Дебиторлық борыш есебі


Кіріспе
Қазақстан нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге жанамалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторлық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде.
Осы курстық жұмыста дебиторлық борыштардың есебінің аудитінің маңызы мен бақылау жүйесіндегі алатын орны анықталады. Дебиторлық борыштың құрылуы, тексеру жүргізу тәртібі, іс-әрекеті баяндалады.
Бұл орайда кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте дебиторлық борыштың аудитінің бағдарламасын дұрыс жүргізудің атқаратын рөлі ерекше болып табылады. Сондықтан «Дебиторлық борыштардың есебі және аудиті» тақырыбы бүгінгі күнгі талапқа сай тақырып болып табылады.
Бұл курстық жұмыстакелтірілген материалдар студенттерге дебиторлық борыш аудиті туралы білімді, түсінікті және жақсы игеруіне және күнделікті оқу барысында қолдануға мүмкіндік бере алады. Бұл тақырыптың актуалдылығы сатып алушылардың дебиторлық борыштарының толық және өз уақытында жабылуын формалды түрде анықтауға және орындалуға тиісті нақты көмек құралы болып және сатып алушылар мен есеп айырысулардың жағдайына бақылау жасау жүйесінің тиімділігін көрсету болып табылады.
- Дебиторлық борыш есебінің аудитінің теориялық сұрақтарыДебиторлық борышты жіктеу
Дебиторлық борыштар (қарыздар) - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Аудитор дебиторлық борыштарды тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлық борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтуға тиісті:
- баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы, есеп регисторларындағы және машинажазбалардағы мәліметтермен салыстырып тексереді;
- аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілетінін тексереді;
- субъектідегі дебиторлық борыштардың жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;
- күдікті қарыздар резервтерінің құрылу тәртіптерін және олардың дұрыс қолданылуын тексереді;
- сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге асырылған еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеруді;
шағым-талап ету тәртіптерімен уақтылы сақталып, олардың қозғалысын бақылаудың дұрыс тексеруді;
- дебиторлық борыштар бойынша алынған материалдарды талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық борыштарды төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.
Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер»және «Ағымдағы активтер»бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер » бөлімінде - 12 айдын ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борышеарды көрсетеді.
- «Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне тексеру жүргізген кезінде де
аудитор талап ету мерзімі біткен борыштарға және уақытылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.
Баланста «Ұзақ мерзімді активтер» жатқызылған дебиторлық борыштар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:
- Алынуға тиісті шоттар;
- Алынған вексельдер;
- Негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;
- Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;
- Басқа да дебиторлық борыштар.
Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек қана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.
Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін №11 журнал-ордердегі, басқа да синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылатындығын көрсететін шоттардағы мәліметтері бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтармен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді.
Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте, субъектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомарының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты алынатын (яғни, дебиторлар өздерінің борыштарын мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігі) ; талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3 жыл) ; қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.
Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарынөндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актвларына дебиторлардың аталуы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысуларды түгендеудің мтаериалдарына талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.
1. 2. Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу қисынын реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар
Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклі сатып алушылардың сұрауынан басталып, дайын өнімнің немесе қызметтің дебиторлық борышқа айналумен аяқталады. Дебиторлық борыш - компанияға тиесілі, бірақ ол әлі алмаған қаражаттар.
Дебиторлық борыштарды сипаттаушы шоттар сатушы мен сатып алушыға өнімді жөнелтуге, шот жазып беруге, ақшаны алу және тіркеуге керекті уақытқа қарағанда біршама көбірек уақыт аралығын қамтиды.
Сәйкестікке тексеру жүргізудің мақсаты ішкі бақылау жүйесінің сапасына, нормативтік-құқықтық құжаттарға және тексеру сәтінде әрекет етуші ішкі саясаттарға, процедураларға сәйкестігіне тест жүргізу болып табылады. Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудиттің негізгі нормативтік-құқықтық құжаттары төмендегі кестеде келтірілген.
Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклын реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Сәйкестікке тексеру жүргізу мақсатына қол жеткізу үшін аудитор кәсіпорынның ішкі бақылау саясаты мен процедураларына олардың тиімділігіне және бухгалтерлік есеп принциптері мен есеп саясатында белгіленген нұсқауларға сәйкестігіне көз жеткізу ниетімен зерттеу жүгізеді. Дайын өнімді сатып-өткізуге ішкі бақылау жасау процедуралары төмендегі негізгі элементтерден тұрады:
- Дайын өнімді сатып-өткізу бойынша қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, оған бақылау жасау, есеп жүргізу және талдау жасау жайындағы ұйым жұмыскерлерінің белгілі бір тобының өзара қарым-қатынасы мен әрекет ету тәртібін анықтау және құжатпен бекіту (лауазымдық нұсқаулар) ;
- Тиісті жұмыскердің өзінің міндетті қызметін орындағандығын куәландыратан мәліметтер көрсетілетін бастапқы құжаттардың тізбесін жасау;
- «бақылау объектісін» және дайын өнімді сатп-өткізу бойынша нақты операцияларды жүзеге асырудың әртүрлі аспектілерін бағалау үшін бақылау үргізу әдәстерін таңдау.
Клиенттің ішкі бақылау процедураларымен танысу үшін аудитор алдыңғы аудиттің материалдарын зерттейді. Ол аудиторға мынадай мүмкіндіктер береді:
А) жүйені, блок-схемаларды, құжат айналымын, анкеталарды суреттеу арқылы ішкі бақылау жүйесі жөнінде ақпарат алады;
Ә) ағымдағы жылы жаңалауды талап ететін тексеру участоктарын белгілейді.
Егер аудиторлық фирма аудитті бірінші рет жүргізіп отырған болса, онда аудиторға сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу процесін операциялардың төмендегі тобына бөлген дұрыс:
- Өніммен жабдықтауға тапсырыс алу;
- Коммерциялық несие беру мүмкіндіктерін талдау, жабдықтау келісім-шарттарын дайындау және келісім жасау;
- Өнімдерді жөнелтуге дайындау;
- Сатып алушылардың өнім үшін төлем жасауын бақылау;
- Дебиторлық борышты бақылау.
- Дебиторлық борыш есебінің аудиті
2. 1. дебиторлық борышты бақылау
Сатып алушылармен есеп айырысулардың жағдайына бақылау жасау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында сатып алушылардың дебиторлық борыштарының толық және өз ақытында жабылуына бағытталған төмендегі процедуралар формалды түрде анықталуға және нақты орындалуға тиісті:
А) дебиторларға төлем жасау жөнінде ескертулер жіберу;
Ә) дебитрлық борышты ай сайын салыстырып тексеру.
Бухгалтер ай сайын сатып алушылардың борыштарына салыстыру жүргізіп отыруға тиісті. Ол үшін барлық сатып алушыларға белгіленген тәртіп бойынша бас бухгалтер қол қойған және ұйымның мөр басылған салыстыру актісі жіберіледі. Салыстыру актісі екі дана жасалынады: екінші данасы арнайы журналға тіркеліп, көрсетілген борыштың салыстырылуының уақытында жүзеге асырылуы мен толықтығына кейін бақылау жүргізу мақсатында арнайы картотекада сақталады; бірінші сатып алушыға жіберіледі.
Сатып алушы өзінің қарызын мойындамаған жағдайда немесе борышты салыстырудан бас тартқан жағдайда, ол жөнінде жедел түрде бас бухгултер, сонымен бірге сатып-өткізу бөлімінің бастығы хабарланады. Бас бухгалтер бұл ауытқулар бойынша ақпараттарды ұйым басшыларының күн сайынғы жедел мәжілістерінде диретордың экономикалық және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарларына тапсырады. Директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары заң бөлімінің бастығымен келісе отырып, бұл борышты төлету тәртібі туралы шешім қабылдайды.
Егер борышты салыстыруға өтініш жазылған жолдауларға белгіленген мерзім ішінде жауап алынбаса, онда белгіленген тәртіп бойынша жауап берілмеу себебі анықталады.
Сатып алушы борышты салыстырудан бас тартқан кезде, бұл туралы материалдар жедел түрде ұйымның дирециясына тапсырылады.
Қарызы бар ұйыммен арада байланыс жоқ болған кезде, оның себебі анықталады.
Егер қарызы бар ұйым жойылған болса, онда дебиторлық борыш үмітсіз борыш ретінде танылады. Борышты «үмітсіз» деп тану және оны есептен шығару жөніндегі шешімді сатып-өткізу бөлімінің бастығы берген қарызы бар ұйымның жойылғандығын растайтын қажетті материалдардың негізінде құрылған бас бухгалтердің тиісті баяндаушы жазбасы бойынша ұйымның басшысы қабылдайды.
Егер қарызы бар ұйым жойылмаған болса, онда дебиторлық борышты талап ету прцедуралары жүзеге асырылады. Сатып алушының талап етілген дебиторлық борышы директордың санкциясы бойынша бас бухгалтер тапсырған материалдардың негізінде жалпы белгіленген тәртіп бойынша шағымдану мерзімі біткеннен кейін есептен шығарылады.
Клиенттің бақылау процедураларын жүзеге асыруына тексеру жүргізу үшін аудитордың сатып алушылардың шоттарын таңдап алуына болады:
А) дебеттік жазуларды шот-фактуралармен растауға болады;
Ә) кредиттік жазуларды ақша қаражаттарының келіп түсуі бойынша құжаттармен немесе несиелік есеп шығару туралы бұйрықтармен растауға болады.
Жоғарыда келтірілген растауларды алғаннан кейін аудитор:
- Дебитордың төлеу мерзімі өтіп кеткен шоттарын зерттей және борышты төлетіп алу бойынша қандай шараладың қолданылғандығын анықтау үшін қаржы қызметінің басшыларына сұрақ бере алады;
- Сатып алушылардың дебиторлық борыштарына ай сайын салыстыру жасау прцедурасының қалай жүзеге асырылғандығын бақылай алады;
- Сатып алушылармен расталмаған дебиторлық борыштарды салыстыру актілерін іріктеп алып, қаржы қызметінің басшыларынан осы ауытқулар бойынша қандай шаралар қолданылғандаған анықтай алады;
- Дебиторлық борыштарды салыстыру актілерінің екінші данасын жіберу мерзімі бойынша сатып алушылардың жауабының мерзімінен кешіктірілуін анықтай алады, қаржы қызметінің жұмыскерлерінен бұл ауытқулардың себебін айқындай алады;
- Есептен шығарылған үмітсіз дебиторлық борыштарды қажетті құжаттармен растай алады;
- Талап етілмеген борыштың есептен шығарылуын бақылай алады. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетіні - дайын өнімдерді және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет:
- Өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын;
- Түгендеу актілерімен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын;
- 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштарын»
- Бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық есептің дұрыстығын.
Бұндай жағдайда аналитикалық есеп мынандай мәселелерді қамтамасыз етуге міндетті:
- Вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тпсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде түмпегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді;
- 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп дұрыс берілгендігін;
- 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімшенің шоттары бойынша аналитиеалық есеп жазуларының №11 журнал-ордердегі Бас кітаптағы және баланстағы жазулар мен сәйкестігін;
- Талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығы.
Субъектілерінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылып, күдікті қарыздар резервінің шоттарына жатқызу арқылы жабылады.
Аудитор 301 «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнетілген өнім, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтердің құнын талап ету құжаттарының уақытылы банк мекемелерінде қабылданғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазулармен салыстырып тексереді. Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің алдын-ала сатушының есеп айырысу шотына аударған аванстарының жабылып, айдың аяғында 301 шоттың дебетіндегі құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғандығына көз жеткізуі тиіс.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі - алынған вексельдер бойынша есеп айырысу. Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан бұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.
Сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден есеп айырысу үшін алынған вексельдермен қамтамасыз етілген борыштарын 302 «Алынған вексельдер» шотына жүргізеді. Вексель бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитінен IV Ақша қаражаттар бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін.
Қарапайым вексель бұл жасалған сауда-саттықтар немесе орындалған жұмыстарды төлеу үшін бір жағының (вексель берушінің), екінші бір жағына (вексельді ұстаушыға) төлеу мерзіміне қарай белгілі-бір соманы төлеуге жазбаша берген ақшалай қарызының міндеттемесі.
Аудармалы вексель (тратта) немесе беруші (трассант) жазады да, онда дебиторға (трассант) вексельде көрсетілген соманы, үшінші тұлғаға (ремитентке) немесе талап етушіге төлеу туралы бұйрығын көрсетеді.
Бұл құжат борыштық міндеттемеге айналып, төлеуші (трассант) төлеуге келісім бергеннен кейін ғана заңды күшке ие болады. Өтпелі белгінің (индассамент) көмегімен әмбебап несие есеп айырысу құжаттың қызметін орындап, вексель бірнеше рет қолданылуы мүмкін.
Вексельдерді дисконттау олардың банкідегі есебін және қаржының айналымын елеулі жылдамдатады. Бұндай жағдайда вексельді ұстаушының (индассамент) қатысуымен төлеу мерзіміне дейін банкке өткізіліп, банктің тәуелсіз дисконтының пайдасына есептелген пайыздың шығынын шегеріп тастап, вексельдік сомасын алады.
Аудит кезінде вексельдердің есебінің түрлері төлеуші субъектінің төлеу мерзімінің жетуі бойынша борыштарды вексельдер арқылы толтырудың негізділігін; алудан үмітін үзген немесе талап ету мерзімін өткізіп алған борыштарды, вексельдерді сатудан тыс зияндарына шығысқа шығарудың заңдылығын тексеру қажет.
2. 3. Күдікті борыштар есебінің аудиті
Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарындағы жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек, күдікті қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептеп шығарып жабу үшін жасалады.
Күшіндегі салық жөніндегі заң актілеріндегі күдікті қарыздар - бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөндірілмеген қарыздар деп көрсетіледі.
Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күдікті борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу үшін жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланстан шығарылуын тексереді.
Күдікті қарыздар бойынша резервтерді құру, оларды жұмсау және олардың қозғалысы туралы ақпарат жинақтау үшін бухгалтерлік есептің типтік жоспарында 31 «Күдікті борыштар бойынша резервтер» бөлімшесінің дәл осылай аталатын 311 синтетикалық шоты қаралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz