«КАЗПЛАСТ» акционерлік қоғамы



Кіріспе

1 бөлім
1) Реактивті жоспарлау
2) Преактивті жоспарлау
3)Интерактивті жоспарлау
4) Стратегия

2 бөлім
1)Резюме
2)Маркетингтік стратегия
2.1 Жобаның негізгі мақсаты (өнімге шолу жасау)
2.2 Тұтынушылар анализы және рынокты сегменттеу
2.3 Бәсекелестердің анализы және бәсекелтік жоспарды анықтау
2.4 «Тауар.нарық» байланысын таңдау
2.5 Маркетинг кешенінің анықтамасы
2.5.1Тауар және тауар саясаты
2.5.2 Баға және баға саясаты
2.5.3 Нарықта өнімді жылжыту (өткізу)
2.5.4 Өтім каналдарын талдау
2.6 Маркетингтік шығындарды болжау
3) Өндіріс жоспары
3.1 Шикізаттар және жабдықтаулар
3.2 Еңбек ресурстарын жоспарлау
4) Құқықтық жоспар
5) Қаржылық жоспар
6) Экономикалық тәуекелдердің анализы
7) Қоршаған ортаны қорғау

3 бөлім
1 Стратегиялық жоспардың құрылу этаптары
1.1 Кәсіпорын мақсатының орындалуы
1.2 Сыртқы және ішкі факторлардың жетістіктері

Қорытынды
Кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерлік субъектілердің пайда табу мақсатында, өзінің мүлкімен және қаржылық тәуекелімен жүзеге асыратын бастамашылық қызмет.
Кәсіпкерлік идея құрған кезде ойға кез келген әр түрлі сұрақтар туады: кім нақтылы тұтынушы сияқты алға шығады , қандай құралдар жоба орындауы үшін қажетті , жоба өзіңді үнемі ақтайды ма, бұл сұрақтарға жауаптар алу үшін бизнес-жоспар құрастырылады .
Бизнес-жоспар – бұл құжат , кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары: өндіріс , сауда және әлеуметтіктер . Ол 3-5 жылға құрастырылады , ал бірінші жыл айлармен .
Бизнес-жоспар - кәсіпкер қате шешімдерінің жорамал мүмкіншілігін шығарады , өндіріс жұмыс жасау , тауар орындауын және кәсіпкерлік дамуы бірыңғай жүйеге біріктіреді .
Ойластырылған және дәлелденген бизнес-жоспар – ол кәсіпкердің табыс кепілі.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

БИЗНЕС-ЖОСПАР

КАЗПЛАСТ акционерлік қоғамы

Орындаған:
Тобы:
Тексерген:

Алматы 2008

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

1 бөлім
1) Реактивті жоспарлау
2) Преактивті жоспарлау
3)Интерактивті жоспарлау
4) Стратегия

2 бөлім
1)Резюме
2)Маркетингтік стратегия
2.1 Жобаның негізгі мақсаты (өнімге шолу жасау)
2.2 Тұтынушылар анализы және рынокты сегменттеу
2.3 Бәсекелестердің анализы және бәсекелтік жоспарды анықтау
2.4 Тауар-нарық байланысын таңдау
2.5 Маркетинг кешенінің анықтамасы
2.5.1Тауар және тауар саясаты
2.5.2 Баға және баға саясаты
2.5.3 Нарықта өнімді жылжыту (өткізу)
2.5.4 Өтім каналдарын талдау
2.6 Маркетингтік шығындарды болжау
3) Өндіріс жоспары
3.1 Шикізаттар және жабдықтаулар
3.2 Еңбек ресурстарын жоспарлау
4) Құқықтық жоспар
5) Қаржылық жоспар
6) Экономикалық тәуекелдердің анализы
7) Қоршаған ортаны қорғау

3 бөлім
1 Стратегиялық жоспардың құрылу этаптары
1.1 Кәсіпорын мақсатының орындалуы
1.2 Сыртқы және ішкі факторлардың жетістіктері

Қорытынды

Кіріспе

Кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерлік субъектілердің пайда табу
мақсатында, өзінің мүлкімен және қаржылық тәуекелімен жүзеге
асыратын бастамашылық қызмет.
Кәсіпкерлік идея құрған кезде ойға кез келген әр түрлі сұрақтар
туады: кім нақтылы тұтынушы сияқты алға шығады , қандай құралдар жоба
орындауы үшін қажетті , жоба өзіңді үнемі ақтайды ма, бұл сұрақтарға
жауаптар алу үшін бизнес-жоспар құрастырылады .
Бизнес-жоспар – бұл құжат , кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:
өндіріс , сауда және әлеуметтіктер . Ол 3-5 жылға құрастырылады , ал
бірінші жыл айлармен .
Бизнес-жоспар - кәсіпкер қате шешімдерінің жорамал мүмкіншілігін
шығарады , өндіріс жұмыс жасау , тауар орындауын және кәсіпкерлік дамуы
бірыңғай жүйеге біріктіреді .
Ойластырылған және дәлелденген бизнес-жоспар – ол кәсіпкердің табыс
кепілі.

1 бөлім

1 Реактивті жоспарлау

Статистикалық мәліметтерге сүйеніп басқа компаниялардың
жетістіктерін талдай отырып, осы өндіріс саласы пайда алып
келетіндіктен, нарықта осы тауарға деген сұранысының бар екендігін
және тұтынушыларға қажетті тауар болғандықтан осы саланы таңдау
дұрыс деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ағаш ресурстарының қымбаттауынан одан өндірілетін
өнімдер де айтарлықтай қымбат. Бұл әрине тұтынушылардың қалтасына
ауыр тиеді. Міне осы жағдай пластикалық өнімдерге тиімді болып
келеді, қазіргі кезде пластикалық өнімдер қол жетімді және оған
деген сұраныс айтарлықтай артты.

2 Преактивті жоспарлау

Ғылыми зерттеулер бойынша қазіргі заманда технологиялардың дамуы
әсерінен шығарылатын пластикалық өнімдер экологиялық таза болып
келеді. Металлопластикалық өнімдер соның ішінде есіктер, терезелерді
алсақ, олар шаң, дыбыс, суықты өткізбейді.

3 Интерактивті жоспарлау

Болашақта біз кәсіпорынның нарықтағы үлесін жоғарлатуға және
нарықты толығымен жаулап алуға тырысамыз. Технологияларды дамытып,
өндіріс қуатын үлкейтеміз және соған байланысты өнім көлемін де
арттырамыз.
Болашақта компанияының филиялдарын Қазақстанның басқа да
қалаларында ашып Қазақстандағы нарықты толығымен қамтамасыз етіп
отыру. Кәсіпорының ішкі инфроструктураны дамыту. Жұмысшылардың
квалификациясын арттыру, яғни шет елдеріне оқытуға жіберу, көптеген
семинарлар өткізу. Маркетинг бөлімін дамыту, кәсіпорынды танымал
ету. Заманға сай технологияларды жаңартып отыру, қосымша
техникаларды сатып алу. Өндірілетін өнімнің сапасын үнемі арттырып
отыру, сонымен қатар оның ассортиметін де көбейту керек.
Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру жоспарына дайын
болуымыз керек. Халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті болуымыз
өте маңызды. Әлемдік нарыққа шығуды жүзеге асыру болашақтағы
жоспарымыз.

4 Стратегия

Алдағы уақытқа қойылған компанияның стратегиясы жергілікті
нарықта 15% үлесін иелену, яғни жергілікті нарыққа шығу болып
табылады. Несиелік қарыздарды өтеу, оны өтегеннен кейін резервтік
қорды құру.

2 бөлім

1 Резюме

КАЗПЛАСТ фирмасының негізгі бағыттары болып пластикалық
терезелер, есіктер және тағы басқа құрылыс конструкциялары болып
табылады.
Нарықтағы бәсекелік өте жоғары болғандықтан, фирманың өндірісі
кезінде шетелден алынған заманға сай жаңа және экологиялық таза
технологияларды қолдану керек. Өндіріске керек шикізаттар базасы
біркелкі технологиялық пікірге сай 100% бір жабдықтаушымен қамтамасыз
етіледі, бұл дайын өнімнің сенімділігін әлдеқайда арттырады.
Фирманың өндірістік комплексін тұрғызу және оны пайдаланудың
жалпы бағасы –28 млн. 944 000 теңге. Дайын өнімнің 1 жылғы
өндірістік көлемі шамамен 10 000 м кв, 8640 теңгем кв. бағасымен 1
жылға шамамен 86 млн. 400 000 теңге. Болашақта өндіріс көлемін
арттыру мақсат қойылып отыр.
Нарықта дайын өнімді сатып алушылар болып табыс деңгейлері
орташадан жоғары іскер шеңберлердегі адамдар және Алматы қаласының және
облысының тұрғындары, яғни біздің өніміміздің офистеріне және үй
шаруашылығында евроремонт жасайтын шағын және орта кәсіпкерлері.
Фирма персоналы біліктілігі жоғары мамандардан тұратын болады.
Жалпы жоспарланған қызметкерлер саны – 86 адам.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дайын өнімнің эксклюзивті жоғары
сапасы болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі келесі факторлардан тұрады:
- баға бәсекелестерден төменірек
- өте жоғары сапа
- өндірісте заманға сай технологияларды пайдалану
Осы проекттің тиімді екендігі бизнес-жоспардың келесі
бөлімдерінде көрсетілген.

2 Маркетингтік стратегия

2.1 Жобаның негізгі мақсаты (өнімге шолу жасау)
КАЗПЛАСТ өндірістік фирмасы Алматы қаласында және Алматы
облысында пластикалық терезе, есіктер және тағы басқа
конструкцияларды өндіру бойынша ірі кәсіпорын.
Жобаның негізгі ойы– осы өнімнің көлемін өсірудің мүмкіншілігін
қарастыру.
Кәсіпорынның негізгі мақсатына мыналар жатады:
-комплекстік автоматтандырылған жабдықтарын қатарға және
пайдалануға енгізу, өткізу технологиялық процестерін қамтамасыз ету
мақсатында: шикізаттар сатып алу, дайын өнім өндіру және қызметтер
көрсету, тұтынушыларға өнімді өткізу.
-нарықта өз орнымызды тауып, аймақтық нарықта басқару сегментін
кеңейту.
КАЗПЛАСТ фирмасы өндірістік цех орналастыру үшін ауданы 200 м
кв. өндірістік орын жалға алу, өндіріске қажетті барлық
коммуникациялармен жабдықталған болуы тиіс: сумен жабдықталған,
канализация, желдетумен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз
етілген, жалпы бағасы 216 000 теңге , яғни 1 кв.м. үшін 1080 теңге.
Пластикалық өнімдерді өндіру үшін технологиялық жабдықтар сатып
алу көзделіп отыр, Германиядан, яғни металл конструкцияларын және
стеклопакеттерді өндіруге арналған цехтың негізгі жабдығы. Цехтың
жұмысы ұйымдастыру өткізу технологиялық прцестері бойынша жүргізіледі,
бұл өндіруге кеткен ішкі шығындарды азайтады және өндіріс
рентабельдігін жоғарлатады. Жабдықтың бағасы 23 120 640 теңгені
құрайды.
2 Газель автомобилін сатып алу керек (бу) – 1 680 000 теңге. 1
айлық жұмысқа қажетті өндірістік материалдар - 777 600 теңге.
Жарнама шығыны 1 жылға 3 818 880 теңгені құрайды. Сонымен жалпы
инвестицияға қажетті қаражат 29 613 120 теңге.

2.2 Тұтынушылар анализы және рынокты сегменттеу
Бұрын айтылғандай, КАЗПЛАСТ фирмасының өнімінің ассортименті
Алматы қаласы және Алматы облысындағы тұтынушыларға арналған.
Өнімнің осы түрі кең таралған, өйткені қалалар мен үй
шаруашылықтары өз қызметтерін белсенді түрде дамытып, жақсартуларға
ұмтылуда. Өнім жылдың барлық мезгілінде бірқалыпты өндіріледі.
Осы өнімнің негізгі тұтынушылары дамып жатқан және нарықта
өндірілген өнімдері бойынша жақсы орын алған фирмалар, офистер,
кәсіпорындар, және құрылыс, жөндеумен айналысатын фирмалар болып
табылад.
Қыс кезінде осы өнімге деген сұраныс азаяды, өйткені бұл
уақыт аралығында құрылыс және жөндеу жұмыстары тоқтатылады.

2.3 Бәсекелестердің анализы және бәсекелтік жоспарды анықтау.
Алматы қаласының нарығында өз өнімдерін ең алдымен өткізуді
болжайтын, келесі бәсекелестер жұмыс істеп жатыр:
- ADOPEN фирмасы – жергілікті нарықтағы пластикалық
конструкциялардың ірі өндіруші компаниясы.
- REHAU фирмасы
- ТЕХНОПЛАСТ фирмасы
- Басқа да шағын фирмалар

Пластикалық конструкциялар өңдеу бойынша барлық фирмалар ұқсас
болып келеді:
- жабдықтардың бірдей номенклатурасы
- жабдықтардың күш қуаттылығы бірдей
Бәсекелестерден ең негізгі ерекшелігі – қолданылатын жабдықтар
және технологиялардың сапасы. Осы нарықтағы алдында қолданылып жүрген
Польша және Ресей технологиялары ескіріп, сапасы өте төмен және
өзіндік құны жоғары болғандықтан бәсекелесе төтеп бере алмайды. Ең
көп тараған Германияның технологиялары.
Сонымен қатар бәсекелестердің ешқайсысы жабдықтаушылардың
біркелкі принципін қолданбайды, яғни әр түрлі фирмалардан арзанырақ
бағамен алғысы келеді. Біріншіден бұл транспорттық шығындарға әсер
етеді. Екіншіден, ең негізгісі , бірыңғай жабдықтаушылардың жоқ
болуы бірыңғай технологиялық процесске жетуге мүмкін болмайды,
техникалық және басқа да параметрлердің келіспеушілігіне әкеліп
соғады, яғни бұл осы сияқты фирмалардағы дайын өнім сапасын
төмендетеді.
Алдын ала айтылып өткендей КАЗПЛАСТ фирмасының негізгі
ерекшелігі жабдықтаушылардың бркелкілігі. Тапсырыс берілген
автоматтандырылған жабдықпен өндірілген өнімдер қатаң стандарттық
талаптарға жауап береді, бұл дайын өнімге үлкен кепілдік береді.
Сондықтан бір фирмадан өндіріске қажет жабдықтармен қоса
шикізаттарды да сатып алу сенім кепілдігін береді.
КАЗПЛАСТ фирмасы өнімнің монтажын өзі жасайтын жалғыз
кәсіпорын болып табылады. Ал қалған фирмалар өнімін монтаж жасау
үшін басқа ұйымдарды тартады, бұл оның сапасын төмендетіп өндіріс
шығындарын үлкейтуге әкеліп соғады.
Сондықтан, дайын өнім сапасы мен қызметі бойынша КАЗПЛАСТ
фирмасы сөзсіз лидер болады.
Бағаға тоқталатын болсақ КАЗПЛАСТ фирмасында бәсеке жөнінде
қиындықтар тумайды.

1 кесте – Бәсекелестердің анализы
№ өнімнің Фирма Фирма Фирма Фирма
пп ерекшеліктеріADOPEN ТЕХНОПЛАСТ REHAU KAZPLAST
1 өнімнің Орташа, орташа Орташа, жоғары
сапасы жоғары жоғары
2 Сыртқы жоғары орташа Орташа, жоғары
қорабының жоғары
тартымдылығы
3 Бағасы Орташа, Төмен орташа орташа
жоғары
4 2008 жылдың 1200 3160 2540 3000
сатылу көлемі
5 Нарықтағы 25,6 31,25 27,77 15,38
үлесі
%

2.4 Тауар-нарық байланысын таңдау
Тауар-нарық байланысы маркетингтік концепциялардың стратегиялық
шекараларын анықтайды, және стратегиялық жобаны өңдеудің негізіне
жатады.
Нарықты дамыту стратегиясы. Кәсіпорын қолда бар тұтынушылары
мен тоқтамай жаңа географиялық аймақтарды игеруге ұмтылады,
тұтынушылардың жаңа сегменттерін табу және сату көлемін арттыру.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты мен мүмкін стратегиясы келесі кестеде
көрсетілген.

2-кесте – кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен мүмкін
стратегиялары
бизнес компоненттері Мақсаты Стратегиясы
нарық Сату көлемін 2 есе Басқа ішкі нарыққа
арттыру ену және ТМД елдеріне
экспорт
Ақшалар Акционерлік капитал Шамамен 35% қажетті
және міндетпен аралықкапиталды
арақатынасты жақсартуакционерлерге
қамсыздандыру
Өндіріс Өнім сапасын жақсартуСапа бақылаудың
автоматтандырылған
жүйесін енгізу
Адамдар Жұмысшылардың Арнайы курстар және
квалификациясын сынақ істерін
көтеру ұйымдастыру
Қоршаған ортаны Қоршаған ортаға Ағынды сулардың
қорғау өндірістің жағымсыз тазалау жүйелерін
ықпалын азайту жаңартуды өткізу
Баға саясат Бағалардың қолайлы Жарнамалық компанияны
деңгейін сақтау өткізу

2.5 Маркетинг кешенінің анықтамасы
Маркетинг кешенінің компоненттеріне мыналар жатады: тауар, баға,
жылжыту және өткізу.

2.5.1 Тауар және тауар саясаты
Металлопластикалық өнімдер – Қазақстан нарығында жаңа тауар түрі,
бизнесмендер арасында және жағдайы жақсы халықтың арасында ол
үлкен әйгілікке тез арада жетті.
КАЗПЛАСТ фирмасының шығаратын өнімдері, өзіне металопластикалық
конструкциялардың барлық түрін қосады, тапсырысқа сай дайындалады
және өндіріледі.
Өнім номенклатурасы: терезе және есік рамалары, витраждар,
көрмелер, офистік қалқалар, қысқы бақтар, жылы төбелер, теплицалар
және т.б.
Ассортименттің әр түрлілігі даярлаудың көп нұсқаулығымен
толықтырылады, тұтыушылардың тапсырысына сай:
- ауданына байланысты (шек қоюсыз)
- ашылудың сандық дәрежесіне байланысты (1,2 немесе 3)
- түптеудің қоюлығымен (қою, ұсақ)
- контурлардың түріне байланысты ( түзу немесе фигуралық)
- әйнегіне байланысты ( жай, тоникалық, брондалған және т.б.)
- басқа да параметрлерге байланысты
Жабдық және сонымен бірге сатып алынатын технология қазіргі
кездегі әлемде ең прогрессивті жабдықтаушы және жабдықты өндіруші –
SCHUCO International фирмасы, 40 жыл бойы осы салада, яғни
металопластикалық конструкцияларды өндіретін жабдықтар мен
технологияларды ірі масштабтарда өңдеп шығаратын дүниежүзіне
танымал және нарықтағы лидер кәсіпорын.
КАЗПЛАСТ фирмасының өнімі профиль негізінде әзірленеді,
европалық стандартпен сертификацияланған. Бұл жергілікті нарықтағы
фирмалардың қолы жете алмайтын эксклюзивті екендігін көрсетеді. Дайын
өнімнің сапасы келесі позициялар бойынша:
1) аязға төзімділік
2) ультракүлгін сәулеленуден қорғау
3) озондық қабаттың бұзылмауын қамтамасыз ету
4) экологиялық таза (100% канцерогендік қасиеттердің жоқ болуы)

2.5.2 Баға және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Балқаш маңы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры»
Акционерлік қоғамның қоғамда алатын орны
Холдингтің еншілес компаниялары
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi
Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ТЕОРИЯЛАРЫ
ТұранӘлем Банкі
Пәндер