Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын құру және алу қағидалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Жеке табыс салығының экономикалық мәні
және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жеке табыс салығының алыну механизмі ... ... ... ... ... ..23
1.3 Жеке табыс салығының шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН САЛУДЫң ҚАЗІРгІ КЕЗДЕгІ ІС ТҮЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.1. Алматы қ. Бостандық ауданының салық комитетін бойынша жеке табыс салығының түсуін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.2. Бостандық ауданының салық комитеті бойынша жеке табыс салығын алу барысындағы іс әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

ІІІ БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ МҮСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... 54
3.1. Жеке табыс салығының қазіргі кездегі негізгі
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.2. Жеке табыс салығының жетілідірілу мәселелері мен
оларды шешудің кейбір жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барасында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады, өйткені мемлекеттің экономикалық қатынастарды реттейтін негізгі құралы салықтар болып табылады.
Қандайда болмасын мемлекеттің атқаратын қызметтерінің ең маңызды түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру. Мемлекеттік кіріс мемлекет қарамағына әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міндеттемелерін орындауға, функцияларын жүзеге асыруға пайдаланатын қаржылық ресурстар. Ол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар өте маңызды орын алады. Оның есебінен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқадай бағдарламалары қаржыландырылады, мемлекеттің қызмет етуі қамтамасыз етіледі. Нарықтық экономика жағдайында салықтар мемлекеттік қызметті және оның аппаратын ұстаудың негізгі көзі. Салық құралдарын қолданып мемлекет елдегі болып жатқан экономикалық процестерге белсенді ықпал етеді.
Салық ставкаларын белгілеу және салық алу арқылы мемлекет біріншіден, өзінің функцияларын жүзеге асырудың қаржылық базасын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етсе, екіншіден, салықтар мемлекеттің мақсаты мен міндеттемелерін сәйкес бағытта дамуға нысаналанған экономикалық процестерге ықпал ететін қуатты құрал ретінде көрініс табады.
Біздің еліміздің салық салу жүйесінде де орталық орынды жеке табыс салығы алады. Жеке табыс салығы мемлекеттің экономикалық реттеу тұтқаларының бірі. Бұл салық арқылы мемлекет әртүрлі мәселелерді шешүге тырысады, атап айтқанда барлық деңгейдегі бюджеттерді ақшалай түсімдермен қамтамасыз ету, халықтың табыс деңгейін реттеу, алынған табысты рационалды пайдалануды ынталандыру. Жеке табыс салығы халықтың нақты табыстарының деңгейіне ықпал етеді. Кез-келген жеке тұлға табысының көптігіне немесе аздығына қарамастан жеке табыс салығын төлеуге міндетті. Бұл салық азаматтардың табысынан тікелей алынады. Бұл салықтың негізгі идеясы - салық төлеушінің табысын тікелей анықтау арқылы әділетті салық салуды қамтамасыз ету.
1. Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралың Кодексі 12.06.01ж. №209-11
2. Дробозина Л.А. (Под ред.) «Финансың М.: Финансы, 1999.
3. Дуканич Л.В. «Налоги и налогообложениең Ростов на Дону –2000.
4. Евстегнеев Е.К. «Налоги и налогообложениең М.2001 “Инфра”
5. Ермекбаева Б.Ж. «Салықтар және салық салуң – А.: Қазақ университеті, 2003.
6. Ермекбаева Б.Ж., Лесбеков Г.А. «Основы налогообложенияң – А.: Қазақ университеті, 2002.
7. Мещерекова Л.Т. «Налоговая система развитых стран мираң М.1997
8. Пепеляев С.Г. «Основы налогового праваң – М.: Инвест фонд, 1995.
9. Перов А.В. «Налоги и налогообложениең М.2001
10. Черник Д.Г. «Налогиң – М.: Финансы и статистика, 1998.
11. Черник Д.Г. «Налоги: Учеб. пособие. – 3-е изд.ң – М.: Финансы и статистика, 1997.
12. Черник Д.Г. «Основы налоговой системың – М.: Финансы, 1998.
13. Юткина Т.Ф. «Налоги и налогообложениең М.1999 “Инфра”
14. Скала В.И. «Индивидуальный подоходный налог: комментарий и консультаций, Сборник №2ң А.-2002

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Fылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Әлттық Университеті

Экономика және Бизнес факультеті

Қаржы және Аудитң кафедрасы

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын
құру және алу қағидаларың
Қаржы және несиең мамандығы Салық және салық салуң мамандануы күндізгі
бөлімнің 4-курс студенті

Абыканова Сандуғаш Жолдасбекқызының

Fылыми жетекші: Арзаева М.Ж.
оқытушы

Рецензент:_________________________ _______

Жұмыс қорғауға жіберілді.

Хаттама №______ң____________2003 жылы

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Ермекбаева Б.Ж.

Алматы 2003

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Жеке табыс салығының экономикалық мәні
және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Жеке табыс салығының алыну механизмі ... ... ... ... ... ..23
1 Жеке табыс салығының шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..32

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН САЛУДЫң
ҚАЗІРгІ КЕЗДЕгІ ІС ТҮЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...40
1. Алматы қ. Бостандық ауданының салық комитетін бойынша жеке табыс
салығының түсуін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2. Бостандық ауданының салық комитеті бойынша жеке табыс салығын алу
барысындағы іс әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

ІІІ БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ
МҮСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... 54
1. Жеке табыс салығының қазіргі кездегі негізгі
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
2. Жеке табыс салығының жетілідірілу мәселелері мен
оларды шешудің кейбір жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67
Кіріспе

Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барасында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады, өйткені мемлекеттің экономикалық
қатынастарды реттейтін негізгі құралы салықтар болып табылады.
Қандайда болмасын мемлекеттің атқаратын қызметтерінің ең маңызды түрі
мемлекеттік кірістерді қалыптастыру. Мемлекеттік кіріс мемлекет қарамағына
әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міндеттемелерін
орындауға, функцияларын жүзеге асыруға пайдаланатын қаржылық ресурстар. Ол
мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар өте маңызды орын алады. Оның
есебінен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқадай
бағдарламалары қаржыландырылады, мемлекеттің қызмет етуі қамтамасыз
етіледі. Нарықтық экономика жағдайында салықтар мемлекеттік қызметті және
оның аппаратын ұстаудың негізгі көзі. Салық құралдарын қолданып мемлекет
елдегі болып жатқан экономикалық процестерге белсенді ықпал етеді.
Салық ставкаларын белгілеу және салық алу арқылы мемлекет біріншіден,
өзінің функцияларын жүзеге асырудың қаржылық базасын ақша қаражаттарымен
қамтамасыз етсе, екіншіден, салықтар мемлекеттің мақсаты мен
міндеттемелерін сәйкес бағытта дамуға нысаналанған экономикалық процестерге
ықпал ететін қуатты құрал ретінде көрініс табады.
Біздің еліміздің салық салу жүйесінде де орталық орынды жеке табыс
салығы алады. Жеке табыс салығы мемлекеттің экономикалық реттеу
тұтқаларының бірі. Бұл салық арқылы мемлекет әртүрлі мәселелерді шешүге
тырысады, атап айтқанда барлық деңгейдегі бюджеттерді ақшалай түсімдермен
қамтамасыз ету, халықтың табыс деңгейін реттеу, алынған табысты рационалды
пайдалануды ынталандыру. Жеке табыс салығы халықтың нақты табыстарының
деңгейіне ықпал етеді. Кез-келген жеке тұлға табысының көптігіне немесе
аздығына қарамастан жеке табыс салығын төлеуге міндетті. Бұл салық
азаматтардың табысынан тікелей алынады. Бұл салықтың негізгі идеясы - салық
төлеушінің табысын тікелей анықтау арқылы әділетті салық салуды қамтамасыз
ету.
Жеке табыс салығының даму тенденцияларына әртүрлі теориялық
мектептердің позициялары әсер етті, атап айтқанда Кейнсиандық мектептің
жақтаушылары жеке табыс салығының прогрессивті шкала бойынша алынуын
дәлелдесе, Монетаристер қалталы халық бөлігінің салықтарын азайту идеясын
әлеуметтік әділеттілік қағидасына негіздеді.
Жеке табыс салығының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы, оның
ұйымдастырылу және жүзеге асырылу мәселелерінің жеткіліксіз зерттелінуі,
жұмыс тақырыбының таңдалынуына себеп болды. Бұдан бөлек, жеке табыс
салығының көпқырлылығы мен күрделілігі, оның келешектегі зерттелінуіне
жеткілікті орынның болуын көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты әдеби көздердің сынаулы қарастырылуы, жеке табыс
салығының қызмет ететін тәжірибесінің талдануы мен жалпылануы негізінде
жеке табыс салығының экономикалық мазмұнын анықтайтын теориялық кесімдерді
қорытып шығару және оның жетілдірілуі бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін жеке табыс салығын зерттеу
төмендегідей міндеттердің орындалуын талап етті:
• жеке табыс салығының түсінігі, мәні, ерекшелігі және
ұйымдастырылу қағидаларын қарастыру;
жеке табыс салығының ұйымдастырылуын және жүргізілуін талдау;
• жеке табыс салығының нақты нәтижелерін талдау;
• жеке табыс салығын алу барысындағы іс-әрекетті талдау
• Бостандық ауданының нақты мәліметтеріне талдау жасау
Дипломдық жұмыс кіріспеден, алтысұрақты қосатын үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде жеке табыс салығының экономикалық мәні, маңызы,
алыну және құру қағидалары, есептелу механизмі,шетел тәжірибелері
қарастырылды.
Екінші бөлімде Бостандық ауданының нақты мәліметтері негізінде
жеке табыс салығының жай-күйі, іс-әрекеті талданып зерттелді.
¬шінші бөлімде зерттеу қорытындысы негізінде алынған ұсыныстар
мен тұжырымдар келтірілді.
Қорытындыда зерттеу бойынша алынған.
Жұмысты орындау барысында біздің және шет елдерінің танымал
экономистғалымдарының ғылыми еңбектері, еліміздің салыққа қатысты құжаттары
қолданылды.
І БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жеке табыс салығы:экономикалық мәні , мазмұны

Салықтар мемлекеттің құрылумен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барасында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады, өйткені мемлекеттің экономикалық
қатынастарды реттейтін негізгі құралы салықтар болып табылады.
Қандайда болмасын мемлекеттің атқаратын қызметтерінің ең маңызды түрі
мемлекеттік кірістерді қалыптастыру. Мемлекеттік кіріс мемлекет қарамағына
әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міндеттемелерін
орындауға, функцияларын жүзеге асыруға пайдаланатын қаржылық ресурстар. Ол
мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар өте маңызды орын алады. Оның
есебінен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқадай
бағдарламалары қаржыландырылады, мемлекеттің қызмет етуі қамтамасыз
етіледі. Нарықтық экономика жағдайында салықтар мемлекеттік қызметті және
оның аппаратын ұстаудың негізгі көзі. Салық құралдарын қолданып мемлекет
елдегі болып жатқан экономикалық процестерге белсенді ықпал етеді.
Салық ставкаларын белгілеу және салық алу арқылы мемлекет біріншіден,
өзінің функцияларын жүзеге асырудың қаржылық базасын ақша қаражаттарымен
қамтамасыз етсе, екіншіден, салықтар мемлекеттің мақсаты мен
міндеттемелерін сәйкес бағытта дамуға нысаналанған экономикалық процестерге
ықпал ететін қуатты құрал ретінде көрініс табады.
Салықтар әрқашанда мемлекет пен халықтың жан-жақты мұқтаждықтарын
қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында ұлттық табыс және жалпы
ішкі өнімді қайта бөлуге байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Сондықтан салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық
категория болып табылады "Салық" ұғымы әр түрлі экономикалық әдебиеттерде
әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде
"салық" ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта
түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. Ал Қазақстан Республикасының
Салық кодексі бойынша салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және
жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті
төлемдер болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін
көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың
қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың функцияларына талдау жасау арқылы салықтардың тікелей
мәнін және экономикалық табиғатын, атқаратын қызметтерінің негізгі
бағыттарын көруге болады. Салықтардың функциялары белгілі кезеңде өздері
атқаратын рөліне байланысты мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді
шешуге ықпал ететін қажетті экономикалық реттеуші тұтқа болып табылады.
Салықтырдың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
- фисқалдық;
- реттеушілік;
- бақылаушылық.
Салықтырдың бірінші қызметі - фисқалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл
қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құрылып, салықтардың
қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін
топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың
іске асуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер -
салықтар.
Салықтардың екінші маңызды қызметі ол – реттеушілік қызметі.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның
ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық
реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен
қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын
және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. Әрине
салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да
экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салықтардың келесі негізгі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни
салықтық бақылау.
Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет
етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі
жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары
қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті
қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен
алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.
Тәуелсіз еліміздің өзіндік салықтық жүйесін, оның ішінде салықтарын
қалыптастырып, іске қосуда көптеген жұмыстар жасалды. Оны негізінен
топтастырып төрт кезеңде қарастыруға болады:
- 1 кезең (1992-1995жж.) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық
кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;
- 2 кезең (1996-1998жж.) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін
салық жүйесін құруды аяқтау;
- 3 кезең (1998-2000жж.) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық
жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан
әрі жетілдіру;
- 4 кезең (2001-2002жж.) – Жаңа салық кодексі қабылданып іске
қосылды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін
құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын
реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде
көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар,
атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде
жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.
Осы Заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі
қызмет етті және олар үш топқа бөлінді:
- жалпы мемлекеттік салықтар – 10,
- міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар – 11,
- жергілікті салықтар мен алымдардың 18 түрі.
Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылған
құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және т.б. салықтар құрады.
Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда,
басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және
практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі,
халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды
анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және т.б.
Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады.
Қазақстан ¬кіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде
реформалаудың концепциясын қабылдады.
Аталмыш концепцияны іске асырудағы негізгі кезең болып Қазақстан
Республикасы Президентінің 24.04.95ж. қабылдаған “Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заң күші бар Жарлығы табылады.
Ол 1995ж. 1-ші шілдесінен бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет
еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды.
Бұл заңнама бойынша еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына
біршама бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылды.
1999 жылы салық жүйесі 5 рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай
2000 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 17 түрлі салықтар
мен алымдар қызмет етті.
4-ші кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында жаңа Салық кодексі
қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енді. Салық кодексінде
Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1
мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.[1]
Осы салықтырдың ішіндегі негізгі салықтардың бірі- жеке табыс салығы.
Жеке табыс салығы алғаш рет Англияда 1799 жылы Напалеонға қарсы соғысты
қаржыландыру мақсатында уақытша шара ретінде енгізілді. Ал 1842 жылдан
бастап ағылшын салық жүйесінде толық бекітілді. 20 ғасырдың бірінші
жартысында бұл салық түрі индустриалды дамыған елдердің бәріне таралды.
Салықты енгізу әр елдерде әртүрлі жүргізіледі, бірақ оларға басты ортақ
себеп мемлекетте қосымша қаражатқа деген қажеттіліктің, сондай-ақ
әлеуметтік қозғалыстар әділетсіз салық салуды жоюды, яғни байлар мен
кедейлер арасында айырмашылық жасамауды талап етуі болды. Бұл салықтың
негізгі идеясы - салық төлеушінің табысын тікелей анықтау арқылы әділетті
салық салуды қамтамасыз ету.
Жеке табыс салығы экономикасы дамыған жетекші мемлекеттерде
мемлекеттік бюджет табыстарының басым бөлігін құрайтын салықтарға жатады.
Бұл кеңінен тараған салық болып табылады. Жеке табыс салығының даму
тенденцияларына әртүрлі теориялық мектептердің позициялары әсер етті, атап
айтқанда Кейнсиандық мектептің жақтаушылары жеке табыс салығының
прогрессивті шкала бойынша алынуын дәлелдеді, себебі олардың позициясы
бойынша төмен деңгейлі табыстар тез арада тұтынуға кетеді, сәйкесінше
тұтынушылық сұранысты ынталандырады, ал жоғары деңгейлі табыстардың көп
бөлігі жинақтарға айналып, өндірісті салыстырмалы түрде төмен деңгейде
ынталандырады, ал Монетаристердің “ұсыныс теориясына” сәйкес жоғары
деңгейлі табыстардан жиналатын жинақтар инвестицияларды ұлғайтуға кететін
қаржылық ресурстарды құрайды, сәйкесінше жеткілікті капиталмен қаруланған
кәсіпорындардың тиімді қызметі экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Соған
байланысты олар төмен деңгейлі пропорционалды салықтарды ұсынады, сөйтіп
өндірістің жоғарылауы да қамтамасыз етіледі.
Монетаристер қалталы халық бөлігінің салықтарын азайту идеясын
әлеуметтік әділеттілік қағидасына негіздеді, яғни олардың ойынша мұндай
азаматтарды қоғамда маңызды және жоғары бағаланатын қызмет атқаруына
байланысты жоғары салықтармен жазалауға болмайды. Әсыныс экономикасы
теориясының идеяларының әсерінен көптеген елдерде жеке табыс салығының
ставкалары төмендеді. Дамыған елдерде жеке табыс салығы прогрессивтік шкала
бойынша есептелінеді, шкалалардың саны екіден (Әлыбритания және АҚШ) бастап
он төртке дейін (Франция) жетеді. Прогрессивтік шкаланың енгізілуі
макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда елдегі табыстар теңсіздігінің азюына
әсер етті. Мысалы, АҚШ-та ең жоғарғы ставка жетпістен отыз үш процентке
дейін төмендеді. Жеке табыс салығының экономикалық рөлін бағалай отырып,
батыс экономистері оны енгізілген автоматтандырылған тұрақтандырғыш ретінде
қарастырады. [2]
Біздің еліміздің салық салу жүйесінде де орталық орынды жеке табыс
салығы алады. Жеке табыс салығы мемлекеттің экономикалық реттеу
тұтқаларының бірі. Бұл салық арқылы мемлекет әртүрлі мәселелерді шешүге
тырысады, атап айтқанда барлық деңгейдегі бюджеттерді ақшалай түсімдермен
қамтамасыз ету, халықтың табыс деңгейін реттеу, алынған табысты рационалды
пайдалануды ынталандыру. Жеке табыс салығы халықтың нақты табыстарының
деңгейіне ықпал етеді. Кез-келген жеке тұлға табысының көптігіне немесе
аздығына қарамастан жеке табыс салығын төлеуге міндетті. Бұл салық
азаматтардың табысынан тікелей алынады.
Салықтарды мынадай ерекшілік белгілері бойынша жіктейміз:
1. Салық салу объектісіне байланысты;
2. Қолдануына қарай;
3. Салық салу органына байланысты;
4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтар мынадай салықтар жатады:
- Корпорациялық табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Жер салығы;
- Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын
ала салық еңгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама
салықтарға мыналар жатады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып жіктеледі.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады. Оған
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдың ала белгіленген нақты
шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын салық жол қорын
құруға жұмсалады.
Салық салу органнына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және
жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын
салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын
объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына салықтар
кіреді: табыс салығын, табысқа салынатын салықтарды жатқызуға болады.
Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын
төлеген кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер
жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және
дербес болып бөлінеді.
Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы
белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.
Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын
табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс салығы, жеке
табыс салығы жатады. Осы жіктелудің нәтижесінде жеке табыс салығының бес
ерекшелік белгісі туындайды:
1) жеке табыс салығы тікелей салықтарға жатады, өйткені тікелей
табысқа салынады;
2) қолдануына қарай бұл салық жалпы мақсатта жұмсалатынға жатады;
3) салық салу органына байланысты жалпы мемлекеттік салық болып
табылады;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты табысқа салынатын салықтар
қатарына кіреді;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты дербес салық
болып табылады.
Салық жүйесінде жеке табыс салығының орны келесі факторлармен
анықталады:
- жеке табыс салығы нақты төлеушіден алынады;
- салық бюджетке уақытында түседі, яғни бюджетті ақшалай
қаражаттармен уақытылы қамтамасыз етеді;
- салық төлем көзінен алынады.
Салық салу кезінде мемлекет белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Салық
салу салық жүйесінің негізгі қалыпты жағдайы. Салық салу қағидаларын ең
алғаш рет А.Смит қалыптастырды. Смиттің пікірінше ең бастысы салық салуды
дұрыс жолға қоя білу керек, салық ісін тиімді ұйымдастыра білу керек. Оны
ұйымдастыру үшін белгілі бір қағидалар болады, олар келесідей:
- Үділеттілік – азматтар салықты табысына қарай төлеу керек;
- Анықтылық – салық төлеушіге салық сомасы, салық төлеу тәртібі, уақыты
алдын – ала белгілі болу керек;
- Қарапайымдылық – салық салық төлеуші ушін ыңғайлы уақытта және
қарапайым тәсілмен алыну керек;
- ¬немділік – салық алуға кеткен шығын салықтық түсімдерден көп болмауы
керек.[3]
Осы қағидалар күні бүгінге дейін салық салуды ұйымдастыру қағидалары
ретінде қолданылады. Бұлар салық салудың кез-келген жүйесінің бастамалары
ретінде қызмет ете алады.
Салық жүйесі белгілі бір қағидаларға сүйеніп қалыптасуы тиіс, сонымен
қатар олар салық қатынастарының негізін анықтайды. Сондықтан салық салу
қағидаларының ғылыми талдануы мен жүйелендірілуі бүтіндей экономикалық
қатынастар үшін маңызы өте зор. Юткина Т.Ф. салық қағидаларын екі топқа
бөледі:
1. Жалпылама немесе іргелі (негізгі) қағидалар, бұл қағидалар кез-
келген мемлекеттерде қолданылады, яғни ол классикалық қағидалар.
2. Салық жүйесін құрудың функционалды немесе экономикалық, ұйымдық-
құқықтық қағидалары. Мұндай қағидалар жиынтығы ішкі ұлттық
қағидалардың қосалқы жүйесіне жатады және осы қағидалар негізінде
белгілі бір елде салық жүйесі туралы заң қабылданады олар
келесідей:
- салық заңдарының тұрақтылығы, заңның кері күшіне тыйым салу;
- әмбебап салық салуға тырысу;
- салық салудың бейтараптылығы, дискреттілігі, ашықтығы;
- барлық субъектілер үшін салық ауыртпалығының бірқалыптылығы;
- салық техникасының икемділігі;
- экономикалық мүдделердің теңдігін қамтамасыз етуге тырысу;
- салық әкімшілігінің репрессивті сипаттағы әрекеттерін болдырмау.

Ресей экономисті Евстигнеев Е.Н. салық салудың қағидаларын үш топқа
бөлуді ұсынады: экономикалық, заңдық және ұйымдастырушылық.
Экономикалық қағидаларға:
- шаруашылық тәуелсіздік;
- әділеттілік – осы қағидаларға сәйкес әрбір тұлға өзінің табысына
және мүлкіне қарай мемлекеттің шығындарын қаржыландыруға өз үлесін
қосу қажет. Бұл қағида екі орталықтандырылған идеяға сүйенеді: 1)
салық салудың сомасы төлеушінің табысына сәйкес болуы тиіс және 2)
мемлекеттен көп игілік алатын тұлға салықты да көп төлеуі керек.
Бұл қағиданың методологиялық негізі салық салудың прогрессивтілігі
мен щедулярлығы.
- мемлекеттік бюджет пен салық төлеуші арасындағы мүдделердің
байланыстылығы. Бұл қағида Лаффер қисығымен сипатталады, яғни бұл
қисық салық базасының, оның ставкасына және бюджет табыстарының
салық ауыртпалығына байланысты екенін көрсетеді.
- салық төлеушінің мүдделерін есепке алу қағидасы, А.Смиттің
анықтылық және қарапайымдылық қағидаларына негізделеді.
- үнемдеу қағидасы.
Заңдық қағидаларға:
- салықты заңмен бекіту;
- салық заңнамасының салықтық емес заңдарға қарағанда басымдылығы;
- салықтық қатынастардың субъектілері мүдделерінің сәйкестігі.
Әйымдастырушылық қағидаларға:
- салық жүйесінің тұрақтылығы;
- салық жүйесінің біртұтастығы.[4]
Еліміздің салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасында
келесідей салық салу қағидалары қызмет етеді:
Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы,
әділдігі, салық жџйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы
қағидаларына негізделеді.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері белгіленген салық
салу қағидаларына қайшы келмеуге тиіс.
Салық салудың міндеттілігі. Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық
міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға
міндетті.
Салық салудың айқындығы. Қазақстан Республикасының салықтары және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық
салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының,
орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық
заңдарында белгілеу мџмкіндігін білдіреді.
Салық салудың әділдігі. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға
бірдей және міндетті болып табылады, ал жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін
беруге тыйым салынады.
Салық жџйесінің біртұтастығы. Қазақстан Республикасының салық жџйесі
Қазақстан Республикасының бџкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты
біртұтас болып табылады.
Салық заңдарының жариялылығы. Салық салу мәселелерін реттейтін
нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті тџрде жариялануға
тиіс.
Қазіргі жағдайда дұрыс ұйымдастырылған салық жүйесі келесі қағидаларға
жауап беру керек:
- салық заңнамасының тұрақтылығы;
- салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарының
құқықтық сипатта болуы;
- салық ауыртпалығының салық төлеушілердің арасында біркелкі бөлінуі;
- алынатын салықтар оларды төлеушілердің табысына байланысты алынуы;
- салық алу әдісі мен уақытының салық төлеуші үшін ыңғайлығы;
- салық төлеушілердің заң алдында теңдігі;
- салық жинауға кеткен шығындардың минималды болуы;
- экономикалық қызметтін формалары мен әдістеріне қатысты салық салудың
бейтараптылығы;
- салық салу бойынша ақпараттың қолжетерлігі мен ашықтылығы;
- салық құпиясының сақталуы.
Салық заңдарының тұрақтылығы дегеніміз салықтық өзара қарым-қатынас
саласын реттейтін нормалардың және ережелердің өзгермейтіндігі. Осы
қағидаға сәйкес салық туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар салық
жылы ішінде еңгізілмеуі тиіс, ал жеңілдіктер беретін ережелер мен
преференциялар бастапқы заңмен бекітілген мерзімге дейін өзгеріске
ұшырамауы тиіс. Салық заңнамасының бірнеше жыл ішінде тұрақтылығы үлкен
мәнге ие, яғни реформалар мен елеулі сипаттағы өзгерістер жыл сайын
жүргізілмеу керек. Салық заңдарының нормаларын қайта қарау іс жүзінде
заңмен бекітілген рәсімдерге сәйкес жүргізіледі.
Құқықтық мемлекетте салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы өзара
қатынастар тек қана заңмен реттеледі. Құқықтық өзара қатынастар қағидасы,
салық саясаты саласында тұлғалардың өзара жауапкершілігін сипаттайды. Салық
төлеушілер мен мемлекет арасындағы құқықтық сипаттағы өзара қатынастар
қағидасының орындалмауы үкіметтің салықтық уәкілетсіздігінен көрінеді.
Салық ауыртпалығын бөлу қағидасы салық жүйесін құру кезінде қатал
болмайды, бірақ оны сақтамау немесе жиі жасалатын бұзұшылық салық төлеуден
жалтару сияқты ауыр зардапқа әкеледі. Кез-келген мемлекеттің заңы
әлеуметтік жағдайы, кәсібі бойынша ажыратылатын салық төлеушілердің әртүрлі
категориялары бойынша салық ауыртпалығын теңсіз бөлуді болдырмауға, сондай-
ақ бірдей табыстары бар тұлғалардың табыстарына әртүрлі деңгейдегі салық
салуды болдырмауға тырысады. Салық ауыртпалығын бірқалыпты бөлу қағидасының
бұзылуы – салық төлеуден жалтару, салық төлеуден жаппай жалтарудың таралуы
салық салуда мемлекеттік бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
Алынатын салықтар салық төлеушілердің табыстарына сәйкес алыну
қағидасы салық төлегеннен кейін салық төлеушіде қалыпты өмір сүру үшін
немесе экономикалық қызметті кеңейту үшін ақша қаражаттарының қалуын ғана
емес, сондай-ақ белгілі бір кезеңдерде, яғни салықтық төлемдерді төлеу
кезінде олар ағымдағы түсімдер деңгейінен аспауы керек, себебі жаппай
банкротқа ұшырау жағдайы болуы мүмкін.
Салық төлеуші үшін ең жоғарғы қолайлы жағдай жасау – экономикалық
өсуге бағытталған мемлекеттің маңызды мәселесі. Салық төлеушіге қолайлы
жағдай жасау салықтық төлемдерді төлеу мерзімін еңгізу, салық төлеу
мерзімін ұзарту және бөліп төлеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар салық
заңнамасының ережелері мен нормаларының түсініктілігі. Төлеушілердің барлық
категориялары үшін салық заңнамасының ережелері мен нормаларына қолжетерлік
барлық елдердің заң шығарушыларының мақсаты. Оларға келесі талаптар
қойылады:
• кез-келген қолданылатын термин заңмен бекітілген бір ғана мәнге ие
болуы керек;
• шығарылатын заң актілерінің саны көп болмауы тиіс;
• заң актілері мен нормалары бір-біріне қайшы болмау керек;
• заңның құрамы салық төлеушіге түсінікті болу керек;
• заң актілерінің қандай да бір нормалары өзгерген жағдайда,
өзгерістер баспа бетінде жариялануы тиіс.
Ең маңызды қағидалардың бірі заң алдында салық төлеушілердің теңдігі.
Бұл қағида дамыған елдерде кеңінен қолданылады, ал кедей елдерде бұзылады.
Салық өлеушілердің теңдігі дегеніміз салық салуда олардың жалпы, тең
құқыққа және бірдей жауапкершілікке ие болуы. Заң алдыңда салық
төлеушілердің теңдік қағидасының бұзылуы салықтық кемсітушілік болып
табылады. Салықтық кемсітушілік көбінесе жеке салықтық жеңілдіктерден, яғни
салық төлеушілердің белгілі бір тұлғаларына қандай да бір артықшылықтар
беруден көрінеді. Көптеген елдердің заңдарында жеке жеңілдіктерге тиым
салынған, соның ішінде Қазақстан Республикасында да.
Салық жинау кезінде минималды шығындр және салық заңдылығының
сақталуын бақылау қағидасы немесе салықтық шараларының рентабелділік
қағидасы, салықтан түскен барлық түсімдер салықты жинауға шығылдалмау
керектігін көрсетеді. Мұндай жағдай кейде жылжымайтын мүлікке салық салуда
пайда болуы мүмкін, бұл жерде мемлекеттің құжаттарды әзірлеу және толтыру,
өлшеу, есептеу, қайта есептеуге кеткен шығындары салықтық түсімдер
сомасынан көп болады. Жаңадан еңгізілген салықтар және есеп беру нысандарын
ауыстыруды талап ететін өзгерістер көптеген шығындармен байланысты.
Экономикалық қызметтің нысандары мен әдістеріне қатысты салық салудың
бейтараптылық қағидасы салықтың реттеушілік функциясына қайшы келмейді.
Салық салу шикізат құны, жалақы бойынша шығындар, проценттік ставкалар
деңгейі, инфляция үрдісі сияқты факторлармен қатар экономикада шешімдер
қабылдауға ықпал етеді. Алдыңғы өнеркәсіп салаларына капиталдың келуін
ынталандыруға, ұлттық тауар және қызмет өндірушілер үшін қолайлы жағдай
жасауға, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен энергетикалық және табиғи
ресурстарды тұтынуды төмендету кезінде салықтарды пайдалану өзін-өзі
ақтайды. Салықтар мемлекет территориясына төмен сапалы тауардың келмеуінде
және зиян өндірістің орналасуын болдырмауда тиімді құрал болып табылады.
Салықтар кәсіпкерлік қызметтің нысандарына және азаматтардың іс-
әрекеттеріне себепсіз ықпал етпеуі керек. Құрал-жабдық, шикізат, материал,
шетел валютасын сатып алу, несие тарту, жаңа кәсіпорындар, филиалдар,
мекемелер құру салық заңнамасының талаптары мен ерекшеліктеріне байланыссыз
тиімді өсу мәселелері мен мақсаттары негізінде жүзеге асырылуы керек. Бұл
қағиданың бұзылуынынң негізгі зардаптарына жатады: мемлекеттік статистика
мәліметтері мен материалдарының бұрмалануы, жалған келісім-шарттардың
көбеюі.
Өркениетті салық жүйесін құрудың негізгі қағидаларының біріне салық
салу бойынша ақпараттардың қол жетерлігі және ашықтығы қағидасы, сондай-ақ
салық төлеушілердің жұмсалған қаражаттары туралы ақпарат жатады. Салық салу
бойынша барлық сұрақтар туралы ақпараттардың ашықтығы мен қолжетерлігіең
қатал қағида болып табылады және ол міндетті түрде орындалуы қажет. Оның
мәні салық салу сұрақтары бойынша салық төлеушіге қолжетерліксіз бірде-бір
құжат болмауы керек. бұл қағиданы тәжірибеде қолдану салық органдарының
салық саласын мазмұндау сұрақтары бойынша кез-келген ақпаратты кез-келген
тұлғаға берудің міндеттілігін білдіреді. Ақпараттардың қол жетерлігі мен
ашықтығы салық салуға бақылау жүргізу ережелерімен және белгілі бір салық
төлеушілер категориялары, территориялар, аймақтар бойыншга түскен түсімдер
мәліметтерімен шектелуі мүмкін.
Салық құпиясының сақталу қағидасы мемлекттік салық органдар үшін
міндетті болып келеді, кейбір мемлекеттерде белгілі бір салық төлеушілер
категориялары бойынша мәліметті жария етуге тыйым салынған.
Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасының Салық кодексі тек қана
аталған қағидалармен шектелмей, қосымша салық заңнамасының тұрақтылығы
қағидасын енгізу қажет, өйткені қазіргі кезде салық заңдарының және оған
байланысты нормативтік актілердің тұрақсыздығы көптеген түсінбеушіліктер
мен қолайсыз жағдайлар туғызады.
Жеке табыс салығының қоғам үшін әлеуметтік маңызы зор. Бұл салықтың
әлеуметтік мәні оны қоғамның экономикалық белсенді бөлігінің төлеуінде және
бұл салық арқылы қоғамның әртүрлі деңгейлі топтарының арасында табысты
қайта бөлуді жүргізуінде. Әділетті әлеуметтік бағыттағы қоғамда бұл салық
арқылы қоғамның бай азаматтары табыстарына сәйкес салықты көп төлейді,
сондықтан мұндай қоғамда салық салудың прогрессивтік шкаласы қолданылады.

1.2. Жеке табыс салығының алыну механизмі

Салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер
болып табылады. Салық төлеу барысында салық төлеуші жеке тұлғалар резидент
және резидент емес болып бөлінеді. Резидент емес жеке тұлғалар тұрақты
мекеме құрып жұмыс жасайтын және тұрақты мекеме құрмай жұмыс жасайтын жеке
тұлғалар болып бөлінеді. Жеке табыс салығы бойынша салық салу обьектілері:
- төлем көзінен салық салынатын табыстар;
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар табылады.
Салық төлеушілердің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар
жатады:
а) қызметкерлердің табысы- жұмыс беруші есептеген және шегерімдер
сомасына азайтылған табыстары. Жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік
игіліктер немесе өзге материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса
алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген
табыстары.
ә) біржолғы төлемдерден алған табысы-салық төлеушілердің ҚР заңдарына
сәйкес заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен жасасқан азаматтық-
құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы,сондай-ақ жеке тұлғаларға
төленетін басқа да бір жолғы төлемдер.
б) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері-салық
төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге
асыратын, табыс есептеудің тиісті айына ҚР-ң заң актісімен белгіленген
айлық есептік көрсеткіш сомасына азайтылған төлемдер.
в) дивидендтер,сыйақы, ұтыстар түіндегі табыс,
Дивидендтер түріндегі табыстарға акция бойынша төленуге арналған
табыс, заңды тұлға мен оның қатысушылары арасында бөлінетін таза табыстың
бөлігі, заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыстар жатса;

Сыйақы түріндегі табыстарға несие және депозит бойынша төлемдер,
қаржылық лизинг бойынша берілген мүлік бойынша төлем, жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша төлемдер, ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша төлемдер
(дисконт, купон) жатады.
Ұтыстар түріндегі табыстарға салық төлеушінің конкурстарда,
фестивальдарда, лотереялардан, ұтыстардан алған натуралды немесе ақшалай
табыстары жатады.
Салық агенті дивидендтерді, сыйақыларды, ұтыстарды төлеген кезде салық
ұстап қалуға міндетті табысты төлеу формаса мен орнына байланыссыз. Олар
жұмысшының табысына жатпайды осыған байланысты әлеуметтік салық салынбайды
және міндетті зейнетақы төлемдері ұсталмайды.
г) стипендиялар-білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге
арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық
ақпарат құралдары қызметткерлеріне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге
арналған ақша сомасы,
ғ) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы-сақтандыру ұйымдары
жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері, олар бойынша жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен, жұмыс берушілердің қаражаты
есебінен төленген сақтандыру сыйақылары жеке тұлғаның жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша табысы сонымен қатар жеке тұлғалардың
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге
асыратын сақтандыру төлемдері сомасының сақтандыру сыйақыларының сомасынан
асып кеткен сомасы.

Жеке табыс салығының сомасы мына салық ставкаларының негізінде
есептеліп, анықталады:
1) 15еселенген жылдық есептік Салық салынатын кіріс сомасы- нан 5
көрсеткішке дейін пайыз
2) 15 еселенген жылдық есептік 15 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен 40 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы + одан
есептік көрсеткішке дейін асатын сомадан 10 пайыз
3) 40 еселенген жылдық есептік 40 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен 600 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы + одан
есептік көрсеткішке дейін асатын сомадан 20 пайыз
4) 600 еселенген және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен салық сомасы + одан
асатын сомадан 30 пайыз

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға мыналар жатады:
1) мүліктік табыс, оның ішінде:
- кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, атап айтқанда бір жылдан
аз уақыт меншік құқығында болған жылжымайтын мүлік;
- бағалы қағаздар, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесі;
- қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар, олардан
жасалған зергерлік бұйымдар, өнер туындылары мен
антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсімі және
мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.
2) адвокаттар мен жеке нотариустарың табысы-заң көмегін, нотариаттық іс-
әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттыққызметті жүзеге
асырудан түскен табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен
өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар,
3) жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы. Жеке кәсіпкердің салық
салынатын табысына төлем көзінен салық салынбайды. Демек, салық салынатын
табысы заңды тұлғаның табысы сияқты, яғни жылдық жиынтық табыс пен
шегерімдер айырмасы арқылы және түзету жасау негізінде анықталады.
Жеке табыс салығын есептеу белгіленген ставкаларды қолдану арқылы
жүргізіледі. Салық кезеңінің ішінде жеке кәсіпкерлер табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер жасайды. Салық қорытындысы бойынша жеке табыс салығын
төлеу жасалған аванстық төлемдерді ескере отырып, жеке табыс салығы бойынша
декларацияны өткізу мерзімінен кейін 10 жұмыс күні ішінде салық төлеушімен
дербес жүргізіледі.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға салық салу келесі
қағидаларға негізделеді:
- салық жеке тұлғамен дербес есептеледі,
- егер салық төлеуші жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынбайтын
табыстарының бірнеше түрі болатын болса , онда бұл табыстар салық салу
мақсатында жинақталып есептелінеді,
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша салықты төлеу салық
төлеушімен дербес жүргізіледі,

төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын
есептеу кезінде салық шегерімдерін жасауға рұқсат етіледі.

Жалпы, Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы екі тәсілмен
алынады:
1) төлем көзінен;
2) декларация бойынша.
Сонымен қатар еліміздің салық заңнамасына сәйкес шағын бизнеспен
айналысатын жеке тұлғаларға арнайы салық режимдері қарастырылған.
Табысты төлем көзінен ұстау салық агентіне жүктеледі. Салық агенті
салықты толық, дұрыс есептеп бюджетке аудару жауапкершілігі жүктелген заңды
тұлға немесе жеке кәсіпкер. Бұл тұлға жеке табыс салығын есептеу мен ұстап
қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей
жүргізеді және салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын
төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде салық төлеуді жүзеге
асырады. Салық агенті төлем көзінен салық салынатын, төленген табыстарға
қатысты жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты әрбір тоқсан үшін есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық органдарына табыс етеді.
Салық төлеуші жеке тұлға алдын ала салық азайтылған табыс алады, өйткені ол
кәсіпорын бухгалтериясында ұсталып, есептеліп қалады. Салық төлеуші үшін
бұл автоматтандырылған ұстап қалу әдісі.
Декларация бойынша салық төлеу бұл салық төлеушінің белгіленген
уақытта салық органына өзінің салық міндеттемелері туралы ресми өтінішін
ұсыну, яғни декларацияда салық төлеушінің көрсеткен табыс және шегеріс
көлемдері мен жеңілдіктер ескеріледі.
Декларация бойынша салық алу салық төлеушімен дербес жүргізіледі.
Салық төлеушілердің міндетіне декларацияны салық органдарына тапсыру және
салықты дер кезінде төлеу жатады.
Уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы жеке табыс салығы
бойынша декларацияны келесі салық төлеушілер тапсырады:
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бар адамдар;
- салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға бір
жылғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер;
- ҚР-ның шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
- ҚР-ның шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарында
ақшасы бар жеке тұлғалар;
- ҚР Парламентінің депутаттары, судьялары;
- Мемлекеттік қызметшілер үшін көзделген заң нормаларын қолданылатын
адамдар.
Жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша
салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірілмей
табыс етіледі.
Бірінші әдіске қарағанда декларация бойынша салық алу кезінде салық
сомасын дұрыс есептемеу, салық сомасын уақытында төлемеу жауапкершілігі
салық төлеушінің өзіне жүктеледі. Төлем көзінен салықты дұрыс ұстамау,
салық салу объектісін төмендету, салықты бюджетке дер кезінде аудармау
жауапкершілігі салық агентіне жүктеледі. Жеке табыс салығын алуда екі
әдісті бірдей қолдану төлем кезінен салық салу кезінде бюджетке салықтық
түсімдердің тұрақты түсуін қамтамасыз етуімен түсіндіріледі. Екінші әдісті
қолдану дербес алынатын табысқа дұрыс салық салуды қамтамасыз етеді. Салық
төлеуші салық органдарына берген жалған ақпарат үшін әкімшілік
жауапкершілікке тартылады.

Салық шегерімдеріне мыналар жатады:

а) ҚР-ң заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгілен-ген бір
айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома,
ә) Асырауында адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асырауындағы
отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома.
Асырауындағы адам – салық төлеушінің табысы есебінен өмір сүретін және
айына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жеке табыс көзі жоқ,
салық төлеушінің отбасы мүшесі.
б) Жинақтаушы зейнетақы қорларына ҚР-ң заңдарында белгіленген мөлшерде
төленетін міндетті зейнетақы жарналары.
в) Сәйкес қаржылық жылдағы Қазақстан Республикасының республикалық
бюджет туралы Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген
сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы
жарналары.
“Еңбек туралы” ҚР-ң Заңына сәйкес жеке тұлға жеке еңбек шарттарын
бірнеше жұмыс берушілермен жасай алады , ал айлық есептік көрсеткіш
мөлшеріндегі шегерім тек қана айына бір рет жасалады. Осы жағдайды ескере
отырып жұмысшы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі шегерім бойынша
өтінішті қандай жұмыс орнына беретінін өзі біледі. Жеке тұлға өтінішті
бірнеше жұмыс орындарына беретін болса, жауапкершілікке тартылады.
Дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздық
ставка бойынша салық салынса, адвокаттардың және нотариустардың табыстарына
10 пайыздық ставка бойынша салық салынады.
Шетелдік резидент жеке тұлғаның табысына Қазақстан Республикасының
көздерінен және одан тыс жерлерден алынған табыстары жатады. Резидент емес
жеке тұлғадан табыс салығын ұстап қалу және төлеу тәртібі, салық салынатын
табысты анықтау оның қызмет ету сипатына байланысты жүргізіледі.
Тұрақты мекемемен байланыссыз резидент емес жеке тұлғалар ешқандай
шегеріс жасамай төлем көзінен прогрессивті шкаламен салық төлейді, тұрақты
мекемемен байланысты резидент емес жеке тұлғалар салықты төлем көзінен
салық салынбайтын табыстарынан шегеріс жасап белгіленген ставкалармен
төлейді. Резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасынан алған келесі
табыстары бойынша салық жауапкершілігіне тартылады: өнім өткізу, қызмет
көрсету, жұмыс жасаудан түскен табыс; бағалы қағаздарды, мүлікті өткізуден
түскен құнның өсімі; дивиденд, марапат, сыйақы түріндегі табыс; халықаралық
тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар. Қазақстан
Республикасында 30 күнтізбелік күннен астам уақыт кәсіпкерлік қызметін
жүзеге асыратын немесе салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасындағы
көздерден 500 айлық есептік көрсеткіштен астам пайда түсіретін резидент
емес жеке аванстық төлемдер жасау керек, сондай-ақ табыстары бойынша
декларация тапсыруы тиіс. Резидент емес жеке тұлғалар толық есеп-айырысу
және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша
декларация тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, бірақ Қазақстан
Республикасынан кеткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Жеке тұлғалардың табыстарының мынадай түрлеріне салық жеңілдіктері
қолданылады:
- ҚР-ның заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
- Балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
- ҚР-ның заңдарына сәйкес қызметкерге еңбек міндеттерін орындау кезінде
мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты
келтірілген зиянның орнын толтыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
- Лотерея бойынша бес айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
- Гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер;
- Экологиялық апат немес ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР-ның
заңдарына сәйкес төленетін төлемдер;
- Әлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілген адамдардың,
бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек
адамның ата-аналарының біреуінің салық жылы ішіндегі айлық есептік
көрсеткіштің 480 еселенген шегіндегі табыстары, үшінші топтағы
мүгедектердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаржыларын қалыптастырудағы салық комитетінің қызметіне талдау
Салық объектісі
Жеке табыс салығының алыну механизмі
Халықаралық салық салудың теориялық негіздері
Салық салу теориясының негізгі концепциялары.Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық салу жүйесінің ерекшеліктері
Салық әкімшілігі
Салық жүйесi жайлы
Салық салудың әділдігі
Пәндер