Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері


Жоспар
Кіріспе . . . 3-6
I. Синтаксис туралы жалпы түсінік.
- Жай сөйлем синтаксисі . . . 7-8
- Сөйлемнің құрамы . . . 9-10
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері . . . 11-16
ІІ-тарау. Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері.
2. 1 Хабарлы сөйлем . . . 17-18
2. 2. Сұраулы сөйлем . . . 19
2. 3 Лепті, бұйрықты сөйлем . . . 20-21
2. 4. Болымды және болымсыз сөйлем . . . 22-25
Ш-тарау. Шешендік өнер туралы түсінік.
- Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері . . . 26-27
- Шешенге қойылатын талаптар . . . 28-29
- Көпшілік алдында сөйлеудің құрылымы . . . 30-32
Қорытынды . . . 33-34
Әдебиеттер . . . 35-36
Кіріспе
Жалпы жұмыстың сипаттамасы.
Диплом жұмысының көкейтестілігі:
Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа жүйесін пайдалана отырып,
шешендік сөздерден жай сөйлемдердің қолдануын үйрете отырып, оқушылардың талдау жұмыстарын меңгертуге және шешендік сөздердің тәрбиелік мәніне тоқталамыз.
Қазіргі қоғамдағы болып жатқан жаңа білімдік, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-техникалық және т. б. өзгерістер балаларды тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Бұл, өз кезегінде, балалардың саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу қазіргі қалыптасқан, дәстүрлі әдістемелік жүйесін біршама өзгертіп, жетілдіруді қажет етеді. Осыған орай өткен ғасырлардағы озық педогогикалық және әдістемелік идеяларды қайтадан елегінен өткізіп, бүгінгі заманның талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан болашақ өміріміз жастардың қолында десек, кейбір жөн сілтер шешендік сөздердің қолданылуын балаларымызды тәрбиелеудің, олардың педогогикалық ой-пікірін, идеяларын тиімді үйлестіріп, ұштастыру мәселесінің шешілуіне ерекше көңіл аударылуға тиіс.
Бастауыш сыныптарындағы алғашқы сөз ұйқастары туралы проблема -психологиялық, педогогикалық, әдістемелік т. б. әдебиеттерде жиі көтеріліп жүрген мәселе. Окушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда оларды тәрбиелеу арқылы дүниеге деген көзқарасының ерекше маңызы бар.
Бүгінгі күнгі жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу баланың алдына үлкен жауапкершілік артып отыр. Өйткені балаға берілетін саналылық тәрбие сипаты ол өмірге келген күннен отбасында басталуы тиіс. Кейіннен бала-бақша, мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен одан әрі қалыптаса түседі. Бұл көпшілікке таныс мәселе. Бірақ бұл жерде балалардың жақсы немесе жаман мінезді болып жетілуіне ең алдымен отбасындағы ата-ананың, одан соң сол отбасындағы үлкендердің әсерлі-ықпалы бірінші кезекте аса маңызды фактор болатынына назар аударғымыз келеді. Кейбір ата-аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие жұмысына немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай жағдайлар көбіне көп баланың бойында теріс мінездердің пайда болуына тікелей себепші болуы мүмкін.
Балалардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі арнайы зерттелмеген. Дегенмен, бұл мәселеде аз да болса, С. Рахметов, А. Көшімбаев, Б. Құлмағамбетова, К. Ақбаева, Тоқбергенов, К. У. Тахирдинова, А. Асқарбаева т. б. педогог-ғалымдар оқушының ынтасын, зейінін қалай арттыру кажет және оның әдістемелік әдіс-тәсілдері қандай деген проблемаға назар аударды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық қазынаның, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамда дұрыс тәрбие қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау» - делінген. Осы заңның 2-ші бабында былай жазылған: «Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік, тән сауаттылығы, өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту және жеке адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін отбасының, мектептердің, бүкіл жүртшылықтың біріге жұмыс істеуі қажет. Төменде ұсынылып отырған бірнеше тарауларда, мен балалар тарапынан болатын ой жүйесі негізіне және сөйлем туралы түсінік талдау жасап, себебін аныгтап, олармен жұмыс істеудің жолдарын белгілеуге, педагогикалық майданның маңызды бөлігінде оны ұйымдастырудың кейбір түрлерін ұсынуға тырыстым.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы:
Тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, балалардың жас кезеңдері және дербес ерекшеліктері, сонымен бірге ынтымақтастық педагогиканың мәні, негізгі идеялары қарастырылған.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздердегі жай сөйлемдердің қолданылуы материалдарын мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлау процесі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті:
- Бастауыш сынып оқушыларына оқытудың жаңа жүйесі бойыншаталдау жұмыстарын меңгерту.
- Шешендік өнердің қалыптасу тарихы немесе таныстыру, шешендіксөздердің түрлерін, әрқайсысының мазмұнын сөз таныту.
- Оқушылардың шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларда, педагогикалық ықпал ету шараларына, оқуға және еңбекке деген адамгершілік қарым-қатынасынқалыптастыру.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен деректерін жан-жақтыдамыту;
- Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін дамытумен қажеттіліктерін өтеу;
- Сыныптан тыс жұмыс түрлерін айқындау және оларды ұйымдастыружолдарын көрсету;
Диплом жұмысының ғылыми болжамы:
Тәрбиені - еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру, қызығушылығын арттыру арқылы жүргізсе, баланың мінез-құлқын дұрыс қалыптастыруға, нақты нәтижелерге жетуге болады;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері:
Салыстыру, талдау, жинақтау, бақылау, және түсіндіру әдістерімен пайдаланылды;
Диплом жұмысының материалдары:
Бастауыш сыныптардың қазақ тілі оқулығы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға, жүргізуге арналған еңбектер;
Диплом жұмысының құрылысы:
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың практикалық қолданымы:
Оқытудың жаңа жүйесі арқылы бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой - өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
Мұғалімдерді мектеп жағдайында бастауыш сыныптардың қазақ тілі материалдарын оқу-тәрбие процесіне пайдалануға даярлаудың мазмұнды негіздері, оның қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануда негізге алынуы және процессуалдық /формалар мен әдістер/ салалары.
Сөйлем тілдегі басты единицалардың бірі. Ол фонема, сөз, сөз тіркестерінің айырмашылықтары, сөйлем толық коммуникативтік қызмет атқарады.
Фонема, сөз, сөз тіркестерінен құрала отырып, шындық болмыстың қандай да бір бөлшегі туралы хабар береді. Тек сөйлемде ғана тіл қарым-қатынас ретінде толық қызмет атқарады.
Сөз айналадағы, қоршаған ортадағы заттардың мағыналары мен атаулары бірлікте тұрған күрделі единица Сөз тілде коммуникативтік мағына бергендіктен, тілдік қарым -қатынаста «Құрылыс материалы» қызметін атқарады.
Тілімізде тек бір сөзден құралған сөйлемдер жазушылардың табиғат көркемдігін бейнелеу үшін қолданатыны ерекше стилдік тәсіл. Сондықтан бұл сөйлемдер толық коммуникативтік қызмет атқара алмайды деуге толық негіз бар. Мысалы, айдала көлдің биік қабығы, әлсіз жел. Күн бұлыттанып барады. Бұл сөйлемдердің ішінде «айдала» сөйлемі коммуникативті қызыметі емес. Номинативтік мағына беріп отыр. Тек қалған сөйлемдер мен мағыналас болып, құрау арқылы ғана коммуникативті қызмет атқарады. Сонымен сөз тілді коммуникативті қызметте емес, коммуникативті мағынада жасалады. Бірақ, сөйлем сөздерден құралғанда ғана өз қызметін атқара алады. Сонымен тіліміздегі, ең ірі единицалардың бірі, сөйлем сөздерден сөз тіркесі құралып, тиянақты ойды жеткізеді.
I. Синтаксис туралы түсінік.
1. 1. Жай сөйлем синтаксисі.
Адам өз ойын білдіргенде тек сөзбен ғана білдірмейді. Егер бір сөзбен білдірсе, онда ой толық анықталмайды. Сондықтан сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып, ойын толық жеткізеді. Мысалы: Самсаған көздің бәрі сені байқаған, бәрінде үн жоқ -деген сөйлемде, айтылған ой «жұрттың бәрі бір кісіге қарап, үн шығармай тыңдап тұр»- дегенді білдіреді. Осы ойды тек жекелеген сөздер мен беруге болмайды, ондай жағдайда айтылар ойдың жүйесі бұзылары анық. Адам бір - бірімен тілдеседі. Тілді коммуникативті малдайта қолданылмайтындықтан, адамның миында бірнеше сөздер өзара мағынасын, байланысып, сөйлеу процесінде түйдектелген, сөздер негізінде құралған сөз тіркесін «сөйлемді» қазақ тілі ғылымында синтаксис ғылымы қарастырады.
Синтаксис /грекше- «Syntaxsis» - құру, тәртіп/ грамматикалық марфология саласымен тығыз байланысты, сөздердің өзара тіркесу қабілеттерін байланысу формалары мен тәсілдерін, сөйлемнің құрамын және оның түрлерін зерттейтін грамматиканың бір бөлігі.
Синтаксис ғылымының зерттеу аясын А. Шахматов «сөздегі ойды табатын тәсілдерді зерттейтін грамматиканың саласы ретінде анықтаса, Ф. Фортунаитов «Сөйлем ішіндегі сөздердің қызметі мен тұлғасын зерттейтін грамматикалық тарауы ретінде таниды. М. Балақаев Синтаксис сөз тіркесін сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксис формаларды адамның ойын білдіру грамматикасының тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қалыптастырады» - деп атап көрсетеді. Осы пікірлер негізінде синтаксис ғылымының зерттеу аясы екі жақтама түсіндіріледі.
- Нақтылы процестің пайда болуын зерттейтін жасау құралдарымен қағидалары түсіндіріледі.
- Сөйлеу процесінің пайда болуын зерттейтін грамматиканың бірсаласы. Онда сөйлем ішіндегі мен сөздердің үйлесуі, сөйлемніңжалпы қасиеттерін зерттейді.
Синтаксис ғылымының единицасы болып сөз тіркесі алынады. Осыған байланысты синтаксис ғылымы екі тараудан тұрады. Сөз тіркесінің синтаксисті. Мұнда сөздердің байланысу тәсілдері, формалары және түрлері зерттелінеді. Тіл қарым- қатынас жасаудың құралы да, сөйлем қарым -қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болғандықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер. Олардың құрамы да әр түрлі болады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы, ой ерекшелігін, стиль ерекшелігімен байланысты.
Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Жай сөйлемдер құралдық ерекшелігіне қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан не оның біреуінен құралады.
Ал, сөйлем құрамына бастауыш, байндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы: Жел өршелене түсті. - жалаң. Ызғарлы жел өршелене түсті - жайылма. Толқын күшейді - жалаң. Теңіздің толқыны кешке таман күшейеді - жайылма.
Сөйлем құруға негіз болатын мүшелер тұрлаулы мүшелер - сөйлем атауының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топталып, не тікелей соларды, не, бірін- бірі, не, бірін-бірі анықтап толықтап, растап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді. Бұл сөйлемнің бастауышы - кеме, баяндаушы- тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған. Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.
1. 2. Сөйлем кұрамы.
Сөйлем құрамының негізі - бастауыш пен баяндауыш болғанымен сөйлем құрамында баяндауыштың қызметі басым ерекше.
Сөйтіп мағыналық, синтаксистік қарым-қатынасқа түсетін сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.
Тұрлаулы мүшелер.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған /ойдың/ қимылдың не басқа сапаның субъектісі /иесі/ болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттың, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі.
Бастауыштың мағынасы, баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы ашылмай, толымсыз сөйлемдер сирек, онда сирек кездеседі. Әсіресе, диалогта мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Қазақ тілінің де өзіндік граматикалық-синтаксистік қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ тілінің сөйлем жүйесін қарастыратын осы саласы сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисінде зерделенеді. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақаталған. Сатылы құрылым - әуелі сөздер байланысынан тұратын тіркес, одан әрі іле-шала сырттан болған әсерлі тұтас ойға әкелетін құрылымға түсіреді. Сонда ой сөйлемге ұйытқы болады да, оны сөйлем жарыққа шығарады. Мұның бәрі мақсатты да саналы әрекетке негізделеді.
Оқытушы осы мақсаттылықты граматикалық синтаксистік өлшеммен атайды - хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем, лепті сөйлем. Қазақ тілінде осылардың әрқайсысының жасалу олдары бар. Қандай жағдайда да, тілдегі сөйлем жүйесі осы жоғарыдағы құрылымнан асып кете алмайды. Бұлардың орналасуына қарап хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді жай сөйлем синтаксисіне жатқызу, солайша түсіну мәнді емес, қайта бұлар тілдегі сөйлем жүйесіне тірек болады. Осы сөйлемдердің тілде қолданылу аясы бірдей бола бермейді. Сайып келгенде, сөйлем және оның құрылымы болатынын мына шумақтармен көрсетуге болады.
Даналар ой маржанын жіпке тізген, Кеңесіп құда жайын текке бізден. Шеше алмай сыр түйінін, ақырында, Кетті ғой талай надан кеткен ізбен.
Жаьанда жан тең келмей туған дана, Жұлдыздай жұрттан биік тұрған дара. Өмірге о сорлы да түсіне алмай,
Өтті ғой өкінішпен, бар ма дауа ! ( О. Ха йям)
1. 3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға ұйытқы болатын басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын бас мүшелер.
Бастауышқа қайталайтын негізгі сұрақтар кім?, не?
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көпшілік, тәуелділік жалғауларында жұмсалуына қарай жоғары сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды; Баяндауышпен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады. /Кім баяндама жасады? Ажар . . . /
Еріншектің ертеңі бтпес /несі бітпес- ертеңі . . . /
Зат есімдер мен есімдерден болған бастауыштар.
Сөйлемде бастауыштың қызметте жұмсалатын сөздер негізінде, зат есімдер болғанымен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш - субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болғандықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың ашып арнайы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан да ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалыға, Жарас ағаш екті - деген екті зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас - қимыл иесі, бастауыш ағаш- қимылдың объектісі, толықтай ауысу Олардың орныны ауыстырғанымен бірінің қызметінде, екіншісі жұмсала алмайды. Оның оның себебі ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызыметін атқаруға бейімділігінде Жарас-арнаулы бастауыш болатынын сөз де, ажыраумалы толықтауыш болатынын сөз.
Жіктеу және сөздік есімдіктердің бастауыш болуына мыналар: Мысалы; Мен көрдім ұзын қайық құлағанын /Абай/. Біз барлаушымыз.
Сапаның есімдерден болған бастауыштар заттық сындық сапасын білдіретін және есімдер ойды ышқамды етіп, сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдер меи қайтарласып, тұратын дара күйінде бастауыш, толықтауышта болуы мүмкін. Ондай да, сын есімдердің сапасының мағынасы жойылып кетпей, ол әр заттың, әр сандық мағынада жұмсалады. Сын есімдер әдетте қандай заттың сандық сапсы болып жұмсалатын болса, сондай заттың бастауыштың қызыметін атқарып, таралады. Терең - көбінесе ауыз қатесіздік болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде терең батырады десек алдымен, «Терең су батырады»-деп түсінеміз. Жүйрік бауырынан аттың саны болып отырғандықтан бұл күнде машина, поезд, туралы да, жүйрік деп айтуға болғанымен «Жүйрік» тақтағын білдіреді деген оны алдымен, жүйрік ат деп ұғынамыз. Заттардың мұндай сандық сапасы синтаксистік қызметте, бір ғана заттың орынына жұмсалмай жалпы мағынада, біртектес көп заттың орынына жұмсалады. Бастауыш болатын сын есімдер, кісі туралы айтылған сөздер болады. Кілей сұлулар біркелкі отыр. Жақсы ісімен жақсы. Бастауыш болатын сын есімдер аз сөзбен көп мағына беруді керек ететін, мақал-мәтелді сөйлемдерде жиі кездеседі.
Жомарт жоқтығын білдірмес. Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.
Сын есімдер тәуелдік көптік жалғауларда тұрып та, бастауыш қызметте жұмсалады.
1. Көптік жалғаулардағы есімдер бастауыш болғанында, олар әр уақытта, қимыл иесі - кісі - машинада жұмсалады. Егін оратындар әрі кейін де, әр ашық қырман бидайды қалады. Тәуелдік жалғауда тұрып, бастауыш болған есімдер әр уақытта, зат есім, жұмсалады. Жазуың маған ұнады. Бастауыш етістік, зат есімдерден болған сөйлемдер есімше, бастауыш қимылы кісі-кісі кім? He қылған? Орынына /жұмсалады.
Тіліміздегі сөйлемдер жүйесіндегі жақсы зерделенгені - сөйлем мүшелері. Бұларды гұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер деп екіге бөліп қарау да орныққан түсінік. Әдетте сөйлем деп айтылатын ойды біршама білдіретін сөздер тіркесінем тұратын синтаксистік құрылымды айтады. Ал осындай «біршаманы» құрайтын категорияларды сөйлем мүшесі ыңғайында танимыз. Тілде мұндай сөйлем мүшелерін бес топқа бөліп келеміз. Тұрлаулы мүшелердің де, тұрлаусыз мүшелерінің де қалай жасалатыны және олардың құрылысында дара, күрделі мүшелердің болатыны нақты дәлелденіп келеді. Сөйлем мүшелерінің классификациясын нақтылауды дұрыс санай отырып, әрбір сөйлем мүшесіне қатыстылардың құрылысында үйірлі мүшелердің қай-қайсысы да болатынын және біркатар сөйлем мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан ауытқиды.
Күрделі және үйірлі бастауыштар.
Бастауыштарда жеке сөзді дара /жалғау/ көп сөзден құралған күрделі де, үйірлі және басқа сөйлем мүшелері сияқты бірыңғай болады. Мысалы, «Самат екеуміз, қырманға бардық. Ертең канал қазу жұмысын бастайды».
- Мысалдағы сөйлемнің бастауыш Самат екеуміз екі сөзден құралған, Бөкеналғанда ол, өздерінің жеке- жеке мағыналары болған мен олар солсөйлемнің бір-ақ күрделі бастауыштары олардың қарап та аңғаруға болады. Тіркескен екі есім, бір жақтыңкөптік мағынада болғандықтан баяндауыш та сол грамматиканың біржақты тұлғада, айтылған.
- Сөйлемдегі канал қазу жұмысы, демек сөздер белгілі мағынаға, тұлғаныңтұтастығы бар күрделі бастауыштар.
Бастауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Бұлардың осылайша бөлінудегі басты себеп, олардың құрамының соңына байланысты. Бірқатар бастауыштар бір ғана сөзден тұрып дара өзі сол сөйлемдегі ойдың қазығы болса, екіншілері сондай синтаксистік қызметті атқарғанда, қалай да құрамында екі не одан да көп сөздер болғанда ғана бастауыштың қызметін атқаруға жарайды. Бұл арада күрделі басауыштың қай сөз табынан жасалатыны туралы айтудың қажеттігінен гөрі оның қалай, қандай тәсілдермен болатынын көрсеткен дұрысырақ сияқты. Күрделі бастауыштар да сондай сөз таптарынан жасалады. Айырмасы - құрылысы күрделі және тәсілдері де әр түрлі болады.
... жалғасыБастауыштың жасалуы.
Сөздердің түбі, бастауыш болуы қай сөздің болса да, сөйлемге бастаушының қызметінде түруы сол сөйлемдегі субъектіні предикаттық қатынаста көрінеді. Сондықтан бастауыштың қызметі басқа мүшелер мен әсіресе, бастауышпен катар қойып жатқанда айқын болады. Қара керек сөздерін, сен малға қара ойын керек дегендей ретте айтқанда болмаса, олардың бастауыш екендігін белгілемей болмайды. Түбір күйінде көбірек бастауыш болатынының сөздер етістіктер. Етістіктің кел, отыр, ал, бер, сияқты түбір күйі де сол қалпында жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер туралы орнына қарай бастауыш бола береді. Бірақ олар екі жақты мағынада айтылып, қалмай асқандықтан кейде, бастауыштың да қызметін орындайды. Бастауыш пен орын ауысып та айтылады. Мысалы, Кел балалар оқылық. .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz