Бухгалтерлік құжаттар туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі, жіктемесі ... ..4
2. Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Құжат айналымы және есеп регистрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Түгендеу түсінігі, мақсаты, міндеті және түрлері. Түгендеуді жүгізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Әр ғылмның өзінің пайда болу тарихы, маңызы мен міндеті және қоғамда алатын орны болады. Сол ғылымдардың ішінде өзінің даралығымен,ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы болып табылады. Ол бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, біздің за-манымызға дейін күн сайын дамып келеді.
Негізінен нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бух-галтерлік есептің ролі мен мәні ерекше. Бухгалтерлік есептің мақсаты – басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін негіздеуге, әзірлеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі жайлы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру болып табылады. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде алдыңғы орында тұрады. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпаратты жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы, екі жақты жазу жүйесі, құжаттау және түгендеу,бағалау мен калькуляциялау, сонымен қатар бухгалесеппен есеп беруде қолданылатын нысандар тереңдетіліп сипатталады.
Осы себептен менің курстық жұмысымның тақырыбы-бухгалтерлік есеп теориясы негіздерінің бірі болғандықтан, мен “Құжаттау және түгендеу” деп аталатын тақырыпты таңдадым. Бұл курстық жұмыста бухгалтерлік есепте қолданылатын бухгалтерлік құжаттар мен олардың құжатталу тәртібі және осы құжаттар арқылы қалай түгендеулер жүргізілетіні жайлы қарастырылған.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдаейтін және алдағы кезеңде атқарылатын қызметтер мен орындалатын жұмыстарға құқық беретін жазбаша куәлікті айтуға болады. Құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Кез-келген кәсіп-орындағы орындалған тапсырманың, орындалған жұмыстың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгі қағаздарға жазылып, оған тиісті адамдар қолының қойылуы және қажет жағдайда мөр таңбаның басылуы құжаттау деп аталады. Түгендеу-бұл мүліктердің заттай нақты қолда барын құжатта көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексеру әдісі.
1. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық – Алматы, 2006.
2. С.Б. Баймұханова . Бухгалтерлік есеп. Алматы, 2005.
3. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы. Экономика, 2005.
4. Б. Укашев, З. Ажибаева. Бухгалтерлік есеп теориясы (оқу құралы). Алматы, 1999.
5. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы, 1992.
6. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт). Алматы, 2006.
7. “Егемен Қазақстан” 2007, 12наурыз. Қазақстан Республикасы заңы. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы.
8. В.К. Радостовец, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 1998.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі, жіктемесі ... ..4
2. Құжаттарды бухгалтерлік
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
3. Құжат айналымы және есеп
регистрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Түгендеу түсінігі, мақсаты, міндеті және түрлері. Түгендеуді жүгізу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

Кіріспе.
Әр ғылмның өзінің пайда болу тарихы, маңызы мен міндеті және қоғамда
алатын орны болады. Сол ғылымдардың ішінде өзінің даралығымен,ерекшелігімен
оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы болып табылады. Ол бұдан бірнеше
жүздеген жылдар бұрын пайда болып, біздің за-манымызға дейін күн сайын
дамып келеді.
Негізінен нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бух-
галтерлік есептің ролі мен мәні ерекше. Бухгалтерлік есептің мақсаты –
басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару
шешімдерін негіздеуге, әзірлеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-
қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні анықтауға, сондай-ақ субъектілердің
қаржылық және шаруашылық қызметі жайлы сапалы, уақтылы ақпаратты
қалыптастыру болып табылады. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект
қызметінде алдыңғы орында тұрады. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері
мен міндеттемелері, капиталы және өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы
ақпаратты жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы,
екі жақты жазу жүйесі, құжаттау және түгендеу,бағалау мен калькуляциялау,
сонымен қатар бухгалесеппен есеп беруде қолданылатын нысандар тереңдетіліп
сипатталады.
Осы себептен менің курстық жұмысымның тақырыбы-бухгалтерлік есеп
теориясы негіздерінің бірі болғандықтан, мен “Құжаттау және түгендеу” деп
аталатын тақырыпты таңдадым. Бұл курстық жұмыста бухгалтерлік есепте
қолданылатын бухгалтерлік құжаттар мен олардың құжатталу тәртібі және осы
құжаттар арқылы қалай түгендеулер жүргізілетіні жайлы қарастырылған.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған
операцияларды дәлелдаейтін және алдағы кезеңде атқарылатын қызметтер мен
орындалатын жұмыстарға құқық беретін жазбаша куәлікті айтуға болады.
Құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Кез-келген кәсіп-
орындағы орындалған тапсырманың, орындалған жұмыстың үздіксіз, белгілі бір
тәртіппен, арнайы үлгі қағаздарға жазылып, оған тиісті адамдар қолының
қойылуы және қажет жағдайда мөр таңбаның басылуы құжаттау деп аталады.
Түгендеу-бұл мүліктердің заттай нақты қолда барын құжатта көрсетілген
бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексеру әдісі.
Бұл курстық жұмыста: бухгалтерлік есеп құжаттары, олардың қызметі және
жіктемесі; құжаттау және оның негізі; құжаттарды бухгалтерлік ресім-деу;
түгендеу түсінігі, мақсаты, түрлері және оны жүргізу тәртібі жайлы
сипаттамалар қарастырылған.

1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі, жікте-месі.
Кез-келген кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде орындалып
отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжат-тарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерек-шеленеді. Жалпы
бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды
дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын
қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Осы құжаттар
бүкіл есеп мәліметтерінің қайнар көзі. Кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық
операцияларының көрсеткіштерін бухгалтерлік есепке түсіру, немесе есеп
жүргізу жұмысын құжаттарсыз жүргізумүмкін емес.Сондықтан құжаттар
бухгалтерлік есеп негізі болып табылады. Құжаттар бухгалтерлік есептің
құрамдас әдіс-тәсілдерінің бірі болып табылады. Құжатсыз жазылған немесе
формальды түрде есеп көрсеткіштеріне тіркелген операциялар ешқандай
шындықты дәлелдей алмайды.
Кәсіпорындарда пайдаланылатынбухгалтерлік құжаттар әдетте типтік
бланкілерде, қажетті деректемелері бар, бекітілген тиісті нысандарда
жасалады.Деректемелер-бұл құжаттарда көрсетілген көрсеткіштер.Оны жасалған
операциялар деректкрінің негізінде толтыру қажет.Әрбір есептік құжатта
деректемелер (реквизиттер) болуы тиіс.Олар міндетті және толық-тырушы болып
екіге бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды
құқықпен қамтамасыз етеді.
Келесілерді міндетті деректемеге жатқызуға болады:
-құжаттың аталуы, нысанының коды;
-құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы, жылы);
-құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
-шаруашылық операциясының мазмұны;
-шаруашылық операциясының өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
-шаруашылық операциясының жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды
толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
-жауапты атқарушының қолы.
Толықтырушы (қосымша) деректемелер шаруашылық операция көрінісі
ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі
талаптарға байланысты құжатта келесі қосымша деректемелер болуы керек:
құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының
нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы
басқалары.
Құжаттардың нысандары мына есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1)ауыл шаруашылық өнімі мен шикізат;
2)еңбек және еңбекақы;
3)негізгі құралдар мен материалық емес активтер;
4)материалдар;
5)кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6)капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7)құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8)автокөліктегі жұмыс;
9)түгендеу нәтижелері;
10)кассалық операциялар;
11)сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толты-рылуы
қажет. Егер осы уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда
құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Егер осы құжат уақытында
толтырылмаса, онда кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және
ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеледі.Осы
себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау уақыты кешіктірілуі
мүмкін.
Құжаттардыұң мазмұны мен арналымын дәл және толық түсіну үшін, оларды
бірнеше белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша,
мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы, толтырылу тәсілі бойынша.
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
-тәртіп орнататын - жарлықтың мазмұны, шаруашылық операциясын жасауға
берілген бұйрық болып табылады, бірақ ол жасалған опрацияның фактісін
растамайды, сол себептен операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс
таппайды.
Көптеген құжаттар жарлық ретінде, операция жасалғаннан кейін барып,
ақтаушы құжаттарға айналады;
-ақтаушы - жасалған шаруашылық операцияларының фактісін растайды, яғни
жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттардың бұндай типі ша-руашылық
операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуге негіз болып табылады;
-бухгалтерлік рәсімдеу - тәртіп орнататын және ақтаушы құжаттардың не-
гізінде жасалатын құжаттар, бірақ олрдыңдер бестік мағынасы болмайды;
-қиыстырылған - жоғарыды келтірілген құжаттардың бірнеше тән қызметті,
бір уақытта атқаратын құжаттауларды қарастырылған құжаттау деп атайды;
олардың пайдалануын жеңілдетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
-бір жолғы - жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын
рәсімдеу кезінде пайдаланады;
-жинақтаушы - біртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін,
олрды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашы-лығы
құжаттарды рәсімдеу уақытын және олрдың санын қысқартады. Ол есепте тек
соңғы операциясы жасалғанда ғана көрініс табады және барлық жазулар осы
жерде қосылып жинақталады.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
-алғашқы - шаруашылық операциялары жасалған кезде тікелей рәсімделеді;
-жиынтық - алғашқы құжаттардың негізінде жасалады; олар барлық алғашқы
құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет
алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
-ішкі - кәсіпорынның өзі жасайды;
-сыртқы - басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан түседі.
Толтырылуы бойынша құжаттар бөлінеді:
-типтік - халық шаруашылығының барлық салаларында, өзгеріссіз және
қосымшасыз пайдаланады;
-арнайы - халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты кәсіпорын үшін
жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Құжаттардағы жазулар, цифрлар барынша анық, әр түсінікте болуы тиіс.
Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын адамдар жауап береді.
Кәсіпорын басшысы құжаттарға қол қоюға құқы бар тұлғаларды анықтайды.
Барлық бухгалтерлік құжаттар жазылған сәттен бастап, архивке тапсырылған
сәтке дейін белгілі бір есепке өңдеу кезеңдерінен өтеді. Құжаттардың бұндай
қозғалысы құжат айналымы деп аталады.Құжат айналымының басты мақса-ты
құжаттардың қозғалысын дұрыс ұйымдастыру болып табылады, яғни ол
бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бірден-бір қағидасы болады. Құжат
айналымын ұйымдастыру келесі талаптарға сай болуы тиіс: әрбір құжат түрі
басы артық операциялар мен инстанцияларсыз ең қысқа жолмен қозғалыста
болғаны жөн; құжаттар дайындалған және олардың бір инстанциядан екінші-сіне
өткен кезде, олардың нақты орындаушылары көрсетіледі; құжаттарды өңдеу
мерзімі неғұрлым қысқа болғаны жөн.
Жалпы айқанда, бухгалтерлік құжат дегеніміз – кәсіпорындағы әрбір
орындалған немесе орындау үстіндегі шаруашылық операцияларының мазмұнын
анықтайтын немесе кезекті шаруашылық операциясының орындалуына рұқсат
беретін қағазға жазбаша түрінде түсірілген анықтама болып табылады.
Кәсіпорын шаруашылығында бухгалтерлік құжат тек қана есеп-қисап жұ-мысына
негіз болып қана қоймайды, сол құжаттар арқылы кәсіпорында үкім, бұйрықтар
орындалады, орындалған шаруашылық операцияның дұрыстығы, заңдылығы, уақтылы
орындалуы бақыланып, тексеріліп отырады.
Бухгалтерлік ресімдеуге қойылатын талаптар.
Негізінен құжаттың ресімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады.
Құжаттар ресімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін барлық
көрсеткіштерді көрсетуг етиіс. Бухгалтерлік құжаттар мынадай талаптарға
жауап беруі тиісті: дәл болуы, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай
көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операцияларына сәйкес
келуі; қарапайым және айқын есеп аппаратының қыз-меткерлеріне ғана емес,
сондай-ақ пайдаланушыларға (салық инспекциясы-ның, банктердің
қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, менеджерлерге және т.б) түсінікті болуы
керек. Мерзімінде ресімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында
өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп құжаттарында көрініс тапқан
бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға, яғни еңбек пен уақыттың аз
шығынымен қалыптасуға тиіс.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы заңы.
10-бап. Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы:
1.Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы
бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша
сомасының мөлшеріне операцияның қолданыс аясына және мәнініе қарай қол қою
құқығының сатылылығы белгіленуі мүмкін.
2.Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсіпкерлер немесе ұйымдар
Қазаұстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны
пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтық және
баіылау шараларын белгілеуге тиіс.
11-бап. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау:
Дара кәсіпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және
электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық
есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу
бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең
ішінде сақтауға тиісті.
12-бап. Бухгалтерлік ақпарат құпиясы:
1. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны
коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге
басшылықтың немесе дара кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі.
2. Аталған құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар ондағы ақпаратты
олардың иесінің келісімінсіз жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесі
үшін пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол
жеткізе алатын адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасы-ның
заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу.
Барлық құжаттар жасалынып орындалғаннан соң кәсіпорынның
бухгалтериясына тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттар негі-зінде
счеттарға жазу жұмысы орындалады. Барлық құжаттар жазылғанға дейін
өңделеді. Яғни әрбір құжат тексеріледі, бұларға белгі кодтары беріледі,
кесімді бағалар бойынша бағаланады және топтастырылады.
Әрбір құжат кәсіпорын бухгалтериясына құбылданған кезде мәніне, үлгі
формасына және арифметикалық жақтарына қарай тексеріледі.
Мәніне қарай тексеруде құжаттардың шаруашылық операцияларына сай
сәйкестістігі, заңдылығы, шектелуі, қажеттілігі мен тиімділігі тексеріледі.
Үлгі формасына қарай тексеруде құжаттарға тән, құжаттарға жазылған барлық
реквизиттердің толық және дұрыс орындалуы, міндетті адамдардың қойған
қолдарының растығы, жазу текстерінің және жазылған сандардың анықтығы мен
түсініктілігі, шаруашылық операцияларының дер кезінде құжаттарға
жазылғандығы т.с.с. тексеріледі. Арифметикалық тексеруде осы операциялардың
сандық көрінісі, сандардың дұрыстығы, жинақтардың дұрыс шығарылуы және
басқадай арифметикалық жолдардың орындалуы бақыла-нады. Осындай
тексерулердің нәтижелерінде құжаттар бойынша қателер жіберілсе, онда бұл
құжаттар орындаушы, міндетті адамдарға қайта жасау үшін қайтарылады.
Құжаттарға кодтар белгілеу – құжаттардың арнайы сандық кодтар жүйесі
қойылады. Кодтар белгілеу құжаттардағы үлгі форманың ішінде сипатталады.
Құжаттарды кесімді бағалау – орындалған шаруашылық операцияларын
ақшалай өлшемге айналдыру. Көптеген құжаттар кәсіпорын бухгалтериясына тек
қана натуралды өлшеммен түсетіндіктен бұларды ақшалай өлшемге айналдыруға
тура келеді.
Құжаттарды топтастыру – есеп жазуларын азайту мақсатымен арнайы
мерзімдер аралығындағы жасалған құжаттарды біртектілігіне қарай біріктіріп
топтастыру. Осы кезеңдегі шаруашылық операцияларының және есептің

ерекшеліктеріне қарай, кәсіпорындарда көптеген құжаттар жасалады. Әрбір
құжаттағы көрсеткіштерді жеке-жеке есеп счеттарына түсіре беру орынсыз.
Сондықтан есеп жазуларын қысқартып орындау мақсатымен біртектес құжаттар
мәліметтерінің жинағы жинақтаушы ведомостыларда жинақталады. Орындалған,
жасалынған жинақтаушы ведомостылардың негізіне сай бухгал-терлік есеп
регистрларына жинақталған көрсеткіштер жазылады. Құжаттарды өңдеу жұмыстары
шаруашылық операцияларының маңызын көрсетуші счеттар кореспонденциясын
жасаумен аяқталады.
Құжаттар бірнеше рет қолданылып кетпеуі үшін кейбір құжаттарға
қолданады, немесе пайдаланылды деген мағынада арнайы белгілер қою қажет.
Негізінен бұндай белгі кассаның кіріс және шығыс құжаттарының барлығына
тіркелген қосымша құжаттарға қойылады. Белгі қою арнайы штемпель немесе қол
қою арқылы орындалады.(Алынды немесе Төленді).

3. Құжат айналымы және есеп регистрлері.
Құжаттардың пайда болуынан бастап, оларды өңдеп, есеп жүйесінде
көрсеткеннен кейін архивке тапсыруды құжат айналымы дейміз.
Құжат айналысын сапалы және жауапты жасау ұйымдар қызметі мен жеклеген
тұлғалардың қалыпты жағдайда жақсы жұмыстар атқаруына негіз болатын
ақпараттарды дер кезінде толығымен алуды қамтамасыз етеді. Құжат айналысы
процесінің графигін ұйымның бас бухгалтері жасап, осы ұйымның басшысына
бекіттіртеді. Құжат айналысының графигі ұйымның тиімді құжат айналысын
көрсететін әр жекелеген бастапқы құжаттарды жасаушы бөлімшелер мен жауапты
тұлғалардың санынан, құжаттарды бухгалтерия тапсыру мерзімін көрсетуден
тұрады. Құжатайналысының графигі сызба немесе тізім түрінде тиісті
бөлімшелер мен жауапты адамдардан алынатын құжаттарды өңдеу, тексеру және
құжаттар айналысының өзара байланыс жүйесін көрсету үшін жасалады. Құжат
айналысының көшірмесі әрбір бастапқы құжаттарды орындаушыларға тапсырылады.
Құжат айналысы графигінің сақталуына, оның дер кезділігіне, құжаттардың
сапалы жасалуына және бұлардың қойылған мерзімде бухгалтерияға тапсырылуына
бастапқы құжат жасаушы адамдар жауапты болып табылады. Құжатайналысы
процесінің сақталуын кәсіпорынның бас бухгалтері қадағалап отырады.
Ұйымның құжатайналысы графигі
Рет Тапсырыла-тын Дана ЖасалЖасаушы-ның ТапсырТапсырушы Қабылдап
саны құжаттар түрі саны ған аты-жөні ған жауап-ты алушы-ның
немесе мерзм мерзімадамның аты-жөні
құжаттардың і і аты-жөні
аталуы
1 2 3 4 5 6 7 8

Құжатайналысы графигінің жасалынбауының салдарынын және мұны дұрыс
ұйымдастырып, тәжірибе кеңінен қолданбаудың әсерінен есеп жүйесі
бұрмаланып, жеке адамдар қызмет бабын өз пайдасына шешіп кетуі мүмкін. Ұйым
басшысы құжат мұрағат қорының жақсы сақталуына тікелей жауапты болады.
Құжаттар 5 жылдан кем емес уақыт ұйымдар мұрағатында сақталуы, ал еңбек ақы
есебінің бетесебі құжатты 75 жыл сақталынуы керек. Тиісті құжаттардың
бухгалтериядан немесе мұрағаттан алынуы арнайы құзырдағы органдардың
міндетті түрде жазбаша берген хаттамасының негізінде ғана орындалады. Құжат
жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін
қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында
жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде
бухгалтерлерден жазбаша түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын
құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы қажет. Ұйымдарда
жасалатын құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау үшін компьютерлік арнайы
бағдарлама құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына
ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың тізімін арнайы категория
мен уәкілдік етуші топтарға бөлу керек ұйым басшысы мен бас бухгалтері
ақпараттар жүйесіне кірушілер мен уәкілдік етушілердің қызметін тексеріп,
қажет болған жағдайда шектеу шараларын белгілейді.
Кәсіпорынның эконмикалық келешегі көпшілік жағдайда коммерциялық
ақпараттармен байланысты болуына қарай мынадай төмендегі құпиялар
сақталынуы керек:
- клиенттердің, қоюшылар мен сатып алушылар тізімі;
- екіжақты жасалған немесе жасалынатын келісім-шарттар жөніндегі
мәліметтер;
- өнімдер мен тауарлар сату жөніндегі бизнес-жоспар;
- маркетингтік қызмет жөніндегі іс-шаралар;
- бәсекелестік пен өтімділік және өтеушілікті талдау;
- еңбеккерлердің еңбек ақысын төлеу;
- басқсрушылық есеп өрісіндегі ақпараттар.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық
операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда
құжаттар тексеріледі және соған сәйкес қорытындылар жасалады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз – арифметикалық және мән-
мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік
есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. Құжаттардағы анықталған
олқылықтарды оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін жөндеудің бірнеше әдісі бар:
Корректуралық тәсіл – текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір
сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және оған осы
құжатқа қол қойған адам қол қойып, жаңылысып кеткені туралы айтылады. Бірақ
бұл тәсіл банк пен касса құжаттарында пайдаланылмайды.
Қызыл сторно тәсілі – шоттар кореспонденциясында жіберілген қате-лерді
түзету үшін пайдаланылады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен
түзетеді. Соның нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады., қызылмен
түскен жазулар шегеріледі. Содан кейін шоттар креспонденциясының дұрыс
жазулары жасалады, ол әдеттегі сиямен жазылады.
Қосымша жазу әдісі ( проводка ) - дұрыс шоттар кореспонденциясы
жасалған кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар
кореспонденциясын әдеттегі сиямен жазу арқылы қатені түзейді.
Есеп регистрлері.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеруден және корректировкадан
өткеннен кейін, әдеттегідей, талдау және жианқтау есебін жүргізіп өзара
үйлесімділігін сақтап, содан соң есептік регистрлерде топтастырылады.
Есеп регистрлары деп – ұйымдардың активтері, меншікті капитал және
міндеттемелерінің экономикалық жағынан топтастырылуына сәйкес құрылған
арнайы үлгідегі ақпараттар тасушы құжаттарды айтамыз. Есеп регистрларының
сыртқы түрі мен материалдық негізі әр түрлі үлгілерден
( есеп кітаптары, журналдар, карточкалар, бос қағаздар, машинограммалар,
магниттік таспалар, магниттік таспалар, магниттік дискілер т.б ) тұрады.
Есеп регистрлары жазушы (хронологиялық) және жүйелеп жазушы (систематика)
кітаптарға бқлінеді. Содан кейін кітаптар негізі синтетикалық және
аналитикалық кітаптарға бөлінді. Есеп регистрлары кітабының сол жағы
дебиттік, ал оң жағы кредиттік жазулар жазуға арналған.
Есеп регистрларының материалдық негізінің, құрылымы мен үлгі пішінінің
ары қарай жетілдірілуі өндірістік процестің ұлғаюына, шаруашылық тетігінің
күрделенуіне, орындалған және есепке алынған шаруашылық фактілері санының
көбеюіне, жинақталатын және өңделетін ақпараттар көлемінің артуына, есеп
қызметкерлері еңбегінің бөлінуіне, олардың мамандануына, қолданылатын
есептеу техникасының көптеп пайда бола бастауына байланысты қалыптасады.
Шаруашылық фактілері мазмұнын есеп регистрларына жазу – есеп жұмысының
екінші кезеңі болып табылады.

- бос қағаздар - синтетикалық - жалғастырушы
- карточкалар - аналитикалық - жүйелеуші
- кітаптар - кешенді - қиыстырушы

Сыртқы үлгісіне қарай есеп регистрлары бос парақ қағаздарға, карточка-
ларға, кітаптарға бөлінеді. Бос парақ қағаздарға белгілі мақсатқа арналып
сызылған, баспаханаларда дайындалған жеке парақ қағаздар жатады. Бұлардың
міндетті түрде атаулары ( журнал-ордерлер, ведомостар және т.с.с.), қандай
кезеңге арналғандығы (айға, тоқсанға) көрсетіледі.
Карточкалар қалыңдау қағазда, кішілеу үлгіде дайындалып, бос парақ
регистрларына ұқсас болады. Мұндай регистрлар тауарлы – материалды құн-

дылықтардың, негізгі құралдардың, әр түрлі есептеулер жасаудың және
өндірістік шығындардың аналитикалық жіктеуші еседін жүргізуге арналған.
Карточкалардың міндетті реквизиттеріне: ұйымның аталуы, синтетикалық
жинақтаушы счеттардың аталуы мен кодтары, өлшем бірлігі, сандық өлшемі
жатқызылады.Карточкалар негізінен аналитикалық жіктеуші счеттар
мәліметтерін көрсетуге арналған. Карточкалардың әр түрлі үлгісі болады:
- контокорренттік карточкалар ақшалай өлшеммен ақшарал мен берешетер
және жауапты адамдармен т.с.с. есеп айырысудың есебін жүргізуге арналған;
- сандық-сомалық карточкалар тауарлы-материялды құндылықтардың есебін
жүргізу үшін қолданылады.
Карточкаларды жеңіл қолдану мен жинақтап сақтау үшін картотекалар
пайдаланылады. Карточкалар картотекаларға өздеріне қойылған кодттар немесе
цифрлар бойынша орналастырылады.
Кітаптар есеп регистрларына қарағанда арнайы кітап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік құжаттар, құжаттардың деректемелері
Бухгалтерлік есептің маңызы
Шаруашылық операциялардың құжатталуы және олардың бағалануы
Бухгалтерлік құжаттар
Бухгалтерияның жұмысын реттеу
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалык пәндермен салыстыру
Банклік іскер
Пәндер