Алғашқы орыс-жапон қатынастары


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Алғашқы орыс-жапон қатынастары

2. Е. В. Путяниннің Жапонияға сапары

3. Тең емес келісімдердің жасалуы

3. 1. Симод трактаты

3. 2. Жаңа сауда келісімдері

Қорытынды

Қосымшалар

Сілтемелер

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XVII ғ. аяғы XIX ғ. басында Батыс державаларының Жапонияны «ашу» саясаты Ресейді де тыныш қалдырмады. Осы кездерден бастап алғашқы орыс-жапон қатынастары орнатылып, сауда байланыстары жасалынадыды. Путянин экспедициясы осы қатынастардың орнатылуына негіз болады. XVIII ғ. ортасынан екі мемлекет арасында шекаралық мәселелер туындап, бөлініс басталады. Батыс державаларының Жапонияның саясатына араласуымен орнатылған алғашқы келісім шарттар Ресей империясына өзінше қауіп төндіреді. Курил және Сахалин аралдарын иелену және Тынық мұхитында өз саясатын жүрізуге ұмтылған Ресей, Англия, Франция, АҚШ арасында бақталастық туындайды. Жапония мен Қытайға ықпал ету үшін барлық державалар тең емес келісімдер орнатуға ұмтылады.

Мақсаты. Орыс-жапон қатынастарын ресми мемлекет аралық қатынастар орнату кезінен бастап динамикасын зерттеу.

Жоғары кқрсетілген мақсатқа жету үшін автор келесі міндеттерді қойды:

  • Алғашқы қатынастарды ашып көрсету
  • Жапония мен Ресей империясы арасында жасалған келімдерді зерттеу
  • Екі ел арасындағы шекараларды анықтау
  • Курил аралдарының мәселесін қарастыру

Хронологиялық шеңбері Ресей империясы мен Жапония арасында достық келісім туралы және шекараларды анықтайтын 1855 ж. Симод келісімінен Сахалин аралының мәселесін шешкен 1875 ж. Петербург келісіміне дейін қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден,

  1. Алғашқы орыс-жапон қатынастары

Орыстар мемлекетінің қиыр шығыстағы кеңістігін зерттеу XVIII ғ. басталды. Ол тек экономикалық емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыда болды. Зерттеулерді Сібірдің шығыс бөлігінде дамытуда I Петр үлкен ықпал етті. Оның бұйрығымен Курил аралдарын жан-жакты зерттеу жүргізілді.

XVII ғ. ортасында Сібірдің көп бөлігін өзіне қосып алған Ресей империясы енді Охот теңізінің жағалауына шығады. Осы кезде ең алғашқы орыстардың Камчатка, Курил және Алеут аралдарының түбінде кемесі апатқа ұшыраған Дэмбей атты жапондықты кездесуі болады, яғни 1701 ж. таман Ресей Жапония сияқты мемлекеттің өмір сүруі туралы білді. Дэмбей Москваға жеткізілді және I Петрден аудиенция алды. 1705 ж. I Петр Санкт-Петербургте жапон тілін үйрететін мектеп ашуға бұйрық беріп, Дэмбейді мұғалім етіп қойды. Осыдан кейін мемлекеттік деңгейде Жапонияға теңіз жолдарын зерттейтін экспедиция ұйымдастырылады. 1711 ж. Д. Анциферов және И. Козыревский экспедициясы екі Курил аралдарын зерттеп, олардың сызбалаорын келтірді. Жергілікті тұрғындардан Курил аралдарын жапондықтар иеленбегенін білді. Осылай орыстан аралдарды басқару құқығына ие болды. 1739 ж. Шпанберг пен Вальтон кемелері Рикудзэн мен Ава провинцияларының жағалауына келеді. Олар Курилл аралдарының толығымен сызбаларын картаға енгізіп, тағы да оның Жапонияға жатпайтығын дәлелдейді. Шпанберг пен Вальтон кемелері Жапонияның өзінде, тіпті орталық аралдарында да болған. 1739 ж. 16 маусымында орыстар алғаш рет Хонсю аралының солтүстік-шығыс жағалауын көрді. 18 маусымда Шпангер экспедициясының үш кемесі - «Архангел Михаил», «Надежда», «Большерецк» Нагаватари жапон ауылының жағалауына келіп тоқтайды. Осылайша бірінші байланыс болады, бірақ Шпанбергте аудармаша болған жоқ, ал Курил аралдарынан бірге жүзіп келген айндер жапон тілін білмеген. Орыс кемелерін жапондықтар «Қара кемелер» деп атаған. Халықтың орыстардан алған күміс теңгелері бакуфқа жеткізіліп, олар өз алдына Жапонияда тұратын голландықтардан кеңес алуға барады. Олар бұл теңгелердің құйылған жерін айтқаннан кейін Жапония солтүстігінде «Оросия» (Ресей) мемлекетінің бар екендігі туралы білді.

Жапония туралы алғашқы деректер XVII ғ. ортасында ғана Ресейге енді. «1670 ж. Космографияда» нақты болмаса да Жапонияның климаты, табиғаты, географиясы, халқы туралы мәліметтер берілген. Жапония туралы мәліметтер I Петр жазбаларында келтірілген.

1780 ж. Курил аралдарында көптеген орыс қоныстары болған, ал аборигендердің көп бөлігі проваславты және орыс тілінде сөйлейтіндер болып есептелген.

1798 ж. Жапония Итуруп аралын оккупациялады. Аралға түскен отряд крестерді және басқа да аралдың Ресей империясына жататын белгілерін жойып, жапондық кедендік бағаналарын орнатты.

Жапониядағы бірінші Адам Лаксман басқарған елшіліктен бастап (1792 ж. ) қандай да келісім орнату (сауда келісімдерінен басқа, оның өзі үлкен шектеулерден тұрды) ешқандай нәтиже бермеді. Бұл сегунат билігінің мемлекетті «жабық» деп жариялануынан.

2. Е. В. Путяниннің Жапонияға сапары

Жапониямен қандай да қарым-қатынас ұзақ уақыт бойы орната алмаған Батыс державалары XIX ғ. ортасында күшпен ашуға кірісіп, бірнеше тең емес келісім шарттар жасады. Қиыр Шығыста өзінің саясатын жүргізуге оны Ресей империясының қауіпсіздігіне, оның Тынық мұхитындағы саудасына және еркін жүзуіне қауіп төндірген Англия, Франция, АҚШ-тың осы аймақтағы қызметі, олардың өзара Қытай мен Жапонияға ықпал етуге бақталастығы, Курил аралдары, Сахалин аралдарында және Амур құйылысында орнығуға талпынысы итермеледі.

Ресей ең алдымен осы елмен шекара мәселесін шешуге (Курил және Сахалин аралдары) және достық қатынас орнатуға ұмтылды. Осы мәселелерді тез шешуге ең алдымен АҚШ-тың аймақта іскер әрекеттері итерді.

1852 ж. қазанында вице адмирал Е. В. Путянин басқарған елшілік жіберіледі. Оның эскадрасының құрамындағы «Паллпда» фрегатында белгілі жазушы И. А. Гочаров болған, ол экспедицияның ресми емес тарихшысы болды. Ресейдің бұл қадамы Батыс державаларына үлкен уайымшылық алып келді, әсіресе Голландия (жалғыз европалық мемлекеттер арасында Жапониямен сауда қатынастарында болған) мен АҚШ-ты.

Ресей өкіметі Путянин экспедициясына оның мақсаты мен міндетін анықтап берді. Ол Шығыс Азиядағы және Солтүстік Американың батыс бөлігіндегі Ресей иеліктерінде болып жатқанның барлығын хабарлау, мәлімет жинау және Жапонияның Ресеймен жақындығын пайдаланып, одан Ресейдің Қиыр Шығыстағы иеліктеріне экспорт шығарып, жапондықтарға керекті тауарларды беруге, яғни айырбастауға немесе саудаға жетуге міндетті болды. Бұл мақсаттарға жету үшін бейбіт жолды қолдану керек еді, «әйтпесе олар сенім жоғалтып, олардың орнына американдықтар немесе басқа теңіз державалары келу мүмкін» еді. Путянин тек бейбіт жолмен және сол елдің заңдарын сақтау арқылы қатынас орнатуға бұйрық берілді. I Николайдың жапон императорына жіберілген хатында Путянин елшілігінің бейбіт мақсаттармен келгендігі айтылған және Жапония порттарын орыстарға тауар айырбастау үшін келуге сұраныс жіберілген, яғни сауда қатынастарын орнату.

АҚШ-қа қарағанда, Ресей империясы Путянин елшілігін құпия түрінде жіберген жоқ. Жапониямен қарым-қатынас орнатуға ұмтылған шетел мемлекеттері арасында дәнекер болуға ұмтылған Голландия бұл экспедиция туралы бакуфқа хабарлайды, әрине жаксы жағынан емес. Сондқтан да Ресей эскадрасы 1853 ж. тамызынды (Урага шығынағынан Перридің кетуінен бір айдан соң) Нагасаки шығанағына келгенде қабылдау жылы түрде болған жоқ. Орыстардың әскери күшпен қауіп төндірмегенін көрген жапондықтар келіс сөздерді созып отырды және Путяниннің Эдоға баруын болдырмауға тырысты.

Бакуфқа екі жақтан қысым көрсетілді - АҚШ-тан және Ресейден. Путянинді келіс-сөздерді тездетуге Ресейдің Түркиямен, Англиямен және Франциямен туындап келе жатқан соғыс итерді. Болмаған жағдайда сәтсіз экспедиция Ресей империясының абыройын түсірді. Жапондықтардың келіс-сөздерді созуына жауап ретінде Путянин Эдоға баруымен қорқыты. Бакуф өкілдерімен ұзақ келіс-сөздер басталады. Алты ай ішінде Путянин порттарды ашуға және сауда қатынастарын орнатуға жапондық жақтан принципті келісімге келді. Ол орыс-жапон келісім шартын орнатуға және Ресейге «Жапониядан америкадық қарумен немесе келіс сөздермен, ал болашақта басқа теңіз державаларының зорлығымен керекті барлық нәрселермен» қамтамасыз етті. 1854 ж. қаңтардың соңында эскадра Нагасакиді тастап, Рюкю аралдарына келеді. Осы жерден Путянин командор Перридің қайтадан Эдоға аттанғанын біледі. Бұл жолы оның Жапонияға асығуы орыстардың әрекеттерінің себебінен болады.

3. Тең емес келісімдердің жасалуы

1854 ж. ақпанының ортасында, белгіленген уақыттан ерте Перри эскадрасы Иокогамаға жақын Канагава жеріне келеді. 9 әскери кемеде 1600 теңізші және 250 қару жарақ болды. Әскери күш қолданумен қорқытқан Перри 1854 ж. наурызында жапон-американдық достық және бейбітшілік келісім-шартына қол қойғызады. Ол тарихқа Канагава келісі деген атпен енді және Ансэй келісімдерінің басы болды. Оның мәтіні төрт тілде - ағылшын, голланд, жапон және қытай тілінде жасалады.

11 баптан тұратын келісімнің мәні мынада:

  • американдық кемелерді кіргізуге және оларды барлық қажеттілікпен қамтамасыз етуге Симода және Хакодатэ порттары ашылады; сонымен қатар кемелер саны және тауар көлемі шектелген жоқ.
  • Нагасакиде голландықтар мен қытайлықтарға жасалған шектеулер американдықтарға қатысты болған жоқ
  • кемелері апатқа ұшырағандармен қатынас реттелді
  • ауа райы бұзылған жағдайда АҚШ кемелері Жапонияның барлық порттарына кіруге құқылы болды.
  • т. б.

Осылайша американдықтар өзінің мақсатына жетті - Жапонины ашты. Кейін тап осындай келісімдер Англиямен, Франциямен, Голландимен жасасты.

3. 1. Симод трактаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Жапон қоғамының күрделі капитализмге өту жолдары
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары
Жапон - кеңес келісімі және оның халықаралық мәні
Орыс Қиыр Шығысындағы Жапонияның интервенциясы
Жапонияның қазіргі кездегі геосаясаты
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Дүние жүзі тарихы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz