Қазақстан Республикасы валюта жүйесi



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi ... ...4
1.1. Валюта бағамы, оның экономикаға әсерi ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2. Валюталық нарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ тарау. Қазақстан Республикасының валюталық саясаты ... ... ... ... .21
2.1. Валюталық бағамдар режимiн реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ІII тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДIК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСIНДЕГI ОРНЫ

2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң жалпы жағдайы мен белгiлерi
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және валюталық бағам


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Валюталық жүйенiң маңызды элементi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттiгiнен; дүниежүзiлiк және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарда бейнеленген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы. Ол заңды түрде бекiтiлген валюталық паритет шеңберiнде ауытқып отырады.Валюталық баға белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер етпейдi, өйткенi валюта бағамының мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжiрибеде анықтелатын экономикалық тiкбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгi қарқыны (жылына 10% дейiн), жұмыссыздықтың, төменгi деңгейi (8% дейiн),дүниежүзiлiк нарықтағы тепетеңдiк.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде ауытқиды. ХВҚ – ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да валюталық “қоржын” базасында бакiтiлген.
1. Майдан - Әли Байгiсиев. Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық.
2. Международные валютно – кредитное и финансовые отношения. / Под ред. Л.Н.Красавин/
3. Халықаралық экономикалық қатынастар . Р.И.Хасбулатова.
4. Мировая экономика
5. Халықаралық экономикалық қатынастар. Майдан - Әли Байгiсиев
6. Рубков Б.Б. Зарубежные фондовые рынки.
7. Вернер Ф.Э Международные валютное право.
8. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика
9. Көшенова Б.А. Ақша,несие, банктер. Валюта қатынастары.
10. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие.
11. Сейтқасымов Ақша,несие,банктер.
12. Халықаралық экономикалық қатынастар. Жалпы ред. Басқарған Р.Е. Елемесов
13. Сахариев Сембай, Сахариева Анель. Әлем экономикасы.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi ... ...4
1.1. Валюта бағамы, оның экономикаға
әсерi ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.2. Валюталық
нарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 13

ІІ тарау. Қазақстан Республикасының валюталық саясаты ... ... ... ... .21

2.1. Валюталық бағамдар режимiн
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...27

ІII тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДIК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСIНДЕГI ОРНЫ

2.1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң жалпы жағдайы мен
белгiлерi
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және валюталық
бағам

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 35

Кіріспе

Валюталық жүйенiң маңызды элементi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң
хадықаралық саудасы барысында, капитал және несиенiң қозғалысында
валюталармен өзара айырбастың қажеттiгiнен; дүниежүзiлiк және ұлттық
нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарда
бейнеленген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға; банктер
мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға
байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша
бiрлiгiнiң бағасы. Ол заңды түрде бекiтiлген валюталық паритет шеңберiнде
ауытқып отырады.Валюталық баға белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның
бағамының деңгейiне әсер етпейдi, өйткенi валюта бағамының мәнi қалады,ал
оның формасы өзгередi. Валюталық бағам, валюталарға сұраныс пен ұсынысқа
ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар:
1) Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат.
1) экономикалық – халықаралық тәжiрибеде анықтелатын экономикалық
тiкбұрыштың шыңы ияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инфляцияның төменгi қарқыны (жылына 10% дейiн), жұмыссыздықтың, төменгi
деңгейi (8% дейiн),дүниежүзiлiк нарықтағы тепетеңдiк.
2) Психологиялық жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға
ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк
шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде ауытқиды. ХВҚ – ның
Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ – да
валюталық “қоржын” базасында бакiтiлген.

І. Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi.
Валюталық бағам - бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен
немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.
Валюталық бағамның құндық негiзгi валютаның сатып алу қабiлетi болып
табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар
өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi.
Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны
болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс
және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген.
Тауарлардың және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған
көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде
белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы
жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесi анықталады.
Валюталық бағанға әсер ететiн факторлар: кез келген баға сияқты
валюталық баған да құнның негiзiнен валютаның сұранысы мен ұсынысына
байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр түрлi
факторларға тәуелдi:
Һ инфляция қарқыны
Һ төлем байланысының жағдайы
Төлем балансы- елдiң дүниежүзiлiк байланысының құндық көрiнiсi.
Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағанының өсуiне мүмкiндiк бередi,
өйткенi ұлттық валютаға шетелдiк борышкерлер жанынан жанынан сұраныс
көбейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуiн
туғызады. Себебi борышкерлер өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн
ұлттық валютаны шетелдiк валютаға сатады (импорт көп болады).
Төлем балансының тұрақсыздығы сәйкес валютаға сұраныс пен ұсыныстың
секiрмелi өзгеруiне әкелiп соғады. Қазiргi уақытта төлем балансына
капиталдың халықаралық қозғалысының әсерi өсiп отырғандықтан, оның әсерi
валюталық бағанға да өседi.
Һ әртүрлi елдердегi проценттiк ставка айырмашылығы. Бұл
факторлардың валюталық бағанға әсерi екi негiзгi себеппен
түсiндiрiледi:
Һ проценттiк ставканың өзгеруi капиталдың халықаралық қозғалысына
әсер етедi. Процентiк ставканың жоғарылауы шетелдiк капиталдың
ағуын ынталандырады. Ал оның төмендеуi капиталдың сыртқа
ағылуына дем бередi.
Һ проценттiк ставкалар валюталық нарық және қарыз каппиталы
нарығының операцияларына әсер етедi.
Һ валюталық нарық және спекулятивтiк валюталық операциялар
қызметi. Егер қандай да бiр валбта бағаны төмендей бастаса, онда
фирмалар және банктер осы валютаны алдын-ала тұрақты валютаға
айырбастайды. Ал бұл әрекет әлсiреген валюталық позициясын
нашарлатады. Валюталық нарыққа экономикадағы және саясаттағы
өзгерiстер курсының ара-қатынас тұрақсыздығы тез әсерiн
тигiзедi.
Һ Белгiлi бiр валютаның евронарықта және халықаралық есеп
айырысуларда қолдану дәрежесi. Мысалы, евробондар операцияларының
60-70%-н АҚШ доллары арқылы жүзеге асырылады. Бл осы валютаға
сұраныс пен ұсынысты масштабын анықтайды.
Қазiргi уақытта АҚШ доллар үлесiне халықаралық төлемдердiң 55%-тен
жоғары бөлiгi тиедi.Мұнай үшiн есеп айырусыдың 86-90%, сыртқы қарыздың 70%
тиiстi.
Сондықтан Мұнайға бағаның өсуi мемлекеттердiң қарыздары бойынша
төлемдердiң өсуi доллардың сатып алу қабылетi төмендеген кезде де, оның
курсының өсуiне мүмкiндiк туғызады.
Һ Валюталардың бағамдық ара-қатынасына, сонымен қатар халықаралық
төлемдердiң тездетiлуi немесе тұрып қалуы әсер етедi. Ұлттық
валюта бағаны төмендеп кетуi мүмкiн деген оймен импортерлар
контрагенттерге шетел валютадағы төлемдi тездетедi. Шетел
валютасының бағаны жоғарлап кеткен жағдайда импортер зиян шегуi
мүмкiн.
Ұлттық валюта тұрақталған жағдайда керiсiнше шетел валютадағы
төлемдердi кiдiртуге ұмтылады.
Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi.
Валюталық бағам - бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен
немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.Валюталық бағамның
құндық негiзгi валютаның сатып алу қабiлетi болып табылады. Бұл
экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар өндiрушiлерiмен
дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар
өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан,
әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас
процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарлардың және
қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған көмегiмен ұлттық
бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде
қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк
дәрежесi анықталады.Валюталық бағанға әсер ететiн факторлар: кез келген
баға сияқты валюталық баған да құнның негiзiнен валютаның сұранысы мен
ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр
түрлi факторларға тәуелдi:инфляция қарқынытөлем байланысының жағдайыТөлем
балансы- елдiң дүниежүзiлiк байланысының құндық көрiнiсi.Активтi төлем
балансы ұлттық валюта бағанының өсуiне мүмкiндiк бередi, өйткенi ұлттық
валютаға шетелдiк борышкерлер жанынан жанынан сұраныс көбейедi. Пассивтi
төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуiн туғызады. Себебi
борышкерлер өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн ұлттық валютаны
шетелдiк валютаға сатады (импорт көп болады).Тағамдар; мақсатты аймақтар;
гибридтi (аралас) валюталық бағам жүйесi.
Еркiн қалқу жуйесiндегi валюта бағамы нарықтық ұсыныс пен сұраныстың
әсерiнен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстiк нарық нағыз нарық
моделiне жақындатылған: қатысушылардың көлемi сұраныс жағында да үлкен
жүйедегi кез-келген ақпарат лезде жеткiзiледi және нарықтың барлық
қатысушыларына қол жетерлiк, орталық банктердiң бұрламаушы ролi әлсiз және
тұрақты емес.
Басқарылатын қалқу жүесiнде валюта бағамына сұраныс пен ұсыныстан
басқа, орталық банктер де үлкен әсерiн тигiзедi, сондай-ақ, әр түрлi
уақытша (мерзiмдiк) нарықтық бұрмалаулар.
Бекiтiлген бағамдар жүесiне Бреттон-Вудтiк валюта жүйесi (1944-
1971ж.ж) мысал бола алады.Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу
шегi +-1%-пен бекiтiленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты
болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар.
Мақсатты аймақтар жүйесi бекiтiлген валюттық курстар идеясын
дамытады.Одан басқа бұл түрге Европа валюта жүйесiнiң қатысушы елдерiн
валюта бағамдарының жұмыс iстеу режимiн жатқызуға болады.
Гибридтi валюталық бағамдар жүйесiмне қазiргi валюталық жуйе
мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн қалқуын iске асыратын, тұрақтылық
аумағы бар елдер.
Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер боынша жiктеуге болады.
Валюта нарығында қолданылатын айтарлықтай маңызды ұғымдардың
бiрi нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.
Нақты валюта бағамына сай келетiн валютада алынған екi елдiң
товар бағаларының қатынасы ретiнде анықтауға болады.
Er - нақты валюталық бағам
Ph - iшкi нарықтағы бағалар
Pf - шетелдiк нарықтағы бағалар
En - номиналды валюталық бағам.

Кесте № 1

Валюта бағамы түрлерiнiң классификациясы

Критерийлер Валюталық бағам
1 Бекiту тәсiлi қалқымалы бекiтiлген аралас
2 Есеп айырысу тәсiлi Тең құқықтық (паритетный) дерктi
3 Келiсiмдер түрi Жедел келiсiмдiк Спот-келiсiмдiк
Своп-келiсiмдiк
4 Белгiлеу(нұсқау) тәсiлi Ресми бейресми
5 Валютаның сатып алу Жоғарылатылған Төмендетiлген
қабiлетiнiң паритетке қанынасы Паритеттi
6 Келiсiм қатысушыларына Сатып алу бағамы Сату бағамы Орта
қатынасы бағам
7Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша Нақты Номиналды
8Сату әдiсi бойынша Қолма-қол сату бағамы Қолма-қол емес
сату бағамы Валюта айырбастаудың
көтерме бағамы Банкноттық

Номиналды валюта бағамы елдiң нақ осы уақыттағы жүрiп жатқан валютаның
айырбас бағамын көрсетедi.
Сатып алу күшi (еррр) тұрақты паритетiн қуаттап тұратын валюта
бағамы нақты валюта бағамымен табиғаты (шығу тегi) бiрдей.
Баға қатынасы негiзiнде есептелген нақты валюта бағамынан басқа
осы көрсеткiштi басқа негiзбен қолдануға болады. Мысалға, оның орнына екi
елдiң жұмысшы күшiнiң құнын алайық.
Ұлттық валюта бағамы басқа әр түрлi валюталарға қарағанда уақыт
аралығында бiрдей емес өзгере алады. Осылайша күштi валютамен қатынасында
ол төмендесе, әлсiз валютаға қарағанда көтерiледi.Дәл осы себептен валюта
бағамының динамикасын анықтау үшiн валюта бағамының индексiн есептейдi. Оны
есептеген уақытында әр валюта өзiне тиiстi сыртқы экономикалық келiсiм-
шарттан үлесiне байланысты өз салмағын алады. Барлық салмақтар суммасы
бiрлiктi құрайды(100%) Валюта бағамдары олардың салмағына көбейтiледi,
алынған мөлшерлер жинақталады (қосылады) және олардың орта мәнi алынады.
Қазiргi жағдайда валюта бағамы кез-келген нарықтық баға сияқты
сұраныс пен ұсыныс әсерiмен құрылады. Соңғыларын тепе-теңестiру валюта
нарығында нарықтық валюта бағамының тепе-теңдiк деңгейiнiң орнығуына алып
келедi. Бұл негiзгi(фундаментальдi) тепе-теңдiк деп аталады.

Мұндағы шетел валютасына сұраныс (D) мөлшерi елдiң товармен
қызмет импортына қажеттiлiгiмен, ол елдiң туристiк шығындары, шет
мемлекекеттерге шыққандармен , резиденттердiң шетелде инвистициялық
жобаларын iске асырғысы келетiндiгiне байланысты шетел қаржылық активтерiне
және шетел валютасына сұраныспен анықталады.
Шетел валютасының бағамы жоғарылаған сайын, оған сұраныс азаяды,
шетел валютасының бағамы төмендеген сайын, оған сұраныс көбее түседi.Осы
жағдайлармен қаралып жатқан графикте, сұраныс қисығының иiлуi анықталады.
Шетел валюта ұсынысының мөлшерi осы мемлекеттiң валютасына шетел
мемлекетiнiң резиденттерiнiң сұранысы осы мемлекеттегi қызметтерге шетел
туристерiнiң сұранысы, шетел инвесторларының активтерге сұранысы, осы
мемлекеттiң ұлттық валютасында көрсетiлген, резидент еместердiң осы
мемлекетте инвестициялық жобаларын iске асыру мақсатымен ұлттық валютаға
сұранысымен анықталады.
Сонымен, қаншалықты отандық валютаға қатынасында шетел
валютасының бағамы жоғары болса, соншалықты аз ұлттық нарық субьектiлерi
оны шетел валютасына ауыстыруға дайын және керiсiнше қаншалықты ұлттық
валюта бағамы шетел валютасына қатынасында төмен болса, соншалықта көп
ұлттық нарық субьектiлерi шетел валютасын сатып алуға дайын. Осы
тусiнiктермен ұлттық валюта ұсынысы қисығының иiлуi түсiндiрiледi.
Валюта айырбас курсының фундаментальдi тепе-теңдiгiн өзгертуге
iкелетiн бiр қатар факторлар бар. Олар құрылымдық(ұзақ мерзiмдi кезеңде
әрекет етушi) және коньюнтуралық( валюта бағамының қысқа мерзiмдi ауытқуын
тудыратын) болып бөлiнедi.

2-кесте
1997 жылдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық теңгесiне шетел
валюталарының бағамдары.

Валюта атауы валюта бағам
Австрия шиллингi (Shilling) ATS 6,00
Бельгия франкi (Belgian franc) BEF 2,06
Швецария франкi (Swis franc) CHF 51,77
Қытай юаны (Yuan remindi) CNY 9,12
Кипр фунты (Cyrus pound) CYP 22,62
Немiс маркасы (Deutshe mark) DEM 43,67
Еуропа экюi ECU 83,36
Француз франкi (French franc) FRF 12,65
Ағылшын фунт стерлингi (Pound sterling) GBR 121,44
Жапон йенасы (Yena) YPU 0,62
Қырғыз сомы (Som) KGS 4,36
Кореяның воны KRW 1,00
Қазақ теңгесi (Tenge) KZT 1,00
Мальтияның лирi MTH 176,92
Голландия гульденi NHG 37,75
Ресей рублi (Russian rouble) RUR 12,98
Украина гривнасы UAN 40,44
АҚШ доллары ( United States dollar) USD 75,55
Өзбек сомы (Usbekistan sum) UZS 1,46

1.1. Валюта бағамы, оның экономикаға әсерi

Халықаралық экономикалық операцияларды жүргiзу үшiн ұлттық
валютаны халықаралық төлем өлшемiне айырбастау қажет. Айырбастау процесi
белгiлi бiр арақатынаспен жүргiзiледi. Әр түрлi мемлекеттердiң ақша
өлшемдерiнiң арақатынасы,яғни басқа елдiң (немесе халықаралық ақша
өлшемiнде) ақша өлшемiмен көрсетiлген бiр елдiң ақша өлшемiнiң бағасы
валюта бағалы деп аталады.
Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие
қаржылық операцияларды жүргiзу үшiн қажет. Мысалы, экспортшы шетел
валютасымен түскен түсiмдi ұлттық валютаға айырбастайды , себебi басқа
елдiң валютасы бұл мемлекеттiң жерiнде күнбе-күнгi жағдайда ақша
қаражаты ретiнде айналысқа түсетiн құқы жоқ. Ал импортшы шетелден сатып
алған тауарларға төлеу үшiн шетел валютасы н сатып алады.
Валюта бағамы қайта есептеу коэффициентi емес, ол шетел
валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДД,ЭКЮ)
көрсетiлген осы мемлекеттiң ақша өлшемiнiң ”бағасы”. Валюта бағамы валюта
нарығындағы сұраныспен ұсыныс механизмi арқылы күнбе - күнгi айналым
процеснде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта бағанын
қалыптастырудың негiзi не? Тауарлардың бағасы оның құны негiзiнде
құралатыны сияқты, ақша өлшемiнiң бағасы оның сатып алу мүмкiндiгiнiң
негiзiнде қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс.
Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететiн факторларға мыналар
Һ инфляция қарқыны;
Һ процент мөлшерiнiң деңгейi;
Һ бағалы қағаздардың табыстылық деңгейi;
Һ төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдiң экономикалық жағдайын бiлдiретiн
факторлар. Мысалы ,егер басқа факторлар керi әсер етпесе , басқа
елдермен салыстырғанда елдегi инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын ,
оның сатып алу мүмкiндiктерiн төмендетiп және валюта бағанының құлдырау
тенденциясын тудырады.
Мемлекеттiң активтiк төмен балансында оның валютасына шетел
борышқорлығының сұранысы артады, сол кезде оның бағаны көтерiлуi мүмкiн.
Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшерi жоғары
болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың
көтерiлуiне, оның бағанының жоғарылауына әсер етуi мүмкiн. Мысалы 80-
жылдардың алғашқы жартысында АҚШ жоғары проценттiк мөлшер саясаты Батыс
Европа мен Жапониядан 500 млрд. доллардан астам мөлшерде ивистицияның
құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллардың әсерiнен бағамы
көтерiлдi, ал осы факторлардың әсерiнен инвестор- елдердiң валютасының
бағамы төмендедi.
Сонымен қатар валюта бағамына түрлi саяси, саудагерлiк,
психологиялық факторлар да әсер етуi мүмкiн.
Әрбiр мемлекет валюта бағамын реттеу әдiстерiнiң әр түрiн
қолданады. Оләдiстердiң негiзгiлерi мыналар:
Һ валюталық инвистиция (орталық банктiң ұлттық валютаға шетел валютасын
сатып алып-сатуы);
Һ орталық банктiң ашық нарықтағы операциялары(бағалы қағаздарды сатып
алып-сатуы);
Һ орталық банктiң проценттiк мөлшер деңгейiн және мiндеттi резервтер
нормасын өзгертуi.
Валюта бағамын белгiлеу, яғнивалюталарды айырбастау пропорциясын
анықтауды валюталық котировка (баға белгiлеу)деп атайды. Валюта нарығында
валюта бағасын белгiлеудiң екi әдiсi бар: тiкелей және жанама. Тiкелей
котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетудi айтады.
Бұл әдiс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка деген
ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгiлi бiр санының көрсетуi.
Жанама котировка әдiсiн Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бiрен-саран АҚШ
қолдануда.
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ
долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және
резервтiк құрал ретiндегi ролiмен түсiндiрiлдi. Банктер сауда-өнеркәсiп
клиенттерiне валюта бағамын белгiлегенде әдетте кросс- курстi негiз етiп
алады. Кросс-курс- ол екi валюта бағамдарының үшiншi валютаға (әдетте АҚШ
долларына) қатысты арақатысы. Мысалы егер швейцария банкi швейцарлық
франкiнiң ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка
мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы;
1,6790 ГФР маркасы =1АҚШ долларға.
1,4940 швейц. Франкiсi = 1АҚШ долларға, онда
1ГФР маркасы = 1,4940:1,6790 = 0,8898 швейц.
франкiсi.
Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгiлейдi. Сатушы бағамы-
ол банктiң валютаны белгiленген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы
бағамы банктiк валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тiкелей
котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары.
Олардың арасындағы айырма банктiң пайдасын құрайды.
Сондай-ақ, ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары
болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргiзедi. Ол есеп жүргiзу
мақсатында, кедендiк төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады.
Өнеркәсiбi дамыған елдерде валюталық операциялардың негiзгi бөлiгi биржадан
тыс банкаралық валюта нарығында өтетiндiктен, бұл елдердiң iшкi нарықтағы
қолданатын негiзгi бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы iрi
коммерциялық банктер белгiлейдi.
Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға
бейiмделедi.Ол банк клиенттерi үшiн баға белгiлеу негiзi ретiнде
қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық котировка
валютаны сатып алу-сату үшiн биржаға түскен арыздарды жүелi түрде салыстыру
негiзiнде құрастырылады.
Жалпы валюта бағамының өзгеруi ел экономикасына екi жақты әсер етедi.
Ұлттық валюта бағамының төмендеуi, әдетте экспортшыға тиiмдi, себебi ол
қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы доллармен) түскен түсiмдi арзандаған
ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенiң бағамы 1теңгеден 150-ге дейiн
төмендесе, онда 1 долларға келетiн үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде
экспорттық сыйақы алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдiк бағадан
төмен тауарларды алып кетудi кеңейту жолымен өзiне түсетiн пайданы ұлғайту
үшiн ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебi валютаны келiсiм-шарт бағасымен
сатып алу қымбатқа түседi (жоғарыдағы мысалда доллар 130 теңге емес 150
теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көтерiлген iс-
жүзiндегi қарыз төмендейдi, бiрақ сатып алуы қымбатқа түсетiн шетел
валютасымен көрсетiлетiн сыртқы қарыз өседi.
Шетел ақша өлшамдерiмен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының
өсуi, негiзiнде, халықаралық экономикалық қатынастарға керi әсерiн
тигiзедi. Валюта бағамының ауытқу салдары елдiң валюта-экономикалық және
экспорттық потенциалына, оның әлемдiк шаруашылықтағы орнына байланысты
болады.

1.2. Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық
тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық
саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем
айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн
жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы
сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық
төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында
бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталвқ түсiм
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме
компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден;
сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк
және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен
банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргiзуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық нарықтар-сұраныс пен ұсыныс негiзiнде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргiзiлетiн ресми орталықты сипаттайды. Қазiргi
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөлiп қарауға болады:
Һ шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негiзiнде
нарықтардың интернационалдануының күшеюi;
Һ байланыстың жаңа жүйелерiн пайдалану;
Һ әлемнiң барлық бөлiктерiне тәулiк iшiнде үздiксiз операцияларды жасау;
Һ банктердiң корреспонденттiк шоттары бойынша жазбаша түрде негiзделетiн
валюталық операцияларды жүргiзу техникасын бiртұтастандыру;
Һ коммерциялық валюталық мәмiлелермен салыстырғанда алыпсатарлық жне
арбитраждық валюталық мәмiлелер көлемiн ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлемiне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазiргi валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергiлiктi) болып бөлiнедi.
Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың iшiнде: Лондондағы, Нью-Йорктегi, Франкфурт-на-
Майнедегi, Париждегi, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөлiп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңiнен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергiлiктi нарықтарда белгiлi бiр конвертирленетiн
валюталармен операциялар жүргiзiледi. Оның қатарында сингапур доллары, сауд
риалы, кувейт динары және т.б.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық
операцияларды жүргiзуге маманданбаған, өз клиенттерiне (олардың қатарында
компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкiн) валюта бойынша қызмет
көрсететiн сол елдiң аумағында орналасқан банктердiң жүзеге асыратын
операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, iшкi ұлттық нарықтағы
операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке
тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргiзiлетiн
операцияларды жатқызады. Жоғарыда келтiрiлген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 жылы
операциялар көлемi USD-1124735 мың, DEM-11165 мыңды құрайды.

Валюталық операциялар айналымы
(күнiне US $ млрд.)

Күнiне барлығы 1000 млрд. US $

Сол немесе басқа елдiң iшкi валююталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық “қара нарықпен” толықтырылуы мүмкiн. “Қара
нарықтың” болуы барлық ТМД елдерiне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкiнiң жүргiзетiн саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсiру үшiн банктер арасында бәсекенi ұлғайта отырып,
“көше” нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесiнде “қара
нарықтың” әрекет ету аясының қысқаруына әкелдi.
Институциональдық көзқараспен қарағанда,валюталық нарық банктер,
банкирлер үйiн, брокерлiк фирма және iрi корпорациялардың жиынтығын
бiлдiредi.
Қалған банктер мен блокерлiк фирмалар өздерiнiң валюталық
операцияларының iрi кометрциялық банктердiң жетекшiлiк етуiмен, ережеге
сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық
мәлiмелердiң 95 пайызға дейiнi банктермен брокерлiк фирмалардың үлесiне
келедi. Мұндай сызба, валюталық нарықты банк аралық нарық тәрiздi
сипаттауға мүмкiндiк бередi.
Валюталық операцияларды жүргiзуге құқылы банктер өкiлеттi немесе
девиздiк банктер деп аталады.
Девиздiк банктердiң валюталық нарықтарғы операцияларға қатысу дәрежесi
көп факторлаға: банк шамасына, оның беделiне, шетелдiк бөлiмдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесiне, жүргiзiлетiн халықаралық есеп
айырысулар көлемiне, телекс, телефон және тағы басқа байланыс жүйелерiнiң
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тiкелей
жүргiзiледi(телекс немесе телефон юбойынша), бiрақ кейбiр елдерде
(Скандинавия елiнде) Орталық банк өкiлдерiнiң валюталық нарыққа
қатысушыларымен кездесетiн валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай
Қазақстан Республикасында да әрекет етедi, яғни Қазақстан қор биржасында
аптасына 2 рет валютамен сауда жүргiзедi.
Нарықты қатысушы барлық мүшелерiн екi негiзгi топқа бөлуге болады.
Бiрiншi топқа пассивтi қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргiзу қажеттiлiгi әр кездерде туындайды да, баға белгiленiмiн бiлу үшiн
олар басқа банктерге өтiнiш жасайды (маркет-юзерлер). Активтi қатысушылар
өздерiне баға белгiленiмiн бiлуге өтiнiш жасайтын банктер үшiн бағаны
белгiлейдi (маркер-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында iлiмнiң барлық
жерлерiне таралған бөлiмше тораптары және үлкен диллерлер штаты бар. 20-ға
жүық банктер ерекше бөлiнедi. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы iрi
сомаға мәмiле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етедi.
Дүниежүзiнiң тек өте iрi банктерiнде валюталық департаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын бiлiктi диллерлер бар. Өз
клиенттерiнiң тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз
қаражаттары есебiнен жүргiзбейтiн, халықаралық валюталық нарықта жұмыс
жасайтын банктерге, өздерiнiң клиенттерi мен банк арасындағы делдалдық
рольдi жетiстiктермер атқару үшiн, валюталық операциялар туралы жалпы
түсiнiгi бар банкттiк қызметкер болса жеткiлiктi. Мысалға, 2000-ға жуық
бөлiмшелерi мен кеңсесi бар, бiрақта уш бөлiмiнде ғана (Франкфурт-на
Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банк аралық валюталық
нарықта операциялар жүргiзетiн валюталық департаментi бар Германияның iрi
коммерциялық банкi-Дойче Банктi алуға болады. Қалған бөлiмшелерi валюталық
операцияларды шектеулi сомалар бойынша, Дойче Банктiң уш бөлiмшесiнiң
бiрiнiң Сименсң каналы арқылы берiлетiн бағамдар бойынша жүргiзе алады.
Банктердiң басқа да топтары iрi, бiрақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бiр, екi-уш валюталармен операциялар
жүзгiзуге маманданады және стандартты сомаларға баға өояды. Күнделiкте
жұмыстарында бұл банктер брокерлiк фирмалардың қызметтерiн пайдаланады.
Брокерлiк фирмалар 30 пайызға жүық валюталық операцияларға қызмет етедi
және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты ьрокер тұлғасында, екi банкiнiң
арасында-валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал
ролiнде де жүредi.
Брокерлер делдал ретiнде бола отырып клиенттерден брокерлiк комиссиялық
ақы алады. (Брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбiр миллион
доллар үшiн 20 АҚШ доллары), ол төлемдi халықаралық тәжiрибедегiдей сатып
алушымен сатушы тең бөледi және онда котеровка қосылмайды, әр ай сайын
тiкелей брокерге төленiп отырады.
Брокер мәмiле жасайтын және баға белгiлейтiн өзiнiң банк-клиенттерiне
толық тәуелдi. Брокер арқылы жұмыс iстеудiң айтарлықтай артықшылығы
мыналар: котеровка процесiнiң үздiксiздiгi және брокер белгiлейтiн кез-
келген бағамен мәмiле жасау мүмкiндiгi, мәмiле жасағандығы құпиялық және өз
бағасын ұсыну мүмкiндiгi.Диллер мен брокердiң арасындағы iскерлiк
ынтымақтастық тек өзара түсiнiстiк, сенiм және сыйластық болғанда ғана
мүмкiн және ол тығыз өзара қатынас негiзiнде қалыптасады.
Банктердiң валютамен жасалатын операциялары клиенттердiң есебiнен де,
сондай-ақ өздерiнiң есебiнен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалыай белгiлер
түрiнде болмайды, ол банктiк және несиелiк айналыс құралдары формасында-
шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта
түрiнде болады.
Аударым-бұл басқа елдегi банк -корреспондентiне өзiнiң клинентiнiң
өтiнiшi бойынша және оның есебiнен телеграфтық немесе пошталыұқ аударым
негiзiнде белгiлi бiр ақщша сомасын шетелдiк алушыға (бенефициарға) төлеу
туралы банктiң бұйрығы. Аударым барысында банк екi операцияны бiр уақытта
жүзеге асырады.: өз клиентiне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және
шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау
барысында есеп айырысуды жеделдетедi және арнайы код қолдану арқылы
қорғауға кепiл бередi.
Банктiк чек-шетелдiк банк-корреспондентке чектi ұстаушының ағымдық
шотынан белгiлi бiр ақша сомасын төлеу туралы банктiң жазбаша. Экспортер,
ондай чектi ала отырып, оны өзiнiң банкiне сатады.
Банктiк вексель-осы елдiң банкiнiң шетелдiк банк-корреспондентке берген
траттасы (аудармалы векселi). Импортерлер өздерiнiң банктерiнен бұл
вексельдi сатып алады және оны олардың экспортерлерiне жiберу арқылы
өздерiнiң борыштық мiндеттемесiн өтейдi. Ал осы елдiң банкiнiң мiндеттемесi
мерзiмi жеткенде вексельдi төлеудi өзiнiң корреспондентiнiң шотын қажеттi
валюталық қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда
және өнеркәсiптiк фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте
сақтау қажет.
Несиелiк айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен
шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлi елдердiң банктерi арасында
корремспонденттiк қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы
корреспонденттiк шоттарды жүргiзу тәжiрибелерiнiң таралуына қатты ықпал
еттi. Бұл өз кезегiнде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргiзуге, есеп
айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкiндiк жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмiн былай беруге болады:
тауарды экспорттаушы сатқан тауары үшiн импорттаушыдан алған шетел
валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елiңде
коммерциялық банкiге сата отырып, оның орнына экспорттық өндiрiс үшiн
ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзiнiң шетелдегi банк-
корреспондентiне бұл төлем құжаттарды жiбередi де төлеушiлер мен борыш
қорлардан, жiберiлген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуiн талап
етедi. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкi экспортер банкiнiң
корреспонденттiк шотына түседi. Халықаралық есеп айырусылардың осындай
механизмi қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара
есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық
операциялары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы валюта нарығының ерекшелiгi халықаралық рынокқа
шығу мәселесi тұрды, Қызықстанның халаыққаралық рынокқа шығуына кедергi
болып тұрған кедергiлердiң негiзгiсi тенге конвертациялануы мәселесi. Шын
мәнiсiнде қазақстандық теңге, бiр қатар валюталық шектеулер бар болғанымен,
жартылай конвертацияланатын валюта болып табылабы. Тек осы бiр себептен
ғана Қазақстандық әлемдiк валюта нарығының толық құқықтықатысушысы бола
алмайды.
Қазақстан валюта рыногi әлi құрылған жоқ, ол әлi қалыптасу сатысында.
Қазақстандық рынок мөлшерiнiң кiшiлiгiне байланысты кез-келген үлкен қаржы
институты (оның iшiнде шетелдiк те) өзiне пайдалы екенiн көрсе, кiшкене
ғана сiлкiнiс тудыруға мүмкiншiлiгi бар. Комерциялық банктермен сыртқы
қарыздарды өтеу кезеңiнде нарықтан маңызды валюталық қаражаттың алынуы iске
асады. Бүл теңге бағамында шағымсыз көрiнiсiн табады. Валюталық заңдар
толық емес және қайшылыққа толы. Отандық валюталық рыноктiң ерекшелiгi,
Оның пайда болу кезiнде Үкiмет теңгенiң iшкi конвортациялануын енгiзу
жолына тұрды. Валютаны еркiн сату-атып алу жылдам отандық экономиканың
долларлануына алып келдi. Оның деңгейi төмендемейдi, керiсiнше өсуде.
1998 жылдың аяғына ел iшiнде айналымда жүрген шетел валютасының көлемi
Қазақстан Ұлттық банкiнiң мәлiметi бойынша 170 млрд. Теңгеге жуық ақша
массасынан асып түстi. Шынында теңгенiң ел iшiндегi маңызды функцияларын
шетел валютасы атқарады. Көптеген тауарлар мен қызметтердiң құны долларлық
бағалармен көрсетiлген: тұрғын үй, автомобиль, жиһаз, т.б.
Қазақстандық теңгенiң әлзiздiгi келесiлермен шартталған, үкiметтiң
қатаң ақша саясаты әсерiнен экономика ақша суррогаттарына толып кеттi,
вокселдермен, қазыналық мiндеттмелермен және басқа да псевдоақша түрлерiмен
толып кеттi. Жалпы көлемi қазiргi уақытта теңгенiң ақша массасымен
салыстырарлықтай. Қазақстан Ұлттық банкi теңгенiң долларға қатынасындағы
бағамы өзгеруiнiң шектерiн белгiлеуiн тиiс. Былайша айтқанда “валюталық
коридор”. Бұл елде теңгенiң долларға қатынасындағы бағамын қуаттап тұратын
механизм құрылған деген мағына бередi. Белгiлi уақыт аралығында Ұлттық банк
оны жетiлдiрiп тұрады.
Iшкi рынокта қатты валютаның барлық түрiмен дерлiк операциялар iске
асады. Бiрақта операциялардың басым көпшiлiгi АҚШ долларымен жасалады,
басқа валюталардың үлесi аз. Валютаның iшкi конвертациялануы бiрқатар
валюталық шектеулермен сай келедi. Мысалы, жеке тұлғалардың валюта сатып
алуына салық, валютаны шетелге шығаруды шектеу және т.б.
Қазақстанның халықаралық валюта нарығына толықтай қатысуы, ең одиозный
валюталық шектеулердi жою мен теңгенiң сыртқы конвертациялануын енгiзудi
болжайды. Теңгенiң толық конвертациялануына өту Қазақстан Республикасы
Укiметiнiң халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары саласындағы
стратегиялық мiндетi болып табылады. Бұған жетудiң маңызды сатысы-ТМД
елдерiнiң валюта одағының құрылуы.
Қазақстанның Халықаралық Валюта Қорына енуi, оның жақын және алыс шет
елдермен макроэкономикалық қатынастарының айтарлықтай өзгергенiн бiлдiредi.
Бiрiншiден, жақын шет елдермен қатынаста валюта одағын қалыптастыру мақсаты
жеңiлдей түседi. Бұл сферада Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Қырғызстан
ұлттық валюталарының толық конвертациялануы негiзiнде валюталық одақ құру
әбден мүмкiн. Ағымдағы операциялар бойынша валюталық шектеулердiң
сақталуымен бөлек топталу шектерiнде валюталардың толық конвертациялануының
енгiзiлуi Халықаралық валюта қорының уставына қарсы келмейдi және валюталық
саясатты тең құқықтан айыру жайлы жағдайға түседi.
Екiншiден, қазақстандық фипрмалардың халықаралық келiсiмдер бойынша
төлемдер мен есеп айырысуларды iске асырудың мүмкiндiктерi кеңее түседi.
Оларда экспорттық пайданы теңгеге сатудың керегi болмайды, яғни, импорттық
жеткiзулерге шетел валютасын сатып алумен байланысты ешқандай қиындық
тумайды.
Үшiншiден, халықаралық есеп айырысу құралы, қаражаты есебiнде теңгенi
қолданудың жаңа мүмкiндiктерi көрсетiледi. Бұл шарттармен шетелдiк фирмалар-
резидент еместер өздерiнiң қазақстандық әрiптестерiмен есеп айырысуда
теңгенi еркiн қолдана аклады. Сонымен қатар олар Қазақстанның iшкi валюта
нарығында кез-келген қатты валютаны теңгеге сатып алу құқығына ие болды.
Төртiншiден, Қазақстанның Халықаралық валюта қорына мүше болуы
инвестиция құйылымының кеңею жағынан өте маңызды. Валюталық шектеулердiң
жойылуы, шетелдiк инвесторлардың капитал салудан түскен пайдасын сыртқа
шығару құқығын заң жүзiнде мойындау болып табылады.
Берiлген жоспарлардың iске асуы, қазақстандық теңгенiң халықаралық
статусының көтерiлгенiн бiлдiретiн болады, оның толық конвертациялануына
жетуiнiң маңызды жылжуы, ал елдiң валюта рыногi өзiнiң көрсеткiштерiмен
халықаралық стандартқа жақындай түседi. Бiрақ та валютаның толық
конвертациялануы заң актiлерiмен жасалмайды. Ол-ел экономикасының табиғи
дамуының нәтижесi. Егер елдiң экономикалық жағдайын ескерсек қазақстандық
теңгенiң конвертациялануы жайлы мәселенiң жақын арада шешiлерiне
расчитывать ете алиаймыз. Тәжiрибе көрсеткендей дамыған елдердiң өзiнде өз
валюталарының шектелгеннен толық конвертациялануына өтуiне бiрнеше
онжылдықтар кеткен.
Қазақстандық теңгенiң конвертациялануының қазiргi деңгейi, елдiң
әлемдiк валюта рыногiндегi операцияларға толық құқықты қатысуын қамтамасыз
ете алмайды. Халықаралық қаржы-валюта және несиелiк қатынастар саласында
стратегиялық мақсат теңгенiң iшкi конвертациялануы емес, сонымен қатар
сыртқы конвертациялануы. Бұл жолдағы маңызды саты, ТМД елдерiнiң валюта
одағының құрылуы.
1995 жғ қыркүйек айында Қазақстан Республикасында, Алматыда ашылған
“Telerade D.J. Int’l LTD” дилинг-центр компаниясы арқылы халықаралық валюта
нарағына шығу мүмкiндiгi пайда болды.
“Нарты уақыт” (“спот”операциясы) режимiнде келiсiм жасайтын жай және
заңды тұлғалар компанияның клиенттерi бола алады. АҚШ долларына (әлемдiк
резервтiк валюта есебiнде) қатысты бағамы белгiленген төрт валюта бойынша;
ағылшын стерлинг фунты (STG), жапондық йена (JPY), швейцариялық франк (SFR)
және евро (EUR).
Барлық операциялар үшiн есеп айырысу валютасы АҚШ доллары болып
табылады.
Шын мәнiсiнде барлық келiсiмдер спутниктiк телефон байланысы арқылы
басқарылатын шетелдiк принципал-компания арқылы халықаралық банкаралық
валюта рыногiнде жүзеге асады.

TELERADE D.J. Int’l Ltd компаниясы

Валюталық рынок бойынша ақпаратпен қамтамасыз ететiндер: банкаралық
валюталық бағамдар, комментарилер, репортаждар мен ағымдағы жаңалықтарға
маманданған “Don Jones Telerade” концернi, ағымдағы валюта бағамынан басқа
техникалық және компьютерлiк анализ жасайтын құрал-сайман жиынтығын
ұсынатын “Trade Station”.
Халықаралық банкаралық қаржылық операциялар нарығында сауда кейбiр
белгiленген валюта көлемдерi-лоттармен жүзеге асады. Чикагоның Сауда
Биржасының (СМЕ) бөлiгi болып келетiн Халықаралық валюта рыногiмен
белгiленген әрқайсысының мөлшерi бар. Лоттар сәйкесiнше:

STA 125000 EUR
125000

SFR 250000 JPI
25000 000
STGIJRY 125000 CTGIEUR 125000
Бұндай лотты рынокқа шығарғанда (орналасуын сатып немесе сатып алумен
ашу) клиент оның барлық нақты құнын төлемей, тек шарты кепiл мен
(гарантиный залог- марела) қамтамасыз етедi. Бiр лот үшiн $ 1000 күндiзгi
саудада, ал кештен таңға дейiн сатылса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық саясат
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
ҚР валюта жүйесі
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Валюталық қатынастар
Валюта жүйесі
Халықаралық валютаның жүйесінің және бағамының іс-әрекет механизмдерін зерттеп талқылау
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы
Пәндер