Гобелен “Махамбет”
1. Кіріспе
Ұлттық қолөнер бұйымдарының маңызы, мәні.
2. Негізгі бөлім
а) Кілем тоқу өнері
б) Кілем жабдықтары
в) Суреттә кілем . гобелен
г) Гобелен . бүгін шетелде
д) Гобелен түрлері мен тоқу әдістер
е) Қол өнердің мектептегі үйрету және оқушыларға үйрету мен түсіндіру. Сабақ жоспары.
3. Қорытынды
Дипломдық жұмыс “Махамбет”.

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын атайды. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсынын талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал- жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау басқұрлар тоқып, арқан жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қалдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т.б көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қалдарылген жасап түрлі нақыштарымен әшекейлейтін балды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден б.з. сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлар, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Қазақ қолөнерінің өсу жалының өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

1. С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы “Қазақстан” 1995ж.
2. Х.Арғыбаев. “Қазақ халқының қолөнері” Алматы. “Өнер” 1987ж.
3. Ә.Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. Қазақстан баспасы.
Алматы – 1977ж.
4. Ш.Әбдуәлиева. Халық қолөнері. Алматы “Рауан” 1992ж.
5. Научно-популярный иллюстрированный журнал. Народное творчество.
6. Сюзи ОРейли. Плетение. Издательство “Полигон” Санкт-Петербург 1998
7. А.Калинина “Талант тағдыры” Мәдениет және тұрмыс №7 1983ж.
8. С.Мұхтарұлы “Мәңгілікпен арналыс”. Қазақстан әйелдері №2 1983ж.
9. Г.Мұқышева “Мәңгілік муза” Қазақстан әйелдері №4 1981ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Орал педагогикалық колледжі
“Технология және бейнелеу өнері”.
ЭӘЖ.
Дипломдық жұмыс.
Тақырыбы: Гобелен “Махамбет”
Орындаған: Богданова Н. Е.
Жетекші: Хамзин Н. А.
Орал қаласы – 2002 жыл
¦лттық қолөнер бұйымдарының маңызы, мәні.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу,
тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын
атайды. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсынын талай ғасырлық тарихы
бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды
күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай
түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн
көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құрал- жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің
сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі
бау басқұрлар тоқып, арқан жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс,
таспа тіліп, өрім өріп қалдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік
және т.б көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қалдарылген жасап
түрлі нақыштарымен әшекейлейтін балды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер
мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Ертеден б.з. сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі діни әр түрлі
құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан
қиюлар, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнерінің тамаша
туындылары.
Қазақ қолөнерінің өсу жалының өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау
көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің
үлгілері дәлел бола алады.
Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрлі дамытушы, жаңғыртып
байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген
көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір Орта Азия мен
орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Россиямен сауда қатынастарының
шаруашылық және мәдени қатынастың арта түсуі тағы да басқа көптеген ішкі-
сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ
ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың
өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай
мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлерінің қолына қарады.
Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе кедей әулетінен шыққан. Олардың белгілі
бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күн көріс
көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті
ғажап туындыларды дүниеге әкелді.
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап, оны
тұтанғыш ету, бейіт, қорған мешіт және т.с.с. салуда қолданылған балшықты
қыл, жүн шөп-шалам араластылып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың
іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла тәсілдер. Батырлық пен
саятшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын,
аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен толағасы, балдағы мен аяқбауы сияқты
көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты
туды.
Мал шаруашылығына қажетті желі шылбыр, ноқта, бұршақ жүрген құрық,
бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада ер-тұрмандарды да халық даналығы
ойлап тапты. Зергелік, кестешілік, тоқымашылық және оюшылық өнерді дамытты.
Халық өнерпаздары құмнан,тастан саздан құмыра ыдыс-аяқтар; мүйізден,
сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра,
қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптары жасады. Мысалы: тастан,
балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны
әсемдеу сияқты ауыр жұмыстарды еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу,
өрмек тоқу, ши тарту жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істейді.
Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту,
тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес. Қазақ халқының “Қарыс қазы-
балықта, қалың қазына-халықта” деген мақалы да осы өнер мамшылығынан туған
еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бірқатары өте көп еңбек етуді керек
етті.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың
сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады.
Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті
заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздың ою-
өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және
жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан
таттанбайтын металдан, эмаль жалатқан жарасымды жаңа жиһаздар көбейді.
Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен
сапасы жаңарады. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік
артельдерінде кілем тоқылып түрлі жиһаздар жасалады. Тігу ісі мен кестелеу
өнері де машинамен орындалады. Бірақ-та қазірдің өзінде қолөнер өзінің
маңызын жойған жоқ. Мысалы: жеңіл күпі, қаптал шекпен, саптама етік түлкі
тымақ, жүн қолғап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін
қазір де қажет. Киіз үйдіқ сүйегі, үзік туырлық, қымыз саба, тері қауға мен
ер тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймады.
Тоқыма бұйымдарының түрлері. Қолмен тоқу.
Қазір күнделікті тұрмыста керекті жеңіл-желпі заттарды өрмек станогынсыз-
ақ қолмен тоқи береді. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі
мезгілді керек етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Бұл өнермен
қазірдің өзінде республикамызда 300-ден астам оқушылар мен оқытушылар,
ғылым және өнер саласындағы қызметкерлер айналысып жүр. Қолмен тоқу
өнерінің түрлері өте көп және ол жан-жақты дамыған өнер. Олардың басты-
басты түрлері мынадай:
1) Шәлі, шарф, шұлық, қолғап сияқты трикотаж заттары;
2) Шілтер, перде, төсекжапқыш, жастықтың беті, стол жапқыш және тағы да
басқалар;
3) Әр түрлі жіптерден, талшықтардан, кендірден, өсімдіктердің
сабақтарынан, сірнеден (казейн) тоқылған сумка, тор қалта және басқа
да көптеген заттар;
4) Шиден, қамыстан, шіліктен, жөкеден тоқылған заттар;
5) Шыбықтан қамыстан тоқылған заттар, қораптар, шарбақтар, ыдыстар,
орындықтар, ықтырмалар.
Бұл өнерді игерудің негізгі әдістерін қолданатын құралдарына қарай
топтастырған дұрыс сияқты. Мысалы, біз атап өткен 1 және 2-топтардағы
тоқымалар қармақты бізбен сыммен тоқылады. Мұндай тоқыманың негізгі әдісі-
тоқылып отырған жіптің ілмегін санап, үлгіге қарап отыру. Бізбен шалып, яки
сыммен тізіп тоқығанда жіпті шалудың өзі бірнеше түрлі болады. Ілу, шалып
ілу, орап ілу, торлап ілу, өткермелеп ілу және осы сияқты олардың басқа да
әлденеше түрлері бар.
Қолмен тоқуда да неше түрлі өрнек, әшекей жасалады. Өрнек түрлері әр
түсті жіптерді кездестіріп қолданумен қатар, жіптің шалымын, ілмегін санап
отырып, әр алуан өрнек жасап тоқу арқылы орындалады .
3, 4 және 5-топтардағы тоқудың әдісі көбінесе өткермелеу, орай бұрап
өткермелеу, кенереге, аралық шыбықтарға, қадаларға бекіте тоқу арқылы,
кейде өрімшілік әдістерін пайдалана тоқу арқылы жүзеге асырылады. Өрнектеп
тоқу, мәнерлеу, бояу-әр түрлі белдеу мен шашақ, түйін, бұрау шығарып тоқу
жалымен де іске асады.
Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, украин халықтарының арасындағы
қолмен тоқу өнерінің көптеген түрлері бір-біріне өте ұқсас болып келеді.
Бұған қарағанда осы елдер арасындағы көршілік қарым-қатынастың ертеден-ақ
қалыптаса бастағандығы байқалады. Халықтар қолөнеріндегі мұндай жақындық,
бір ғана қолмен тоқу өнерінде ғана емес, тіпті ағаш өнерінде, тастан ойып,
қашау, былғары илеу істерінде де байқалады.
Жүн, түбіт, майда торқа, жібек жіптерінен үй тұрмысына аса қажетті және
көп қолданылатын шұлық, қолған шарф, шәлі сияқты бұйымдар тоқылады. Ал
мұндай әрі жылы, әрі жұмсақ, жеңіл де икемді тоқыма заттары, әсіресе
бақташылар үшін өте қажет-ақ. Бұларды тоқу құрал жабдықты, жұмыс істейтін
орынды онша талғамайды. Мұндағы пайдаланылатын құрал өте қарапайым.
Мәселен, бұрынғы кезде шұлық тоқу үшін ағаштан және сүйектен ұзындығы 12-15
сантиметрлік, сымнан 18-20 сантиметрлік қармақты біз жасайтын.
Қазақтың халықтық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбын сүйегінен
егелініп істелінетін. Тобылғының, аршаның, тасжарғанның шыбықтарынан жонып
та жасалған. Ал сым иілмейтін болаттан болса, оның ұшы доғаланып, қыры
жұмырлана тұжырылып келсе тіпті жақсы.
Шұлық, қолғап, ұйық, шарф, кеуду көйлек, басқа киетін кепеш және т.б.
заттарды тоқу үшін екі түрлі жіп қолданылады. Олар фабрикаларда иірілген
мақта-мата жіптері мен шеберлердің өздері иірген жіптер. Фабрикалардан
шығатын жіптердің түсі, жуан-жіңішкелілігі, сапасы әртүрлі екені белгілі.
Сондықтан шебер бұлардың ішінен өзіне керегін таңдап алады, содан соң барып
іске кіріседі.
Қазақ қол өнершілері, жоғарыда айтылғандай, тоқу ісіне көбінесе жүннен
иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің
түбітінен иірілетін. Мұндай жіптер таза, жұмсақ әрі төзімді, созылмалы да
әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң қолмен
майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл-қыбыр, шөп-шалымнан тазарып, ұйысқаны
жазылып, жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады. Мұндай жүн созып иіруге, иненің
жұмсауынан өткізуге, сымның, біздің, иненің ізімен іркілмей жүргізіп
отыруға қолайлы.
Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйкелей отырып жеңіл-желпі
домалаққа төгеді. Домалақтың ортасында әдемі ызған баудан немесе кез-келген
матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сыртқа шығып тұрады. Жіп иіруге
кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортан саусағына іліп алады.
Бұл ілмек шүйкені қыл-қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің
басына) іліп қою үшін де өте қажет.
Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі - ұршық, екіншісі –
аяқпен айналдыратын жіп иіргіш. ¦ршық пен жүн иірудің де екі түрлі әдісі
бар. Бірі - шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені
жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және т.с.с.) іліп қойып иіру.
Шүйке дегеніміз – есуге, иіруге түтіп алған жүн. Екеуі де иіруші
шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріп келе жатқан жіпті бауылдықсыз
біркелкі етіп сыпығырлай отыруын, саусақтарының шебер ширақ қимылдауын
керек етеді.
Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен
жалғастырады. Егер оның біраз жері жуандап кетсе, не жіңішкерсе онда оны
тартқылап қайта иіру қиын.
Сондықтан жіптің ондай жерін үзіп тастап, тегіс жерінен қайта жалғап
иірген дұрыс. Шұлық, ұйық, қолғап, шарф, жәлі жіптері өрмек, шуда жіптері
сияқты өте пысық иірілмейді. ¤йткені бұлай иірілген жіп тоқуға бөгет
жасайды, ал тоқылып шыққан заттар дөрекі және тықыр болып шығады.
Қолмен тоқу өнерінің үй шаруашылығына тиімді тағы бір түрі бар. Ол
бұрыннан бар. Ол бұрын тоқылып тігілген заттардың ескілерін тарқатып
пайдалану. Єдетте киім етегінен жағасына қарай, аяқ киім қонышынан басына
қарай тоқылады. Сондықтан оларды тарқатқанда жағасынан етегіне, басынан
қонышына қарай және олардың әрбір бөлшектерін жеке-жеке тарқатады. Тарқатып
отырған жіпті аса қатты тартпай, домалаққа төгеді. Кейін оны домалақтап жай
шумаққа төгіп алады да жуады. Келептенген жіпті жылы сумен сабындап жуып
шайқап болған соң, бұрмай сорғытып кептіреді. Сорғыту үшін ілген кезде
жиырылмайтындай ететін, оның төменгі жағына біраз залмағы бар не темір, не
тас байлап қояды. Кепкен соң оны қайтадан домалаққа төгіп қайтадан тоқуға
кіріседі.
Қолмен тоқу ісінің қазақ қолөнерінің арасында ең көп дамыған түрі
қармақты бізбен ілмелеп тоқу. Бізбен ілмелеп тоқудың да түрлері көп.
Мысалы, бірыңғай ілмелеу, созылмалы (немесе жиырмалы) етіп әр жерінен
белбеу тастап тоқу, сирек тор жасап тоқу және т.б. Ілмек бізбен тор дорба,
шәлі, үстел жапқыш, әр түрлі шаршау, шілтерлер тоқылады. Мұндайда көбінесе,
мақта, түйе жүні, биязы қой жүні, түбіт қолданылады.
Қазақ қолөнерінде осы күнгі тоқылып жүрген заттардың ең көбірек
кездесетін түрлері: ер, әйел шұлықтары, саусақты қолғап, саусақсыз биялай,
шәлі, шарф, жылы көйлек, тақия, бирет, стол және диван жапқыштар, жастық
тыс, терезе пердесінің желбірі, қос етек желбірі, есік пердесі мен шымылдық
шаршаулары, спорт костюмдары, тор, аяқ киім бояулары, тізеқап, жеңсе,
дастархан, белдемше, ұйық, жіп сөмке, орауыш, жөргек, бесік көрпе, майлық,
сулық, қолдорба, жіп салғыш т.б.
Кілем тоқу өнері
Үй жасауы – “кілем” дейді халық, кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай
ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат.
Шығыс елінде оны тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем бетіндегі сан
қилы сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін
көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы көшпелі үйдің
ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары – осының бәрі кілем
бетінде бейнеленген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде
бейнеленгенімен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.
Кілем тоқу – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеректен
белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақыттат да
“шебердің қолы ортақ” деген емес пе ? Кілем тоқу киіз басу сияқты көршілер
арасындағы ұйымшылдықпен өзара көмек, колғабыс көрсетудің арқасында
тындырылатын іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан-аяқ 3-4 адам, құруға одан да
көбірек қатысады. Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен
жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай
келеді.
Тоқылатын кілемдер ішінен Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан
кілемдері көрнектілігі жағынан көзге түседі. Ұлттық кілемдер сол республика
халықтарының қолөнерінің негізгі түрі. Осыдан келіп кілемдердің тоқылуы да,
материалы да, өрнегі де әр түрлі болып келеді.
Кілемдер мен кілемдік бұйымдарды ең ерте заманнан шығарып келе жатқан
елдердің бірі түркімендер. Сондықтан кілем өрнегінің республика мемлекеттік
гербісінде бейнеленуі кездейсоқ жағдай емес. Түркімен кілемдерінің сегіз он
проценті бұрынғы Одақта жасалатын кілемдердің бәрінен де жібінің тығыздығы
жағынан (бір шаршы метр кілемде 220-дан 400-ге дейін тін болады) ерекше
көзге түседі. Кейбір арнайы тоқыған кілемдердің тығыздығы соншалық, оларда
1 млн. га дейін жіп тіні болады. Бұл елде “текин”, “пенди”, “иомуд”,
“ходжа”, “бешир”, “учаудар” деп аталатын ескіден келе жатқан кілем түрлері
бар. Медальондармен және геометриялық өрнектермен әшекейленген қызыл және
қызыл қошқыл түсті ең тәуір кілемдерін халық “салар гель”, яғни “салар
қызғалдағы” деп атаған.
1966 жылы шеттері аппақ гүлдермен безендірілген ортасы бейне бір алаңдағы
қызғалдақ гүлдері сияқты жайнап тұрған, көлемі 252 шаршы метр кілемді
Ашхабадтың артистері Кремльдің съездер сарайының төріне алып келді. Концерт
қойылған кезде ғажайып кілем бүкіл сарай ішін қызыл-жасылды гүлге бөлеп
тұрды. Осы кілемнің салмағы 1 тоннадан артық еді. Осындай қиын да қызықты
өнер Қазақстан топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық
өнерпаздарының ой-қазынасынана шығып, шебер қолдарымен тоқылатын. Еліміздің
түкпір-түкпіріне кең тараған осы өнер түрінің өріс алып, бай мазмұн
мағынаға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе республикамыздың
оңтүстік аудандары. Қазақстан облысында кездесетін кілем түрлері де
атаулары да көп. Көне заман деректерінде олар тап осы күнгі аттарымен
аталады. Мысалы: бұқар кілем, жол кілем, жолақ кілем, жібек кілем, масаты
кілем, мақта кілем, қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем,
түкті кілем, ақ сирақ кілем, алаша кілем, әндіжан кілемі, түркімен кілемі,
адай кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі-ақ қазақ халқының кілем тоқуымен
ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығы
аңғартады.
Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай
кілем тоқудың түрлері де алуан. әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған
қалыпқа лайықтап, қазіргі тұрмыста кеңінен қолданып жүргені – түкті кілем
және тақыр кілем.
Түкті кілем ою-өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста
қолдануына қарай әр алуан атауларға ие болған. Түкті кілем тоқудың Шымкент
облысы, Бөген ауданының “Алтынтөбе” бөлімшесінде тұратын Үрият
Сатқанбаевадан жазып алынған қарапайым технологиясы бойынша, кілемге түк
салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек жібінен сәл жуанда,
бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек.
Кілем түріне арнап иірімен жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық
ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым еумен жуылып, салқын сумен шайылады.
Келептерді жеке-жеке жайып сорғытады. Бояу әркінің қалауынша мөлшеленіп,
бояланып жіп мөлшеріне орай суға езіліп құйылады. Түйіршік қалмай әбден
ертілген бояу қазанда қайнап тұрған суға құйылып үстіне сірке қышқылы
құйылады. Енді қоспа араластырыла отырып жіп өз буымен бояуды бойынша
қажетінше сініріп, бабына келеді. Єрі қарай бояу сіңген жіпті салқынсумен
2-3 қайтара шайып іледі. Осылайша дайындалған жіптің бояуы оңбайды және бір
біріне көшпейді. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп,
құлпыра түседі. Тоқылатын кілемнің көзделгенкөлеміне қарай дайындалатын
арқауға, желі мен түк салуға арналған жүн көлемі де әр түрле болады. Арқау
қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ келеді. Қазір
арқауға мақта жіпте пайдаланылып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек жібіне
сәйкес, өте жінішке немесе жуан болмағаны жөн. Көлемі 4,20*2,30м болатын
кілем арқауына 4кг, жүн жіп керек. Осы кілемді тоқу ушін 520 қатар желі
тартылады. Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйіп бидай дәні сыатындай болса
жарайды. Желі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz