Экономикалық ақпарат


ЖОСПАР:
Кіріспе
- Экономикалық ақпарат және басқару
1. 1. Экономикадағы ақпарат, оны өңдеу және басқару
1. 2. Экономикалық ақпарат түрлері
1. 3. Экономикалық ақпараттың сипаттамалары
2. Экономикадағы ақпараттық жүйелер
2. 1. Ақпараттық жүйе түсінігі, қызметі, негізгі ұғымдар.
Қорытынды
Кіріспе
Ақпараттық жүйе(АЖ) - ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны.
Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Ақпараттық жүенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авйация және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын-ала сатып алу және т. с. с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруымызға болады.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты енгізу және өзгерту;
- ақпаратты көру және іздеу;
- берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
- кез-келген формада есеп құжатын алу;
- ақпараттың дұрыстығын қадағалау;
- Ақпаратты іздеу жүйесі- берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысал, қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат ғана керек.
- Мәліметтерді өңдеу жүйесі- мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауға немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метеорология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданышуға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауарайы болжамы керек.
1. Экономикалық ақпарат және басқару
1. 1. Экономикадағы ақпарат, оны өңдеу және басқару
Ақпарат термині латын тілінің “informatio”-мазмұндау деген мағынаны білдіреді. Ақпарат дегеніміз - бізді қоршаған орта объектілері және құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін және біздің санамызбен қабылданатын белгілер жиынтығы. Бұл белгілер табиғаты оларды сақтау, беру және өңдеу мүмкіндіктерінің бар екенін білдіреді. Ақпаратпен қоса терминологиялық қатарда мәліметтер және білімдер ұғымдары тұрады. Мәліметтер деп - берілген ақпаратты айтамыз.
Ақпарат құрылымы, формасы және өлшемі
Ақпараттың негізгі сипаттаушыларының негізгілері болып оны құрылым, формасы және өлшемі табылады. Ақпарат құрылымы дегеніміз - ақпараттың құрама элементтерінің арасындағы байланысты анықтайтын бөлік. Ақпараттың ең негізгі қасиеті - жүйелік қасиеті. Ақпараттың келесі жағы - оны көрсету формасы болып табылады.
Экономикадағы ақпарат және басқару
Ақпараттың статистикалық теориясы және сол сияқты басқа теориялар экономикалық объектілерді басқару үшін ақпаратты өңдеуде кең таралмаған. Себебі, бұл экономикалық мәліметтердің басқарудағы оларды қолдану ерекшеліктерін ескермейді. Сондай-ақ, мағыналық байланыстары, беру формалары, қолдану жиілігі, нақтылығы және т. б. сипаттамалары да есептелмейді. Әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданылатын ақпарат түрлері өте көп. Фирма немесе кәсіпорын деңгейіндегі ақпаратқа мыналар жатады:
- Өндіріс құралдарының техникалық сипаттамалары
- Өндірістің технологиясы мен шарттары
- Нарықтық коньюнктура (бағалар мен сұраныс көлемдері)
- Айналым құралдары туралы ақпарат
- Кадрлар құрамы жайлы ақпарат
- Ресурстардың қажеттілігі жайлы ақпарат
- Жоспарлық есептер мен нормативтер
- Есептік көрсеткіштердің жиынтығы (рентабельділік, өз құны және т. б. көрсеткіштер)
- Әртүрлі нұсқаулар, әдістер, бұйрықтар.
Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ олардың барлығының ортақ белгісі бар. Ол - адамдардың өндірісті-шаруашылық қызметіне жататындықтары. Осы белгі бойынша оларды экономикалық ақпарат ретінде анықтайды. В. Д. Бройдо түрлендірген экономикалық ақпараттың анықтамасымен келісуге болады. Экономикалық ақпарат - өндірісті-шаруашылық қызметі кезінде пайда болатын және осы қызметті басқару үшін қоланылатын ақпарат.
1. 2. Экономикалық ақпарат түрлері
- Кіретін (входящая) ақпарат - басқару органына түсетін ақпарат
- Бірінші реттік - басқару объектісінен түсетін және есептеулер мен өлшемдер нәтижесінде пайда болатын ақпарат
- Директивті - жоғары деңгейдегі органдардан келетін және бағынушылық сипатына байланысты өзіне жоспарлық есептер, міндетті төлемдер, жекелеген лимиттердің көрсеткіштері мен шарттарынан тұрады.
- Құлақтандыратын (напоминающая) - жоғары тұрған органдардан және басқару объектісімен байланысқан фирма, кәсіпорын немесе ұйымдардан түсетін ақпарат. Олар - қамтамасыз етушілер, тасымалдау ұйымдары (қаржы институттары (банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары), мемлекеттік биліктің меншікті органдары), нормативті анықтамалық ақпарат - оларға экономикалық, технологиялық, материалдық және техникалық нормативтер, есептік коэффициенттер, каталогтар, номенклатуралық анықтамалық қағаздар жатады. Есептік ақпарат - өндірістік фактылы процесіне және нақтылы экономикалық шарттарға жатады.
1. 3. Экономикалық ақпараттың сипаттамалары
Экономикалық ақпараттарға қойылатын талаптарды көрсететін ең маңызды сипаттамаларының 6 түрі бар:
- Дұрыстық - егер ақпарат тұтынушылардың барлығының біркелкі қабылдануын қамтамасыз етсе ол дұрыс ақпарат деп аталады.
- Бағалылығы дегеніміз - тұтынушылардың мақсаттарына жеткізу дәрежесін көрсететін ақпараттың қасиеті.
- Шынайылық қасиеті - объективті шындықты өзінің шынайылығымен көрсететін ақпараттың мағыналық жағы
- Нақтылық - бір-біріне жақындығының өлшемін анықтайды.
- Ақпараттың актуальдылығы - референнті объекттің шынайы қалпына ұқсастығын көрсетеді.
- Толық ақпарат - басқару шешімдерін қабылдауға жету немесе
2. Экономикадағы ақпараттықжүйелер
2. 1. Ақпараттық жүйе түсінігі, қызметі, негізгі ұғымдар.
Қойылған мақсаттарға жету үшін белгілі бір уақытта жеке дара болып немесе бірігіп қарастыратын әртүрлі элементтер жиынтығын жүйе деп атаймыз.
Ақпараттық жүйе әдетте тексттік немесе фактографиялық ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге негізделген қолданбалы программалық жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйелердің көпшілігі қолданушымен диалог режимінде жұмыс істейді.
Жалпылама алғанда ақпараттық жүйе құрамына 4 түрлі типтік программалы компоненттер кіреді. Олардың құрамына мыналар кіреді:
- Диалогтық енгізу және шығару. (ввод-вывод)
- Диалог логикасы.
- Деректерді өңдеудің қолданбалы логикасы
- Деректерді басқару логикасы
- Файлдар мен деректер базалары мен операциялар
Ақпараттық жүйе - белгілі бір мақсатқа жету үшін немесе ақпаратты сақтау, өңдеу және шығару үшін қолданылатын өзара байланысқан әдістер мен персоналдардың жиынтығы.
Мысалы:
Ақпараттық жүйелердің даму (этаптары) кезеңдері
Ақпараттық жүйелерді енгізудің артықшылықтары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz