Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстанның бюджет жүйесі: қалыптастыру және пайдалану
проблемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстанның бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ... ... ... ... ... ... 11
ІІ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 16
2.1 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі принциптері ондағы түсімдер мен шығындарды бөлісу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Экономиканы бюджеттік қолдау мен ынталандыру шаралары ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін мемлекеттік бюджет құрайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Қазақстанның бюджет жүйесінің дамуы» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын бюджет жүйесінің маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, оның экономикаға әсерлерін қарастыру және еліміздегі бюджет жүйесінің даму барысына тоқталып өту болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Қазақстанның мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
6. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
7. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
8. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
9. З.С. Мұхамбетова «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2003г.
10. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
11. Қазақстан Республикасының Заңы «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы».
12. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.

Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстанның бюджет жүйесі: қалыптастыру және
пайдалану
проблемасы

... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстанның бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
... ... ... ... ... ... 11
ІІ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 16
2.1 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі принциптері
ондағы түсімдер мен шығындарды бөлісу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Экономиканы бюджеттік қолдау мен ынталандыру шаралары
... ... ... 22
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер

... ... ..34
КІРІСПЕ
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін
мемлекеттік бюджет құрайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның
тақырыбын қаржы пәнінен Қазақстанның бюджет жүйесінің дамуы деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі
нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып,
әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық
реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын бюджет жүйесінің
маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, оның экономикаға әсерлерін
қарастыру және еліміздегі бюджет жүйесінің даму барысына тоқталып өту болып
табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет
ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Қазақстанның мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде
жан-жақты талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын
шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала
отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту
қызметтеріне тоқталу;
• Салықты жетілдіру негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің
қалыптасу көздерін табу және олардың нысандары мен жетілдіру әдістерін
жазу болып табылады.
І БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Қазақстанның бюджет жүйесі: қалыптастыру
және пайдалану проблемасы
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.

мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін
жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші
учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
• Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
• Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
• Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды.

жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кзеңге, әдетте, бір жылға жасалынады,
бюджеттің кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының
шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп
мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы
жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін анықтайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Еліміздің Конституциясының 4-ші бөлімінің 53 бабында Палаталардың
бірлескен отырысында Парламент: Ресупбликалық бюджетті және Үкімет пен
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді. 1, 25 бет.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі
болыптабылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заң). Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы
жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн және оны келесі
сызбадан көре аламыз.
Сурет-1 – Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекетік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді
және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік
күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті
көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін
пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
әлеуметтік саясаттағы басымдықтар – халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, денсаулық
сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруын
қамтамасыз етеді.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдалаудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындармен және басқа
коммерциялық емес ұйымдармен тығыз байланыста болып отырады.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылу процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түседі.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару
апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын
белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы
элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары,
оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары
бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің
құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып
келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне
байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
• мемлекеттік бюджет немесе федералды бюджет;
• Федерация мүшелерінің бюджеттері;
• Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық
бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің
оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ,
әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру
деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір
реттеуші рөл орталық бюджетте сақталынады.
Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен
анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік
нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті
құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның
мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас мемлекеттердің бюджеттері сияқты КСРО-
ның мемлекеттік бюджет құрамына кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері
соның ішінде ауылдық және кенттік бюджеттерде қайтаанып көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіінң басты бөлігі
республикалық бюджетке шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен
қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын
республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан
Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың
бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Сурет-1 – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің
жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде
көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен
ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара
байланысына кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент
тарапының бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеуі
болып табылады. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз
етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді
мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етіп алады. Ол
реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің
теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта
бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделеді.
Бюджетердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. Алайда
бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған
оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әр
түрлі деңгейдегі бюджетердің арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты
нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу
құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджеттердің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен
шығыстары ескірілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының
салық және бюджет заңнамаларында белгіленген барлық түсімдердің, соның
ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық
тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен
қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының
барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
2.1 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі принциптері ондағы
түсімдер мен шығындарды бөлісу
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң негізгі принциптерi келесідей:
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде
бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай
рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан
шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет
көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi
жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге
де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының
бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген
(нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы
есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты
мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы
бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған
шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк
бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу
қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу
үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе
бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi
қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың
әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында
түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес
олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық
деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру
құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған
кiрiстердi, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған
бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi,
атқарылады және дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
• аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және
орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және
облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетi болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар
қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу тармақтардың
бюджеттік қамтамасыз етуін теңестіру мен жергілікті атқарушы органдар бір
қалыпты деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Түсімдерді шектеу саясатының негізгі мақсаты - ол мемлекеттік басқару
деңгейлерінің барлығын соларға жүктелген функцияларын толығымен іске асыру
үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде түсімдерді шектеу
принциптері тағайындалынған және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында
өкілеттікті шектеуге сәйкес барлық түсімдер бюджет деңгейлері арасында
бөлінген. Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу негізіне
келесі принциптер жатады:
• кірістердің тиянақтылығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі бойынша
заңды түрде тиісті түсімдер бекітіледі және бюджеттік субвенциялар мен
алымдардың көлемі орта мерзімді уақытқа тағайындалады. Бұл принцип
жергілікті атқарушы органдардың салықтық потенциалды ұлғайту мен жергілікті
бюджет шығындарын объективті жоспарлау жөніндегі құштарлықтарын қамтамасыз
етеді;
• кірістердің жеткіліктілігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейінде
мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен қамтамасыз ететін қаржы құралдары
бар болуы тиіс. Аймақтардың экономикалық дамуы үлкен саралаулы
болғандықтан, араларындағы салықтық база орналасуы бір қалыпты еместігіне
байланысты тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейі тең болуы әр
түрлі реттеуші кірістер пайдалану арқылы іске асырылады;
• кірістерді ретгеу формалары мен әдістерінің ынтымақтылығы, яғни бюджет
жүйесінің әрбір деңгейіне қосымша кірістер беру бірыңғай негізде болуы
тиіс. Мұндай жағдай ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер пайдалану
арқылы іске асады, ал облыс-аудан деңгейінде сонымен бірге кірістер бөлу
нормативтер пайдалану арқылы. Кірістерді реттеу формаларын анықтау
барысында әрбір бюджет деңгейінің салықтық потенциалы мен аумақ бойынша
объективті бюджеттік қажеттілікті бағалауының нәтижесін есептеу және
бекітілген натуралды нормаларды, яғни қажетті материалды және материалды
емес байлықты пайдалану немесе тұтынудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz