Әлеуметтік педагогика пәнінің ғылыми негізделуі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ПӘНІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕЛУІ
1. 1 Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде
1. 2 Әлеуметтік педагогиканың пән ретінде зерттелуі
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕЛУІН ТАЛДАУ
2. 1 Әлеуметтік педагог - тұлға қалыптастырушы
2. 2 Әлеуметтік педагог халықтың әлжуас топтармен жұмысының түрлері
2. 3 Әлеуметтік педагогтің тәуекелшіл топтармен жұмыс жүргізу тәсілдері
ІІІ БӨЛІМ. Білім саласында шет ел тәжірибесін қолдану
3. 1 АҚШ-тың білім беру бағдарламаларының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
“Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге,
өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған
саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің
көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта
баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек”
Жүсіпбек Аймауытов
Педагогика атауының түп-төркіні гректің “пайдос” - бала және “аго” - деген сөзінен шыққан. “Пайдагогос” тура мағынасында аударсақ “бала жетектеуші” деген ұғымды білдіреді. Тәрбиелеу мен білім беру тұтастай алғанда баланы сан-саналы мазмұнда, кемел өмірге баулитын, яғни оған тәрбие, білім беретін, рухани жағынан байып, жан-жақты, тоғысып жетілуіне бағыт-бағдар жасайтын, жол көрсететін ерекше сала, осы бірегей өнердің мән-мазмұнын ашу үшін “педагогика” сөзі бірте-бірте кең ұғымда қолданыла бастады. Білім беру мен тәрбие өнеріндегі басты тұлға-ұстаз. Ұстаз балабақшада- тәрбиеші, мектепте-мұғалім, жоғары оқу орнында-оқытушы деп аталып, әрбір шәкірт үшін өзіндік ерекшелігі жермен көктей.
Педагогикалық теория дамуының ежелден-ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрістеуіне арқау болған әдіснаманың шарттары.
Ғылым әдіснамасы бұл-табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазірде дамып отыр. Ежелгі педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Платон адам дамуының шешуі факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндіріп, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырады.
Педагогикалық теорияның бұдан былайғы да етек алуына осы екі әдіснамалық бағыттың маңызы зор болды.
Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдарды байланысты сипатта екендігі. Тәрбие әрқашан, қоғамның және оның даму бағытының қажетінен туындаған. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен оның теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық және әлеуметтік-саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.
Әрбір адамның психология және педагогика аймағында ғылыми білімі болмайынша бұл дәрежеге жету мүмкін емес. Педагогика ғылымы - өмір туралы ғылым.
Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.
Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Грек тілінен тікелей аударғанда "бала жетектеуші" ал, өнер сөзінің мағынасы "баланы өмірде жетектеу", т. б. оқыту, оны тәрбиелеу, жан және тәннің дамуына бағыттау.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығын көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.
Педагогика ғылымы мен тәжірибесінің әр түрлі бағыттары, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер әсерінен балалар да ересектер қатарына теңеседі. Дәстүрлі оқыту мәселелері мен қатар тәрбие мен білім беруде, қазіргі кезеңдегі адамның педагогикалық бағдарын анықтауда өзіндік тәсілін таңдауда адамадар мен немесе олардың талабымен - отбасында, өндірісте, мектепте немесе жоғары оқу орынында, көшеде не топтарында теңдеседі.
Осылайша, педагог боламын деп шешім қабылдаған адамдар өшін тағайындалған, тыңдаушылардың мамандығынан және әрекет тегінен тәуелді емес. Ол осы қиын үрдісте басқа адамдарға көмек беру тілегі және тәрбиелі, білімді адам болуға ұмтылу үшін тиімді.
Білімнің негізі, педагогиканың негізі тыңдаушылардың қарым-қатынастағы қиындықты жеңу, өмірлік жағдайлардағы тәрбиелеуші мақсаттың саналы түрде таңдай білуі, өз балаларыңды білімді етіп тәрбиелеуге дайын болу және педагогикалық іс-әрекет.
Тәрбие мен білім беру аймағы қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның өкілетті дамуы, әрқашан әрбір адамның кең көзқарасын тудырды және жалпы кез-келген адамның біліміне тәуелсіз, бәрімізге белгілі, бәрібір педагогикада өзін маманмын деп есептейді. Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, социологтар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сонымен бірге, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптылары бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді.
Педагогика - адамзат қоғамының даму тарихымен бірге өмір сүріп, дамып келе жатқан, адамдардың тәрбие, оқыту, білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін ғылым. Тәрбие, оқыту мен білім беру ісінде қоғам мен оның мүшесі болып табылатын жеке адам өзара мүдделес, мұраттас. Әрбір ата-ана дүние есігін енді ғана ашқан нәрестесін өзінің үлкен саналы ғұмырының жалғасы, бүгінгіні ертеңге жалғастырушы деп біледі, ал қоғам, дәлірек айтқанда, оның саяси реттеушісі саналатын мемлекет, сол жас адамның тәрбиелі тағылымды, білімдар және парасатты азамат болып өсуін өзінің қуаттылығының, мызғымас беріктігінің, өркениеттілігінің кепілі деп санайды. Осы ортақ мүдде мақсат бірлігі, сан ғасырлық тәжірибе, бұл саладағы алғашқы зерттеулер, тұжырымдар, қоғамдық құрылыстардың өзгеруі кезінде болмай қоймайтын сан қырлы, алуан саналы жүйелілік өзгерістер педагогиканың биік мәртебелі, іргелі ғылым ретінде қалыптасуына негіз қалады.
.
І БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ПӘНІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕЛУІ
1. 1 Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:
- жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
- білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
- білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
- білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
- білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
- білімнің зиялылық сипаты;
- оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
- білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
- білім жүйесін ақпараттандыру.
Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту. Педагогика - акиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық окиғаларды жалпылама түрде ғана "көшіре" салмайды, ол әрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді. Педагогика - диалектикалық материализмнің оқиғалармен өзара жалпы байланысы жөніндегі қағидасын қоғам өмірінің басқа да оқиғаларымен органикалық байланыста қарастырады. Педагогика ғылымы - қоғамдық құрылысқа, жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық тәрбиенің мәнін ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты жарасымды жетілген еңбекке негіздеуді, зерттеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған. Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылымға жатады. Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді. Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми - теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады. Ғылыми танымдық процесс бір-бірімен байланысты таным объектісі, субъекті немесе педагог зерттеуші деген екі бөліктен тұрады. Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық жөне эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест) ; тексеру және өлшеу (шкалалау) ; мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум) ; зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент) . Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады:
Педагогикалық бақылау.
Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Л. Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты. Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі кызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т. б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады. Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы:
Кесте 1. Педагогикалық процессінің компоненттері
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
1. 2 Әлеуметтік педагогиканың пән ретінде зерттелуі
Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбектен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу:
А) білім деңгейі;
Б) адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты - мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz