Ұлы Жібек жолы жеріміздегі өркениеттің даму жолы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖЕРІМІЗДЕГІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ДАМУ ЖОЛЫ

С. Жолдасбаев / А. Ясауи атындағы ХҚТУ АҒЗО директоры, т. ғ. д., профессор

Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің ел экономикасын өркендетудің бағдарламасы туралы айтқан бір сөзінде «жақын болашақта біз көне заманнан біздерді байланыстыратын Ұлы Жібек жолын әлемнің барлық аймақтарымен бұдан да неғұрлым белсенді қатынастыратын магистралға айналдыру қажет» деген болатын. Президентіміздің бұл ойы «жол картасы» бойынша толық іске асырылып жатыр. Ұлы Жібек жолының қайта жанданып жол бойындағы елдердің экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағынан қарым-қатынастары, байланыстары тез қарқынмен дамуын көркейтеді. Егер бұдан екі мың жыл бұрын бұл жолмен қарым-қатынас тек түйе, жылқы, қашыр, есек сияқты күш-көлік жануарлармен керекті жерлеріне айлап-жылдап жүрсе, бүгінгі техниканың дамыған заманында жол картасы бойынша Ұлы Жібек жолының жаңадан салынып жатқан керемет даңғыл тас жолының бойымен тез арада жететін болады. Мұндай қарым-қатынас елдер арасындағы бейбіт байланысты тездетеді. Бұл жолдың салынуына біздің елімізде өтетін жеріне Түркия, Жапония, Ресей сияқты т. б. елдер кірісіп кетті.

Ұлы Жібек жолы қайдан басталды? Қай жерге барды? Қайдан аяқталды? Неге Ұлы Жібек жолы болып аталды? Жолдың қандай тарихи маңызы болды? Деген сұраулар туады. Әрине бұл мәселе тарихтан азда болса белгілі. Дегенмен оған қысқаша тарихи экскурс жасалмай кетуге болмайды. Ұлы Жібек жолы әлі толық зерттеліп болмаған мәселе десек артық айтқан болмаймыз. Біздің жерімізден жолдың өтетін кескінін археолог ак. К. М. Байпақовтың зерттеуінен біразда болса белгілі [1, 190-б] . Ғалым еңбегінде түркі дәуірінің кезіндегі қалалардан жолдың өтетіндігі туралы басымырақ жазса, ал соңғы ортағасыр кезіндегі қалаларды басып өтетін жол туралы ғылыми жағынан онша ашылмаған. Ал Ұлы Жібек жолының басқа елдерден өтетіндігі туралы мәселе онша әлі көтерілмеген.

Жалпы Ұлы Жібек жолының тарихын зерттеу мәселесі 1987 жылы ЮНЕСКО ұйымының Бас конференциясының 24 сессиясында кешенді түрде зерттелудің халықаралық жобасы қабылданған. Бұл шешім бойынша ҚХР, МХР, Италия, Греция, Египет, Индонезия, Португалия сияқты т. б. мемлекеттер қатынасып зерттеудің жобасы жасалған. Ол жоба бойынша «Адамды қоршаған орта, жер мен су қоры», «Мәдениет пен келешек туралы» аса ірі екі мәселе іске асырылуы тиіс еді. Алайда бұл мәселелер осы күнге дейін іске асырылмай келеді.

Міне осы көңіл бөлгелі отырған атақты Ұлы Жібек жолы қайдан, қашан шықты? Қытай деректеріне жүгінетін болсақ бұл жол Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан басталып Сирияға дейін жеткен [2, 372-373-бб; 98-107-бб. ] . Жол аралықта талай елді мекендерді басып өткен. Ал ак. К. М. Байпақовтың ғылыми пікіріне қарағанда «Жібек жолының кейбір бөліктері б. д. д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған» [3, 25-29-б] . Ғалым оған дәлел ретінде Бадахшан тауынан табылған көк лағыл тастан (лазурит) жасалған бұйымдардың Иран, Месопотамия, Анатолия, Египет, Сирия жерлерінен табылса, бірінші мыңжылдықтың жартысында Қытай жерінде табылған. Ал Жібек жолы аталуы бұл жолдың алғашқы кезі Қытай жерінен жібектің тасылуы бойынша айтылған. Ол кез б. д. д. ІІ және б. д. д. І мыңжылдықтарда болған. Шындығына келгенде жолмен әр түрлі тұтыну бұйымдары тасылып сауда-сатуға түссе түрлі мәдени жаңалықтар, елдер арасындағы саяси келісімдер т. б. қарым-қатынастар жүргізілген.

Ал бұл жолдың «Ұлы» аталуы, ол көптеген елдерді байланыстырып жатқандығы болса, екіншіден Шығыс пен Батыс континеттерін қосып жатуы.

Біздің басты көңіл бөлетініміз жерімізден басып өтетін «Ұлы Жібек жолының» бойындағы елді мекендерімізге тигізген әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы әсерін білу.

Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы" сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.

Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б. з. б. ІІ-І ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VІІ ғасырда түрік қағандарының және оның нөкерлерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл - VІ ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Фергана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен.

Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.

Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б. з. б. І ғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұган жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындагы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.

Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымының сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған.

Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б. з. алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен, қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының Жапониядағы сілемі - ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана бастайды.

Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды.

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы. Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құмыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.

Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Ал Сығанақ қаласының Ұлы Жібек жолының бойында тұруы оған Батыстанда, Шығыстанда саудагерлердің келетіндігі туралы Фазлаллах Рузбихан жаза келіп Дәшті Қыпшақтың қоймасы деп көрсетеді. (4, 116-117) . Қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілерді тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батые елдерінің арасындағы халықаралық

(дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген. Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б. з. б. ІІ ғ. ортасында басталған. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оралған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан.

Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-катынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор болды.

Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері.

Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы. Қазақ жері Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы іспеттес. Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жері - керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы.

Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Оны Жетісу аймағындағы ортағасыр-лық қалалар мен бұл аймақтағы кейінгі орта ғасырдағы қазақ қыстауларының орналасқан жерінен [5, 110-160-б], сондай-ақ шығысқа қарай шығып жатқан тас және темір жолдардың іздерінен байқауға болады. Орта ғасыр қалалары мен қыстаулары Жібек жолы бойына жақын салынған, ал тас және темір жолдар сол бұрынғы керуен жолдарының ізімен тартылған.

Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Ол Тараз қаласы арқылы Алматыға жетіп, одан Шелек, Сүмбе, Жаркент (Ілебалық) арқылы шығысқа бет алады. Ал екінші солтүстік-шығыс бағыт Алматы (Алмалық, Алма-ту), Қапшағайдан өтіп, Шеңгелді, Алтынемел, Дүнгене, Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа қарай өтеді. Ал үшінші бағыт Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл бағыт Құлан, Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді. Осы бағытпен атақты елші, саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан. Көрсетілген қалаларды басып өткен Ұлы Жібек жолы бойында ХІV-XVI ғғ арасында өмір сүрген қазақтардың қыстаулары өте көп. Оларға жүргізілген зерттеулер қытай теңгелері мен фарфордан жасалған ыдыстарың тапқан. Мұның өзі Ұлы Жібек жолы қазақтар арасына да әсер еткен [6, 56-59-б. ] . Жолдың бірнеше бағытта өтуінің Жетісу тұрғындары үшін маңызы өте зор болған. Олар өздеріне керекті бұйымдарын айырбас сауда арқылы алып, қажеттіліктерін қанағаттандырып отырған.

Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі. Жібек жолы жоғарыда айтылған Жетісу арқылы шығыстан тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам) қаласына жеткен. Бұл екі қала жеріміздегі сауданың басты орталықтары саналды. Оған дәлел - археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде қалалардан әр елдің тұтыну бұйымдары, теңгелер мен әшекей, сәндік бұйымдар табылған. Мәселен, Тараздан табылған қытай фарфорлары, Византияның сәнді әшекей бұйымдары мен күміс құмыралары бұл қалалардың басқа елдерден келген саудагерлердің бас қосқан жері болғандығын көрсетеді.

Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан. Отырардан шыққан бір жол - Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өтіп, Васидж қаласына барған. Васидждан одан әрі шыққан жол Сырдың бойымен жоғары өрлеп, Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай Жент қаласына жеткен. Жолдың бір тармағы Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішті, одан әрі Еділ бойы, Кавказды байла-ныстырған Ұлы Жібек жолының бұл тармағы Алтын Орда кезінде негізгі сауда жолдарының біріне айналды.

Қалалар сауда жолының түйіскен торабында орналасқандықтан, қала тұрғындарының әр түрлі аймақтардан келгендіктері, олардың әр түрлі діни наным-сенімдерде болғандықтары бірден байқалады. Мәселен, Тараз қаласынан христиан, мұсылман, буддизм, т. б. діни наным-сенімде жерленген адамдардың мүрделері немесе олардың діни орындары ашылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысы
Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы сауалнама
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Тараз (Талас)
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы мәдени феномен ретінде
Діни нанымдар
Түркі әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz