Батыс еуропа және оның терроризммен күресі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Халықаралық қатынастар

және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

АЙНАҚҰЛОВА АЙГЕРІМ

БАТЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСІ

(курстық жұмыс)

Ғылыми жетекші:

т. ғ. д, профессор Мұхаметханұлы Н.

Қорғауға жіберілді:

« » 2008

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

ТАРАУ 1 БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ . . . 7

1. 1 Терроризмнің әлеуметтік және саяси негіздері . . . 7

1. 2 Террорлық әрекеттің өріс алуы . . . 9

ТАРАУ 2 ИСПАНИЯДАҒЫ ТЕРРОРИЗМНІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК СЕБЕПТЕРІ . . . 12

2. 1 Испанияда террорлық әрекеттердің орын алу себептері . . . 12

2. 2. Испанияның қоғамдық-саяси құрылымдық жүйесі және әлеуметтік жағдай . . . 15

2. 3 Испан үкіметінің терроризммен күрес тәжірибесі . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Терроризм қазіргі таңдағы бүкіл әлемдік қауымдастықтың басты және өзекті мәселесі болып отырғаны ешкімге де жаңалық емес.

Қазіргі таңда терроризм күнделікті өмірдің шындығы борлып отыр. «ХХ ғасыр үрейі», «ХХI ғасыр үрейі», «Қазіргі кезеңнің жаһандық қауіпі» қауіпті әлеуметтік-саяси құбылысқа, міне, осындай анықтамалар беріледі. Террористік актілер, зорлық-зомбылық, әскери әрекеттерді этникалық, идеолоиялық және діни топтар күресінде үнемі қолданылып жүргенін көріп отырамыз. Ғылым мен техниканың дамуы террористік топтардың қолдарына қазіргі кезеңге сай, жаңа қарулар беріп отыр. Бұл құбылыстың қауіп көлемі өсіп, әр түрлі формаларға ие болып отыр. Террористік әрекеттердің нәтижесінде күнделікті әр аймақта мыңдаған адамдар қаза тауып жатады.

Осындай күнделікті қауіпті алдын алу үшін терроризммен күресуші мемлекеттер терроризмге қатысты заңнамаларына қосымшалар енгізіп, жаңалап отырады.

Халықаралық деңгейдегі терроризммен күрес қиынға соғып отыр. Осы тұста, терроризм мәселесіне қатысты халықаралық, аймақтық ұйымдар бар жігерлерін салып отыр, мысалы БҰҰ, Еуропалық Одақ. Еуропалық Одақ шеңберінде арнайы органдар құрылды, терроризм мәселесі жөніндегі Сыртқы істер министрлігі Комитеті жұмыс істейді.

Батыс Еуропа аймағында терроризмнің өріс алуы, батыс елдерінің онымен күресі екі деңгейде жүргізіліп жатыр. Бірінші, мемлекеттік деңгейде - әр ел мемлекет шеңберіндегі террористік ұйымдармен күресін жүргізіп отыр. Екіншіден, халықаралық деңгейі, барлық мемлекеттер әр түрлі - халықаралық, аймақтық, әскери - ұйымдар шеңберінде ынтымақтасып отыр. Осы негізде Испанияның ЭТА ұйымымен күресі әжіптеуір кезеңді алады, қазір де жалғасып отыр. Испаниядағы басктер елі тәуелсіздігі үшін әлі күресіп келеді, және Испаниямен шекаралас Франциядағы аумақтарда қолдаушы топтармен бірігіп, аймақтың, жалпы әлемнің алаңдаушылығы мен үрейін туғызып отыр.

Испания және Батыс елдерінде терроризмнің пайда болуы, дамуы, оған қарсы жеке және ортақ іс-шаралары, тарихи қалыптасқан тәжірибелері осы жұмыста толық зерттеледі.

Сонымен, жұмыстың өзектілігі - Батыс Еуропа аймағында, оның ішінде Испанияда орныққан терроризмге байланысты батыс елдердің, ең бастысы, демократияға қол жеткізген Испанияның бұл құбылыспен күресі мен тәжірибесін зерттеу отандық тарихи ғылымда арнайы зерттеудің пәні болмағандығы болып табылады.

Осы тақырыпты зерттеуде негізгі қойған мақсатым - терроризмнің Батыс Еуропада орын алуын анықтау және Испанияның терроризммен күресін анықтап, оған талдау жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Батыс еуропа аймағында террор қауіпінің өріс алуын және оның әлеуметтік және саяси негіздерін зерттеу;
  • Испанияда террорлық әрекеттердің орын алу себептерін анықтау және мәнін ашып көрсету;
  • Испанияның қоғамдық-саяси құрылымыдық жүйесі мен әлеуметтік жағдайын анықтау;
  • Испания үкіметінің терроризммен күрес тәжірибесін сипаттау, үкіметтің осы мәселеге байланысты ұстанымдары мен мүдделерін көрсету.

Зерттеу жұмысы барысында бақылау, құжаттарды сараптау, жүйелік, мәселелік, хроникалық, талдау-ғылыми әдістері қолданылды. Тарихи-саяси талдау салыстырмалы өзгерістерді анықтау үшін пайдаланылды. Жүйелік әдіс зерттеу пәнін бірлік пен біртұтастықты көрсетуге мүмкіндік береді.

Тақырыптың тарихнамасына шолу. Қарастырылып отырған тақырыптың тарихи талдауы советтік және ресейлік зерттеушілердің еңбектері негізінде жасалды.

Испанияның франкистік кезеңнен кейін саяси ахуалы, әлемдік мәселелерге қатысты халықаралық қатынастардағы рөлі мен әлемдік саясаттағы алатын орны; әлемдік қауіпке байланысты халықаралық ұйымдардағы белсенді қатысуы жөнінде, яғни сыртқы және ішкі саяси саласы мен жаңа кезеңдегі Испанияның терроризммен күресіне байланысты зерттеулермен бірқатар советтік ғалымдар айналысқан, олар: А. В. Авилова /13/, С. П. Пожарская /16/, В. В. Евстигнеев /11/, А. А. Красиков /15/.

А. Авилованың «Современная Испания» атты еңбегінде Испанияның ХХ ғасырдағы ішкі және сыртқы саясаты, оның жаңа кезеңде тарихында ерекше орын алып отырған мемлекет ішіндегі өзгерістері, мемлекетті халықаралық аренаға шығарған Испанияның алдынғы қадамдары мен онда алатын орны жөнінде жазылған. Сондай-ақ, Испанияның ішкі және сыртқы саясатында орын алатын өзгерістердің қатарына әлеуметтік мәселелер жатады, яғни А. Авилова Испаниядағы өзгерістер кезіндегі әлеуметтік мәселелердің саясатқа ықпалы және оның шешілу жолдары мен позициясы жайлы жазылған.

А. Красиковтың «Испания в мировой политике: полвека дипломатической истории» атты еңбегінде Франко кезеңінен демократиялық тәртіпке өткен Испанияның саяси өмірі туралы нақты жазылған. Франкистік кезеңнен кейін, саяси оқшаланудан шыққан Испанияның халықаралық аренаға аяқ басуы, Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүшелік ету кезіндегі болған қиындықтар, ол туралы халық пікірі жөнінде айтылған. Сонымен қатар сол кездегі көрнекті испандық саясаткерлерінің Испания үшін жасаған маңызды әрекеттеріне жақсы шолу жасалынған.

В. Евстигнеевтің «Испания: основные направления внешней политики» атты кітабында Испанияның сыртқы саясатына жақсы шолу жасалынған.

С. Пожарскаяның «Испания и США: внешняя политика и общество» атты еңбегінде Испанияның саясатындағы АҚШ-қа қатысты испандық қоғамның орны мен ықпалы жайлы жазылған.

Отандық тарихнамада Испанияның сыртқы және ішкі саясаты, оның мемлекет ішіндегі қауіптермен күресі жөнінде жазылған ғылыми жұмыстар аз немесе жоқтың қасы деп айтса болады.

Зерттеу барысында пайдаланған деректер көздерін 4 топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа заң актілері кіреді, яғни батыс мемлекеттерінің Конституциялық заңдары /1/.

Екінші топқа Батыс Еуропа елдерінің және Испанияның терроризмге қатысты декларациялар мен бағдарламалары терроризмге қатысты іс-шаралардың ресми түрде жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

Үшінші топқа Батыс елдері мен Испанияның терроризмге қатысты ұйымдар шеңберіндегі қазіргі кездегі ынтымақтастықтарының дамуы мен жүргізілетін шараларын анықтайтын ірі саяси қайраткерлердің шығармалары, сөйлеген сөздері мен сұхбаттарын атап кетуге болады. Мұнда, Испан королі І Хуан Карлостың испан халқына жолдауы, Мақалалар жинағындағы саяси өкілдердің шығармалары /20-22/.

Испан Королі І Хуан Карлостың 2008 жылғы Испан халқына жолдауында Испанияның ішкі және сыртқы саясатындағы қадамдары, Қазақстан демократизациясының жаңа кезеңдері, қазіргі әлемдегі Қазақстанның алатын орны және әлемдік экономикаға интеграциялану, сондай-ақ барлық салаларындағы жаңа өзгерістер жөнінде айтылған.

Төртінші топқа басылым беттеріндегі құжаттар, материалдар, басылымдар мен интернет материалдары жұмысты жазу барысында кең қолданылды. Жүйелі түрдегі ақпараттар (газет-журналдар) арқасында Испанияның терроризм қауіпімен күресі, ондағы Үкіметтің әрекеттері жөніндегі сыртқы саяси жаңалықтарды алуға және оларды сараптауға болады. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын және испан тілдеріндегі көптеген газет-журналдар қолданылды: Актуальные проблемы Европы /5; 7/, Мировая экомика и Международные отношения /19/, El Pais /20/, Полис /25/, El Mundo /17/. Аталып отырған газет-журналдар арқасында халықаралық қатынастар өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен оның ішінде Батыс Еуропа елдері мен Испания мемлекетінің әлемдік деңгейдегі қауіпке қатысты іс-шараларының қаншалықты жүзеге асып отырғаның күнделікті байқап, оларға талдау жасауына мүмкіндік береді.

Жалпы, басылымдар Батыс Еуропа аймағында, оның ішінде Испания мемлекетінің әлемдік саясатта әлемдік мәселелерге қатысты өзге мемлекеттер және ұйымдармен бас қосып, бұл мәселеленің шешілу жолдары жөніндегі қазіргі кездегі тенденцияларды терең игеруге мүмкіндік береді.

Тақырып жаңалығы. Қазіргі таңда терроризмнің өріс алуы барлық аймақтарды қамтып отыр, оның ішінде Батыс Еуропа елдері де шетте қалмады. Испаниядағы ЭТА ұйымы өз әрекеттерін әлі де жалғастыруда, ал испандық жаңа үкімет осы мәселемен күрес жүргізуде. Испанияның жаңа үкіметінің терроризммен күресі, оның жинақталған тәжірибесі тақырыптын жаңалығын анықтайды.

Осындай материалдарға сүйене отырып жазылған жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлім және қорытындыдан тұрады.

ТАРАУ 1 БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ

  1. Терроризмнің әлеуметтік және саяси негіздері

Терроризм күрделі және анықтама беруде қиынға соғатын қоғамдық құбылыс. Бұл ұғымның заң жүзіндегі анықтамаларын айтпас бұрын, оның саяси-әлеуметтік негіздеріне аса назар бөлу қажет.

Терроризмнің ажырамас бөлігі - жүйелік негіздегі зорлық-зомбылық жасау, мұндағы қиянат тиісті әлеуметтік-саяси мотивация және идеологиялық түсінікпен жасалады.

Террористер қоятын мақсаттар негізінен екі кезеңнен тұрады: біріншіден - үрей туғызу әрекеті, екіншісі - өздеріне лайықты етіп қоғамның жүріс-тұрысын бақылап отырады. Осыдан, көріп отырғандай, терроризм акциясы құрылымы бойынша күрделі құбылыс, оның қылмыс жасауда екі объектісі болады. Бірінші объектісі - жеке физикалық тұлға, топтар немесе материалдық объекті болуы мүмкін; екіншісі - бақылайтын объекті, яғни, қоғамдық қатынас деп түсінуге болады.

Террористер әрекеттерінің объектілері негізінен мемлекет қайраткерлері мен бөлімдері; екіншіден - қоғамдық қатынас - мемлекет әрекеттерінің аясында болу. Терроризм, қандай болмасын мемлекет, заңды немесе саяси- идеологиялық түріне қарамастан, үлкен қауіп болып табылады.

Көптеген мелекеттердің қылмыстық заңнамалары мен халықаралық құқықтарында терроризмді қауіпті қылмысқа жатқызуы жай емес.

Соңғы он жыл ішінде заңдық базалар терроризммен күрес сияқты көптеген халықаралық конвенциялар жасалынды. Мұндай нормативті актілерде мемлекеттердің террористік әрекеттерінің түрлі формалары мен түрлері қарсы әрекеттерде өзара міндеттер қарастырған. Оның ішінде, 1970 жылғы Гаага Конвенциясы, әуе кеңістігінде террористік қылмыстармен күресу жөнінде 1971 жылғы Монреаль Конвенциясы; 1973 жылғы Нью-Йорк Конвенциясы - халықаралық қорғанысқа ие тұлғаға қарсы қылмыс жазалау және тоқтату жөніндегі Конвенция.

Кейбір аймақтарда антитеррористік сипаттағы және нормативтік актілер бар. Мысалы, 1977 ж. Еуропа Кеңесі негізінде терроризммен күрес жөніндегі Еуропа конвенциясы. Қабылданған Конвенцияға байланысты қатысушылардың арасында болатын келіспеушіліктер де байқалады. Сондықтан, әр мемлекет жеке заңнамаларына сәйкес терроризммен күресу жолын тауып отыр.

Халықаралық деңгейге шығып отырған терроризм құбылысын әр түрлі сала өкілдері бұл феноменді түсіндіруге тырысқан. Бұл сараптамаға қатысты түрлі бағыттар қалыптасқан. Саяси негіздегі терроризм ұғымы кең болып келеді. Себебі, қазіргі кездегі қандай терроризм немесе діни экстремизм, сепаратизмді алмасақ, олардың барлығы саясатпен байланысы тығыз болып келеді.

Батыс Еуропадағы терроризмнің әлеуметтік және саяси негіздерін қарастырайық. Батыс Еуропа мемлекеттері терроризм құбылысымен ХХ ғ. аяғында кездесті деп айтса болады. ХХ ғ. аяғы батысеуропалық мемлекеттерде этникалық қақтығыстар мен саяси қарама-қайшылықтар мен қарулы қақтығыстарға айналды.

Әрине, мұндай қақтығыстар басында әлеуметтік деңгейде болды. Мысалы, ХХ ғ. 20 жж. жаппай иммиграциялық толқындар негізінде мұндай мәселенің пайда болуына дейін батыс еуропа мемлекеттері бұрыннан келе жатқан тарихи азшылық мәселесімен қайта кезікті. Франциядағы Бретань мен Корсика; Италияда Сардиния мен Оңтүстік Тироль; Ұлыбританияда Шотландия және Уэльс; бельгиялық Фландрия және Валлония; голландық Фрисландия; даниялық Фарера - осылар және Батыс Еуропаның басқа да «этникалық» аймақтары қандай да бір деңгейде этникалық-саяси жағынан өздерін тұрақтай бастағандары көріне бастады.

Этникалық азшылықтар мәселесі негізінде әр түрлі этностардың бір аймақта шоғырлануы, олардың арасында қайшылықтардың пайда болуына алып келеді. Мысалы, Бельгиядағы фламандықтар мен валлондықтар арасындағы қақтығыстар. Сондай-ақ, Испаниядағы басктердің испандықтардың өзін шет ел азаматтары ретінде қарайды, әрине мұнда басктер бостандығын алу, тілін сақтап қалуда испандықтарды шетелдіктер ретінде көруі күмәнді емес.

Осы аймақта терроризмнің әлеуметтік негізі мен саяси негізі бір-бірінен алшақ емес, олар тығыз байланысты.

Әр түрлі деңгейіндегі қақтығыстар мен қозғалыстары экономикалық артта қалушылық (Корсика, Солтүстік Ирландия, Квебек, Бретань, Уэльс және т. б. ) сондай-ақ тұрақты басымдылық (басктер, Каталония) ; артта қалу (Валлония, Шотландия) мен қарқынды даму (Фландрия) үстіндегі елдер; ресурстардың үлкен қоры мен тапшылығы негізінде болып отыр [2, С. 66-78] . Терроризмнің әлеуметтік негізі материалдық, яғни экономикалық артта қалушылыққа қатысты емес. Бірақ ол да әсер етуші фактор болып табылады.

Испаниядағы ЭТА ұйымының террористік әрекеттері ұзақ жылдар бойы өзін-өзі билеу құқығы үшін күресіп келеді. Басктер елі автономды партиялары арқылы Испанияның орталық билігіне өз құқықтарының сақталуын талап етеді. Басктер елі экономикалық жағынан Испанияның ең жақсы дамыған аймағы болып табылады. 60-70 жж. «экономикалық керемет» жылдары ең алдымен Испанияның осы аймағы экономикалық жағынан тез көтерілді.

Терроризмнің саяси негізіне келетін болсақ, айтылған мысалдардың барлығының түбі әлеуметтік негізден пайда болып отыр. Жалпы, халықаралық терроризмде халықаралық террористік топтардың негізгі объектілері үкімет өкілдері, мемлекет басшылары, қазір кез-келген қарапайым азамат бола алады. Олардың жасап жатқан әрекеттерінің басты мақсаттары, агрессиясының бағытталған объектісіне қойған талаптарын орындату, мұнда олар үлкен қауым жиналған орталықтарды таңдап алады, ең алдымен үлкен үрей туғызу болып табылады.

Батыс Еуропа елдерінде ЭТА ұйымы батыс елдерінің үрейін туғызып отыр. Батыс елдері ішінде ең көп және адам шығыны жағынан көп терактілер жасаған.

Қорытындылай келе, халықаралық және аймақ шеңберіндегі терроризм әлеуметтік немесе саяси негіздеріне қарамастан, олардың мотивтері, мақсаттары бір өз қойған талаптарына жету. Мұндай жаһандық деңгейдегі мәселеге жаһандық стратегия қажет, яғни әр мемлекет дайындаған өз жобасын жүзеге асыра отырып, өзге мемлекеттермен бірге террористік әрекеттердің алдын алуына ат салысуы қажет. Әрине, мұндай стратегияны бірден орындау мүмкін емес, дегенмен Халықаралық ұйымдармен ынтымақса отырып жасалған әрекеттер тиімді болады деп есептеймін. Алайда, батыс еуропа елдерінде терроризм халықаралық деңгейге жетпесе де, мемлекет шеңберінен шығып отыр, себебі бұл құбылыстың шекарасы жоқ.

1. 2 Террорлық әрекеттің өріс алуы

Терроризм жөніндегі көптеген зерттеулерде бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт кездеседі. Бір жағынан бұл - көптеген классикалық және қазіргі кездегі еңбектерде бұл құбылысты тұтас феномен ретінде қарастырады. Екінші жағынан террористік қозғалыстардың тарихи жағы, оның нақты себептері мен мақсаттары зерттеудің негізгі пәні болып табылады. Соңғы кездері терроризмнің ерекшелігі мен классификациясы жөнінде оны бірнеше түрлеріне бөліп қарастырады.

Терроризм ұғымының пайда болуы, тарихқа сүйенсек оның түп-тамыры өткен бірнеше ғасырларда жатыр. Ал қазіргі таңда бұл құбылыстың пайда болуы этносаяси талаптардың, ұлттық экстремизм және сепаратизм негізінде жатыр. Этникалық негіздегі терроризм басқа да бағыттармен ұштасады, және өзіндік ерекшеліктерге ие. Осы негіздегі терроризм көптеген аймақтардағы қақтығыстар және жергілікті нақты тарихи негіздегі қақтығыстармен тығыз байланысты, және соның негізінде пайда болып отыр.

Қазіргі таңда терроризм күнделікті өмірдің шындығы борлып отыр. «ХХ ғасыр үрейі», «ХХI ғасыр үрейі», «Қазіргі кезеңнің жаһандық қауіпі» қауіпті әлеуметтік-саяси құбылысқа, міне, осындай анықтамалар беріледі. Бүгін әлемнің кез-келген аймағында жарылыстар ұйымдастырылып жатады, оның құрбандары мындаған кінәсіз тұрғындар.

Қоғамдық қауіп деңгейі мен өрісінің кеңеюі, географияның және әлеуметтік базалардың кеңеюі, терроризм әрекеттерінің субъектілерінің , шекаралардың ашық болуы, және басқа да себептерінің негізінде терроризм қауіпі ұлттық мәселе шекарасынан шығып отыр. Терроризм құбылысының таралуы әр түрлі сипатқа ие, оның нығаюы аймақтар немесе мемлекеттер шеңберіндегі барлық қарама-қайшылықтар мен қақтығыстарды қамтып отыр. Оның таралуына да әр түрлі факторлар әсер етеді, мысалы, өз-өздерін билеу (этникалық топтар), діни, экономикалық артта қалушылық және т. б. Ал бұл құбылысты іске асырушы топтар өздерінің құралы ретінде мейірімді халықтарды қиянау, жасаған әрекеттерін БАҚ арқылы тарату және тағы басқа жолдар арқылы мемлекет үкіметтерінен талаптарын орындау мақсаттарына қол жеткізіп отырады.

«Терроризм - әр түрлі мақсаттарға жетудің «аз шығындалатын және жоғары нәтижелі әдіс» болып табылады. Терроризм этникаралық, конфессия аралық және аумақтық дауларды шешудің кең тараған әдісі болып отыр, сонымен қатар діни радикалдар, экстремистер, ұлтшылдардың антиконституционалдық мақсаттарына жетудің тәжірибелеріне айналды» [10, С. 146] . Экстремизм мен терроризмнің пайда болуын демократияның ішкісаяси қайшылықтары тудыдары, мысалы, бір жағынан - еркіндік, эгалитаризм және бостандық идеалдары арасында, және екінші жағынан - нақты құрылымдық теңсіздік пен идеялық-құндылықтың шектелуі нәтижесінде болып отыр.

ХХ ғ аяғына қарай этникалық қақтығыстар саяси қарама-қайшылықтар мен қарулы қақтығыстарға айналды. Статистикаға сүйенетін болсақ, 1945 жылдан кейінгі соғыстар мен көтерілістерде қаза тапқан 20 млн. адамдардың ішіндегі 70 %-ы этникааралық қақтығыстардың құрбандары болған [2, С. 4] . Соңғы 20-шы жылдарда жаппай иммиграциялық толқындар негізінде мұндай мәселелердің пайда болуына дейін батыс еуропа мемлекеттері бұрыннан келе жатқан тарихи азшылық мәселесімен тағы кезікті. Франциядағы Бретань мен Корсика; Италияда Сардиния мен Оңтүстік Тироль; Ұлыбританияда Шотландия және Уэльс; бельгиялық Фландрия және Валлония; голландық Фрисландия; даниялық Фарера - осылар және Батыс Еуропаның басқа да «этникалық» аймақтары қандай да бір деңгейде этникалық-саяси жағынан өздерін тұрақтай бастағандары көріне бастады. Өздерінің мәдени дәстүрлеріне мүдделерін білдіріп, және ерекшеліктерін түсіне бастаған этникалық топтар «дискриминацияға» қарсы ереуілдерге шықты [3, С. 29] . Содан кейін, бұрыннан келе жатқан автономистік және ұлттық қозғалыстар белсендене және нығая бастады, олардың тұсында мәдени және қоғамдық ассоциациялар да күшейе бастады. Сондай-ақ, жаңа радикалдар топтар пайда бола бастады, олардың ұрандары көрші, этника жағынан туыс елдерге қосылуды талап етті. 1969 ж. 50 жылдық тыныштықтан кейін солтүстік ирландияда созылған қарулы қақтығыстар басталады.

Солтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда халықтардың саяси ұйымдары пайда болды, олар бұрыннан өмір сүріп келе жатқан және өзіндік болмыстық жерлерге құқықтарын қайта орнату керек болды. АҚШ алдында қайта қара нәсілдер халықтарының азаматтық құқықтарын қайта орнату үшін қозғалыстаы құрылды. Квебекте, бір ғасыр бойы канадалық федерация құрылғаннан кейін тыныштық орнаған болатын, кейін 1960 жж. этноұлтшылылық пен сепаратизм мәселесі өрши бастады.

Алайда, Батыс Еуропаның мемлекеттерінің барлығында этникалық қақтығыстар бір мақсаттыкөздегенімен, бірдей жүрмеді, мысалы, батыс елдерінің біреулеріне этникалық қозғалыстардың экстремистік емес идеологиясы мен өркениетті езгіден жат түрі тән болды. Мұнда Бельгияны алатын болсақ, фламандықтар мен валлондықтар арасындағы қақтығыстар нәтижесінде ешбір адам қаза тапқан жоқ және ХХ ғ. екінші жартысында батыс еуропаның бірде-бір мемлекеті мұндай этникалық қақтығыс кезіккен емес.

Алайда барлық этникалық қақтығысатр зорлық-зомбылық пен қантөгіссіз болды деп айтуға болмайды. Батыстағы қарулы радикалды сепаратизм әрекеттерінің түрі терроризм болды. Бұл негіздегі террористік кампаниялар толқыны 50 жж. пайда болып, бүкіл еуропаға тарап кетті.

Мысалы, Италияда 50 жж-дың аяғынан - 60 жж. дейін оңтүстік тирольдік террористік ұйымдар құрыла бастады, олар өз-өздерін басқару құқықтарын және Австрияға қосылуларын талап етті. Ал, «Бір Тироль» атты ұйымы 90 жылдары да қайта көтерілді. Уақыт келе Сардинияда да сепаратистік топтар да ағымдық террорлық әрекеттер жасап отырды.

Экстремистік топтар Швецарияға да тимей өтпеді, ондағы топтар 60 жж. Берн кантонынан француз тілді Юра округін бөлуді талап еткен. Этникалық терроризм Голландияға да келді, мұндай ұйымдар фриздер арасында пайда болды. Испандық Католонияда 70 - 80 жылдары террористік әрекеттермен сепаратистік ұйым «Тьерра льюре» айналысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі
Тәжікстандағы Ислам терроризмі
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Терроризм - XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ғаламдық процесстің бірі
Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Қазіргі кезеңдегі ақш-ң сыртқы саясатының концептуалдық негізі
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz