ҒТР және дамыған елдер экономикасында құрылымдық өзгерістер



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазіргі замаңғы ҒТР және оның экономикада алатын орны
2. Дамыған елдер экономикасында ҒТР жетістіктерін қолданудың ерекшеліктері
3. ҒТР жетістіктері мен кемшіліктері
Қорытынды
Қолданылған деректер тізімі
Адамзат тарихы өндірістің көптеген құралдарын бастан кешірген. Олардың арасында терімшілік, мануфактуралық, машиналық-фабрикалық индустриалды өдіріс, ноосфералық индустриалды өндіріс.
Алдағы өндірістің технологиялық құралдарының кез келген түрі тарихи даму тұрғысынан өз мүмкіншілігінен айырылып дағдарысты жағдайға ұшырайды, яғни қоғамның даму деңгейінің, адамзаттың қажеттіліктерінің өсуіне байланысты өндіріс одан әрі кеңей алмайды.
Өндірістің неғұрлым жаңа технологиялық түріне көшу жаңа революциялық секіріс болып табылады.
Қазіргі замаңғы ҒТР машиналық өндірістің дамуында жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі замаңғы машиналар 4 буындық автоматтық бақылаушы-реттеуші құрылыстармен жабдықталған.
Олардың негізіндегі автоматизацияланған жүйелердің құрылуы және еңгізілуі автоматизацияланған өндірісті дамытады.
Қазіргі замаңғы ҒТР ноосфералық индустриалды өндірістің дамуына жаңа жол ашуда.
Адамзат өркениеті келешегі мол осы технологиялық өндіріс құралының табалдырылығын аттау қарсаңында. Қазіргі заманда ол жаңа дамып жатқан деңгейде - ол гуманистік, экономикалық жағынан қауіпсіз және табиғатқа, биосфераға қажетті деңгейде ықпалын жасап, тірі және тірі емес табиғатқа кері процесстер мен катаклизидерден сақтайтын өндіріс болып табылады.
Яғни қазіргі заманда баршаға танымал – ҒТР адамзаттың өркенеуін қамтамасыз ететін мүмкіншілік туғызады.
Соңғы жылдары экономика саласының ғалымдары тарапынан ҒТР мемлекеттердің жалпы дамуына тигізген ықпалы жөнінде көптеген мәселелерді шешуімен шұғылданады. әсіресе дамудың неғұрлым жоғары деңгейіне жеткен мемлекеттердің бай тәжірибесіне жан-жақты баға беріліп маңызды экономикалық проблемаларын шешу жолдарына басты назар аударылады.
Бұл салада Бородаевский А.Д., Мозель Т.Н., Немова А.А., Старостенков Е.И., т.с.с. еңбектерін ерекше атауға болады.
Дегенмен ҒТР және оның экономикаға тигізген игі немесе кері ықпалы жөніндегі процесс зерттеудің басында болғандықтан неғұрлым терең зерттеулерді, ізденістерді талап етеді.
Әсіресе Қазақстан Республикамыз іспетті дамудың жаңа өтпелі кезеңінде орналасқан елдер үшін ҒТР және оның елдің жалпы экономикалық дамуына тиігізетін ықпалы жөнінде шетел елдердің бай тәжірибесін зерттеу аса маңыздылыққа ие.
Сондықтан зерттеу мәселесінің ғылыми, тәжірибелі және әлеуметтік өзектілі терең деген сенім туады.
1. Бородаевский А.Д. Канада в системе международных экономических отношений.- М: Просвещение,1986, 450 с
2. Мозель Т.Н. История Канады в 70-е годы.- М: Финансы и статистика, 1985, 200 с
3. Немова А.А. Экономика в начале подъёма.- М.: МГУ, 1992 - Ч.1.- 414с
4. США: экономика, политика, идеология.// Под ред. Бородаевский А.Д 1993, 165 с
5. Старостенков Е.И. Экономика Канады в 1988г.- М: Просвещение, 1995, 560с
6. Экономика/ Под ред Булатова. М.:БЕК, 1999, 785 с
7. Носова С.С. Экономическая теория.М.: Владос, 519 с
8. Чепурин М.Н., Киселева Е.А. Курс экономической теории.- Киров: АСА.-1994.-470 с., гл. 5, п. 1
9. Курс экономической теории /Под общ. ред. Чепурина М. Н., Киселевой Е. А. - Киров: МГИМО МИД РФ, 1994 - 624 с.
10. Политическая экономия /Под ред. Радаева В. В. - М.: МГУ, 1992 - Ч.1.- 414с
11. Политическая экономия: Учебно-методическое пособие для преподавателей /Под ред. Сидоровича А.В., Волкова Ф.М. - М.: МГУ, 1993. - 407 с
12. Макконнелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т.: Пер. с англ. /Общ. ред. Пороховского А.А. - М.: Республика, 1992. - Т.1 - 399 с.- Т. 2. - 400 с.
13. Словарь современной экономической теории Макмиллана /Общая ред. Пирса Д. У.: Пер. с англ. /Научн. ред. перевода Автономов В.С. - М.: Инфра-М, 1997. -608 с
14. Валовой Д.В. Экономика абсурдов и парадоксов: Очерки-размышления. – М.: Политиздат, 1991. – 431 с.: ил.
15. Современная экономика. Общедоступный учебный курс. – Ростов-на-Дону: Феникс, 1995. – 608 с.
16. Каспин В.И., Острина И.А. Приватизация по правилам: вопросы и ответы: Справочник. – М.: Финансы и статистика, 1992. – 96 с.
17. "Кадры и технологии будут определять успех на рынке фьючерсов" - Финансовые известия - 27.04.95
18. Родионов И.И. Информационные ресурсы для предпринимателей. Москва, Россия 1994г.
19. Родионов И.И. Мировой рынок информационных услуг: основные характеристики цены и методы маркетинга. Москва, Россия 1991 г.
20. Родионов И.И. Мировой рынок электронной информации для предпринимателей. Москва, Россия 1993 г.
21. Ладыженский Г.М. Современные технологии электронных коммуникаций в финансовой сфере. Москва, Россия 1993 г.
22. Электронный Автоматизированный Справочник по Внешней Торговле (АСВТ) "Первый помощник".
23. Экономика и экология Москва, ВО "Агропромиздат" 1992
24. Маневич В. Функции товарной биржи и основные направления биржевой политики в условиях перехода к рынку. Вопросы экономики. М.: Прсвещение.-1991.-т. 10-562 с.
25. Житник К. Исторические сведения о возникновении биржевой торговли. М.: Владос.-1991.-т. 7.- 412 с.
26. Самсонов Л. Финансовый словарь. М.: Просвещение.-1991.-630 с.
27. Комарова П. Объекты биржевой торговли. М.: Владос.-1989.-463 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті

Қаржы-экономикалық институт

Экономикалық теория кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҒТР және дамыған елдер экономикасында құрылымдық өзгерістер

Оқытушы
_______________________________
(тексерген кақыты, қолы, бағакы)
Студент ________________________

Павлодар

ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазіргі замаңғы ҒТР және оның экономикада алатын орны
2. Дамыған елдер экономикасында ҒТР жетістіктерін қолданудың
ерекшеліктері
3. ҒТР жетістіктері мен кемшіліктері
Қорытынды
Қолданылған деректер тізімі

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі
Адамзат тарихы өндірістің көптеген құралдарын бастан кешірген.
Олардың арасында терімшілік, мануфактуралық, машиналық-фабрикалық
индустриалды өдіріс, ноосфералық индустриалды өндіріс.
Алдағы өндірістің технологиялық құралдарының кез келген түрі
тарихи даму тұрғысынан өз мүмкіншілігінен айырылып дағдарысты
жағдайға ұшырайды, яғни қоғамның даму деңгейінің, адамзаттың
қажеттіліктерінің өсуіне байланысты өндіріс одан әрі кеңей
алмайды.
Өндірістің неғұрлым жаңа технологиялық түріне көшу жаңа
революциялық секіріс болып табылады.
Қазіргі замаңғы ҒТР машиналық өндірістің дамуында жаңа
жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі замаңғы машиналар 4 буындық
автоматтық бақылаушы-реттеуші құрылыстармен жабдықталған.
Олардың негізіндегі автоматизацияланған жүйелердің құрылуы және
еңгізілуі автоматизацияланған өндірісті дамытады.
Қазіргі замаңғы ҒТР ноосфералық индустриалды өндірістің дамуына
жаңа жол ашуда.
Адамзат өркениеті келешегі мол осы технологиялық өндіріс
құралының табалдырылығын аттау қарсаңында. Қазіргі заманда ол жаңа
дамып жатқан деңгейде - ол гуманистік, экономикалық жағынан
қауіпсіз және табиғатқа, биосфераға қажетті деңгейде ықпалын жасап,
тірі және тірі емес табиғатқа кері процесстер мен катаклизидерден
сақтайтын өндіріс болып табылады.
Яғни қазіргі заманда баршаға танымал – ҒТР адамзаттың
өркенеуін қамтамасыз ететін мүмкіншілік туғызады.
Соңғы жылдары экономика саласының ғалымдары тарапынан ҒТР
мемлекеттердің жалпы дамуына тигізген ықпалы жөнінде көптеген
мәселелерді шешуімен шұғылданады. әсіресе дамудың неғұрлым жоғары
деңгейіне жеткен мемлекеттердің бай тәжірибесіне жан-жақты баға
беріліп маңызды экономикалық проблемаларын шешу жолдарына басты
назар аударылады.
Бұл салада Бородаевский А.Д., Мозель Т.Н., Немова А.А.,
Старостенков Е.И., т.с.с. еңбектерін ерекше атауға болады.
Дегенмен ҒТР және оның экономикаға тигізген игі немесе кері
ықпалы жөніндегі процесс зерттеудің басында болғандықтан неғұрлым
терең зерттеулерді, ізденістерді талап етеді.
Әсіресе Қазақстан Республикамыз іспетті дамудың жаңа өтпелі
кезеңінде орналасқан елдер үшін ҒТР және оның елдің жалпы
экономикалық дамуына тиігізетін ықпалы жөнінде шетел елдердің бай
тәжірибесін зерттеу аса маңыздылыққа ие.
Сондықтан зерттеу мәселесінің ғылыми, тәжірибелі және әлеуметтік
өзектілі терең деген сенім туады.
Зерттеу жұмысының мақсаты
Жоғарыда атап кеткен жағдайларға қатысты зерттеу жұмысының
мақсаты белгіленді – дамыған елдер экономикасында ҒТР ықпалымен
болып жатқан құрылымдық өзгерістер тәжірибесіне талдау жасау
Зерттеу жұмысының міндеттері
Зерттеу мәселесінің мақсатына байланысты міндеттер туады. Сол
сияқты:
• Әлемдік тәжірибеде ҒТР жетістіктерін пайдаланудың теориялық
негіздерін ашу
• Қазіргі замаңғы ҒТР түсінігіне анықтама беру
• ҒТР дамыған елдер экономиксында алатын орнын анықтау
• Дамыған елдер экономикасында ҒТР жетістіктерін қолданудың
ерекшеліктерін көрсету
• ҒТР экономикалық тәжірибеде кездесетін жетістіктері мен
кемшіліктеріне талдау беру
Зерттеу жұмысының пәні – ҒТР және оның негізіндегі
экономикалық қатынастар жүйесінің ерекшеліктері
Зерттеу жұмысының объектісі – дамыған елдерде ҒТР ықпалымен
болып жатқан құрылымдық өзгерістер
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі
Зерттеу жұмысы жүргізілген кезде автор талдау, жүйелеу,
синтездеу, тарихилылық, ғылымилылық әдістерін пайдаланды. Сонымен
қатар ғылыми жұмыс Интернет жүйесінің мәліметтері, шет елдердің
экономикалық саласында қолданылған ҒТР жетістіктеріне, өзгерістеріне
қатысты мәліметтер негізінде жасалынды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қазіргі замаңғы ҒТР және оның экономикада алатын орны

Қоғамдық өндіріс екі жақтан құрылады: әлеуметтік және
материалдық заттардан. әлеуметтік жағынан өндіріс тікелей өндірісте
адамдар арсындағы ара байланыс процесстері соның үстіне қоғам
мүшелері арасында еңбек нәтижелерін иелену және реттеу
процесстерінің жиынтығы ретінде танылады. Материалды-заттай жағынан
қоғамдық өндіріс адамдардың еңбек құралдарына деген осыған сайкес
еңбек құралдары көмегімен ықпал жасауы болып табылады.
Өндіріс құралдарының механикалық, физикалық, химиялық, басқа да
жаратылыстану қаситеттеріне негізделген еңбек құралдарына адамдардың
ықпал жасау құралдары мен тәсілдері өндірістің технологиясын
құрайды. Кез келген жағдайда өндірістің технологиясы белгілі
ерекшеліктермен сипатталады. Дегенмен өндіріс технологиялардың анқты
түрлері уақыттың белгілі тарихи кезеңіндегі фундаменталды,
жаратылыстану ғылымдарының даму деңгейі және адамдардың табиғат
күштерін игеруі деңгейіне сай негізделеді.
Нәтижесінде барлық нақты өндірістегі технологиялық ортақ
деңгей өндіріс күштері қызметінің жалпы формасы және олардың
маңызды ішкі құрылымдық аспап ретінде анықталады.
Экономикасы жоғары дамыған елдеде соңғы он жылдықтарда
экономиканың ақпараттық саласы қалыптасты. Оның құрылған
кәсіпорындары алуан түрлі ақпараттты компьютерлік тұрғыдан жинау,
өндеу және сатуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар байланыстың алуан
түрлі құралдары көмегімен кең көлемді ақпаратты хабарды зор
қашықтыққа жеткізуді қамтамасыз етеді. Оның қатарына компьютерлік
жабдықтауды іске асыратын кәсіпорындар жатады.
Ақпараттық сала дамыған елдер экономикасында мықты позицияларға
ие. Көптеген шетел зерттеушілері постиндустриалды қоғамның құрылуы
және дамуы жөнінде қорытындыға келеді. Белгілі дәежеде бұл солай
болып табыладв, дегенмен өндірістің реиндустриаландырылуы жөнінде,
яғни адамзат өз дамуының жаңа ақпараттық деңгейіне жетті деген
тұжырымдар да кездеседі.
Сол сияқты тұжырымдамалардың бірқатар асыр сілтеушілік сипаты
ада бар. Біріншіден, себебі, индустриалды өндіріс, соның ішінде
ауыл шаруашылық өндірісі жойыла алмайды. Екіншіден, ақпаратық
өндіріс здік түрде беруші болып табылмайды, ол қосымша қызметтік
рол атқарып, инрақұрылым саласына жататындықтан ерекше инфрақұрылымды
құа алмайды. Постиндустриалды ақпараттық құқық ноосфералық,
индустриалдық технологиялық өндіріс құралының келешектегі
инфрақұрылымның туындысы болып қана табылады.
Өндірістің машиналық-фабрикалық технологиялық құралы жағдайында
өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттің даму заңдылықтарының бірі ҒТР
болып табылады. Бұл тұрғыдан ҒТР – ғылым мен техниканың соңғы
жетістіктері негізінде жұмысшылар кәсіби мамандығының ғылыми-
техникалық деңгейінің өсуі, өндіргіш күштердің заттық факторларының
және басқа да құрылымындарының жетілуі болып табылады.
ҒТР үздіксіз және біртіндеп дамитын процесс, ол материалдық,
рухани қажеттіліктеріне негізделген адамзаттың заңдылық түрде пайда
болатын мүдделері мен қызығушылықтарымен туындалады.
Капитализмге дейіңгі формациялада өндірістің мануфактуралық,
технологиялық қралы жағдайында ғылым мен техника оқшаулы түрде
дамып төменгі сапалы тезистерге негізделген. Техника мен
технологияның дамуы эмпирикалық білімдер және адамдардың өмірлік
тәжірибесіне негізінделіп дамыды. Ғылым мен техниканың қозғалысы
және ара байланысы машиналардың пайда болуымен басталады.
ҒТр дәуірі мәні бойынша 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас
кезінде өндірістің машиналық-фабрикалық технологиялық құралының пайда
болуымен ғылым мен техниканың жақындасуы және араласуы негізінде
басталды.
ҒТР революциялық және эволюциялық формасында дамыды.
Оның революциялық формасы, біріншіден, ғылыми білімдердің
түбегейлі қозғалыстармен, фундаменталды ғылыми ашылымдармен
сипатталады, екіншіден, өндіргіш күштердің сапасы жағынан неғұрлым
жаңа сатысына көтерілуімен, техника мен технологияларды принципиалды
жаңа түрлерінің ашылуымен сипатталады.
Эволюциялық формасы алдағы революциялық табыстардың арқасындағы
техника мен технологиялардың жекеленген және принципиалды емес
өзгерістерімен сипатталады.
ҒТР тарихында екі түрлі революция танымал:
• Біріншісі – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас
кезіндегі өнеркәсітік революция – яғни қол өндірісінің
машиналық-фабрикалық өндіріске көшуі;
• Екіншісі - 19 ғасырдың соңғы үштігі және 20 ғасырдың
бас кезі – машиналық-фабрикалық өндірістің негізінде
электронотехникалық революция. Ол халық шаруашылығының
электрофикациясына бастау беріп, машиналық-жүйелілік
автоматизацияланған конвеерлік көпшілік-тұтынушылық өндіріске
жол ашты.
ҒТР - ғылыми білімдер саласында және ғылым мен өндірістің
интеграциясы нәтижесіндегі өндіргіш күштердің жаңа сапалық деңгейге
жетуі ретінде 20 ғасырдың 50 жылдарында басталады және
жаратылыстану ғылымдарында бірқатар фундаменталды ашылымдардың пайда
болуы мен өндіріске еңгізілуі нәтижесінде басталады.
Атомды және термоядерлы энергияны ойлап шығару, қасиеттері мен
сапасы алын ала белгіленген жасанды материалдардың пайда болуы,
адамның ғарышқа баруы сапары, ЭСМ, электрониканы, кибернетиканы,
информатиканы шығару сияқты процесстер ҒТР басталуын жариялайды.
70 жылдардың ортасында ҒТР өз дамуының жаңк сатысына жетті –
бұл кезең микропроцессор және биотехнологиялардың пайда болуымен
байланысты. Микропроцессорлар негізінде өндірістің электроды-
автоматизациясы дамып, ғылыми-техникалық шығармашылық пайда болады.
Микропроцессорларды қолдану адамның тілін, графиканы, бсақ
символдарды тани алатын ЭСМ жаңа бесінші ұрпағын шығару мүмкіндігі
туады. Оның салдарынан жасанды интеллектті ойлап шығару мәселесі
шиеленісті.
ҒТР жаңа дау кезеңі революцияның микропроцессоры деген атаумен
белгілі. Биологиялық ғылымдар, биотехнологиялардың дамуы ҒТР
саласында жаңа бағыттың пайда болуына әкеп соқтырады –
биотехнологиялық революция. Биологиялық ғылымдар тарапынан өзгеше
энергия өсімдіктер мен тіршілк иелерінің сапалық қасиетерін
өзгеруге, қаситеттеі мен сапасы алдын ала белгілі жаңа органдардың,
әсіресе, өсімдіктерге ауадан тікелей азоты жұтуға септігін
тигізетін, өсімдіктердің сапасын, белоктар мен витаминдер көлемін
ұлғайтуға мүмкіндік беретін арнайы биомеханизмдердің пайда болуына
мүмкіндік туғызады.
ҒТР басты мазмұны – ғылымды тікелей өндіргіш күшіне айналдыру.
Ғылым – абстрактты түсініктер, қорытындылар, заңдар, гипотезалар
формасында шынайы объектіивтілікті айқындайтын қоғамдық сана-сезімнің
формасы болғандықтан өндіргіш күштердің дербес элементі ретінде бола
алмайды. Ал оны тікелей өндіргіш күшіне айналдыру өндіргіш
құралдарының, жұмыс күшінің, технологиялардың, әлеуметтік
нифроақұрылымды және өндірісті басқаруды, ұйымдастыруды жетілдіру
дегенді білдіреді. Яғни ғылым өндірісті ғылым көлемділігінің өсуі
арқылы тікелй өндірістік күшке айналады.
Адам - өндіргіш күштердің басты факторы және өндірістік,
сонымен қатар басқа да қатынастардың субъектісі, адам еңбек
құралдарын, өндірісті, оның технологияларын құрастырып, өндірісті
ұйымдастырады, адам өзінің еңбегімен өндіріс құралдарын тірілтіп,
оларды қызметке қатыстырады, сондықтан да адам қоғамның өндіргіш
күштерінің басты күшіне айналады.
ҒТР жағдайында адам машиналадрдың қосымшасы қызметінен ауып
өндірістік-техникалық прогресстің тікелей компонетіне айналады. Ол
шикізат пен материалдарға тікелей механикалық, физикалық қарым-
қатынас жасаудан осыған сай келетін өндірістік-процесстердің ағымы
жөнінде өндірістік-техникалық ақпаратпен жұмыс істеуге қатыса
бастайды, өндірістік – техникалық процесстерді қашықтықта басқаруға
тікелей кіріседі.
Адам – қоғамдық өндірістің соңғы мақсаты болып табылады.
Өндірістің соңғы өнімдері адамзаттың өмірлік қажеттіліктерін,
қызметтерін, рахаттылықтарын өтеуге арналған, сондықтан да жеке дара
немесе ортақ түрде өндірістің өнімдерін пайдалану мәнің жоғалтып
мүмкін емес болып табылады.
Өндіріс кең тұрғыдан қарастырғанда биологиялық және әлеуметтік
салада адамзат өмірінің өндірісі болып табылады. Жалып өркениеттік
процесс тұрғысынан кез келген адамның денсаулығы, оның эалпы мәдени
ғылыми-техникалық ой-өрісі, жоғары кәсіби мамандық деңгейі – осының
барлығы капиталдың неғұрлым мақсатталған және табысты салымы
ретінде танылады.
Қазіргі замаңғы экономикалық дамудың әлеуметтік бағыт-бағдары
келесі жағдайлармен сипатталады:
- біріншіден - өндірістің неғұрлым кең және толық түрде
адамзат қажеттіліктерін өтеу;
- екіншіден, еңбек жағдайларын неғұрлым қауіпсіз сипатқа
айнадыру;
- үшіншіден, адам тіршілік етуінің сыртқы жағдайларын жақсатру
және жетілдіру.
Сонымен қорыта айтарлық, ҒТР адамзат дамуының тарихында
көпшіліктің материалдық, рухани қажеттіліктерін өтеуде жаңа сатының
көтерілуі мұқтаждықтарына тікелей пайда болған процесс. ҒТР соңғы
көрінісі – ақпаратты постиндустриалды қоғамның құрылуында. ҒТР
жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып өндіргіш күштердің дамуы
негізінде адамзаттың экономикасы неғұрлым зор өндірістік
көрсеткіштерге ие болады.

2.Дамыған елдер экономикасында ҒТР жетістіктерін қолданудың
ерекшеліктері

Әлемдік шаруашылық - әлем елдерінің ұлттық шаруашылықтарының
және олардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Соңғы
жылдарға дейін әлемдік шаруашылық құрамындағы елдер үш үлкен
топтарға бөлінді – дамыған капиталистік елдер, социалистік елдер,
даму басында орналасқан елдер.
Дегенмен 1980-1990 жылдары социалистік жүйе белгілі дәрежеде
құлдырағанан кейін (ҚХР, Куба, КХДР, Вьетнам едерінде социалистік
жүйе сақталынды) барлық елдер экономикалық дамуы бойынша екі топқа
бөлінеді – дамыған капиталистік елдер, өтпелі экономикасы бар елдер
(Шығыс Европа және бұрыңғы КСРО еледрі) және дамып келе жатқан
елдер (оған сонымен қатар социалистік елдер және Монголия).
Дамыған елдері топтары арасында экономикалық даму деңгейі
келесі көрсеткіштермен сипатталады (4 таблицаны қара).
Дамыған капиталистік елдерде 832 млн адам өмір сүреді, ал
жеке адам басына ІВӨ орташа көрсеткіші – шамасымен 27202 құрайды
(1995 ж АҚШ долларымен санағанда).
Таблица 4. Халық саны дамыған капиталистік елдерде және ІВӨ
(жалпы және жеке адам басына) 1995 жылы.
Елдер және елдер топтары ІВӨ (жалпы;) Халқы Жеке адам
(млрд. долл.) (млн. адам)басына ІВӨ
(долл.)
Барлық әлем 35475 5734 6187
АҚШ 7255 267 27202
Жапония 2855 125 22804
“Жетілер” 15850 677 23421
“Дамыған” 18710 832 22490

Дамыған капиталистік елдерінің экономикалық байланыстарының
негізгі формалары келесі:
- әлемдік сауда; - капиталдық халықаралық қозғалуы; -
валюталық қатынастар; - жұмыс күшінің миграциясы; - ғылыми-
техникалық байланыстар; - жобаларды ортақ түрде қаржыладыру, т.б.

Дамыған әлемдің шаруашылықтың басты тенденциясы – елдер
арасында экономикалық байланыстарының кеңеюі және бекітілуі. Оның
объективті негізі – халықаралық еңбек бөлінісінің тереңделуі. Ол
өндірісті специализацияландыру және коопреацияландыруда көрініс
табады.
Өндірістің специализациясы өнімділік бағыттан детальды, түйінді
және операциялық бағытқа көшті. Ол елде табиғи ресурстардың,
дайындалған кадрлардың, технологиялардың деңгейімен, ішкі нарықтың
көлемімен сипатталады.
Специализацияның кері жағы ретінде өндірістің кооперациалануы
болып табылады – яғни соңғы өнімді шығау бағытында кәспорындар
арасында тұрақты технологиялық байланыстарды орнату.
Өндірісті специализацияландыру және кооперацияландыру нәтижесінде
бұйымдар стандартының, детальдарының, түйіндерінің унификациясы орын
алады. Әлемдік баға формасында тауарлардың интернационалды құндылығы
қалыптасады. Қазіргі кезде әлемдік нарыққа шығуды жоспарлаған
кәсіпорын стандарттарға сай және әлемдік бағамен тауарларды шығаруы
керек. Немесе оның өнімін ешкім қажетсінбейді.
Аталған процесстер өндірістің дамуы жеке елдер шеңберінен шығып
өндіірстің интернационализациясы деңгейіне жеткендігін көрсетеді.
Өндірістің интернационализациясы деп әлемдік өндірісті біртіндеп
ортақ өдірістік процесске еңбектің халықаралық бөлінуі нәтижесіндегі
айналуын атайды. Яғни соңғы өнімді жасауда алуан түрлі елдердегі
жұмысшылар қатысады және олардың арасындағы байланыстар тереңдеп
күрделенеді.
Өндірістің интернационализациясы нәтижесінде қаржының
интернационализациясы орын алады, яғни көптеген елдер
экономикасында шетел капиталы кеңінен қолданылады, ал ұлттық капитал
басқ елдердің экономикасына жұмсалады. Капиталдың неғұрлым кең
көлемдері кез келген елдер шеңберінен шығып әлемдік экономикада
айналысқа жіберіледі.
Көлік пен байланыстың унифициланған жүйесі қалыптасады, білім
берудің ортақ стандарттары қалыптасады. әлемдік нарықты қадағалайтын
халықаралық ұйыдар пайда болады – Халықаралық валюталық қор,
Әлемдік банк, Сауда мен тарифтер бойынша Геералды ассоциация,
Әлемдік сауда ұйымы, т.б.
Әлемдік шаруашылық үшін тән ерекшелік - әлемдік сауда әлемдік
өндіріске қарағанда неғұрлым жедел қарқынымен өсуде. Яғни елдер
әлемдік саудаға қатысуы ауқымы кеңеюде. Ұлттық экономиканың әлемдік
экономикаға қатысуы деңгейінің көрсеткіштерін елдің экспортының
оның ІВӨ-ге деген қатынасы анықтайды (пайыздық көрсеткіштермен). Ол
әсіресе көлемі бойынша үлкен емес елдерде анық көрінеді (Голландия,
Дания, т.б.) және 70 пайызға дейін жетеді. Ірі елдерде ол
неғұрлым төмен (мысалы АҚШ – 10 пайыздан төмен), яғни ішкі
нарықтың кең көлеміне байланысты болғаннан, дегенмен көтерілуіне
тендеция тән. жалпы алғанда әлемдік саудаға әлемде өндірілетіннің
бір ширегі ғана түседі.
Әлемдік шаруашылықтың дамуы заңдылығы ретінде алуан түрлі
елдерінің монополиялары арасында әлемдік нарықты бөлісу жөнінде
келісімдердің құрылуы болып табылады., яғни халықаралық монополиялар
пайда болады.
Капиталды шығару негізінде трансұлттық корпорациялар (ТҰК) пайда
болып дамиды. ТҰК деп - өзінің шығу тегі бойынша бір елге
жататын дегенмен іс-әрекеттің халықаралық сипатына ие болған және
әлемдік нарықта үстемдік жағдайды ұстанатын корпорацияларды атайды.
Мысалы, американдық ТҰК шетел филиалдары АҚШ-тың екінші
экономикасын құрайды, себебі ол өзінің көлемдері бойынша кез
келген европалық елдерден асып түседі де АҚШ экономикасына жақын
теңеледі. Фирма аралық, ішкі ТҰК тапсырыстары АҚШ сыртық саудасының
жатртысына тең. Жалпы алғанда әлемдік саудада ТҰК ішкі фирпмалық
ұсыныстары 13 бөлігін құрайды.
Ірі ТҰК мысалдарын келтірейік (1996 жылғы мәліметтері)
Ағылшын компаниясы “Ройял Датч Шелл” мұнай, газ, көмірді қайта
өндеу және сатуымен айналысады, оның шетел активтері - 79,7 млрд.
долл, жалпы активтері - 117,6 млрд . долл құрайды. Оның шетел
сатылымдары 80,6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Халықаралық сауда туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Қазақстанның халықаралық сауда қозғалысына қатысуы
ҒТР ҚҰРЫЛЫМЫ
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және Франциядағы оңшыл экстремистік профашистік күштердің консолидациясы
Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы
Жапонияның 50 жж саяси өмірі
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
ҒТР туралы жалпы мағлұмат
Пәндер