Дағдарыстан кейінгі кезең


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік басқару мен нарықтарды реттеу мәселелері экономикалық ғылымдағы негізгілердің біріне жатады. Қазіргі кезеңде оның маңызы жалпыжүйелік дағдарыс пен экономиканы басқарудағы күрделі кемшіліктермен байланысты әсіресе артып отыр. Қазір монетаризмнің догматикалық түсініктерінен бас тарту жүріп жатыр және мемлекеттің тек реттеуші ғана емес, меншік иесі ретінде нарықтық құбылыстарға қатынасу концепциясына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа стратегиясына деген қажеттілік қатты сезілуде. Ұсынылатын басқару тәсілінің негізіне ұлттық және экономикалық қауіпсіздік, ішкі өсудің көздері және өнеркәсіпті дамыту, экономиканың қаржылық және нақты секторларының арасындағы алшақтықты азайту, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытталуы және елдегі экономикалық түрленулер жатады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев айтқандай, мүмкіндік болған жағдайларда мемлекеттің реттеуші ролін арттыру қажет, бұл біздің әлеуметтік нарықтық шаруашылыққа қадам басуымыздың барлық сатыларында мемлекеттік реттеуді белсенді қолданудың болатындығын білдіреді. Дәл осындай тәсілдің арқасында елімізде нарықтық қатынастардың аясын біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік беретін экономиканы мемлекеттік реттеудің анықталған теориясы мен практикасы пайда болып келе жатыр.
Қазіргі уақытта ғылым саласы ретіндегі экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығын әлемнің барлық елдерінде мойындап отыр. Ұлттың тарихи жетістіктері, көбінесе, табиғи ресурстары мен технологиялары арқылы емес, басқарудың тиімділігі арқылы анықталатындығы даусыз айғақ болып табылады. Мұнымен қоса, қазіргі қоғамда мемлекеттік реттеу мен басқарудың сандық тапсырмалары артып, сапалық жағдайы күрделеніп отыр.
Осыған байланысты теориялық, әдістемелік зерттеулерді қарастыру; ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандарының қазіргі өзгерістерге сәйкес келуі қажет. Қойылған міндеттерді шешудегі теориялық тәсіл жаңа жағдайларда ұлттық экономикадағы мемлекеттік саясатты жасауда тиімсіз араласу мен ғылыми негізсіздікті азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан өмірінің барлық салаларын қамтыған кең көлемдегі әлеуметтік-экономикалық реформалар қазіргі кезеңде, бір жағынан, мемлекеттің мәні мен роліне теориялық тәсілдердің шетелдік тәжірибелерін мұқият зерделеуді, басқа жағынан ұлттық экономиканы басқарудың тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыруда жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді қарастыруда талап етеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің негіздері Дж. М. Кейнспен қаланған болатын. Оның еңбектерінде нарықтық экономикаға үкіметтік араласу, оны мемлекеттік реттеу, атап айтсақ, мемлекеттік қаржыны пайдалана отырып, мемлекеттік шығындарды азайту арқылы реттеу қарастырылды. К. Маркстің Ф. Энгельс арқылы толықтырылып, жетілдірілген теориясы өндіріс қаржысы мен мемлекеттік типтегі экономикаға қажет қоғамдық меншікке сүйене отырып, орталықтан басқарылатын қоғам құрудың маңыздылығын негіздеді. Экономикадағы мемлекеттің ролін зерттеулер Х. Лейбенштейннің, А. Маршаллдың, В. И. Лениннің, П. Самуэльсонның, В. Смиттің, Дж. Стиглердің, Й. Шумпетердің, Л. И. Абалкиннің, И. Осадчаяның және басқа да ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстандық экономикалық ғылымда елдің нарықтық жағдайлардағы экономикалық дамуындағы мемлекеттің ролі туралы сұрақтар мен экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды мәселелерінің шешімдері Я. А. Аубакировтің, Е. Б. Жатқанбаевтың, Р. Е. Елемесовтың, А. А. Абишевтің, Р. А. Алшановтың, Ж. О. Ихдановтың, А. К. Қошановтың, Н. К. Мамыровтың, О. С. Сәбденнің, А. А. Рамазанованың еңбектерінде жан-жақты талданады.
Алайда, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау дағдарыс жағдайында тереңдей түсетін ұлттық экономикадағы мемлекеттік ролі мен маңыздылығы туралы мәселелерді зерттеудің ғылыми негізделген тәсілдерінің толық қалыптасып бітпегенін көрсетеді. Ұлттық экономиканың даму мәселелерінің күрделілігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы үшін реттеудің мемлекеттік тетіктерін пайдалану қажеттігін ескере отырып, жоғарыда айтылған мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін, құрылымының логикасын таңдауға мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты болып ұлттық экономикадағы мемлекеттің ролін күшейту бойынша экономиканы мемлекеттік реттеудің тетіктерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-теориялық және практикалық ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыстың келесідей міндеттері анықталды:
- мемлекеттің функцияларын зерттеудің негізінде оның нарықтық экономикадағы орны мен ролін анықтау;
- әлеуметтік бағытталған экономикадағы мемлекеттің ролін зерттеудің теориялық және практикалық тәсілдері саласындағы шетелдік тәжірибелерді зерделеу;
- мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мәнін анықтау;
- мемлекеттік реттеудің мақсаттарын, міндеттері мен қағидаларын ғылыми дәйектеу;
- экономиканы мемлекттік басқаруды жетілдірудің қажеттілігі мен оның ары қарайғы орталықсыздануының маңыздылығын негіздеу;
- Қазақстандағы аймақтық мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлері арасындағы функциялар мен құзыреттіліктерді шектеу бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне мемлекет теориясы, нарық экономикасының жаһандануы, институционализм, қаржылық нарық, мемлекеттік реттеу мен ұлттық қауіпсіздік салаларындағы шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері жатады.
Зерттеудің ақпараттық базасын автор зерттеу жұмысын жүргізу барысында жинақтаған Қазақстан Республикасының заңдары, заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес ресми бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасы Статистка агенттігінің, министрліктер, ведомоствалар мен басқа да басқару органдарының мәліметтері, монографиялық басылымдардың материалдары және мерзімдік басылымдардың материалдары құрайды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Алынған ғылыми нәтижелер министрліктер, ведомстволар және Қазақстан мен оның аймақтарындағы басқа да басқару органдары арқылы қолданылуы мүмкін. Жұмыстың нәтижелері «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Макроэкономика», «Әлем экономикасы», «Экономикалық ілімдер тарихы» пәндерінде оқытуда қолданыла алады.
Қорғауға шығарылатын негізгі мәселелер:
- мемлекеттік реттеудің тәсілдерінің теориялық аспектілері және ұлттық экономикадағы мемлекеттің ролін анықтау бойынша авторлық талдаулар;
- дағдарыстан кейінгі кездегі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының басым бағыттары;
- ұлттық экономикадағы мемлекеттің ролін күшейтудің қажеттілігі негізделген;
- экономикалық саясатты жақсартуға арналған мемлекеттік реттеудің институционалдық концепциясын жақсарту бойынша шаралар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, жұмыста 2 кесте, 3 сурет берілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері мен негізгі бағыттары зерттелген. Түрлі мектептер мен көзқарастар талданған.
Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстандағы мемлекеттік реттеудің қазіргі жай-күйі талданған. Мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспекілері мен басымдықтары қарастырылған.
1. Еңбектің мәні және еңбек өнімділігінің теориялық аспектілері
1. 1 Қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығуды мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Кез келген экономикалық жүйеде мемлекет ұлттық экономика, салалар мен аймақтарда, фирмалар мен кәсіпорындар немесе сыртқы экономикалық қатынастар шегінде жүзеге асатын шаруашылық процесіне әртүрлі дәрежеде және нысандарда араласып отырған.
Дағдарыстан кейінгі ұзақ мерзімдік дамуға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасымен Үкімет ұзақ мерзімдік бағдарламалар жасауда. Ұзақ мерзімде максималды жоғары әрі тұрақты өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму кезеңінің басты мақсаты болып табылады. Мұндай міндеттер қою дағдарыстан кейінгі кезеңдегі кез келген елдің басты мақсаты болуы тис. Бұл бірінші орынға экономикалық мектептердің теорияларының өзара байланыстылығын зерттеуді шығарады. Бұл дағдарыстан кейінгі даму жағдайында Қазақстанның тиімді даму моделін құруында теориялық негіз болып табылады. Нарықтық экономикада дамитын елдердің дағдарыстан шығу және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму тәжірибесі бұл елдердің экономиканы мемлекеттік реттеу моделінің жиі ауысып тұрғанын көрсетеді. Мұндай алмасудың мәні экономикаға мемлекеттік араласудың күшеюінде немесе әлсіреуінде болып табылады. 30-жылдардағы ұлы тоқырау кезеңінде мемлекеттік реттеу тәжірибесі дағдарысқа қарсы сипатта болды. дағдарысқа қарсы шаралар циклдік құбылыстарды түзету үшін, яғни дағдарыстың салдарын жұмсартуға бағытталды [1] .
Ары қарай экономиканың ертедегі мектептерінен бастап, марксизм, кейнсиандық, Дж. М. Кейнс көзқарасының жалғасы ретіндегі неокейнсиандық бағыттың, негізінде классикалық мектеп экономистерінің көзқарастары жатқан неоконсерватистік бағыттың, «жаңа экономикалық ғылым немесе неоклассикалық синтез» концепциясын, неоклассикалық мектеп концепцияларын, соның ішінде, М. Фридменнің монетаризмін, А. Лаффердің ұсыныстар экономикасын, Р. Лукастың рационалды күтімдер теориясын қарастырамыз.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі мен қызметтеріне қатысты мәселе - ғалымдардың бұрынна бергі мәселелерінің бірі. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде пайда болған (ХҮ-ХҮІІ ғғ. ) ең алғашқы экономикалық мектеп - меркантилизмнің өкілдері мемлекеттік реттеудің қажеттілігін негіздеді, әсіресе, бұл сауда мен өнеркәсіп салаларының дамуы үшін аса қажет. Меркантилизм идеялары протекционизм немесе ұлттық ұлттық нарықты қорғау саясаты атауына ие болған мемлекеттік саясаттың теориялық базасына айналды. Бұл саясат отандық экономиканың дамуын ынталандыруға, сыртқы нарықты кеңейтуге бағытталды.
ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастап, нарықтық қатынастардың жандануымен өскен өндірістік капитал мемлекеттік қамқорлық пен онымен байланысты шектеулерді кедергі ретінде қарастырып, бұдан құтылуға ұмтылды. Классикалық политэкономияның негізін салушылардың бірі Адам Смит (1723-1790) «табиғи үйлесім» (тепе-теңдік) идеясын ұсынды, ол экономикада сыртқы (мемлекеттік) араласу болғанда орнайды және нарықтық жүйенің қызмет етуінің оптималды режимі болып табылады. Смитттің ойынша, экономикалық процестер «көрінбейтін қол» арқылы реттеледі - жеке пайдаға ұмтылу жалпы пайдаға, өндірістің дамуы мен прогреске алып келеді. Смит мемлекеттің ролін «түнгі күзетші» қызметімен шектеді, яғни [2] :
- тәртіпті қолдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- әділ сотты жүзеге асыру;
- қоғамдық жабдықтар мен мекемелерді қарамағына алу.
«Кәсіпкерлік еркіндік», «сауда еркіндігі» қағидалары теорияда да, саясатта да мемлекеттік протекционизм идеясын алмастырды.
Нарықтық экономикадағы артық өндіру дағдарысының мүмкіндіктері туралы классиктердің пікірі қызығушылық тудырады. А. Смит те, Д. Рикардо да мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды. Мұны К. Маркс сынға алды. Маркс артық өндірудің экономикалық дағдарысын капиталистік экономиканың циклдік дамуы ретінде және макроэкономикалық тепе-теңдік шарттарының бұзылуы салдары деп қарастырды. Маркстің ойынша, экономикалық дағдарыстардың себептері өндірістің кеңеюі тиімді сұраныстың пропорционалдық ұлғаюын автоматты түрде туындата алмауынан болады. Өмірлік қажеттіліктерді қамтитын жұмысшылардың нақты жалақысы еңбек өнімділігі сияқты тез артпайды. Маркс бойынша экономикалық дағдарыстан шығу тетігі капиталдың жаппай жаңаруына негізделеді. Алайда, бұл процесте мемлекетке ешқандай роль берілмейді.
ХІХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада орын алған экономикалық және әлеуметтік процестер (барынша тереңге кеткен және ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстар, 1848ж революция), әсіресе 1929-1933жж Ұлы тоқырау кезеңі мемлекеттің ролі мен қызметінің өзгеруіне жағдай жасады. Шаруашылық даму мен әлеуметтік тепе-теңдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың қажеттілігі айқын көріне бастады.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің белсенді ролі - экономикалық ғылымдағы кейнсиандық бағыттың негізгі мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдағы экономикалық ойдың танымал өкілі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) экономика ғылымындағы мемлекеттік реттеу теориясының негізін салушы ретінде саналады. Кейнс А. Смиттің «көрінбейтін қол» қағидасына және мемлекеттің экономикаға араласпау идеясына сыни көзбен қарады. Ол жеке экономикалық адамның немесе фирманың гүлдену шарттары елдің экономикасының гүлденуімен сәйкес келетіндігіне күмән келтірді. Керісінше, олардың арасында келіспеушіліктер пайда болады, ал олардың шешімдері мемлекеттік араласуды талап етеді.
Дж. М. Кейнс Батыстың экономикалық ойлар ағымын елеулі түрде өзгертті. Негізгі еңбегі «Жұмыспен қамтудың, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде ол нарықтық экономиканы іштей тұрақсыз деп қорытындылайды. Кейнс бойынша барлық мәселе тек сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуында ғана емес, ол қоғамның жиынтық сұраныстың жетіспеушілігінен де зиян шегіп отырғандығында болып табылады. Жиынтық сұраныс: С+I, мұндағы С - тұтыну, I - инвестиция.
Кейнстің теориясын дағдарысқа қарсы деп те айтуға болады, себебі ол экономиканы күйзеліс жағдайында қарастырған. Кейнстің көзқарасына сәйкес, мемлекет экономикаға еркін нарықтың оны дағдарыстан шығаратын тетіктерінің болмауы себебінен белсенді араласып отыруы қажет. Осылайша, Кейнс өзін-өзі реттейтін нарықтық механизмге сенбеді және қалыпты өсуді қамтамасыз ету үшін және тепе-теңдікке қол жеткізу үшін экономикалық даму процесіне сырттан (мемлекет тарапынан) әсер ету қажет деп ойлады.
Шешілуіне мемлекет қатысуы тиіс аса күрделі мәселелер ретінде Кейнс нарықтық шаруашылықтың дағдарыс пен жұмыссыздыққа бейімділігін бөліп көрсетті. Ол нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін талап етті, мемлекеттік дағдарысқа қарсы саясат пен толық жұмысбастылық саясатын жасап, ұсынды, олардың негізінде тиімді сұраныстың кейнстік теориясының негіздері жатты. Мемлекеттен өндіріс құралдары мен тұтыну заттарына сұранысты нарықтарды теңестіретіндей етіп ынталандыру талап етілді, ал ол, болжанғандай, құлдыраулардан құтылуға жағдай жасап, экономикалық өсуге тұрақтылық береді.
Дағдарысқа қарсы реттеудің басты тәсілі болып, сондай-ақ, экспансионистік ақша саясаты табылды. Бұл саясатты жүзеге асыру арқылы мемлекет сұранысқа екі жақты әсер ете алады. Біріншіден, айналыстағы ақша айналысын арттыру арқылы инфляция мен бағаның өсуіне ерік береді. Тұтынушылар инфляциялық күтулерге бейімделе отырып, өз жинақтарын жұмсауға, тауарлар мен қызметтерге ағымдағы сұранысты арттыруға мәжбүр болады. Екіншіден, ақша ұсынысын арттыра отырып, мемлекет қысқа мерзімге пайыз қойылымдарын төмендетеді. Несие арзан, кәсіпкерлерге қол жетімді болады, өз кезегінде, кәсіпкерлер несие арқылы өндіріс құралдарына сұранысты арттырады. Бұдан бөлек, оларға ендігі кезекте, өз ақшаларын төмен пайыздық қойылымдары бар банктерге жұмсамай, акцияларға сала бастайды, бұл іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді. Қысқа мерзімдік тұрақтылыққа қол жеткізу арқылы мемлекет тек ақша саясатын емес, салық саясатын да қолданады. Өндірістің төмендеуі байқалған кезде, салықтық ауыртпалық мүмкіндігінше төмендетіледі, осылайша, ағымдағы сұраныс реттеледі, ал өрлеу кезеңіндегі мемлекеттің әрекеті керісінше болады [3] .
Егер ақша саясаты да, салық саясаты да қажетті нәтиже бермесе, нарықтарды теңестіруге мүмкіндік бермесе, мемлекет өзі қосымша сұраныс туғызады. Бюджеттік шығындар артады (қоғамдық жұмыстар ауқымы кеңейеді, мемлекеттік тапсырыс артады), кейде бұл табыстардың шегінен де асып кетуі мүмкін, осының салдарынан бюджет тапшылығы орын алып, ол түрлі көздер арқылы жабылады.
Кейнс ашқан негізгі психологиялық заңдылыққа сәйкес, адамдар табыстың артуымен тұтынуды да арттырады, бірақ табыстың өсу қарқынындай емес. Жинақ табыстың тұтынудан артылуының көрсеткіші болып табылады. Табыс пен тұтынудың арасындағы айырмашылық жаңа инвестициялар арқылы толықтырылуы керек. Толық жұмыспен қамту мен экономиканың тепе-теңдігіне жинақ пен инвестицияның теңдігі кезінде қол жеткізіледі. Жинақ пен инвестицияның арасындағы сәйкессіздік оларды басқару факторларының әртүрлі болуынан орын алуы мүмкін. Мәселен, жинақтайтындар - шаруашылықтар мен қаржы институттары, ал инвестициялау туралы шешімді фирмалар қабылдайды. Міне, осы жерде сәйкессіздік орын алуы мүмкін. Егер жинақ инвестициядан артып кетсе, онда жиынтық сұраныс азаяды. Бұл ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің азаюымен тереңдей түседі. Бұл мемлекеттің инвестициялар мен тұтыну көлеміне араласудың объективті қажеттілігін тудырады.
Бәрінен бұрын, Кейнс экономиканы реттеу үшін ақша-несие саясатын пайдалануды ұсынды. Мұнымен қоса, 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқырау кезеңінде экономиканы жандандыру үшін тек ақша саясаты жеткіліксіз болатынын түсінді. Монетаристерден айырмашылығы кейнсиандықтар ақша-несие саясатының да, монетаристік саясаттың да маңыздылығын мойындайды.
Шындыққа сәйкес цикл теориясының негізін Кейнс және оның жақтастары салды. Циклдік дамуды марксизм капиталдың артуы табыс көлемінің сәйкес өсімін қамтамасыз етпейтін жағдайдағы капиталдың артық жинақталуы ретінде түсіндіреді. Маркстің айтуынша, негізгі капиталдың жаңартылуы циклдің материалдық негізі болып табылады.
Кейнс бойынша цикл капиталдың шекті тиімділігінің өзгерісімен байланысты. Аталған мәселені Маркс пен Кейнс бойынша салыстырмалы талдау көрсеткендей, цикл тек капиталистік меншікпен байланысты емес, сондай-ақ ұзақ мерзімдік пайдаланудағы меншікті жаңартудың қажеттілігімен де түсіндіріледі [3] .
Циклділікке қарсы кейнстік бағдарламаны алғаш рет тәжірибеде американдық президент Ф. Д. Рузвельт қолдануға тырысқаны белгілі, ол өзі енгізген осы жүйені «жаңа курспен» мемлекеттік реттеу деп атады.
Қазіргі кезде нарықтық экономикада дамып жатқан елдер үшін, соның ішінде, Қазақстан үшін де дағдарыстан шығудың себептері ретінде Кейнстің таза экспорт туралы түсінігінің маңызы зор. Кейнстің пікірінше, экспорт пен оның кеңеюі өндірістің артуына, табыстың және ел ішіндегі жұмыспен қамту деңгейінің артуына жағдай жасайды. Себебі шетелдік сатып алушылар арқылы отандық өнімдерге жтиынтық сұранысты арттырады. Ал импорт, керісінше, отандық өнімге жиынтық сұраныстың төмендеуін алып келеді. Бұл жерде Қазақстан үшін таза экспорттың құрамы тек шикізат қана емес, дайын өндірілген өнім көлемін арттыру да маңызды болып табылады. Осы мақсатта, елімізде индустриаландыру бағдарламары қабылдануда. Бұлар, өз кезегінде, Қазақстанның дағдарыстан шығу тетігі ғана емес, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму мақсаты мен бағыты да болмақ.
Соғыстан кейінгі кезеңде капиталистік елдердің басты сипаты болып мемлекеттің циклдің барлық фазаларына араласуы табылды. Кейнсиандық «жиынтық сұраныс» теориясы Самуэльсон, Хикс, Харрод, Хансен сияқты ғалымдардың еңбектерінде ары қарай дамытылды. Кейнстің қазіргі экономика мемлекет тарапынан реттеуге мұқтаж деген қорытындысын негізге ала отырып, неокейнсиандықтар жүзеге асу шарттарын реттеуді басты міндет етіп қойды. Олардың Кейнстен айрмашылығы - оның статикалық теориясына динамикалық сипат берді. Неокейнсиандықтар өздерінің теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, жеке экономикалық саясаттарын ұсынды. Мәселен, олар мөлшерлемелері өнімділік пен жұмыспен қамту деңгейіне тәуелді қалқымалы салық шкаласын енгізуді: дағдарыс кезеңінде мөлшерлемені төмендету, ал өрлеу кезеңінде қайта көтеруді ұсынды.
«Жаңа экономикалық ғылым» немесе «неоклассикалық синтез» 60-жылдардағы жетекші концепция болды. Теоретиктер мен практикалық зерттеушілер экономиканың ары қарайғы дамуының негізгі мәселесі экономикалық өсуді ұзақ мерзімді реттеу моделін жасау қажеттігінде деген қорытындыға келді. «Жаңа экономикалық ғылым» теориясында экономикалық өсуді ынталандырушы экономикалық саясат жаңа қырынан танылды. Оның негізгі жағдайлары американдық экономист У. Хеллердің еңбектерінде көрініс тапты. Қазіргі капиталистік жүйе бәсекеге еркіндік беретін нарықтық болып табылатындықтан, мұнда монополиялар мен монопольдік бағаларға, жалақы мен бағаларды тікелей бақылауға орын болмауы тиіс. Себебі қазіргі нарықтық шаруашылық өзін-өзі реттеу қабілетінен айырылғандықтан, циклдік ауытқуларды минимумға жеткізу үшін, экономиканың тұрақты өсуі үшін мемлекет тарапынан араласу қажет болып табылады. Мемлекеттің экономикалық саясатының мақсаты толық жұмыспен қамтуға, экономиканың тұрақты өсуіне, тұрақты бағалар мен төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болуы тиіс. Қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың практикалық құралдары инвестицияларды, мемлекеттік бюджетті реттеу, салық саясаты, несие мен ақша айналысын бақылау, жеке инвестицияларға жағымды жағдай жасау, экономикалық болжамдау болып табылады [3] .
Американдық экономистер У. Хеллер мен А. Оукен «жаңа экономикалық ғылымның» жағдайларына сүйене отырып, экономикалық саясаттың қағидаларын жасап шығарды. Олар экономиканы мемлекеттік реттеудің бағыттары ретінде мыналарды анықтайды: салықтар арқылы ұлттық табысты қайта бөлу; кәсіпорындарды тікелей және жанама мемлекеттік субсидиялау; тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды дефициттік қаржыландыру; несиені мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, сату жолымен және айналыстағы ақша массасын реттеу жолымен, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемеге әсер ету арқылы реттеу [3] .
АҚШ үкіметінің мемлекеттік аппаратында осы бағыттың өкілдері жауапты орындарға ие болды және 60-жылдарда өздерінің теориялық ұстанымдарын жүзеге асырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz