Алматы облысының гидрологиясы



Балқаш көлі
Іле өзені
Алакөл
Үлкен Алматы көлі
Қапшағай
Көлсай
Есік көлі
Түрген сарқырамасы
Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, жер көлемі 104,7 мың шаршы километр. Облыс территориясында 9392 көл бар, олардың жалпы көлемі 575 шаршы километр, су қоры 0,5 млрд. текше метр. Облыста көлемі 100 гектардан асатын 49 көл бар, олардың көлемі 197 шаршы километр, онда 0,2 млрд. текше метр су жиналады. Көлдер облыс территориясының 0,54% алып жатыр. Облыстағы көлдердің саны республика көлдерінің 19,5 % , көлемі жағынан 1,3% құрайды. Бұл көлдердің жыл сайын шамамен 6-15 млн. текше метр суы халық шаруашылығы қажетіне пайдаланады.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
1. Омаров М. Қазақстан өзендері мен көлдері. Алматы

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Облысының гидрологиясы
Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, жер көлемі 104,7 мың шаршы
километр. Облыс территориясында 9392 көл бар, олардың жалпы көлемі 575
шаршы километр, су қоры 0,5 млрд. текше метр. Облыста көлемі 100 гектардан
асатын 49 көл бар, олардың көлемі 197 шаршы километр, онда 0,2 млрд. текше
метр су жиналады. Көлдер облыс территориясының 0,54% алып жатыр. Облыстағы
көлдердің саны республика көлдерінің 19,5 % , көлемі жағынан 1,3% құрайды.
Бұл көлдердің жыл сайын шамамен 6-15 млн. текше метр суы халық шаруашылығы
қажетіне пайдаланады.

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -
Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-
74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы
сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал,
Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан
Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш
көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер
және жануарлар дүниесімен белгілі.

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс
болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да
кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен
қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.

Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде
қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап
түзеп көлде жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен
батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр
беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және
сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын
тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар
өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың,
балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен
араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады.
Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау
алабы созылып жатыр.

Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді
және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44
шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің
аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан
батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде.
Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады
да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды.
Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты –
Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр.
Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен
шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да
өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі
маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі
12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы
балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да
маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде
сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық,
ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10
мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық
Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы
тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай
арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді.
Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс
түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.

Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік
кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің
оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын
еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш
бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап
келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған
себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты
сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып
келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-
шығысын мекендеген ел Жұмбақ көл деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі,
Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды.
Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан
аңыз бар.

Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір
байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан қызы болыпты.
Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан,
Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті.

Іле өзені

Іле өзені Жетісудағы ең ұзын өзен болып саналады. Ұзындығы 1439 км,
оның 815 км Қазақстан территорясына жатады.

Оның бастауы Алматы аймағында; Қытайдан шыққан жолында Қарашағай
резервуарынан өтіп, Балқаш көліне құйылады. Кейбіреулер Қарашағайды теңіз
деп атайды. Жылы ауа-райда қала тұрғындарының демалысы үшін таптырмас орын
болып саналады. Ол ені ең үлкен нүктесінде 22 км жететді, ал тереңдігі 45
метр және 1,847 шаршы км алып жатыр. Жағалауында сауықтыру спалары, қонақ
үйлері, жағажайы және балық аулауға арналған қайықтары ұсынылады. Қалада
кішкене аква парк бар. Қарашағай суларында көксерке, ақтабан, жабайы сазан,
голавль, сом балықтарына толы. Іле жағалауын бойлай Қарашағайға сапарға
шықсаңыз өткен шаққа қайтып оралғандай боласыз. Оң жағалаудағы зор
шыңдардан аспан астында Будда бейнесі сізге қадала қарағандай болады. Бұл
Тамғалы Тас (Жазылған тастар). Күн түскен жартас бетінен көптеген
петроглифтерді, тылсым аң бейнелерін және сыры әлі күнге дейін ашылмаған
Будда жазбаларын көре аласыз. 12 ғасырға жатқызылған көптеген бйнелер де
кездеседі. Жақын жерде 8-9 ғасырларға жатқызылатын Ежелгі түрік руникалық
жазбалары жазылған жартастар бар.

Алакөл – Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және
Шығыс Қазақстан облыстар шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл
жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның
бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр [ моңғол тілінен аударғанда көпір-көл],
Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде
негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты.

Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және басқа да ұсақ көлдермен Алакөл көл
жүйесін құрайды. Көлдің ауданы [аралдармен бірге] 2696 км2, су көлемі 58,56
км куб, ұзындығы 104 км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, ең терең жері 54
м, жағалау сызығының ұзындығы 348 км. Жағалауы аралдармен, мүйістермен,
шығанақтармен, бухталармен тілімделінген. Үлкен және Кіші Балғын
шығанақтары жеткілікті терең және қорғаныс-порт ретінде қолданылады.
Алакөлдің орталығында аралдар бар: Үлкен, Кішкене Аралтөбе, Белқұдық және
т.б. Жағалау климаты шұғыл континентальды. Көлдің үстінде қиын жел режимі
тұрады. Көлдің солтүстік бөлігінде желдің максимальды жылдамдығы 40-50
мсек, оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде 50-60 мсек. Белсендірек
желдер қыс-күз маусымдарында болып тұрады, бұл кезде толқындар биіктіктері
2-2,5 м-ге жетеді. Мұз жамылғысы екі ай [ақпан-наурыз] тұрады. Мұздың ең
жуан қалыңдығы 0,8 м [ақпанда]. Мұздың еруі сәуір - мамыр басында.

Мамырдың аяғында су температурасы + 7 +15 С болады. Акватория бойынша
су минерализациясы 1,2-11,6 гл. Құрамы жағынана су хлоридті-натрийлі және
хлоридті-сульфатты-натрийлі болып келеді. Алакөлдің құрамындағы фтор мен
бромның деңгейі жоғары. Фитопланктон балдырдың 58 түрінен тұрады. Көлдің
жағалауын бойлай қамыс, жұмсақ су өсімдіктері және т.б өседі. Зоопланктон
құрамы 80 түрге дейін жетеді. Алакөл суында балықтың 8 түрі мекендейді.

Көлге құятын өзендердің сағасында ондатра мекендейді. Жағалауда
баклан, гагара, акку, бірқазан, ақққұтан, үйрек мекендейді. Құрақтардың
арасында ала мысық және су егеуқұйрығы кездеседі. Көлдің бір бөлігі [20 га]
қорғалады.

Алакөл деп аталатын көптеген су ойпаттарынның қасынан атақты Ұлы
Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан
кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып
жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған.
Адамдарда өзінен-өзі аяқтарындағы жаралар кетіп, денелеріндегі жаралар тез
жазылып, радикулитпен ауыратындар белдегі ауруды ұмытытқан. Заманауи
медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің
теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып, қоршаған ортаға
жағымды әсер етеді.

Сонымен қатар, археологтардың айтуы бойынша, Шығыс Қазақстанның
картасындағы бұл ерекше орын қазіргі күнге дейін құстар тайпасы үшін
өзіндік Жібек Жолы болып табылады. Құстар солтүстіктен оңтүстікке
қозғалысы кезінде осы жерге демалу үшін тоқтайды. Бұл жер құстар үшін нағыз
жұмақ. Мұнда құстардың қандай түрі бар десеңізші... Олардың ішінде сирек
кездесетіндер де бар: үш жүз қанаттының ішінде 38-і Табиғатты және табиғи
ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына
енгізілген. Мысалы, реликті шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ
құтандар, қара құтандар, қулар...

Үлкен қалалардан алыстығы және климаттың кейбір қатаңдығы көлді және
оның фаунасын туристерден сақтаған болатын. Қазіргі кезде Алакөл
жағажайында жазғы уақытта ине шаншар жер жоқ деуге болады. Өзіндік
экокапсуланың бұзылуы көптеген қатерлер әкелуі мүмкін. Міне, сондықтан
Қазақстан тәуелсіздік алған соң табиғатты қорғауға көп көңіл бөліп келеді.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті биологиялық әртүрлілік
жөнінде конвенцияны ратифицирлады. Мұнымен ерекше табиғи байлықты сақтауға
деген ынтасын білдірді. Бұл құжаттың нағыз іске асуының көрінісі 1998 жылы
Алакөл мемелекеттік қорығының құрылуы болып табылады.

Алакөл атауының шығуы жайындағы мәселелер жөнінде ғалым
Ғ.Қонқашбаевтың айтуынша, ол Ұлы көл немесе таулы көл деген мағына
беретін ежелгі түрік және монғол сөздерінің Ала+кол деген қосындысынан
шыққан. Сонымен қатар бұл көлдердегі судың түсі алғаш рет қарағанда ерекше
болып келеді. Мысалы, Алакөл - бұлыңғыр және қара көк түсті, Сасықкөл -
көгілдір, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Осыдан келе сыртқы пішіні,
орналасуы, көлемі, судың түсі әртүрлі болғандықтан жергілікті тұрғындардың
көлдің атауын Алакөл деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафтық сәулет объектілерін салу және пайдалану
Жерді кадастрлық бағалау
Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысына сипаттама
Парктің көз тартар жерлері
Тарбағатай жотасы
Жаңа заман кезеңі бойынша жаңа көзқарастарды тиянақтау
Түркістан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы
Ақмола болысының іргетасы
Пәндер