Кәсіпорынның пассивтерін басқарудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіпорынның пассивтерін басқарудың теориялық негіздері
1. 1 Пассивтердің мәні және кәсіпорын пассивтерінің мазмұны, қызметі және оларды басқару ролі
1. 2 Кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштерінің қызметі
2. "Dala Group" кәсіпорының пассивтерін басқаруын талдау.
2. 1. Кәсіпорынның қарыз капиталының тартылуын талдау
2. 2. Кәсіпорын пасситері, жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру
және банктік несиені тартуды басқару
2. 3 Тауар (коммерциялық) несиесін тартуды және ішкі кредиторлық
борышты басқару
ІІІ бөлім. Кәсіпорындардың пассивтерін басқаруды дамыту
жолдары
- Кәсіпорындардың пассивтерін жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Салалық "нұсқау- ережелер" және "жоғарыдан" келетін әдістемелер негізінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай әрі қарай жетілдіру мақсатына түсті. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізі болып табылатынына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті.
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, кәсіпорындар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу мақсатымен әртүрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды. Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп негізінде, акционерлер, инвесторлар, кредиторлар өндірістің табыстылығын анықтап, ақша-қаражаттарын салу тиімді ме деген сұраққа жауап іздейді. Осы ақпарат негізінде де аудиторлар мен салық қызметінің органдары есепке алынған тапсырыстардың, пайда мен шығындардың сенімділігін, салықтарды аударудың дұрыстығын бағалайды.
Акционерлер, инвесторларға кәсіпорынның қаржылық капиталы қаншалықты тиімді, әрі пайдалы қолданатынын, кәсіпорынға жаңа инвестициялар қажет пе немесе олардың көлемін азайту керек пе, фирма табысты болып қала ала ма және қандай жағдайларда екенін білу маңызды.
Тақырып өзектілігі. кәсіпорындар бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, қаражаттар есебінен кәсіпорындар әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Кәсіпорынның пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті кәсіпорын ресурстары жинақталады.
Бүгінгі таңдағы кәсіпорын ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Кәсіпорындар қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек. Ал оның қамтамасыз етілуі, кәсіпорын ресурстар мен жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе - теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар басқа да шаруашылық субьектілері сияқты, өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызмметтерін қамтамасыз етіп отыру үшін, белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни ресурстары болуға тиіс.
“Қазақстан әлемдік экономиканың өскелеу турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы . мемлекеттердің бірі болды.
Сонымен қатар, кәсіпорындар қызметтерінің ауқымы, яғни, активтік операцияларменен анықталатын обьектілері, кәсіпорындардың ресурстарының жалпы көлеміне, соның ішінде тартылған қаражаттар көздеріне тікелей байланысты. Міне осындай жағдай, кәсіпорындардың ресурстар тарту барысында өзара бәсекелестікке баруына жол береді.
Ертедегі Грек философы Аристотель (384-322ж. ж. б. э. б) былай деген: игілік қай жерде болсын, келесідей екі шарттың орындалуына тікелей байланысты, біріншісі- мақсатты дұрыс анықтау, екіншісі- оған жетуде тиісті құралдарды іздестіру.
Ендеше, жоғарыдағы мәселелерді зерттеуге бағытталған дипломдық жұмыс алдында келесідей мақсаты мен міндеттері болады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты кәсіпорында пассивтерді басқарудың дұрыс тәсілдерін анықтай отырып, ондағы орын алар мәселелерді талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешу қажет:
- Кәсіпорын пассивтеріне анықтама беру.
- Кәсіпорын пассивтерін құралу көздерін қарастыру.
- Кәсіпорынның пассивтерін дамыту жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Кәсіпорынның пассивтерінің мәнін, түрлерін зерттеу, пассивтер дамуына талдау жасау, дамыту жолдарын қарастыру. Ол үшін жалпы әдістемелік принциптерді ұстана отырып, осы бағытта өздерінің еңбектерін жазған шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері: М. Х Лаврушин, В. И. Колесников, О. И. Марков, В. М. Усоскин, М. Х. Лапидус және т. б. , отандық экономист ғалымдардың Ғ. С. Сейтқасымов, Н. Н. Мажитов және т. б. шығармашылық еңбектері пайдаланылады.
Диплом жұмысының құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының “Кәсіпорын және кәсіпорын қызметі туралы” заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпорынінің нормативтік құжаттары мен актілері, сол сияқты әр түрлі әдістемелік нұсқамалар мен ережелер пайдаланылады.
1 Кәсіпорынның пассивтерін басқарудың теориялық негіздері
1. 1 Пассивтердің мәні және кәсіпорын пассивтерінің мазмұны, қызметі және оларды басқару ролі
Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруы үшін сұраныстағы өнімді өндіруге мүмкіндік беретін экономикалық ресурстардың нақты көлеміне ие болуы қажет. Бұл ресурстардың бір бөлігін кәсіпорынның меншік иелері ұсынады. Осы салынған материалдық және материалдық емес құралдарының, ақша қаражаттарының жалпы сомасы меншік капиталы деп аталады. Ресурстардың басқа бөлігін меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың салуы немесе кәсіпорынмен корреспонденттік байланысқа түскен (кредиторлар, жеткізушілер), заңды немесе жеке тұлғалардан тартылған қаражаттар арқылы алуы мүмкін. Тартылған капитал ретінде кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғалар алдындағы пассивтері танылады, яғни қарыз берушілерден алынған экономикалық ресурстардың немесе оның ақшалай баламасын (келісім шартқа сәйкес), сонымен қатар сыйақыларын (келісім-шартта қаралған жағдайда) келісілген мерзімде қайтару туралы міндеттеме саналады. Осыған сәйкес, Активтер = Меншікті капитал + Пассивтер.
Пассивтер деп - мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, ірі кәсіпорынлардан алынған қарыздарды осы кәсіпорынның кіріске алып, түптің түбінде қайтарып беру жөніндегі алған міндеттемесін айтады. Алынған пассивтердің барлығы да осы күнгі ағымдағы бағамен кіріске алынады. Пассивтер алу нәтижесінде кәсіпорындардың активті қаражаттары көбейеді. Яғни ол - міндеттеме алушы жақ, міндеттеме беруші жаққа ақша мен мүліктерді қандай сомада қайтаратындығы жөніндегі операциялар. Міндеттемеге алынған негізгі сомаларға қосымша пассивтер үшін төленетін пайыздық сомалар қосылады. Мұның нәтижесінде міндеттеме алушы жақтардың табыс көлемі азайтылады. Нарықтық қатынастар жағдайында берешек қарыз сомалар осы кәсіпорын қабылдаған пассивтерінің орындалмауының нәтижесінде туындап отырады. Бұлар қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай ағымдағы пассивтерді қарастырайық.
Ағымдағы пассивтерге кәсіпорынның қалыпты операциялық қатынастар жағдайында есептің жылдың балансы жасалғаннан кейін 12 айдың ішінде төленетін (қайтарылатын) қысқа мерзімді міндеттемлере жатады. Ағымдағы пассивтердің келесідей түрлері бар:
1. Қысқа мерзімді қаржылық пассивтер - бір жылға дейінгі уақытқа алынған кәсіпорындардың зайымдары, кәсіпорынтік емес кәсіпорындардан алынған зайымдар, акцияларға есептелген және төленетін дивиденттік сомалар және жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлғаларға есептелген табыстар, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттелердің ағымдағы бөлігі мысалға, қаржылық жалдау, зайымдар, сондай-ақ осы топтағы топтарға енгізілмеген басқалай қысқа мерзімді қаржылық пассивтердің есебі жүргізіледі.
2. Салықтар бойынша пассивтер - төленетін корпоративтік табыс салығы, есептелген және төленетін жеке тұлғалардың табыс салығы, есептелген және төленетін қосымша құн салығы, акциздер, әлеуметтік салық және жер салығы, көлік құралдарының салығы, мүліктерге салынатын салық, басқалацй салықтардың есебі жүргізіледі.
3. Міндетті және ерікті төленетін төлемдер бойынша басқалай пассивтер - ҚР-сы заңнамаларына сәйкес әлеуметтік сақтандыру жөнінде есептелген және төленетін сомалар, зейнетақы қорына есептелген және төленетін сомалар, есептелінген басқалай міндетті төлемдер мысалға, жинақталған салықтық жиылымдар, мемлекеттік баж, төлеулер, сондай-ақ басқалай еркін төленетін пассивтердің есебі жүргізіледі.
4. Кредиторлардың қысқа мерзімді қарыздары - өтеу мерзімі бір жылға дейінгі аралықта қоюшылар мен тапсырыс берушілердің, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен кәсіпорындардың, кәсіпорындар мен құрылымдық бөлімшелердің, еңбеккерлердің, жалға берушілердің, сондай-ақ алынған зайымдарға, вексельдерге, эмитенттелген құн. ды қағаздарға және басқаруды сеніп тапсыруға есептелген сыйақылар бойынша алашақтардың қысқа мерзімді қарыздарының есебі жүргізіледі.
5. Бағалаудағы қысқа мерзімді пассивтер - бір жылға дейінгі аралықта сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтерге тән кепілді пассивтер, сот талабының орындалуына, еңбеккерлерге сыйақы есептеуге, сондай-ақ басқалай бағаланатын кепілді пассивтер қалыптастыру жөніндегі резервтер құру операцияларының есебі жүргізіледі.
6. Қысқа мерзімді басқалай пассивтер - мына төмендегі операциялардың:
- қойылатын тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер, сондай-ақ тапсырыс берушілердің тапсырысын бөлшектеп орындауға алынған қысқа мерзімді аванстар және алынған басқалай қысқа мерзімді аванстар;
- ағымдағы айда алынып, келесі есепті айдың есебіне жатқызылатын алдағы кезеңдердің табысы;
- сатуға арналған топтардың (материалды және материалды емесе активтердің) есептен шығарылуына арналған қысқа мерзімді пассивтердің есебі жүргізіледі.
Жоғарыда аталған ағымдағы пассивтердің есебі келесі бөлімде толық қарастырылатын болады.
Кәсіпорын ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, аммортизациялық және кәсіпорын ісін дамыту қорлары, ал, тартылған қаражаттарға:кәсіпорындарың есеп айырысу және ағымдық шоттағы қаражаттары. Бүгінгі таңдағы кәсіпорын ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктері бар деуге болады. Кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, кәсіпорын ресурстар мен жұмсалымдар арасындағы мерзімі бойынша тепе - теңдіктің сақталуын талап етеді.
Кәсіпорын ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп, кәсіпорындар бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс істей бастады. Бұл, кәсіпорынның ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы - материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді.
Кәсіпорын ресурстары - бұл кәсіпорынның пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша кәсіпорын өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын кәсіпорынның меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында кәсіпорынның ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болды. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, кәсіпорынның акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлар кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: несиелік мекемелерден алатын несиелер жатады.
Кәсіпорындардың ресурстарының құрылымы, олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Кәсіпорын ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
- Кәсіпорынның меншік капиталы
- Кәсіпорынның заемдық және тартылған қаражаттары.
Пассивтік операциялардың негізінде кәсіпорынның ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың кәсіпорын қызметіндегі рөлі жоғары.
Кәсіпорын ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылғандықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде " пассивтік операциялар бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған кәсіпорынның өз ресурсын құру операциялары" - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активтік - пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. [ 1; 159 б]
Кәсіпорынның меншікті қаражаттарының кәсіпорынның үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Кәсіпорынның бастапқы құрылуы барысында осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз кәсіпорынның қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен кәсіпорынға қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, кәсіпорынның меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Кәсіпорынның меншікті қаражаттарының құрылымы бірдей емес, олар әр түрлі әсер ететін факторлардың оның ішінде активтердің сапасына, меншікті пайдасының пайдалануына капиталдың бағасын нығайту мақсатына байланысты кәсіпорын саясатына қатысты жыл бойына өзгеріп отырады. [ 2; 70 б]
Сонымен, кәсіпорынның меншікті қаражаттарын келесідей топтар құрайды: жарғылық қор ( капитал), резервтік қор, қосымша қорлар, кәсіпорын қызметі бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар ( резервтер) бөлінбеген кәсіпорын пайдасы.
Кәсіпорынның жарғылық қоры ( капитал) кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі міндетті түрде құрылуын және оның өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.
Айналым активтерін басқару жалпы кәсіпорынның күнделікті атқаруды қажет ететін қызметтерінің бірі болып табылады. Айналым активтерін басқару ең алдымен айналым активтерінің қалай ұйымдастырылғанына байланысты, яғни оны келесідей кезеңдер бойынша сипаттауға болады.
Жалпы кәсіпорынның айналым активтерін басқаруды және ұйымдаструды қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн - ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады. Қаржы менджментiн жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң рыногымен қатар еңбек, капиталдыр, өндiрiс құрал-жабдықтары рыногiнiң жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық рететудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы менеджментi келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:
- Ақша қаражаттарын және айналым активтерін (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын анықтау;
- айналым активтерінің қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн анықтау;
- Қабылданған шешiм бойынша айналым активтері жөнiндегi шешiмдi бизнес-жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын жасау;
- Айналым активтерін қызмет етуін және орындалуын ұйымдастыру;
- Айналым активтерін басқаруда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу, алдағы өндірістік кезеңдерге қажетті материалдар көлемін анықтау;
Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның айналым активтерінің қаржылық жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.
Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның күнделікті өндірісіне қажетті айналым активтерін және тағы басқа активтерді қаржылық қамтамасыз етiлуiн тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Кәсіпорынның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы - экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде кәсіпорынның рынокта тең қаржы саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның айналым активтерінің жетіспеушілігі салдары ең бастысы кәсіпорынның қаржылық тұрақтығына байланысты. Айналым активтерін ұйымдастыру олардың тиімділігін арттыру мәселесімен айналысады. Олар:
- Айналым құрамын және құрылымын анықтау;
- Кәсіпорынның айналым активтерінің қажеттілік деңгейінің оптималды көлемін анықтау;
- Айналым активтерінің қалыптастыру көздерінің тиімді тарту жолдары мен каналдарын анықтау;
- Айналым активтерін бөлу және оларды ұтымды қолдану шаралары;
- Айналым активтерінің сақталуын және қауіпсіздігіен қамтамасыз ету;
Айналым құрамы өндірістік қорлар және айналым қорлары қалыптастырушы элементтер жиынтығын айтады. Ал құрылымы әрбір айналым элементінің жалпы активтердегі үлесін анықтайды. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру және несиелеуде кәсіпорын активтерінің негізгі құрамын келесі көрсеткіштер құрайды:
- Тауарлы-материалды құндылықтардың қорын басқару;
- Дебиторлық қарыздарды басқару;
- Есеп қаражаттарын басқару;
- Ақша қаражаттарын қалыптастыру.
Мұндағы тауарлы материалдық қорларды басқару кәсіпорының қызмет етуіне күнделікті қажетті болып табылатын айналым қорларын дер кезінде қамтамасыз етуді талап етеді. Өйткені өндіріске немесе қызмет көрстеуге байланысты материалдарды уақытымен қамтамасыз етіп отырмаса, онда жалпы өндіріс тоқтап, кәсіпорынның тұрақты қызмет етуіне зиянды әсер етеді.
Дебиторлық қарыздарды басқару кәсіпорынның өз қызметін тиімді ұйымдастыруындағы қажетті қарыз несиелерінің тартылуындағы тиімді жақтарын анықтау немесе қарыз берудегі қызметін анықтау болып табылады. Мысалы, кәсіпорын несие алуда ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімдегі, банктерден немесе банктік емес ұйымдардан алудың қайсы жолдары ұтымды екенін анықтау қажеттігі туындайды.
Кәсіпорынның есеп құжаттарын басқару бұл өз кезегінде бухалтерлік есеп негізінде көрініс табады. Бухгалтерлік құжаттарға кәсіпорынның бухгалтерлік қызметі, оның шығындары мен табыстарының есебі, қорытынды есептері жатады. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде айналым активтерінің үлесі айтарлықтай орын алады. Бұл әсіресе қаржы салаларында кең көрініс табады.
Ақша қаражаттарын басқаруда кәсіпорынның айналым активтерінің күрделі әрі барлық қызметтерді жүргізудің және ұйымдастырудың негізі болып табылатын ақша қорларын және ақша қаражаттарын қалыптастыру мен тиімді пайдаланудан туындайды. Ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
- Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
- Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
- Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.
Кәсіпорынның меншікті капиталының маңыздылығ зор. Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және кәсіпорынның нарықта сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші корпорациялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті капиталдары болады. Осылардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады. Осы меншік капиталының негізі болып корпорация құлыла сала пайда болатын жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары немесе затттай салымдары арқылы іске асады.
Бірақ нарықта бізге белгілі шаруашыылқ қызмет етуші субъектілердің меншік қаражаттары мен активтері кәсіпорын айналым активтерінің күнделікті сұранысын қамтамасыз ете алмауы мәсеесі туындайды. Бұл кезде олар қызмет процесіне байланысты әр түрлі қарыз қаражаттарын тартуға ынталы болады және мұндағы негізгі несиелерге банктердің қысқа мерзімді несиелері жатады. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айвымашыылқ бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасының білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Сонымен қатар, корпорация айналым активтерін қалыптастыруда басқа да салымдардың маңыздылығы зор. Бұл корпорация қызметінің салымдарына: шетел және отандық инвестициялар, әр түрлі мемлекет тарапынан бөлінген қаржылар және тағы басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан берілетін қарыз қаражаттары жатады. Корпорацияға мұндай ірі көлемдегі инвестициялар бірақта негізінен негізгі қорларды жаңартуға немесе өндірісті кеңейтуге пайдаланылады, ал айналым активтерін қалыптастыруда меншікті немесе қарыз қаражат көздерінің алатын үлесі басым болып табылады.
Коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге болады:
- Физикалық активтегi инвестициялар;
- Ақшалай активтегi инвестициялар;
- Материалдық емес активтегi инвестициялар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz