Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ..5
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы және оларды ұлттық экономикада қолданудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік сақтандыру қоры ... ... ... ... ..13
2.2 Ұлттық қор және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып табылады. Бұл мәселені шешуде бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ерекше. Өз кезегінде бюджеттен тыс қорлардың қаржы жүйесіндегі арналымы орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар негізінде іске асады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Экономиканың нарықтық жағдайында қаржы маңызды қызметтерінің бір болып табылатын қаржыны қайта бөлуде бюджеттен тыс қорлардың алатын орны ерекше. Өйткені, нарықтық экономикада мемлекеттің экономиканы тікелей реттеу шараларының әлсіздігіне байланысты және нарық заңының әсеріне байланысты экономикада қаржылар бір салада жеткілікті немесе артық мөлшерде болса, ал кейбір салалардың қаржы тартуға икемділігі аз болады, сонымен қатар экономиканың маңызды стратегиялық салаларын қаржыландырудың қажеттігі туындайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда мемлекеттік бюджетпен қатар бюджеттен тыс қорлардың да маңыздылығы жоғары болып табылады. Мысалы, еліміздегі бұндай қорларға инновациялық қорды, сақтандыру қорын және Ұлттық қорды жатқызсақ болады.
Сондықтан қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын «Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны» деп алдық.

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Шарипбаев Н.Ж. некоторые вопросы развития страхового рынка РК //Аналитик, 2006. №1.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 543 бет.
4. Закон «О страховой деятельности» от 18.12.2000г.
5. Батыргожин Н. Итоги государственной программы развития страхования в РК //РЦБК 2006г. №2.
6. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
7. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
8. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
9. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
10. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
11. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
12. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007. №3.

ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ..5
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы және оларды ұлттық экономикада
қолданудың ерекшеліктері

... ... ... 8
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ

... ... ... ..13
2.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік сақтандыру қоры
... ... ... ... ..13
2.2 Ұлттық қор және оны ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру жолдары

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер

... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік
салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып
табылады. Бұл мәселені шешуде бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ерекше.
Өз кезегінде бюджеттен тыс қорлардың қаржы жүйесіндегі арналымы
орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар негізінде іске асады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары
қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан
ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге,
ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын
жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы
ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және
меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Экономиканың нарықтық жағдайында қаржы маңызды қызметтерінің бір болып
табылатын қаржыны қайта бөлуде бюджеттен тыс қорлардың алатын орны ерекше.
Өйткені, нарықтық экономикада мемлекеттің экономиканы тікелей реттеу
шараларының әлсіздігіне байланысты және нарық заңының әсеріне байланысты
экономикада қаржылар бір салада жеткілікті немесе артық мөлшерде болса, ал
кейбір салалардың қаржы тартуға икемділігі аз болады, сонымен қатар
экономиканың маңызды стратегиялық салаларын қаржыландырудың қажеттігі
туындайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда мемлекеттік бюджетпен қатар
бюджеттен тыс қорлардың да маңыздылығы жоғары болып табылады. Мысалы,
еліміздегі бұндай қорларға инновациялық қорды, сақтандыру қорын және Ұлттық
қорды жатқызсақ болады.
Сондықтан қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын Бюджеттен тыс қорлар,
олардың қаржы жүйесіндегі орны деп алдық.
Аталған тақырыптың өзектілігі экономиканың басты секторларының бірі
болып табылатын қаржы жүйесіндегі бюджеттен тыс қорлардың экономикалық
маңыздылығы мен мәнін ашып, оның қалыптасу барысы мен еліміздегі бюджеттен
тыс қорлардың маңыздылығын ашу болып табылады.
Тақырыпты жазудағы негізгі мақсатым экономиканың дамуын қаржымен
қамтамасыз етуші бюджеттік қорлармен қатар бюджеттен тыс қорлардың да
қажеттілігі мен маңыздылығын ашу болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы басты міндеттерім келесідей:
• Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу;
• Бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету принциптері мен сыныптамасына
тоқталу;
• Еліміздің егемендік алып, нарықтық қатынастарға өте бастаған
кезеңіндегі құрылған қорлар мен олардың қажеттігі туралы
тоқталу;
• ҚР-ның сақтандыру қоры туралы айтып өту;
• Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тәртәбән, оның құқықтық
аспектілерін талдау;
• Ұлттық қорды талдау, жетілдіру және қордың негізінде атқарылатын
мемлекеттің саясаттары мен реттеу шараларына тоқталып өту болып
табылады.
І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер
қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ
нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды
қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады.
Сондықта да қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығын құрайды.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты
қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы
ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі
қатынастар болып табылады.
Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап бюджеттен тыс қорлардың
пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады:
қатаң функционалдық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының
бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан
жеңілдету, бір жағынан бюджеттің тапшылығын төмендетудің қажет болуынан
еді. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей
байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды
қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры құрылды. Басқа
жағдайларда нарыққа өту кезіңде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі
жағдайында оны неғұрлым сенімді әрі тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік
мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін
межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік
сақтандыру қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін мемлекеттік қорының
шешуін қажет етеді.
Сол жылдары елде бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру
қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры
уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай
қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарыме, оған жұмылдыратын
қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды
қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің
мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне
қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша
міндеті жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнімнің құны есебінен төгілсе,
онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне тиіп өтеді – ұдайы өндіріс
пен тұтынудағы олардың мүмкіндіктерін шектейді. Қорларға аударылатын
аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі
баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді.
Сонымен қатар қорларды құру және пайдалану кезінде қайта бөлгіштік
процестер пайда болады, бұл процестер шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бір бөлігі үшін уақыттың белгілі бір межелдемесінде баламасыз болып
табылады, яғни олардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылары мына
қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну
қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық қорлар. Сол бір мезгілде бүкіл
қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлар арқылы әлеуметтік-экономикалық
теңгерімділік пен тұрлаулылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жеке
топтарын әлеуметтік қолдау, бүкіл экономика немесе аймақтың мүдделері үшін
белгілі бір мақсатты бағдарламаларды іске асыру, әлеуметтік-экономикалық
дамуды теңестіру жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымдағы
мәселелерді шешу мүмкін болады. Бұл орайда бюджеттен тыс қорлардың
қызметінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрініп,
білінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуі, сайып келгенде, бүкіл
қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы
қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында
оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға
жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу
қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру
қорының, Халықты әлеуметтік қорғау қорларының, Жұмыспен қамту қорларының
құрылуын қажет етті. Бұл қорлардың көпшілігі экономиканың дағдарыстық
кезеңінде уақытша қызмет етті.

міндеті жүктелді. Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына
жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады,
сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді.
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы
қорларын – белігілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын
қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста
болады: түседі, қорланады, жұмсалады.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана
қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін
тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі
бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік
береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты
белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін мемлекеттік қоры),
экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды шикізат базасын
толықтырудың республикалық қоры, инновациялық-инвестициялық қор, тұрақты
даму қоры), ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау, құқық қорғауға жәрдемдесу,
мәдени арналымға жұмсалатын қорлар болып жіктеледі.
Басқару деңгейіне байланысты – мемлекетаралық, мемлекеттік және
аймақтық (жергілікті аудан) қорлары.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның
ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымыен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді.
Барлық бюджеттен тыс қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта,
жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын арнаулы
қорлар термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын
баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктердің
басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін
басқаруға, олардың ұтымды, мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауға
мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруында
шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды:
дүниежүзілік практикада қорларды басқару автономды түрде яғни биліктің
өкілетті органдарының араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың
мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге,
ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта
бөлінеді. Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі
өнімінің 10-12% пайызын құрайды.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды
мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке
саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және
әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп,
кейбіреулері өз уақытында экономика үшін маңызы жоғары болып табылады.
Елімізде дағдарыстық және қайта жандану жылдары кәсіпорындар мен ұйымдарды
экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті
дамыту қоры, әлеуметтік даму қорлары жұмыс істеді. Сол жылдары
министрліктер мен ведомстволарда жалпы сапалық сиапттағы шығындарды
қаржыландыру, көптеген маңызды кәсіпоырндарға қаржы көмегін көрсету үшін
орталықтандырылған қаржы қорлары құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың
бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары, бағаны реттеу қоры және
т.б.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының)
акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда
белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша
төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен көрсетiледі. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем
мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға
және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген
күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс. Қоғамның жарғылық
капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге
асырылады.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын кешенді қорлар –
тұтыну және қорлану қорлары болып табылады. Тұтыну қоры еңбекақыға
төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр
түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын таза
табыстың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражатттары қызметкерлердің
жеке тұтынуына жұмсалады.
Қорлану қоры:
• кәсіпорындар қарамағында қалатын табыс;
• негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық
аударымдар;
• банктердің несиелері;
• шығып қалған мүлікті сатудан түскен түсім ақша қаражаттары.
Яғни, қорлану қоры ұлғаймалы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржыландыруға негізгі капиталдарды жаңартуға және жөндеуге, ғылыми-
техникалық прогресті дамытуға жұмсалады.
Елімізде бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуын негізінінен әлеуметтік
арналымдағы қорлардың мысалында атап өтсек болады. Оларға:
• Зейнетақы қоры;
• Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
• Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
• Жұмыспен қастуға жәрдемдесу қоры.
Сонымен қатар шаруашылық жүргізуші әрбір кәсіпорын немесе фирма
өздерінің қызмет ету барысында қызметкерлерді ынталандыру мақсатында
сыйақыларды, дивидендтерді, ынталандырушы төлемақыларды, қызметкердің
әлеуметтік жағдайын шешуге байланысты көиек қаржыларды қалыптастыру үшін
кәсіпорынның жекелеген тұтыну қорын қалыптастырады. Бұл тұтыну қорларын
қалыптастыру үшін кәсіпорында қызмет етуші азаматтар міндетті әлеуметтік
аударым сомаларын нормативтер бойынша аударып отырады. Сондай-ақ қоғамның
қаржылық қолдауды қажет ететін ұйымдарына жәрдемдесуге байланысты барлық
еңбекке ақы төлеу қорларынан 5% аударым жасалынады және міндетті әлеуметік
сақтандырудың аударым нормасы бойынша бөлінеді:
▪ Зейнетақы қорына – 85% (немесе еңбекақы қорының 25,5%);
▪ Міндетті медициналық сақтандыру қорына – 10% (еңбекке ақы
төлеу қорының 3%);
▪ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына – 5% (еңбекке ақы
төлеу қорының 1,5%);
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2% мөлшерлемесінде
міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылады. Бюджет мекемелері,
ауған-мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар
балалардың қайырымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып келеді.
Мылқаулар, мүгедектер және зағиптар қоғамы ұйымдары қорға жарна төлеуден
босатылады.
Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың
аударымдарын заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс немесе
айналым шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік
құнына жатқызады.
Сонымен қатар әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа
көздердің қаражаттары бағытталып отырады:
• Мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын
кірістер;
• Белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есептелген өсімпұл
сомасы;
• Қажетті жағдайларда – бюджет қаражаттары мен банк кредиттері;
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қаржыларынан үлес ұсынуларын
атап өтуге болады.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі
жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды,
мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды
қаржыландырып отырады.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі,
жүктілігі және босануы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтер
көрсетуді төлеуді қаржыландырады.

Сақтандыру – пайда болу, функционалдау мен даму принциптері өзінің
бейнесін экономикалық теория мен ағымдарында табатын қазіргі экономикалық
қызметтің дербес және спецификалық саласы болып табылады.
Материалдық саладағы өндіріс процессінің барлық кезеңдері залал
келдіру мүмкіншілігімен байланысты мүмкін болатын барлық факторлардың
тұрақты әсер етуіне ұшыратады. Табиғатқа әсер ете отырып, адам өзін үнемі
түрлі тәуекелдерге кездестіреді, бұдан табиғат қадағаланбайтын күш ретінде
шығады. Сондықтан нарықтық экономика шарттарында ерекше маңыздылық пен
актуалдылықты иемденетін, барлық мүмкін болатын тәуекелдерден сақтандыру
қорғауының қажеттілігі туындайды. Кездейсоқ факторлардың кері әсер етудің
ликвидациялау мүмкіншілігі спецификалық сақтандыру қорын құруда ғана жүзеге
асады.
Сақтандыру қоры – халыққа немесе қоғамға табиғи апаттар мен басқа
кездейсоқ факторлармен келтірілетін залалды өтеу үшін өз дамуының әртүрлі
кезеңдерінде қажет материалды немесе ақша қаражаттарының резерві. Қоғам
қажеттіліктерін сақтандыру қорғауымен қанағаттандыратын сақтандыру қорын
құрудың обьективті қажеттілігі қоғамдық даму процесстің өзін сипаттайтын
қайшылықтармен шартталған.
Осы заманғы шарттарда сақтандыру қорын құру халық пен қоғамды
сақтандыру қорғауы қажеттілігімен шарттайтын тәуекел факторларының келесі
топтарын бөліп көрсетуге болады:
- Табиғи апаттар, катаклизмалар олардың қоршаған ортаға, адамға
қиратушылық жасауы;
- Қоғамдық өндіріс, олармен байланысты техника мен ғылыми
–техникалық прогресстің жетістіктерін қолдану саласын
кеңейту;
- Материалдық залалды көрсететін, кері құбылыстардың түсу
ықтималдығымен шартталатын қоғамның әлеуметтік қарама –
қайщылықтары;
- Табиғатқа шаруашылық қызметінің кері әсер ету нәтижесі ретінде
экологиялық тәуекелдер.
Бұл тәуекелдердің факторлары, біріншіден, адамға, оның денсаулығы
мен жұмысқабілеттілігіне кері әсер етеді; екіншіден, материалдық өндіріске
залал әкелінеді, қиралған жабдықтарға, техникаға, материалдарға және т.б.
қалпына келтіруіне қажеттілік туындайды; үшіншіден табиғи ортаға залал
келтіріледі, экологиялық тәуекелдер пайда болады; төртіншіден, әскери
даулар, ереуілдер, жұмыссыздық, көп көлемдегі залалдар түрінде қоғамға
залал келтіріледі. Қоғамдық өндіріс дамуының мөлшеріне байланысты
сақтандыру қорына қажеттілік өседі. Бұл тек апаттар нәтижесінде пайда
болатын қолайсыз экономикалық зардаптармен ғана емес, сонымен қатар өндіріс
қаражаттары мен жұмыс күшін қалпына келтіруге қажетті резервтерді құрайтын
өндірістік және әлеуметтік – экономикалық түрінде өндіріс процессімен
түсіндіріледі.
Сақтандыру қорының маңыздылығын ашу үшін оның пайда болуының, құрылу
қағидаларының нақты формаларына тоқталып кетейік. Сақтандыру қорының
құрылуына және бөлінуіне табиғи апаттар мен әртүрлі кездейсоқ
факторларымен келтірілетін, залалдардың характері мен мөлшеріәсер етеді.
Сақтандыру қоры бірнеше әдістермен құрылуы мүмкін:
1. Орталықтандырылған әдіс. Орталықтандырылған тәртіпте бұл
ресурстарға бөлінген қаржылар есебінен сақтандыру қоры пайда
болады, оның мақсатты міндеті – мемлекеттік бюджетте
сақтандыру резервтерін құру. Осыған мысал ретінде, Қазақстан
Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Агенттілігімен
қолданатын мемлекеттік қор болып табылады. Бұл қорлар ірі
апаттар, төтенше жағдайларда халық шаруашылығына
келітірілген зияндар, сонымен қатар халыққа көмек көрсету
үшін қолданылады.
2. Өзін - өзі сақтандыру әдісі. Бұл әдісте қорлар авариялар,
машиналар мен механизмдердің бүлінген және т.б. кенет пайда
болған қиыншылықтарды тез арада жою мақсатында кәсіпорынды,
ұйымды оперативті басқару үшін, заңды және жеке тұлғалардың
өз қаражаттары есебінен құрылады. Өзін - өзі сақтандыру
әдісімен пайда болған сақтандырудың натуралды және ақшалай
резервтері ұйымдар мен кәсіпорындардың сақтандыру
қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз ету үшін
арналмаған. Олар болжанбаған жағдайлар кезінде пайда болатын,
ең шұғыл қажеттіліктер мен мұқтаждықтар үшін қолсұқпайтын
қор.
3. Сақтандыру әдісі. Тауар – ақша қатынастары сақтандыру қорын
құру үшін обьективті шарты болып табылады. сақтандыру
әдісімен құрылатын сақтандыру қоры нақты страховательдердің
мақсатты төлемдері есебінен құрылады және тек белгілі
мақсаттарға – шығындардың орнын толтыру, сақтандыру
соммаларын тек сақтандыру қорын құрайтын қатысушыларға төлеу,
яғни страховательдерге щығындалады. Сақтандыру сақтандыру
қорын құру әдісі сияқты орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған элементтерді құрайды. Бір жағынан
қаржылардың құрылуы орталықтандырылмаған тәртіпте жүргізіледі
сақтандыру төлемдері сақтандырушылармен төленеді. Ал басқа
жағынан, сақтандыру қоры жеке шаруашылықтар бойынша емес,
орталықтандырумен жұмылдырылады, сақтандыру жағдайлары
бойынша шығындардың орнын толтыруға құқықты сақтандыру
қорының қатысушылары сақтандыру келісімінің шарттарына сәйкес
алады.
Сақтандыру нарық моделінің теориялық өңдеудің обьективті алғышарты,
біріншіден, барлық мүмкін болатын экономикалық деңгейлерде және барлық
мүмкін болатын экономика субьекттерінде: мемлекет, индивидтер мен
кәсіпорынға сақтандыру қорғауының кең таралған формасы сияқты сақтандыру
қорларының болуы, екіншіден, олардың өздері сақтандыру қатысушылары мен
өздерінің сақтандыру қорларының ұйымдастырушылары болып табылады. Егер де
сақтандыру қорын индивидтер мен ұйымдар, мемлекет пен сақтандыру
компаниялары үшін жалпылай сақтандыру қорғауын ұйымдастырудың қазіргі
заманғы формасы сияқты қарастырсақ, онда ең алдымен сақтандыру қорының
жалпы қағидаларын анықтап, содан соң сақтандыру қорының жалпы моделін
сақтандыруды түсіндіру, дамыту және анализ жасау үшін қолдану қажет.
Сақтандыру қоры капитал ретінде қарастырылады. Сақтандырудың қорлық
түсіндіруіне негізгі моменттерді қысқаша баяндайық.
Сақтандыру өзінің пайда болу қағидаларын, функционалдауын және
дамуын экономикалық теориялар мен ағымдарда бейнесін табатын, қазіргі
экономикалық қызметтің дербес және ерекше саласы болып табылады.
Сақтандыру қоры моделінің теориялық өндірілуінің обьективті
алғышарты, біріншіден, барлық мүмкін болатын экономикалық деңгейлері мен
барлық мүмкін болатын экономика субьекттеріне: мемлекетке, индивидтер мен
кәсіпорындарға, сақтандыру компанияларына сақтандыру қорғауының ең кең
тараған формасы ретінде сақтандыру қорларының бар болуы, екіншіден,
олардың өздері сақтандыру қатысушылары мен өздерінің сақтандыру қорларының
ұйымдастырушылары болып табылады.
Егер де сақтандыру қорын жалпы сақтандыру қорғауының қазіргі
нысандағы ұйымы ретінде қарастырсақ: индивидтер мен ұйымдар, мемлекет пен
сақтандыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz