Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі


Мазмұны
Кіріспе3
1. Батик техникасының даму тарихы7
1. 1. Батиктің орындалу әдістері және
қажетті материалдар9
І. 2. Батик-шығармашылық өнердің соңғы
жетістерінің бір түрі16.
2 Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі. 19
2. 1 Сәнділік қолданбалы өнер үйірмесін
оқыту барысындағы эстетикалық тәрбиенің мәні. 19
2. 2 Сәндік қолданбалы өнер үйірмесінің
ұйымдастырылуы және құрылымы23
2. 3. Үйірме сабағының өтілу жоспары.
"Өрнектер. Салфеткаға жазу. " тақырыбындағы
сабаққа талдау. 26
2. 4. Батик техникасын үйрету үйірмесінің
жылдық жоспары. 29
3 «Бақыт құсы» - атты батикті жұмыстың
жасалу барысы34
З. І. Батик - сәндік-қолданбалы өнердің
негізгі бір бөлігі. 34
3. 2. «Бақыт құсы» батиктің композициясының көрінісі---. 35
Қорытынды38
Қолданылған әдебиеттер40
Иллюстрация 42
Кіріспе.
Келешектің қандай болмағы бүгінгі жас ұрпақтың азаматтық сапасына өте байланысты. Егер олар ірі, кесек мінезді, білімді де өнегелі болып тәрбиеленсе, қазақ баласы кімнен кем? Батырымыз да, бағланымыз да бір жақтан келген жоқ. Бәрі қосқан құрақ ауылдың қара баласының арасынан шықты. Демек, ауыл мектебінің қауқары нашар дейтін бір жақты көзқарастармен біз ешқашан келіспейміз. Оның себебін де, дәлелін де күн сайын өз көзіңізбен көріп, қолымызбен ұстап келе жатқан жайымыз бар.
Сондықтан ауыл мектебіне, ауыл мұғалімі толыққанды қамқорлық жасауды жақсартатын мезгіл жетті деп ойлаймын. Мектептің материалдық техникалық базасы қалыптасса оқу сапасының артуына оның ықпалы тиеді. Және осы жерде баланың өнерге жетелеу яғни эстетикалық этикалық тәрбие беру мұғалімнің міндеті. Осы негізде өнер саласынан кружоктар және сурет көрмелерін жиі-жиі өткізіп баланың өнерге деген сүйіспеншігін арттыру керек - дейді ел президенті Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында.
Сәндік-қолданбалы өнердің әсемдік әлеміндегі алар орны ерекше. Жылдар өткен сайын адамзат баласының осы өнерге деген қызығылушылығы, құштарлығы еселеп артып келеді.
Сәндік қолданбалы өнер адам өмірімен, оның тұрмысымен тығыз байланысты.
Барлық жоғары оқу орындарында, соның ішінде әсіресе біздің М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде оның Педагогикалық мәдениет және өнер институтында осы өнерге деген ынта-ықылас, құлшыныс өте жоғары.
Ал ұлттық өнер сонау әріден, тереңнен, көне дәуірлерден бастау алады. Осы сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі-батик өнері. Бұл өзі ежелден шығыс халқына тән өнер. Мен өзім дипломдық жұмысыма, осы батик өнерін алдым. Өйткені батик техникасы өзінің нәзіктігімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Ал әдемілікке қызықпайтын, сұлулыққа сұқтанбайтын адам болмайды.
Қазақтын жері қандай бай болса, халқы да сондай кең, дархан. Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бақыт құсы» деп атадым.
Қандай да бір шығармашылық жұмыс болмасын адам баласының рухани өміріне, мәдениет мен тұрмысына қызмет етеді. Осы өнер туындылары арқылы болашақ ұрпағымызды тәрбиелейміз және соларға мұра етіп қалдырамыз. Өйткені бұл өнер бізге ата-бабаларымыздан қалған аманат.
Жаңа әлеуметтік экономикалық кезеңде қоғамда көптеген өзгерістер болып жатқаны баршамызға белгілі. Қоғамда елдің хал-әуқаты өскен сайын айналадағы сұраныс, болып жатқан өзгерістерге көзқарастың бұрыңғы деңгейі артта қалғаны белгілі болып көрінеді. Халықтардың мәдениеті, хабарламалар, білім деңгейі өскен сайын айналасына сын көзбен қарау, өнер туындыларына басқа көзқараспен бағалау күннен күнге өсіп келе жатқанын көреміз. Айта кетсек жас өспірімдердің, оқушылардың, студент жастардың талғамы жоғарлап, сұранысы арта бастаған. Осы салада қоғамды, жастарды, болашақты тәрбиелеуде озық өнер туындыларының атқарар міндеті өте жоғары. Декорация деген сөз латын сөзінен алғанда әрлеймін, әшекейлеймін деген сөз. Сәнді өнер адамды қоршаған қажетті заттардың барлығын шығармаға айналдыру. Адам өміріне күнделікті қызмет атқару үшін қоршаған орта адам өмірінің негізгі бөлігі болып табылады.
Қазақстанның егемендік алған күндерінен бастап өнер саласы ерекше бір сарынға түскендей болды. Олай дейтініміз қазақ елі өзінің ежелгі қол өнер мен үй тұрмысында қажеттілігіне пайдаланған заттары бүгінгі күні үлкен шығармашылық өнеріне ұштасып отыр.
Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мән жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындылар жасау болып табылады. Қазақ елінің өзіне тән ерекшеліктері мен ұлттық көрінісі, қол өнерінің даму тарихында жатыр. Үй тұрмысында пайдаланылған қандай да заттары болмасын оның қажеттілігіне байланысты өзіне тән ерекшеліктері мен де сәндік көркем ойлары ерекшеленіп көрінеді. Шаруалықта, үй тұрмысында, қолданылатын заттардың тұтынуға жарамдылығы мен оларды бейнелеудегі ерекшеліктері, ою өрнектерді пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктердің барлығы да осы іспеттес. Тек қана мата түрлерін алатын болсақ, түрлі малдардың жүн терілерінен жіп иіріп, одан тұрмысқа қажетті неше түрлі мата түрлерін тоқу, одан орамал көйлек, кестелі орамалдар, шапан-шекпендер, шалбар, т. б. қажетті заттарды өздері қолдан тоқып қажетіне жаратқан. Ұлттық дәстүріне сәйкес етіп қыз келіншектерге арнай тіккен киімдер, ондағы ою-өрнектердің ұлттық әрленуі өзінше ерекше дүние. Халық өнері өшпес азық. Қазақ халқы да сол сияқты маталарды бояу, сол бояулардың өзінен ұлттық таным, даланың өзіне ерекше әуені шарықтағандай, қой үстінде бозторғай жұмыртқалағандай жұмсақ та, кейде тебірентекліктей күйге келтіретін дала толқынындай шақтарға жетелейді.
Жұмыстың мақсаты: бейнелеу өнерiн оқытуда Батик шығармашылығы арқылы теориялық тұрғыдан негіздеу және мектепте бейнелеу өнерін сыныптан тыс жұмыстарда батик өнері шығармашылығы арқылы оқытудың әдістемелік нұсқауын жасау.
Жұмыстың нысаны: Сыныптан тыс жұмыстартарда батикті оқыту әдістемесін оқыту үрдісі.
Жұмыстың пәнi: Батикті оқыту әдістемесі.
Жұмыстың мiндеттерi:
- бейнелеу өнерiн батик шығармашылығы арқылы оқытудың мазмұны мен әдістемесін анықтап, теориялық тұрғыдан негіздеу;
Жұмыстың әдiстерi: көркемдiк бiлiм саласындағы оқу-әдiстемелiк құралдарды сараптау; озық педагогикалық ойларды саралап, жинақтау; стандартқа негiзделген оқу бағдарламаларды, педагогикалық әдiс-тәсiлдердi пайымдау; дипломдық жұмыс нәтижесiн жинақтау, саралау, негiздеу, тұжырымдау.
Жұмыстың жаңалығы:
- мектепте бейнелеу өнерін оқытуды батик шығармашылығы арқылы сыныптан тыс оқыту әдістемесіне нүсқау дайындалды.
Жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.
Кiрiспе Сыныптан тыс жұмыстартарда батикті оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық мәндiлiгi, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалады.
« Батик техникасының даму тарихы » атты бiрiншi тарауда . Батик өнерінің эстетикалық тәлім-тәрбиелiк, өнегелілілік мүмкіндіктері қарастырылады; оны бейнелеу өнері сабақтарында пайдалану, батик шығармашылығы арқылы бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалады.
« Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі » атты екiншi бөлiмде қазiргi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бейнелеу өнерiне баулу жүйесiн оқытудың мазмұны және оның құрылымының ерекшелiктерiне сипаттама берiлiп талаптары мен мүмкiндiктерi тұжырымдалды.
«Бақыт құсы» - атты батикті жұмыстың жасалу барысы- үшінші тарауда бейнелеу өнерiне баулу жүйесiн оқытудың мазмұны және оның құрылымының ерекшелiктерiне сипаттама берiлiп талаптары мен мүмкiндiктерi тұжырымдалды.
Қорытынды бөлімде аталған мәселелердi оқытып-үйретудiң мазмұны мен құрылымын жетiлдiру жолдары айқындалып, ұсыныстар берiлдi.
Қосымшада дипломдық жұмысының барысында бейнелеу өнерiне баулудың теориялық және практикалық маңыздылығы мен нәтижелерi кестелер мен сызбалар арқылы берілді және сабақ жоспарларының үлгiлері келтiрiлдi.
І-тарау.
1. Батик техникасының даму тарихы
Батик жазу техникасы Шығыс елдерінде дүниеге келген. Бірақ ол қай мезгіл екені айқын емес. Батик деген сөздің өзі ява елінің тегі. Сол елде Индонезияға, содан Индия мен Бирма елдеріне, одан кейін көптеген басқа елдерге тараған, соның ішінде Ресейде болған. Ява елінің Джакарта қаласы әлі күнге дейін батик жасайтын орталықтардың бірі екенін білеміз. Батик жазу бұл елде бейнелеу өнерінің өрнек жазудағы негізгі өнерінің бірі болып табылады. Кейде композициялық туындыларда керемет құстардың, мифологиялық аңдар, т. б. бейнеленеді. Батик өнері-матаға жазу. Бұны индонезиялықтардың әйел және ер адамдарының ұлттық киімдерінен көруге болады. Саронгом дегеніміз матаның кішкене қиындысы, ол адам денесінің төменгі жағын жауып түратын мата қиындысы.
Кейінгі онжылдықта Индонезияда жеңіл текстилдік өнеркәсіптің жедел дамуына байланысты батик өнері техникалық әдістермен де көп орындала бастады. Оған техникалық жолдармен бояулардың фабрикалық түрлері де пайдалана бастады. Мұндай батиктерді өнер шеберлерінің орындаған жұмыстарымен рең, түс, сапасы жағынан қатар қоюға болмайды. Джакарта және басқа да қалаларды жеке шеберханалар мен кішігірім кәсіпкерлер әлі күнге дейін өздерінің кәсібін тастамай келеді. Сукарно уақытында батик жазу институты ашылып, онда негізінен осы елге келетін туристерді өз өнерімен таныстыру және өзіне қарату мақсатында және жеке-жеке батик жасаушы кәсіпкерлердің жұмыстарын жақсарту мақсатындағы кәсіпкерлерді үйрету ұйымдастырылуы. Жаңа үлгіде үлкен ғимаратта кішігірім мұражай ашып, онда батик жасау өнерінің барлық орындалу барысымен таныстырылып отырады. Орындалу процесін басынан аяғына дейін көруге болады. Алғашқыда батик жасауға өз елдерінің қалың да әрі қолдан жасалынған материалдары қолданылған. Қазіргі кезде неше түрлі шет ел маталары пайдаланылады. Голландиядан, Жапониядан неше түрлі жібек маталар әкелініп пайдаланылады. Олар әрі арзанға түсіп отырады. Батик жұмысын жүргізу үшін алдын ала мата қиындысы орап алып, ағаш балғамен бір сағаттай тоқпақтайды, ол мата бояумен жұмыс істеген кезде матада бояулар жеңіл жайылып, көркем болуы үшін қажет. Шамамен батиктің мөлшері: екі жарым-ұзындығы, ені бір метр болғаны жөн. Осындай көлемдегі батикті қолмен орындап шығуға шамамен бес ай уақыт кетеді, бұрынырақ одан да көп уақыт керек еткен. Қазіргі шеберлердің матаға суретті түсіруі шабловдар, штамптар, трафареттер пайдалану арқасында жеңілдетілген. Бұл процесс олардың жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Ява елдерінде көптеген батик шығаратын кәсіпорындар бар. Әрқайсысының түр жағынан және суреттері мен реңдері жағынан әр түрде орындайды. Дакар шеберлері қоңыр және көгілдір түстерде орындайды. Оларды төрт түстің қоспалары арқылы табады: шоколадты-қоңыр, сары, қызыл және көк. Кей кездерде бояуға әк және қант шырындарын да қосады. Батик орындаудың негізгі этаптары: трафарет арқылы азық қоңыр түспен таза матаға суретті түсіреді. Бұл бірінші этап. Суреттегі боялмайтын жерлерін ара желімімен жауып шығу керек. Ол үшін қыздырылған ара желімі арнайы жасалған ағаш ұстағышы немесе частинг арқылы, аса шеберлікпен жазылуы тиіс. Частинг-ол матаға сызық жүргізетін құрал. Ол арқылы матаға арнайы қоспамен өрнекті сызықтар жүргізіледі. Оның шүмегі иіңкі болып келеді. Ондағы сүйықтық қою немесе сүйық болуға болмайды. Ол бөлме температурасында болуға тиіс. Ал, қоспаның дайындау жолдары оның батик түрлеріне байланысты болып келеді. Бұл екінші этап. Оқыс қозғалыс немесе дұрыс орындалмаған жағдайда жұмысты бүлдіріп алу да мүмкін.
Үшінші этап, бұл көк түске бояу. Арнайы қондырғы арқылы ара желімімен даярланған жұмыс рамаға орналастырылып бояуға малтып қайта көтерілуі тиіс. Осылай процесс жиырма ретке дейін бояуға түсіріліп алынады. Мұндай жағдайда ара желімімен жабылған жерінен басқа жерлері бояумен толықтырылады. Төртінші этап-қоңыр түске бояуға даярлық, ендігі кезекте боялатын жерлерін ара желімінен тазарту керек. Арнайы ыдыстағы бояуды қыздырып трафарет арқылы келесі суретті түсіреміз. Қызып тұрған бояу ара желімін ерітеді де, арнайы құрал-сайман арқылы тазартылады. Осылайша келесі сурет те мата бетіне түсіріледі. Бесінші этап-қоңыр түспен бояу. Бұл жерде де алдыңғы этаптағыдай сурет көшіріледі. Бұдан кейін матадағы қалған жерлерінен ара желімі алынып тасталынады. Батик жасайтын көптеген кішігірім кәсіпорындардың пайда болуына және арзан болуына байланысты, қолдан жасалынған батиктерге сүраныс азайып кеткен.
1. 1. Батиктің орындалу әдістері және қажетті материалдар
Арнай мата батик жазу үшін алдын-ала арнайы бір-біріне мекем етіп бекітілген ағаштан жасалған рамкаларға керіледі, немесе жеке струбцинамен бекітілген таяқшалардан жасалған рамкаға тартылады. Керекті мөлшерде рамкаға мата тимей тұру үшін ағаштың шетінен 5-6 мм қашықтықта ара қашықтығы кемінде 2см, ағаштың бет жағынан 12-13 мм өтіп түратындай етіп шегелер қағу керек, шегенің ұштары өткір болды қажет, немесе екінші вариант: матаны керіп ұстап тұруға арналған ілгіштер орындалуы тиіс. Шегелер тот баспау үшін үшкір жақтарын спиртті сумен сүрткен дұрыс болады.
Батик немесе роспись жазылатын мата өте таза болуы қажет, сол үшін матаны алдын-ала жуу қажет. Рамкеге матаны керер алдында аздап сулау керек. Алдымен жазу техникасын толық меңгергенше мекем бекітіліп жасалынған рамкада орындаған дұрыс. Мұндай рамкаларда матаны керу оңайлау болады және техникалық қауіпсіздік жағынан алғанда матаны керу өте жеңіл. Матаның тартылуы рамка бетінде бірдей қалыпта болуы қажет.
Матаның ішкі талшықтары қисайып кеппеуі қажет, мұндай жағдайда суреттің қисайып тура шықпауы мүмкін. Олай болмау үшін матаны кергенде ортасынан бастап қарама-қарсы керу керек те содан кейін бұрыштары керілуі тиіс.
Арнайы сұйық суық батик жазу үшін де қолданылады, ал резина желімінен, парафиннен және бензиннен құралады, сол себепті жұмыс орындаған уақытта техника қауіпсіздігін сақтаған жөн болады.
Суық батикте қолданылатын резеврті қоспаның құрамы:
80г. парафин,
300-400г. резина желімі,
300-400г. таза бензиннен тұрады.
Бұл қоспа былай даярланады: фосфорлы стаканға немесе эмальды ыдысқа парафин майдалап салынады, оның үстіне сұйықтығына байланысты 300-400г. резина желімі құйылады. Одан кейін бензин қосылады. Дайын қоспаны 95-97 градустық ыстық суға салып, парафин толық ерігенше, арнайы сұйық пайда болғанша ұстаймыз. Оны суытып болған соң, беті толық жабылатын ыдысқа құйып алады. Жұмысты орындау барысында қажетті сұйықтықты сақтау үшін жұмысты бастамас бұрын 18-20 сағат бұрын бензин қосу керек.
Батикті еркін жазу техникасы ыстық және суық жазу техникасынан көптеген айырмашылықтары бар, ол акварель жазғанға ұқсастау болып келеді. Тек қағазға емес рамкаға тартылған матаға жазу. Даярлаған бояумен мақта тампонымен немесе майда губкамен жарық реңдерінен бастап қараңғы жағына қарай жазылады. Ең соныңда реңі қанық түспен барлығын толық жағу керек. Егер жұмыс барысында мата тез кеуіп жатса, онда оны бірнеше рет сулау қажет, бояу бұл әдістен ағып кетпейді. Жүмысты сулау жеке орынды ғана емес толық сулануы керек, олай болмаған жағдайда жүмыс ала-құла болып қалуы мүмкін. Батик жазудың бұл еркін түрі басқа жазу техникалармен өте жақсы байланысып, толықтырылып отырады.
Батик жазу кезіндегі шығармашылықтың негізі гаммалық үйлесімділігі болып табылады. Сол үшін алдымен бояулардың түрлерінің барлығын, керек болса бір-бірімен араластыру арқылы даярлап алу керек.
Бояуды тек палитрада араластыру керек, көп бояудың араластыру оның күңгірт тартуына соқтырады, әсіресе анилинді бояулар түйіршіктеніп кетуі де мүмкін. Жұмысты бастар алдында сол маталардай, мата қалдықтарына жазып көру керек. Батик жазатын матаның өзі сияқты мата болуы қажет. Тексеріп көрген жүмыстың нәтежесі бояу кепкеннен кейін көрінеді. Өйткені матаға жазылған бояулар кепкеннен кейін өте қатты ағарады. Ал анилинді бояулардың қақпағы тығыз және жақсы жабылатын шыны ыдыстарда сақтаған жөн. Бояу түрлерін пайдаланғанда мақта бояйтын бояулар түрлерін пайдалану керек. Бояулардың әр түрі былай даярланады: 15 г. анилинді ұнтаққа 900 г. ыстық су құямыз, содан соң ұнтақ толық ерігенге дейін қайнату керек, содан соң барып оны сүзіп қоямыз. Даярланған қоспа суығаннан кейін 100 г. спирт және жарты грамм сода қосамыз. Анилинді бояулар мата бетінде өте тез жайылғыш болады, мұндай жағдайда күтпеген түрлі реңдерді алуға болады. Рең жағынан, түс жағынан күтпеген гаммалар пайда болады. Бұл жағдайда бояуларға басқа ешнәрсе қоспаса да болады. Егер сурет бір-біріне ағып кетпеуі үшін бояуға қоюлатқыш қосқан жөн, қоюлатқыш-трагант деп аталады, немесе трагантты желім қосу керек. Оны былай істейді: бір стакан суға трагант араластырып /10-15 жапырақ желім қосып/, оны сұйық анилинді бояуға қосу керек, /3/1 қоюлатқышты, 3/2 бояуға/. Бояудың ағып кетпеуіне қарсы бұдан басқа тағы бір әдіс-ол матаның бетін сұйықпен жабу /грунтовка/.
Бір литр ыстық суға 2-3 грамм желатин еріту керек, ол еріп болған соң матаны сол сұйыққа малып алып, кептіргеннен кейін рамаға тартып, бұдан кейін суретті түсіріп жұмысты жаза беруге болады. Батик немесе роспись жазғанда тушьты пайдалануға да болады. Жұмыс сол кезде жақсы шығуы мүмкін, бірақ анилинді бояудай бола алмайды. Өйткені анилинді бояулар өте жеңіл де, жұмсақ реңдер бере алады. Ал тушьпен жасалынған жұмыстардың реңі солғындау болып келеді. Тағы бір кеңес: үй-тұрмыс жағдайында жібек сияқты материалдарға жазушы болмаңыз, оларға бояулардың арнайы түрлері қолданылатын болғандықтан, техникалық қауіп қатерлер тууы мүмкін.
Жұмысты біткеннен кейін арнайы сұйықтарды сурет бетінен алып тастау керек. Ол былай атқарылады: жасалынған жұмысты рамадан алып, бірнеше қабатты газет арқылы шығарманы ыстық үтікпен үтіктеу керек, содан кейін жұмысты бензинге жусаңыз, ол матадағы сұйық қалдықтарынан тазартады. Даяр жұмысты кептіреді де, қажетінше әшекейлейді. Ыстық батиктің резервті қоспасының құрамы:
Рецепт № 1
Парафин 660 гр.
Вазелин 340 гр.
Рецепт №2
Парафин 500гр.
Техникалық вазелин 250 гр.
Ара желімі 250 гр.
Рецепт №3
Петролатум 210 гр.
Парафин 790 гр.
Суық батик.
Суық батикте матаға жазу тәсілі ондағы суреттердің өзіндік ерекшелігін білдіретін контурлы сызықтар жүргізіледі. Арнайы дайындалған резерв қоспасының құрамы шүмегі иіңкі шыны ыдысы арқылы матадағы сурет контурына жүргізіледі. Шыны ыдыс артық мөлшердегі сұйықтықты жинайтын шар тәрізді жуандатылған пішінді құрал. Суреттегі контурлы сызықтардың жуандығы шыны ыдыстың иіңкі шүмегінің сұйықтық жағылатын тесігінің көлеміне байланысты. Шыны ыдысты ұшының иілуінің өрнекті сызықтарының сапалы жағылуында маңызды көп. Түтікшенің үшкір жағы 135° иілуі қажет. Осы шарт сақталмаған жағдайда резерв құрамының матаға жағылу тепе-теңдігі бұзылып, көп мөлшерде жағылып, суреттегі өрнектерді бүлдіріп алуымыз мүмкін.
Сызықтың жүргізілу бастамасында және жай қозғалыстағы жүргізілген контурлы сызықтарда тамшы құралады. Сондықтан жұмысты бастар алдында түтікшені бірқалыпты қозғалыста жүргізіп отыру қажет. Контурлы сызықтарды жүргізіп болғаннан кейін түтікшенің иіңкі ұшын матадан ала жоғарыға бұрып бағыттайды. Резерв құрамы мата бетіне тамып кетпеуі үшін түтікшенің соңын сәл көтеріңкі жағдайда біркелкі ұстап отыру керек. Өрнекті сызықтарды жүргізгеннен кейін суретті кептіру қажет. Боялмаған суретті шамамен 24 сағат қою міндетті, мұндай жағдайда резерв құрамы майланып, матаға толық сіңіп, жағылған бояу суреттің басқа бөліктеріне сызықтар арқылы өтіп кетпеуі тиіс.
Суретке бояуды тампонмен, қылқаламмен немесе түтікше арқылы жағады. Матаға бояуды жатқан кезде сурет бетінде сызықтар немесе түрлі дақтар пайда болуы мүмкін, сондықтан бояудың суретке біркелкі жағылуына көп көңіл аударуымыз керек.
Шыны түтікшені басқа құрал-жабдықтардан бөлек арнайы ағаш қорапта сақтайды.
Жұмысты аяқтағаннан кейін түтікшені бензинмен тазалап, жуып, сымға жіңішке етіп оралған мақтамен тазалайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz