Қазақстандағы демографиялық процестер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРІНІСІ

1.1 Халық ұғымын сипаттайтын демографиялық көрсеткіштер ... ... ... ... .6

1.2 Еліміздің демографиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АРЫЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

2.1 Еліміздегі демографиялық проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

2.2 Халқымыздың репродуктивтік мінез.құлқының өзгеруі және
оның әлеуметтік.психологиялық себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.3 Халқымыздың көбеюіне әсер ететін негізгі факторлар ... ... ... ... ... ... ..34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады.
Қазақстанда туу деңгейінің төмендеуі кезек күттірмейтін мемлекеттік проблема болып табылады. Себебі, еліміз екі өзара қарама-қайшы жағдайға тап болып отыр: біріншіден мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен нарықтық қатынастарды дамыту үшін негізгі қажеттік халық санын еселеп өсіру міндеті мемлекет алдында көлденең тұрған болса, екіншіден дәл осы жағдайда халқымыздың табиғи өсімінің күрт төмендеуі үлкен проблемаға айналып отыр.
Жалпы, 1987 жыл Қазақстан үшін демографияда туу шыңы болып қалды: сол жылы 417 мың адам өмірге келген, немесе 1000 адамға 25,7 адам сәйкес келді. Ал, 1997- жылы, яғни 10 жылдан соң туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 14,7 дейін төмендеп кетті. Бұл республика бойынша алғандағы орта есеп, ал кейбір аймақтардағы көрсеткіштер одан да төмен: Алматы қаласында 10,6, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 11,3 және 11,4 деңгейінде болған. Оның үстіне сол кездегі халық арасындағы өлім-жітімнің көбейіп кетуі байқалып отыр. Егер 1987 жылы үлкендер саны 1000 адамға шаққанда 7,6 болса, 1997 жылы 10,1 дейін жоғарылап кетті. Осындай жағдайлардың нәтижесінде, яғни, туу деңгейінің төмендеуі төмендеуі мен өлім-жітімнің артуының арқасында 1987-1997 жылдары халықтың табиғи өсімі 4 есеге дейін төмендегені рас [1].
Демографиялық көрсеткіштердің (туу деңгейінің төмендеуі, жас нәрестелердің өлуінің күрт жоғарылауы) кері динамикасы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиын ахуалмен, мысалы өндірстің төмендеуі, инфляция деңгейінің жоғарылауы, жұмыссыздар санының артуы, бір сөзбен айтқанда халықтың әл-ауқатының нашарлауымен тікелей байланысты [2].
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады.
Қазақстанда туу деңгейінің төмендеуі кезек күттірмейтін мемлекеттік проблема болып табылады. Себебі, еліміз екі өзара қарама-қайшы жағдайға тап болып отыр: біріншіден мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен нарықтық қатынастарды дамыту үшін негізгі қажеттік халық санын еселеп өсіру міндеті мемлекет алдында көлденең тұрған болса, екіншіден дәл осы жағдайда халқымыздың табиғи өсімінің күрт төмендеуі үлкен проблемаға айналып отыр.
Жалпы, 1987 жыл Қазақстан үшін демографияда туу шыңы болып қалды: сол жылы 417 мың адам өмірге келген, немесе 1000 адамға 25,7 адам сәйкес келді. Ал, 1997- жылы, яғни 10 жылдан соң туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 14,7 дейін төмендеп кетті. Бұл республика бойынша алғандағы орта есеп, ал кейбір аймақтардағы көрсеткіштер одан да төмен: Алматы қаласында 10,6, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 11,3 және 11,4 деңгейінде болған. Оның үстіне сол кездегі халық арасындағы өлім-жітімнің көбейіп кетуі байқалып отыр. Егер 1987 жылы үлкендер саны 1000 адамға шаққанда 7,6 болса, 1997 жылы 10,1 дейін жоғарылап кетті. Осындай жағдайлардың нәтижесінде, яғни, туу деңгейінің төмендеуі төмендеуі мен өлім-жітімнің артуының арқасында 1987-1997 жылдары халықтың табиғи өсімі 4 есеге дейін төмендегені рас [1].
Демографиялық көрсеткіштердің (туу деңгейінің төмендеуі, жас нәрестелердің өлуінің күрт жоғарылауы) кері динамикасы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиын ахуалмен, мысалы өндірстің төмендеуі, инфляция деңгейінің жоғарылауы, жұмыссыздар санының артуы, бір сөзбен айтқанда халықтың әл-ауқатының нашарлауымен тікелей байланысты [2].

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРІНІСІ

1.1 Халық ұғымын сипаттайтын демографиялық көрсеткіштер ... ... ... ... .6

1.2 Еліміздің демографиялық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АРЫЛУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

2.1 Еліміздегі демографиялық
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

2.2 Халқымыздың репродуктивтік мінез-құлқының өзгеруі және
оның әлеуметтік-психологиялық
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..24

2.3 Халқымыздың көбеюіне әсер ететін негізгі факторлар
... ... ... ... ... ... ..34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

КІРІСПЕ

Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық
жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік
қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы
Президенттің ұзақ мерзімді Қазақстан-2030 стратегиясының кезек
күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған
демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша
Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша
тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу
тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған
Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және
де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы
1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете
бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп
қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте
төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын
тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне
байланысты табиғи өсім мүлдем болмады.
Қазақстанда туу деңгейінің төмендеуі кезек күттірмейтін мемлекеттік
проблема болып табылады. Себебі, еліміз екі өзара қарама-қайшы жағдайға тап
болып отыр: біріншіден мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен нарықтық
қатынастарды дамыту үшін негізгі қажеттік халық санын еселеп өсіру міндеті
мемлекет алдында көлденең тұрған болса, екіншіден дәл осы жағдайда
халқымыздың табиғи өсімінің күрт төмендеуі үлкен проблемаға айналып отыр.
Жалпы, 1987 жыл Қазақстан үшін демографияда туу шыңы болып қалды: сол
жылы 417 мың адам өмірге келген, немесе 1000 адамға 25,7 адам сәйкес келді.
Ал, 1997- жылы, яғни 10 жылдан соң туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 14,7
дейін төмендеп кетті. Бұл республика бойынша алғандағы орта есеп, ал кейбір
аймақтардағы көрсеткіштер одан да төмен: Алматы қаласында 10,6, Павлодар
және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 11,3 және 11,4 деңгейінде
болған. Оның үстіне сол кездегі халық арасындағы өлім-жітімнің көбейіп
кетуі байқалып отыр. Егер 1987 жылы үлкендер саны 1000 адамға шаққанда 7,6
болса, 1997 жылы 10,1 дейін жоғарылап кетті. Осындай жағдайлардың
нәтижесінде, яғни, туу деңгейінің төмендеуі төмендеуі мен өлім-жітімнің
артуының арқасында 1987-1997 жылдары халықтың табиғи өсімі 4 есеге дейін
төмендегені рас [1].
Демографиялық көрсеткіштердің (туу деңгейінің төмендеуі, жас
нәрестелердің өлуінің күрт жоғарылауы) кері динамикасы әлеуметтік-
экономикалық сипаттағы қиын ахуалмен, мысалы өндірстің төмендеуі, инфляция
деңгейінің жоғарылауы, жұмыссыздар санының артуы, бір сөзбен айтқанда
халықтың әл-ауқатының нашарлауымен тікелей байланысты [2].
Дегенмен, осы демографиялық көрсеткіштердің кері бағытта өріс ала
бастағынын тек қана Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 1990-
жылдармен, нақты айтқанда әлеуметтік экономикалық ауыр өтпелі жағдайлармен
байланыстырып қана қою проблеманы шешіп бере алмайды. Өйткені, қазірде
Қазақстан экономикалық қиын-қыстау кезеңді артқа тастап, өз алдына бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіруді жоспарлы түрде мақсат етіп отыр. Олай
болса еліміздің демографиялық жағдайы автоматты түрде дұрыс бағытта жылжуы
заңды құбылыс болуы тиіс еді.
Рас, қазіргі таңда демографиямызға көз салсақ, халқымыздың сан жағынан
өсуі біршама адамды қуантады. Еліміздің демографиялық жағдайы тұтастай
оңала бастады. 1999 жылдан бастап республикада халықтың елден тысқары
миграция баяулады, ал 2004 жылы бірінші рет елімізде тура бағыттағы сальдо
миграция процесі байқалады. Сондай-ақ халқымыздың құрамына көз салсақ
жастар санының (15-29 жас) қарқынды өсуі байқалады. Некелесу жағдайы да сол
1999 жылдан бастап жақсарып келеді. Мысалы, жалпы неке коэффициенті 1999
жылы 5,75% болған болса, 2005 жылы 7,7%-ға жеткен. Соған сәйкес туу деңгейі
де біршама жоғарылаған: туу саны 1999 жылы 1,79 болған болса, 2005 жылы
2,21 жылы көтерілген (туу саны – бұл репродуктивтік жастағы бір әйелге
сәйкес келетін бала саны). Туу коэффициенті 1999 жылы 14,6% болған болса,
2005 жылы 18,2%-дан аса бастаған (1999 жылдағы 14,6% соғыстан кейінгі ең
төменгі көрсеткіш болатын). Жалпы, менің айтпақ болғаным, бүгінгі таңдағы
демографиямыздағы оң өзгерістер тек қана салыстырмалы түрде алғанда
біршама жоғарылаған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жемісі ғана
емес. Мұның кейбір басқа да себептері бар. Есіңізде болса, мен жоғарыда
1987 жыл Қазақстан үшін демографиядағы туу шыңы болып қалғанын айта
кеткенмін. Тек қана 1987 жыл емес, жалпы 1970-1980 жылдар біздің еліміздің
сан жағынан көтерілуіне ауыз көпіртіп айтарлықтай оң ықпалын тигізген.
Міне, сол жылдары дүниеге келгендердің есебінен бүінгі таңда жастар саны
солсын, некелесу саны болсын, туу көрсеткіші болсын автоматты түрде көбейе
түсуде, яғни осы күнгі демографиялық жағдай сол кздердегі екінші
демографиялық серпілістің нәтижесі болып отыр. Алайда бұл уақытынша – ең
негізгі стратегиялық мақсаты осы аталған буынның репродуктивтік потенциалын
барынша тиімді пайдалану болуы тиіс [3].
Әрине, Қазақстанның демографиялық болашағын тек осы буынға тәуелді
өтіп қою дұрыс болмас, яғни мемлекет өз күшін қай буын болсын туу деңгейін
өсіруге бірінші кезекте салуы тиіс.
Екінші бір мәселе, бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдай мен
демографияның арасындағы байланыс өте тығыз деп айта алмайтындығымызда.
Сондықтан да мемлекетіміз осы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту
арқылы халық санының өсуін тұрақты және толық түрде қамтамасыз етуі
екіталай. Бұған әр түрлі дәлелдер келтіруге кез келген социолог қиналмаса
керек. Мысалы, бұл проблема тек қана Қазақстан алдында тұрған жоқ, сондай-
ақ экономикасы өте күшті дамыған Европа елдері де өздерінің демографиялық
жойылу проблемасымен мемлекет болып қарсы тұрып, күресулеріне тура келіп
отыр. Жалпы, бізде яғни Қазақстан территориясында халық санының қысқаруы ХХ
ғасырда бірнеше рет болған, ал қазір төртінші рет байқалып отыр. Алдыңғы 3
ретте ол өте күшті болған еді. Алдыңғылардан айырмашылығы, ол кезеңдегі
тұрғындардың азаюы күшті әлеуметтік сілкіністермен – бірінші дүниежүзілік
соғыс пен 1916 жылғы ұлты-азатық көтеріліс, 1930 жылдардағы аштық пен
репрессив, 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты
болса, қазіргі кезеңдердегі халық санының азаюы тұрғындардың бұқаралық
демографиялық мінез-құлықтарымен тығыз байланысты болып отыр. Сондықтан да,
қазіргі кездегі тұрғын халықтың азаюын тоқтату, туу деңгейін арттыру,
алдындағы үш ретпен салыстырғанда күрделі, өйткені ол кездегі себеп өлім-
жітімнің уақытша опатты өсуі еді. Олардың аяқталуымен тұрғын халықтың
табиғи өсімі қайта көбейіп, өз қалпына келе бастайтын. Қазіргі таңда табиғи
өсім нәтижесінде ел халқының қалыпты жағдайға келуіне сену қиынырақ, себебі
Қазақстан Республикасы тұрғындарының азаюы ұзаққа созылуы мүмкін. Демограф
ғалымдар мен БҰҰ-ның болжамы бойынша 2015жылға қарай Қазақстан халқының
саны ең жақсы дегенде 15 млн. 778 мың адамды, ал орташа болса 15 млн. 328
мың адамды, ал ең төмен дегенде 14 млн. 885 мың адамды ғана құрауы мүмкін
екен. Бұл дегеніміз – біздің Республикамыздың халық саны әлі де 1979 жылғы
санақ көрсеткіштері бойынша тіркелген 14 млн. 684 мың адамнан аса алмай
отыр. Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
демографияның арасындағы байланыстың әрдайым оң бола бермейтіндігінің тағы
бір дәлелі ретінде өзімізге таныс көруші болып табылатын Өзбекстан
Республикасы мысалға келтіруге болады. Біздің еліміз секілді Өзбекстан
мемлекеті де КСРО ыдырағаннан кейін ауыр кезеңдерді басынан кешті, оның
үстіне Өзбекстан өзінің табиғи ресурсына байланысты бүгінгі таң да
Қазақстан секілді мықтап аяқ баса алған жоқ, бұл мемлекетте әлі де
кедейшілік өте басым. Алайда, соған қарамай өзбек халқы ұдайы өсе отырып,
өз еліне симай, біздегі проблемаға кері демографиялық проблеманы өздеріне
туғызып отыр.Соған сәкес биыл, яғни 2008 жылы 1 қаңтардан бастап Өзбекстан
Үкіметі бір отбасыға максимум екі бала деген қаулы енгізген. Яғни, көріп
отырғанымыздай бүгінгі таңда демографиялық процестерге әсер ететін
факторлар әр елде әртүрлі, тіпті бір елдің өзінде аймақтық ерекшеліктеріне
байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан өз демографиямызға нәтижелі
әсер ету үшін проблеманы жан-жақты зерттеп шығу ауадай қажет екендігін
М.Б.Тәтімовтың өзі қолдап отыр.
І ТАРАУ. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРІНІСІ

1.1 Халық ұғымын сипаттайтын демографиялық көрсеткіштер

Қоғамдағы кез-келген әлеуметтік процесс адамның қатысуынсыз іске
аспайды. Барлық әлеуметтік процесстерге адамзат баласының тіеелей ықпалы
бар. Демек, өмір сүріп отырған халықтың құрамын, құрылымын, атап айтқанда
ең алдымен санын, сапасын реттеу арқылы қоғамдағы жүріп отырған
әртүрлі әлеуметтік поцесстердің бағыт- бағдарына, жылдамдығына,
ауқымдылығына белгілі бір мақсатта ықпал жасауға болады. Ал, осы өмір сүріп
отырған халықтың құрамын, немесе санын, сапасын реттеп отыру демография
ғылымының ең негізгі міндеті болып табылады. Әсіресе, соңғы кездері
демографияның маңыздылығы бүкіл дүниежүзінде артып отыр. Оған мына
фактілердің өзі-ақ дәлел бола алады: Біріккен Ұлттар Ұйымының берген
мәліметтер бойынша жер шарында төртінші миллард адам 1976- жылы 28
наурызда дүниеге келген екен. Одан 11 жыл уақыт өткен соң, яғни 1987 жылы
11 шілдеде планетамыздың халқы бір миллиард адмаға көбейген, яғни бесінші
млрд. адам дүниеге келген. Тағы да 12 жылдан соң, дәлірек айтқанда 1999-
жылы 12 қазанда планетамыздың халқы және бір рет бір млрд. адамға көбейді,
яғни алтынша млрд адам өмірге келді. Бүгінгі таңда жер шарының халқы 6,5
млрд- қа жетіп үлгерді. Жалпы, осы келтірілген фактілерге сүйене отырып,
статистиктер мен демографтар мынандай қорытынды жасаған: жер шарында
жарты жүзжылдықтың ішінде демографиялық жарылыстың болғаны рас, дегенмен
дәл бүгінгі таңда планетадағы халық санының арту жылдамдығы бірден төмендеп
кетті [4].
Яғни, қарап отырсақ, қоғамдағы демография ғылымының орны айрықша
екені рас. Өйткені, алықтың санының , құрылымының өзгеруінің негізгі
себептерін, бұл өзгерістердің қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуындағы
рөлі қандай болатындығын тек қана осы демография ғылымы анықтап бере
алады. Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің ең маңызды жағын- адамзат
ұрпағының жалғасуын тоқтатса, қоғамның өмір сүруі де тоқтайтыны ешқандай
дәлелдеуді қажет етпейді. Сондықтан да демографиялық білім, біріншіден,
қоғамның өмір сүруі мен өзгеруі заңдылықтарын үйрену үшін қажет болса,
екіншіден, жақын және алыс болашақта қоғамаға қандай сандағы адам баласы
қажет болатындығын алдын ала болжау үшін және қоғамның өзі осы
қажеттілікті қаншалықты өтей алатындығын алдын ала көріп білу үшін қажет
болып табылады [4, б. 11].
Мысалы, демографияның өте кең ауқымдылығын мынандай сұрақтарды да
қамтитындығынан байқауға болады: зейнеткерлердің зейнеақы көлемі қандай
болуы тиіс, ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты
зейнеткерлік жасын 63 жастан 60 жасқа төмендету қажет пе? т.с.с. Жалпы,
осы сияқты қоғамның өмір сүруіне қажетті сұрақтардың барлығын демография
ғылымы жауап бере алады. Және дәл осы соңғы айтылған сөйлемнің өзі не үшін
демографияны үйрену керек деген сұрақтың толыққанды жауабы бола алады.
Ненің есібіне халық санының өсуі немесе азаюы (туудың азаюы, өлім –
жітімінің артуы, миграциялық процесстер тағы басқа) жүріп отыратындығын
демогрофтар ғана түсіндіре алады. Халықтың ұлттық діни, жыныстық- жастық,
әлеуметтік құрылымын үйрену қоғамның дамуы үшін өте қажет[5].
Көріп отырғанымыздай демографияғылымының адамзат баласы үшін, оның өмір
сүруі болашағы үшін қызметі орасан үлкен. Соған сәйкес демография ғылымы
өте кең өлемді қамтып, қоғамның кез-келген саласымен тығыз байланыста
болуына тура келеді, соныдықтан да демография ғылымы күрделі бағыт болып
табылады. Дегенмен, халықтың туу көрсеткішіне, өлім- жетімге, тағы басқа
процестерге қаншалықты мән берілмесін, бәрі бір демграфиялық феномендерді
басқару мүмкіндіктерінің аясы тым тар болып келетіндігін мойындауымызға
тура келетіні шындық. Сондықтанда демографияны бағыттап дамыту көбінде
мүмкін бола бермейді.Өйткені, демографиялық процесстердің дербестігі, оның
ішінде экономикадан, әлеуметтен, рухани және саяси салалардан автономдығы
дүние жүзілік тәжірибеден айқын байқалған. Салыстырмалы түрде алғанда
миграциялық феномендер басқару икеміне келетіні рас. Бірақ, миграциялық
процесстерді, яғни көші-қонды белгілі түрде басқаруға болатынымен, реттеу
нәтижесі тым мардымсыз болып келеді, оның үстіне миграциялық процесстерді
ретеуді экономикалық шығын өте көп. Соған қарамай, Қазақстан үшін миграция,
соның ішінде иммиграция феномені маңызды рол атқарады. Алайда елімізде
заңсыз иммигранттар да өте көп. Олар, негізінен Өзбекстан мен Қырғыстаннан
келген қара жұмысшалар. Негізінен мақта, темекі, жүзім, техникалық дәнді
дақылдарды баптап бағушылар. Сонымен қатар құрылыс, тиеу жұмыстарында
көптеп кездеседі. Мұндай мигранттардың демграфиялық жағдайымызға ешқандай
қосар үлесі жоқ. Керісінше осындай иммегранттардың кесірінен еліміздегі
төменгі тап өкілдері, яғни қарапайым халық жұмыссыз қалуда. Жалпы, менің
айтпақ болғаным әзірше бұл емес. Сондықтан демографиядағы халық ұғымы,
оның санын, құрамын, құрылымын, сипаттайтын негізгі көрсеткіштері жайлы
сөз қозғайтын болсақ, ондаең алдымен демграфияның тарихына кішкене тоқтала
кеткен жөн болар. Жалпы демография қашан пайда болды деген сұрақ әлі күнге
дейін пікір таластар тудырып келеді. Сонда да көбінесе демографияның атасы
деп 1620-1674 жылдары өмір сүрген Джон Граунт танылады [6].
Дәлірек айтқанда, 1662-жылы 25 қаңтарда шыққан 90 беттік брошюрасы
демография ғылымының бастамасы болып есептеледі. Ол брошюраның аты –
табиғи және саяси ақылау. Джон Гроунт өзінің осы 90 беттік еңбегінде
Лондан тұрғындары жайлы кең ауқымды мәліметтер беріп кетеді. Қоғамның дамуы
үшін мынадай сұрақтарға жауап беруді маңызды деп санайды: Халық санының
есебін білу әйелдер мен еркектердің сандық арақатынасын білу, некеге
тұрғандармен жалғыз бастылар санын анықтау, ажырасқан әйелдер саны қанша,
әскери қызметкерлердің саны қаншы, Лондан халқының саны қанша, ол қалай
көбеюде, тағы басқа сұрақта. Осындай сұрақтарға жауап іздегеніне қарап
Джон Граунттың демография ғылымының атасы деуге әбден болады[7].

1.2 Еліміздің демографиялық жағдайы

Мемлекет өз алдына мақсат етіп қойған әлеуметтік саясаттың дұрыс болуы
үшін қоғамдағы жүріп жатқан демографиялық процестерге алдын-ала болжау
жасауға тұра келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанның
демографиялық ахаулының болашағы жайлы болжау жасалынған. Осы жасалынған
болжау халықтың туу, өлу және миграциясын ескере отырып үш түрде жасаланды.
Өйткені, демографиялық процестерді асқарудың қиындығы бір ғана болжау
жасаудың жеткіліксіз екендігін хабар береді. Сондықтан да, жасалынған
болжам үш варианттан тұрады: 1 минималды, 2 орта, 3 максималды. бірінші
болжау варианты бойынша Қазақстан халқы 2015-жылы 2005-жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда 1 млн. 290 мың адамға артып, 16 млн. 440 мың адам басын
құрайды. Бұл, негізінен, 2010-жылға дейінгі халықтың туу көрсеткішінің
өсетіндігін есепке ала отырып жасалынған. Өйткені, осы болжам бойынша
Қазақстан халқы 2010-жылдан кейін туу көрсеткішін жоғарылата алмай, тіпті
2013-жылдан бастап туу коэффициенті төмен қарай жылжитын көрінеді. Ал, өлім
коэффиенті керісінше артып, табиғи өсім 2015-жылға қарай 7,5(-ға дейін
төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, болжамның осы түрі жасалынған кезде миграция
процесінің есепке алынбағандығын айта кеткен жөн. Ал, болжаудың келесі,
екінші варианты мүлдем басқаша пікірлерге сүйенеді. Нақтырақ айтқанда осы
екінші вариант бойынша туу коэффициенті жылдан-жылға біртіндеп арта келіп,
2010-жылы 20,6-ға тең болуы тиіс, алайда одан кейінгі жылдарда туу
коэффициентінің кішкене мөлшерде төмендейтінін болжаудың бұл варианты да
мойындап отыр. Ал, өлім мәселесіне келсек, болжаудың осы вариантпен мүлдем
келіспейді: бірінші вариантта өлім көрсеткіші жылдан-жылға біртіндеп арта
түсетіні көрсетілген және 2015-жылы бұл көрсеткіш кемінде 11,2 шамасында
болады деп берілген болса, екінші вариантта өлім коэффициенті жыл сайын
аздаған шамаға төмендеп, 2015-жылы 9,7-ден аспауы тиіс. Сондықтан болар
республика халқы 2015-жылы 2005-пен салыстырғанда, бірінші вариантта
жорамалданғандай 1 млн. 290 мың адамға емес, 1 млн. 810 мың адамға артып;
жалпы саны 16 млн. 960 мың адамнан тұратын халықты құрайды деген божамды
алға тартады. Болжаудың үшінші варианты Қазақстан халқының болашақта
салыстырмалы түрде алғанда қарқынды өсетіндігіне сендіргісі келеді. Дәлірек
айтқанда, 2015 жылға қарай республика тұрғындары 2 млн. 460 мың-ға артып,
жалпы саны 17 млн. 610 мың адамнан тұратын халықты құрай алатындығын айтып,
біршама көңілді қуантады [8].
Қарап отырсақ, аздан көпке қарай бағытталған болжау варианттарының
ішінде екінші вариант шындыққа жанасатын көрінеді, өйткені бірінші вариант
2015-жылға қарай республика халқының тым аз мөлшерде өсетіндігін айтып,
жасалынып жатқан мемлекеттік әрекеттердің нәтижесін жоққа шығарып отырса,
ал үшінші вариант керсінше пікірді айтып, өзіне сендіргісі келеді.
Әрине, болашақты алдын-ала зерттеп, оған баға беру оңай шаруа емес,
әсіресе ұзақ мерзімді болжау жасау әрдайым шындықпен жанаса бермейді.

Отбасындағы баланың санына байланысты туылғандардың құрылымы, 2006

Аймақ Отбасындағы бала санына байланысты
барлық туылғандар туылғандар %
1 2 3 4 5
Ақмола 100 52,7 28,1 12,1 4,3 2,8
Солтүстік 100 49,9 32,4 11,6 3,5 2,6
Қазақстан
Шығыс 100 48,8 31,6 12,9 4,3 2,4
Қазақстан
Қазақстан 100 42,9 29,1 16,1 7,4 4,5
Республикасы

Қазақстан халық санының болжамы

Жылдар Халық саны млн. адам
Вариант 1 Вариант 2 Вариант 3
2005 жыл 15,15 15,15 15,15
2006 жыл 15,27 15,30 15,31
2007 жыл 15,40 15,46 15,51
2008 жыл 15,53 15,63 15,73
2009 жыл 15,66 15,81 15,97
2010 жыл 16,80 16,00 16,23
2011 жыл 15,93 16,19 16,50
2012 жыл 16,06 16,38 16,77
2013 жыл 16,19 16,53 17,05
2014 жыл 16,32 16,77 17,33
2015 жыл 16,44 16,96 17,61

Туу коэффициентінің болжамы

Жылдар Туу көрсеткішінің болжамы
Вариант 1 Вариант 2 Вариант 3
2005 жыл 18,6 18,6 18,6
2006 жыл 18,8 19,1 19,7
2007 жыл 19,0 19,5 20,4
2008 жыл 19,1 19,9 21,0
2009 жыл 19,3 20,3 21,7
2010 жыл 19,3 20,6 22,2
2011 жыл 19,3 20,5 22,0
2012 жыл 19,3 20,4 21,8
2013 жыл 19,1 20,2 21,5
2014 жыл 19,0 20,0 21,1
2015 жыл 18,7 19,7 20,7

Өлім деңгейінің болжамы

Жылдар Өлім көрсеткішінің болжамы
Вариант 1 Вариант 2 Вариант 3
2005 жыл 10,4 10,4 10,3
2006 жыл 10,5 10,4 10,2
2007 жыл 10,6 10,3 10,1
2008 жыл 10,7 10,3 10,0
2009 жыл 10,8 10,2 9,9
2010 жыл 10,9 10,1 9,7
2011 жыл 11,0 10,0 9,6
2012 жыл 11,0 9,9 9,4
2013 жыл 11,1 9,9 9,2
2014 жыл 11,2 9,8 9,0
2015 жыл 11,2 9,7 8,8

Егер сөз демографиялық процестер жайында өрбитін болса, онда
шындықпен дәл келетіндей болжам жасау одан да қиынға соғады, өйткені
демографиялық процестердің уақыт бойынша әрқилы өзгеру мүмкіндігі үлкен.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде туу көрсеткіші
біршама жақсарып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында
репродуктивтік жастағы әрбір әйелге 3,3 бала сәйкес келеді. Ал, Қызылорда
облысында 2,89 бала әрбір әйелге тұспа-тұс келсе, Манғыстау облысында 3,16-
ға дейін жетіп отыр. Ал, ендігі бір назар салатын жағдай бұл – отбасындағы
балалардың реттік саны әйел адамның жас шамасымен тығыз байланысты
екендігі. Бірінші перзенттің көбінесе жас әйелдер тарабынан дүниеге келуі
табиғи заңдылық. Мысалы, 2004-жылы дүниеге келген бірінші перзенттердің
68,8(-ының шешелері 25 жасқа толмаған әйелдер болған Үшінші және одан
кейінгі кезектегі балаларды негізінен 30 жастан асқан аналар дүниеге
әкеледі. Барынша объективті мінездемені туудың брутто және нетто
коэффициенттерінен көруге болады. Негізінен, демографиялық проблеманы
отбасындағы үшінші бала шешетіні рас. Алайда, қоғамда бір балалы отбасылар
көптеп кездесетін болса, онда аталған проблеманы шешуде үшінші баланың
ықпалы жеткіліксіз болатыны белгілі [8, б. 22-26].
Ал, енді репродуктивтік жастағы (15-49 жас) әйелдердің әлеуметтік-
демографиялық мінездемесіне тоқталы кетейік. 1999-жылғы демографиялық санақ
бойынша 15-19 жас аралығында әйелдер бүкіл репродуктивтік жастағы
әйелдердің ең үлкен бөлігін құрайды: 16,5(. Осыдан келіп шығып, алдағы
уақытта халықтың туу деңгейі белгілі бір шамада жақсаратындығына сенуге
болады, өйткені осы жастағы әйел адамдар дүниеге сәби әкелуді алдағы
уақыттарда ғана қолға алатыны түсінікті жағдай. Отбаслық жағдайына
байланысты жіктейтін болсақ, әйелдердің басым бөлігі, яғни 62,9(-ы некеге
отырған. Сондай-ақ әйелдердің басым бөлігі қолайлы жерлерде өмір
сүретіндігі соңғы өткен санақ мәліметтерінен көрініп отыр: қала әйелдерінің
жалпы үлесі 55,6( болса қалған 44,4( ауыл әйелдеріне тиесілі.Регион бойынша
қарастырсақ репродуктивтік жастағы әйелдердің басым бөлігі, яғни 30,3(-ы
оңтүстік аймақтарда өмір сүреді екен. Білім деңгейі бойынша әйелдер
арасында бастауыш және жалпы орта білімділер сан жағынан бірінші орында
тұрады: 40,15(. Ал, орта кәсіптік білімі барлардың үлесі кішкене төмендеу:
39,75(-ға тең болса, жоғары білімі барлар 20 пайыздан аспайтындығы, яғни,
репродуктивтік жастағы әрбір бесінші әйелде жоғары білімін куәландыратын
дипломы бар екендігі санақ көрсеткіштерінен бізге мәлім. Діни сенімдеріне
қарап та әйелдерді топтастыруға болады, мысалы мұсылман дініндегі
әйелдердің үлес салмағы 55,9 %-ды құрап бірінші орынды алса, христиан
дініндегі әйелдер екінші орында 26,8 %, ал басқа діндегі әйелдердің үлесі
небары 1,4% құрайтын көрінеді, сондай-ақ 14,4% әйелдер өздерінің ешқандай
дінге сенбейтіндіктерін жасырмаған. Республикадағы барлық әйелдерді
этникалық топтар бойынша да жіктеуге тура келеді, өйткені көпұлтты халық
екендігіміз баршаға мәлім. Демек, еліміздегі қазақ әйелдердің үлесі 54%-ды
құраса, одан кейінгі кезекте орыс халқының өкілдері (30,3%) және басқа
ұлттағылар (15,8%).
Әйелдердің білім деңгейіне жеке тоқталған артық болмас, өйткені білім
дәрежесінің біз зерттеп отырған проблемамен тығыз байланысы бар. Жоғары
білімі бар әйелдердің негізгі бөлігі 30-34 жастағыларда кездеседі. Ал, 15-
19 жастағылардың арасында жоғары білімі бар азаматшалар аз, оның себебі
өзімізге мәлім болғандай, олардың көпшілігінің мектеп қабырғасында
оқитындығы. Қалалы жерлерде өмір сүретін әйелдердің арасында жоғары
білімділері ауылды жердермен салыстырғанда екі есеге көп. Әсіресе, Алматы
қаласында бұл көрсеткіш өте жоғары. Ал, ең төменгі көрсеткіш батыс
аймақтарға тән. Әрбір ұлттарға жоғары білім бар жоғын анықтау мақстында
жеке-жеке тоқталсақ, айтарлықтай айырмашылық жоқ екендігі байқалады [9].
Қазақтарда 20,3%, ал орыстарда 20,8%, басқа ұлт өкілдеріне 16,3%.
Соңғы демографиялық сынақ жүйесі өткен кезде әйелдердің небары 41% - ғана
жұмыс істейтіндер қатарына қосылған. Ал, 59% сәйкесінше жұмыссыз жандар
болып шыққан. Сондай-ақ, жұмыс істейтін әйелдер арасында қала тұрғындары
ауыл тұрғындарына қарағанда басымдық танытқан: 49,3% және 31,2%. Әсіресе,
Алматы қаласы осы критерий бойынша тағы да алдыңғы қатарда болса, батыс
аймақ ең соңғы көрсеткіште тұр. Жалпы, жұмыс істейтін әйелдердің басым
бөлігін де жоғары білім бар. Демек, алынған мәліметтерге қарағанда жоғары
білімі бар әйелдердің жұмысқа орналасуында мүмкіндіктері басым. Дегенмен,
этностық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейтін әйелдердің үлес
салмақтары әр түрлі. Мұнда орыс әйелдер бірінші орында болса, қазақ
әйелдері ең соңғы орында екен. Яғни, қазақ әйелдерінің басым көпшілігі өз
үйлерінде қара қазанның басында деген сөз.
Ал, енді әйелдердің өз отбасыларындағы рөлдеріне кішкене тоқтала
келсек проблемадан алшақтағандық болмас. Жалпы, отбасындағы әр түрлі
тұрмыстық мәселелерді шешуде 15-19 жастағы әйелдердің әсері немесе ықпалы
басқа жастағы әйелдермен салыстырғанда әлсіз болатындығы байқалған, ал оған
мүлдем қарсы сипаттағы әйелдердің жасы 45-49-ға сәйкес келген. Қала
әйелдері әртүрлі тұрмыстық мәселелрді шешуде соңғы шешімді қабылдау бойынша
ауыл әйелдеріне қарағанда басымдық көрсетеді екен, ал ауыл әйелдері
көбінесе күйеулерінің айтқандарынан шыға алмайтын көрінеді. Решон бойынша
да тұрмыстық мәселелерді шешуде әркелкілік байқалады, мысалы
республикамыздың оңтүстік аймағы осы айтылған мәселеде төмен деңгейде
орналасқан. Яғни, бұл аймақта қоғамның патриархаттығы басым деген сөз.
Мүмкін сондықтан болар ел арасында оңтүстікте әйелге күн жоқ деген
пікірлер айтылып та жатады. Керісінше, республикамыздың Орталық және шығыс
аймақтарында отбасындағы әйелдің еркіндігі басқа аймақтарға қарағанда
жоғары дәрежеде. Этникалық ерекшеліктерге де байланысты әр ұлт өкілдерінде
әр түрлі жағдай байқалады. Орыс ұлтының өкілдері, яғни орыс әйелдері
өздерінің тұрмыстық мәселелерін шешуде қазақ әйелдеріне қарағанда
белсенділік танытатын көрінеді. Мұнда, әрине, діннің де ықпалының маңызды
орынға ие кеендігін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, әйелдердің өздерінің
отбасыларындағы тұрмыстық мәселелерін шешуде қаншалықты еркіндігі олардың
жұмыс істеу істемеуіне де байланысты болады. Мысалы, жұмыс істемейтін
әйелдерге қарағанды жұмыс істемейтін әйелдерге қарағанда жұмыс істеп,
белгілі бір мөлшерде айлық табысқа ие болған әйелдер өз отбасыларындағы
мәселелерді шешуде күйеулеріне тәуелді болып қалмай, еркіндік танытады.
Жалпы, социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда отбасында ер
адамның өз әйеліне дөрекілік танытып, күш көрсетуіне байланысты мәселені
шешуде әйелдердің жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылық байқалмайды.
Ал, олардың отбасын құрған немесе құрмағандығына байланысты ерекшеліктер
бар. Отбасын құрған әйелдер отбасын құрмаған әйелдерге қарағанда ер адамның
өз әйеліне дөрекілік танытудан кей жағдайларда дұрыс деп бағалайтын
көрінеді. Сол секілді айырмашылық қала мен ауыл арасында да байқалады. Ер
адамның өз әйеліне күш көрсетуін дұрыс деп бағалайтын әйелдер саны ауылда
қалаға қарағанда екі еседей көп. Оның үстіне, оңтүстік аймақта
күйеулерінің соққысына шыдайтын әйелдер саны басқа өңірлермен
салыстырғанда көбірек кездеседі. Алайда, білім деңгейіне байланысты, мысалы
ер адамның өз жұбайына күш көрсетуін жақтайтын әйелдер ішінде жоғары
білімділері аз кездеседі. Этностық ерекшеліктер де бар: орыс әйелдері
ішінде ер адамның өз жұбайына күш көрсетуін жақтайтындар саны қазақ
әйелдеріне қарағанда аз.
Ендігі мәселені отбасныдағы әйел мен еркек арасында болатын жыныстық
қатынас төңірегінде өрбіткен жөн болар, өйткені бұл мәселенің дүниеге бала
әкелудегі орны ерекше екендігін ешкім жоққа алмас. Осы тақырып бойынша
жүргізілген социологиялық зерттеулерге қарағанда, өз күйеуімен жыныстық
қатынасқа түсуден бас тартатын әйелдер ішінде 15-19 жастағылар одан үлкен
жастағаларға қарағанда аз шамада кездеседі екен. Ал, қалалы жерлердегі
әйелдер ауылды жерлерде мекендейтін әйелдерге қарағанда ер ер адамның өз
әйеліне күш қолдануында көбірек қарсылық көрсететін көрінеді.
Алынған мәліметтерді сараптай келе, әйел адамның тұрмыс тіршілігіндегі
статусы, беделі оның білім деңгейіне, тұратын аймағына, ұлтына, жұмысына
қарап анықталатына көз жеткізуге болады.
Кез келген қоғамда әйелдің жасы ұлғайған сайын тууға деген ниеті
қайтып, бала санының азая түсетіндігі табиғи заңдылық болып табылады.
Дегенмен бұл – жас әйелдердің әрдайым дүниеге сәби әкелуде алдыңғы қатарда
тұрады деген сөз емес. Мысалы, 1999-жылы барлық жастағы әйелдердің бала
тууы азайған, әсіресе жас әйелдерде, дәлірек айтқанда, некеге отырғанына
бес жыл толмаған әйелдерде дүниеге перзент әкелу көрсеткіші күрт төмендеп
кеткен. 15-19 жастағы және 20-24 жастағы барлық әйелдер арасында дүниеге
перзент әкелмеген әйелдер сыны өте көп кездесетіндігі байқалған. Бұл
ақпараттан мынадай қорытынды жасауға болады: 15-24 жастағы әйелдердің
көпшілігі отбасы құрып үлгірмегендер қатарына кіреді. Барлық әйелдерде,
оның ішінде отбасын құрған әйелдерде баланың ең көп кездесетін саны екі
болып табылады. Барлық әйелдердің 24,9 %-ында онда екі баладан бар болса,
отбасын құрғандардың ішінде екі балалы аналардың үлесі 34,3%. Ал одан ары
қарай, яғни үш және одан да көп балалы аналардың жалпы әйелдер ішіндегі
үлесі азая түскен. 20-24 жастағы әйелдердің дүниеге әкелген балалар саны
сол жастағы әйелдердің әрбіріне шаққанда 0,7-ден аспайтын болса, 25-29
жастағы әйелдерге 1,5 баладан, ал 30-39 жастағы әйелдерге екі баладан, 40
және одан асқан әйелдерге үш баладан сәйкес келеді екен.
Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, туу аралығы қысқа болған сайын,
дүниеге келген баланың өмір сүру қабілеті төмендеп, өліп кету қаупі
салыстырмалы түрде алғанда артатын көрінеді. 1999-жылғы зертте бойынша,
дүниеге келгендердің 32 пайызында тайминг көрсеткіші 24 айдын, яғни екі
жылдан аспаған. Ал, осы тайминг көрсеткіші екі жылдан ұзақ мерзімде
туылғандардың үлесі салыстырмалы түрде екі жыл ішінде туылғандардан аз
болғаны белгілі, жалпы, бүкіл туылған балалардың орташа таминг көрсеткіші
үш жыл аралықты құраған.
Туу аралығының ұзақтығы мен туу көрсеткішінің арасында тығыз байланыс
бар. Туу аралығының ұзақтығы, немесе тайминг көрсеткіші қысқа болған сайын
халықтың туу көрсеткіші жоғарлап отырады. Соған байланысты аймақтық
ерекшеліктер байқалады: оңтүстік аймақта туу аралығының орташа ұзақтығы 28
ай, немесе екі жыл төрт айға тең, ал екі жалдық мерзім аралығында
туылғандардың үлесі 41 пайызды құрайтын көрінеді. Ал, оған қарсы
көрстекіштер Алматы қаласы мен Шығыс аймақта байқалады: Алматыда туу
аралығының орташа ұзақтығы 49 ай болса, шығыс аймақтарда 48 айда, яғни төрт
жыл уақытта құраған. Сондай-ақ оңтүстік аймақта 24 ай, яғни екі жыл мерзім
аралығында туылғандардың үлесі 41% болған болса, мына аталған аймақтар да
24 ай аралығында туылғандардың үлесі 21 %-тен аспайды. Туу аралығының
әркелкілігі дүниеге келетін баланың (нәрестенің) жынысына да әсер ететін
көрінеді. Зерттеудің қорытындысы бойынша, туу интервалы қысқа болған сайын
өмірге қыздардың келу мүмкіндігі артып отырады. Ауылды жерлерге қарағанда
қалалы жерлерде туу интервалы ұзағырақ болатынын да ұмытпаған жөн. Сол
секілді әйелдің білім деңгейі де туу интервалын анықтап беретін көрінеді.
Яғни, білім деңгейі жоғары болған сайын туу интервалы ұзара түседі.
Этностық ерекшеліктерге де байланысты әркелкілік бар: қазақтардың ішінде
туудың орташа интервалы 31 айға тең болса, орыстар арасында бұл көрсеткіш
бірашама ұзақтау – 52 ай [1, б. 71].
Бірінші перзентті дүниеге әкелідегі әйелдің жасы халықтың
демографиялық өсуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Мұнда да бір қатар ерекшеліктер бар. Мысалы, бірінші перзентті дүниеге
әкелердегі қала әйелдерінің жас шамасы ауыл әйелдеріне қарағанда кішкене
жоғары. Қала әйелдері 22,1 жаста бірінші рет босанатын болса, ауыл
әйелдерінде осы кездегі жас шама 21,6-ға сәйкес келген. Білім деңгейін де
байланысты мысалдар келтіруге болады. Білім дәрежесі жоғары болған сайын
бірінші перзент дүниеге кешіреу келеді. Алайда, кешірек ана болудың
бірқатар позитивті жақтары да бар. Әйелдердің өте ерте жасында туылған
балаларында өмір сүру мүмкіндігі төменгі дәрежеде болады. Бұл, әрине,
биологиялық, физиологиялық толық дамып үлгермегендіктің нәтижесі. Кәмілет
жасына толмаған өыздардың арасындағы жүктілік әр мемлекетте әр түрлі
сипатта. Мысалы, Щвецияда қыздар басқа елдермен салыстарғанда жыныстық
қатынасқа өте ерте жастан түсетін көрінеді. Алайда, олардың жыныстық
қатынас кезінде контрацептивтік құралдарды жиі пайдалануына байланысты
бұл елде кәмілетке толмағандар арасындағы жүктілік жиі кездеспейді.
Жапонияда да осындай тенденция байқалады, яғни жапон қыздары ерте жастан-
ақ жыныстық қатынасқа түсе бастаса да, кәмілетке толмағандар арасында жүкті
болып қалғандардың үлесі аз. Бірақ, оның себебі контрацептивтік
құралдарға байланысты емес, жапон қоғамында өмір сүріп жатқан салт-
дәстүрге байланысты. Сондай-ақ Қытайда кәмілет жасына толмағандар
кездеспейді. Ал, дамушы мемлекеттерде қыздардың ерте күйеуге шығуы
дәстүрге айналып барады. Мысалы, АҚШ-та әрбір оныншы әйел 15-19 жас
арасында жүкті болуға үлгереді [4, б. 10].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып былайша қорытынды
жасауға болады: Халықтың табиғи өсіміне негізінен 20-24 жастағы әйелдер
үлес қосатын көрінеді. Қазақстан әйелдері үшін екі бала, өкінішке орай,
нормативтік көрсеткіш болып саналады. Үш, төрт балалы аналарымыз көп емес.
Барлық туылғандардың әрбір үшіншісі туу аралығы 24 айдан аспайтын мерзімде
дүниеге келгені де көңіл қуантарлық жағдай емес, өйткені оның әйел
денсаулығына да, бала денсаулығына да келтірер зияны көп. Дегенмен де
орташа туу интервалы 35 айды құрайды. Жоғары білімді әйелдерде туу
интервалының басқа әйелдермен салыстырғанда ұзақ болатындығы да
байқалған.
Оңтүстік пен батыс аймақтарда әйелдердің көңілінен шыатын орташа
есеппен алғандағы балалрды қалау саны жоғарылау болып келетіндігі
байқалады. Жоғары білімді әйелдерде туу интервалының ұзақ болатындығына
байланысты балаларды қалау саны да көп емес. Сол сияқты қазақ ұлтының
әйелдері басқа ұлт өкілдерінің әйелдеріне қарағанда бала санының көбірек
болғандығын қалайтын көрінеді.
Неке әйелдердегі жүктілікті қамтамасыз ететін ең негізгі әлеуметтік
институт. Әйелдердің некеге отыру жасы отбасындағы бала санының басты
реттеушісі бола табылатындығы әлеуметтік фактілерден мәлім болып отыр.
Әйелдердің некеге отыру жасының әр мемлекетте әркелкі екендігін көрсететін
болсақ, онда Жапонияда некеге отырған 15-19 жастығы әйелдердің бүкіл некеге
отырған әйелдер ішіндегі үлесі небары бір пайыз болса, Сингапурда екі
пайыз, ал Гонконгте үш пайыздан аспайтын көрінеді, демек осы үш мемлекетте
әйелдердің некеге отыру жасы салыстырмалы түрде үлкен деген сөз. Оған
тұтастай қарсы көрсеткіштерге ие болған мемлекеттер де бар: мысалы,
Бангладеште некеге отырған 15-19 жастағы әйелдердің некедегі бүкіл әлемдер
ішіндегі алатын үлесі 70%-ға жететін болса, Үндістанда олардың үлесі 57%,
ал Неполда 59%-ден кем емес.
Өзіндік белгілі болғандай, орта жаста некеге отыратындардың көбеюі
фертилдік көрсеткішінің төмендеуіне әсер етеді. Ол , әрине дұрыс. Бірақ та
оның қазақ елі үшін негативті жағы да жоқ емес, өйткені әйелдердің кешірек
некеге отыруы жас әйелдер арасындағы жүктілікті азайтып, ұрпақ пен ұрпақ
ортасындағы интервалдың ұзаруына әкеп соғатыны да бар. Алайда, орташа
некеге отыру жасының ұзаруының әйел статусын артырудағы маңызы ерекше.
Атап айтқанда, әйел адам некеге отырмай тұрып жоғары сапалы білім алуға,
өз-өзін кәсіптік жетілдіруге, сондай-ақ моральдық-материалдық жағынан
отбасы құруға дайын болуына үлкен мүмкіндік алады.
Отбасында әйел адам мен ер адам арасында болатын жыныстық қатынас
жүктілікке әкеп соғуы мүмкін болған әрекеттердің ең маңыздысына жатады
десек артық айтқандық болмас. Жалпы, жаңадан некеге отырғандардың
жыныстық активтілігі 10-14 жылға дейін сақталып, олардың үлесі 80%-ға
түссе, одан кейінгі мерзімде, яғни отбасын құрғандарына 15 жылдан асқан соң
ерлі-зайыптылардың жыныстық құштарлығы, дәлірек айтқанда, бір-біріне деген
эыныстық құштарлығы бәсеңдейтінін зерттеу нәтижелері көрсеткен.
Сол секілді ауыл тұрғындарының жыныстық қатынасқа деген құштарлығы
қала тұрғындарына қарағанда бәсеңдеу келетіні де белгілі болған.
Республикамыздағы аймақтар бойынша да бірқатар айырмашылықтар бар. Атап
айтқанда, еліміздегі тұрғындардың жыныстық құштарлығы жоғары аймақтарға
солтүстік өңірлеу жатса, ал оған қарсы сипаттағы аймақтарға оңтүстік
өңірлер жататыны зерттеу нәтижелерінен белгілі болған. Өздеріңіз байқаған
болсаңыздар біздің елімізде халқымыздың дүниеге перзент әкелуімен олардың
жыныстық қатынасқа деген құштарлығының арасында кері корреляциялық
байланыс орныққан сияқты. Өткені, еліміздің солтүстік аймақтарында
тұрғындардың жыныстық қатынасқа деген құштарлығы жоғары болғандығына
қарамастан еліміздің демографиялық өсіміне қосар үлестері көрінбей отыр.
Ал, оңтүстікте керісінше жағдай байқалады. Салыстырмалы түрде алғанда
жыныстық құштарлықтың төмен болуына қарамастан бұл өңірде дүниеге келген
балалар саны көпшілікті құрайды. Бұлай болудың себебін әр тараптама
түсіндіруге болады. Быіріншіден, этникалық ерекшеліктерді алып қарасақ,
солтүстікте негізінен орыс ұлтының өкілдері, басқаша айтқанда орыс
диаспорасы мекен етсе, ал оңтүстік өңіріміз қаймағы бұзылмаған қазақ
ұлтының жер ұйығы болып табылады. Қазақ отбасыларының үйінде әрдайым бала-
шаға саны жоғары болғандығы тарихымыздан – ақ белгілі. Бұл, әрине
дәстүрімізбен де тығыз байланысты. Қазақ ешқашан да бала-шағам көп
болсын деген ниеттен қалыс қалмаған. Адам ұрпағымен өмір сүреді деген
мақалдың өзі қазақтың балажанды халық болғандығынан хабар береді. Оның
үстіне, қазақ халқы көпбалалы болудан ешқашан зиян көрмеген. Осы пікірмен
келіспейтіндерге қазақтың мына бір сөзімен-ақ жауап беруге болады: бір бас
дүниеге келгенде бір жусан артық шығады. Ал, орыс этносы жайында сөз
болғанда бұл айтылған пікірлер жүрмейді, өйткені орыс халқының менталитеті
мүлдем басқаша. Мысалы, қазақ қартайып зейнет көрсе, орыс қартайып бейнет
көреді десек артық айтқандық болмас. Өйткені, қартайған қазаққа қамқорлық
жасайтын оның өсірген ұрпағы. Ол тек бала-шағасына бас болып, өзінің ақыл-
кеңесін айтып, немере-шөберелерінің қызығын көріп отырса жеткілікті. Ал,
орыс халқында мұндай қасиетті дәстүр атымен жоқ деуге болады. Олар көбінде,
бала-шаға үшін емес өздері үшін өмір сүреді, өйткені қартайған шақтарында
өсірген ұрпағының тигізер көмегі шамалы ғана, тіпті жоқ деп айтуға да
болады. Оның себебі- олардың өз әке шешелерін қартайған шақтарында
жалғыздатып қоюы. Осыған қатысты Қазақ былай дейді: Қазақ қартайса немере
ертеді, орыс қартайса итін ертеді. Орыс отбасыларындағы ата-ананың түпкі
тағдыры осылай бітер екені әуелден белгілі болса, жас кездерінде бала
туып, оны бағып-қағудан не пайда! Соған қарамай, орыс халқы мүлдем көбеюден
қалды деуге болмас, керісінше соңғы кездері қазақтар арасында өз салт-
дәстүрін түбегейлі ұмытып, ұлт болудан қалып, жаһандануға жұтылайын деп
тұрғандары өмірге ұрпақ әкелуді күрт азайтқан. Бұл жағдай, әсіресе, орыс
тілді дүбәрә қазақтардың ішінде кеңінен байқалады. Оның өзіндік
себептерінің бар екендігі рас. Дегенмен де қазаннан қақпақ кетті деп иттен
ұяттың кетуі шарт емес!

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АРЫЛУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

2.1 Еліміздегі демографиялық проблемалар

Адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндетке айналғанына біраз
уақыт өтті. Ал, адам даму индексі (АДИ) елдің демографиялық көрсеткішіне
тікелей бағынады. Жалпы, Қазақстанда адам да – мұның сер пінінде екі кезең
байқалған. Бірінші кезең (1990-1995 жж.) адам дамуына қатысты барлық
көрсеткіштердің, соның ішінде демографиялық көрсеткіштердің күрт
нашарлауымен сипатталады, соның себебінен Қазақстан әлемдегі адам даму
индексі (АДИ) бойынша 54-ші орыннан 93-ші орынға ығысты. Екінші кезеңде
(1996-2000жж.) адам дамуының көрсеткіштері баяу қалпына келе бастап,
Қазақстан 80-ші орынға көтерілді. Бірақ бұл, ТМД өзге елдердегі сияқты 1990
жылғымен салыстырғанда әлі де анағұр лым нашар. Демографиялық фактор –
туылған кездегі болжамды өмір сүру ұзақтығы – республикадағы АДИ
нашарлауына бірінші кезеңде негізгі рөл атқарса, ал екінші кезеңде АДИ
өсуінің жеткіліксіз салмақтылықтағы факторы болып табылады. Бұл орайда
Қазақстандағы осы көрсеткіштің деңгейі (2005 жылғы адам дамуы туралы
Баяндама бойынша 63,4 жас) жоғары АДИ елдерімен (78 жас), сондай-ақ өтпелі
экономикадағы көпшілік елдермен (68,2 жас) салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Бұған қоса, Қазақстанда БӨҰ (болжалды өмір сүру ұзақтығы) көрсеткіші
бойынша елеулі гендерлік теңсіздіктің байқалатынына назар аудару керек, ол
2005 жылы 11,5 жасты құрады [11].
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және ырыс-берекесі деп
аталатын стратегия басымдылығының аясында мемлекеттік органдардың қызметі
республика халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталуы. Бұл
денсаулық сақтау саласының уақтылы және сапалы қызмет көрсетулерімен,
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды іске асырумен, таза суға қол
жетімділікпен және елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен, халық
табыстарының өсуімен, жеткіліктілігімен және оларды уақтылы төлеумен, білім
беру қызметтерінің сапасын арттырумен, халықтың жұмыспен қамтылуын және
атаулы әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеумен
қамтамасыз етіледі.
Осы басымдылық аясында Қазақстанның мыңжылдық Деклорациямындағы аса
амбициялы төрт міндетті шешуді қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өту керек,
мыңжылдық Деклорациясы БҰҰ 2000 жылы Нью-Йоркте өткен Бас Ассамблеясында
қабылданды:
1) 1990 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең аралығында 5 жасқа дейінгі
балалар арасындағы өлім-жітімді үштен екіге азайту;
2) 1990-2015 жылдар арасында аналар өлімінің коэффициентік төрттен
үшке азайту;
3) 2015 жылға қарай АҚТБЖҚТБ таралуын тоқтату және ауруды азайту
үрдісіне кірісу;
4) 2015 жылға қарай туберкулез және басқа да негізгі аурулардың
таралуын тоқтату және ауруды азайту үрдісіне кірісу.
Ел халқы үшін оның тұрғындарының тұрмыс сапасы басты міндет болуы
тиіс, ол негізгі үш құрауышпен анықталады: өмір сүру ұзақтығығ, әл-ауқаттың
деңгейі және қоршаған ортаның жай-күйі.
Бірінші құрауыш – болжауды өмір сүру ұзақтығы – өте төмен деңгейде,
орта есеппен дамыған елдердегі деңгейден 15 жасқа төмен, егер Қазақстан
халқының БӨҰ 13 жасқа көп болса, онда Қазақстан АДИ рейтингі бойынша 79-шы
емес, 43-ші орында болып, яғни еліміз АДИ рейтингі бойынша ең озық 50 елдің
қатарына кіретін еді.
Жалпы, 1998-2005 жылдарда 60 жасқа дейін өмір сүрмеген халықтың үлес
салмағына назар салсақ елеулі өзгерістерді көру қиын болып отыр. Мысалы,
1998 жылы олардың үлесі 33% құраған болса, 2005 жылы небары 2,3%-ға
төмендеп, 30,7% құраған. Бұл көрсеткіштерді дамыған мемлекеттегі
көрсеткіштермен салыстыруға мүлде келмейді. Мысалы, жапондар
зейнеткерлікке 70 жаста шықса, ал Голландияда 80 жас орта деп есептелінеді.
Егер, Қазақстан территориясын облыстар бойынша жеке-жеке салыстырып көретін
босақ, онда ОҚО осы көрсеткіш бойынша бірінші орында: 26,9%, одан кейінгі
орындарды Жамбыл облысы: 27,9%, Қызылорда облысы: 28,1%, және Атырау
облыстары: 28,5% иемденіп келеді. Ал, дәл осы көрсеткіш бойынша, яғни, 60
жасқа дейін өмір сүрмеген халық үлесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Демография пәніне кіріспе
Демография және әлеуметтану
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары
Қазақстандағы қазіргі миграциялық үрдістер
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
Пәндер