Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын нарықтық экономика жағдайында дамытудың географиялық мәселелері



КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН НАРЫҚТЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығының қазіргі кездегі жағдайының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын замана талабына сай дамытудың мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ауыл шаруашылығын экономикалық.географиялық тұрғыда дамытудың теориялық және практикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде олардың тиімділігін арттырудың экономикалық.геограяиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Суармалы жерлердің тиімділігін арттырудың жолдары ... ... ... ... ... ...
2.3 Суармалы жерлерде мақта шаруашылығының тиімділігін арттырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Қаратал өзені алабында күріш өсірудің ғылыми негіздері ... ... ... ... ... .
2.5 Сырдария.Арал өңірінде күріш өсірудің тиімділігін арттырудың сорттық технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6 Күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірудің экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Мал шаруашылығына мемлекеттік тұрғыдын қамқорлық көрсету заман талабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Өнімділігі жоғары мал азығы болатын жемшөп алқаптарын жасаудың геотехнологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Қазақстанда ірі қара мал шаруашылығын дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.4 Жылқы шаруашылығын дамытуға қолдау жасау ұлттық мәселелердің
бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет болған жылдардан бері талай-талай қиындықтардан өтіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз ойдағыдай жұмыс істеп нарық экономикасын құрды. Мемлекетіміздің қазынасын да, әлеуметтік жағдайы да түзеле бастады. Қазына саласын түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік.
Бірақ әліде ауыз толтырып айта алмайтын салаларымыз бар. Солардың бірі ауылшаруашылық саласы. Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе. Ауылшаруашылық саланы (секторды) дамыту мақсатында соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көптеген жағдайлар көрсетілуде, яғни ауылшаруашлық салаға мемлекеттік реттеулер, бағдарламалар жасалды. Бізге «ауылшаруашлық өнеркәсібін кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет екендігі парламентте көтеілуде.
Бұл бакалаварлық жұмыста елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған іс-шараларға тоқталып, олардан қандай нәтиже шыққандығы туралы, әліде болса аграрлық сектор мемлекет тарапынан қандай қолдауларды қажет ететіндігі туралы мәселелер қарастырылған.
Алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысында бұл мәселе туралы тереңірек ойланып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айырықша талаптар қойылатын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамшылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті беиімдеуге (индустрияландыруға) айырықша назар аудару қажет. Жеке меншік салаларының (сектордың) назарларын аудару керек, сондай-ақ несиелерді ауыл шаруашылығын дамытуға арналған зерттеулерге бөлу керек.
Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты жолдауында да ауыл шаруашылығына қатысты былай деді – Ауыл шаруашылығын дамыту біздің басты бағытымыздың бірі болуы керек. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір жұмыскер 17 мың доллорға сай келетін өнім өндіреді, ал экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллор ды құрайды. Сондықтан еңбек өнімділігін арттыру керек деп көрсетті Президент.
Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта дамыту жолы таңдап алынды. Бұл біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық қатнастарды ашып көрсету заңдық тұрғыдан ретке келтіру, табиғи жағдайына сай даму бағтын айқындау, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып техникалық жетістіктерді қолдану, өнімділкті арттыру, дүниежүзілік сауда ұйымна кіруде бәсекелестікке қабілетті болу.
Міндеті : Ауыл шаруашылығын дамытуда табиғи жағдай мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, дамыған мемлекеттердің тажірибесін және ғылыми техникалық жетістктерді пайдалана отырып еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау үйрену.
Зерттеу объектісі : Отандық ауылшаруашылық саласын дамыту бағыттарын анықтау, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын жергілікті жердің табиғи жаңғдайына және ресурстарына сай өркендндету, олардың тиімділігін арттыру және осыларды есепке ала отырып дүние жүізілк бәсекеге қабілетті болу.
Бұл жұмыстарды республикамыздың әрбір облысының, экономикалық ауданының нақтылы табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын, сонымен қатар дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылығын жүргізуде жеткен озық тәжірбиесін есепке ала отырып іске асыру қажет.
Бұл жұмысты жазу барысында мен журналдардағы мақалаларды, экономист ғалымдардың ғылыми еңбектерін, Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауларындағы мәліметтерді пайдаландым.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Экономикалық,әлеуметтік және саяси география кафедрасы

Бітіру жұмысы

қазақстан республикасы ауыл шаруашылығын НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА
ДАМЫТУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Орындаған:
4 курс студенті _______________________
Е.Е.Қабимолдаев

Ғылыми жетекшісі,
г.ғ,к.,ҚазҰУ-нің профессоры _______________________ А.Т.Темірбеков

Норма бақылаушы,
г.ғ,к., доцент
______________________З.Қ.Қалиасқар ова

Кафедра меңгерушісі,
г.ғ,к., доцент _______________________
Г.Н.Нүсіпова

АЛМАТЫ, 2010

РЕФЕРАТ

Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің дамуы әлемдік бәсеке
талаптарына және бәсекенің еркін дамуы, инвестициялық тартымдылықтың өсуіне
байланысты заңнамаларға сай болуы керек.
Ауыл шаруашылық шикізатына және техникаға деген сұраныстың
төмендігі өндірілген өнімді бәсекеге қабілетсіз етеді. Ауыл шаруашылығы
өндірісінің даму темпінің бәсеңдігі ең алдымен, өндірілген өнімнің
сапасының төмендігімен, ішкі рыноктағы тауар өндірушілер арасындағы
байланыстың төмен деңгейлігі, импорт көлемінің өсуімен анықталады. Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығы мемлекеттің араласуын қажет ететін
сфералар қатарына жатады.
Экономикалық қатынастардың, соның ішінде рыноктың дамуымен-
қоғамның дұрыс дамуы үшін мемлекеттік шекараларды қорғау, қоғамдық тәртіпті
сақтау, салық жинау сияқты мәселелер туындайды. Бұл мәселелерді
салыстырмалы шешуде және экономикадағы мемлекеттің ролі туралы әр кезеңдегі
экономист ғалымдардың көзқарастары түрліше.
Сондықтан аграрлық өндірісті мемлекеттің реттеуі қажет шектерін қалай
анықтауы керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Мемлекеттің экономикаға
және экономикалық қатынасқа әсерінің қандай шегі бар деген мәселе көп
жылдар көлемінде талқыланып келді. Бұл жерде екі негізгі көзқарас
қалыптасты. Біріншісі, неоконсервативтік мемлекеттік реттеу үлгісі бойынша
рыноктың реттеуші қызметтерін ұсынысты ынталандыру негіздерінде қамтамасыз
ету жолымен жүзеге асыру. Бұл жолдың негізгі бағыты кәсіпкерлерге салық
жеңілдіктерін беру үшін салық жүйесін реформалау және инфляцияға қарсы
шараларды жүзеге асыру. Екіншісі, біздің елде бұрыннан белгілі мемлекеттік
реттеудің үлгісі бойынша, экономика рыноктық механизм мен мемлекеттік
реттеуді біріктіру арқылы басқарылуы қажет.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер ауыл шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан реттеудің теорияилық
және практикалық мәселелерін алға қойып отыр. Басқарудың тиімді
механизмдерінің болмауынан макроэкономикалық реттеу микроэкономика
деңгейіндегі қызметпен үйлеспей отыр. Мемлекеттің агробизнес жүйесіне
араласуының қажеттілігі мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі
параметрлері тіпті дамыған рынок жағдайында да бірқатар объективтік
факторлармен анықталады. Ең алдымен мемлекеттік реттеу шаралары
экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан өздерінің әлеуметтік
және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық
пікірмен әртүрлі қабылданады.

ГЛОССАРИЙ

Шаруашылықтың барлық санаттарына ауыл шаруашылық кәсіпорындары
(фермер) қожалықтары және жұртшылық шаруашылығы жатады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны негізгі қызымет түрі ауыл шаруашылық саласы
болып табылатын заңды тұлға. Жергілікті бірлік негізгі қызмет түрі
ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылатын, заңды тұлғалардың қосалқы
шаруашылық түріндегі бөлімшесі.
Шаруа (фермер) қожалығы - кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы ауыл шаруашылық
өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен пайдаланумен,
сондай-ақ осыөнімдерді өңдеумен және өткізумен үздіксіз байланысты
адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі. Заңды тұлға құрмай және оның
нысандарынсыз кәсіпкерлік қызыметпен айналысатын адамдар шаруа (фермер)
қожалығының субьектілері болып табылады.
Жұртшылық шаруашылығына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық
бақтар мен бақшалар, саяжай учаскелері жатады.
Ауыл шаруашылық өнімі күнтізбелік жыл бойында өсімдік шаруашылығы мен
мал шаруашылығында өндірілген өнімдердің нақты өлшенген орташа күздік
бағасымен ақшаға шағылуы.
Ауылшаруашылығы өнімдерін нақты көлемінің индексін есептеу үшін оның
көлемінің салыстырмалы бағадағы көрсеткіші қолданады.
Ет өндіру - мал мен құстың барлық түрін мемлекетке, тұтыныушылар
корпорацияларына, базарға, меншікті сауда желісі мен қоғамдық тамақтану
кәсіпорындары арқылы, баспа-бас айырбас операциялары бойынша айырбастауға
және т.б. союға өткізу (тірі салмағында).
Сүт өндіру - нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтімен
сипатталады, ол өткізілді ме немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен
торайларды суаруға тұтынылды ма, оған қаралмайды. Емізіп асырау кезінде
бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сү мөлшерін
анықтағанда есепке алынбайды.
Жұмыртқа өндіру - құстар саны ұдайы өсіруге (инкубацияға, басқаға)
жұмсалған жұмыртқа барын қоса, бір жылда үй құстарының барлық түрлерінен
жиналғанын есептейді.
Малдан төл алу есепті кезең ішінде алынған төл басының осы кезеңдегі
аналықтың орташа бас санына қатысты ретінде анықталады.
Малдың өлім-жітімі - өлген және шарасыздықтан сойылған жануар санының
айналымдағы жалпы санына (жыл басындағы мал басы, жыл ішіндегі малдан төл
алу және әкелу көрсеткішінің жиынтығы) қатысты ретінде пайызбен анықталады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН НАРЫҚТЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ
ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығының қазіргі кездегі жағдайының
жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын замана талабына сай
дамытудың мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
1.3 Ауыл шаруашылығын экономикалық-географиялық тұрғыда дамытудың теориялық
және практикалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН
АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде олардың тиімділігін арттырудың
экономикалық-геограяиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Суармалы жерлердің тиімділігін арттырудың жолдары
... ... ... ... ... ...
2.3 Суармалы жерлерде мақта шаруашылығының тиімділігін арттырудың жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Қаратал өзені алабында күріш өсірудің ғылыми негіздері
... ... ... ... ... .
2.5 Сырдария-Арал өңірінде күріш өсірудің тиімділігін арттырудың сорттық
технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
2.6 Күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірудің экономикалық
тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

3 МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Мал шаруашылығына мемлекеттік тұрғыдын қамқорлық көрсету заман талабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Өнімділігі жоғары мал азығы болатын жемшөп алқаптарын жасаудың
геотехнологиялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Қазақстанда ірі қара мал шаруашылығын дамытудың қазіргі жағдайы мен
келешегі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
3.4 Жылқы шаруашылығын дамытуға қолдау жасау ұлттық мәселелердің
бірі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет болған жылдардан бері талай-
талай қиындықтардан өтіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз
ойдағыдай жұмыс істеп нарық экономикасын құрды. Мемлекетіміздің қазынасын
да, әлеуметтік жағдайы да түзеле бастады. Қазына саласын түпкілікті
реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды
жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік.
Бірақ әліде ауыз толтырып айта алмайтын салаларымыз бар. Солардың бірі
ауылшаруашылық саласы. Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті
мәселе. Ауылшаруашылық саланы (секторды) дамыту мақсатында соңғы жылдары
мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көптеген жағдайлар көрсетілуде, яғни
ауылшаруашлық салаға мемлекеттік реттеулер, бағдарламалар жасалды. Бізге
ауылшаруашлық өнеркәсібін кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу туралы заң қабылдау қажет екендігі парламентте
көтеілуде.
Бұл бакалаварлық жұмыста елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған
іс-шараларға тоқталып, олардан қандай нәтиже шыққандығы туралы, әліде болса
аграрлық сектор мемлекет тарапынан қандай қолдауларды қажет ететіндігі
туралы мәселелер қарастырылған.
Алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысында бұл мәселе
туралы тереңірек ойланып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігіне айырықша талаптар қойылатын болады. Ендігі жерде ауыл
шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамшылықты
іске асыру арқылы аграрлық өндірісті беиімдеуге (индустрияландыруға)
айырықша назар аудару қажет. Жеке меншік салаларының (сектордың) назарларын
аудару керек, сондай-ақ несиелерді ауыл шаруашылығын дамытуға арналған
зерттеулерге бөлу керек.
Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына жаңа онжылдық - жаңа экономикалық
өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты жолдауында да ауыл
шаруашылығына қатысты былай деді – Ауыл шаруашылығын дамыту біздің басты
бағытымыздың бірі болуы керек. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығында жұмыс
істейтін бір жұмыскер 17 мың доллорға сай келетін өнім өндіреді, ал
экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллор ды құрайды.
Сондықтан еңбек өнімділігін арттыру керек деп көрсетті Президент.
Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта дамыту жолы
таңдап алынды. Бұл біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс
арнасы.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық
қатнастарды ашып көрсету заңдық тұрғыдан ретке келтіру, табиғи жағдайына
сай даму бағтын айқындау, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып техникалық
жетістіктерді қолдану, өнімділкті арттыру, дүниежүзілік сауда ұйымна кіруде
бәсекелестікке қабілетті болу.
Міндеті : Ауыл шаруашылығын дамытуда табиғи жағдай мен табиғи
ресурстарын тиімді пайдалану, дамыған мемлекеттердің тажірибесін және
ғылыми техникалық жетістктерді пайдалана отырып еңбек өнімділігін арттыру
мүмкіндіктерін анықтау үйрену.
Зерттеу объектісі : Отандық ауылшаруашылық саласын дамыту бағыттарын
анықтау, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын жергілікті жердің
табиғи жаңғдайына және ресурстарына сай өркендндету, олардың тиімділігін
арттыру және осыларды есепке ала отырып дүние жүізілк бәсекеге қабілетті
болу.
Бұл жұмыстарды республикамыздың әрбір облысының, экономикалық
ауданының нақтылы табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын, сонымен
қатар дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылығын жүргізуде жеткен озық
тәжірбиесін есепке ала отырып іске асыру қажет.
Бұл жұмысты жазу барысында мен журналдардағы мақалаларды, экономист
ғалымдардың ғылыми еңбектерін, Қазақстан Республикасының Президентінің
жолдауларындағы мәліметтерді пайдаландым.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН НАРЫҚТЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ
ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығының қазіргі кездегі жағдайының
жалпы сипаттамасы
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі
болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда
көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық
факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып,
ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді.
Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық
мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.
Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) – маңызды салааралық кешен болып табылады.
Ол халықты азық-түлікпен, ал халық шаруашылығын шикізатпен қамтамасыз ету
мақсатында құрылған. АӨК күрделі биоэкономикалық өндірістік жүйені
сипаттайды. Оның орталық буыны – ауыл шаруашылығы өндірісі. Еңбек құралдары
және еңбек ресурстарымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісінің басты
ресурстарына жиынтығында биоклиматтық әлеуетті құрайтын - жер, климат, ауа-
райы жатқызылады [15].
АӨК құрылуы агроөндірістің интеграциялануына негізделеді. АӨК үш
қызметтік аяны біріктіреді:
І – ауыл шаруашылығы үшін қажетті өндіріс құралдарын шығаратын,
сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық жабдықтаумен айналысатын
өнеркәсіп саласы;
ІІ – ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы);
ІІІ – дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және
АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің
жиынтығы [15].
Қазақстан ауыл шаруашылығының дағдарысы Кеңес Одағының АӨК-де
сексенінші жылдары бастады. Осы уақыт ауыл шаруашылығы өндірісін толық
тоқыраушылыққа әкелген және Кеңес Одағының азық-түлік импортына, негізінен
астыққа тәуелділігін көбейтіп, АӨК-нің құрылымдық дағдарыс кезеңі ретінде
белгілі болды.
Әлеуметтік инфрақұрылымның артта қалуы, жастардың, білімді және
еңбекке қабілетті тұрғындардың ауылдан көшуі, еңбектің техникалық
қарулануының төмендігі аграрлық секторды елеусіз экономика секторына
айналдырды.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, басқа кеңестік мемлекеттер
тәрізді, экономиканы модернизациялауға және халық шаруашылығының барлық
секторын реформалауға көшті. Бұл уақыт – меншіктің және АӨК-тегі бизнестің
қалыптасуының жаңа нысанын сипаттайтын ауыл шаруашылығының даму сатысының
қалыптасу кезеңі болды.
Аграрлық рефрманы жүзеге асыру барысында меншіктің көпжақтылығына
негізделген жаңа құрылым жасалды. Ауыл шаруашылығы және өңдеуші
кәсіпорындардың көпшілік бөлігі жаңа ұйымдастыру нысанында: ауыл шаруашылық
өнімдерін негізгі өндіруші болып табылатын акционерлік қоғамдар және
серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, мемлекеттік
кәсіпорындар болып қайта құрылды.
Алайда, кез келген түбегейлі қайта құру мемлекет экономикасы үшін
ауыртпалық әкелмей қоймайды. Көпжылғы аймақаралық және салааралық
шаруашылық байланыстарды бұзу ауыл шаруашылығын дағдарысқа тіреді. Ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірудің құлдырауыныныі себептері ауыл
шаруашылығының аумақтық және салааралық ерекшеліктерін ескермей,
жеңілдетіліп, ойластырып жасалмаған жекешелендірулер болды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларды талдау көп салалы
экономиканың дамуы мен қалыптасуы бірнеше сатыда жүргізілетінін және қазір
бұл салада тұрақтану кезеңінен өсу кезеңінен өткенін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығын реформалаудың келесі негізгі сатыларын бөліп
қарастыруға болады:
Бірінші – қалыптасу кезеңі (1990-1994 жж.);
Екінші – секірісті даму кезеңі (1995-1999 жж.);
Үшінші – тұрақтану кезеңі (2000-2001 жж.);
Төртінші – өсу кезеңі (2002 жылдан бастап) [16].
Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін
2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған
Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен біздің
мемлекетіміз аграрлық сектордың тиімді кызмет етуінің негізін
қалыптастыратын институттық тетіктерді іске қосты.
Аграрлық сектор — бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай
өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп ретте
ұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік түтастай нарыққа киліктірілген.
Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені
ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі
киліктірілмеген[2].
Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді
менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы
керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.
[2]
Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222,6 млн. га
құрайды, оның ішінде 24 млн.га егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер
(2,2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7,3 млн адам
немесе елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы
ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен
қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған [17].
Біздің еліміз дүние жүзінің ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін 25
мемлекеттің қатарына енедіжәне өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі
деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар,
сарапшылар аграрлық сектор есебінен ЖІӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс
салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа сектордың ЖІӨ-нің
өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатыны нақты жобалармен айқындап
беріп отыр [18].
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, оның негізгі құрамы ауыл
шаруашылығы, соңғы жылдары дүние жүзіне кең тараған әлемдік қаржы
экономикалық дағдарыстың күші ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі.
Дегенмен, дағдарыс аясының кеңеюі мен күрделенуі, отандық аграрлық жүйеге
дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің нәтижесінде кейбір
елдердегідей бұл сала рецессияға ұшырамай, белгілі бір деңгейде даму
қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы
өнімдерінің көлемінің ұлғаюы байқалады. Өндірілген өнім ағымдағы бағалармен
есептегенде 2007 жылы 1,1 трлн. теңгеге дейін болса, 2008 жылы 1,3 трлн.
теңге болып 18,3% өскен, ал бұл көрсеткіш 2000 жылмен салыстырғанда 3,3
есеге өскен [18].
Ауыл шаруашылығы өндірісінің елдің жалпы ішкі өніміндегі үлес салмағы
– 6% жуық. Соңғы үш жылдардағы ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесінің
өзгерісін келесі кестеден көруге болады [19].
1 кесте
ЖІӨ құрылымы*
қорытындыға %
Көрсеткіштер 2006 2007 2008 2009ж.
қаңтар-на
урыз
Жалпы ішкі өнім 100,0 100,0 100,0 100,0
Тауарлар өндірісі 44,9 43,4 45,6 36,3
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман 5,55,7 5,3 2,7
шаруашылығы Балық аулау, балық өсіру
Өнеркәсіп 29,6 28,3 32,1 28,2
Құрылыс 9,8 9,4 8,2 5,4

*Дерек көзі: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде
автормен құрастырылған

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2008 жылы ЖІӨ-нің
нақты көлемі 15 936 528 млн. теңге болып, оның 842 117,4 млн теңге көлемін
ауыл шаруашылық өндірісінің үлесіне тиесілі болды, бұл ретте өнеркәсіп -
5 130 041,5 млн. теңге, ал құрылыс саласынын ондағы нақты көлемі
1 303 857,3 млн. теңгені құрады. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша
ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 2,7 пайызын ғана құрап отыр [20].

1 - сурет. 2000-2008 жж. ҚР ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы.

Аграрлық секторды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында 2008 жылы
бөлінген қаражат 2007 жылғы деңгейден 1,7 есеге ұлғайды, оның ішінде
тікелей қолдауға (субсидия) бөлінген қаржы 2,0 есе, несие ретінде берілгені
2,2 есеге өсті. Соның нәтижесінде аса қажетті дақылдардың егістік көлемін
ұлғайтуға, агроөнеркәсіп жүйесін технологиялық және техникалық
жарақтандыруға мүмкіндіктер туды. Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түрлері
– майлы дақылдар, қант, көкөніс,жеміс-жидек өнімдерін одан әрі дамытуға
ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында
аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Соның
нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі - 35%,
көкөніс, жеміс-жидек - 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті [18].
Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады
(экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық
өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай
орын алады [17].
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша
2008 жылы бидайдың жалпы түсімі түсімділігі өңделгеннен кейінгі салмақта
шамамен 15,6 млн. тоннаны құрады, орташа түсімділігі – 10,1 цга. Бұл көлем
мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және астық
экспортының көлемін 5,5-6,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте астықтын жоғары сапасы - 90% бидай байқалып отыр (2007 жылы -
76%). Ішкі астық нарығын тұрақтандыру мәселелерін шешу үшін Азық-түлік
келісім-шарт корпорациясы ҰК АҚ 2008 жылдың қорытындысы бойынша
тұрақтандыру ресурстарына 579,8 мың тонна астық сатып алды [20].
Өз өндірісінің астығымен қамтамасыз етілмеген облыстардың қажеттілігін
қамтамасыз ету үшін солтүстік өңірлер облыстарынан астықты сатып алу және
жеткізу арқылы облыстық тұрақтандыру қорлары құрылуда.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің минералды тыңайтқыштарға қол
жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет оларды сатып алуды
субсидиялауды жүзеге асырып жатыр.
2008 жылдың қорытындылары бойынша жалпы республикамызда негізгі ауыл
шаруашылығы техникасының саны мынаны құрайды: тракторлар – 156 755 дана;
астық жинайтын комбайндар – 48 422 дана; егіс кешендері – 2 005
дана; сепкіштер – 91 671 дана; дестелегіштер – 15 526 дана; жүк таситын
автомобильдер – 51 068 дана; топырақ өңдейтін техника – 316 191 дана; басқа
техника – 146 937 дана [19].
7 034 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (2007 жылы – 5088
дана), оның ішінде: тракторлар – 1914 дана; астық жинайтын комбайндар – 1
785 дана; егіс кешендері – 495 дана; дестелегіштер – 251 дана; жүк
автомобильдері – 202 дана; топырақ өңдейтін техника – 290 дана; басқа
техника – 1 380 дана [19].
Мал шаруашылығы жүйесінде де оңды өзгерістердің қалыптасқаны
байқалады. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал
2,8% көбейген және сәйкесіншеқой мен ешкі - 5,0%, шошқа - 1,0%, жылқы -
5,8%, түйе - 3,4% және құс 10,5% өскен. Дегенмен мал шаруашылығында асыл
тұқымды малдың үлес салмағы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр және
оның деңгейі төмендегідей: мүйізді ірі қара – 4,3%, қой мен ешкі - 7,4%,
жылқы - 2,6%, түйе – 10%. Ал ғылыми негізде немесе озық тәжірибеге
сүйенсек, сапалы өнім алу үшін асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 30%
кем болмауы қажет. Мысалы, 2007 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағының
мәліметтері бойынша ауылдық өңірдегі үй шаруашылығында мүйізді ірі қараның
- 85%, қой мен ешкінің - 77,0%, жылқы мен шошқаның 79,0% шоғырланған екен.
Яғни бұл жүйеде заман талабына сай өнім өндіру мен оны өңдеудің өндірістік
озық технологиясын ендіру үшін арнаулы орта және ірі кәсіпорындар жүйесін
қалыптастырудың қажеттігі туындап отыр [18].
Сондықтан мал шаруашылығын әртараптандырып, одан түрлі өнімдер өндіру
мен оны экспортқа шығару мақсатында Мал өнімдері корпорациясы АҚ және
бизнес құрылымдардың қатысуымен қазіргі таңда талапқа сай мал бордақылау
алаңдарын және оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін құру көзделген. Осы
мақсатты жүзеге асыру үшін 2008 жылы республикалық бюджеттен елімізде 30
сүт және ет өндіретін тауарлы ірі фермаларды құруға қажет негізгі құрал-
жабдықтарды сатып алуға 5,0 млрд. теңге және олардың айналым капиталын
толтыруға мемлекет тарапынан 5,3 млрд. теңге қаражат бөлінген. Тауарлы сүт
өндіру фермаларын асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен, ал мал бордақылау
алаңдарын және ет комбинаттары озық үлгідегі техникалық жабдықтармен
қамтамасыз етіліп, халықаралық стандарттарға сай келетін мал өнімдерін
дамыту көзделіп отыр.
Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың арқасында 2008 жылы
республиканың асыл тұқымды мал шаруашылығы базасы 537 шаруашылық
субъектілерімен білдірілді. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының
төлін өсірумен және сатумен 512 субъекті айналысады, оның 58-і асыл тұқымды
зауыт мәртебесіне және 454-і асыл тұқымды шаруашылық мәртебесіне ие. Ауыл
шаруашылығы жануарларын өндірушілердің өндіру және сатумен асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласында 25 субъекті, соның ішінде 2 асыл тұқымды және 23
дистрибьютерлік орталықтар айналысады [18].
Сүтті мал шаруашылығы саласында 100 субъекті, соның ішінде 13 асыл
тұқымды зауыт және 87 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Етті мал
шаруашылығымен 70 субъекті, соның ішінде 13 асыл тұқымды зауыт және 57
асыл тұқымды шаруашылық айналысады. Асыл тұқымды қой өсіруге 181 субъекті,
соның ішінде 20 асыл тұқымды зауыт және 161 асыл тұқымды шаруашылық
мамандандырылған. Ешкі шаруашылығында Оңтүстік Қазақстан облысында
орналасқан 2 асыл тұқымды зауыт жұмыс істейді. Шошқа шаруашылығында 20
субъекті, соның ішінде 2 асыл тұқымды зауыт және 18 асыл тұқымды шаруашылық
жұмыс істейді.
Асыл тұқымды ат шаруашылығында 93 субъекті, соның ішінде 10 ат зауыты
және 83 асыл тұқымды шаруашылықтар бар. Түйе шаруашылығында 23 асыл тұқымды
шаруашылық жұмыс істейді. Пантылық бұғы шаруашылығы Шығыс Қазақстан
облысында дамыды және онда 4 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді, оның 3-
і марал, біреуі – теңбіл бұғы өсіруге мамандандырылған. Құс шаруашылығында
14 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.
Саланы дамыту мақсатында сүт, сиыр, шошқа, қой, құс етін және жұмыртқа
өндіру үшін пайдаланылатын құрама жемнің құны субсидияланады. Оған қоса,
субсидияны тек басым тұқымды малдары бар ауыл шаруашылығы құрылымдары ғана
ала алады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі жыл сайын артуда.
Лизингтік компаниялардың банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралар арқасында жаңа
технологиялар ендірілуде, ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу үлесі
артуда, шығарылатын өнімдердің түрлері кеңеюде [17].
Агроөнеркәсіптік кешенінің 2008 жылдағы әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындыларының ұсынған мәліметтері бойынша ауыл шаруашылығы
шикізаттарын қайта өңдеу саласында 2008 жылы сомасы 692,4 млрд. теңгеге
немесе 2007 жылмен салыстырғанда 20,6% артық (573,8 млрд. теңге) өнім
өндірілген.
2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ұн өндірісі 7,1(-ға, шұжық
өнімдері 6,1(-ға, жарма 26,3(-ға, өңделген күріш 7,4(-ға, макарон өнімдері
5,7(-ға, ақ қант 29,9(-ға, печенье 5,9(-ға, маргарин 19,4(-ға өскені
байқалады [19]. Бұндай өндіріс көлемінің артуы саланың нақты бағдарланған
шаралар кешеніңнің дұрыс жүргізілуімен негізделеді.
Ет және ет-өсімдік консервілері өндірісінің көлемі 4,5(-ға, құрғақ сүт
10,9(-ға, сары май 14,9(-ға, ірімшік пен сүзбе 4,2(-ға, қоюлатылған сүт
19,5(-ға, өсімдік майы 25(-ға, жеміс шырындары 29,3(-ға, консервіленген
томат 33,7(-ға, жеміс консервілері 29,9(-ға, көкөніс консервілері 8,7(-ға
төмендеді.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу үлесі жыл сайын артуда.
Мысалы, дәнді дақылдарды қайта өңдеу 2003 жылы 20,5(-дан 2008 жылы 38(-ға
дейін, сүт 18,1(-дан 34(-ға дейін, ет 14,6(-дан 26(-ға дейін, майлы
дақылдар 55(-дан 99(-ға дейін өсті.
Тамақ өнімдерін ішкі тұтынудағы импорт үлесінің төмендегені байқалады.
Ішкі тұтынудағы импорт үлесі: құрғақ сүт бойынша 84,5(-дан 80(-ға дейін,
көкөніс консервілері 94,6(-дан 92(-ға дейін, ақ қант 29,4(-дан 10,1(-ға
дейін күріш 22,3(-дан 17(-ға дейін төмендеді.
2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ұнды экспортқа шығару көлемі 23(-
ға, шырындарды 2 есе, маргарин 84(-ға, сары май 24(-ға, жарма 10(-ға өсті
[19.]
Айтып кететін жағдай, соңғы жылдары ауыл шаруашылық өнімдерін
тереңдетіп өңдеу үрдісін мемлекет тарапынан қолдау нәтижесінде ілгерілеу
бар. Дегенмен кейбір ауыл шаруашылық өнімін шетелден сатып алу, яғни импорт
үлесі әлі де жоғары болып отыр. Ол шұжық өнімдері бойынша - 45%,
консервіленген көкөніс, жеміс-жидек -80%, құс еті - 70%, өсімдік майы -
35%. Осы аталған өнімдерді өзімізде өндіруге толық мүмкіндік болса да
шетелден әкелуге мәжбүрміз [18].
Елдің аграрлық секторының осы заманғы жағдайынның талдамасы оны
дамытудағы оң қарқынның сақталғандығы туралы түйін жасауға мүмкіндік
береді. Мәселен, ауыл шаруашылығының 2002-2008 жылдардағы жалпы өнімінің
орташа өсу қарқыны. Республика экономикасының аграрлық секторын дамуының оң
қарқынына қол жеткізуге мынандай факторлар жәрдемдескен :
1. Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымында мал шаруашылығы мен
өсімдік шаруашылығының үлесі артқан.
Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымында мал шаруашылығының
үлесі артып келеді. Мәселен, 2001 жылы 39%-ға жуық пайызға дейін төмендесе,
ал қазіргі кезде 2008 жылғы көрсеткіште оның үлесі 44%-ын құрап отыр. Мал
шаруашылығының өндірісінің оң қарқыны ең алдымен мал басының өсуіне
байланысты.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемінде өсімдік шаруашылығының
үлесі де артып келеді. Мәселен, 2000 жылы оның үлесі 49% болса, соңғы
уақытта 52%-ды құраған. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің өсімі
астық өндірісінің артуына негізделеді (44%).
Өсімдік шаруашылығы саласындағы оң тенденциялар ең алдымен, мемлекет
тарапынан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша шаралар
қабылдауға негізделген. Мәселен, жыртылатын жердің өнімділігін көтеру
мақсатында жыл сайын оның құрылымындағы жұп үлесі ұлғайтылады. Соңғы
кездері ол 19,1%-ды құрады, ол 2001 жылы 7%-ға дерлік жоғары.
1. Азық-түлік өнеркәсібінің оң қарқынмен дамуы. Азық-түлік
өнеркәсібінің ел экономикасының тұрақты өсуі үшін маңызы зор.
Кәсіпорын жұмысының экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің
жақсаруы шикізаттық мұнай мен ілеспе газ өндіру мен металлургиялық
өнеркәсіптен кейін үшінші орын алуға жол береді. Бұл сектор өңдеу
өнеркәсібі құрылымында бүгінгі күні 26,3%-ды құрайды және жалпы
ішкі өнім құрылымында -7,5% [22].
Соңғы жылдары сектордың даму қарқыны айтарлықтай жақмы нәтиже көрсетті,
соған қарамастан республика экономикасының аграрлық секторын дамытуда
елеулі мәселелер бар.
1. Республиканың ауыл шаруашылығы рыногының импорттан жоғарғы
тәуелділік деңгейі. Елдегі ауыл шаруашылығы рыногының жағдайы
сыртқы рыноктан азық-түлік деңгейімен сипатталады.
2. Аграрлық өнімнің импортына қатысты мемлекеттің жетілмеген тарифтік
саясатты жүргізуі.
3. Аграрлық секторды қолдауға берілген бюджет қаражатының толық
игерілмеуі.
4. Өнеркәсіптік өңдеудің төмен деңгейі мен өңдеу кәсіпорындары
қуатының толық жүктемесінің болмауы. Өндірілген ауыл шаруашылық
өнімдерінің шамамен 80% өңдеусіз шикізат түрінде сатылады, ал дайын
өнім өңдеу кәсіпорындарының технологиялық артта қалуына байланысты
әлсіз бәсекелік қабілетке ие [19].
5. Аграрлық өндіріске инновациялық әзірленімдердің жеткіліксіз
ендірілуі.
6. Аграрлық секторды жеткіліксіз инвестициялау. Негізгі қорлардың тозу
деңгейінің жоғары болуы мен желініп кетуі салдарынан аграрлық
сектор кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай
төмен. Мәселен, ауыл шаруашылығының негізгі капиталға салған
инвестицияларының үлесі 2006 жылы экономикаға салынған
инвестициялардың тек 2% құраған.
Инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыру мен оның экономикалық
тиімділігін жоғарылату АӨК салаларында маңызды мәселе болып табылады. Ауыл
шаруашылығының қазіргі уақытта қалыптасықан дамуы жағдайында осы салаға
келіп түсетін инвестициялық белсенділіктің динамикасын келесі тарауда
қарастырып өтемін.

1.2 Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын замана талабына сай
дамытудың мәселелері
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашлық салаларын жетілдіру
үшін, алдымен оған кері әсер етіп тұрған ұйымдастырушылық құқықтық,
қазыналық және саяси мәселелерді жою қажет.
Батыс елдері мамандарының пікірінше Қазақстанға қаржылық жағдай
жалпы алғанда ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Бірақ ауылшаруашылығы
саласына шетел және отандық қаржыгерлердің келуін тежеп тұрған әртүрлі
мәселелер аз емес. Олардың ішінде ең күрделілеріне Салық Кодексі және Жер
туралы заңдардың жетілмегендігі, қаржылық тәуекелдерді және бюрократияны,
шетелдік және отандық қаржыгерлер-қаржылық салымдарды тежеуші мәселелер
ретінде қарастырады. Бұл мәселеге бір жағынан қарайтын болсақ, Қазақ елінің
қазыналық ауыл шаруашылық саласы шетел қаржгерлері үшін тартымды, өйткені
қаржылардың табыстылығы Қазақ елінде басқа ТМД елдерімен салыстырғанда
жоғары.[2]
Ауыл шаруашылығы саласында егемен ел болғалы бері қаржылық
салымдардан қандай да бір жақсы нәтиже күту үшін уақыт әлі аздық етеді.
Бірақ осы жылдар ішінде, бұл салада өзін- өзі қайта ұйымдастыра білген
шаруашылықтар да аз емес. Қаржы жағдайы көптеген тұрақты жаңа
шаруашылықтар, үлкен бидай компаниялары азық- түлік тауарлар нарығында өз
орнын таба білді. Аграрлық саладағы инвестициялық жағдай бірте- бірте
жақсарып келеді, бірақ өте баяу, бұның негізгі себебі ауыл шаруашылығы
саласында пайда табу деңгейі төмен деген еліктеме ұғымның қалыптасуы әлі
күнге дейін сейілмей келеді.
Ауыл шаруашылық сауданың қаржылық тартымдылығын арттыру үшін
алдымен бұл саладағы қаржылық тәуекелділікті төмендету және пайда деңгейін
арттыру керек екендігі бәріне мәлім. Бұл мәселені шешудің негізгі жолы
өндіріс көлемін ұлғайту және дақылдар мен мал шаруашылығының өнімділігін
арттыру керек.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005, жылы ауыл шаруашылық өнім
көлемі – 84 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда
10,5 % жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы
көлемі, Қазақстан бойынша жалпы ауыл шаруашылық өнімдеріндегі үлесі соңғы
жылдары 13-14 % жетті.
Сонымен қатар республика бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының 41 %
және онда жұмыс істейтін жұмысшылардың 40 % осы Оңтүстік Қазақстан
облысында орналасқан. Облыстың тұрғындарын азық- түлікпен қамтамасыз ету
мақсатында және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін
дамыту мақсатында Азық-түлік бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарлама
бойынша іс шараларға республикалық бюджеттен- 6,6 млрд. теңге және облыстық
бюджеттен 203,7 млн. теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар облыста 2004-2010
жылдардағы ауыл шаруашылық аймақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
іске асырылуда.[15]
Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің
қарамағындағы экономикалық зерттеулер институтының мәліметтері бойынша
Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы төмен деп
бағаланған. Зерттелген деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы
республиканың 14 облысы мен 2 қаласы (Астана, Алматы) ішінде рейтинг
бағалауда 13-16 орындарды егеленіп отыр. Былайша айтқанда Оңтүстік
Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығы Алматы қаласымен
салыстырғанда қор әлуеттілігі бойынша 3,9-4,4 есе, қаржы әлуеттілігі 27-36
есе, инвестициялық әлуеттілігі бойынша 12,5-17,4 есе төмен екенін байқауға
болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін инвестициялық тартымдылықты тез арада
жоғарылату үшін экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық,
криминалдық тәуекелділіктерді төмендету үшін жұмыс істеу керек. [16, 91-
92б]
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығында жоғарыда аталған
кемшіліктерді жою үшін және инвестициялық тартымдылықты жақсарту жақын
болашақта мына іс шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
-нарықтық қатынастарды дамыта отырып, экономикалық құрылымдарды қайта
құруда инвестицияны тарту принциперін қарастырып отыру;
-бәсекеге қабілеттілік ортаны дамыту;
-өндіріске жаңа технологиялар мен техникалар, әдістер мен ноу-хау
енгізу;
-облыста бәсеке қабілеттілігі жоғары өнімдердің көлемін арттыру;
-ішкі нарықты жоғары сапалы өнімдер мен қызметтер есебінен
қанағаттандыру;
-нарыққа жоғарғы дәрежедегі менеджмент пен маркетинг әдістерін енгізу;
-нарық жүйесіне сәйкестендірілген жергілікті мамандар даярлау және
олардың біліктілігін жетілдіру;
-жаңа жұмыс орындарын құру.
Ауыл шаруашылық субъектілері деңгейінде инвестициялық қаражатты
жинақтау мен жұмсау дәрежесін анықтау үшін жаңа әдістемелік ғылыми
зерттеулер жүргізе отырып, оның нәтижелерін кәсіпорындар, кәсіпкерлер, жеке
тұлғалар арасында жария етіп, олардың біліктілігін көтеру қажеттілігі туып
отыр. Себебі, әр жылы кәсіпкерлердің инвестициялық саясатын дұрыс жүргізе
алмағандықтан ресми мәліметтер бойынша олардың 20-25 % зиян шегіп, оның
жартысына жуығы банкротқа ұшырап отырады, ал бейресми деректер бойынша
жабылып жататын кіші кәсіпкерліктің деңгейі бұл көрсеткіштен де жоғары.
Сондықтан, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы
саласында қаржылық саясатты мақсатты түрде бағыттай отырып, келетін сыртқы
және отандық инвестициялардың тартымдылық деңгейін жоғары көтеру арқылы
ауыл тұрғындарының экономикалық және әлеуметтік тұрмыстарын жақсарту кезек
күттірмес мәселелердің біріне айналуы тиіс.
Экономикалық әдебиеттерде ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық
тиімділігі мәселелерінің методологиясы және тиімділік критериін анықтау
және есептеу әдістемесіне іргелі еңбектер арналған. Бұл еңбектердің
көпшілігіне тән ерекшеліктері, оларда шығындардың арақатынасы деп
түсіндірген, ал шығындар пайдаланылған, яғни трансформация болған
өндірістік ресурстардың бір бөлігі соның ішінде табиғи және өндірісте
тікелей қатыспағандары бар.
Қазіргі уақытта 2008 жылдың басындағы мәлімметтер бойынша облыста 48-
ге жуық МТС жұмыс істеп тұр және олардың атқарған ауыл шаруашылық жұмыстары
170,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 67,8 млн,
теңгеге артық. Міне, жоғарыда аталған көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан
облысының бүгінгі күнінің агроөнеркәсіп комплексінің инфрақұрылымының
инвестициялық әлуеттілігін сипатттайды.
2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қаржылық емес активтерге 40,1
млрд. теңге жұмсалған, немесе бұл республиканың барлық инвестициядағы үлес
салмағының тек 2,7 % ғана құрайды. Бұл көрсеткіш облыста әлі де болса
инвестициялық жағдайдың төмен екендігін көрсетеді.
Ал облыстың ауыл шаруашылығын өркендетуге 695 млн. теңге жұмсалса,
бұл көрсеткіш республикада 30,1 млрд. теңгені құрайды немесе үлес салмағы
2,3 %-тің көлемінде.
2005-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында қаржылық емес
активтерге орта есеппен бір жылға 33 млрд. теңге жұмсалып отырса, оның
ішінде ауыл шаруашылығына жұмсалған инвестицияның үлес салмағы 1,7-3,1%
көлемін құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш өнеркәсіпте 48,6-54,4%, көлік және
байланыста 8,5-10,3 %, құрылыста 4,8-9,8 %, жылжымайтын мүлікпен операция
жасауда 4,8-10,7 %, саудада 5,8-9,2 % аралығында болып отыр. [6]

2 – кесте.

Оңтүстік Қазақстан облысында экономика салалары бойынша қаржылық емес
активтерге жұмсалған инвестициялар*
Көрсеткіштер 2005 2006 2007 2008

Млн теңге Пайыз Млн теңге пайыз Млн теңге пайыз Млн теңге Пайыз
Қаржылық немесе активтерге жұмсалған инвестициялар-барлығы 23033 100
364117 100 36408 100 40060 100 Ауыл шаруашылығы 622 2,7 1130
3,1 1879 5,2 695 1,7 өнеркәсіп 12518 54,4 18505 51 15784 43,4
194469 48,6 Құрылыс 1876 8,1 3556 9,8 1371 3,8 1933 4,8
Көлік және байланыс 1967 8,5 2026 5,6 4296 11,8 4110 10,3
Жылжымайтын мүлік пен операциялар 1113 4,8 2652 7,3 2805 7,7 4300
10,7 Сауда 2111 9,2 5777 15,9 6313 17,3 2310 5,8
Мемелекеттік басқару 270 1,2 994 2,7 2101 5,8 5822 14,5 Білім
беру 1034 4,5 814 2,2 1399 3,8 1032 2,6 Денсаулық сақтау 73
0,3 48 0,1 100 0,3 27 0,1 Басқалары 1449 6,3 855 2,3 360
0,9 362 0,9
Дерек көзі * : Қ.Р Статистика Агенттігі http:www.stat.kz

Дамыған капиталистік елдердің экономист-ғалымдарының еңбектерін де
өндірістің экономикалық тиімділігін анықтауда методологиялық және
әдістемелік негіздерін зерттеуде ресурстар арқылы жанасу өндірушілердің де,
нарықтық қатынастың да талаптарына сай реттеуге болатындығына жауап табуға
болады. Мұның негізгі себебі әрбір тауар өндіруші кәсіпкерлік іс-әрекетті
бастамас бұрын өзінің өндірістік әлеуетін алуға тырысады, иелігіндегі
ресурстарды есепке алады, олардың сандық және сапалық параметрлерін
анықтайды. Осы жолмен пайдаланылатын ресурстардың оңтайлы шешімдерін
қабылданып өнім өндіруге барынша шығындар бөлігін төмендетуге, әлеуетті
пайда массасына қол жеткізуге әрекеттенеді. Бұдан туындайтын ой-пікір
кәсіпкерлікті ұйымдастыруда осы механизмді қолданып тауар өндіруші өзіне
тиімді критерийді таңдап алуға мүмкіндік алады, өз өндірісінің экономикалық
тиімділік көрсеткішін анықтайды.
Ауыл шаруашылығы өндірістің экономикалық тиімділігі проблемаларын
зерттеуші ғалым-экономистер критерийді өндірістің нәтижелік
көрсеткіштерімен теңестіреді. Бізге белгілі болғандай, өндірістің
көрсеткіштері нақтылық және нәтижелік болып екіге бөлінеді. Нақтылық
көрсеткіштер үшін соның ішінде ресурстық әлеуетке біздің пікіріміз бойынша
мақсатты сипаттағы бір ғана критерий бар, ол өндірілген өнімнің және
көрсетілген қызметтің бірлігіне ресурс шығындарын азайту. Бұл көрсеткіштер
сыйымдылық сипаттағы көрсеткіштерге бөлінеді: қор сыйымдылығы, еңбек
сыйымдылығы, қуат сыйымдылығы, жер сыйымдылығы т.с.с. Бұл көрсеткіштер
тиісті нәтижелік көрсеткіштердің кері мөлшерін және нақты пайдаланылған
ресурс түрінің қайтарым деңгейін көрсетеді: қор қайтарымы, еңбек қайтарымы,
еңбек өнімділігі.
Қорыта келгенде, кеміту критерийлерінің мұндай бөлінуі сыйымдылық
нәтижелік көрсеткішті анықтауда қолданылады, ал жоғарылату нәтижелік
көрсеткіштерді пайдалану жолымен өндірісте ресурстар қайтарымының деңгейі
анықталады. Біздің пікіріміз бойынша, ауыл шаруашылық өндірісінің және
оның экономикалық тиімділік критерийлерінің екі бөліктен құралатындығы
және қолданылғаны дұрыс.
Ауыл шаруашылық критерийі- халықтың азық-түлікке қажеттілігін толық
көлемде және бәсекеге қабілетті ассортиментте қанағаттандыру, ал
өнеркәсіпті ауыл шаруашылығында өндірілген шикізатпен қамтамасыз ету. Бұл
тұжырым қазіргі экономикалық саясаттың негізгі мақсатына толық жауап
береді. Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің критерийі
шаруашылық іс-әрекетпен максимум тиімділікке жету, өндірілген өнімнің және
көрсетілген қызметтің есептеу бірлігіне минимум тұрақты ресурс шығын арқылы
серпімді даму табатын кеңейтілген ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз етіп,
өндірістік және экономикалық әлеуетті жоғарылату барлық әлеуметтік-
экономикалық мәселелердің негізін қалау талапқа сай болады.
Тиімділік көрсеткіштердің оның критерийлерінен айырмашылығы олар нақты
санды мәнге ие, олар жалпылама және жекеленген болып бөлінеді, ауыл
шаруашылық өндірісінің үрдісіне жалпы және жекеленген ресурстардың түрлерін
пайдалану тиімділігін көрсетеді. Яғни, ауыл шаруашылық өндірісінің
тиімділікті оның ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерімен
сипатталады және олардың интегралдық көрсеткіші-ресурс әлеуеті болып
табылады. Ресурстық әлеуеттің аболюттік сомасының есептеулері тиімділік
көрсеткіштерін ауыл шаруашылығының көп укладты құрылымында пайдалануға
мүмкіндік туғызады: акционерлік қоғамда, өндірістік кооперативте,
серіктестікте, шаруа қожалығында. Алдымызға қойылған мақсатқа және
міндеттің сипаттамасына қарай барлық пайдалануға жататын ресурстар
әлеуетінің экономикалық ресурстар жүйесін төмендегі топтарға бөлуге болады:
-ауыл шаруашылығының ресурстар әлеуетінің пайдаланудың жалпылама
көрсеткіші;
-ауыл шаруашылығы салаларының: өсімдік өсіру және мал шаруашылығы,
агроқұрылымдардың ресурстар әлеуетінің тиімділік көрсеткіштері;
-ауыл шаруашылығының және оның салаларында пайдаланылатын ресурстар
әлеуетінің түрлерінің құрамын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.
Өндірістің ақырғы нәтижесі ретінде ресурстық әлеуетті пайдаланудың
экономикалық тиімділігін анықтау үшін жалпы, тауарлы, ақырғы өнім, жалпы
және таза табыс ұсынылады. Ауыл шаруашылығында нақты қол жетімді
ресурстарды және өндірістің жағдайын есепке ала отырып техонлогиялық карта
және шығындар нормалары анықталады, осылардың негізінде жер бірлігі
көлеміне шаққандағы ресурстар, жиынтық ресурстар әлеуетін бекітеді. Онан
соң алынатын өнімнің мөлшеріне қарап ресурстық әлеуеттің нормативтік
деңгейі анықталады. Өндірісті ресурстық қамтамассыз етуде баланстық әдістің
маңызы бар, әсіресе көп укладты жаңа агроқұрылымдар: акционерлік қоғам,
өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары үшін, себебі бұл
агробизнестің басты объектілері болып отыр. Сондықтан осы мәселелерді
зерттеу барысында: ауыл шаруашылығы ресурстық әлеуетін қалыптастыру,
критерийлерді және олардың экономикалық тиімділігін таңдауда нарықтық
қатынас жағдайында тауар-ақша қатынастарының қызметтерінің ерекшеліктерін
есепке алу керек. [ 20]
Тауар-ақша қатынастарын жетілдіру деңгейінің негізгі көрсеткіші
шаруашылық жүргізу нәтижесінде алынған пайданың салмағымен өлшенеді, бұл
көрсеткіш сатылған өнімнің (көрсетілген қызмет) құнымен оның коммерциялық
өзіндік құнының айырмасына тең. Маркетинг нарықтық қатынасқа тиісті тәсіл
ретінде тікелей өндіріске байланысты емес шығындарды есепке алады:
жарнамалық патент және лицензия алу үшін шығындар. Бұл көрсеткіштер
өндірістің шығыстары есебінде өзіндік құн құрамына енеді. Бұл жерде
жоғарыда көрсетілген шығыстардың көзі қосылған еңбекпен жаратылған қосылған
өнім болады.
Қорыта айтқанда, нарықтық қатынас жағдайында ауыл шаруашылық
ресурстарының әлеуетінің экономикалық тиімділігінің критерийі- оның
максималды деңгейде игерілуіне қол жеткізу, осы жолмен экономиканың
аграрлық секторының өндірістік және экономикалық потенциалын арттыру,
халықтың тұтыну қажеттілігін толық тауарлармен қанағаттандыру, ал
өнеркәсіпті ауыл шаруашылығында өндірілетін шикізатпен, сонымен қатар
өндірістік шығындарды және бағаларды төмендету. Бірыңғай критерийді
белгілеу өндірістің бірқалыпты істеуінің негізін жасайды: тиімділік, іс-
әрекеттің нәтижесі, шығындар мен ауыл шаруашылық өндірісінде ресурстық
әлеуетті пайдаланудың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі. Бұл
көрсеткіштер нарықтық қатынастар талабына толық жауап бермейді.
Ішкі факторларға ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушылық-
шаруашылық байланыстарының ішкі құрылымын анықтайтын факторлар жатады. Бұл
өндірістің шаруашылық формасы, инвестициялық саясат, Тәуелсіздік алған
жылдардан кейін еліміздің ауыл шаруашылығында түбегейлі өзгерістер болды:
2008 жылдары ауыл шаруашылығындағы өндірушілер құрылымында мемлекеттік емес
меншік формаларының үлесі 99,9% құрады. Совхоздар мен колхоздарды
жекешелендіру аяқталғаннан кейін шаруашылықпен айналысатын субъектілер саны
өсе бастады. Жеке шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіре
бастады. Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығындағы өндірушілер 5 мыңнан астам
кәсіпорындарды қамтиды. 1991-2008 жылдары жалпы ішкі өнімдегі ауыл
шаруашылық өндірісінің үлесі айтарлықтай өсті. Егер 1991 жылы ауыл
шаруашылығындағы кәсіпорындар үлесі- 67,5% болса, 2003 жылы- 25,6 % болды,
үй шаруашылығында-32- ден 50 %-ке өсті. Осы уақыт аралығында ауыл
шаруалығында өсімдік өсіру жұмысы да едәуір қолға алынды: ол 1991 жылы-35%
болса, 2008 жылы-57%-ке жетті. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін
тұрақтандыру тенденциялары қарастырылуда. 1991-2008 жылдары орта есеппен
жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының жылдық үлесі-8,6% құрады.
Аграрлық сектор экономикасының дамуымен қоса әлі де шешілмеген
мәселелер ауыл шаруашылық өндіріс потенциалының толық қалыптаспағанын
көрсетеді. Бұны негізгі ішкі және сыртқы факторлар арқылы анықтауға болады.
Ішкі өндіріс құралдарының жағдайы және инновациялық қызметтің дамуы,
жұмысбастылық құрылымы, өндірісті басқару әдістері және т.б.
Бақылау жұмыстарының қорытындысына сүйенсек, өндіріс формасының бір
түрі –шаруа қожалықтары айтарлықтай нәтижелі емес, яғни олардың жұмыс күші
аз, олар отбасылық деңгейде қызмет атқарады. Олардың техникалық базасы
әлсіз, өндірісті үлкейтуге қаржы мәселесі қиындық туғызады.
Сонымен қатар аграрлық секторда жаңа техника мен технологияларды
енгізуге бағытталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Экономикадағы интеграциялық процестер
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Кластерлік жүйе
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын факторлар
Пәндер