Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Орындаған
4 курс студенті А. С. Искаков
Ғылыми жетекші
з. ғ. д., профессор Б. Ж. Абдраимов
Норма бақылаушы Г. Қ. Шуланбекова
оқытушы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді
з. ғ. д., доцент «» Л. Қ. Еркінбаева
АЛМАТЫ, 2010 ж.
ГЛОССАРИЙ
1. биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері;
2. ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;
3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі - өздеріндегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендердің репрезентативтік өкілдігін қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі - күзету) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;
5. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрі - қорғау) - судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы;
8. интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;
9. мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы;
10. мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлері (таралымдары) (соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері) .
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы «Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы» тақырыбына орындалған.
Жұмыстың өзектілігі - заңның қалыптасуы мен даму тарихын қарастыра отырып, осы қатынастарды құқықтық реттеудегі өзекті мәселелерді зерттеуге талпыныс жасалынды.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты осы саладағы қалыптасқан ауыр экологиялық жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ол бұзылған және тіпті қазіргі кезде де бұзылып жатқан экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру және мүмкіндігінше оны қалпына келтіру болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін бізге белгілі бірнеше паралелльді, бір бірімен байланысты және бірдей тең орындалуға жататын жолдар бар. Ол, біріншіден, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, адамның өзінің өмір сүру ортасын жақсарту; екіншіден, табиғи ортаны тиімді пайдалануды және қалпына келтіруді ұйымдастыру, міне, осы мәслелер жұмыстың негізгі арқауы болып отыр.
Экологиялық қорғау тізбектің үшінші буыны және жолы болып, экологиялық жүйенің тепе-теңдігін анықтайтын элементінің бірі табиғи алуан түрлілікті сақтау табылады. Табиғи алуан түрлілікті сақтау ол: табиғаттың алғашқы қалыптастырған және аз өзгерген учаскелерді, өсімдіктер және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін және байлығын, болашақ ұрпақтарға табиғаттың уникалды және табиғи ескерткіш объектілерді жөне комплекстерді қорғауды білдіреді.
Табиғи алуан түрлілікті сақтау ол: табиғаттың алғашқы қалыптастырған және аз өзгерген учаскелерді, өсімдіктер және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін және байлығын, болашақ ұрпақтарға табиғаттың уникалды және табиғи ескерткіш объектілерді жөне комплекстерді қорғауды білдіреді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қазақстандық ғалымдардың осы саладағы ғылыми құнды еңбектері, сонымен бірге ресейлік ғалымдардың да тың еңбектері, тақырыпқа байланысты нормативтік құқықтық актілер нақты қолданыла отырып, кеңінен пайдаланып жазылған.
Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық танымдық, логикалық, салыстыру, жүйелік және басқа да әдістер қолданылды.
Бұл жұмыс құрамы кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілердің тізімінен тұрады.
М А З М Ұ Н Ы:
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 5
1. 1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігі, түрлері және негізгі мақсаттары . . . 5
1. 2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мақсаттары . . . 8
2 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙ . . . 22
2. 1 Мемлекеттік табиғи қорықтардың құқықтық жағдайы . . . 24
2. 2 Мемлекеттік ұлттық және табиғи парктердің құқықтық жағдайы . . . 32
2. 3 Мемлекеттік табиғи заказниктердің құқықтық жағдайы . . . 39
2. 4 Мемлекеттік табиғи ескерткіштердің құқықтық жағдайы . . . 40
2. 5 Мемлекеттік ботаникалық бақтардың құқықтық жағдайы . . . 41
3 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ . . . 44
3. 1 Экология - құқықтық жауаптылығының жалпы сипаттамасы . . . 44
3. 2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңды бұзғаны үшін заңды жауаптылықтар түрлері . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 56
ҚОСЫМША . . . 58
КІРІСПЕ
Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан аумағы шөл далалардан бастап биік тауларға және ішкі теңіздердің экожүйелеріне дейін ландшафтық кешендердің бірегей жиынтығына ие. Еліміз экономикасы дамуының үдемелі қарқыны және табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі жағдайында табиғатты аумақтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі көкейтесті сипат алып отыр. Нақ осы жағдайлар мемлекеттің биологиялық сан алуандылықты сақтаудың пәрменді жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын (бұдан әрі - ЕҚТА) одан әрі дамыту қажеттігін айқындайды.
Биологиялық сан алуандықты сақтау жөніндегі конвенцияның тарабы ретінде (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысы) Қазақстанның биологиялық саналуандылықты сақтау жөніндегі өз міндеттемелері бар. ЕҚТА саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және орналастырудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына негізделеді.
2004 жылғы наурызда «Мемлекеттік табиғи-қорық қорын дамыту проблемалары мен перспективалары» атты Парламенттік тыңдаулар өткізілуінің қорық ісін дамыту үшін зор маңызы бар, онда Қазақстанда табиғатты аумақтық қорғау жүйесін дамыту проблемалары талқыланды және оларды шешу жолдары айқындалды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жарияланды, ол Қазақстан 2030 жылға дейін ауасы таза және суы мөлдір, таза және жасыл желекті елге айналуға тиіс екенін паш етті. ЕҚТА-ның жүйесін құру осы мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі болып табылады. ЕҚТА-ның оңтайлы желісін қалыптастырудың басты міндеті қорықтық ұйытқылар (қорықтар мен ұлттық парктер) өзара күзеті онша қатаң емес аумақтармен (қаумалдар, қорықтық аймақтар), сондай-ақ экологиялық желі элементтерімен - экологиялық дәліздермен, орман алқаптарымен, су қорғау аймақтарымен және жолақтарымен әрі басқа да қорғалатын табиғи аумақтармен қосылатындай олардың біртұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында ЕҚТА орналасуын оның ғаламдық түсінігіндегі "экологиялық желі" ретінде жіктеу қиын. Сонымен бірге, қазір Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай өңірінде аймақтық мемлекетішілік экологиялық желілер қалыптасуда. Мемлекетаралық деңгейде де экологиялық желілердің элементтері қалыптасып жатыр, олар - Батыс Тянь-Шань және Алтай-Саян экологиялық өңірлері. Басталған жұмыстар және әзірленіп жатқан көзқарастар экологиялық желіні ұйымдастыру таулы ормандар сияқты көкейтесті сипат алып отырған барлық табиғи кешендер бойынша (орман, дала, орманды дала, шөлдер, жартылай шөлейт жерлер, жағалау және су экожүйелері) жалғастырылуға тиіс.
Осынау күрделі міндеттерді орындауды қатаң антропогендік қысым жағдайында шешуге тура келуде. Осындай жағдайларда флора мен фаунаның сирек кездесетін және бірегей түрлерін, жансыз табиғат объектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың оңтайлы жүйесін ұйымдастыру жолымен ғана сақтауға болады.
«Бүгінгі таңда жаман экологиялық жағдай, өлімнің 20%-нің себебі болып отыр, ал кейбір аумақтарда жағдай одан да күрделі» [1] .
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Бабаларымыздан мұра болып қалған еліміздің тамаша табиғаты, халқымыздың эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, оның әлеуетін көтеретін, табиғи сұранысын өтеуге қабілетті, құрамы қазба байлыққа бай өлкеміздің радиоэкологиялық ахуалы бүгінде осыншалықты күрделі жағдайда қалып отыр.
Бұл қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ол бұзылған және тіпті қазіргі кезде де бұзылып жатқан экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру және мүмкіндігінше оны қалпына келтіру болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін бізге белгілі бірнеше паралелльді, бір бірімен байланысты және бірдей тең орындалуға жататын жолдар бар. Ол, біріншіден, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, адамның өзінің өмір сүру ортасын жақсарту; екіншіден, табиғи ортаны тиімді пайдалануды және қалпына келтіруді ұйымдастыру.
Экологиялық қорғау тізбектің үшінші буыны және жолы болып, экологиялық жүйенің тепе-теңдігін анықтайтын элементінің бірі табиғи алуан түрлілікті сақтау табылады. Табиғи алуан түрлілікті сақтау ол: табиғаттың алғашқы қалыптастырған және аз өзгерген учаскелерді, өсімдіктер және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін және байлығын, болашақ ұрпақтарға табиғаттың уникалды және табиғи ескерткіш объектілерді және комплекстерді қорғауды білдіреді.
Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер қарастырылады:
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимінің ерекшеліктерін анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында туындаған мәселелерді нақты анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қатынасқа түсетін субъектілердің құқықтары мен міндеттерін және құзіретін реттеу;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мәселелерін толық анықтау және зерттеу.
Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық танымдық, логикалық, салыстыру, жүйелік және басқа да әдістер қолданылды.
Дипломдық зерттеу тақырыбының объектісі Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының пәні болып Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу механизмі табылады.
Диплом жұмысының теориялық негіздерін - заңгер ғалымдардың жер құқық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы, экологиялық құқық туралы ғылыми тұжырымдары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректер еңбектері құрайды.
Диплом жұмысының нормативтік базасын - Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының ұлттық заңдары, экология туралы, жер туралы заңдар, азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары құрайды.
Зерттеу нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар экология және жер қатынасын құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді кешенді зерттеумен сипатталады және Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарын жетілдіру мәселелеріне қолданылуы мүмкін. Бұл жұмыс құрамы кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілердің тізімінен тұрады.
1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігі, түрлері және негізгі қағидалары
Мұндай табиғи объектілер және олар жұмыс істеуінің құқықтық ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған экология кодексінде, жер кодексінде және табиғи байлықтық заңдарында көрініс тапқан. Атап айтқанда 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңында көрініс тапқан. Бұл заңда қорғалуға және күзеттенуге жататын, бірнеше объектілерден тұратын объектілер мен комплекстер “мемлекеттік табиғи-қорықтық қор” деген түсінікпен қамтылған. Осы заңда бұл түсінікке, сонымен қатар, анықтама берілген: “Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор ол табиғи эталондар, уникумдар және реликттер, генетикалық резервтер, ғылыми зерттеулердің, ағартудың және рекреацияның заты ретінде ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықтары бар, мемлекеттің ерекше қорғалуына алынған қоршаған орта объектілерінің жиынтығы” [2] .
Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор келесі объектілерді қамтиды:
- зоологиялық-ерекше кездесетін, жойылып бара жатқан, құнды жануарлардың және олардың қоғамдастығының түрлері;
- ботаникалық ерекше кездесетін, жойылып бара жатқан, құнды жануарлардың және олардың қоғамдастығының түрлері;
- ерекше қорғалатын табиғи орта аумақтардың орманды-ормандары, орманды-мәдени өндірістің және алқапқорғаушылық (полезащитного) орманды өсірудің шынайы нұсқалары;
- ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар дендрологиялық-бөлек ағаштар және оларды топтары, бақтық-парктік өсімдіктердің шынайы нұсқалары;
- ерекше мемлекеттік маңызы бар және ерекше ғылыми құндылығы бар гидрологиялық-су қоймалары;
- ерекше экологиялық, мәдени және басқа да құндылығы бар жер астыңғы қабатының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық учаскелері;
- топырақтық-түрлік, уникалды және ерекше кездесетін топырақтар;
- ландшафттік-түрлік, уникалды және жиі кездеспейтін ландшафтар;
- тиілмеген табиғаттың эталондық учаскелері, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафтар.
Барлық осы объектілерге үш қасиет тән: біріншіден, олар мемлекеттік болып табылады; екіншіден, олар табиғи; үшіншіден, олар-қорықтық.
“Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңның 53-бабы, барлық ерекше қорғалатын аумақтар, яғни онда орналасқан объектілер де, мемлекеттің меншігі болып табылатынын ескертеді. Ал жалпы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жер, оның қойнауы, су, орман, сонымен бірге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттің меншігі болып танылады деп тікелей анықтаған болатын [3] .
“Табиғи” деген белгі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды оларға құқықтық режим бойынша жақын тарихи-мәдени, сәулет қорықтарынан, бақтық-парктік культуралардың ескерткіштерінен және т. б. ерекшелендіреді.
“Қорықтық” деген үшінші белгінің болуы, табиғи-қорықтық қордың өзге болуын анықтайды [4] .
Қорықтық - яғни, қол сұғылмайтын, тыйым салынатын, өсиетке қалдырылатын. “Қорықтық” деген заңды термин келесідей түсінікті береді, біріншіден, шаруашылық пайдалануды толық немесе жартылай тыйым салуды қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың және құралдардың кешені, екіншіден, қорғау режимінің тұрақты болуы. Яғни “қорықтық” дегеніміз уақытша немесе тұрақты “шаруашылық айналымынан алынып тасталып қорықтық деп жарияланған” табиғи комплекстер мен объектілерді қорғаудың тәртібін және жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы [5] .
Мемлекеттік табиғи-қорықтық қорды сақтау, тек жеке табиғи учаскелерде заңды бекітілген тыйым салулар мен шектеулер арқылы адамның бұл учаскелердегі шаруашылық әрекеттерін шектеу арқылы жүзеге асырылады. Осындай учаскелер жоғарыда айтылған заңдарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деп көрсетілген.
Бұл түсінікті ерекше сипаттайтын элементтерді қарастырып көрейік. Біріншіден, жалпы мақсат - табиғатты сақтау, зерттеу, экологиялық тепе - теңдікті сақтау және т. б. Екіншіден, жалпы мақсаттылыққа қарамастан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың функциялары мен мақсаттарындағы айырмашылықтардың болуы. Үшіншіден, пайдаланудан босату немесе оны шектеу. Кейде шаруашылық іс-әрекеттерге жол беріледі, бірақ қатал орнатылған жағдайда және тәртіпте. Бұл табиғатқа зиян келтіретін және оған қауіп төндіретін әртүрлі іс - әрекеттерге жол берілмейтіндігін білдіреді. Төртіншіден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды анықтауда маңызды элемент ол, олардың құқықтық жағдайы: құқықтық режим және оның ерекшелігі [6] .
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әр түрі үшін құқықтық режим олардың бағыттары мен мақсаттарына қарағанда әр түрлі. Құқықтық мәртебесіне байланысты нақты табиғи аумақтарды басқару сипатында да, қорғау режимінде де айырмашылықтар бар.
Сонымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың элементтерінің әр түрлілігі, бұл аумақтардың жалпы анықтамаларында белгілі бір қиындықтарды туғызады. Бұл жерде екі кезең маңызды болып табылады: жалпы мақсаттық бағытталу және шаруашылық пайдаланудан алып тастау фактісі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңда бұл түсінікке мынадай анықтама берілген: “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - мемлекеттік табиғи - қорықтық қорды қалпына келтіруді және сақтауды қамтамасыз ететін ерекше қорғалудың құқықтық режимі және шаруашылық іс әрекеттің реттелетін режимі бар жер, су, орман және жердің ішкі қабатының учаскелері”.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың “мақсатына, қорғау режиміне және пайдалану ерекшелігіне” байланысты келесі түрлері бекітілген:
- биосфералықты қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар;
- мемлекеттік ұлттық және табиғи парктер;
- мемлекеттік табиғи қорықтық аймақ;
- мемлекеттік табиғи заказниктер;
- мемлекеттік зоологиялық парктер;
- мемлекеттік ботаникалық бақтар және дендрологиялық парктер;
- мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
- ерекше мемлекеттік маңызы бар және ерекше ғылыми құндылығы
бар, су қоймалары;
- халықаралық маңызы бар (сазды балшықты жерлер) ;
- ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және т. б. құндылығы бар жер
астыңғы қабатының учаскелері.
Сонымен қатар, заңмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа да түрлері көзделуі мүмкін.
Түрге бөлінуден басқа, бұл аумақтар, “мемлекеттік табиғи - қорықтық қордың объектілерінің құндылығына байланысты” санаттарға: республикалық және жергілікті маңызы бар аумақтарға бөлінеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар жоғарыда аталған заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта жоғарыда аталған заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:
1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
1. 2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мақсаттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz