Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ. ғ. )

Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., доцент

Махаева А. Ш.

Орындаған: 4-курс студенті:

Ақбаев А. Ш.

Қорғауға жіберілді:

“” 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. д.,

Профессор Омарбеков Т. О.

Алматы 2007


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ Ежелгі түркі тайпаларының әдебиеті мен жазба мәдениеті.

1. 1. Ауыз әдебиеті.

1. 2. Жазу мәдениеті

ІІ-ТАРАУ Ежелгі түркі тайпаларының әдет-ғұрыптары, заң жүйесі, діни наным-сенімдері.

2. 1. Әдет-ғұрыптары, заң жүйесі.

2. 2. Діни наным-сенімдері

ІІІ-ТАРАУ Ежелгі түркі тайпаларының тарихи, жағырапиялық түсініктері.

3. 1. Тарихи түсініктері.

3. 2. Жағрафиялық түсініктері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда мемлекетімізде мәдени бағыттарды зерттеу қажеттілік тудырып отыр. Осыған орай мемлекетімізде біраз іс-шаралар атқарылып жатыр. Атап айтар болсақ мәдени мұра бағдарламасы бойынша зерттеулер жүргізіліп бірқатар мәдени құндылықтар өз шешімін тауып жатыр.

Сонау түркі заманының рухани мәдениетін зерттеу, олардың діни бағыттары қазіргі ұрпақтар сабақтастығында көрініс табуы ұмыт қалмай бүгінгі күнге жетуі аса күрделі мәселе. Адамзат баласының тәрбиелі болып қалыптасуына рухани құндылықтардың қажеттілігі сөзсіз. Сондықтан да жақсы ұрпақ тәрбиелеу үшін рухани қажеттіліктерді зерттеу өзекті мәселе болып отыр.

Ежелгі және Орта ғасырлық түркі тарихы - әлем тарихының құрамдас бөлігі, олардың тарихи - мәдени құндылықтарын әлем өркениетіне қосқан қомақты үлесі. Ежелгі орта ғасырлық Байырғы Түркілер қалдырған Орхон жазбаларын зерттеп, оған ғылыми сараптама жасауға соңғы жылдары Түркі халықтарының белсенділігі арта түсті. Оның себебі, бұрынғы Кеңестер Одағы тарап, жаңа түркі мемлекеттері өздерінің егемендігін жариялап, ежелгі тарихына көңіл бөле бастауына тікелей байланысты. Орхон мәтіндерін ғылым әлемі бір ғасырдан астам уақыт бойы зерттеп келеді. Демек оның ашылмаған құпиясы әлі көп. Мәтінді зерттеуші ғалымдар сол халықтың тума ұрпағы болғандықтан, түркі тілінің көп қабат мәнің, сырын, ауыспалы мағынасын меңгеріп үлгермеген. Осы кемшілік Орхон мәтіндерін зерттеуші жат жұрттық ғалымдардың бәріне тән. Сондықтан да бүгінге дейін байырғы түркі мәтіндерін оқып, аударып келген ғалымдар әрбір аттап басқан сайын аяғын кесе басып отырды. Бүгінгі таңда осы олқылықты жою үшін түркі текті, көшпелі өмірді бастан кешкен, сол ортада түркілік психологиямен тәрбиеленіп, байырғы түркі әлеміне жастайынан барып, сол әлеммен бірігіп кеткен сезім мен жүрек қажет.

Көне түріктер дәуірі немесе көне түріктер заманы деген ұғым тарихи-археологиялық әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни көне түрік мемлекеттері заманын көрсетеді. Көне түріктер дәуірінде тек қана ашина түріктердің (тугю) құдіретті қағанаттары ғана емес, сонымен бірге ұйғырлардың және енисейлік қырғыздардың мемлекеттері де өмір сүрді. Қазірті Тыва, Монғолия, Хакасия, Оңтүстік Алтай, Қазақстан және Орта Азия территорияларында жүргізілген археологиялық зерттеулер көне түріктер мемлекеттерінің құрамы ірі, әрі тұрақты этникалық топтардан тұрғандығын және жүздеген жылдар өмір сүргендігін көрсетіп отыр. Тарихи-археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, зерттеушілер көне түріктер дәуірінің нетізті этномәдени аймақтарын былайша айқындайды:

  1. Орталық және Орта азиялық түрік қағанаттары кұрамына енген тайпалардың аймағы (Монғолия, Тыва, Алтай, Казақстан, Шығыс Түркістан және Орта Азияның біраз жері) ;
  2. Көне қырғыздардың - хягастардың мемлекеті құрамындағы тайпалар аймағы (Минусинск ойпаты, ал 840 жылдан X ғ. дейінМонғолия, Тыва, Алтай жері) ;

3) Курыкан бірлестігіне кірген тайпалар аймағы (Байкал маңы) . Көне түріктер заманындағы тайпалар бір-бірімен кең экономикалық және мәдени байланыста болды. Шығысында Қытайдан батысында Византияға дейінгі аса ауқымды аймақты алып жатқан бұл тайпалардың өзара байланысының маңызды дерек көздеріне көне түрік дәуіріндегі тас мүсіндер, петроглифтер, сондай-ақ жерлеу ғұрыптары (әсіресе VII ғ. бастап атпен бірге жерлеу) жатқызылады. Көне түріктер мәдениетінің ортақтығын руна жазба ескерткіштері және олардың бірыңғай діни наным-сенім жүйесі де айқындайды.

Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп көне түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр-салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық-әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, елшілік жуйесін, шендер иерархиясын, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді, сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды.

Мақсаты мен міндеті. Жұмысты жазудағы негізгі мақсат, өз ерекшеліктерімен көрініс тапқан түріктердің рухани мәдениетін зерттеу және осы уақытқа жария ету. Сонымен қатар тақырыптың толық зерттелуін мақсат етемін. Осындай мақсаттарды негізге ала отырып, келесі міндеттерді қойдым.
- тақырыптың мазмұның толық ашып көрсету;

- рухани қажеттіліктің негізін зерттеу;

- мәдениет пен рухани құндылықтың байланысын айқындау.

Тарихнамасы. Көне түріктердің рухани әлемі - аса күрделі мәселелердің бірі. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Евроцентристік көзқарасты жақтаушылар көне түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейімді емес еді, соңдықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды, қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп, табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы - тарихы жоқ қоғам дейді. Алайда Оңтүстік Сібір мен Орталық Азияда ұзақ жылдар бойы жүргізілген археологиялық және палеографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері көшпелілер "адамзаттың арамтамағы" деген үстірт түсінікті теріске шығарып, ғылыми дәйексіздігін көрсетіп берді.

Төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен бүгінгі 160 миллиондай түрік тілдес халықтардың түп атасы - көне түріктердің рухани өмірі қанша күрделі болғанымен ол бабаларымыздың табиғат пен туған жерге деген сүйіспеншілігін, сауаттылық пен білікке ұмтылған құлшынысын, ел тұтастығын сақтауға деген талпынысын паш ететін ертедегі тарихымыздың жарқын беттері болып табылады. Сондықтан да көне түріктердің дүниетанымын, рухани қазынасын тұтас, әрі жан-жақты зерделеу заман талабынан туындап отырған мәселе.

Бір кездері шығыстану ғылымында Азияны мекендеген ежелгі көшпелі тайпалар мәдениеті феодализм дәуірінде туған, сол себепті ислам тұсында өрістеген дейтін қисын үстем болған еді. Бұл тұжырым арий, индо-европеизм анықтамасының бір көрінісі болатын. Сол себепті дәйекті ғылыми пікір бола алмады.

Туркі тайпаларының ежелгі мәдениетін тарихи-ғылыми негізде сөз еткен үлкен түркология В. Бартольд, В. Радлов, С. Малов еңбектерінде жақсы көрінген еді. Ол адам сүйетін зерттеуге құрылған Э. Тайлор антропологиясынан әлдеқайда жемістірек болды. Совет дәуірінде түркология ғылымының өрісі айрықша өсе түсті. А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Б. Я. Владимирцев, А. Н. Самойлович, С. Г. Кляшторный, А. Н. Бернштам, А. Тафуров еңбектері соның айғағы. Оның бір саласы көшпелі түркі тайпаларының ежелгі тарихы болса, екіншісі - Орта Азия халықтарының мәдениеті болып отыр.

Қазақ түркологтары ертедегі сақ, хүн, үйсін, сәнби, жужан, оғыз, қыпшақ тайпаларының тарихына әлі де жете көңіл бөлмей келеді. Онсыз бүгінгі түркі тектес халықтардың көне тарихын зерттеп білу қиын. Белгілі тарихшы Л. Н. Гумилевтің 60-70-жылдары жарық көрген «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) және «Хунны в Китае» (1974) деген күрделі зерттеулері Н. Я. Бичуриннің Алтайдағы туркі-монғол тайпаларының тарихына арналған үш томдық жинағына қосылған елеулі жаңалық болды. «Хунны в Китае» деген кітапқа баға бере келіп, Л. П. Делюсиннің еңбегі Қытай мен Азия елдерінің аз зерттелген кезеңіне арналған, автор тарихи-географиялық процестерді сабақтастыра білген деген пікірі есімізде. С. П. Толстовтың «Древний Хорезм» (1948) атты зерттеуі де түркология ғылымының биік бір белесі болды.

Бүгінгі шетел және совет түркологиясында басқа да ғылыми жаңалықтар жоқ емес. Ежелгі түркі тайпаларының мәдениетіне қатысты А. Бомбачи, А. Ф. Табен, Дж. Клосон, И. Бенфинт, Т. Дерфер, Л. Базен зерттеулері жазылса, қазақ ғалымдары да түркі әдеби ескерткіштерінің тілі, образдары, көркемдік ерекшеліктеріне қатысты еңбектер жазуда. Ендігі жерде ертедегі этностардың тарихы да терең зерттелсе деймін. Ол жалпы шолу түрінде емес, Б. Көмековтың қимақтар, С. Ақынжановтың қыпшақтар тарихына арналған еңбектерінің ізінде жүргізілсе құба-құп. Мұндай ғылыми күш бізде бар.

Соңғы жылдары қазақ ғалымдары түркі жазбаларына қатысты біршама еңбектер жарыққа шығарды. Солардың қатарына Қ. Өмірәлиевтің «VIII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері» (1985), Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), Ә. Қайдаров пен М. Оразовтың «Түркологияға кіріспе» (1985) сияқты зерттеулері мен оқу құралдарын жатқызуға болар еді. Н. Келімбетовтің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), X. Сүйіншәлиевтің «VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1989) атты оқулықтарында көне жазба мұраларымыз әдеби тұрғыдан талданып, сараланады. Сонымен қатар Махаеваның «Көне түріктердің рухани мәдениеті» атты зерттеуінен аса құнды болып табылатын мәліметтер алуға болады.

Ертеректе шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967) атты хрестоматияны, «Махаббатнама» (1985), «Күлтегін» (1986), «Құтты білік» (1986), «Қорқыт ата кітабы» (1986), «Бабырнама» (1990) аудармаларын айтпасақ, бізде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған арнайы оқу құралы жоқ болатын. Жоғарыда аталған еңбектер мен аудармалар осы іске жол ашып отыр.

Методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысыныда тақырыпқа орай арнайы зерттеу әдісін қолдандым. Яғни, жеке-жеке тараулар мен бөлімдер мақсатқа алынып, әр тарау өзінің зерттеуін айқындады. Арнайы ғылыми зерттеу барысында тақырыптың негізін айқындадым.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс негізінен кіріспеден және алты бөлімнен тұратын үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттермен сілтемелер тізімінен тұрады. Бірінші тарау түркі тайпаларының әдебиеті мен жазба мәдениетіне тоқталатын болса, екінші тарауда әдет-ғұрыптары мен діни наным-сенімдері баяндалады. Үшінші тарауда, тарихи түсінігі және жағрафиялық аймақтары қарастырылады.

І тарау. Ежелгі түркі тайпаларының әдебиеті мен жазба мәдениеті.

1. 1. Ауыз әдебиеті.

Алтайдағы Түрік кағанаты кезеңінен қалған тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі - Орхон жазбалары. Біздің дәуірімізге VI ғасырдан жеткен бұл жәдігерлерді Т. Спасский зерттеп, 1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядринцев Монғолия жерінен жаңа нұсқасын тауып, ғылыми айналмға енгізеді. Оны белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударады. Аударма 1895 жылы жарық көрген. Академик В. В. Радлов басқарған Россия археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894, 1897 жылдары жариялайды. Алайда, Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С. Е. Малов болған еді. Ол Орхон - Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған. Солардың бастылары: Моңғолия жерінен табылған Мотилан жылнамасы, Мойын Шора, Құлшора, Онтин, Хойте Тамир, Малике, Ихе Асхет, қырғыз жерінен табылған Талас (он жазу), Элетест, Сириядан табылған Саума, Тарим, Илташ, Үшмент, Менкуташ, Шадибек жазулары. [26. 14б]

С. Е. Малов Мойын Шора ескерткішінің тілін ұйғыр жазуы депті. Ол 734 жылы таққа отырған ұйғыр ханы Пайлоның баласы еді. Бір аты - Қаллиғ хан, өзі соғыста мерт болған. Ол заманда қарлұқ, басимил, хұн, байырқу, тонтра, шиғу, бүғу, киби тайпалары ұйғырға, татар, кеден тайпалары Сібірдегі Тұтық ханға қарап еді. Мойын Шора жазуында қыпшақ тілінің де ізі бар. Оның дәлелдері: барс, бус (су), сақынмыс, тылқысын, тасы, сықа, соғдақ сияқты ортақ сездер. Күлшора Бесбалық соғысында Мотилан жағында болып, табғаш, ұйғыр, қарлұқтарға қарсы соғысқан. «Шора»- монғол сөзі. С. Е. Малов жоғарыда аталған еңбегінде Бесбалықты 756-757 жылдары Қытай елі салған дейді. Ол Қытайдың қарамағына 734 жылы өткен еді. Бұл жазулардың диалектісін әлі де анықтай түскен жөн. Ішіндегі Түрік қағанатына тікелей қатысы бар жазбалар Күлтегін, Мотиланның үлкен жазуы және Тоныкөк жылнамасы болып саналады. Алғашқы екеуі Монғолия жеріндегі Кошо-Ңайдем өзені, соңғысы Селеңгі жағалауынан табылған. Күлтегін ескерткіші Қошо-Ңайдем төбесінің кең жазығына салынған. Н. Ядринцевтің керсетуінше, биіктігі 3 метр 45 см., ені - 174 см., қалыңдығы - 48 см. Ескерткіш мәрмәр тасқа жазылған. Төмендегі суға барар жолдың екі жағынан 72 балбал тас орнатылған. Тас қораның сыртқы босағасында екі арыстан, ішкі жағында екі қойдың тас мүсіні болған. Күлтетін мазарының ішінде жылан, аң, адам суреттері, Күлтегіннің өзі және зайыбының мүсіні бар. [33. 132б]

Орхон жазуларының алфавитін Н. А. Аристов пен Н. Т. Маллицкий тамғадан шыққан десе, соңғы кездері көптетен зерттеушілер, солардың ішінде В. А. Левшиң, С. Т. Кляшторный, В. Томсен ізімен арамей алфавитінен алынған деген ойға оралды. Орхон жазбалары туралы Ә. Диваев зерттеулер жүргізген. Бұл тұста бізге Орхон жазуларының тарихи-әдеби мазмұны қажеттірек. Сол себепті бұл жазбаларды зерттегенде, ғылыми талдау кіші емес, үлкен жазудан басталғаны жөн. Өйткені, 716 жылғы Қапаған ханды өлтіру оқиғасының жазудан түсіп қалғанына қарамастан, Могилан жылнамасында Түрік қағанатының соңғы тарихы толығырақ баяндалған. Бұл жерде біз Қапаған хан қырғыны неден болды? Шад (телес) және тархандар арасындағы билік таласы қандай күйде болған? Могилан мен Күлтегін не себепті көшпелі түркі тайпаларымен көбірек жауласты деген мәселелерге жаңаша түсінік беруге күш салдық. Біз мәселеге әдеби-тарихи ізде келуді орынды санадық. Алғашқы екі жазу Могиланның немересі Иоллығ Тегіннің қолынан өткен. [21. 216б]

Могилан тарихына (683- 734) арналған жылнамалық эпиграфия. Оны Могиланның немересі Иоллығ Тегін орнатқан. Могилан Түрік қағанатының ең соңғы билеушісі (716-734) болған адам. Үлкен жазуда ескерткіштің салынған мерзімі: «маймыл жылы, жетінші ай, жиырма жетінші күн» деп дәл көрсетілген. Осы мерзім Қытай жазбаларында да көрсетілген. Л. Н. Гумилев болса арғы-бергі тарихи оқиғаларды ескере келіп, ескерткіште 732 жыл керсетілсе де жазу 720 жылға дейін, дәлірек айтар болсақ, 717-718 жылдары жазылған дейді. Бұл пікірдін өзіндік негізі жоқ емес.

Жазу үш бөлімнен тұрады: 1) Қіріспе. Мұнда Түрік қағанатының құрылуы, 630-680 жылдар арасында көк түріктердін, Қытай еліне құл болуы, қағанаттың қайта кұрылуы суреттелген; 2) Могилан мен Күлтегіннің, (685-731) жүргізген соғыстары; 3) Күлтегіннің 731 жылы ұйғыр қолынан мерт болуы, оған орнатылған жәдігер тарихы баяндалған. [4. 43б]

Жазудың кіріспе бөлімінде Иоллығ Тегін Түрік қағанатының басында Бомын қаған, Елтерес, Естеме жасаған еді, бірақ балалары ессіз, жалтақ болып, түріктер Қытай еліне бағынып құл болды деп, әңгімені 630 жыл оқиғасынан бастайды. Жазуда Елтерес бейнесі әсерленген. Онда түркі халқы: «Қағанлуғ будун ергім, қағаным қаны» деп Көк тәңіріне дат кылады. Көк тәңірі Елтерес пен Елбикенің айдарынан ұстап көкке алып ұшыпты. Түрік сир бодан өлмейді, ел болады дейтін сөздер бар. Кағанатты 690 жылы Могилан қайта орнатты деген тұжырым дәл емес. Өйткені 691 жылы Могилан сегізде, Күлтегін бес жаста болған. Асылы, қағанатты қайта орнатқан - Қапаған хан болса керек. Иоллығ Тегін Қапаған қырғынын, 678 жылғы Шаньюи көтерілісін айтпайды. Қапаған тарихының жазудан түсіп калуы орда ішінде болған бүліншілікті бүркеу, Могилан бейнесін бір жақты дәріптеу болмақ.

Жазуда сыртқы соғыстар да аз суреттелген. Оның есесіне түркі тайпаларымен жүргізілген ішкі тартыстар мол баяндалған. Соның өзін де Иоллығ Тегін Қапаған кезеңіне жібереді. Дұрысында ішкі бүліншіліктер Могилан кезінде туған еді. Оған ең алдымен Могиланның қырғызбен жауласқаны дәлел. Жазуда Иоллығ Тегін біз қырғызға қарсы 27 жорық жасап, 13 рет шайқастық, жеңдік, «елдігін әлсіреттік, қағандығын жойдық, тізесін бүктірдік, басын еңкейттік», дейді. Қайтарда Ертіс бойындағы түргештерді шаптық, «түргеш өз еліміз еді, білместігі үшін, бізге жаулығы үшін қағаны өлді, бектері қырғын тапты» дейді. Сол жылы Күлтегін Іле бойындағы аздарды да шапқан. Оларға Барсханды бек етіп сайлайды. Аздар қыпшақ еді, өздері жаңылды, қағаны өліп, халқы құл, күн болды деген ойды В. Бартольд та айтқан. Ертеңіне аздар мен түргештер бірлесіп қайта соғысты, бірақ, жеңілді деп көрсетеді жазу. Оларды Күлтегін Өгүкен жерінен көшіріп, Кенту-Тарбанға қудық деген. Сонда Могиланның басты жаулары қырғыз, түргеш, аздар болып шығады. Ол кезде «біздің құлымыздың құлы, күніміздің күні болды» деген сөз Қытай емес, түркі тайпаларына қолданылған. Осы негізде түркі тайпаларының Могилан билігіне деген алалығы туады. Бірақ 716 жылдан соң туған бүліншіліктер үшін Могилан өзін емес, - тархандарды айыпты санайды. Жазуда Могилан: «О, түрік боданы, өкін кінәлісің, қарулылар, найзалар қайдан келді», «біресе ілгері шаптың, біресе кейін шаптың, қаның судай төгілді, сүйегің таудай болды». «Мен аз, аш елге қаған болып едім, азыңды көп, ашыңды тоқ еттім». «Інім сендер үшін мерт болды» деп, оқиғаны өзінен бастап 731 жылға келтіреді. [3. 86б]

Могилан табғаштармен соғыстық дегенді де айтады. Бірақ ол соғыстардың болған кезі мен жері айтылмаған. Іс жүзінде Могилан мен Күлтегін Қытай еліне қарсы үлкен соғыстар жүргізген емес. Жазаласа ол 732 жылы Бесбалықты да Қытайға соғыссыз берген. Оның жанында Могиланның қырғыз, қарлұқ, түргеш, аз, байырқу, тонгра сияқты түркі тайпаларына қарсы жүргізген соғыстары нақтырақ көрсетілген. Соғда соғысы ғана 716 жылдан бұрын (701-703) болған. Отыз жылға созылған ұйғыр соғысын да айтпайды.

Жазуда түркі тархандарының атына өкпе сөз көп айтылады. Иоллығ Тегіннің айтуынша, соның бәріне Могилан мен Күлтегін емес, бодан айыпты делінген. Расында, Түрік сир боданды бүліндіргендер Могилан мен Күлтегін болған. Өгүкен бос қалды деуіне қарағанда, Могилан сол қонысты қайтару ниетінде болса керек. Ұйғыр, қырғыз, түргеш, аз, тутық, қарлүқ, шу тайпалары Могиланға қарсы еді. Кейбіреулер Күлтегіннің, ажалы 731 жылғы жұттан болды деседі. Бұл жетімсіз түсінік. Дұрысында 731 жылға қарай Күлтегін батыстағы түркі тайпаларымен үздіксіз жауласып, елден айрылып қалған еді. Сол жылдары Могиланның өзі де елден жырақ кетіп, Шұғай құзында, Мойынқұм шөлінде жалғыз үй қалып, киік, қоян аулап күн көрген. [31. 12б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРШI ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
Қимақтар Қазақстан аумағында
Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz