Германия Федеративтік Республикасы


МАЗМҰНЫ:
1. Германия Федеративтік Республика
2. Табиғаты
3. Тарихы
4. Экономикасы
5. Мәдениетi
6. Әдебиетi
1. Германия
Германия Федеративтiк Республикасы - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбiр түркi тiлдерiнде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356, 96 мың км2.
Халқы 81, 7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3, 46 млн) . Халқының 94%-i немiстер (1998) . Ресми тiлi - немiс тiлi. Халқының көпшiлiгi христиан дiнiнiң протестант және католик тармағын ұстанды. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративтi республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламентi және үкiметi бар. Федеральдiк президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттерi) мүшелерiнiң бiрдей санынан құралған федеральдiк жиналыста 5 жыл мерзiмге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретiнде халықтар жиындарға қатысады, шет елдермен келiсiмшарттарға қол қояды, елшiлердi, федеральдiк соттарды тағайындайды т. б. Елдегi атқарушы билiктi федеральдiк канцлер жүргiзедi. Жоғарғы заң шығарушы органы - қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Бундесрат аймақ өкiлдерiнен құралған. Ақшасы немiс маркасы. Ұлттық мерекесi - Герман бiрлiгi күнi (3 қазан, 1990 ж. Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтiк Республикасына қосылған күнi) . Федеральдiк Конституциясы 1949 жылы қабылданған iрi қалалары Бонн (297 мың адам) Гамбург (1, 6 млн), Мюнхен (1, 2 млн), Кельн (1 млн-ға жуық), т. б.
2. Табиғаты.
Германияның солтүстiгiн орта Еуропа алып жатыр. Оңтүстiгiнде шығыс Альпi тау жоталары орналасқан.
Өзендерiнiң көпшiлiгi (Рейн, Везер, Эльба) Солтүстiк теңiзге, оңтүстiгiндегi өзендер Дунайға құяды. Батысы мен солтүстiк батысының климаты қоңыржай теңiздiк, ал оңтүстiк шығысының климаты қоңыржай - континенттiк болып келедi. Қаңтардағы орташа температура 00С, ал шiлде айында 16-170С; оңтүстiгiнде 20-22 0С. Жауын шашынның орташа жылдық мөлшерi 500-600 мм тау бөктерiнде 1000-2000 мм.
3. Тарихы.
Германия жерiн адам баласы палеолит дәуiрiнде-ақ қоныстана бастаған. Бiздiң заманымызға дейiнгi 3-2 мыңжылдықта жергiлiктi тұрғындар мал шаруашылығымен және егiншiлiкпен айналысты, ал бiздiң заманымызға дейiнгi 1-мыңжылдықта темiр қорытуды меңгердi. Бiздiң заманымызға дейiнгi 1 ғасырда Рейннiң батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. 4-ғасырдың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, 5-ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. 6-8 ғасырларда герман тайпалары франктердiң қол астына қарады. Олар христиан дiнiн де осы кезде қабылдады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдiгiне бағынды. Осы мемлекеттiң негiзiнде герман тайпалары қайтадан бiрiктiрiлiп, Германияның тұңғыш королi Генрих I-нiң басшылығымен 919 жылы Герман корольдiгi құрылды. Алғашқыда бұл корольдiкке 4 тайпалық герцогтiк (Саксония, Франкония, Алеманния, Бавария) бағынды, кейiн лоторангия (925) және Фризия қосылды. 962 жылы герман королi Оттан I Римдi жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдерi өздерiн "Қасиеттi Рим империясы" тағының мұрагерлерi деп жариялады. 1032-34 жылдары империя құрамына Бургундия қосылып алынды. Корольдiк 11 ғасырдың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты бастан кешiрдi 18 ғасырға дейiн корольдiктi билеушi 17 әулет ауысты. 13 ғасырда корольдiк құрамындағы кейбiр князьдар, әсiресе, саксон әулетiнен шыққан князьдар (семсер асынушылар, Тевтон орденi) шығысқа жорықтар жасап, лив, эст, прусс тайпаларының жерлерiн жаулап алды. Соның нәтижесiнде Германия аумағы шығысқа қарай 2 есеге жуық ұлғайды. Алайда Италиядан бастап Балтық теңiзi бойына дейiн созылып жатқан корольдiкке ықпалды әулеттер билеген жеке-жеке князьдiктердiң беделi күштi болды. Әсiресе, корольдi сайлау құқығын иеленiп алған курфюреттер жетекшi топқа айналды. 14 ғасырда жеке-жеке князьдiк өкiлдерiнен тұратын заң шығарушы орган - рейхстаг жұмыс iстей бастады. Ал князьдiктердегi осындай өкiлеттi орган лантаг деп аталды. 1517-1648 жылдардығы дiни реформалар, 1524-25 жылдардағы шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс (1618-48), т. б. оқиғалардан кейiн де герман князьдiктерi орталық билiкке тұтас бағына қоймады.
Француз императоры Наполеон I Австрия мен Пруссияны талқандағаннан кейiн "Қасиеттi Рим империясы" жойылып, Герман князьдiктерiнiң бытыраңқылығы әрi қарай жалғасты. Бұл жағдай Германияның әлеуметтiк - экономикалық дамуына қатты бөгет жасады. Сондықтан герман князьдерi, соның iшiнде ең алдымен Австрия және Пруссия билеушiлерi ұсақ герман мемлекеттерiн бiр орталыққа бiрiктiру үшiн өзара бәсекелестiкке түсе бастады. Франция талқандағаннан кейiн 1815 жылы, Вена конгресiнiң шешiмiмен Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды. Бiрақ Пруссия әскери-экономикалық жағынан тез дамып 1866 жылы Австрияға күйрете соққы бердi де, өзiне бағынышты Солтүстiк Герман одағын құрды. Елдiң бiрiгуi экономикалық дамуды жеделдеттi де, көп ұзамай Германия Англияны басып озып, Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналды.
1949-63 жылдар Германия тарихында "Аденауэр кезеңi" деп аталды. Осы кезеңде елдiң саяси және әлеуметтiк - экономикалық жүйесiнiң негiзi қайтадан қаланып, iшкi және сыртқы саясатының басты бағыттары белгiлендi. Осының нәтижесiнде елдiң қоғамдық саяси өмiрiнде демократия негiздерi берiк орнықты. В. Брандт (1969-74) және Г. Коль (1982-99) үкiметтерi тұсында Германия көршiлес Батыс Еуропа елдерiмен интеграциялануды әрi қарай тереңдеттi ГДР азаматтары тұрмысы жақсы батысқа қоныс аудара бастады. Осы процеске қарсы 1961 жылы 13 тамыз күнi Берлин қабырғасы тұрғызылып, шекара күшейтiлдi. 1985 жылы КСРО-да, кейiн басқа да социалистiк елдерде басталған саяси реформалардың нәтижесiнде 1990 жылы 3 қазан күнi Берлин қабырғасы құлатылып, екi герман мемлекетi қайтадан бiрiктi.
4. Экономикасы.
Германия аса жоғары дамыған индустриялы - аграрлы ел. Елдегi ұлттық табыстың 33, 6%-iн өнеркәсiп пен құрылыс өнiмдерi, ал 1, 2%-iн ауыл шаруашылық өнiмдерi мен орман шаруашылығы бередi. Экономикасының негiзгi салалары: қоңыр көмiр (дүние жүзiнде 1-орын) мен тас көмiр шығару, қара және түстi металлургия, химия, электротехникасы мен радио электроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңiл және тамақ өнеркәсiптерi. Электр энергиясы, негiзiнен жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-i АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнiмдерi мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажеттi өнiмдер шығару да жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында халықтың 5%-i ғана жұмыс iстегенiмен, еңбек өнiмдiлiгi өте жоғары. Ол екi үлкен салаға: мал шаруашылығы (сиыр, шошқа т. б. ) мен егiн шаруашылығына (астық өнiмдерi, қант қызылшасы, картоп) бөлiнедi. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Елдегi темiр жолдың ұзындығы 91, 6 мың км, автомобиль жолдарының ұзындығы 496, 6 мың км, теңiз сауда Флотының жылдық тасымал көлiгi 5, 6 млн тонна шамасында. Басты теңiз порттары: Гамбург, Бремен, Бремерхафен, Вильгельмсхафен, Росток-Варнмюнде. Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнiмдерiн, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiн шығарады. Негiзгi одақ елдерi (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдерi.
Германия Қазақстанның егемендiгiн 1991 жылы 31 желтоқсан күнi таныды және 1992 жылы 11 ақпаннан бастап дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Екi ел арасында экономика, ғылым, техника т. б. салалар бойынша келiсiмдер жасалған. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етiлгеннен кейiн 700 мыңнан аса қазақстандық немiстер Германияға қоныс аударды. Қазақстанның Германияға жiберетiн экспорт мөлшерi 495 млн, ал елден импорт - 160 млн немiс маркасы көлемiнде (2000) .
Қазақстанда 80-нен аса немiс компанияларының өкiлдiктерi ашылған, олар 102 бiрлескен кәсiп-орындарда жұмыс iстейдi. Германия инвестициясы Батыс Қазақстандағы мұнай және газ орындарын барлау қызметiне, Солтүстiк Қазақстанда аса iрi электр станцияларын салуға, Астана қаласында халықаралық әуежай салуға т. б. салаларға жұмсалуда. 400-ден аса
қазақстандық жастар Германияда бiлiм алуда. Екi ел арасындағы қарым - қатынас жылдан- жылға ұлғая түсуде.
5. Мәдениетi.
Германияда алғашқы ғылыми еңбектердi орта ғасырларда дiни қызметкерлерi жаза бастады. Олардың өрнектi өкiлi - Альберт Великий алхимия, зоология, ботаника салалары бойынша көптеген iрi туындылар қалдырды. 14 ғасырдың аяқ кезiнен бастап, Германияда алғашқы Университеттер ашылды. 15 ғасыр орта тұсында Николай Кузанский Орталық Еуропа картасын жасады. Екiншi бiр ғалым М. Бехайм алғашқы глобусты жасап шығарды. Немiс ғалымдары астрономия, математика, медицина, биология салаларында үлкен жетiстiктерге жеттi. 16 ғасырда тау-кен өндiрiсi дамуына байланысты минералогия ғылымы пайда болды. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап Германияда жаратылыстану ғылымдары зор табыстарға жетiп, уран, цирконий, титан, церий т. б. элементтер ашылды. 1765 жылы дүние жүзiнде тұңғыш рет Фрейбергте тау-кен академиясы ашылды. 19 ғасырда экономиканың жедел қарқынмен дамуына байланысты жаратылыстану ғылымдары, соның iшiнде математика, химия, физика салалары одан әрi дамыды. 20 ғасырда техника, әсiресе, әскери техника жасау (ұшақ, танктер, электр техникасы) дамыды. 1930 жылы дымыран жасау iсi басталып, 2 дүние жүзiлiк соғыс кезiнде алғашқы зымырандар "Фау-1", "Фау-2" сынақтан өткiзiлдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz