Қосарлы етістіктердің сөзжасам жүйесіндегі орны
Ана тілі лексикасы тума сөздер мен кірме сөздер арқылы толығып отырады. Дамудың бұл көрінісі тілімізде ежелден қалыптасқан өзіндік тәсілдері бар. Өзімізге белгілі жаңа сөз жасаудың морфологиялық, яғни түбір сөздерге әр түрлі сөз тудырушы жұрнақтар қосылу арқылы жүзеге асатын болса, синтаксистік тәсілде сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз жасалады.
Сөздерді қосарлау – сөз жасамның бір түрі ретінде қаралып, зерттеліп келген. Алайда өзара қосарланған екі сөздің бір сөз табы болу ерекшеліктеріне қарай бөліп алынып, жекелеп зерттелмеген. Қазіргі қазақ тілінде жалпы қос сөздердің ішінде екі сыңары да бірыңғай етістіктен болған қос сөздер аз емес. Көне түркі жазбаларында да бұл құбылыс кездеседі. Мәселен:
Қазіргі қазақ тілінде: Көне түркі жазбаларында:
– айтысып-тартыс – ет-йарат
– ақырып-жекір – ұр-соқ
– елеп-ескер – кел-бар
– жалап-жұқта ¬– ота-емле
– билеп-төсте – қорқ-үрк
– жанып-сөн – тез-қач т.б.
Өзара қосарланып келіп бір сөз ретінде жұмсалатын мұндай етістіктерді И.Е. Маманов «қос түбір етістіктер» деп атайды./1.29/
Аналитикалық тәсілмен сөз жасау сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру десек, осы тәсілдермен жасалған сөздердің қазақ тіл білімінде «күрделі сөз» дейтін бір үғымға жинақталатыны белгілі. Күрделі сөздердің бұл түрлері тілімізде есімдерден де, етістіктерден де жасалып қалыптасқан жоғарыдағыдай қос сөздер де сөздік қорымызда да недәуір бөлігін алады.
С. Аманжолов қос сөздерді сөз табына қатысына қарай сегіз топқа бөліп көрсеткен. Оның ішінде етістік қос өздер де бар екенін айтқан жөн./2.69/
«Қос сөздер есімдерден де, етістіктерден де жасалады. Етістіктен жасалған қос сөздердің дені көсемшенің өткен шақ формасында жасалады. Бұл сияқты қос сөздер түріндегі қос сөздердің ең көпшілігі... Сөйлем ішіндегі бұл сөздерді етістіктің басқа формасына айналдыруға тура келсе,
қос сөздің соңғы сыңары өзгеріп отырады. Мысалы, билеп-төстеген, жалынып-жалбарынған¬¬ т.б. Бұл тізбекті сөздер саналып, бірінен соң бірі тіркеліп айтылудан қос сөз болып кеткен» – деп тұжырымдайды
С. Кеңесбаев. /3.44/

1. Маманов И.Е. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966, -29 б.
2. Аманжолов С. Сөз тұлғалары. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 1993, №6 -69 б
3. Кеңесбаев С. Қос сөздердің кейбір жасалу жолдары. ҚазМУ-дың ғылыми еңбектері. 1946, 6 том -44 б.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 1989, -351б.
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966, -62 б.
6. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. –Алматы, 1953, -62б.
7. Қазіргі қазақ тілінің сөз жасам жүйесі. – Алматы, 1989, -92 б.
8. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы, 1988, 58 б.
9. Серғалиев М., Айғбылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі.
– Алматы, 1991, 15 б
10. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. – Алматы, 1971, -34 б.

Мужигова Г.М.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ҚОСАРЛЫ ЕТІСТІКТЕРДІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Ана тілі лексикасы тума сөздер мен кірме сөздер арқылы толығып
отырады. Дамудың бұл көрінісі тілімізде ежелден қалыптасқан өзіндік
тәсілдері бар. Өзімізге белгілі жаңа сөз жасаудың морфологиялық, яғни түбір
сөздерге әр түрлі сөз тудырушы жұрнақтар қосылу арқылы жүзеге асатын болса,
синтаксистік тәсілде сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа
сөз жасалады.
Сөздерді қосарлау – сөз жасамның бір түрі ретінде қаралып, зерттеліп
келген. Алайда өзара қосарланған екі сөздің бір сөз табы болу
ерекшеліктеріне қарай бөліп алынып, жекелеп зерттелмеген. Қазіргі қазақ
тілінде жалпы қос сөздердің ішінде екі сыңары да бірыңғай етістіктен болған
қос сөздер аз емес. Көне түркі жазбаларында да бұл құбылыс кездеседі.
Мәселен:
Қазіргі қазақ тілінде: Көне түркі жазбаларында:
– айтысып-тартыс – ет-йарат
– ақырып-жекір – ұр-соқ
– елеп-ескер – кел-бар
– жалап-жұқта – ота-емле
– билеп-төсте – қорқ-үрк
– жанып-сөн – тез-қач т.б.
Өзара қосарланып келіп бір сөз ретінде жұмсалатын мұндай етістіктерді
И.Е. Маманов қос түбір етістіктер деп атайды.1.29
Аналитикалық тәсілмен сөз жасау сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру
десек, осы тәсілдермен жасалған сөздердің қазақ тіл білімінде күрделі сөз
дейтін бір үғымға жинақталатыны белгілі. Күрделі сөздердің бұл түрлері
тілімізде есімдерден де, етістіктерден де жасалып қалыптасқан жоғарыдағыдай
қос сөздер де сөздік қорымызда да недәуір бөлігін алады.
С. Аманжолов қос сөздерді сөз табына қатысына қарай сегіз топқа бөліп
көрсеткен. Оның ішінде етістік қос өздер де бар екенін айтқан жөн.2.69
Қос сөздер есімдерден де, етістіктерден де жасалады. Етістіктен
жасалған қос сөздердің дені көсемшенің өткен шақ формасында жасалады. Бұл
сияқты қос сөздер түріндегі қос сөздердің ең көпшілігі... Сөйлем ішіндегі
бұл сөздерді етістіктің басқа формасына айналдыруға тура келсе,
қос сөздің соңғы сыңары өзгеріп отырады. Мысалы, билеп-төстеген, жалынып-
жалбарынған т.б. Бұл тізбекті сөздер саналып, бірінен соң бірі тіркеліп
айтылудан қос сөз болып кеткен – деп тұжырымдайды
С. Кеңесбаев. 3.44
Етістіктен жасалған мұндай қос сөздердің мағыналық түрлері
морфологиялық құрылымы, сөз жасамдық ерекшеліктері әр алуан күрделі.
Олардың қосарланғаннан кейін етістік қалпында жұмсалатындары да, басқа сөз
табына айналғандары да бар. асып-сасып отыр, асып-састым
Қос сөздер туралы сөз болғанда, сөздерді қосарлаудан жаңа мағыналы
сөз жасала ма деген мәселе ең алдымен шешімін тапқаны дұрыс. Себебі
ертеден қалыптасып, өміршеңдік күшін жоймай, қазір де молыға түскен
қос сөздердің бұлайша икемді тәсілге айналуы неліктен. Қос сөздердің
мағыналық ерекшеліктері туралы зерттеген ғалымдардың пікіріне жүгінсек,
сөздерді қосарлаудың сөз жасау тәсілі екендігін құптайды.
Белгілі ғалым Қ. Жұбанов өз еңбегінде: Түбір сөзден туынды сөз
жасаудың жалғыз амалы түбірге қосымша жалғау ғана емес, түбір сөздің не
туынды сөздің өз-өзіне қосақтап та сөзге үстеме мағына беруге болады деп
тоқталса, 5.158Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі еңбегінде:
Қосарлау тәсілі екі сөздің бір-біріне қосарлануы я бір сөздің қайталануы
арқылы сөз жасайды. Ол тілде көне замандардан келе жатқан тәсілге жатады -
деп берген.4.92 Осы еңбекте қос сөздер туралы тағы да сөздерді қосақтау
арқылы жаңа мағынаны білдіру тілде ертеден келе жатыр. Мысалы, қыз-
келіншек, ине-жіп, көрпе-жастық т.б. Мұндағы қыз-келіншек жастарды, ине-
жіп деген тігуге арналған ұсақ заттардың жалпы аты, көрпе-жастық
төсекке қатысты барлық зат атауын білдіреді дей келіп қос сөздердің
мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы мағынасы емес
екенін, олардың бірлігінен шыққан лексикалық мағына екенін, мұндай
лексикалық мағына тек қосарлама қос сөздер арқылы білдіретіндігін,
қайталама қос сөздер ондай жаңа мағынаға ие бола алмайтындығын көрсеткен.
Ә. Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы деген еңбегінде қос
сөздің
сөз жасаудың көне де өнімді тәсіл екендігін, сөздер қосарланғанда ондағы
жеке сыңарлардың мағынасы абстракцияланып, білдіретін ұғым көлемі кеңейіп
жаңа мағына үстелетіндігін айтқан.7.58 Қос сөздер туралы бұл айтылымдар
біріншіден қос сөздердің көне замандардан қалыптасқан-
дығын, екіншіден қос сөздер орнығып қалыптасқан даяр единица ретінде
көрінетіндігін, үшіншіден екі сөз қосарланғанда жаңа мағыналы үшінші бір
сөз пайда болатындығын, әрі сөздерді қосарлау – сөз жасам жүйесінің құнарлы
тәсілі екендігін аңғартады.
Осыдан шығатын бірінші ерекшелік, қосарлама қос сөздердің қай
қайсысын алсақ та, оладың білдіретін мағыналары өздерін құрап тұрған
жеке сыңарлардың мағыналары негізінде қалыптасады. Мәселен, ата-ана,
үзілді-кесілді, ине-жіп, қазан-ошақ т.с.с сөздердің мағынасын олардың
құрамындағы жеке сыңарлардың мағынасымен байланысты екенін көре аламыз.
Мысалы, ата-ана және ата мен ана, қазан-ошақ және қаза
мен ошақ. Егер бұл сөздердің мағынасы оларды құрап тұрған жеке сыңарлардың
мағынасының жай ғана қосындысы болса, онда оларды қосақтап айтсақ та,
жалғаулық қосып айтсақ та білдіретін мағына ұқсас болатын еді. Алайда
олардың арасындағы мағына айырмашылығы айқын көрініп тұр. Алдыңғылары ата-
ана – жалпылау мағынасында кең мағына білдірсе де, соңғылары ата мен ана
– даралау, тар көлемді білдіреді.
Туынды сөз бен оны құрайтын негіз сөздердің арасындағы мұндай
мағыналық байланыс біріккен, кіріккен сөздер, тіркескен сөздерде де
кездеседі. Мысалы, сексен – сегіз он, апар – алып бар, білезік – білек
жүзік,
қарлығаш – қара ала құс т.б. сондай сөздердің мағыналары оларды құрап
тұрған жеке сыңарлардың мағынасымен байланысты.
Келесі шығатын ерекшелік бойынша қос сөздердің мағынасы оларды
құрап тұрған жеке сыңарлардың мағынасынан кең әрі күрделі. Екі сөз өзара
қосарланғанда мағыналық жақтан мүлде абстракцияланып кетпеген күнде де,
қосарланудың нәтижесінде жаңа мағына үстеледі. Басында сөз болған ине-жіп
деген қос сөздің мағынасын оның құрамындағы ине не жіп деген жеке
сыңарларының мағынасын салыстыруға болады. Демек, қос сөз мағынасы оны
құрап тұрған жеке сыңарлардың мағынасынан көлемді де күрделі келеді.
Сөз жасамның жалпы теориясында, сөз жасам элементтерінің сөз
мағынасын өзгертуі және сөз мағынасына үстеме мағына қосу белгілі қалыпқа
түскен. Осы мағынадан алғанда сөздерді қосарлау да жаңа сөз жасаудың бір
түрлі тәсілі деуге негіз бар.
Бұдан басқа қос сөздер құрамындағы бір бөлім сөздер қосарланғаннан
кейін басқа сөз табына айналып барып жаңа мағынаға ие болған. Мәселен,
қолма-қол, бетпе-бет (есімнен үстеуге), ұялмай-қызармай, ішпей-жемей
етістіктен үстеуге). Идиом тіркестерде кездесетін жүген-құрық (тигізбеу),
аузы-мұрны (қисаймау) т.б. қос сөздер де жаңа лексикалық мағынада
жұмсалады.
Қос сөздердің сөз тудыру ерекшелігі қандай күрделі болса, бірыңғай
етістіктердің қосарлануынан пайда болған жаңа мағыналар да сондай күрделі.
Осы тұрғыдан қосарлы етістіктердің лексикалық мағынасына, ерекшеліктеріне
көз салсақ.
Біріншіден басым көп сандағы қосарлы етістіктердің мағынасы оларды
құрап тұрған жеке сыңарлардың мағынасынан үзілді-кесілді алшақтап кетпейді,
қайта сол жеке сыңарлардың негіз, тірек ете отырып, қосарлану арқылы жаңа
мағынаға ие болды. Яғни қосарланғаннан кейін де жеке сыңарлар әуелгі
мағыналарын жойып кетпейді.
Екіншіден, екі етістік қосарланғаннан кейін білдіретін мағыналары
олардың жеке тұрғандағы мағыналарының жай ғана жиынтығы емес. Бұдан екі
етістік қосарлану барысында әуелгі мағыналарынан қол үзбегенімен, олардың
мағынасына тағы да белгілі мағыналар қосылатындығын аңғарамыз.
Мысалы, жамап-жасқа қосарлы етістігі екі түбірден құралған. Жасқа
тілімізде жеке қолданылмайды, жамап сөзінің мағынасы жамап-жасқа
дегенмен тең емес.
–Жәмилә жұпыны ғана үйінің ішін жинастырып, одан кейін кір жуып,
балалардың ескі-құсқысын жамап-жасқады.
Бұл жерден жамап-жасқады дегеннің жалпы ескі-құсқы киімдерді
ыңғайластыру, реттеу, түйме-бауын қадау деген мағынаны білдірсе, жамады
деген тек жыртылған орындарды жамау салып тігу ісін меңзейді.
– Ақ жаулықты аналар мен жыртық тымақты шалдар кезек-кезек көрісіп, жылап-
сықтады
Қосарлы етістіктердің білдіретін мағына аумағының кеңдігі олардың
нақты қолданылу барысындағы сөйлемдегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz