Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан


ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
I БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕУРАЗЭҚТЫҢ ОРНЫ. . . 5
1. 1. Әлемдік интеграциялық үрдістер, теориялық аспект. . 5
1. 2. ЕурАзЭҚ-тың құрылуы және аймақтық интеграциядағы орны……… . . . 6
1. 3. ЕурАзЭҚ-тың негізгі даму бағыттары 7
II ТАРАУ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІРУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. 10
2. 1 Посткеңестік мемлекеттерінің ЕурАзЭҚ-ғы бастапқы қадамдары ……. 10
2. 2 ЕурАзЭҚ-қа Қазақстанның кіруі: қазіргі жағдайы және мәселелері . . . 15
2. 3 Орталық Азияны қамтитын интеграциялық үрдістердегі
Қазақстанның ұстанымы . . . 17
IIІ БӨЛІМ. ЕУРАЗЭҚ-ТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ. 25
3. 1. Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтар . . . 25
3. 2 Қазақстанның ЕурАзЭҚ-тағы даму болашағы және алғышарттары . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылы халықаралық қатынастар жүйесіне жаһандық өзгерістердің енуімен суреттеледі. Кеңес Одағының құлауы биполярлық жүйедегі үйреншікті тепе-теңдікті жойды және барлық мемлекеттердің мемлекеттік мүдделерін жаңа шынайылыққа бейімделуіне әкелді.
Осылайша, өткен ғасырдың соңында бір блоктың ыдырауымен әлем өзінің конфигурациясын өзгерте бастады. Халықаралық қатынастардың жаңа үлгісінін құру қарқынды дамыды. Осыған байланысты әлемдік үрдістер акторлардың арасындағы қатынастар жақсара түсіп, жаңа қатысушылар пайда болды. Олар - жеке мемлекеттер мен мемлекеттік емес бірлестіктер.
Әлемдік шаруашылықтағы технологиялық, энергетикалық, экологиялық проблемалар посткеңестік мемлекеттерге өзінің әсерін тигізді. Жағдайды техникалық және технологиялық инфрақұрылымның тез ескіруі, тауар мен қызметті стандарттау мен сертификаттау және де ұлттық заңнамалар әлемдік экономиканың жаңа стандарттарына жауап бермеуі қиындатты.
Оның үстіне әлемдік шаруашылықта жаһандық ұстаным күшейіп, халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі түпкілікті өзгереді. Өндіріс, зерттеулер, ғылыми-техникалық құрылымдардағы салааралық халықаралық мамандану мен кооперацияның жаңа жүйесі қалыптаса бастады. Әлемдік шаруашылық бертін келе бірыңғай шаруашылыққа айналды.
Әлемдік ақпараттық кеңістік пайда болды. Экономикалық және саяси мәселелерді шешуде трансұлттық корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың ықпалы артуда. Әлемнің әрбір бұрышында аймақтық халықаралық экономикалық интеграциялық үрдістері тез қарқынмен дамуда. Бүкіләлемдік сауда ұйымымен жасалған экономикалық тәртіп нормалары мен ережелерінің маңызы артып келеді.
Осыған байланысты мемлекеттер шаруашылық шығармашылығынан Бүкіләлемдік сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымының «ойын ережелеріне» көшуі - маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) шеңберінде дамып жатыр. Мұнда сыртқы сауда, кедендік, шекаралық салалар мен көліктік және энергетикалық өзара жұмыс жасауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты халықаралық ұйым ретінде қалыптастыру - қазіргі заманғы әлемдік экономикалық даму ұстанымдарына деген стратегиялық жауабы. ЕурАзЭҚтың құрылуы ТМД аймағында жасалып жатқан интеграциялық үрдістердің табиғаты мен заңдылықтарын сараптауға бағытталған тиімді қадам деуге болады.
Біріншіден, Орталық Азия қазіргі таңда динамикалық түрде дамып отырған аймақтың бірі;
Екіншіден, қарқынды дамып жатқан Орталық Азияның жаһандық энергетикалық нарық тарапынан стратегиялық маңызы бар. Орталық Азиядағы табиғи ресурстар байлығы көптеген мемлекеттердің аталмыш аймаққа деген қызығушылығын арттырады.
Үшіншіден, Орталық Азия геосаяси ролі бойынша Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Яғни, Еуразияның басым бөлігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылығына әсер етуі тарапынан стратегиялық маңызы зор. Сондықтан да белгілі сценарий бойынша немесе онсыз кез келген орталықазиялық мемлекетте және тұтастай аймақта жағдайдың дамуы бүкіл еуразиялық кеңістіктегі күштер балансының болашағын анықтауы мүмкін.
Төртіншіден, Орталық Азия еуроазиялық көліктік коридорлар тоғысында орналасқан және кең көліктік-коммуникациялық желілерге ие.
«Егер де біз стратегиямызды орындап, күш салып жұмыс істесек, бірінші шынайы ортаазиялық барысқа айналамыз және ұлттық бірлік, әлеуметтік әділеттілік, халықтың экономикалық әл-ауқаттылығы тән тәуелсіз, тұрақты мемлекет ретінде басқа дамушы елдерге үлгі боламыз» - деп президентіміз өзінің халыққа жолдауында айтады. Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясында жеті бағыт - ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік, ішкі саяси тұрақтылық, нарықтық экономика негізінде экономикалық өсім, білім беру, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, мамандалған үкімет - айқындалады. Стратегияны қарастыру барысында жаңа индустриалды елдердің даму үлгілерінің негізгі элементтерінің жақындығын көруге болады.
I БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕУРАЗЭҚТЫҢ ОРНЫ
1. 1. Әлемдік интеграциялық үрдістер, теориялық аспект
Мемлекеттің интеграцияға, экономикалық жақындасуға талпыну - объективті және заңды процесс. ХХ ғасырдың екінші жартысы халықаралық қатынастар саласында іргелі өзгерістер мен жаңа құбылыстарға бай. Мұнда ерекше рөлді жаһандық және сол уақытта барынша қарама-қайшы құбылыс - интеграция рөл атқарады.
Интеграция түсінігі бұлдыр. Ж. Ибрашевтің пікірінше, интеграция - өздерінің синтезінің арқасында «жаңа сапаға иеленетін» қандай да бір интеграциялық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара іс-қимылдарының өзара іс-әрекеттеріне негізделген. /2, 39-40/
Француз саясаттанушылары интеграцияда «бір немесе бірнеше белгілі бір салаларды немесе базалық бірліктің құзыретіне енетін барлық салада өзіндік жеке шешімдерді қабылдау өкілеттерімен тәуелсіз бірліктерден тұратын бөлінген халықаралық қатынастарды ауыстыруға үрдісі бар бір уақыттағы процесс және жай-күйі» көрінеді.
Б. К. Қазбековтың пікірінше, алдымен экономикалық салада, кейіннен мемлекетаралық ынтымақтастық және ұлттылық қоғамдық өмірдің басқа салаларында икемді үйлесетін принциптердің бірегей қабылдау механизмі мен шешімдерді іске асыру негізінде дамитын қоғамдық өмірдің басқа салаларында батыс еуропа интеграциясын мемлекеттің бірлестіктерінің қайшылықты-ымырашылық процестері ретінде сипаттауға болады. /3, 274/
Халықаралық қатынастарды зерттеу кезінде аймақтық интеграция туралы болып отыр, онда жекелеген аймақ мемлекеттерінің топтары қатысады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туындаған бірнеше интеграциялық кешендерді атап көрсетуге болады: батыс еуропалық, азия-тынық мұхиты, орталық-азия, солтүстік америка және т. б. Олардың шекаралары жылжымалы: сонымен, КСРО тарағаннан кейін және шығыс еуропалық интеграциялық топтама СЭВ өзінің қызметін тоқтатты, ЕО-ның шығысқа кеңеюі басталды. Бұл процестің институционалдық нысаны болып біртіндеп құрылды: Еуропа Кеңесі, Батыс Еуропа Кеңесі, Еуропалық көмір және болат ұйымы (ЕКБҰ), Еуропа Экономикалық Одағы (ЕЭО) және соңында 1992 жылғы Маастрихт шартымен жарияланған Еуропалық Одағы (ЕО) .
Қазіргі кезеңгі саяси интеграция теориясы бірнеше базалық өлшемдерді ажыратып көрсетеді. Бұл өлшемдерге:
- еріктілігі;
- көп қолданылуы;
- жәрдем көрсетуі;
- конвергенция;
- ынтымақтастығы;
- үйлестігі және тағы басқалары. /4, 41/
Интеграция дамуының деңгейі үш индикатордың көмегімен анықталады:
- интеграцияланған «саяси алаң» саны және түрі бойынша;
- жалпы органмен құзыретті тапсыру көлемі бойынша;
- интеграцияланған салаларды жағрапиялық қамту бойынша (қатысушылар санына) .
ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңінен қолданылған интеграциялық процестер - жаңа, ерекше және көп қолданылатын құбылыс. Интеграцияға «құру синдромы», сондай-ақ, «құлату синдромы» да тән: онда имманенттік қарама-қайшылықты бастамалар қойылған, бұл оның бір жақты емес, түрлі жоспарлы сипатта, көбінесе жүйеге тігінен қарама-қайшы ықпал етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа валюта саясаты, капиталдың еркін қозғалысы және инвестициялық саясат саласында тараптардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, сондай-ақ Қоғамдастықтағы Өзбекстан Республикасының мүшелігін түпкілікті ресімдейтін бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың 2008 жылға арналған бюджетінің жобасы және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың «Инновациялық биотехнологиялар» атты мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының жобасы қаралды. ЕурАзЭҚ-ты құрушылардың бірі болып табылатын Қазақстан оның қызметіне белсенді түрде қатысады және ЕурАзЭҚ-тың жарғылық құжаттарында негізі қаланған сондай-ақ Қоғамдастықтың нормативтік-құқықтық базасында пысықталған интеграциялық әлеуетті кең ауқымда пайдаланады.
1. 3. ЕурАзЭҚ-тың негізгі даму бағыттары
1 . Кедендік одақ құру.
Сыртқы саясат саласында келесілерді орындау:
- ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттердің БСҰна қосылу бойынша келіссөздер жүргізу барысында өзара тиімді жұмыс жасау және ұстанымдарын координациялау;
ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттердің БСҰна кіруі бойынша кеңестер жүргізілуде. ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттер ұстанымдарын координациялау Женевада миссиялар деңгейінде жүргізіліп жатыр. 2007 жылы Ресей тарапы Қазақстандық (28-30 наурыз 2007) және Тәжікстандық (4 мамыр 2007) тараптармен екіжақты келіссөздер жүргізді.
- өзара саудада тиімді жағдайлар жасау арнайы қауіпсіздік, антидемпингтік және компенсациялық шараларды шектейтін механизм жасау және қабылдау, және де үшінші мемлекеттермен саудада ортақ арнайы қауіпсіздік, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданудың ережесін жасау;
2000 жылғы 17 ақпандағы (2005 жылдың қаңтарда күшіне енді) Кедендік одаққа мүше-мемлекеттер саудасында арнайы қауіпсіздік, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолдану механизмі туралы Хаттамаға 2003 жылдың қазанында өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама қабылданды, демпингтелген, субсидияланған тауар импортың жоғарлауы салдарынан ұлттық экономика саласына келетін залалдардың бар-жоғын және көлемін анықтау бойынша Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің бірыңғай әдістемесі бекітілді.
ЕурАзЭҚ мемлекеттерімен үшінші мемлекеттермен саудада арнайы қауіпсіздік, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданудың ережерелері туралы Келісім жобасы 2005-2006 жылдар аралығында ЕурАзЭҚ органдары отырыстарында қаралды. 2006 жылдың мамырында құжаттың одан кейінгі өтуі Ресей Тарапымен тоқтатылды.
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2006 жылғы 16 тамыздағы №313 «ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттердің кедендік одақ құру туралы» Шешіміне сәйкес кедендік одақтың құқықтық базасын құрайтын құжаттар пакетіне үшінші мемлекеттермен саудада арнайы қауіпсіздік, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолдану туралы Келісімнің жобасы кіреді, оған 2008 жылдың қаңтарында қол қойылады деп жоспарланды, алайда Ресейдегі Президенттік сайлауға байланысты кейінге қалдырылды.
- Қоғамдастықтың Ортақ кедендік тарифін қалыптастыру;
ЕурАзЭҚ (Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей
Энергетика - Орталық Азиядағы гидроэнергетикалық кешендерді бірігіп бейімдеу және электр энергиясымен, сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу, ортақ энергетикалық тепе-теңдікті қалыптастыру. Орталық Азия мемлекеттеріндегі гидроэнергетика - болшағы зор, динамикалық түрде дамып отырған, инвесторларды қызықтыратын сала. Шет ел және ұлттық инвесторлар үшін жаңа энергетикалық құрылымдар салуға және пайдалануға жағымды жағдайлар жасалған.
Орталық Азиядағы гидроэнергетикалық потенциалды игеру, ең алдымен - Қырғызстан және Өзбекстан, халықаралық суды пайдалану мәселелерін шешумен ұштасуы керек, себебі мұндағы ірі өзендер трансшекаралық өзендер болып табылады. Осыған байланысты суды пайдалану мәселесін мемлекетаралық және ұлттық деңгейде реттеу интеграциялық реттеу прициптеріне негізделуі керек. Ондағы мақсат экономика салалары (энергетика, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және т. б. ) мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау.
Еңбек миграциясы - мигранттарды әлеуметтік қорғау, еңбек ресурстары миграциясын реттеу мен бақылаудың нақты жүйесін құру, қылмыстық миграциямен күрес, мигранттар мен оларға жұмыс берушілердің салық төлеуге қатысты проблемаларды шешу.
Аграрлық - өнеркәсіптік кешен - ЕурАзЭҚ мемлекеттерді ауылшаруашылық саясатының келісілуі, қауымдастық елдерінің ортақ орта сауда нарығының құрылуы, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау, сақтау, сатуға байланысты шектеулерді қысқарту, осы салада нарықтық институттардың құрылуы (сақтандыру, банктік, лизингілік, биржалық және т. б. )
ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттер азаматтарының Қауымдастық территориясында қозғалу шарттары.
Үкіметаралық келісім бойынша ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттердің азаматтары тұрақты мекен-жайына тәуелсіз ЕурАзЭҚ елдері территориясына визасыз кіру, шығу, транзит бойынша қозғалу құқықтарына ие.
Азаматтық алу тәртібі. Қазіргі кезде Қоғамдастықта азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі қолданылуда. Бұл тәртіпті реттейтін үкіметаралық келісім халықаралық келісім болғандықтан, халықаралық ереже бойынша ол сәйкес ұлттық құқықтық актілерге қарағанда басым күшке ие.
ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттер азаматтарының қауымдастық елдеріндегі жоғарғы оқу орындарында білім алу құқығы. Қабылданған келісімге байланысты ЕурАзЭҚке мүше кез келген мемлекеттің кез келген мүшесі ЕурАзЭҚке мүше-мемлекеттің кез келген азаматтың оқу орнына түсуге құқылы, яғни жоғарғы оқу орны орналасқан мемлекеттің азаматтарымен құқықтары тең. /2. 19., 45-50/
ЕурАзЭҚ мемлекеттері Жалпы Ішкі Өнімінің динамикасы
1. Қоғамдастыққа мүше-мемлекеттер интеграциялық ынтымақтастығының нормативті-құқықтық негізі құрылды.
ЕурАзЭҚ мемлекеттеріндегі интеграциялық үрдістердің дамуы бойынша негізгі құжаттар:
- 1995жылғы 6-20 қаңтардағы Кедендік Одақ туралы келісім.
- Беларусия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы Үкіметтерінің өзара ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөніндегі бағдарламасы.
- 1996 жылғы 29 наурыздығы Беларусия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы экономикадық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы келісім.
- 1999 жылғы 26 ақпандағы Кедендік Одақ және Ортақ экономикалық Қоғамдастық құру туралы келісім.
- 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық құру туралы келісім.
2. Бірқатар өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің нақты механизмі орнықтырылды.
3. ЕурАзЭҚ елдері интеграциялық ынтымақтастығының аса маңызды жетістігі деп Қоғамдастық шеңберіндегі еркін сауда аймағының қызмет жасауын атап кетуге болады. 1995 жылғы 6-20 қаңтардағы Кедендік Одақ туралы келісімге сәйкес келісуші мемлекеттер арасындағы саудада кедендік төлемдер, әр түрлі тарифтік және кедендік шектеулер жойылды.
Еркін сауда аймағының қызмет етуі өз кезегінде мүше-мемлекеттер арасындағы өзара тауарайналымын кеңейтті, өнім шығару көлемін ұлғайтты, ғылыми-техникалық баланыстарды дамытты.
4. Кедендік саясат саласында ЕурАзЭҚ шеңберінде Беларусия, Қазақстан, Ресей үшін ортақ кедендік тарифтер енгізілді.
5. Шекаралық саясат саласында:
- ЕурАзЭҚ мемлекеттері территориясында теледидар және радио бағдарламаларын жеткізуге жағымды жағдай жасау туралы Келісім қабылданды. Оған қоса, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың жақындасуы мен келісілген әлеуметтік саясат туралы Келісімге қол қойылды; «ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің келісілген әлеуметтік саясаты» атты мемлекетаралық масатқорлық бағдарлама жасалды. ЕурАзЭҚ мемлекеттеріне олардың көліктік, энергетикалық, демографиялық, ғылыми-техникалық, экологиялық мәселелерді, тиімді халықаралық мамандану мен кооперацияны дамыту, оның ішінде, ғарыштық және қорғаныс өнеркәсіптерін дамытуға көмек беретін Қытаймен ынтымақтастықты дамыту үшін ШЫҰ потенциалын белсенді қолдануды көздейтін стратегия қажет. Қорытынды: Қазіргі кезде Қоғамдастық мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымды тенденциялар көрініс табуда. Мемлекеттердің экономикалық өсімін байқауға болады. Эконоикалық өсіммен байланысты мемлекеттер интеграциясы - осы экономикалық өсімді қатайтудың бірден бір әдісі болып табылады. Интеграциялық үрдістердің негізі ретінде мемлекеттер мүдделерінің сай келуі мен көпжақты ынтымақтастықтың берер пайдасын көрсетуге болады. Неғұрлым мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық даму деңгейлері жоғары және бірігуші мемлекеттер халықтарының діни-этникалық, әлеуметтік-мәдени менталитеттері жақын болса, соғұрлым интеграция тиімді болады
II ТАРАУ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІРУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Посткеңестік мемлекеттерінің ЕурАзЭҚ-ғы бастапқы қадамдары
Ал егер Қазақстан Республикасының Евразиялық Экономикалық қауымдастығына келетін болсақ, бұл қауымдастыққа жоғарғы интеграциондық Қауымдастыққа кіруі арқылы мемлекеттің экономикалық дамуын жоғары деңгейге көтеріп, әлеуметтік үрдісті иеленуші мемлекет болды, мемлекеттің демократиялық, тұрақты дамуына қол жеткізеді, ортақ экономикалық кеңістік құрады, оның ішіне мыналар кіреді: қатысушы мемлекеттермен ортақ тауар нарық, капитал мен еңбек күш, ортақ транспорт дамуы, қылмыспен және терроризмен күрес.
Қазіргі экономикада әлемдік шаруашылық саласының тереңдеуі, дамудың алдыңғы тенденциясының бірі болып табылады.
Осы сәтте көптеген мемлекеттер әлемдік қаржылық дағдарыстың ауыр әрі қиын әсерін сезініп жатыр. Бұл мемлекеттердің әр қайсысы жалғыз түрде бұл кұрделі мәселені шеше алмайды.
Бұл кезеңнің маңызды ұстанымдары:
- мемлекетаралық эконоамкалық саясатты ортақ өткізу.
- қаржы институттарының бірге жұмыс атқаруы.
- ортақ қаржы жобасын құру
Осылайша, әлемдік қаржы дағдарыстың алдын алу шараларында, яғни ұлттық экономиканы көтеру және оның бақталастық мүмкіншілігін үлкейту арқылы Қазақстанның алдына ашылған үлкен мүмкіншіліктерін толығымен пайдаланады, яғни халықаралық еңбекті бөлу үрдістерін тереңдету, әртүрлі формада халықаралық кооперация жасау және басқа мемлекеттермен ортақ нарық жасау.
Қауымдастыққа Қазақстанның кіруіндегі тағы бір әсерлі жайты, ол Кедендік одақ құру жөніндегі белсенді жұмыстардың жүргізілуі. Оның құрамына Белорусь, Қазақстан және Ресей кірді. Ал басқа Қауымдастықтың мүшелері Қырғыстан және Тәжікістан Кедендік одаққа экономикасы жетерліктей дамыған кезде кіреді.
2009 жылдың 4 ақпанында Кеден одрғының Комиссиясының бірінші мәжілісі өтті (ұлттық мүше мемлекетаралық кеден саясатының негізгі бағытын анықтады) .
Бұл мәжілісте көрсетілген мемлекеттердің ортақ кедендік территориялық концептуалдық шарттары қаралды, салық жағынан сұрақтар шешілді және Ортақ кедендік тариф үрдісін кабылдау тездетілді. Жоба бойынша ортақ кедендік тариф толығымен 2009 жылы қалыптасты.
Айтып катетін жағдай, қазіргі уақытта Кеден одақ мемлекеттерінің арасында ортақ тариф 4000 тауарға қойылды. Кеден одағының қалыптасуы ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің арасында сауда мен Ортақ экономикалық кеңістік қалыптастыруына әсерлі даму факторы болды.
Евразиялық экономикалық қауымдастық мына мәселелерге назарларын аударды :
- Кедейлік пен көшіп қону мәселесі (миграция)
- Энергия және су мәселері
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің интеграциялық ортақ ісінің тереңдеуі, Ортақ Қауымдастық транспорттық кеңістікте маңызды факторы болды.
Бұл құжаттың жүзеге асырылуы, ЕврАзЭҚ ке кіретін мемлекеттердің ортақ кеден, транспорт жөнінде тарифтік саясаты, жаңа коридорардың дамуына, инфаструктураның модерназицияануына әкеді.
Қауымдастық мемлекеттердің әріптестігі транспорт саласында бірқатар күрделі қиыншылықтар бар екені бізге мәлім, ол яғни ұлттың транспарттық жүйенің жақы дамымауы, олардың материалдық техникалық базаланының көнеруі, қазіргі заманға сай логистикалық орталықтың жетіспеушілігі.
Осылайша, бүгінгі күнде ЕврАзЭҚ мемлекеттері арасында саяси транспорттық комплексті тереңдету және жүк тасымалын кеңейту керек.
Сонымен қоса транспорттық маршрут «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жасалды. Осындай коридор өте маңызды, себебі транзиттік транспортқа тек қана Ресей, Қытай және Еуропаға ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Азия мемлекеттеріне Өзбекстан және Қырғыстан арқылы шығы алады.
Волга Данск канал салу үлкен мүдде тудырды, ол Қоғамдастық мемлекеттеріне Қара теңіз және Жерорта теңізіне содан кейін Әлем мұхитына шығуға мүмкіндік берер еді.
Жоғарыда көрсетілген маршруттар туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаев бірнеше рет айтып кеткен болатын.
Сонымен қатар повесткада энергиялық серіктестік сұрақтары қаралды. Бұл жобада ЕврАзЭҚ мемлекеттері көп нәрсе жасаған болатын. Қырғыстан және Тәжікістанда гидроэлектростанция құру жобасы жүзеге асырылмақ. Тағы ортақ энергия қор Корцепциясы құрастырылды. Бірақ бұны жүзеге асыру оңайға түспеді.
ЕврАзЭҚ- тың кейбір аймақтарында энергия дефицит мәселесі сақталып қалды, сондықтан қазіргі уақытта ЕврАзЭҚ мемлекеттері ортақ жұмыс, яғни қосалқы энергоресурстар құрастыру керек екенін түсінді. ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің әріптестігіне су шаруашылық саласындағы су тасымалдайтын миханизм және жанармай қоры аймақта жеткілікті мөлшерде жұмыс істемегендіктен осы сұрақтар әріптес мемлекеттердің өзекті сұрақтарының бірі болып саналады. Осымен байланысты Қазақстан Халықаралық су энергия консоциумын құрастыру туралы бірнеше рет сөз сөйлеген болатын, бұл Қоғамдастыққа сушаруашылық саласына көп көмегін тигізер еді. Бірақ қазіргі уақытта сол пакет талқылану үстінде.
ЕврАзЭҚ мүшеліктен Өзбекстанның шығуы мәселесні тереңдетіп жіберді. Бұл мемлекет су энергия қоры жөніндегі шешімге мүдделі болып отырды. Бірақ бұл қалыптасқан жағдайға қарамастан, Өзбекстанның су саласындағы төрт жақтық келіссөзде қатысуы, басқа мемлекеттерге осы мәселеде ымыраға келуге көмектесер еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz