Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І бөлім. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
1. 1. Қазақстанда қазіргі кездегі экономикалық мәселелер
1. 2. Нарық жағдайында экономиканы жақсарту мәселелері
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасында өмір сапасын көтеру мәселелері
2. 1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы
2. 2 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау
2. 3 Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей: «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс».
Курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы өмір сапасын жоғарылатудағы қарастырылатын мәселелердің теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі жағдайдағы мемлекеттік даму барысын талдау және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- мемлекеттің нарықтағы жағдайын, әлеуметтік-экономикалық стратегияларын айқындау;
- мемлекеттік қызметтің мәнін, ерекшеліктерін және қағидаларын қарастыру;
- экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы мемлекеттік қызметтің орнын айқындау;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын талдау;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалардың тиімділігін қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің шет елдік тәжірибесін саралай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін айқындау;
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға - 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т. б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.
І бөлім. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
1. 1. Қазақстанда қазіргі кездегі экономикалық мәселелер
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашғы жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі мемлекетік қызметті дамыту болып табылады.
Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы, рухани) және сатып алу - сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды, бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар - өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы - нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал), еңбек, ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі - инфрақұрылым. Ол институттар (ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады, оның мәні - нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырады және қызмет көрсетеді. Нарықтың инфрақұрылымының элементіне - тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер, т. б. жатады.
Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді жеңілдетеді.
Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтыну арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс прцесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қазақстанның «Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен қорлары, аудиторлық фирмалар, консультация орталықтары мен фирмалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген.
Нарық инфрақұрылымның тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты, яғни нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.
Коньюнктура туралы мына көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:
- өндіріс пен құрылыс динамикасы, тауар запастарының мөлшері, баға, процент, бағалы қағаздар курсының қозғалысы;
- пайда, еңбек ақы, өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;
- еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.
Экономикалық коньюнктураға әсер ететін факторлар:
А) циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың кезекті жаппай жаңаруына байланысты;
ә) циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етуі (оған ҒМР жатады) ;
б) кездейсоқ (уақытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.
Экономикалық коньюнктураны жақсартудың әдісі:
А) инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
ә) фирмаларға мемлекеттік тапсырыстардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;
б) салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;
в) халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.
Қазір кәсіпорындар, жеке нарықтар, маркетинг конъюктура өзгеруін зерттейді, болашағын болжайды.
Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ, олардың тапсырыстарын телефонмен жинап, тауарларды пошта арқылы жібере алады. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым - экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі (Кулагин П. Социалистік экономикадағы нарық. - «Вопросы экономики», 1990 ж. №1, 143 бет)
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы (Чалбаев К. К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар. М, 1990 ж. 204 бет)
Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы (Саяси экономия. Алматы, Ана тілі, 1991ж, 169 бет)
1. 2. Нарық жағдайында экономиканы жақсарту мәселелері
Келтірілген анықтамалар дәлелді болғанымен, олар проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар деп көрсетілді. Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарық құрамына өз жұмыс күшін сатушы.
Кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының, бағалы қағаздардың иелері де, т. б. көреді.
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі. Бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазартады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды. Бұдан нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:
- Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
- Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
- Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
- ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
- Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.
Сонымен бірге нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар. Оларға әлеуметтік жіктеулі, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік - экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік амту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми - техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады:
- табыс алуға кепілдік бермейді;
- толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
- қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;
- ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың әрекет ету жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады. Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе нысанында көрінеді.
Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Үшінші маңызды элемент - баға. Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Бұл жерде екі ескерту бар: 1) баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. 2) баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.
Төртінші элемент - орталық буын сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс нарықта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін нарықтық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.
Нарықтық механизмнің бесінші элементі - бәсеке. Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді. Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға т. б. экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасында өмір сапасын көтеру мәселелері
2. 1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары - бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т. б. ) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік - демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.
Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.
Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.
15-29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны - 3 787 700 адам, немесе жалпы халық санының 25, 7% -ын құрайды.
1-кесте. 2005-ші жылмен 2008-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың үлесі, % (15-29)
*Агафанов А. Н, Менлибаев К. Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие. -Караганда: Издаетльство КарГУ, 2007г.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген кестеден халық құрылымында жастар санының ұлғайғаны көрінеді. Дегенмен, жастар санының өсуі регрессивті сипатты процестер есебінен болып отыр.
2- Кесте. Жастық топ бойынша жас халықтар саны (мың адам)
Жоғарыда көрсетілген 2-Кесте бойынша 15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың жалпы саны 5642, 4 адам. «Орта» (20-24) жас тобы 5140, 4 адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.
25-29 жас аралығындағы топтар 4619, 4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды. Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24 жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда- 521 адамға кем, ал 15-19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда - 1023 адамға кем екенін көре аламыз.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
2004 жыл 2008 жыл
1-сурет Жастардың білім деңгейі, %
Республика экономикасында 1205, 8 мың жастар жұмыспен қамтылған, немесе олар жалпы халықтың 28%-ын құрайды. Сонымен бірге 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі - 50, 5% және 25-29 жас аралығындағы жастардың үлесі - 49, 5%. Жұмыспен қамтылған жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімі бар жастар үлесі- 17, 1% -ды құрайды, орта мамандар - 27, 1%-ды және жалпы орта білімді жас азаматтар - 44, 3% -ды құрайды. Ауыл, орман және балық шаруашылық секторларында 356, 8 мың жастар жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 29, 6%-ын құрайды), өнеркәсіпте және құрылыста - 189, 5 мың (15, 7%), ал қызмет көрсету саласында - 659, 1 мың (54, 7%) жастар жұмыспен қамтылған.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер - әлеуметтік қамсыздандыру, білім, жұмыспен қамту қызметі және әскери салаларда жұмыспен қамтылған
3-Кесте. Халықтың жас ерекшелігі мен саны
пайызбен
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz