1932 жыл ашаршылық ақиқатын ашатын кез келді


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

№80-81 (25927) 03 НАУРЫЗ СӘРСЕНБІ, 2010 ЖЫЛ

2008-12-19:1932 ЖЫЛАШАРШЫЛЫҚ АҚИҚАТЫН АШАТЫН КЕЗ КЕЛДІҚазақстанда орын алған ашаршылық құрбандарының аруағына бас иіп, тағзым ету, сондай-ақ, тарихтың осынау қасіретті бетін болашақ ұрпақ білу үшін оны ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларға енгізу мен солар арқылы ашаршылық жайындағы ақпаратты кең тарату бүгінгілердің басты парыздарының бірі болуы тиіс.Ел санасына терең жара салған 30-жылдарғы ашаршылықтың кеңестік дәуірде жабық тақырып болғаны белгілі. Аштық зұлматы көшпенді жұртты қынадай қырды. Оның тырнағынан еш қазақ әулеті дін-аман құтыла алмады, сондықтан да ол тоталитарлық стандарт жеңген заманның өзінде еш ұмытылған жоқ. Бірақ аштықтың миллиондаған жазықсыз құрбандарын ашық еске алу мүмкін болмады. 1932 жыл нәубеті ол шақта отбастарында, оңашада ғана сыбырлап айтылатын.Баршамызға белгілі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қазақстан бастан кешкен “Кіші 37-жыл” ахуалының ызғырықты кезеңі артта қалып, демократияның “алтын күрегі” еркін есе бастасымен, “ақтаңдағы” мол тарихымызға сын көзбен қарауға кірістік.1988 жылы Мәскеуде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының адал есімдерін тірілтуге кіріскен “Мемориал” қозғалысы пайда болғанда, артынша Алматыда да сол мақсатта бастамашы топ құрылып, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды. Біздегі қозғалыстың ерекшелігі - сталинизм қылмыстары ретінде тек саяси репрессияларды әшкерелеу ғана емес, сонымен бірге, сталиндік-большевиктік бұрмалаулардың аса қайғылы салдары, ел санасында күллі халқымыздың трагедиясының символындай қабылданатын “Отыз екінші жыл” деген қанды әріптермен жазылып қалған алапат ашаршылықтың шындығын ашу еді.Қозғалыс мүшелерінің республиканың әр түкпірінен келген өкілдері 1989 жылғы сәуірде құрылтай конференциясын өткізіп, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамын құрды. Ал ашаршылық кезеңінің шындықтарын ашу қоғамның бағдарламасындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде белгіленді. “Әділет” басқармасының мүшесі, тарихшы-мұрағатшы Марат Хасанаев қасіретті кезеңнен бірқатар құнды құжаттарды баспасөз бетіне шығарды. “Әділет” идеялары қанаттандырған жас ғалымдардың бір тобы Орталық мұрағат жанынан тарихи ағарту бірлестігін құрды. Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің оқытушылары студенттік экспедициялар ұйымдастырып, жер-жерден қарттардың сол қасіретті кезең жайындағы естеліктерін жазып ала бастады.Осындай реттермен “Әділет” туғыза білген қоғамдық пікірдің оң нәтижесі сол, мемлекеттік тәуелсіздік жарияланысымен, еліміздің сол кезгі Парламенті - Жоғарғы Кеңесінің алғаш қолға алған ірі ісінің бірі 1931-33 жылдарғы ашаршылықтың себеп-салдарларын зерттеу болды. Жоғарғы Кеңестің Төралқасы құрған комиссия осынау ұлттық апатты егжей-тегжейлі тексеріп, алғашқы қорытындыларын жасады. Ашаршылықты сталинизмнің аса ірі қылмысы ретінде атап, іс жүзінде көшпенді жұртқа жасалған геноцид деп тапты.Алматыдағы бұрынғы НКВД ғимаратының іргесінде бір шоғыр өсіп тұрған қарағайлы тоғайда болашақ ескерткіш орны белгіленіп, тас қойылды. Тас қою салтанатында Қазақстан “Әділет” тарихи-ағарту қоғамының алғашқы президенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Оразұлы Жандосов сөз сөйледі. Әр жылғы 31 мамыр Ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып белгіленген-ді. Алайда бұл күн сол 1992 жылдан бастап бір де бір рет өз мәнінде, биік деңгейде, мемлекеттік дәрежеде атап өтілген жоқ. 1997 - Татулық пен еске алу жылы осы 31 мамыр “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні” ретінде белгіленгені мәлім. Содан бері, жыл сайынғы осынау еске алу күнінде ашаршылық нәубеті жалпы сөз болғанымен, мәселе негізінен “үлкен террор” дәуірінде жазықсыз атылған азаматтарымыздың аруағына тағзым ету тасасында қалып келеді деуге болады. Ал қарағайлы тоғайда белгіленген орынға уәделі ескерткіш күні бүгінге дейін орнатылмай тұр.Қазіргі Қазақстанның оңтүстік өңірінде - Түркістан өлкесі аумағында большевиктер билікке келісімен өздерінің әскери атты жасақтарын жабдықтауға қазақ жылқысын ала тұрып, қазақтарға - “экономикалық тұғыры әлжуаз, маркстік ілім тұрғысынан болашағы жоқ” көшпенділерге азық-түлік бөлуден бас тартты, оның орнына олар “әлемдік революция жасауға тиіс қызыл әскерді” асырауды дұрыс көрді.Өлкеде кеңес өкіметінің орнауымен бірге басталған алапат аштық миллионнан астам көшпенді жұртты ажал тырнағына іліктірді. Мұстафа Шоқай таңбалаған әшкере-анықтамамен айтқанда, “большевизмнің аштық саясаты” 1917-1918 жылдары қазақ халқының сол кездегі санының төрттен біріне өлім құштырды.Сонау “большевиктердің аштық саясаты” перманентті сипат алды, 1921-23 жылдары далалы өлкеде - Қазақ Республикасы аумағында үлкен аштық болды. Ұлт зиялылары сол кезеңде жылу жиып, ашыққан аудандарға мал айдап апарып беруді ұйымдастырды. Өтеуіне, кеңестік сотқа тартылды. Сондағы сот материалдары бұл күнде зерттеушілері мен түсіндірушілерін тосып, мұрағат сөрелерінде жатыр.Ашыққан аудандардағы халыққа орталықтан азық-түлік бөлгізу, тіпті ел-жұрттың ашаршылыққа ұшырап жатқанына қызыл Мәскеуді сендіру мүмкін емес-тін - жер-суы мен халқы біріккеннен кейін өткізілген Біртұтас Қазақстан Кеңестерінің 1925 жылғы тұңғыш құрылтайында Орталық Атқару Кеңесінің төрағасы Сейтқали Меңдешев делегаттарға осындай сыр ашты. Сондай ахуалда халқымыз сол шаққы мөлшерінің тағы бір ширегінен айырылған еді.“Большевизмнің аштық саясаты” 1931-33 жылдары айрықша арсыздықпен және асқан жәдігөйлікпен жүргізілді. Бұған Никита Хрущевтің жеке басқа табынуды әшкерелеген әйгілі баяндамасында айтқан мына сөздері дәлел: “Қазақстанда орын алып отырған адам төзгісіз ашаршылықтан қазақ халқы түгелдей қырылып қалудың аз-ақ алдында тұрғанын біз Сталинге айтқанымызда, ол: “Бұл сары пәлекеттерден тек сондай жолмен ғана құтылуға болады”, деп жауап берді” . . . Міне, “халықтар әкесі” құрған саяси жүйенің әдемі ұран жамылған қылмысты ұсқынын осыдан-ақ біле беруге болады.1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық салтанатында Қазөлкекомның бірінші хатшысы Левон Мирзоян өзінің Сталиннен естіген әңгімесін еске алды. Оған “Бөкейханов деген біреу” келіп, қазақтарды жаппай отырықшыландыру шарасын жасауға болмайды, ондай жағдайда олар қырылып қалады деген көрінеді. Яғни, сонау ұлтшыл-буржуа қазақ халқының болашағына сенбеушілік білдірген екен, алайда, Сталин жолдас басқарып отырған партия, партияның Қазақ өлкелік ұйымы бастаған нақты тіршілік социалистік қайта құрудың өміршеңдігін танытты, қазақ халқы отырықшыланып қана қоймай, ұжымдасып еңбек етудің озық үлгісін көрсетті . . .Дегенмен, “ұжымдасып еңбек етуге” кірісер алдында қазақ қожалықтарында 40 миллион қой бар еді, “бай элементтерінің қастандығы” - аштық апаты салдарынан ол 8 есе кеміп, 5 миллионға дейін азайды. Соңғы екі жыл бойы сырттан асыл тұқымды мал жеткізу, басқа да шаралар жүргізу жолымен, Қазақстанның 15 жылдық торқалы тойы қарсаңында республикадағы мал басы 8 миллионға жеткізілген-ді. Бұл мақтаныш қылатын дерек болатын. Алайда, сталиндік статистика, адам санына келгенде, бұл шақта жария болудан қалған. Ашаршылық құрбандары жайында салтанат үстінде ешкім жұмған аузын ашқан жоқ . . .Большевизм ұрындырған ұлттық апаттың осынау үшінші кезеңінде - 1932 жылғы алапат ашаршылықта - халқымыз сол кезгі мөлшерінің тең жартысын жоғалтты. Шамасы жеткен азшылық шет елдерге өтіп кетуге мәжбүр болды.Қатыгез де қылмысты жүйені айыптай отырып, сол жүйеге адал қызмет еткен жауапты қызметкерлердің, қатардағы коммунистердің, былайғы жұрт өкілдерінің арасында осынау ұлттық трагедияға жайбарақат қарай алмағандар болғанын ұмытпауымыз керек. Олар Мәскеудегі, Алматыдағы биік басшылыққа аштық қасіретінің алғашқы белгілерін хабарлаудан бастап, жаппай сипат алған мысалдарды айтып, дабыл қақты. Тіпті, орталықтың эмиссары Филипп Голощекинді орнынан босатпайынша, республикадағы ауыр жағдайды түзеу қиын болатыны жөнінде Қазақ өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаев Орталық Комитетке жазбаша ұсыныс жасады. Бірақ оларға Бас хатшы Сталин бастаған тоталитарлық билік құлақ асқан жоқ. Исаевтың ұсыныстары негізінде Қазақстанның мал шаруашылығындағы олқылықтарды түзетуді көздеген 1932 жылғы 17 қыркүйектегі әйгілі қаулысын қабылдап, оны орындауды сол Голощекиннің өзіне жүктеді . . .Ресей Компартиясының Қазақ өлкелік комитеті мен Қазақ АКСР Халкомкеңесінің өкілі Ораз Жандосов республикадағы 162 ауданның ішінде аштық нәубетінің зардабын ерекше тартқан Сарысу ауданының үштен бірі ғана аман қалған жұртын жаңа қонысқа көшіріп, тіршілігін жандандыруда көп жұмыс атқарды. Аудан халқының бүгінгі ұрпағы белгілі мемлекет қайраткерінің бұдан 65 жыл ілгергі сын шақта сіңірген еңбегіне алғысқа толы ризашылығының белгісі ретінде таяуда ғана оның аруағын ұлықтады. Ашаршылықта арашашы болуымен ұрпақтар санасына терең ұялаған көрнекті қайраткер Жандосовтың мүсінін сомдатып, кезінде аудан орталығына айналуына тікелей септігі тиген Саудакент ауылының орталық алаңына ескерткіш тұрғызды.Қазақстанда үш дүркін соққан аштық апатта 4, 5 миллионнан астам адам опат болған-ды. Босап қалған кеңістікке сырттан көшіп келген миллиондаған адам солардың сүйегі үстінде социалистік құрылыс көрігін қыздырды. Өнеркәсіп ошақтарын ашып, қала, зауыт салды, дүрілдетіп тың игерді. Орталықтың тәтті ұраны жетегімен жасампаз еңбекті жандандырушылар қазақ халқы бастан кешкен қасірет ауқымын білген жоқ. Қазақтарды өз еріктерінен тыс, өз Отанында халықтың үштен біріне де жетпейтін ұлттық азшылық деңгейіне түсірді. Сөйтіп, тиісінше, қоғам тыныс-тіршілігінің барлық саласында қазақтың ұлттық мүддесі шектеу көруіне жанама түрде болса да себепкер болды.Елімізде өмір сүріп жатқан барша жұрт, этностық топтар қазақ ұлттық апаты жайындағы шыншыл тарихты білуге тиіс. Шыншыл тарихты білу жер-суымызды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерін қазақ төңірегіне тығыз топтастыра түседі.Еліміздің тарихында өшпес қара дақ қалдырған осынау қасіретті кезең - 30-жылдарғы ашаршылық душар еткен ұлттық апатты бүкіл халық болып еске алып тұратын арнайы күн белгілеудің маңыздылығы күмән туғызбайды. Халықтарының белгілі бір пайызы ашаршылықта опат болған Украина, Ресей бұл орайда елеулі түрде қозғалып жатыр, демек, Кеңес өкіметі тұсында аранын ашып дүркін-дүркін соққан аштық зұлматы халқының жалпы санының едәуір мөлшерін жойған, тұтастай қырылып кетудің аз-ақ алдында қалған Қазақ елі енді жайбарақат жата бермесе керек. Парламенттің, атқарушы биліктің осы мәселеге сергек қарағаны жөн.Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, Қазақстан “Әділет” тарихи-ағарту қоғамының президенті, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты.ӘУЕДЕ ЖАРЫЛҒАН ҰШАҚ1948 жылғы қасірет туралы аз-кем әңгімеОсыдан 60 жыл бұрын Қазақстанның бір топ талантты ауыл шаруашылық ғалымдары кемеліне келіп тұрған кезінде өмірден өтті. Міне, содан бері олардың тағдырының кейбір ақтаңдақ беттері әлі құпия қалпында келеді. Тоталитарлық билік жүйесі адамдар тағдырымен ойнады, социалистік идеяның құрбаны етті. Солардың бір тобы 1948 жылғы 3 қазанда “Социалистік Қазақстанда” қазанамасы жарияланған бес ғалым. Бұл кімдер еді?Мыңбаев Кәрім (1-сурет) - 1906 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында туды. 1932 жылы Орта Азия мақта-жер суландыру политехникалық институтын бітірді. Одан соң ауыл шаруашылығы институтында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясында жұмыс істеді. 1944 жылы биология ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғады. Сол жылдың күзінен бастап В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақстандағы бөлімшесін басқарды.Ол ғылыми еңбектері мен зор ұйымдастырушылық қызметіне орай Еңбек Қызыл Ту орденімен және үш медальмен, соғыс жылдарындағы ерлігіне байланысты “Ленинградты қорғағаны үшін” медалімен марапатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып та сайланды. Оның көп жылғы зерттеулері “Тау сағыз өсімдігінің биологиялық өзгешеліктері және селекциялық жаңа әдістері” деген кітабында қорытылды. 1948 жылы 42 жасында ұшақ апатынан қайғылы қазаға ұшырады.Қазақстандық зиялы қауым өкілдері А. Жұбанов, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, Б. Ерзакович, С. Мұқанов, М. Әуезов, Д. Снегин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Т. Жароков, Ғ. Шарипова, Ә. Әбішев, И. Шухов “Социалистік Қазақстан” газетінде шыққан қазанамада: “Мыңбаев Кәрім Мыңбайұлы тамаша адам еді. Ол аса адал және мейлінше батыл адам еді. Оның ақыл-ойы, адамгершілігі бәрімізді соншалықты өзіне жақын тартып тұрушы еді . . .Кәрім Мыңбайұлы тек ғалым ғана емес еді, сонымен бірге ол көркем әдебиетті сүйетін және ақындық дарыны бар ерекше адам еді. Сондықтан да ол біздің ең жақын, ең жақсы көретін досымыз болды . . .Міне, сол қадірлі досымыз мейірімсіз қазаға ұшырады.Кәрім, сенің жас қабіріңе бас иеміз. Ұмытылмас мейірімді жүзіңді жүрегіміздің терең түкпіріне сақтаймыз. Қош, сүйікті Кәрім!”, - деп өз көңілдерін білдірді.Қазақстанда ауыл шаруашылық ғылымы орталығын құрып, жұмыс істеген бір топ талантты ғалымның қайғылы қазасы туралы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Хайдар Арыстанбеков өз естелігінде былай дейді: “Мыңбаев Мәскеуге аттанардан бір күн бұрын Жамбыл ауданындағы тәжірибе шаруашылығына соғыпты. Түске дейін бөлімдерді аралап, қызметкерлеріне соңғы кеңесін берген. Күрең атына мініп, қолына мылтығын алып, шаруашылықты үш рет айналып шығып, үш рет мылтық атқан. Сосын аты мен мылтығын жылқышы қартқа басымен сыйлапты. Бір Алла талқанының таусылатынын алдын ала сездірді ме, кім білсін, бәрімен көңілсіз қоштасып жүріп кетеді. Олар да Кәрімді бұрын мұндай еңсесі түскен күйінде көрмесе керек. Соңынан телміріп қарап, ұзақ тұрады.Ертеңіне Мыңбаев бастаған топ шағын ұшақпен Алматыдан көтеріліп, Балқаш қаласына қонады. Жанармай құйып, Мәскеуге қарай бағыт алады. 15 минөттен соң ұшақ көкте жарылған. Төрт бірдей азаматтан осылай айрылдық. (Ф. Солодовниковпен бесеу - Д. М. )Бабаев Қылыш (2-сурет) 1913 жылы Қарағанды облысының Ворошилов ауданында өмірге келді. 1937 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, сонда ғылыми-оқытушылық қызметте қалды. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты. 1942 жылдан В. Вильямс атындағы жер шаруашылығы институтын және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру кафедрасын қатар басқарды.Ол республиканың ғылымы мен ауыл шаруашылығын өркендетуге, осы саланың жоғары білімді мамандарын даярлауға үлкен үлес қосты. Оның еңбектері республикадағы ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлаудың негізіне алынды. Ол осындай еңбектері үшін Ленин орденімен және “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Қазақ КСР-інің ғылымға еңбегі сіңген қайраткері атағы берілді.Солодовников Федор Сергеевич (3-сурет) 1910 жылы Башқұртстанның Белебей ауданында туды. 1937 жылы Орта Азияның жеміс-көкөніс институтын бітірді. Осы кезден бастап ол ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысты. Биология ғылымының кандидаты. 1941 жылдан В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақстандағы бөлімшесі президиумының мүшесі болды және жеміс-көкөніс егістері секциясын басқарды.Ол “Құрмет белгісі” орденімен және “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін” медалімен марапатталды. 1943 жылы азық-түліктік картоптың ұшымен картоп егу тәсілін жасауға қатысып, Қазақстанда бұл тәсілді қолданғаны үшін оған Сталиндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді.Наурызбаев Хасен (4-сурет) 1913 жылы Ақмола облысында туған. Ол 1935 жылы Алматының малдәрігерлік-зоотехникалық институтын бітірді. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты. 1945 жылдан бастап В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақстандағы бөлімшесінің мал шаруашылығы институтын басқарды.Нұғыманов Сапар (5-сурет) 1915 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында өмірге келген. 1937 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірді. 1942-1944 жылдары Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет етті. 1945 жылдан кейін В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақстандағы бөлімшесіне ғылыми жұмысқа келді. Сөйтіп, жаңадан құрылған картоп-көкөніс станциясының директоры болып жұмыс істей бастаған еді.Ауыл шаруашылық саласының көрнекті ғалымдарының қазасы, олардың орындарын ойсыратып кетті. Қазақ ССР Министрлер кеңесі, 1948 жылы 7 қазанда олардың зираттарына, келесі, яғни 1949 жылы ескерткіш қойылсын деген қаулы қабылдаған еді. Сол құжаттың шешімі 1956 жылға дейін орындалмады. Профессор Хайдар Арыстанбеков өз естелігінде: “Мемлекеттік комиссия ұшақтың өздігінен жарылмағандығын анықтады. Бұл Кәрім Мыңбаевқа жасалған қастандық екенін жұрт іштей білді. Жарылғыштың қуаттылығы соншалық, ондағы адамдардың денелері кесек-кесекке бөлініп шашылып кеткен. Мыңбаевты костюмінің бір жапырақ матасы мен сондағы түймесінен таныдық деп жазған болатын. Кеңестік тоталитарлық жүйе қасіреті мен қылмысы арнайы ғылыми-зерттеулер нысанына айналғанына біршама уақыт өтті. Бұл ұлттық тарих ғылымындағы өте мұқият және терең зерттеуді қажет ететін мәселе. Тіпті, ұлтымыздың сана-сезімі толық тәуелсіздікке жеткен күннің өзінде әр қырынан зерттеуді жалғастыра берген дұрыс. Бүгінгі тәуелсіздіктің біздің қазақ халқына қандай қымбатқа түскенін қазіргі және болашақ ұрпақ түсініп, оны көздің қарашығындай қорғай білуі керек. Жоғарыда есімдері аталған ғылым мен өндірістің көрнекті ұйымдастырушылары, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлкен үлес қосқан ғалым қайраткерлердің қызметі болашақта ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, ақиқат анықталады деп сенеміз.Авторы: Данагүл МАХАТ, тарих ғылымдарының докторы, Астанадағы Мемлекет тарихы:

2008-12-19:

1932 ЖЫЛ

АШАРШЫЛЫҚ АҚИҚАТЫН АШАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Қазақстанда орын алған ашаршылық құрбандарының аруағына бас иіп, тағзым ету, сондай-ақ, тарихтың осынау қасіретті бетін болашақ ұрпақ білу үшін оны ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларға енгізу мен солар арқылы ашаршылық жайындағы ақпаратты кең тарату бүгінгілердің басты парыздарының бірі болуы тиіс.

Ел санасына терең жара салған 30-жылдарғы ашаршылықтың кеңестік дәуірде жабық тақырып болғаны белгілі. Аштық зұлматы көшпенді жұртты қынадай қырды. Оның тырнағынан еш қазақ әулеті дін-аман құтыла алмады, сондықтан да ол тоталитарлық стандарт жеңген заманның өзінде еш ұмытылған жоқ. Бірақ аштықтың миллиондаған жазықсыз құрбандарын ашық еске алу мүмкін болмады. 1932 жыл нәубеті ол шақта отбастарында, оңашада ғана сыбырлап айтылатын.

Баршамызға белгілі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қазақстан бастан кешкен “Кіші 37-жыл” ахуалының ызғырықты кезеңі артта қалып, демократияның “алтын күрегі” еркін есе бастасымен, “ақтаңдағы” мол тарихымызға сын көзбен қарауға кірістік.

1988 жылы Мәскеуде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының адал есімдерін тірілтуге кіріскен “Мемориал” қозғалысы пайда болғанда, артынша Алматыда да сол мақсатта бастамашы топ құрылып, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды. Біздегі қозғалыстың ерекшелігі - сталинизм қылмыстары ретінде тек саяси репрессияларды әшкерелеу ғана емес, сонымен бірге, сталиндік-большевиктік бұрмалаулардың аса қайғылы салдары, ел санасында күллі халқымыздың трагедиясының символындай қабылданатын “Отыз екінші жыл” деген қанды әріптермен жазылып қалған алапат ашаршылықтың шындығын ашу еді.

Қозғалыс мүшелерінің республиканың әр түкпірінен келген өкілдері 1989 жылғы сәуірде құрылтай конференциясын өткізіп, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамын құрды. Ал ашаршылық кезеңінің шындықтарын ашу қоғамның бағдарламасындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде белгіленді. “Әділет” басқармасының мүшесі, тарихшы-мұрағатшы Марат Хасанаев қасіретті кезеңнен бірқатар құнды құжаттарды баспасөз бетіне шығарды. “Әділет” идеялары қанаттандырған жас ғалымдардың бір тобы Орталық мұрағат жанынан тарихи ағарту бірлестігін құрды. Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің оқытушылары студенттік экспедициялар ұйымдастырып, жер-жерден қарттардың сол қасіретті кезең жайындағы естеліктерін жазып ала бастады.

Осындай реттермен “Әділет” туғыза білген қоғамдық пікірдің оң нәтижесі сол, мемлекеттік тәуелсіздік жарияланысымен, еліміздің сол кезгі Парламенті - Жоғарғы Кеңесінің алғаш қолға алған ірі ісінің бірі 1931-33 жылдарғы ашаршылықтың себеп-салдарларын зерттеу болды. Жоғарғы Кеңестің Төралқасы құрған комиссия осынау ұлттық апатты егжей-тегжейлі тексеріп, алғашқы қорытындыларын жасады. Ашаршылықты сталинизмнің аса ірі қылмысы ретінде атап, іс жүзінде көшпенді жұртқа жасалған геноцид деп тапты.

Алматыдағы бұрынғы НКВД ғимаратының іргесінде бір шоғыр өсіп тұрған қарағайлы тоғайда болашақ ескерткіш орны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңіріндегі ашаршылық
Қостанайдың орыстарынан қазақтың халі жаман
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Индустрияландыру: жүргізілуі, қарқыны, аумағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz