Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдану



Кіріспе
І.тарау. Бастауыш мектептің оқыту процесін халықтық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негізі.
1.1. Педагогика тарихында халықтық ойындарың зерттелу жайы.
1.2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолданудың шарттары мен мүмкіндіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің көккейтестілігі: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайына сәйкес жас жеткіншектердің дене күштерінің өз деңгейінде қалыптасуын ғылыми тұрғыдан негіздеу бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талдануды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конституциясынан бастау алған «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің стандарты сияқты құжаттар».
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде математиканы оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттілігіне баса назар аударыла бастады.
Қазақтың ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов және А.Құнанбаев шығармаларында жастардың өз бітім пішімдерін, ағзаларын баптап күтіп, шынықтырып отырса дене күштері қасиеттерінің жетіліп, еңбекке дайындауға, адал тіршілігімен өз отбасын сақтап, балаларын ақыл-ойлы, шаруашыл, еңбекқор адамдар болып тәрбиеленуіне себепші болатындығына баса назар аударуға тырысқан.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педагогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген. Оқыту процесі халық педагогикасының құрмды бір бөлігі - халық ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектер де аз емес. Олардың қатарына Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, Е.Сағындықовтың, С.А.Ұзақбаеваның, А.К.Айтпаеваның зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады.
Халық ойындары оқыту құралдарының бірі ретінде жас ұрпақты жан-жақты еңбек іс-әрекеттеріне тарта отырып тәрбиелеуде, педагогика ғылымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқандығын білеміз. Себебі, қазақ халқы өзінің тарихи даму барысында жеке тұлғаны тәрбиелеуге балалар ойындарын пайдалануға үлкен мән берген.
Қазақтың ұлттық ойындары жайлы ойларын қағаз бетіне түсіріп, Еуропа жұртшылығына таратушы этнограф тарихшы, зерттеушілердің бірі – италия саяхатшысы Плано Карпини болған. Ол Жетісу мен Тарбағатай елді мекендеріндегі ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен ойын сауықтары туралы көптеген этнографиялық материалдар жиналды.
Осы мағынадағы деректерді италяндық ғалымдар Марко Пало, И.Новокалеский, австралиялық ғалым С.Гербенштейн, венгер ғалымы А.Вомбери, неміс ғалымдары Б.Зеленский және т.б. жинаған. Сонымен бірге, бұл салада орыс ғалымдары П.Н.Рычков, С.Лальс және т.б. еңбектерін атап айтқанда орынды. Жалпы қазақ халқының бай этнографиялық, тәлім-тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашуға талпыныс білдірген зерттеушілер И.Ивановский, А.Алекторов, А.Покровский, Э.Дивалов, П.Ходырек, Е.Букин және т.б. болды.
1. Қазақстан Республикасының «Білім заңы». Алматы, 1999 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 жыл.
3. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің стандарты. Алматы, 1998 жыл.
4. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы, ТОО «РОНД» 2002 жыл.
5. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, Педагогика Астана, 1998 жыл.
6. Т.Қ.Оспанов, Ш.Құрманалина. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. 2-бөлім, Алматы, 1996 жыл.
7. Б.М.Қосанов, Қазақстандағы әдістемелік-математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы. Алматы, 1996 жыл.
8. Т.Қ.Оспанов және басқалар. Математика 2-сынып. Алматы, «Атамұра» 2002 жыл.
9. Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары. Қазақстан, 1978 жыл.
10. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, «Рауан», 1991 жыл.
11. С.Қалиев, Ж.Базилов. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ – ағартушылары. 1993 жыл.
12. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. Алматы, 1992 жыл.
13. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 6-том. Алматы, 2004 жыл.
14. Т.Әлсатов. Орта ғасыр ойшалдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз, 1996 жыл.
15. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, «Мектеп» 1972 жыл.
16. Т.Қ. Оспанов және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. Алматы, «Атамұра» 1998 жыл.
17. Б.М.Қосанов. Р.Қ.Өміртаева. Математикаға арналған дидактикалық материалдар. Алматы, «Атамұра» 1998жыл.
18. Б.М.Қосанов және басқалар. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. Алматы, «Атамұра» 1998 жыл.
19. С.Елубаев, С.Елубаева. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. «Бастауыш мектеп». № 9, 10, 1995 жыл.
20. С.Елеубаев. Қазақ халқының есептері. «Бастауыш мектеп» №2, 1997 жыл.
21. М.Қалмұратова. Санамақты қолдану- сананы ұштайды. «Бастауыш мектеп» № 3, 1993 жыл.
22. Ш.Ысмайлова. Ұлттық ойынмен сыбайлас. «Бастауыш мектеп» №11, 12, 1993 жыл.
23. Қ.Еспаева. Іскерлік ойындар. «Бастауыш мектеп» №5, 1993 жыл.
24. С.Қазиева. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. «Бастауыш мектеп» №3, 2002 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің көккейтестілігі: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуының қазіргі жағдайына сәйкес жас жеткіншектердің дене
күштерінің өз деңгейінде қалыптасуын ғылыми тұрғыдан негіздеу
бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру
саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан
талдануды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап
айтқанда ел Конституциясынан бастау алған Білім туралы заң,
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің стандарты сияқты құжаттар.
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде математиканы оқыту
ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, дағдыларын жаңа сатыға
көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру
қажеттілігіне баса назар аударыла бастады.
Қазақтың ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов және
А.Құнанбаев шығармаларында жастардың өз бітім пішімдерін, ағзаларын
баптап күтіп, шынықтырып отырса дене күштері қасиеттерінің
жетіліп, еңбекке дайындауға, адал тіршілігімен өз отбасын сақтап,
балаларын ақыл-ойлы, шаруашыл, еңбекқор адамдар болып тәрбиеленуіне
себепші болатындығына баса назар аударуға тырысқан.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан
қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай
жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педагогиканың
мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Оқыту процесі халық педагогикасының құрмды бір бөлігі - халық
ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектер де аз
емес. Олардың қатарына Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, Е.Сағындықовтың,
С.А.Ұзақбаеваның, А.К.Айтпаеваның зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады.

Халық ойындары оқыту құралдарының бірі ретінде жас ұрпақты жан-
жақты еңбек іс-әрекеттеріне тарта отырып тәрбиелеуде, педагогика
ғылымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқандығын білеміз. Себебі,
қазақ халқы өзінің тарихи даму барысында жеке тұлғаны
тәрбиелеуге балалар ойындарын пайдалануға үлкен мән берген.
Қазақтың ұлттық ойындары жайлы ойларын қағаз бетіне түсіріп,
Еуропа жұртшылығына таратушы этнограф тарихшы, зерттеушілердің бірі
– италия саяхатшысы Плано Карпини болған. Ол Жетісу мен Тарбағатай
елді мекендеріндегі ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен
ойын сауықтары туралы көптеген этнографиялық материалдар жиналды.
Осы мағынадағы деректерді италяндық ғалымдар Марко Пало,
И.Новокалеский, австралиялық ғалым С.Гербенштейн, венгер ғалымы
А.Вомбери, неміс ғалымдары Б.Зеленский және т.б. жинаған. Сонымен
бірге, бұл салада орыс ғалымдары П.Н.Рычков, С.Лальс және т.б.
еңбектерін атап айтқанда орынды. Жалпы қазақ халқының бай
этнографиялық, тәлім-тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашуға талпыныс
білдірген зерттеушілер И.Ивановский, А.Алекторов, А.Покровский, Э.Дивалов,
П.Ходырек, Е.Букин және т.б. болды.
Халқымыздың зиялы ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов,
М.Жұмабаев, М.Әуезов және т.б. жас ұрпақ тәрбиесін жас кезінен
бастау, жасөспірімдердің дене күші мен рухани дүниесін бірлікте
дамыту, жетілдіру мәселелеріне өз еңбектерінде баса назар
аударған.
Алайда осы жүргізілген зерттеулерде бастауыш сынып оқушыларына
ұлттық ойындарды математика сабағына ендіру жүйесін құру мәселелсі
қарастырмаған. Соған сәйкес нарықтық экономика жағдайында бастауыш
сынып оқушыларына ұлттық ойындар негізінде математика сабағындағы
адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуын қамтамасыз ететін, еңбекке
бейімделу қабілеттерін дамытуды ғылыми-практикалық және әдістемелік
тұрғыда шешу қажеттілігі мен халықтық ойындарды ендіру деңугейі
арасында қарама-қайшылық туындайды: бастауыш оқыту процесінде
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту
мақсатында халықтық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен
оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу диплом жұмысыздың
тақырыбын 2-сынып математика сабақтарында халықтық ойындарды
қолдану деп тануымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде халықтық
ойын элементтерін пайдаланудың маңызын және оларды математика
сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1) Халықтық ойындардың зерттелу жайын сипаттау.
2) Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды
қолданудың дидактикалық маңызын айқындау.
3) 2-сынып математика сабақтарында халықтық ойындарды қолдану
жолдарын көрсету.
4) озат педагогикалық тәжірибеге талдау жасау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі математиканы оқыту
процесі.
Зерттеу пәні: Математика сабақтарында халықтық ойын элементтерін
қолдану.
Зерттеу жұмысы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау. Бастауыш мектептің оқыту процесін халықтық ойындарды
пайдаланудың педагогикалық негізі.

1.1. Педагогика тарихында халықтық ойындарың
зерттелу жайы.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да
аса бай халықтың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына халық
ойындары да жатады.
Халық ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына
үйлесімді әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігін сол
көшпелі тұрмысқа лайықтыланып, арнайы материалдық әзірліксіз ойналы
беретіндігінде ғана, емес сонымен бірге халықтың психологиялық
ерекшеліктерінде де байланыстылығында. Ойын барысында бала өзінің
назарын ойынды-қимылдау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол
ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, ойнау қабілетін
жетілдіріп шыңдалады.
Ойынға өз халқымыз ерекше мән берген. Сондықтан, халық оған тек
ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы
- ел қорғауға, бәсекеде жетін, қабілетті болашақ қайраткер
болуын көздеген.
Халық ойындары атадан-балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып
жалғасып, халықтың мәдени және өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі
де, көрінісінде болған.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып,
оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандырып қасиеттерін аша
берген. Ойын - тект тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына,
есейтіп өсуіне тигізер пайдасы мол.
Халық ойындары – бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге,
бағдарлауға, шешімін жүзеге сыруға, батылдық, ептілікке, таңдауға,
еркіндік қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагоикасы
жайлы, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастырған,
көңіл аударған құнды пікірлер айтып, мұра қалдырған ұлы
педагогтарымыз бар. Олар орыс педагогтары К.Д.Ушинский,
Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский қазақтың көрнекті педагогы Ы.Алтынсарин
және Мағжан Жұмабаев т.б.
Қазақтың ұлттық ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп
үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің Өмір
мектебі атты мемуарлық еңбегінде ертеректе Орда атты асық
ойыны болғанын атап өтеді. Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған маңызды ойынның бірі
деп Абайдың алты алашы атты ойынды атап көрсеткен. Аты ғана
қалған ойындар әлі де көптен кездеседі. Атап айтсақ: Сары құлан,
Сарыала қыз, Ақ аю, Ағызбақ, Бақай пісті, Жиылмақ,
Топай т.б. ойындар.
Дегенмен, халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана
қоймай, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік
жақтарын да көрсете білді.
Бастауыш мектептердегі балалардың оқу-тәрбие беру барысында,
халық ойындары кқөмекші роль атқарады.
Халық ойындары әңгімелесумен, санамақ, қаламақпен, мақал-
мәтелдермен баий түседі.
Қазақтың халықтық ойындары тақырыпқа өте бай және әр
алуан болып келеді.
Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты,
негізінен, үш салаға бөлінеді.

Атап айтқанда: 1. Ойын-сауық.
2. Тұрмыс-салт.
3. Оймен келетін ойындар.
Шыңдап келгенде ойындары – ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай
болса, ұлан Байтақ қазақ даласына ауыз екі тарай келіп,
түрленіп, өзгеріп отырған. Мейрам күндері көбінесе халық ойындары
ойналатын. Ойын тегінде адам баласының жолдастық, достық, ұжымдық
шығармашылығының дамуына тигізер мүмкіндіктері мол. Халық
ойындары - тіл дамытуда да ролі ерекше.
Сонымен, нақтылай айтсақ, халық ойындары, тіпті жалпы ойын
атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгертудің құралдарының бірі болып
табылады.
Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз, өзін еркін ұстайды, ал
еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы. Қазақтың ұлттық
ойындарының тағы бір ерекшелігі – оған өлең сөздің араласып келіп
отырғандығы.
Ойын барысында тақпақ, айтып, өлең оқылып, ән салады, мақал-
мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар орындалады. Ы.Алтынсарин:
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа ғой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса аға ғой,
Кәне, санап көріңдер,
әне, санап беріңдер...
Шұнақ құлақ бос ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәроін бірге ойлап қой (17)
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң бол күлкі (24)
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі Ойлануды қажет ететін ойындарға
жатады. Олар көбінесе, логикалық ойлау мен математикалық,
философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Солардың төресі Тоғыз
құмалақ. Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы
ойындарының болғаны да атап өтуіміз керек. Шахмат, дойбы
қазақтар мекендеген түркі заманынан белгілі екенін көрсететін
деректер де бар.
Халық ойындары болашақ ұрпақ тәрбиесінде қанат жайып
келеді. Халық ойындарын математика, ана тілі т.б. сыныптан тыс
тәрбие жұмыстарына енгізу мүмкіндіктері өте зор.
Халық ойындарын оқу-тәрбие беру жұмысында, мынандай шарттарды
орындағанда ғана нәтиже береді:
- Сынып жетекшілері халық ойындарына жауапты қарап, кез-келген
ғана емес, жоспарын, қажетті жағдайда пайдалану.
- Пән мұғалімдері өз күнтізбелік жоспарына халық ойындарын
енгізу.
- Оқу-тәрбие меңгерушісі халық ойындарын жүйелі пайдалануын
қадағалауы қажет.
- Халық ойындарын үйрену және осы тақырыпта жарыстар өткізу
(мектеп ішілік, сынып аралық).
- Халық ойындарын дидактикалық негізде пайдалану.
Бүгінгі болашақ ұрпақтарымыздың халық ойындарын үйреніп,
өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата-бабалырының
психологиялық болымысы мен ойлау жүйелеріне зер салуына,
мақсаттарына жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен
мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне халық ойындарының септігін
тигізері сөзсіз.
Халық ойындары өзінің бастауын халықтың педагогикасының тұңғышынан
алады. Қазақтың ұлттық ойындардары ерлікті, өжеттілікті,
батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тақырыптылықты, табандылықты т.б.
мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуатын, дененің сұмдауын,
шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен
адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
Міне, ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға
жетелейтін, адамға қиылып мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе,
ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Ұлттық ойындар білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру маңызы сан-
саналы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы
және педагогтық шеберлігі қажет.
Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына, өрісі кең ХІХ ғасырдың
екінші жартысында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев т.б. педагогикалық ой-
пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары.
Бұл демократ-ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет-
ғұрыптары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, жырлары мен көркем
шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды.
Әр түрлі ғылыми мәліметтерге сүйеніп халық педагогикасы
туралы ұғымның мәні Орта Азия және Қазақстан халықтарының
педагогикасын көзқарасын зерттеген А.Э.Измайлов былай деп анықтаған:
халық педагогикасы бұл жиналған және эмперикалық білімнің
практикасы мен тексерілген, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мағлұматтар,
іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи
тәжірибесінің жемісі. Әр түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет
ғұрыптарының мақсаты – жас ұрпақты бұқараның ең жақсы идеяларына
тәрбиелеу. Халық педагогикасы ескерткіштерінің халық
ертегілерінде, батырлар жырында, мәтелдер мен мақалдарында
тәжірибелік мәні өте зор.
Олардың қазіргі ғылыми педагогикалық мәліметтерімен ұштастырып,
заман талабына сәйкес тиімді пайдалану қажет. Өйткені ғылыми
педагогикалық ойлардың (ойындардың) негізін салушы халық педагогикасы.
Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу саласын тәрбие деп
қарастырады. Әрине, тәрбие жоспарды әлеуметтік өмірге, еңбекке
даярлау және қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен
бірге халық педагогикасында оқыту процесінде маңызы зор.
Өйткені, халық жастары да оқытады, олардың мамандық алуға,
зергерлікке, ұлттық ойындарды, спорт ойындарына үйретеді. Демек,
халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі жақты, бір
текті, яғни тұтас педагогикалық процесс деп қарастыру керек.
Жас өспірімдердің тәрбиесін халық өмірі және іс-әрекеттері
салт-дәстүрімен үйлестіріп жүргізуі қажет деді (М.Жұмабаев).
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары профессор Құбығұл Жарықбаев,
профессор С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Е.Сағындықова, А.Сарбасов, А.Айтбаева
тағы басқа бірсыпыра педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу
жұмыстарына мән беріп өздерінің үлестерін қосуда.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге
болмайды. Халық педагогикасына және тәрбиесіндегі ойынның алатын
орны ерекше.
Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәденимет пен салт-сананыңжаңару,
жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған
бірсыпыра мақалдар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың
ішінде Е.Сағындықовтың Қазақтың ұлттық ойындары деген кітабын
атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары, мазмұны және
ұйымдастырып жүргізу тәсілдері жақсы баяндалған. Оларды оқу
тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және
болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.
Кітапта ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа
бөлінген:
1. ойын-сауық тұрмыс-салт ойындарының қырықтан астам түрлері
бар. Олар мысалы: Ақ боран, Күмбез алу, Жар-жар, Қыз
кәде, Беташар, Алтыбақан, Сақина тастау, Айтыс ойыны, т.б.
2. Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын
алады. Олардың саны жүзден астам. Олар: Ақ серек, Көк
серек, Соқыр теке, Қарғымақ, Доп тебу, Бүркіт,
Ақсүйек, Қыз қуу, Теңге алу, Арқан тартыс, Қазақша
күрес, Жаяу, Көкпар т.б. бұл ойындар батылдыққа,
ептілікке, тапқырлыққа, қайраттылыққа, ынтымақтастыққа
тәрбиелейді, жетілдіреді.
Мысалы: Ақсүйек ойыны жастарды қараңғы (түнде( бағдарлап
білуге, шамамен қашықтықты айыра білуге, жылдам жүруге, тез
табуға үйретеді.
1. Оймен келетін ойындар жастардың қисындылық және
математикалық ойлардың дамуына көмектеседі.
Оймен келетін ойындардың мәні түсінікті болу үшін бір-екі
мысалдар келтірейік.
Мысалы: төрт саулықта, алты ешкіде оның біреуі тоқал ешкі
неше мүйіз бар, неше емшек, неше бақайшақ, неше аяқ бар.
Балалар ойша бір санды бір санға қосуды, тағы басқа да
практикалық іс-әрекеттерді өлшеу, санау сияқты әрекеттерді ұрпаққа
жеткізіп келе жатқан тарихи әрекеттердің жемісі.
Бала ойынмен өседі. Ойын бастауыш сыныптардың басты
ерекшелігіне де жатады. Мысалы:
Базар – қаланың ажары
Ойын – баланың ажары
Баланың ойынын бұзба,
Өнегең болса – ойын қозға
Бала ойынмен өседі,
Дана оймен өседі
Қыз – қуыршақ, ұл – құлыншақ
Көне болмай – жаңа болмас,
Бала болмай – дана болмас - деген,
Ойын білмеген, ойлай да білмейді, - деген, бұдан баланың
ойынға аса құмар келетіні байқалады.
Халық ойындарының ішінде түрінде мазмұны да өте бай ойын-асық
ойындары. Бұл ойын баланың шеберлігін, дәлшілдігін, мергендігін
шыңдайды. Асық ойынның бірі иіріспек деп аталады. Білімді өз
білімімен, ойын түрімен, шығармашылықпен игеру мәселесі
психологиялық зерттеулерден де ерекше орын алып келеді. Оқушы
жаңа сабақ ұғымдарын, анықтамасын жай ғана есте сақтап істеп,
ақыл-ойға салып меңгеруі тиіс. Мұнда оқушы жаттап алғаннан гөрі,
есінде сақтап, берік меңгереді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған Білім беру
туралы: Заңында; - қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын
оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау, - деп көрсетілген.
Заңда халық педагогикасы сөз етіліп отыр. Оның ішінде ұлт
ойындарын ғылыми негізінде пайдалану және дидактикалық жолдарын
іздестіру - көккейтесті мәселелерінің бірі.
Осы тақырыпта ішінара еңбектер жазған әдстемелік, бастауыш
мектеп журналы, газет беттерінен байқалмайды.
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін
жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми зерттеу әдістері бар.
Бұл әдістерді зерттеуші әрбірпедагогикалық құбылыстың
ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Педагогиканың зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау,
әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент т.б.
жатады. Бақылау әдісі. Бұл жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі.
Бақылау – деп әдеттегі жағдайға педагогикалық құбылыстарды
қабылдау арқылы тануды айтады.
Ұлт ойындарын сабаққа пайдалану да жоспар бойыншща жүргізілуі
тиіс.
Ғылыми негізінде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу
жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді.
Бақылау нәтижесі дұрыс шығу үшін түрлі көрнекіліктер, схема
техникалық құралдар кеңінен пайдаланылады.
Ұлттық ойындар бейнеленген суреттер, дидактикалық карточкалар,
схемалар пайдаланылдық. Оқушылар ата-аналарына, мұғалімдерге сұрақ
берген жауаптары зерттеліп отырған проблемамызға тірек болады.
Сабақ барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің олардың
жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын жүргізуді және осы
сияқты дидактикалық проблемаларды қолданылудың тиімді жолдарын
іздестірді.
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты
пайдаланбайынша, жастарды барлық жағынан бірдей үйлесімді етіп
дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз
жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра
білу қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың
өскелең дәрежесіне сай тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық
тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке тәрбиелейді.
Ұлттық ойындар мен дене жаттығулары мектептерде үнемі кеңінен
қолданылады. Олардың көбісі ресми бағдарламаға енген. Олар сондай-
ақ мектептен тыс, дене тәрбиесі жұмыстарында да кең қолданылады.
Ең алдымен, денет қозғалысы ұлттық ойындарының дене жағынан
қалыптасуы қасиеттеріне тәрбиелік қызметін атап өтуіміз керек.
Халықтың педагогикалық бір құралы бола отырып, ойындар жасөспірім
ұрпақтың моральдық, ерік күші, адамшылық қасиеттерін дамыту, кейбір
қозғалыс дағдысы мен білімін, еңбек қабілетін, ұйымдастырушылық
және басқа сапаларын қалыптастырады.
Республикада ұлттық ойындарды пайдалану, әсіресе, ауылдық жерде,
қажетті спорт базасы жоқ орындарды өте қолайлы. Себебі, күнделікті
тұрмыс жағдайында туындап, қалыптасатын ұлттық қозғалыс ойындары
мен дене шынықтыру жаттығуларына әдетте арнайы жабдық та, арнайы
орын да қажет емес. Мұнда тек бір ғана жағдай тиісті
педагогикалық үрдістерді сақтау ғана қажет.
Ұлттық ойындар сол халықтың дәстүр салтымен тығыз байланысты.
Бірақ дене тәрбиесі дәстүрлі қатып қалған қозғаусыз емес, үнемі
өзгеріске ұшырап отырады. Осыған орай, нақты жағдай мен қолдану
ыңғайына қарай ұлттық ойындар үнемі өзгертіліп отыруы тиіс.
Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс қаланса
болды, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене
жанның қабы, қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Сау
жан сау денеде ғана берік болады деп, дене мәдениетін
қалыптастырып жетілдіруге аса мән берген. Себебі балалар мен
жасөспірімдердің дене тәрбиесі ойынмен өте тығыз байланысты. Сонымен
бірге, оқу практикасында ұлттық-қимыл қозғалыс және спорт
ойындарын мәнді де тиімді пайдалану балалардың дене қозғалысының
сапасы меен икемділік, күштілік, ептілік, иілгіштік, төзімділік
қабілеттерін қалыптастырып, оқу-жаттығу сабақтарына қызығушылығын
арттыруға едәуір септігін тигізеді. Балалар мен жасөспірімдердің
өз тілінде ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарын ойнау
арқылы олардың қазіргі уақыт талабына сай ұлттық психологияның
құрылымдары: ұлттық сана-сезім, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық
адамгершілік, мінез-құлқы қалыптасады.

1.2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды
қолданудың шарттары мен мүмкіндіктері

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай,
әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді
жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау
үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,
күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын
пайдалануы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екені
анық. Сондай-ақ оқу-тәрбие негіздерінің бірі – ұлттық ойындарымыз.
Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады.
Ол сандаған ұрпақтың қорегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу
қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.
Ойын - өмір терезесі. Оқушының бой жүйесін босататын, жан
қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестеуін, зейінін ...)
өрбітетінойын. Абай сөзімен айтсақ, дүниенің көрінетін һәм
көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша
айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дедукция,
талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе
арқылы жүргізілуі тиіс. Оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге
үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана
тәлім - әрі сәнді, әрі мәнді болады.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам
баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді,
өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынның мазмұны кеңейе
бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья,
магазинге бару т.б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық саяси
мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін
сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, сыныптағылар
қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды,
олардың бірі мұғалімнің, қалғандары оқушының ролін атқарады.
Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ойындар теориясы мен проблемасының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі
Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде ойынды қолдану ерекшелігі
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі
Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану
ОЙЫННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Пәндер