Халықаралық экономикалық ұйымдар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Халықаралық экономикалық ұйымдар: ХВҚ, ХҚҚДБ, БСҰ, ГАТТ, ОПЕК олардың экономикалық дамуға тигiзетiн әсерi.

ЖОСПАРЫ:

Кiрiспе . . . 3

I бөлiм. Халықаралық экономикалық ұйымдар қызметтерi

1. 1. Халықаралық ұйымдар терминiнiң жалпы түсiнiгi, олардың қызметтерi және жiктелуi. 4

II бөлiм. Халықаралық экономикалық ұйымдар

2. 1. Халықаралық қайта құру және дамыту банкiнiң қызметi ………. 8

2. 2. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) реттеу механизмi. 13

2. 3. ГАТТ қызметi (Сауда және тариф жөнiндегi бас ассоциация) . . 16

2. 4. ОПЕК қызметi (мұнай экспортаушы мемлекеттер ұйымы) . 19

2. 5. БСҰ - халықаралық сауда жүйесі . . . 20

III бөлiм. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы . . . 25

3. 1. Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің оң және теріс жақтары………. 27

Қорытынды30

Қолданылған әдебиеттер. 31

Кiрiспе

Халықаралық ұйымдардың дүниеге келуі мен дамуы халықаралық экономикалық қатынастарының интенсивті дамуға ауысуының әлемдік құбылыска айналуының тікелей нәтижесі мен соның көрінісі. Әр елдің егемендік болуы еш елдің заңдары халықаралық дауларды шешуге негіз бола алмайды деген сөз. Бұл салада түсініктеме беру, келісім, ынтымақтастық және т. б. сол сияқты түрлерде жүргізілетін іс-қимыл керек. Осы жағдайларға сәйкес халықаралық ұйымдар түріндегі институттар пайда болады.

Қазіргі заманда дүниежүзінде саяси және экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік бахуаттылықты қамтамасыз етуге арналған мыңдаған халықаралық ұйымдар бар. Олар бүкіләлемдік, болмаса аймақтық, үкіметаралық болмаса қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ олардың санының күрт өсуі көптеген сұрақтарды, әсіресе экономикалық мәселелерді, халықаралық реттеудің керектілігін көрсетеді.

Бұл жұмыста барлық халықаралық экономикалық ұйымдарды көрсету мүмкін болмағандықтан, біз олардың топтарына ғана тоқтап, мысал ретінде Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, оның сыртқы экономикалық саясатына ықпал ететін ұйымдарды ғана сипаттаймыз, олар: ГАТТ, ОПЕК, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру мен дамыту банкi.

Халықаралық экономикалық ұйымдардың одан әрі интенсивті дамуы және жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына, немесе бар ұйымдарды күрделі өзгертуге әкелетіні даусыз. Дүниежүзілік үкімет құру туралы ой қазіргі тарихи жағдайда іске аса қоюы екіталай. Бірақ мұндай ойдың тууының өзі тез дамып келе жатқан мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық пен бәсекелестікті халықаралық реттеудің объективті қажеттілігін көрсетеді. Қалыптасқан жағдай мен болжам жетер уақытта мұндай реттеу қызметтерін халықаралық экономикалық ұйымдар атқаратынына күмән келтіре алмаймыз.

I бөлiм. Халықаралық экономикалық ұйымдар қызметтерi

1. 1. Халықаралық ұйымдар терминiнiң жалпы түсiнiгi, олардың қызметтерi және жiктелуi

Халықаралық ұйымдардың анықтамасын беру үшін бұл ұйымдардың маңызды ерекшеліктерін, қазіргі дүниежүзілік құрылымдардың негізгі саяси-экономикалық кескін-келбетін, олардың әлеуметтік аспектілерін, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің күрделілігін есептей отырып, осы қатынастар жүйесінің негізгі элементтерінің өзара қимыл әрекеттерін талдау қажет. Бір айта кететін жайт, халықаралық ұйымдар идеясы егеменді елдерді олардың халықтарының санына, территориясының көлеміне, экономикалық үлес салмағына қарамастан заңдық тұрғыдан тең елдер деп есептейтінін де есте ұстаған жөн.

Енді халықаралық ұйымдар түсінігінің негізгі бес белгісін (элементін) қарастыруға болады.

  1. Келiсімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі. Келісім-шарттар халықаралық ұйымдардың заңдық болмысын анықтайды.
  2. Белгілі мақсаттардың болуы. Халықаралық ұйымдардың белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
  3. Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни халықаралық ұйым шеңберінде ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
  4. Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды тұлға ретінде қалыптасуы.
  5. Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы, яғни халықаралық ұйымның өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі.

Сонымен, жалпыға ортақ белгілері мен критерийлерін негізге ала отырып халықаралық ұйымдардың анықтамасын беруге болады.

Халықаралық ұйым дегенімiз - халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық қүқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

Халықаралық үйымдардың қызметтері (функциялары) дегеніміз- өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.

Халықаралық ұйымдардың қалыптасқан және дәстүрлі аспектілерінің бірі - олардың дипломатия құралы екендігінде. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың қызметі көптеген жағдайларда дипломатия шеңберінен әлдеқайда кең. Соңғы уақыттарда олардың қызметі ақпаратты-жүйелеу шектерінен асып, көпшіліктің мүдделеріне сай жаңа сфераларды қамтитын өзіндік, дербес оперативті функцияларды иемдене бастады.

Халықаралық ұйымдардың ежелден келе жатқан дәстүрлі функцияларының бірі - ақпараттық қызмет. Бұл қызмет екі нысанда жүзеге асырылады. Біріншiден, әрбір ұйым өзінің құрылымы, мақсаттары және қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі құжаттар топтамасын жариялайды; екіншіден, ұйым халықаралық қатынастардың көкейкесті мәселелерін қамтитын баяндамалар мен шолуларды, рефераттарды жарыққа шығарады.

Халықаралық ұйымдардың ереже шығармашылық (нормотворческая) қызметінің екі нысаны бар:

1) халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық ережелерін жасауға тікелей қатысуы;

2) халықаралық ұйымдардың жекелеген мемлекеттердің ереже шығармашылық процесіне қатысуы; мұның өзі концепциялар, нұсқаулар, актілер жасап қабылдау арқылы жүзеге асады.

Халықаралық ұйымдардың бақылау қызметі олардың дәстүрлі функцияларына жатады. Бұлардың қатарына жарғылар, көпжақты конвенциялар, пактілер және бақылауды жүзеге асыруды қарастыратын әр түрлі нысандағы құжаттар топтамасы жатады.

Оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады. Мұның мысалы ретінде БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнықтыру бағытындағы операцияларын, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету іс-қимылдарын атасақ та жеткілікті. Егер халықаралық ұйымдар өздерінің реттеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттерге саяси қысым жасауға дейін баратын болса, оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың өз күшімен, қарауындағы адам және материалдық ресурстардың көмегімен атқарылады.

Халықаралық ұйымдардың әр түрлі нысандағы қызметтері халықаралық экономикалық қатынастар дамуының қажеттіліктеріне байланысты. Сондықтан болашақта да халықаралық ұйымдардың қызметтері дами береді және халықаралық жағдай талап ететін болса жаңа функциялар өмірге келеді деп сенімді түрде айтуға болады.

Халықаралық ұйымдарды жіктеу (классификация) мәселесінің белгілі қиындықтары бар. Мұның өзі бір жағынан халықаралық ұйымдардың санының көптiгіне байланысты болса, екінші жағынан олардың жіктеу критерийлерінің көп түрлілігіне байланысты. Дәстүрлі, жалпыға танымал критерий - ол мүше болу критериі. Мүшелік критерий негізінде барлық халықаралық ұйымдар үкіметаралық (мемлекетаралық) және үкіметаралық емес болып екіге бөлінеді. Бірінші категорияға мемлекеттер, үкіметтер немесе солардың өкілдіктері жатады, екіншісіне ұлттық, үкіметтік емес ұйымдар, жеке түлғалар және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар кіреді.

Функционалды критерий бойынша да халықаралық ұйымдарды екі топқа бөлуге болады. Олар: саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықты жүзеге асыратын жалпы бағыттағы ұйымдар және арнайы міндеттері бар, ынтымақтастықтың нақты мәселелерін шешетін топ (мысалы, көлік қатынасы, байланыс, денсаулық сақтау т. с. с. проблемаларды шешу) . Жіктеудің тағы бір критерийі халықаралық ұйымдардың уақытша немесе тұрақты түрде жұмыс істеу мүмкіндіктері. Бірінші категорияға халықаралық конференциялар, кеңестер, конгрестер т. б. жатады да, екіншісіне халықаралық ұйымдардың тікелей өздері кіреді.

Халықаралық ұйымдар географиялық орналасуына қарай да жіктеледі. Мысалы, дүниежүзінің басым көпшілігі елдерін қамтитын әмбебап халықаралық ұйымдар бар. Бұлардың екінші тобына белгілі бір географиялық ауданға орналасқан мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйымдар жатады.

Қазіргі уақыт талабына сәйкес халықаралық ұйымдарды дүние жүзінде орныға бастаған жаңа көзқарастар мен тенденциялар тұрғысынан жіктеу ең дұрысы болар еді. Халықаралық ұйымдардың пiсіп, жетілген және ешқашан өзгермейтін құрылымын шұқып көрсету ешкімнің де қолынан келер іс емес. Қалай қарастырсақ та ешқандай жіктеу схемасына толығымен сай келмейтін халықаралық ұйымдардың пайда болуы ешкімді де таңыртқатпаса керек. Сондықтан схеманың өзін емес, оны дүниеге әкелетін белгілерді айшықтау маңызды. Олай болса ең ыңғайлысы халықаралық ұйымдарды функционалдық, яғни атқаратын қызметі бойынша жіктеу.

Мысал үшін сауда қатынастары жөніндегі халықаралық ұйымдарды қарастырып көрейік. Аталған мәселелермен Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы және БҰҰ-ның сауда және даму Конференциясы (ЮНКТАД) шұғылданады. Кеден істері Бүкілдүниежүзілік кеден ұйымының қарауында. Бұлардан басқа:

- тауарлардың жекелеген түрлерін сату тәртібін белгілеуші ұйымдар мен ерекше тауарлар саудасын бақылаушы және оны шектеуші ұйымдар (қару, қосарланған технологиялар, ядролық материалдар, есірткілер т. б. ) Бұл ұйымдарға КОКОМ және австралиялық топ деп аталатын ұйымды жатқызуға болады.

Шикізат ресурстарымен сауданы реттейтін және оларды шетелге шығарушы (экспорттаушы) елдер ұйымдары:

- ОПЕК - мұнай экспорттаушы елдер ұйымы;

- АПЕФ - темір рудасын экспорттаушы елдер ассоциациясы;

- МАБ - бокситтер жөніндегі халықаралық ассоциация;

шикізат тауарларын өндіруші (экспорттаушы) және оларды тұтьнушы елдер ұйымдары:

- МСП - бидай жөніндегі халықаралық кеңес,

- МОД - джут жөніндегі халықаралық ұйым,

- МОК - кофе жөніндегі халықаралық ұйым,

- МОКК - какао жөніндегі халықаралық ұйым,

- МОС - қант жөніндегі халықаралық ассоциация.

- жекелеген тауарлар өндірісі мен саудасы жөніндегі халықаралық зерттеу топтары (мыс, қалайы, қорғасын және цинк),

- энергетикалық ресурстар саудасы: Еуропалық энергетикалық хартия, МИРЭС - дүниежүзілік энергетикалық кеңес т. б. бар.

Халықаралық ұйымдар қызметі тиімділігінің принципті маңызы бар көрсеткішіне олардың қарама-қарсы екі тенденцияны ымыраға келтіру мүмкіндіктері жатады. Бұл тенденциялардың бірінші жағы мемлекеттердің егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылуында болса, екінші жағы өздерінің біраз құқығын келісімді мақсаттарға жету үшін халықаралық ұйымдарға сенім артып, тапсыруында жатыр. Сондықтан да біз халықаралық ұйымдарды үкіметаралық және үкіметтік емес деп екіге бөлеміз. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде құрылады. Мұның өзі жарғыда (көпжақты келісім-шартта) тиянақталады. Қажет болған жағдайда жарғы (устав) нақты актілермен толықтырылады. Халықаралық үкіметаралык, ұйымдардың жарғыларында олардың құқықтық нормалары көрсетіледі, өз кезегінде бұл нормалар халықаралық құқықтың көздері болып есептеледі.

Үкіметаралық ұйымдардың құқық субъектісі ретіндегі нақты көтерер жүгі жоғарыда аталған жарғымен анықталады. Құқық субъектісі болуы бұл ұйымдарға объективті түрде халықаралық құқықтық негіз жасап, халықаралық қатынастардың элементі болуына кеңiнен жол ашады. Сондай-ақ, кез-келген халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді. Толыққанды халықаралық құқық, субъектілеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның арнайы, мамандандырылған мекемелерін жатқызуға болады.

II бөлiм. Халықаралық экономикалық ұйымдар

2. 1. Халықаралық қайта құру және дамыту банкiнiң қызметi

Халықаралық қайта құру мен дамыту банкі 1945 жылы БҰҰ-ның валюта-қаржылық мәселелер туралы 1944 ж. Бреттон-Вудста (АҚШ) өткізген конференциясында жасалған Халықаралық қайта құру мен дамыту банкінің статуты (ләуазымы) туралы келісімге 28 ел қол қойған соң құрылған. Сол уақыттан бері банктің жарғысы соңғы жылдары бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды. Банк БҰҰ жүйесіне арнаулы мекеме есебінде кіреді, қазіргі заманда банктің басты мақсаты дамып келе жатқан елдердің экономикалық дамуына қолғабыс ету.

ХҚҚД банкінің негізгі мүдделері:

  • өндіріске капитал салуды қызықтыру арқылы мүше елдердіңтерриториясын қайта құру мен дамытуға қолғабыс ету;
  • шетелдік капитал салуды қызықтыру. Егер олар жеткіліксізболса, өндірісті дамытуға қаржы бөлу;
  • мүше елдердің өндірістік ресурстарын дамыту үшін халықаралық инвестицияларды қызықтыру арқылы ұзақ мерзімді экономиканың өсуі мен төлем балансының теңдігін қамтамасыз етуге көмектесу;

ХҚҚДБ-і дамушы елдерге экономиканың өсуі мен кедейлікті
төмендетуге, капитал салуды қаржыландыруға көмектеседі.
Берiлген қаржылар жолдарға, электр станцияларына, мектептерге,
суғару жүйелеріне салынады және мұғалімдер дайындауға, ауыл
шаруашылық білімдер мен ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді
үгіттеуге, жас нәрестелер мен аяғы ауыр әйелдердің тамақтануын
жақсартуға арналған бағдарламаларды іске асыруға да жұмсалады.
ХҚҚДБ кейбір несиелері алушы елдердің экономикасының тұрақтылығы мен тиімділігін көтеру үшін нарықтық экономикаға өтуге ынталандыратын экономикалық жүйесіне өзгертулер кіргізуді қарастырады.

Әлемдік банктің қызметтері мен саясатында болған өзгерістер.

Қазіргі Әлемдік банк құрылған кезде ол бірақ ұйымнан - ХҚҚДБ-ен тұратын. Одан бері Банктің төрт бөлімі пайда болды. Олар: Халықаралық қаржы корпорациясы; Халықаралық дамыту ассоциациясы; Инвестицияларды кепілдіктейтін көпжақты агенттік және Инвестициялық дауларды реттеуші Халықаралық орталық деп аталады. Бұл бөлімшелер әр түрлі мүдделер үшін құрылғандықтан, олардың әрқайсысының өз жарғысы мен өз мүшелері бар. ХҚҚДБ-ің президенті аталған бөлімшелердің де президенті болып табылады, барлық бөлімшелердің қызметтерін бір атқарушы директорлар кеңесі басқарады. Барлық бөлімшелердің бас кеңсесі Вашингтонда (АҚШ) орналасқан.

Келісімнің баптарына сәйкес Әлемдік банктің мүше елдердегі саяси жағдайды басшылыққа алуға құқы жоқ. Ол тек қана экономикалық жағдайды еске алуы керек. Банк несие алушы елдер несиені мүмкіндігінше тиімді қолдануына көмек беруге тырысады. Сондықтан Банк "байланысты емес" несиелер береді. Байланыссыз несиелер тауар мен қызметтерді кез келген елден сатып алуға мүмкіндік береді.

ХҚКДБ мен Халықаралык дамыту ассоциациясы (ХДА) алушы елдердің үкіметтеріне еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде халықтың өмір деңгейін көтеруге арналған жобалар мен бағдармаларды іске асыру үшін несиелер береді. Несиелермен қатар Банк кеңес пен техникалық көмектерді ұсынады. Халықаралық қаржы корпорациясы мен (ХҚК) Инвестицияны кепілдіктейтін көп жақты агенттік (ИККЖА) те осы мүдделерді басшылыққа алады. ХҚК дамушы елдердің өндірістік өнеркәсіп орындарын қаржыландыратын жеке инвесторлармен жұмыс істейді. ИККЖА дамушы елдерге салынатын шетелдік инвестицияларды коммерциялық емес қатерден сақтандыру арқылы тарту үшін құрылған. Инвестициялық дауларды реттеуші халықаралық орталық (ИДФХО) Әлемдік Банктің халықаралық инвестициялардың өсуін қамтамасыз ету мәселесін бөліседі. Оны шетелдік инвесторлар мен қабылдаушы елдер арасындағы дауларды реттеу арқылы іске асырады. Осы аталған бес мекеме Әлемдік Банк тобын құрады.

Әлемдік Банктің бөлімшелері

ХҚҚДБ-інің негізі 1945 жылы қаланып, қазір ол 181 елдердің үкіметтерінің меншігі болып саналады. ХҚҚДБ-ің мүшелілігіне тек қана Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер ғана қабылданады. Мұның себебі - ХҚҚДБ-ің мүшелері өздерінің валюталық-қаржылық саясатын ХВҚ-ың жарғысына сәйкес жүргізуге міндетті. ХҚҚДБ-ге мүшелікке кіру оның акционерлік капиталына жазылумен қатар жүреді. Акциялардың саны елдің ХҚҚДБ-ге үлесіне қарай бөлінеді. Бұл үлесті өз кезегінде әр елдің әлемдік экономикадағы орнына сәйкес ХВҚ-ы анықтайды. Бұл елдің ХВҚ-ғы үлесі де болады. Әр ел өз үлесінің аз ғана бөлігін төлейді. Қалған бөлігі "кепілдік капитал" есебінде саналып, тек қана ХҚКДБ-і өз міндеттемелерін атқара алмаған жағдайда төленеді. Бірақ мұндай жағдай әлі болған емес.

ХҚҚДБ-і қарызды тек төлемдік қабілеті бар қарыз алушыларға береді. Олардың қатарына үкіметтер, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кепілдігі бар жеке меншік кәсіпорындар жатады. Қарыздар елдің экономикасына жоғары табыс әкелетін перспективалық жобаларға ғана беріледі. ХҚҚДБ берілген қарыздың уақытын қайта қарамайды және берілген қарыздарынан еш уақытта зиян шекпеген. Банктің қызметі пайданы көбейту емес, қарызды экономиканы дамыту үшін мүмкіндігінше төмен пайызбен беруге негізделген. Соған қарамастан, 1948 жылдан бері таза пайда табуда. ХҚҚДБ-де дауыс құқы елдің жариялық капиталды үлесімен белгіленеді. Әр мемлекеттің 250 базистік дауысы болады да, өзінің капиталының әрбір 1 АҚАҚ-на қосымша бір дауысқа ие болады. Шешім әдетте Кеңесте дауыстың жай басымшылығымен (жартысынан кем емес) қабылданады. Күрделі шешімдер квалификациялық басымшылықпен (85%) қабылданады. Қазіргі кезде ұсақ жарнашылар қатарына тек қана дамушы елдер емес, бұрынғы социалистік елдердің көбісі жатады. Оларға ХВҚ-ы мен ХҚҚДБ-i қолдау көрсетуде.

ХҚҚДБ-ің жарғылық капиталы мүше елдердің банктің акцияларына жазылуы арқылы қалыптасады. Алғашқы кезде ол 10 млрд. доллардан аспайтын. Банк қызметінің саны көп дамушы елдерге ауысуына байланысты, оның басқармасы несиелік ресурстарды көбейтуге мәжбүр болды. Осы себеппен 1993 ж. банктің жазылған капиталы 165 млрд. долларға жетті. Сонымен қазір банк акционерлік капиталының көлемі жағынан дүниежүзінің ең үлкен банкіне айналды. Акционерлік капиталдың күрт өсуіне қарамай, оның төленген сомасы 7% ғана. Банк облигацияларының қауіпі жоқ деуге болады.

Соңғы жылдары әлемдік қаржы нарығында Банк ең ірі несие алушы болып саналады. Банк несиелік пайызды жоғары деңгейде ұстауға тырысады, өйткені бұл өз қаржыларын тиімді пайдалануды іздеп жүрген жеке инвесторлардың мүддесіне сәйкес келеді. Банк басынан бастап әлемдегі ұзақ мерзімді несиелердің ағымдарына үлкен ықпал етеді. Осы банк арқылы АҚШ-тың, кейінірек басқа да дамыған елдердің жеке меншік капиталының Азия, Африка және Латын Америка елдеріне көп құйылып , 1929-1933 жылдардағы әлемдік дағдарыс пен екінші дүниежүзiлiк соғыстың салдарынан үзілген капитал экспортын қайтадан жандандыруға себеп болды.

ХҚҚДБ-iң несиелік ресурстары негізінен халықаралық капитал нарығынан орта және ұзақ мерзімді қарыздар тарту арқылы қалыптасады. Бұлардан басқа банк қаржы ресурстарын орталық банктер мен үкімет мекемелерінен нарықтық пайызбен алады. ХҚҚДБ-ің нарықтардағы мықты орнын қамтамасыз ететін банктің консервативтік саясаты, мүше елдердің қаржылық көмегі және рационалдық басқару жүйесі. Банктің есебіне несиелерден басқа мүше елдердің жарнасы, берілген несиелердің пайыздары мен негізгі қарыздың қайтарымдары да түседі.

ХҚҚДБ-нен несие алатын елдер, жан басына шаққандағы американ долларымен есептелетін жалпы ұлттық өнімінің көрсеткішіне қарай 4 топқа бөлінеді:

1. 5295 $ жоғары

2. 3036 - 5295$

3. 1466 - 3035$

4. 766 - 1465$ (Қазақстан осы-топта)

Несие алушы елдер белгілі бір себептермен банкке берешектерін мерзімінен 6 айдан асырып алса, бұндай несиелерге банк "қорланбайтын несие" деген лауазым береді немесе, егер банктің мамандары қысқа мерзімде қайтпаған соманың орнын толтыруға сенімді болмаса, банкке пайда әкелмейтін несие деп есептелінеді. Несие "қорланбайтын" боп табылған күннен бастап, төленбеген соманы ағымды пайдасында көрсетпейді, уақытында төлемеген ел банктен несие алу құқынан айрылады. Банк уақыты өткен несиені қайтарып алғаннан соң ғана ол кіріс балансына енгізіледі. Шартты бұзған ел болса ұзақ мерзім "несиелік жақсы мінез" көрсетсе ғана банктен қайтадан несие алуына болады. "Несиелік жақсы мінез" банктің тарапынан жеңілдік пайызбен, болмаса белгілі бір уақыт пайызсыз несие беруімен ынталандырылады,

Топтық (коллективтік) қатер несиеден түсетін мүмкіндік зиянды қамтамасыз ететін бірлескен қордың есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл қорда әр елдің резервтік салымы бар. Бұл қордың ресурстары негізгі несие алушы, болмаса олардың бір тобы ұзақ мерзімде өз қарыздарын төлемеген жағдайда ғана қолданылады.

Банктің пайдасы келесі көздерден қалыптасады:

Берілген несиелерден алынатын пайыздар мен комиссиялық төлемдер:

  1. Инвестициялық іс-әрекетінен түсетін пайда;
  2. Құнды қағаздармен операциялардан түсетін пайда;
  3. Басқа көздерден түсетін пайдалар.

Түскен пайдадан құралатын қорлар:

  • қарызшылар қарызын өтей алмай қалатын қауіптен сақтандыратын арнаулы қор;
  • банктің коммерциялық қажеттілігін өтейтін ортақ резервтер. Бұлар негізінен өткен жылдарда алынған пайдадан құралады.

Бөлінбеген пайданың бір бөлігі әртүрлі трансферттердің (төлемдердің) көзі болып табылады. Бұл төлемдерге жататындар:

  • Халықаралық дамыту ассоциациясының мүшелеріне қарыздық ауыртпашылықты жеңілдетуге берілетін төлемдер;
  • Газа секторының елдеріне берілетін көмек қоры;
  • Руандаға көмек қоры;
  • Босния мен Герцоговинаға көмек қоры;
  • Айналған ортаны қорғау қоры;
  • Бұрынғы Кеңес одағының елдеріне көмек қоры.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Халықаралық ұйымдар жайында
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Заманауи халықаралық құқық
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz