Түрік қағанаты туралы



I) Кіріспе:
1) Түрік қағанатының құрылуы.
II) Негізгі бөлім:
1) Түрік қағанатының дамуы.
2) Батыс және Түркеш қағанаты.
3) Қағанаттың шаруашылығы.
III) Қорытынды бөлім:
Түрік қағанатының ыдырауы.
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бет бұрыстар болған. Алтай-Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларынын үстем тап өкілдері бірігіп,әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері Шығыс Кореядан бастап Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен Күлтегін», «Кіші күлтегін», «Тоныкөк» құлпытастарындағыжазулардан белгілі. Күлтегін түрік халқының атақты қолбасшысы болған. Ескерткіште оның ерлігі туралы және түрік халқы туралы баяндалады,мәселен, «Түркі халқының бектері» немесе «Күлтегін ер атанды», «Оған қаған атын біз бердік» деген шумақтардан түркі халқының халықтық дережеге дейін жеткенін көрсетсе «бек», «қаған» деген сөздерден әлеуметтік теңсіздік бірден байқалады. «Алтын тас» кітабында түркі халқы туралы сөздер жиі кездеседі. Бұдан біздің білетініміз түркі сөзінің алғашқы айтылған және пайда болған жері Монғолиядағы Орхон өзенінің жағасы. Бір тілде сөйлеген түркі халқы деп отырғаны оғыз,қарлұқ,қырғыз, түргеш ,ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар. Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжығанда, әсіресе қазіргі қазақ жерінен орын тепкен. Ондағы үйсін, қаңлы тайпаларының аттары да аталмай өше бастаған,олар тек орта ғасырдың соңғы кезінде қайтадан айтыла бастайды. Түріктердің көне руна және қытай деректеріне қарағанда, оңтүстік шығыс Қазақстандағы түрік тайпалары дулулар мен рушебилерден тұрған. Дулулар Шу мен Іле өзенінің аңғарларын алып жатса,ал рушебилер Шу мен Талас аңғарларын мекендеген. Олар «он оқ елі» немесе «он оқ будын» аталып түрік қағандығының билігінде болған. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «түрік дәуірі» (VI-XII)деген атпен белгілі. Көрсетілген мерзімде Қазақ жерінде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Түрік тігдес тайпалар жергілікті тайпалармен араласып жергілікті-этникалық тайпалардың құрамын пайда етті. Ақыр соңында келешектегі қазақ халқынын негізі қаланды. Жерімізде болған мұндай тарихи жағдайларды біз оқып білуге тиістіміз.
1)Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) Төрт томдық.
I том.Алматы: «Атамұра», 1996ж.296 бет.
2)Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан (Ерте дүниеден VII Ғасырға дейін ) Алматы:Ана тілі, 1995ж.51-60бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I) Кіріспе:

1) Түрік қағанатының құрылуы.

II) Негізгі бөлім:

1) Түрік қағанатының дамуы.

2) Батыс және Түркеш қағанаты.

3) Қағанаттың шаруашылығы.

III) Қорытынды бөлім:

Түрік қағанатының ыдырауы.

Кіріспе

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бет бұрыстар
болған. Алтай-Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларынын үстем тап өкілдері
бірігіп,әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет
құрды. Олардың жері Шығыс Кореядан бастап Орта Азияның жерінде қамтылған.
Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба
деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған Үлкен Күлтегін, Кіші
күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағыжазулардан белгілі. Күлтегін түрік
халқының атақты қолбасшысы болған. Ескерткіште оның ерлігі туралы және
түрік халқы туралы баяндалады,мәселен, Түркі халқының бектері немесе
Күлтегін ер атанды, Оған қаған атын біз бердік деген шумақтардан түркі
халқының халықтық дережеге дейін жеткенін көрсетсе бек, қаған деген
сөздерден әлеуметтік теңсіздік бірден байқалады. Алтын тас кітабында
түркі халқы туралы сөздер жиі кездеседі. Бұдан біздің білетініміз түркі
сөзінің алғашқы айтылған және пайда болған жері Монғолиядағы Орхон өзенінің
жағасы. Бір тілде сөйлеген түркі халқы деп отырғаны оғыз,қарлұқ,қырғыз,
түргеш ,ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар. Бұл тайпалар
шығыстан батысқа қарай жылжығанда, әсіресе қазіргі қазақ жерінен орын
тепкен. Ондағы үйсін, қаңлы тайпаларының аттары да аталмай өше
бастаған,олар тек орта ғасырдың соңғы кезінде қайтадан айтыла бастайды.
Түріктердің көне руна және қытай деректеріне қарағанда, оңтүстік шығыс
Қазақстандағы түрік тайпалары дулулар мен рушебилерден тұрған. Дулулар Шу
мен Іле өзенінің аңғарларын алып жатса,ал рушебилер Шу мен Талас аңғарларын
мекендеген. Олар он оқ елі немесе он оқ будын аталып түрік қағандығының
билігінде болған. Қазақстанның тарихында бұл мерзім түрік дәуірі (VI-
XII)деген атпен белгілі. Көрсетілген мерзімде Қазақ жерінде бірнеше
феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Түрік
тігдес тайпалар жергілікті тайпалармен араласып жергілікті-этникалық
тайпалардың құрамын пайда етті. Ақыр соңында келешектегі қазақ халқынын
негізі қаланды. Жерімізде болған мұндай тарихи жағдайларды біз оқып білуге
тиістіміз. Бұл проблема жазба деректер бойынша көрнекті ғалымдар
Л.Н.Гумелев, Н.Я.Бичурин,С.В.Киселев,С.Е.Малов,Ю .А.Зуевтердің еңбектерінде
қарастырылған. Ал түрік дәуірінің ескерткіштері көрнекті археолог
ғалымдарымыз А.Н.Бериштам, Л.Р.Қызыласов, М.К.Қадырбаев,
С.М.Ақынжановтардың зерттеу жұмыстарында орын алған. Түрік ордасының
алғашқы қағаны Тұмын болған, оған Елхан деген атақ беріледі. Аңыздарға
қарағанда, Тұмын қағанға дейін де V.ғ. өзінде түріктердің Надулшад және
Ақханшад деген атақты қолбасшылары болған. Шад сөзі соғдыларша билік
жүргізетін ұғымды білдірген.Түрік билеушілерінің соғдаша шад сөзінің
айтылуына қарағанда, түрік тайпаларының шын мәнінде V.ғ. өзінде орта Азияда
болғандығына күмән келтірмейтін сияқты. Тұмын қағанының кезінде түрік
тайпалары Батысқа қарай аттанып,иелік ете бастаған. Түрік қағаны Тұмынның
көзге түсіп, ел аузындағы сөзге ілініп Елхан деген атаққа ие болуы, түрік
елінің ата жауы болып келген, авар қағаны Анағұйды талқандап, оны біржола
жеңуінен еді. Міне, осы кезден бастап Түрік қағанаты өзінің саяси билігі
жағынан дамиды. Тұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлері Қара-Еске,
Мұқан (553-572)қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын
кеңейту ісін оның інісі Иштеми жүргізген. Қытай деректеріне қарағанда, б.з
.555ж. Иштемидің Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал
теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал Күлтегін үлкен жазуында Мұқан
мен Иштеми қағандардың өз халқын Темір қақпаға дейін орналастырған.
Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Соғда елі мен Тохарстан елінің
арасындағы Байсын тауындағы өткел. Бұл деректер б.з.VIғ. ортасында түрік
қағанаты Орта Азияның жеріне еркін жеткендігін көрсетті. Түрік қағанатының
күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI
ғ. ортасы.Бұл кезде Түрік қағаны Иштеми Эфталиттерді өздеріне толық
бағындыруға әрекет жасайды. Алайда, бір шеті Каспий теңізінен,екінші шеті
Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді, алып жатқан
эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтынын білген түрік қағаны Иран
шахымен (Хусрау) келімге келуге әрекеттер жасайды. Қағанның ойлаған ойы
сәтті болып, келісім істері сәтті аяқталады. Халықтардың ұлы қоныс аудару
дәуірі ( II–Vғғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық
және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле
(тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс
Европаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп
жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырла
Қазақстан жерлері құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік
ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі
қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай
аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.

Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі
және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың)
ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің
солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл
сайын шапқыншылық жасап,ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы
келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы
дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі
Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген бұл жерлерге
үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген
тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ
оладың нөпірі сұсты болған дептопшыланады,өйткені тиректердің құрамына
көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы
тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын күтпеген жерден қатты шабуыл
жасай отырып, бей-берекет жатқан тирек армиясын қапылыста басып,
кескілескен шайқастан кейін оны күйрете женеді де, тиркетердің 50 мыңнан
астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құқығының
қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің
армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық
тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұнын
бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға
әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды . Мұның
өзі қағанмен тең құқықтылығы көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар
қағаны Анағұй: Маған бас иетін – вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтін барды?
деп Бумынға жаушыларын жібереді. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік
қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай
болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы
вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552
жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете
женгені соншалық, Анағұй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-
төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына
да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретіндеорнықтырады. Бумын
өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады,оның бастауымен түріктер
Орхонның жоғары жағында бір жердегі букрат тауларында аварларды екінші рет
женеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді атайды, ол
қағандық тағына Мұқан-қаған деген атпен отырады,оның лақап атыЙанту
болады.Мұнын бәрі 552-554 жылдар аралығында болған. Бұл уақыттың ішінде
түріктер шығыста қайлар,қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте-
Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады. Бұл жылдары түріктердің батыста
жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларда Бумынның
басқа бір інісі Иштеми бастайды,кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы
және Батыс Түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылы
батысқа жасалған жорықтардың бірінде иштеми Бумынмен бірге болып, қауым
бастығын басқарды,өзін қағанмын деп жариялады. Бұл - өте-мөте назар
аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген,бұл дәстүр
бойынша тайпалық әскери ұйымның ондық жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде
651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш-қаған өзінің мемлекетін
күтпеген жерден он ұлысқа бөледі:әрбір ұлыс оны басқарушы бір адамның
қарамағында болады. Оны шад деп атаған. Әрбір шадқабір жебеден сыйлыққа
береді, осыдан келіп Он жебе деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың
ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта
кезінде-ақ болған және Батыс Түрікқағанатының этникалық-саяси құрылымында
айқын бейнеленеді.

Батыс түрік қағанаты - Алтай, Сібір жерінен бастап, Амудария
өзені мен Еділ-Жайық өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған.
Алып жатқан жеріне негізінен Қазақстанның оңтүстік-оңтүстік шығыс жері
кірсе, орталығы Суяб қаласы болған. Археологтардың пікіріне қарағанда, бұл
қала қырғыз жеріндегі Тоқпақ қаласының маңындағы көне қаланың орны
Ақбешим.Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың
талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен
ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618
жылдар), өз ішінде де саяси билік үшін талас-тартыс басталып, ақырында,
оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік
қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарыны
бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды.
Бөлінуіне қарамастан, Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама
саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы –
ашиналардың қолында болды. Батыс түрік қағанаты ежлгі усун жерлеріне ірге
тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан
Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси
ұйытқысы – он тайпа он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен
қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқанд,
Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-
егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды.
Батыс түріктеріне тәуелді деген аты болған Соғды мен Бұхарада да қағанның
наместниктері, яғни, дұрыссырағы, оның өкілдері болды. Шарауашылық-
экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің – мал шаруашылығын
көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық
қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды.
Транзит сауда айырбасы да, iшкi сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды,
сөйтiп Батыс түpiк қағaнатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының
да халқы осы айналыс өpiciнe тартылды. Қағанатта қоғамдық-экономикалық
қатынастардьың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үpдicтepгe
байланысты жүрiп, феодалдық қaтынастардьң орнығу арнасында жургенiмен, оның
өз ерекшелiктерi де болды. Батыс түpiктepi мемлекетiнiң бiрiншi басшысы -
қаған, жоғapғы билеушi, билеп-төстеушi, әскербасы болды. Ол нақты алғaнда
шығыс түpiк қағaнатына теуелдi болды, бұл оның тaққa отыруына өз келiсiмiн
берeтiн немесе бермей де қоя алатын eдi. Бiрaқ ic жүзiнде шығыс тypiктepi
де өздерiнiң iнiлерiне талай рет бағынышты болды. Алғaшында қaғaн тaғынa
мұрагерлiк бойынша қaғaнаттың сол қaнaтынaн шұмұқ (ашна) фратриясының
өкiлдерi отыратын, бiрақ бұл тәртiп тұғлұқтар мен оншадьпыттаp топтарының
араcындaғы өзара тартыс күресiнде мезгiл-мезгiл бұзьлып отырды. Кей
кездерде қағанатта бiрнеше қaғaн болып, олардьң өкiлеттiк дәрежесi әр түрлi
болды. Қаған мемлекеттiң iшкi жене сыртқы саяси iстерінің бәрiне басшылық
еттi, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттiк фратриялардан шыққан
шонжарларғa сүйендi. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу
aңғарындағы Суяб қaласы болды. Саяхатшылардың хабарлауына қарағанда, Суябқa
жақын жазғы резиденция - Цзедань қaғaнның ордасы болғaн. Қаған тек билеушi
ғaнa емес, сонымен қaтap қaғaнаттың барлық жepiнің иесi де болуы мүмкін.
Алайда көшпелi қoғaм жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билiк негiзiнен
алғанда жерге емес, ол жердi пайдаланылатын адамдар ұжымынa жүрriзiлдi.
Техника мен жер суарудың тым қapa дүрсiн болуы жaғдайында ауыл
шаруашылығынa жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер көп болды.
Көшпелi қoғaм жылжып көшiп, тiптi үдере көшiп кете алады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік қағанатының құрылуы
Түрік қағанатының ыдырауы
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Түркештердің этникалық құрамы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Түрік тектес түргеш тайпалары
Пәндер