың тым ашықтылығынан өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын
жоғалтып, ғаламдық үрдістерден зардап шегеді. Бұндай салалар өздерінің
пайдаларына өзгермеген шаруашылық жағдайларға бейімделу үшін қосымша күш
жұмсауға мәжбүр болады. Бұл, осы салалардан капитал мен жұмыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz