Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы


ГЛОССАРИЙ
Ақын және өлең - негізінен поэтикалық туындыларды өлең, жыр, поэма болып келетін, шығармаларын ауызша да, жазып та шығарған сөз өнері өкілдерін ақындар дейміз. Жалпы ақын деген ұғымның ауқымы кең. Оған ауыз әдебиетіндені өлең, жыр, дастандарды шығарушылар, импровизациялық өнер шеберлері, халық әдебиеті дәстүрін сақтаушы халық ақындары, айтыс ақындары, яғни түрлі тарихи дәуірлердегі айтыскерлерді де жатқызуға болады. Поэзияның басты поэтикалық сөз үлгісі - ақындық өлең.
Дәстүр мен жаңашылдық - көркем мұралар мен әдебиет тарихындағы қалыптасқан түсініктер, әдеби-эстетикалық үлгі өрнектер, тақырыптық, идеялық, көркемдік әдіс-тәсілдер жиынтығы әдеби дәстүрді қалыптастырса, осы әдеби дәстүрдің озық үлгілерін пайдалана отырып, мән-мағынасы терең, көркемдігі жоғары, заман талабына жауап беріп қана қоймай, болашаққа жол ашатын өнердегі тың тақырыптарды бұрын қолданылмаған әдіс-тәсілдермен соны мәселелерге батыл шешім таба суреттеген әдеби ізденістердің көркем өнердегі нәтижелі көріністерін жаңашылдық дейміз. Десек те, әдеби дәстүрдің тұрақты белгілері болады. Олар: ұлт әдебиетіне тән әдеби-теориялық заңдылықтар, адамзаттық, ұлттық құндылықтар, т. б. Мысалы: өзіне дейінгі жыраулық толғаулар жәстүрін жалғасытыра отырып, Махамбет жаңа заман тудырған жаңа әдебиетті, тың ақындық өлең айшықтарын дүниеге әкелді.
Поэзиядағы даралық - тың тақырыпты бұрын қолданылмаған әдіспен көркем тіл арқылы суреттейтін поэзиялық шығарма жасауды айтады.
Ұлттық пішін - шығармада әр ұлттың дара тағдырына байланысты мәселелердің қозғалуы.
Ұлттық характер - әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір ұлт өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі.
Кейіпкер (персонаж) - көркем әдебиетте роман, повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады.
Стиль - жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. Стильді көбінен-көп сөз қолдану ерекшелігі, сөздік тілдік ерекшеліктер деп қарау ара-тұра болса да бой көрсетеді.
Тақырып - жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы.
Мазмұны
Кіріспе 3-5
I тарау
Г. Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы 6-27
II тарау
Г. Салықбаева лирикасындағы ақындық «мен» 28-54
Қорытынды 55-56
Пайдаланған әдебиеттер57-58
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия жанры жан-жақты зерттеу обьектісіне айналып, оның тарихына, әдеби процестегі алар орнына, жалпы поэтикасына қатысты түрлі ғылыми еңбектер жазылғанымен, назардан қағыс қалып келе жатқан мәселе бар. Ол - поэзиядағы автор образы проблемасы.
Қазақ поэзиясындағы автор образы проблемасы, оның теориялық мәсілілері - біздің әдебиеттану ғылымында әлі күнге дейін тереңдей сарапталып, нақты зерттеле қоймаған сала.
Көркем шығармадағы автор образы - жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Әдеби туындының өн бойынан, бүкіл құрылыс бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері көрінеді. Көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бәрі толық мағынасында ашылады. Бұл - оның шығармашылық тұлғасы, жазушылық, суреткерлік сипат өзгешелілі.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Гүлнар Салықбаеваның жалпы шығармашылық өнері, суреткерлік шеберлігі, шығармаларының көркемдік деңгейін таныиу мақсатында арнайы зерттелген еңбектердің болмауы зерттеудің қажеттілігін тудырады.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер, ақын тұлғасы мен лирикалық кейіпкер арақатынасы мәселелерінің әлі де жете қарастыратын тұстары бар. Поэзияда автор образының көрініс табу жолдары, бейнелену ерекшелігін таныту зәрулігі анық мәселе болып табылады.
Жұмысымызда қазақ поэзиясында шығармашылығы әлі де толық зерттеле қоймаған Гүлнар Салықбаеваның шығармашылығы негізінде автор образы мәселелерін ғылыми негізде талдау зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі қазақ поэзиясы, қазақ өлеңі мәселелерін арнайы зерттеген ғылыми жұмыстардан Қ. Жүсіповтың «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», Ш. Сариевтің «60-70 жылдардағы қазақ лирикасы. Көркемдік ізденістер», Т. Шапаевтың «Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы», Б. Кәрібозұлының «Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты», С. Айбергенованың «Қазақ ақын әйелдер шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы», Ж. Сұлтанғалиеваның «қазіргі қазақ лирикасындағы мінез мәселелері», Р. Мұқышеваның «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық характерді бейнелеу жүйесі», Н. Қамарованың «Қазіргі қазақ өлеңіндегі психологизм» аттын еңбектерді атауға болады.
Аталған еңбектер лирика жанрының әдеби процесте алатын орнына, поэтикасына жалпы лирика тақырыбына қатысты құндылығымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл еңбектерде поэзиядағы автор образы мәселесі қарастырылмаған. Қазіргі қазақ поэзиясындағы автор образы проблемасын сөз ететін арнаулы еңбек әлі күнге дейін жарық көрген жоқ. Біз өз жұмысымызда автор образы ұғымын қалыптастырып, оны теориялық түсінік категория ретінде негіздеген орыс әдебиеттану ғылымындағы теориялық пайымдауларға сүйендік. Атап айтқанда: Б. О. Корманның «Проблема автора в художественной литературе», Л. Я. Гинзбургтың «О лирике», В. В. Виноградовтың «Проблема авторства и теория стилей», М. М. Бахтиннің «Эстктика словесного творчества» сынды автор образы жайды зерттеулерін негізге алдық. Сондай-ақ жалпы лирика, ондағы лирикалық субьект табиғаты туралы құнды ойлар айтқан Ю. Н. Тынянов, Л. И. Тимофеев, А. Н. Веселовский, Б. В. Томашевский, Г. Н. Поспелов, Г. О. Винокур, Н. И. Балашов, Б. М. Эйхенбаумның ғылыми еңбектеріне сүйенік. Сонымен қатар, көркем шығаршылық заңдылықтары, лирикалық образ табиғаты туралы әркезде айтылған шетел философтардың Аристотель, Гегель, Ницше, Юнг пікірлерін ескеріп отырдық.
Біздің бағдар тұтқан ендігі бір сала - қазақ әдебиеттануы мен сыныдағы поэзияға қатысты зерттеулер мен әдеби сын мақалалар. Нақталай айтсақ: А. Байтұрсыноа, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, З. Ахметов, М. Базарбаев, Ә. Тәжібаев, Қ. Өмірәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Ж. Дәдебаев, Б. майтанов, С. Сейітов, Б. Кәрібаева, Б. Ыбырайымовтың ғылыми еңбектерін башылыққа алдық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмысымыздың басты мақсаты - Гүлнар Салықбаева поэзиясындағы автор образы мәселесін ғылыми теориялық тұрғыдан талдау. Автор образы мен лирикалық кейіпкер арақатынасын зерттеп, ғылыми негізде тұжырымдар жасау. Осы кезге дейін әдебиеттану ғылымында жазылған автор образына қатысты ғылыми-зерттеу еңбектермен танысу, оларды негізге алу. Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- Г. Салықбаева шығармашылығындағы ақынның өз бейнесіне, оның лирикалық болмысына талдау жсау;
- Ақын жырларында автор образының бейнелену амалдарын саралау;
- Әр жылдарда жарық көрген өлең жинақтарындағы автордың көркемдік дүниетанымындағы өзгешеліктер, характер жасау ерекшелігіне тоқталу; автор образының эволюциясын анықтау;
- Қазіргі қазақ поэзиясындағы автр образының көрініс табу ерекшелігін ғылыми тұрғыда зерттеу.
Тақырып жаңашылдығы. Дипломдық жұмыста Гүлнар
Салықбаеваның суреткерлік шеберлігі, қаламгерлік қуаты әдебиеттанудағы автор образы негізінде алғаш рет арнайы қарастырылып отыр. Осы тақырыпқа юайланысты күні бүгінге дейін жүйелі де арнайы еңбек жазылмағандықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі қазақ лирикасы деп алдым». Дипломдық жұмыста поэзиядағы автор образына қатысты әдеби теориялық міселелер алғаш рет жан жақты қарастырылмақшы. Осының өзін жұмыстың жаңалығы деп санаймыз. Поэзиялық туындыларда ақын образының көріну қалпы, ішкі монолог, ішкі диалог, символ, архитип, поэзиядағы пейзаж т. б. көркемдік әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Біз басты назарға алған ақынның сол тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін айқындадық. Қазіргі қазақ поэзиясындағы талантты ақын Гүлнар Салықбаева шығармашылығы ғылыми тұрғыда тұңғыш рет қарастырылмақшы. Бұл да жұмысымыздың жаңалығының бір қыры болмақ.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ әдебиетінің даму процесінде автор образы мәселесі прозада болмаса, поэзияда жеке тақырып ретінде осы күнге дейін арнайы зерттеу обьектісіне арналған емес. Автор образы туралы бізге дейінгі зерттеулерді негізге ала отырып, қазақ лирикасындағы әдеби-теориялық мәселелерді нысана етіп алған тақырыбымыздың төңірегінде зерттеу жүргізу жұмыстығ теориялық мәні болып табылады. Дипломдық жұмыстың нәтежиелерін қазіргі қазақ поэзиясын оқыту ісінде, жоғары оқу орындарында қазіргі дәуір әдебиеті тарихын өту барысында лекция, практикалық сабақтармен қатар, Гүлнар Салықбаеваның шығармашылық лабораториясына арналған арнаулы курс, арнайы семинар сабақтарында пайдалануға болады. Сонымен бірге бұл еңбек поэзиядағы автор образы проблемасын қарастыруда материал талдау, жазу әдісін, шеберлік қырларын зерттеушілерге де қажетті материал болып саналады.
Зерттеу әдісі. Еңбекте жүйелі функционалды және салыстырмалы талдау әдісі қолданылды.
Күтілген нәтиже. «Қазіріг қазақ лирикасындағы автор образы» алғаш зерттеліп отырған тақырыптың бірі болғандықтан, күтер үмітіміз зор. Бұл еңбектен күтер нәтежие Гүлнар сияқты ақынымыздың поэзиясына ерекше назар аударылып кең көлемде зерттелуді қолға алу. Қазақлирикасындағы автор абразы мәселесі жайлы ғылыми тұжырымдардың негізін құрау,
Зертту жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I тарау
Г. Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Поэзия - қарттың әрсіз көзінің жұмсақ сәулесі, момақан мейірімдей, терең ойдай бұл өмірден алыстай бастаған әжімді бетінің ерекше нұрлы ажары, жалтырай үзіліп шығар даусының жаны бай, салмақты дыбысы, бәсең айтылар, бірақ әсем айтылар сөздері, сүйіп сөйлер, данышпан сөйлер, ажарлы шырайының күлім қатуы. Поэзия ұйығандай, құйылғандай орныққан, өз еркін әбден билеген, өмір үшін жетіккен, тәжірбиемен шыныққан, рухани күші теңдескен, көңіл көзі көреген, ойға батыл, майданға батыр ер қуаты. Адам бойын билеген осындай киелі күшті жүрегіне сіңіріп, шексіз толы махаббаттың бораны мен толқынын тәтті қамығуға ұластырып, лаззат таба егіліп, көз жасына көмілер ақын жүрегі бүкіл әлем ырғағымен тербелер құдіретті - пафос.
Қазақ поэзиясы - тамырын өткен дәуірлерден алатын күрделі және жан-жақты поэзия. Соның ішінде әйел ақындар поэзиясы бір шоқ. Олар: Шолпан Иманбаева, Мәриям Хакімжанова, Зияш Қалауова, Аймангүл Тәжібаева, Халима Өтеғалиева, Әмина Шалабаева, Тұрсынхан Әбдірахманова, Рысты Шобаева, Қанипа Бұғыбаева, Батима Батырбекова, Гүлсім Сейілжанова, Фариза Оңғарсынова, Марфуға Айтқожина, Ақұмтап Бақтыгериева, Күләш Ахметова, Мағираш Сарикова, Ардақ Еженова, Күләш Шілдебаева, Хабибі Есенғараева, Бали Бекетова, Шәмшия Жұбатова, Гүлнар Салықбай, Танакөз Талқынқызы т. б.
Үстіміздегі ғасыр белесінде қазақ әдебиеті өзінің ең таңдаулы туындылары арқылы әлемдік деңгейде басқалармен иық теңестіре аларлықтай дәрежеге жетті. Соның ішінде поэзия жанры да көлемі жағынан ғана толысып, қоймай көркемдік - интелектуалдық сипаты жағынан да өсіп өркендеді. Қазіргі қазақ ақындарының шығармашылықтарын зерделей қарағанда олардың өзіндік үн мен даралық жасауға ұмтылғандарын байқаймыз. Зерттеу жұмысымызда басты назарға алынып отырған ақынымыз Гүлнар Салықбаева әдебиетке XX ғасырдың 80-жылдардың аяқ кезінде келгені белгілі. Гүлнар Салықбаева поэзияға келген тұста қазақ қамы үшін қатерлі өткел, жаңа бетбұрыс кезеңінің қайнаған шағы болатын. 86-шы жылдың желтоқсанынан кейінгі дағдарыс күдік пен сенім, ыза мен намыс, торығу мен түңіліске ұласқан алмағайып уақыт сол тұста әдебиетке келген жас қаламгердің шығармышылығына өз қолтаңбасын қалдырды. Әрине, кез-келген қаламгер өз уақытынан тыс бола алмайды. Өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі халықтың қуанышына бірге қуанып, қайқысына бірге тұншығады. Жүрегінің сүзгісінен өткізіп, жан жарасына айналдырады. Қайғыға, мұң-шерге толы халықтың жан азабын сол кезеңнің қара тақтасына қанмен жазып, тарих еншісіне қалдырады. Иә, бұл қоғамдағы жағдай Гүлнар шығармашылығына да өз әсерін тигізеді. Әрбір ақын, тіпті әрбір қаламгер өзіндік ерекше ешкімге ұқсайтын стильмен, өзгеше ой толғауымен келетіні белгілі. Егер әдебиетке бір-бірін қайталаушылық, жаңаны бүкпемелеп, ескіні жаңартушылық бола берсе, замана шындығының беті жабылып қана берері сөзсіз. Өзі тарпыған шаңына өзі тұншыққан тұлпар секілді ақынның да бұл өреде алар орны қым-қиғаштау болар еді. Әрбір ақын өз жаңашылдығымен келіп, өлеңдерінің өміршеңдігін байқатып жатса, ол ақынның тікелей идеясының көркемдігіне, ойының жүйріктігіне, тапқырлығына байланысты.
Белгілі ақын И. Сапарбаев Гүлнар поэзиясы жайында: «Білемін сенің өлеңдерің әрі сыршыл, әрі ойлы салмақты. Перделі терезенің ар жағында тұрған арудай зерделі оқырманын талап етеді. Айтарыңды көбіне астарлап, қастерлеп жеткізетінің бар. Шымыр ойлап, жұмыр сөйлейсің. Сөз қадірін білмеген ақын қанша -өзеурегенмен, өзіңдегіні өзгеге өткізе алмайсың. Ал сен оқырман шөлін сөздің сөлімен қандыра білетін ақынсың», - деді. [1] . Гүлнар Салықбаева өлеңдерінен рухани жан дүниенің ақынға тән қолтаңбасының ерекшелігін байқаймыз. Оның поэзиясы көңіл пернелерін сан алуан сазға бөлеп, тебіреніске, жан арпалысына толы күй келтіріп, жүрекке төте жол табады.
Гүлнар лирикасы өзгеге ұқсамайтын сөз қолдану мәнерімен, жансызды жандыға айналдырумен ерекшеленеді. Мұң мен қуанышы қатар жүретін ақын бірде шалқыған сәби, бірде қыста бүрсеңдеген қорғансыз адамға айналады. Айналар орны өзі емес, елжіреген нәзік жүрегі. Жүрекжарды өлеңдерінде өзінің нәзік жаратылыс екенін тілге тиек етіп отырады. Оны даралап, сипаттай біледі. Т. Айбергеновтың айтуындағы «Ақын болып күн кешу оңай деймісің қарағым, аузында болу ол деген сыздаған бүкіл жараның» деген сөзі Гүлнардың да жан жүрегімен астасып жатқандай. Әйел жалпы нәзік жаратылыс. Ал ақын әйелдің жаратылысы одан да гөрі нәзігірек, одан да гөрі сезімтал. Гүлнар жан дүниесіндегі арпалыс сезімдер осының куәсі. К. Ахметова «Ақын болу қиын іс - заты әйел болмысқа» - дейді. Иә, нәзіктіктің мықтылығы да, күрескерлігі де баяу өрістеп, аласапыран дауылдарға төтеп беруі қиындау боларын айтады. Ақын жаны құлаш ұруының өлшемі жоқ. Олар тек қана тауларда мекендейді. Олардың жанына түскен кішкене қайғы жүректің тілгіленген езгісінен өтеді. Гүлнардың да өзіне сай тауы бар екенін өз жырларынан кездестіруімізге болады. Алладан келген талант ешқандай тоқтауға, кедергіге бағынбайды, ешқандай шеңберге де сыймайды. Соның бірі - ақындық талант.
Гүлнар әдебиетке қазақ халқы үшін қастерлі өткел, алма-ғажайып тұста келеді. 1986 жылдың желтоқсанынан кейінгі рухани дағдарыс, күдік пен сенім, ыза мен намыс, торығу мен түңіліске ұласқан қиын уақыт сол тұста әдебиет есігін ашқан жас қаламгердің шығармашылығына өз қолтаңбасын қалдырды. Ақын поэзиясында сол кезеңнің мұңы мен күйзелісі, үміті мен күдігі бар.
Гүлнар Салықбаеваның тұңғыш жинағы «Бір жұтым ауа қызыл күн» деген атпен 1990 жылы жарық көрді. Жинақ қазақтың қазіргі қыз ақындарының ішінен оқшауланып көрінген автордың тырнақалды еңбегі бола тұра, өзінің байсалды тұғырын таба білді. Тегінде Гүлнар өз өмірінің бастамасындағы жинағында еш нәрсемен орны толмас, еш асылыңмен айырбастамас асқақ ақыл-сезімнің тосқауыл мұңын тек поэзияға ғана құйып, соған ғана теңгере алған, жан ойраны басым ақын екенін байқатты. Булыққан көкірегін сонымен ғана тыныстататындай өлеңдерінің әрбір шумағын ауыр тылсымды ойға, наза мен қираған жан шырайына құруды ұнататын жас ақын:
Тіршілік деген тілазап,
Көрмейін десем көзім бар.
Оқталсаң егер, сұм ажал,
Өмірді алмай, өзімді ал. [2. 3] - дейді.
Бұл сарын қазақ поэзиясында Қ. Аманжолов, М. Мақатаевтан басталғаны белгілі.
Өкінбен мен де бір күн өлемн деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып, мың толғанам
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. [3. 392] - деп Қ. Аманжолов жырласа, ақын Мұқағали былайша тебіренеді:
Қуалап тіршіліктің көбелегін,
Қап қойды қапелімде көп өлеңім.
Жалғызым, жаным менің-жырым менің,
Қалдырып сені артыма неге өлемін.
Жазайын, жалақпайын, жасырмайын,
Қашан қалғып қалғып кеткенше басылмайын,
Ал деп ажалға бас ұрмайын,
Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын. [4. 189]
Гүлнар:
Сап-сары мұңға қарадым,
Қарадым дағы сарғайдым.
Орнына балын араның,
Тегін берсең де алмаймын [(2. 3] - десе сол үшін сіз рахаттанғандайсыз. Және текке тегін күңіренбейтінін кейін білесіз. Әлгі философиялық талғымның тәтті мұңына оқырманның шөктіріп отырған түпқазық сырдың не екенін соңыра барып ұғына бастайсыз.
Қап-қара түнге қараймын,
Қарадым-дағы «қартайдым»
Бетесе болып барамын,
Арнасы едім Алтайдың.
Қоп-қоңыр қырға қарадым,
Қарадым-дағы жыладым
Қағанағы қарық, қарағым,
Ести ме сенің құлағың . . . [2. 3]
Мұндай өлең жолдарын кім ойға батпай, кім тұшынбай оқи алады, ақынның мұңға, сағынышқа баурайтын жырларын оқи отырып, жап-жас ақынның осынша өмірді тәрк еттетініне таң қаласыз. Айтпай кетуге болмайтын жай - Гүлнар жырлары Мұқағалиды еске түсіреді:
Қанадым қайта түзілдім,
Келмейді ерте үзілгім.
Бата бер маған биік тау,
Бір жұтым ауа, қызыл күн,
Нали бергенің неткенің,
«Өмір сүр» деді өкпелі үн.
Бармысың әлі әлсіз от,
Сен сөніп қалған жоқпа едің?![2. 6]
Мұқағалидың
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! - деп басталатын өлеңімен мазмұны жағынан жақын көрінгенімен, Гүлнардың ойды құбылтуы, сөзді айшықтауы аталған өлеңнің бітім-болмысынан айқын аңғарылады. Г. Салықбаева көптеген өлеңдерінде ойды астарлап, символ арқылы жеткізуді мұрат тұтатындай. Аталған өлеңдегі «
Өмір сүр» деді өкпелі үн, Бармысың әлі әлсіз от
»
деген тармақтардағы
«
өкпелі үн
», «
әлсіз от
»
деген сөздердің семантикалық мағыналары өз сырын бірден ашып тастамасы айдан анық. Бұл жердегі алғашқы тіркестен «тағдыр» дегенді пайымдасақ, екінші тіркес «талант, үміт» дегенге келетін секілді.
«Гүлнар Салықбаеваның өзге ақындарға ұқсамай, басқаша мәнерге құратын өлеңдерін байқап оқысаңыз, ішкі астары бір-бірімен тамырлас болып жататын ерекшеклігі бар» [5. 6] - деп орынды айтады Ж. Ахмадиев.
Поэзия тілінің сипат-ерекшелігін сөз еткенде оны поэзиялық туындылардың, өлең-жырлардың мазмұнынан бөлек алып қарауға болмайды. Өйткені, поэзияның, өлеңнің тілі, оның негігі өзгешеліктері көркем шығарманың идеялық мазмұнын ашу, жеткізу талабына сай қалыптасады.
Поэзияда тек тіл, сөз ғана көркем емес, ой да көркем бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін ой сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқақ ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көресетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз, әлгі ақындық, көркем ой сезімді жеткізудегі құралы ғана.
Поэзиядағы, өлең-жырлардағы бейнелі, өрнекті сөздер әлде қандай бір ерекше сұлулап сөйлеуге әуестіктен емес, эстетикалық сезімнен, образды, бейнелі ойдан, дүниеге ақынша, суреткерше қабылдаудан туады. Өлеңге, өлеңмен жазылған әрбір шығармадағы суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе - ақындық ой-сезімнің терңдігі мен көркемдігі. Өлең, сөз кстесіндегі, поэзия тіліндегі көп ерекшеліктерді дұрыс түсіну үшін, ақындық айдар, көркем ойдың өзгешелігін, дүниені эстетикалық жағынан қабылдап-танудың өзгешелігін жалпы ұғу шарт.
Поэзия терең нәзік сезіммен туады. Ол көңілдің толқынын, жүректің лүпілін білдіреді. Ақын жанының нәзіктігі өлеңдегі әр тармақтан көрініп тұрады. Гүлнәрдың өзіне сай ұқсамайтын ерекшелігінің тағы бірін мына өлеңнен байқаймыз:
Сен көрінсең, қуанышта өлшем жоқ
Ұраным да, жыр-әнім де сен, сен боп
Бақыттымын
Ал сен кімсің?
Білмеймін.
Армандаймын соны білмей өлсем деп. [2. 159]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz