Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ

ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА КЛАСТЕРЛІК БАҒЫТТЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Кластердің мазмұны мен мақсаттары

а) кластер экономикалық теорияның категориясы ретінде . . . 6

ә) кластердің сипаты мен құрылымы . . . 8

1. 2 Кластер тиімділігін арттыратын факторлар . . . 13

1. 3 Кластерлік жүйені енгізу мен пайдаланудағы дамыған

елдердің тәжірибесі . . . 18

  1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА КЛАСТЕРЛІК

ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУҒА САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасында құрылған кластерлік жүйеге

әлеуметтік - экономикалық сараптама . . . . 24

2. 2 Қазақстан Республикасында тоқыма-мақта кластерін іске асыру

мәселелері мен шешу жолдары . . . 33

  1. Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйенің даму

тенденциясы мен перспективасы . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

ҚОСЫМШАЛАР . . . 61

КІРІСПЕ

Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н. Ә. Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай - ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік - логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.

Кластер - өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.

Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер - жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.

Экономикалық әдебиеттерде кластердің бірнеше анықтамалары берілген. Бірақ олардың барлығы орналасқан жеріне байланысты топтастырылған кәсіпорындар тобын білдіреді. Топтар біртұтас технологиялық желіде біріккен, атап айтқанда тасымалдаушы, өндіруші, тұтынушы, оқу және зерттеу институттары, қаржы ұйымдары, шығаратын өнімді таратушы фирмалар, міне осындай ұйымдарды құру, нақты айтқанда экономикалық тиімді кластерлік салаларды құру осы жұмыстың негізі болып табылады.

Бұл диплом жұмысында қазіргі экономикалық жағдайда маңызды болып табылатын бәсекелік қабілеттіліктерді арттыру жағдайына байланысты экономиканы кластерлеу мәселесіне арналған. Мұнда кластер түсінігі, қалыптасқан теория мен маңыздылығы, сипаты мен құрылымы, мақсаты мен оның жүзеге асыру жолдары, артықшылықтары мен кемшіліктері, шетел тәжірибесі және оның Қазақстан экономикасында жүзеге асырылуы қарастырылған.

Диплом жұмысына таңдап алынған тақырыптың тағы бір маңыздылығы өңдеуші салаларды айтарлықтай деңгейде қалыптастырып және дамытып, экономиканы тұтастай алғанда осы салалардың үлесін жоғарылату болып саналады.

Жоғарыда көрсетілген жеті кластерлерді, оның ішінде мақта кешенін кластерлеу жолдары диплом жұмысында ашып көрсетілген. Сонымен қоса тамақ өнекәсібін кластерлеу арқылы отандық тұтынушылардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға қол жеткізетінімізге толықтай сенемін. Негізінен алғанда мақта кластері - бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы шаруалардың тиімділігін көтереді, бәсекеге қабілеттілік - аталған дақылға кіндік байлаған бүкіл бір аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың алғы шарты. Елімізде тоқыма - мақта кластерін дамытудың негізгі мақсаты да осы.

Диплом жұмысының өзектілігі - кластер экономиканы әртараптандырудың басты нысаны ретінде бәсекеге аса қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу жолдарын айқындайды. Сондықтан бұл мәселе өз шешімін таппайынша тақырып өзектілігін жоймақ емес.

Диплом жұмысының мақсаты - экономиканы басқарудың жаңа бағыты - кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттей отырып, шикізаттық емес өндіріс салаларын балама дамыту мүмкіндіктерін айқындау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:

  1. кластердің қоғамды дамытудағы әлеуметтік - экономикалық маңыздылығын анықтау;
  2. кластер жүйесін тиімді құрудың механизмін, оған әсер ететін факторларды, жүзеге асыру қағидаларын іздестіру;
  3. дамыған елдердің тәжірибесін зерттей отырып, отандық кластерлік үлгіні қалыптастыру;
  4. Қазақстан экономикадағы кластерлік реформалардың қалыптасуы мен дамуына баға беру.

Әрбір тарауға жалпы сипаттама беріп кетейік.

Бірінші тарау «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда кластерлік бағыттың теориялық негізі» деп аталады және «кластердің мазмұны мен мақсаты», «кластер қызметінің тиімділігін арттыратын факторлар» және «кластерлік жүйені енгізу мен пайдаланудағы дамыған елдердің тәжірибесі» атты үш бөлімнен тұрады. Бұл тарауда экономикалық теориядағы жаңа ұғым - кластерге анықтама беріліп, осы ұғымға байланысты экономист-ғалымдардың теориялық әдістемелік ерекшеліктері зерттеледі. сондай-ақ кластердің пайда болу алғышарттары мен қалыптасу үдерісі, құрамы, маңыздылығы мен құрылымы, оның экономикалық тиімділігін арттыратын факторлар, әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің экономикасында қалыптасқан тәжірибелері зерттелу көзделген.

Екінші тарау «Қазақстан экономикасында кластерлік жүйені қолдануға сараптамалық талдау» тақырыбын қамтиды. Бұл тарауда біріншіден Қазақстан Республикасында экономиканың жылдам дамуы үшін, екіншіден экономикалық тиімділікті жоғарылату үшін, үшіншіден елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, сондай-ақ шикізаттық салаға экономикалық тәуелділікті төмендету үшін және өндірістік саламен қатар өңдеуші салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту қарастырылады. Еліміздің экономикасындағы айтарлықтай маңызға ие ауыл шаруашылық кешенінде, атап айтқанда тоқыма - мақта өнеркәсібінде кластерді қолдану жолдары қарастырылады. Аталған саладағы кластердің қалыптасуы мен ерекшеліктері, негізгі мақсаттары мен осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін міндеттер, оған сәйкес қажетті шаралар, бүгінгі күнге дейін қол жеткізген нәтижелері мен жітістіктері, болашақтағы жоспарларына байланысты мәселелері осы бөлімде көрініс табады.

Бұл зерттеудің логикасы классикалық және неоклассикалық, сондай-ақ қазіргі замандағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан. Ұлттық экономика мен оның жекеленген салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері рыноктық экономикада қалыптасқан үлгілердің даму жолдарын зерттеумен тығыз байланысты. Осы зерттеулердің әртүрлі бағыттары Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдарының − Жатқанбаев Е. Б., Төлегенова М. С., Кубаев К. Е., Бишимбаев К., Байзақов С., Райхан Н., Туребаева Ж., Серікұлы Б., Шалабекова А. Л., Рахимбеков Т. С., Мырзалиев Б., Назаров К., Мынбаев Қ., Алимбаев А., Тайжан Б., Кошербаева А. Б., Тұрсымбаева М. Ж., Спанкулова Л. С., Какижанова Т. И., Айтжанова Д., Яновская О. еңбектерінде зерттелуде. Отандық ғалымдар кластерлеу мәселесі бойынша мақалалар мен баяндамалар жазған. Аймақтық даму Институтының директоры, профессор Алимбаев А. кластерлердің дамуының стратегиясын таңдауда өзінің әдістемелік бағыттарын ұсынды. Экономикалық зерттеулер Институтының бас директорының орынбасары, экономика ғылымының докторы Байзақов С. пен Райхан Н. салалар бойынша кластерлердің сызбасын ұсынған экономистер.

Шетелдік экономистердің ішінде кластердің негізін салушы, Гарвард Университетінің профессоры Майкл Портердің «Бәсекелестік» (Санк-Петербург, 2003) атты еңбегіне сүйене отырып және Афанасьев М., Мясникова Л. зерттеулері де осы жұмысты жазуда қолданылды.

1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА КЛАСТЕРЛІК БАҒЫТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Кластердің мазмұны мен мақсаты

А) Кластер экономикалық теорияның категориясы ретінде

Кластер түсінігін экономикаға енгізген әлем елдерінің 100-ден аса салаларын зерттеген Майкл Портер. Оның Аризона штатындағы (АҚШ) кластерлеу бағдарламасы сәтті өтті. Аймақтық интеграцияланған құрылымның экономикалық талдауының интеллектуалдық алғы шартын Альфред Маршал қарастырған [6, 250 бет] .

Бұрынғыда кластер түсінігі ұлттық деңгейдегі сауданы талдау барысында қолданылған. Лимер өзінің «Сауданы зерттеу» еңбегінде (1984) коррелирленген экспорттың жоғарғы деңгейіндегі тауарлар кластерін анықтаған. Сондай-ақ, француздың бірқатар авторлары ( Толенадо, 1978ж. ; Солье, 1980ж., т. б. ) технологиясы бойынша секторлардың тобына анықтама беру үшін «филерлер» деген түсінікті қолданған. Филерлердің қалыптасуы бірінші сектордың екінші сектордың технологиялық деңгейіне тәуелділігімен анықталады. Сонымен, филерлер кластердің бастамасы ретінде саналады және олардың туындау себептерінің бірі - олардың потенциалды артықшылықтарын жүзеге асыру үшін экономика секторлары мен салалары арасындағы технологиялық байланысты қалыптастыру қажеттігін көрсету болып саналады. Кластерлік бағыт шведтік авторлардың мақалаларында да қолданылған. Мұнда ұлттық экономика құрылымы көрініс табады: шведтік көпұлтты ірі корпорациялардың қызметі айтарлықтай тығыз байланысқан. Дахмен (1950ж., 1988ж. ) «Даму блогы» туралы тезисінде бір сектордың дамуы мен басқасында жетілуін қамтамасыз ету қабілеттілігінің арасындағы байланыстың маңыздылығына ерекше көңіл бөлген. Дахмен өз мысалдарында нақты бір сала шеңберінде «іс-әрекеттің тік болуы» деп аталатын кезеңі туралы жиі айтады және бәсекелі артықшылықтарды иемдену үшін салалар арасындағы байланыстың маңыздылығына көңіл бөледі [35, 54-55 бет] .

Сондай-ақ, швед экономистері Х. Хаканссон мен Й. Йохансон «желілік орталықтарға» қатысушылардың өзара байланысын қарастырып, модел жасауға ұмтылған. «Желілік орталықтар» жекелей оқшауланған фирмалар арасындағы байланыс нәтижесінде туындайды, дамиды және өзгереді. Осы байланыстар арқылы «желіге» қатысушылар шикізаттардың, өнімдер мен қызметтердің айырбасын, бөлінуі мен жүзеге асуын қаматамасыз етеді. Бұл байланыстар ұзақтығы мен формаларына қарай әртүрлі және әртүрлі сферада туындайды. «Желінің» даму бағыты қатысушылардың бәсекелестігі мен қызметтестігі нәтижесінде, олардың бір-бірінің көзқарасына бейімделуіне байланысты қарастырылады [35, 55 бет] .

Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер «Бәсекелестік» атты кітабында «Кластер немесе өнеркәсіп топтарын белгілі бір сферада қызмет ететін және іскерлік біртұтастығы мен бірін бірі толықтыруымен сипатталатын географиялық көршілес өзара байланысты компаниялар мен ұйымдар тобы» деп қарастырған [8, 205 бет] . Кластерлер өзінің тереңдігі мен күрделілігіне байланысты әртүрлі формада болады, ал көп жағдайда дайын өнім компаниялары немесе сервистік компаниялар; өндірістік факторларын, машина компоненттерін, сондай-ақ сервистік қызметті тасымалдаушыларды; қаржы институттарын, сәйкес сала фирмаларын қамтиды. Кластерлер - бұл географиялық белгілері бойынша жинақталған, өзара байланысты компаниялар тобы, маманданған тасымалдаушылар, қызмет көрсетуші компаниялар, сәйкес саладағы фирмалар, сондай-ақ белгілі бір аймақта олардың қызметімен байланысты ұйымдар (мысалы, университеттер, стандартау агенттіктері, сауда бірлестіктері) бәсекелесетін, сонымен қоса бірлесіп жұмыс жасайтын топ жиынтығы.

Кластер тұжырымдамасы ұлттық, аймақтық және қалалық экономикалардың жаңа таным-тәсілін ұсынады, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ұмтылған компанияның, үкіметтің, басқа да ұйымдардың жаңа рөліне, маңыздылығына бағытталған. Бизнестің белгілі бір саласында айтарлықтай бәсекелі жетістік үшін критикалық массаны құра отырып, кластерлер әсіресе прогрессивті экономикасы басым елдердің кластері, тәжірибе жүзінде кез келген ұлттың, аймақтың, тіптен елдің экономикасының айрықша көрсетілген ерекшелігі болып табылады.

Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатыны сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелік артықшылық серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ, тартылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.

Майкл Портер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса - ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.

Майкл Портер бойынша екі мысал айқын көрсетілген: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму тенденциясы байқалады, өйткені, танымал Жапон компаниялары тектес салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының табиғаты мен ішкі әртараптануға деген бейімділігі мүмкіндік тудырады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені жаңа компаниялар бұрынғыдан да көбірек маманданған орындарға қызмет көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды. Кластерлер даму үдерісінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салалар арасында қажеттілік, техника мен технология жөніндегі ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде, сонымен қатар әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады [12, 16-17 бет] .

М. Портер «бәсекелік ромб» жүйесін құрған. Оларға:

  1. Факторлық шарттар: табиғи және адам ресурстары, ғылыми - ақпараттық потенциал, капитал, инфрақұрылым жатады.
  2. Ішкі сұраныс заттары: сұраныс сапасы, халықаралық нарықта сұраныстың дамуы, сұраныстың жалпы жағдайы.
  3. Қызмет көрсету салаларының кластері: жартылай дайын өнім және шикізаттардың түсуі, шикізаттарды қолдану саласы, құрал - жабдықтар, технологиялар.
  4. Кәсіпорындардың құрылымы және стратегиясы, ішкі салалық бәсеке мақсаттары барысындағы стратегиялар, кәсіпорындардың менеджменті, ішкі салалық бәсеке [8, 217 бет] .

Майкл Портердің әдістемелік ұстанымы бойынша экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес. Германия типографиялық жабдықтардың, автокөліктердің және химиялық реактивтердің және басқа да жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсінуге болады? Немесе неліктен Швецарияда фармацефтикалық өнеркәсіптің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге ауыр жүк машиналары және тау-кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияда шоғырланған? Неге италияндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге Жапония тұрмысқа қажет электроника, робот, фото, көшірмелік қондырғылар саласынан бірінші орында?

Атап айтқанда, сол елдің фирмалары өз саласында бәсекелестік артықшылықтары қалай жасай алатынын және ұстап тұра алатынын себептерін түсіне білу жеке фирманың саясатын жасау кезінде ғана емес, жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін қажетті дұрыс амал [12, 16-17 бет] .

Ә) Кластердің сипаты мен құрылымы

Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылық факторларымен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бәсекеге қабілетті бір сала өзара нығайтушы қатынастар үдерісінде екінші саланың бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай саланың өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін анықтаушы маңызды фактор болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін техологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өнірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластерлер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік пайда байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбегін өсіре түседі.

Салаларда кластердің болуы - ішкі бәсекелестер тобы бар жерде факторлардың пайда болу үдерісін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмалары маманданған, бірақ та біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеледі. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және мамандануға мүмкіндік тудырады.

Бәсекеге қабілетті салалар кластері оның жеке бөліктерінің жай ғана қосындысынан үлкен болып шығады. Оның ұлғаю тенденциясы бар, өйткені бір бәсекеге қабілетті басқасын туындатады. Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әр түрлі.

Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салалар арасында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және сонымен қатар, әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.

Ақпараттың жеңілірек қозғалысына, сондай-ақ көлденең және тік байланыстар арқылы фирмалардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік беретін жағдайлар кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік тудыратын тетіктер болып табылады.

Ақпарат қозғалысын жеңілдететін факторлар:

  • бірге оқу немесе әскерде бірге қызмет атқару негізінде қалыптасқан жеке қарым-қатынас;
  • ғылыми қоғамдастықтарда немесе кәсіби ассоциацияларда пайда болатын байланыстар;
  • географиялық жақындастықтан туған байланыс;
  • салалық ассоциациялар, қызмет көрсетуші кластерлер;
  • ұзақ мерзімді және баянды өзара қарым-қатынасқа сенім сияқты мінез-құлық ережесі;
  • мақсаттардың сай келуін және кластер ішіндегі ымырашылдықты анықтайтын факторлар;
  • фирмалар арасындағы отбасылық және отбасы төңірегіндегі байланыстар;
  • өнеркәсіптік топ ішіндегі жалпы меншік;
  • акционерлік меншіктегі үлестік қатысу;
  • фирма директорлары арасындағы қарым-қатынастар;
  • ұлттық патриотизм [ 12, 17-18 бет] .

Кластердің пайда болуы тәсілдеріндегі ұлттық айырмашылықтар фирмалардың сол елге тән үлгілерінің әртүрлілігіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалар үшін қозғаушы күш тұтынушылар мен дайын ақырғы өнімге қойылатын талаптың жоғары деңгейі болып табылады.

Экономиканы кластерлеу құрылымы мемлекеттің жалпы экономикалық саясатына маңызды деңгейде әсер етеді. Ең алдымен бұл ғылымды қолдаумен, тәуекелді инновациямен, экспорттық қызметпен, қажетті инфрақұрылым құру мен білімге байланысты (1-ші сызбаға қараңыз) .

Кластерге фирманың қатысуы - серіктестіктер арасында тәжірибе алмасу, дағды мен технологияны қолдану үшін тиімді. Қатысуға қабілеттіліктің болуы - кластерді қамтамасыз ететін фактор. Қазіргі кезде кластерлік бірлікте кәсіпорын үлесі басым. Мысалы, Қазақстанда Менделеев кестесінің барлық элементтері кездеседі, тек қана Қарағанды облысында еліміздегі марганецтің 100 %-ы, трикосид вольфрам қорының 80%-ы, молибденнің 63, 9%-ы және тағы басқа минералды қорлар кездеседі. Сондай-ақ, түсті және қара металлургия, органикалық синтез, радиоэлектроника, машина жасау кластерлеуге негіз бола алады. «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, «Испат-Кармет» түсті және қара металлургияға қамқорлық көрсетуде [19, 4 бет] .

Сызба 1- Жалпы экономикалық саясатқа кластердің әсері

Алынған көзі: М. Ж. Тұрсымбаева ҚР - да кластерлерді мемлекет тарапынан қолдаудың маңызы // ҚазҰУ хабаршысы, №2 - 2006

Кластер тірі, дамушы организм: уақыт өте келе оның құрамындағылар жойылып, жаңа элементтер туындайды [7, 104 бет] .

Сонымен кластерлер - аймақтық өнеркәсіптегі жаңа құрылымдық элемент. Кластердің ерекшелік сипаты - экономикалық тиімділіктің жоғарылауы мен капиталдың концентрациялануы. Кластерлер жекеленген кәсіпорындармен салыстырғанда тиімдірек, мұнда «аудандық даму» толығымен шығады. Кластердің қалыптасуы - өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің өсуінің нақты тәсілі мен осы көрсеткіш сапалы жаңа деңгейге жетуін қамтамасыз етеді.

Кластердің өндірістік құрылымын талдау өзара байланысқан (мысалы, салалық, технологиялық) ұйымдардың басқа да формалардың алдындағы оның артықшылығын көрсетеді.

Кластердің айтарлықтай ерекшелігі - оның шеңберінде жағымды әсерлердің, ең алдымен өндіріс ауқымы әсерінің туындауы. Оның негізі - белгілі бір өнім немесе қызметті өндіруге инновациялық кластердің ядросы ретінде бір фирманың болуы.

Кластерге тән екінші бір жағымды әсер - қамту әсері. Қамту әсері бір уақытта бірнеше өнім түрін өндіру үшін қолданылуы мүмкін өндіріс факторлары бар болған кезде туындайды. Бұл фактор көп функциялы табиғатымен сипатталады. Фирмаларды кластерге топтастыру кезінде қамту әсері күшейеді, себебі көп функциялы факторларды әртүрлі кәсіпорындарға оны енгізумен байланысты трансакциондық шығындарды төмендету мүмкіндігі туындайды.

Кластердің үшінші жағымды әсері - өнімді жалпы стандарттау кезінде туындайтын синергия әсері. Тиімділігі байланыстың барлық бағыттары бойынша таралады. Кластердің бір саласындағы белсенді бәсекелік іс - әрекет басқа саладан келген жаңа өндірушілерді ҒЗТКЖ-ға әртүрлі бағыттарда ынталандырады және жаңа стратегия мен квалификацияны енгізу үшін жаңа құралдармен жабдықтап, дамытуды жылдамдатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кластер және бәсекелестік
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Туризм кластерінің даму ерекшеліктері
Қостанай облысының өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Муниципалды құрылымдарда кластерлік жүйенің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуындағы кластерлік жүйені енгізудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz