Арал проблемасы


Жоспары:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

2. 1. Аралдан үміт үзілді.

  1. Арал тағдыры - адам тағдыры.

Аралды құтқару енді адамның қолынан келмейді.

III. Қорытынды.

Кіріспе.

Қаншама рет «Аралды қорғау» қоры құрылды, қаншама жоба, жоспарлар жасалды, қаншама мекемелер, касіпорындар, тіпті, жекеленген адамдар қаржы бөлді. Арал тартылса, ең алдымен қазақ, қарақалпақ халқына зиян келетіні, олардың арасындағы өлім-жетім, ауру-сырқау залалының дүниежүжінде тендесі жоқ жоғары екені, дүниежүзілік табиғи тепе-теңдікті сақтауға әсері туралы, оның мөлдірлігі жөнінен әлемде Эгейден соң екінші орын алатын әдемі теңіз екені, жылына жүздеген мың тонна балық ауланатыны, Аралдың сүгені өзге ешбір теңізде кездеспейтіндігі талай ғылыми еңбектерге «өзек болды». Амал не, кеңес өкіметі тұсында «ортақ қазақтың » қамын ойлап, осындай киелімізге де қол ұшын бере алмасақ, тәуелсіздік алдық ТМД елдерінің ішінде ең күштіміз деп жүріп те, оның ең болмаса жұрнағын да сақтап қала алмадық. Өткен аптада Арал мәселесі бойынша Орта Азия мемлекеттерінің өкілдері жиналған жиын Арал тағдырына соңғы нүктені қойды. Енді, Аралды айтып ауызды қинаудың өзі ессіздік болып есептелді. Ресми түрде мәлімденбесе де, там-тұмдып, жылап келіп жатқан судың біразы енді, Ауғанстанға қарай бет бұратыны көрінеді. Оның сыртында ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс қандай күштің тұрғанын, оның неге қажет екенін, өзіңіз түсіне беріңіз.

Бұл жерде екі нәрсе өзегінде өртейді. Біріншіден, ата-бабасы жар құшып, перзент сүйген, ажалы келгенде сүйегі қалған қайран төлмекеннің жанына бір дауа табылар деп қаншама жылдан бері ергесі көтерілмей отырған қайран қазақ енді қалай қарай қаңғырар екен, екіншіден, кезінде Семейден бастап, бүкіл елді қаптаған сынақ полигонына айналдырып жатқанда Мәскеудің тілін

басқалардан әлдеқайда тапқымсып жүрген сол кездегі басшыларымыз ең болмаса Аралдың, оның айналасындағы қазақ деген бүкіл бір халықтың апатқа ұшырап жатқанын Кремльдегі достарына жеткізе айтып, қатты бір реніш білдірудің орнына, омырауына неше түрлі сылдырмақ таққанға мәз болып жүргенге халқын, жерін айлаған басқалар болса, маңыздылығы Аралдан асып бара жатса да, Вахш, Нұрек, Тақияташ, Тоқтағұл сияқты ГЭС, ГРЕС су қоймаларын салдырып, қалған суды мақтаға бұруға шешім қабылдаттырып отырғаны еске оралады да тұрады.

Аралдан үміт үзілді.

ХХ ғасырда адамзат қолымен жасалған экологиялық апат- Арал трагедиясы. Оны қалай қалпына келтіруге болада? Бұл праблема бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналып отырғаны белгілі.

Сырдың құты-Арал теңізі. Осы теңіз соңғы 20 жылдан бері құрдымға кетіп, өзінен өзі тартылып барады. Ғалымдар мен оқымыстылар жағдай осы күйінде тұра берсе енді 10 жылдан кейін Арал теңізі жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген болжам айтады. Әрине, ғалымдардын пікірін жоққа шығармайық, бірақ Арал мүлдем құрып кете қоймас. Аллатағала Арал теңізін құртып жібермес. Аралдың бар болуы да, жоқ болуы да Аллатағаланың еркіні. Жиырма жылдан бері Арал теңізі күн сайын құрып бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Қазақстанның Батыс және Оңтүстік Батыс бөлігіне орналасқан дүниежүзіндегі ірі ағынсыз тұзды көл-табиғаттың сирек сыйы-Арал теңізі бүгінде экологиялық апатқа ұшырап отыр. Оның себебі неде?

Ғылыми-зерттеу нәтижесін сараласақ, «средезгипрохлопок» институтының тапсырмасы бойынша Қазақ ССР інің гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтының берген «Арал проблемасы» деп аталатын еңбектерінің қорытындыларына қарағанда жоспар бойынша келесі бесжылдықта және де болашақта Орта Азияда ирригациялық және гидроэнергетикалық құрылыс үшін Амудария мен Сырдария өзендеріндегі су ресурстарын пайдалану мәселесі қойылған. Ол үшін екі ірі проблеманы шешу

қажеттігі туып отыр, ол Арал теңізі проблемасы және Арал өңірінін климаты.

Арал теңізінің тартылуына байланысты туған көптеген Проблемалар дың түп тамыры суда жатыр. Арал теңізі тартылып барады: оған басты себеп-Аралға Сырдария мен Амудария суының аса шектеулі мөлшерде жіберілуіне немесе кей жағдайда, мүлде берілмеуінде болып отыр. Аталған екі өзеннің суы шын мәнінде азайып кетті ме, әлде олардың суын дұрыс, тиімді пайдалана алмай отырмыз ба? Негізінде соңғысы шындыққа әлде қайда жақын. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты деректерге сүйенейік.

«Средазгидрохлапок» институтының жасаған шаруашылықтардың суды пайдалану жөніндегі есептері бойынша Сырдария бассейіні 3360 мың гектар жерді, ал Арыс-Түркістан су шаруашылығы ауданын қоспағанда 3160 мың гектар жерді суландыра алады деп белгіленген.

СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Мемлекеттік комиссиясының 1973 жылғы 7 февральдағы № 2 қаулысы бойынша республикадағы жалпы суармалы жер көлемі 2910 мың гектар деп белгіленген болатын, бірақ бұл көрсеткіш Сырдария бассейінің суландыру мүмкіндігі тұрғысынан қаралып, 3160 мың гектарға, яғни 7 % ке көбейтілді.

1979 жылы нақтыланған суландыру схемасында, суландыруды қызылқұм өңірін игеруге байланысты оны мамандыру саласының өзгеруін ескере отырып дамыту, яғни бұл өңір күріш өсіруден мақта өсіруге көшіру жолдары көзделінген, бұл суландыру нормасын азайтуға және Сырдарияның суландыру мүмкіндігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл вариантты схеманы жасаушылар бекітуге ұсынып отыр. Бұл жерде Сырдария бассейінінде суармалы жер көлемін, Қазақстанға, соның ішінде Шымкент облысына бөлінген су есебінен ұлғайту көзделген, мұнда 1990 жылдан әрі қарай Қызылорда облысында суландыру дамыту шаралары белгіленбеген.

Сырдария бассейінінің су ресурстарын комплексті пайдалану схемасына, сондай ақ Қазақ ССР Мелиорация және су шарушылығы министрлігінің Қызылорда облысында суландыруды одан әрі дамыту жөніндегі нұсқауына сәйкес біздің институт облыстың 2000 жылға дейінгі су пайдалану балансын жасады. Суландыру жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті 0, 75 ке тең, суармалы жер көлемі 290 мың гектар, орташа суландыру гектарына 16, 7 мың текше метр деп белгіленді. Су тапшылығының осы аса қиын жағдайында суландыруға пайдаланылатын жалпы судың көлемі жылына 6, 82 текше километр, соның ішінде нақты пайдаланылатын 4, 92, өнеркәсіп-коммуналдық шаруашылықтарды және ауыл шаруашылығы мен жабдықтауға 0, 21, балық шаруашылығы қажетіне 1, 35, айналадағы ортаны қорғауға 1, 8, санитарлық тазарту шараларына 0, 54 текше километр. Барлығы

Шардара су қоймасын жылына 12, 84 текше километр су, соның ішінде Қызылқұм массивіне 1, 71 және Қызылорда массивіне 6, 82 текше километр берілуге тиіс. Алайда, Өзбек ССР Ғылым академиясының өндіргіш күштері зерттеу Советі Сырдария алқабында қосымша 845 мың гектар жерді игеріп,

суландыруға болады деп отырғанын атап айтқан жөн. Болашақта осы мақсатқа жылына 15, 7 текше километр, соның ішінде Қызылорда облысына шамамен 14, 0 текше километр су бөлу көзделініп отыр.

«Средазгипроводхлопок» институты дайындаған Сырдария өзенінің су ресурстарын комплексті пайдалану жөніндегі схемасы және СССР Мемлекеттік жоспарлау Комитетенің мемлекеттік сарапшы Комисиясы Сырдария бассейіні үшін суды пайдаланудың 1985 жылғы 0, 67, ал 1990 жылы 0, 73 . Соның ішінде Қазақ ССР-іне тиісінше 0, 73-0, 78 пайдалы әсер коэффициенті белгіленген. Сондықтан облыстың халық шаруашылығын, әсіресе суармалы жерді сумен суландыру жүйелерін қайта жаңғыртып, жетілдіруді жеделдету қажет. Жылдық есеп бойынша, суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жөніндегі шаралардың жоспары 63 % ке, суландыру жүйелерін қайта құру мен жаңғырту 43 және бұрынғы суармалы жерлерді күрделі жоспарлау 63 %-ке орындалды. Жалпы ұзындығы 2409 километр магистральдық каналдардың 41 километрінің ғана жақтаулары немесе 9 %, жалпы ұзындығы 17406 километр шаруашылық ішіндегі каналдардың тиісінше 10, 5 километрі немесе 0, 06 проценті битонмен жабылған. Сырдария суы Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін қазірдің өзінде ауыз суға жарамсыз, бұл судың керектігі Қызылорда төңірегінде 1977 жылы 15 мг экв\л, ал 1980 жылы- 16, 8 мг экв\л болды. Сырдария суында сульфат өте көп. Судағы мөлшерін 500 мг\л-ден аспауы керек десе, онда оның Жаңақорған төңірегіндегі консентрациясы-1 метрге шаққанда 552 мг, дарияның төменгі сағасында 825 мг, яғни концентрация-мөлшері тиісті нормадан 1, 6 есе артық жетіп отыр.

Су пайдаланушыға таза және лас суды тең бөлу үшін Шардара су қоймасының жоғары жағына орналасқан егістікті суаруға пайдаланылған және қалалар мен өнеркәсіптің лас жағын Сырдарияға жібермей арнаулы каналға ағызып, сол арқылы оны жоғарыда аталған супайдаланатын аудандардың су қоймаларына жеткізіп, шаруашылықтарға бөлу қажат, нәтижесінде Қызылорда облысына таза, ластанбаған су жеткізілуге тиіс. Сырдария бассейінінде суландыруды дамыту Аралға дарияның құюын қысқартты. Арал теңізінің бірте бірте тартылуы нәтижесінде оның денгейі 53, 3 метрден 46 метрге дейін төмендеді.

Республика гидрометерологиялық қызыметтерінің мәліметтері бойынша, 1978-1980 жыл аралығында Арал теңізі акваториясынан буланатын судың мөлшері 146 текше километрден астам болды, ал осы кезең ішінде теңізге Сырдария мен Амудариядан құятын су мөлшері небәрі 61 текше километр ғана болды. Арал теңізіне құятын су көлемінің осындай апатты жағдайында, таяу уақытта оған бөлек бөлек болып тартылған, сор басқан ұсақ өлі су шұңғылдарына айналу қаупі төніп тұр.

Теңіздің тартылуына байланысты оның аумағы тартылады. 1990 жылы 1980 жыл мен салыстырғанда ол шамамен 20, процентке, 2000 жылы 60 процентке кемиді. Судың тұздылығы күрт артады. Теңізде 1980 жылғы деңгейінде ұстап қалу үшін су тапшылығы 1990 жылы шамамен 240 текше километр, 2000 жылы 484 текше километр болуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экологиялық аймақтары
Балқаш проблемасы
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Табиғи ортаның жергілікті аймақтық және ғаламдық масштабтағы мәселелері
Мен және мені қоршаған орта
Қазақстанның экологиялық зоналары
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
«Қазақстанның экологиялық мәселелері»
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz