ҚР Ұлттық банкі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Өндірістік тәжірибесін өту туралы

ЕСЕП БЕРУ

(ҚР Ұлттық банкі материалдары негізінде)

«050506-Экономика» мамандығы

Орындаған:

4курс, 06-05 тобының студенті

(студент қолы)

Саметеков А. А
Орындаған:4курс, 06-05 тобының студенті: Кафедрадан тәжірибе жетекшісі
(студент қолы):

(жетекшінің қолы)

Саметеков А. А: э. ғ. д., профессор Шаменов А. М
Орындаған:4курс, 06-05 тобының студенті: Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі
(студент қолы):

(жетекшінің қолы)

Саметеков А. А: Тазабеков А. Т

Алматы, 2010

Мазмұны
Мазмұны:
Бет.
Мазмұны:
Мазмұны:
  1. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі
3
Мазмұны: 1. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдастырылуы мен функционалдық құрылымы
3
Мазмұны: 1. 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, функциялары мен өкілеттігі
7
Мазмұны: 1. 3 Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері
14
Мазмұны: 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік өкімет органдарымен өзара іс-қимылы
16
Мазмұны: 2. 1 ҚҰБ-нің жүргізетін ақша-несие саясаты
16
Мазмұны: 2. 2 Ақша айналысы және ақша бірлігі
17
Мазмұны: 2. 3 ҚҰБ-нің сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметі
21
Мазмұны: 3. ҚРҰБ-нің Зерттеу және статистика департаментінің негізгі міндеттері мен атқаратын функциялары
24
Мазмұны: 3. 1 ҚРҰБ-нің Зерттеу және статистика департаментінің экономикалық зерттеулер басқармасының жүзеге асыратын функциялары: инфляцияға шолу
34
Мазмұны: 3. 2 Қазақстан экономикасына ақпараттық-талдамалық шолу
37
Мазмұны: 3. 3 Қаржы нарығындағы ахуал туралы 2009 жылдың қорытындылары
37
Мазмұны: Қорытынды
49
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттері
50
Мазмұны:


1. ҚР Президентiнiң 05. 12. 95 ж. № 2672 Заң күшi бар
жарлығымен ; Қазақстан Республикасының банк жүйесi

Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмайды.

Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесі оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi. ҚР Президентiнiң 05. 12. 95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен ; ҚР 02. 03. 01 ж. № 162-II Заңымен 2-бап өзге Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын еңбекақы төлеу жүйесiн бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.

ҚР 11. 07. 97 ж. № 154-1 ; 10. 07. 03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

1. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдастырылуы мен функционалдық құрылымы

ҚР 11. 07. 97 ж. № 154-1 ; 02. 03. 01 ж. № 162-II Заңдарымен 6-бап өз Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға. Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты .

Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:

а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;

б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;

б-1) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру тәртiбiн белгiлеу;

в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу;

в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;

в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;

в-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;

г) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;

е) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүргізуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылдау;

е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;

е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;

е-3) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;

ж) банктерге ең төменгi резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;

ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртiбiн белгілеу;

з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;

з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;

к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;

к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;

к-2) басшысының ұсынуы бойынша уәкілеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекiту;

л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;

м) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құралдары мен өзге де мүлкіне билік ету тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

о) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, бiлiктілiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекiту;

п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;

п-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдау;

р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту;

с) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту;

с-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережелерін бекіту;

с-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;

с-3) реттелуі Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;

т) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпаратты жыл сайын табыс ету;

х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келiсiп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы кiредi.

Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.

Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.

Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.

Қызметтен кету және босату

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады. Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi. ҚР 10. 07. 03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 70-бап өзгертілді

ҚР 11. 07. 97 ж. № 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03. 05. 01 ж. № 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; 10. 07. 03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2006. 05. 07. № 165-III (01. 07. 2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 70-1-бап өзгертілдҚазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.

ҚР 10. 07. 03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертіл 1. 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты,

мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi

ҚР 11. 07. 97 ж. № 154-1 ; 16. 07. 99 ж. № 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 10. 07. 03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

ҚР Президентiнiң 05. 12. 95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен ; 07. 12. 96 ж. № 50-1 ; 11. 07. 97 ж. № 154-1 ; 16. 07. 99 ж. № 436-1 ; 02. 03. 01 ж. № 162-II ; 03. 05. 01 ж. № 182-II ; 09. 07. 03 ж. № 482-II ; 10. 07. 03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 11. 06. 04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара) ; 2004. 20. 12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2005. 08. 07. № 69-III (бұр. ред. қара) ; 2005. 23. 12. № 107-III (бұр. ред . қара) ; 2006. 20. 02. № 127-III ; 2006. 05. 07. № 165-III (01. 07. 2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред . қара) ; 2007. 28. 02. № 235-III (бұр. ред . қара) ; 2007. 12. 01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi Қазақстанның Ұлттық банкi:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.

2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;

3) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

4) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;

6) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.

7) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді;

8) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Қазақстан Республикасының ұлттық банксі
Ақша эмиссиясы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz