Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Инвестициялық және қаржылық құқығы кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу

Орындаған 4 курс студенті: Тасыбеков А. М.

Ғылыми жетекші: Сейтжанов А. А.

Норма бақылаушы: Қожабек Қ.

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді з. ғ. к., доцент Рахметов Е. Ш.

Алматы 2010

Реферат

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі негізіндегі құқықтық принциптері мен Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарының құқықтық реттеу принциптерін кешенді-құқықтық сипатта зерделеуге бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы мемлекеттің бюджеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып белгіленген және бекітілген қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым мүдделерді қаржыландыратын және мемлекеттің қаржы саясатын іске асыру аясында қаржылық құқықтық қатынастарды бюджеттік реттейтін, сондай-ақ бюджеттік құқықтық қатынастар субъектілеріне республикалық және жергілікті бюджеттер алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындауларын қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси-әкімшілік аяларының өзекті проблемаларын басымды бағыттары бойынша нақтылы шешетін экономикалық әрі құқықтық тетігін негізге ала отырып бір жүйеге келтіру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі бүкіл мемлекеттің ішкі және сыртқы қаржы саясатын қамтиды. Бюджеттік жүйенің реттелуі жан-жақты салыстырмалы анализ беру арқылы бір нақты түйінге келу.

Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негізін белгілі заңгер ғалымдар Н. Б., Мухитдиновтың, С. М. Найманбаевтың, У. С Сермиовтың, С. С. Алексеевтің, А. Т. Ащеуловтың, М. Т. Баймахановтың, Ғ. С. Сапарғалиевтің, С. С. Сартаевтың, Ө. Қ. Қопабаевтың, Қ. К. Айтхо-жиннің, еңбектері құрайды.

Зерттеу нысаны және пәні - Қазақстан Республикасының конституциялық және бюджеттік заңнамасында, сондай-ақ қаржы құқығында көрініс тапқан бюджеттік түсімдер мен шығыстарды реттеуші принциптері.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Конституцияда, Отандық қаржы заңдарында көрініс тапқан бюджеттік түсімдер мен шығыстар принциптерінің құқықтық табиғатын зерттеп, олардың мәнін ашу, бюджеттегі түсімдер мен шығыстардың реттелу саясатына қатысты конституциялық міндеттемелерге қатысты іргелі ұғымдарды айқындау, сондай-ақ бюджеттік қызметтің құқықтық негіздері ұғымына түсініктеме беру.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, 4 бөлімшеден, қорытындыдан, 2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы мәліметтен, с ондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі дипломдық жұмысқа қойылатын талаптарға сай келеді.

ГЛОССАРИЙ:

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

Бюджеттік инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

Бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

Бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен мемлекеттік басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны;

Бюджет қаражаты - мемлекеттің ақша және өзге де активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер;

Бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

Бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

Бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

Жоспар:

Кіріспе . . . …. . 5-7

І. Тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі.

І. 1. . Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері . . . 8-33

І. 2. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік қызметтің құқықтық негіздері . . . 33-43

ІІ. Тарау. Бюджет түсімдерімен шығымдарын құқықтық реттеу.

ІІ. 1. Бюджет түсімдерін құқықтық реттеу . . . 44-61

ІІ. 2 Бюджеттің шығындарын құқықтық реттеу . . . 62-64

Қорытынды . . . ……65-66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…… . . . ………67-68

Кіріспе

Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.

Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілуі шартымен нормативті актілер жобаларының ережелері, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.

Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда, онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.

Мемлекттік бюджет кез-келген мемлекттің өмір сүруінің міндетті шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлуді және қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретінде қолданылады. Бюджеттің көмегімен ұлттық табысты секторлық, салааралық, территориялық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзінің алдындағы әртүрлі саяси, әлеуметтік, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, білім беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т. б. сұрақтарын шешеді.

Бюджет мемлекеттің және мемлекеттегі барлық мемлекттік органдардың өмір сүруінің қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттік аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттік мекемелер, бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдар сәйкес бюджет есебінен өмір сүреді. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу үшін, қорғанысты, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Бюджет мемлекеттің қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізудегі жолсапаршысы. Экономикадағы кризистік жағдайлар және қаржылық жүйедегі ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған міндеттердің толық көлемде орындалуына кедергі жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегі келеңсіз оқиға - бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын жасап оның зиянды салдарын болдырмадағы мүмкін деген шараларын жасап отырады.

Мемлекет қоғам бюджеттің кірістерінің неғұрлым көп болғанына мүдделі. Олар өздерінің болмастарын және функцияларын атқарудың материалдық негізі - қаржыларға мұқтаж екенін жасырмайды. Ал ол қаржыларды қалыптастыру және бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті бюджет мәселесі үнемі өзекті ретінде қала бермек. Сондықтан, өзімнің бітіру жұмысымды осы мәселеге арнағанды жөн көрдім.

Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік бюджетті реттеу аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде.

Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.

Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады. Атқарушы билік мемлекеттік бюджеттің кіріс - шығысын жүзеге асыру қызметін өзі орындап отыр.

Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңдестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен қатынастар оның аясында, мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субьектілерінің халыққа қажетті режимді белгілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік ретеу әкімшілік заңдардаң негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

Бұл жерде айта кететін бір жайт, бюджетті мемлекеттік реттеу ілімі, осы жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен, көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы бюджетті мемлекеттік реттеу жеткілікті деңгейдегі өз шешімін тапқан жоқ.

Қазіргі кезеңде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік реттеу жолдарын қалыптастыру мәселелері мына шараларды қажет етіп отыр: бюджет саласындағы реттеуді, экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік нысандарының теңдігін ескеріп, сондай-ақ меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді реттеуге мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды реттеудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан бюджеттік қызметтің мемлекеттің қаржылық қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік реттеу және атқарушы билік органдарының қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау, бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу, бюджеттік қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айрықшылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік бюджеттік реттеуді атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету; мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынастар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан -2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік реттеуші атқарушы билік жүйесін орталық жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық фискальдық саясатының жетілдірілуін көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.

Президентіміздің Қазақстан экономикалық, элеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына атты Жолдауында 2005 жылы 1 - шілдеден бастап, ең төменгі зейнетақының мөлшері 9200 және ең төменгі жалақы мөлшері 9200 тенге болатынын баяндады. Бұл дегеніміз ТМД мемлекеттерінің ішіндегі Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді.

І-Тарау . Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі .

1. 1. Қазақстан Республикасы бюджет

жүйесінің принциптері

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

бірыңғайлық принципі - бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;

толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;

дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;

нәтижелілік принципі - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;

бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Бюджет Кодексіне сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;

сабақтастық принципі - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау;

уақтылылық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;

кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;

тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;

жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы. [1]

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы мемлекеттің бюджеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып белгіленген және бекітілген қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым мүдделерді қаржыландыратын және мемлекеттің қаржы саясатын іске асыру аясында қаржылық құқықтық қатынастарды бюджеттік реттейтін, сондай-ақ бюджеттік құқықтық қатынастар субъектілеріне республикалық және жергілікті бюджеттер алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындауларын қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси-әкімшілік аяларының өзекті проблемаларын басымды бағыттары бойынша нақтылы шешетін экономикалық әрі құқықтық тетік болып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің орталық буыны ретінде көрініс табатын бюджеттік жүйенің материалдық негізін құрайтын мемлекеттік бюджет (республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің жиынтығы) Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің мәңгілік атрибуты және оның егемендігінің экономикалық-қаржылық негізі болып саналады.

Бюджеттік жүйе арқылы жалпы ұлттық өнімнің Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамалық актілерінде көзделген тиісті бөлігі қайта бөлінеді.

Бюджеттік жүйеде әр деңгейдегі және әр түрлі бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау процесі, бюджеттік қатынастарды реттеу аясындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті, мемлекеттік бюджеттік (қаржылық) бақылау нысандары мен стандарттары және т. б. орын алады.

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі әрқайсысы дербес бюджеттік-экономикалық институт болып табылатын және тиісті қаржылық құқықтық нормалармен негізделген, сондай-ақ өздеріне сай материалдық- заттай қорлар арқылы көрініс табатын мемлекеттік бюджеттік (қаржылық) экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

Бюджеттік жүйенің барлық элементтері қосылып бюджет механизімін құрайды. Бюджет механизімінің осындай негізгі элементтеріне: бюджеттік жүйенің тиімді жұмыс істеуіне қажетті ақпараттық және нормативтік құқықтық база құру; бюджеттерді тиісті құзыретті (өкілді) органдар деңгейінде қарап, бекіту; бюджеттік болжамдау және жоспарлау; бекітілген бюджеттерге өзгерістер, тудетулер енгізу; бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептемелерді әзірлеу; бюджеттердің атқарылуы на экономикалық құқықтықталдау жасау; бюджеттік ресурстарды тікелей мемлекеттік басқару және мемлекет шығындарын дер кезінде қаржыландыру жатады.

Қазақстан Республкасының бюджеттік жүйесі бюджеттерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің тиісті деңгейлерінде:

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

- аудан (облыстық маңызы бар қала ) бюджеті тәрізді дербес бюджеттер жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген жағдайлардың орын алуына орай Қазақстан мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарлуы ықтимал.

Бюджеттік жүйенің жоғарғы деңгеінде орналасқан республикалық бюджет Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне нақтылы айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен құрылатын, орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттерін және функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге әрі мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық басымды бағыттарын іске асыруға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық заңымен бекітілген орталықтандырылған негізгі ақша қоры-Қазақстан Республикасының орталық бюджеті ретінде ерекшеленеді.

Бюджеттік жүйенің орта деңгейіндегі облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын, облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен функцияларын қаржыландыруға, сондай-ақ мемлекеттік саясатты тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте іске асыруға арналған және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана маслихатының нормативтік құқықтық шешімімен бекітілетін орталықтандырылған негізгі ақша қоры болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі туралы
Жергілікті бюджет түсімдері
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
Мемлекеттік бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Қазақстанның бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz