Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсi



КІРІСПЕ
1. Жоғары мектепте әлеуметтiк педагогтарға білім берудің теориясы мен тәжірибесі.
1.1. Жалпы орта білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтың атқаратын функциялары.
1.2. Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеудiң теориялық негiздерi.
II. Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi . әлеуметтiк . педагогикалық құбылыс ретiнде.
2.1. Жасөспiрiмдердi мектепте тәрбиелеудiң педагогикалық. психологиялық негiздерi.
2.2. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi әлеуметтiк педагогтың қызметi.
2.3. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасы мен мектептiң ынтымақтастығы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі күні Республикамызда әлеуметтік педагогика компоненттерінің еңбектің ұйымдастырылуы, саяси-құқықтық ұйымдардың жұмыс жасауы және білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес қиындықтар туындауда. Олар: адамның қоғамға дұрыс бейімделе алмауы, өзін тұлға ретінде жүзеге асыра алмауы, мектепте немесе отбасында конфликтердің пайда болуы, қиын немесе қаңғыбас балалармен жұмыс жүргізудің өз деңгейінде жүзеге аспауы, баланың өз құқығын біллмеуі, адамдардың өздеріне қажетті әлеуметтік көмекті ала-алмауы және т.б. себептерден қоғамымызда келеңсіз жағдайлар орын алуда. Бұлар өз кезегінде білікті де білімді әлеуметтік педагогтарды талап етеді. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар басқа адамдарға қол үшін беретін, адами мәселелерін бірге шешетін, тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті.[1]
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.
1. М.В.Шакурова “Методика и технология работы соцального педагога”
Москва, Академия – 2004г.
2. Н.Ә.Назарбаев. Ауылға айырықша назар аударылады. Ішкі және сыртқы
саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы. Президенттің Қазақстан
халқына жолдауы. – Егемен Қазақстан. – 30 сәуір, 2002 жыл.
3. Керімов Л.К “Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тәрбиелеу теориясы
мен практикасы” – Алматы, 2003. – 123б
4. Джаманбалаева Ш.Е Социальные проблемы девиантного поведения.
5. Автореферат. – Алматы, 1996. – С. 3 – 23.
6. Мудрик А.В Социальная педагогика М: Академия 2002
7. Галагузова Ю.Н и др . Социальная педагогика. М. ВЛАДОС 2003
8. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведния. – Алматы, Қазақ Университеті, 2002. – 10с.
9. Первова И.Л. Асоциальное поведение детей и подростков.СПб: издателство Санг – Петербургского Университета, 1999. с. 60.
10. Аңламасова Г.А Мектеп оқушыларын адамгершілік негізінде тәрбиелеу. Тараз-2003ж
11. Нұсқабаев О. Мектеп-жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. Алматы 1997ж
12. Асанов Ж.А. Оқушы оның дамуы және тәрбиесі. Алматы.1987ж
13. КерімовЛ.К. Қиын жасөспірімдерді жеке-дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы. Алматы 1992ж.
14. Л.В.Мардахаев “Социальная педагогика” М.2005г.
15. Василькова Ю.В. “Социальная педагогика”
16. Василькова Т.А. “Социальная педагогика”
17. Азаров Ю.П. “Семейная педагогика” Москва 1993г.
18. 1 Бурганова Р.И. Научные основы подготовки социальных педагогов к работе со студенческой молодежью в сфере досуга: дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.08. Алматы, АГУ им. Абая, 2001. -148 с.
19. 2 Батталханов Е.З. Формирование гуманистического мировоззрения учащейся молодежи как социально-педагогическая проблема. //Дисс. к.п.н.13.00.01, Алматы. 2002. -160 с.
20. Менлибекова Г.Ж.Система подготовки будущих учителей к социально-педагогической работе: дисс. … канд. пед. наук: 13.00.08. Алматы, АГУ им. Абая, 2002. - 30 с.
21. Баймуканова М.Т. Научные основы подготовки будущих социальных педагогов к работе со студентами по формированию семьи: дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.08, Алматы, АГУ им. Абая, 2001.- 142 с.
22. Нургалиева Г.К. Сравнительная педагогика. Алматы: Рауан, 1999, 176 с
23. Кусайнов А.К. Развитие образования в Казахстане и Германии. Алматы: Ғылым, 1997.- 204 с.
24. Мусин К.С. Система непрерывного педагогического образования в Казахстане, России, Англии и США: тенденции развития. Алматы: Ғылым, 2000.- 165 с.
25. Искакова А.О. Становление и развитие чатсных школ Соединенных Штатов Америки: дисс. канд. пед. наук: 13.00.01. Алматы, АГУ им. Абая, 1998. -135 с.
26. Кенесарина З.У. Социализация школьников в условиях общинного образования в США. Алматы, 1998.- 38 с.
27. Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. Алматы: Ғылым, 1998.- 317 с.
28. Жетписбаева Б.А. Этнопедагогические основы содержания воспитания в школах Казахстана и Германии (сравнительный аспект): дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.01. Караганда, КарГУ им. Е.А. Букетова, 2001.- 138 с.
29. Қалиева Ә.Б. Воспитания элиты в частных школах Великобритании (историко- педагогический аспект): дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.01. Караганда, КарГу им. Е.А.Букетова, 2004.-144 с.
30. Тұрысжанова Р.К. Проблема формирования духовно-нравственных ценностей в системе образования Азиатских стран (на примере Казахстана, Японии и Южной Кореи): дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.01. Алматы, КазГосЖенПИ, 2001.- 135 с.
31. Социальная педагогика и социальная работа: Социально-
юридический словарь. /Под ред. Мухаметзяновой Г.В., М.: ИЧП Ма¬гистр, 1995.- 96 с.
32. Бочарова В.Г. О некоторых методологических подходах к исследованию целостного процесса социализации, воспитания и развития личности. //Теория и практика социальной работы: отечественный и зарубежный опыт. Москва-Тула, 1993.- С. 34-48.
33. Беляева Л.А. Философия воспитания как основа педагогической деятельности. Екатеринбург, 1993.- 126 с.
34. Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. /Учеб. пособие, Пенза, ч. 1, 1994.- 171 с.
35. Международный семинар "Исторические корнии, современные проблемы и перспективы социальной работы в России. //Социальная работа. М., 1993, № 2 (3) .- С.3-58.
36. Методическое письмо. Введение в новую профессию: социально-
исторический контекст. //Социальная работа. М., 1994, № 1.- С.11.
37. Бойко В.В. Реактивное поведение семьи и личности: социально-психологическое изучение рождаемости: автореф. ... канд. психол. наук: 13.00.01. Ленинград, ЛГПИ, 1981.- 32 с
38. Теория и практика социальной работы: отечественный зарубежный
опыт. /Отв. ред. Яркина Т.Ф., Бочарова В.Г. Москва – Тула, в 2-х томах, 1993.- 460 с.
39. Бочарова В.Г. Педагогика социальной работы. М.: Аргус, 1994.- 207с.
40. Доэл М. Практика социальной работы. М., 1995. -176с.
41. Основы социальной работы. /Отв. ред. П.Д. Павлюнок. М.: ИНФРА-М, 1998. -368с.
42. Лихачёв Б.Т. Педагогика. Курс лекций. М.: Прометей, 1993.- 527с
43. Павлюнок П.Д. Введение в профессию «социальная работа»: Курс лекций. М.: ИНФРА-М, 1998.- 174с.
44. Кузьмина Н.В., Кухарев Н.В. Психологическая структура деятельности учителя. Гомель: Гом. гос. ун-т, 1976.- 57 с.
45. Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения профтехучилища. М.: Высш. шк., 1989.- 166с
46. Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера
производственного обучения профтехучилища. М.:Высш.шк.,1990.- 118с.
47. Актуальные проблемы социального воспитания. Научно-методический бюллетень. Москва-Запорожье: Изд. АПН СССР, 1990, № 6.- 167 с.
48. Вульфов Б.З Семь парадоксов воспитания. М.: Новая школа, 1994.- 77с.
49. Зимняя И.А. Социальная работа как профессиональная деятельность //Социальная работа, М., Вып. 2, 1992.- С. 8-16.
50. Теория и методика социальной работы. /Учеб. пособие под ред. Жукова В.И., Зайнышева И.Г., Холостовой Е.И., М.: Союз, в 2-х ч, 1994. ч. 1.- 339с.
51. Социальная работа и проблемы подготовки кадров. /Отв. ред. ЗимняяИ.А., М., 1992.- 104с.
52. Учебный план факультета социальной педагогики. Специализация: специалист по социальной педагогике и социальной работе. ВГПУ,1996.- 4с.
53. Сластёнин В.А. Социальный педагог и социальный работник: личностьи профессия. //Теория и практика социальной работы: отечественный и зарубежный опыт. Москва - Тула, 1993.- С.265-275.
54. Нурманбетова Д.Ж. Человеческая индивидуальность как социально-философская проблема. Алматы, 1995.- 348 с.
55. Жұлдыбаева А.К. Социально-философский аспект проблемы человеческой индивидуальности. Алматы, 1999.- 141 с.
56. Иатлеуова А.И. Массовое сознание и социальное развитие личности. Алматы, 1996.- 132 с.
57. Садырова М.С. Социально-профессиональная мобильность интеллигенции в условиях рыночных преобразований (на материале Казахстана). Алматы, 1999.- 259 с.
58. Гуменчук О.Н. Политическая социализация личности в советском обществе. Москва, 1993.- 136 с.
59. Cластёнин В.А. Гуманитарная культура специалиста. //Магистр. 1991.- С.16-25.
60. Масленникова В.Ш. Исследование социокультурных проблем
использования информационных технологий в высшем образовании.
Москва, 2000.- 165 с.
61. Социально-педагогический колледж. /Учебное пособие под ред. Гурьяновой
М.П., МК: Социнновация, 1995.- 590 с.
62. Талалова Л.Н. Психолого-педагогические условия подготовки учителя
в высшей школе США: основные проблемы и тенденции. 1993.- 166с.
63. Co-ordinated research in the social fieid.Studi Group 1 on the initial
arsd further training of social workers training into account their cnanging role.
Final report (DRAFT), Strasbourg, 1995.- S.71.
64. Школа социальных педагогов и социальных работников. Соци¬альная
педагогика и социальная работа за рубежом. /Под ред. Бочаровой В.Г.,
65. Дашкиной А.Н., М.: Социнновация, Вып. 1,4, 1991.- С. 19.
66. МакаренкоА.С Ата-аналар М-1958-103б
67. Словарь по социальой педагогике: Учеб,пособие для студ.высш.
учеб.заведений авт. сост.Л.В.Мардахаев –М: Из\кий центр «Академия»
2002,368с
68. Телесенко А.Н Социальная педаогика введеие в специальность учеб.
Метод. Пособие –Астана ИПК и ПК.Со, 2005,148с.
69. Сухомлинский В.А О воспитании –М учеб. Пед изд 1975
70. Журнал «Ұстаз» №1 2005
71. Журнал «Социальная педагогика» №2-4 2003-2006
72. Керимов Л.К «Қиын оқушылар мәселелері» Алматы-1991
73. Ли Анжелика Никифоровна Проблемы предупреждение преступости
учащихся общеобразовательых школ РК дисс 2000.12.09
74. Социальная педагогика. Журнал № 2-4
75. Социальная работа. Журнал №3
76. Психология. Журнал №1
77. Социология,психология, дефектология. Журнал-2006 №6

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi:
Қазіргі күні Республикамызда әлеуметтік педагогика компоненттерінің
еңбектің ұйымдастырылуы, саяси-құқықтық ұйымдардың жұмыс жасауы және білім
берудің ерекшеліктеріне сәйкес қиындықтар туындауда. Олар: адамның қоғамға
дұрыс бейімделе алмауы, өзін тұлға ретінде жүзеге асыра алмауы, мектепте
немесе отбасында конфликтердің пайда болуы, қиын немесе қаңғыбас балалармен
жұмыс жүргізудің өз деңгейінде жүзеге аспауы, баланың өз құқығын біллмеуі,
адамдардың өздеріне қажетті әлеуметтік көмекті ала-алмауы және т.б.
себептерден қоғамымызда келеңсіз жағдайлар орын алуда. Бұлар өз кезегінде
білікті де білімді әлеуметтік педагогтарды талап етеді. Бұл жұмыс мамандық
қана емес, сонымен қатар басқа адамдарға қол үшін беретін, адами
мәселелерін бірге шешетін, тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз
құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман
талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-
аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие
дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды,
рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет
етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан
халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-
білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің
барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға
қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны
қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті.[1]
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі
тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология,
педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып
жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі
өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-
біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын,
құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр.
Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ
тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік
технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің
шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп,
үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп
тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.

Сондай-ақ әлеуметтік педагог бала мәселелерін жан-жақты шешуге құзырлы
түрлі мамандардың күшін біріктірумен және олардың қызметіне координация
жасаумен де айналысады. Әлеуметтік салада қызмет ететін педагог әлеуметтік
тәрбиенің түрлі мәселелерін, зерттеу істерін де ұйымдастырып, сонымен бірге
әлеуметтік педагогтар ұжымдар мен түрлі педагогикалық орталықтардың
жұмыстарына да талдау жасауға міндетті. Осындай мәселелердің шешілуінде
әлеуметтік педагогикада мынандай ғалымдар зерттеулер жүргізді: (П.Натроп,
П. Бергманн, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Дж.Дьюи, Семенов және т.б. ), ал
адламның анықталған орта қажеттілігіне сәйкес табиғи дамуын, тәрбиеленуін
(К.Магер, Х.Мискес, М.А.Галагузова, А.В.Мудрик, Л.В.Мардахаев) зерттеген.
Соңғы жылдары Қазақстандық авторлар да әлеуметтік педагогтардың іс-
әрекет жүйесіне қатысты әртүрлі мәселелерді қарастыра бастады. Мәселен,
Р.И.Бурганова, әлеуметтік педагогтардың кәсіби дайындығының үрдісін
зерттеді, болашақ әлеуметтік педагогтың студент жастармен жұмысқа
дайындығын қалыптастырудың мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеп,
әдістемесін әзірледі. Е.З. Батталханов оқушы жастардың гуманистік
дүниетанымының қалыптасу мүмкіндіктері мен жағдайларын әлеуметтік
педагогиканың мәселесі ретінде қарастырды. Г.Ж.Меңілбекова болашақ
ұстаздарды әлеуметтік педагогикалық жұмысқа дайындаудың жүйесін құруды
теориялық-методологиялық негіздерін қарастырады, болашақ ұстаздардың
әлеуметтік педагогикалық жұмысқа дтайындығын қалыптастырудың құрама
бөліктері мен жағдайларын интеграцияланған жеке тұлғалық білім беру ретінде
анықтады. М.Т. Баймұқанова болашақ әлеуметтік педагогтардың студенттік
жастармен отбасын құру бойынша жұмысқа деген кәсіби дайындығын
қалыптастырудың әдістемесін әзірлеу мақсатында жоғарғы оқу орындағы
әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау үрдісін өз зерттеуінің нысаны қылып
алды.Дайындық жүру үрдісі мен жоғары білім беру дәстүрінде қалыптасқан
әлеуметтік жұмыс тәжірибесі пайдаланылады. Сонымен бірге әрбір елдегі
салыстырмалы педагогиканың өкілдері шетелдік тәжірибеге, ең алдымен отандық
білім берудің мұқтаждық тұрғысынан қарайды. Дүниежүзінде ғылымның осы
саласымен айналысатын мамандар саны жылдан-жылға көбейіп келеді.
Қазақстанда салыстырмалы педагогикалық зерттеулер салыстырмалы
педагогиканың әдіснамалық теориялық негіздері (Г.Қ.Нұрғалиева,
А.Қ.Құсайынов, Қ.С.Мусин), білім жүйесінің салыстырмалы педагогикалық
сипаттамасы (А.Қ.Құсайынов), жеке меншік мектептердің даму тарихы
(А.О.Ысқақова), әртүрлі елдегі оқытушыларды кәсіби даярлау (Қ.С.Мусин),
америка педагогикасында тұлғаны әлеуметтендіру (З.У.Кенесарина),
Ұлыбританиядағы жеке мектептерде элитаны тәрбиелеу (Ә.Б.Қалиева), азия
елдерінің білім жүйесінде рухани адамгершілік құндылықтар қалыптастыру (
Р.К.Тұрсынжанова) мәселелерін қамтиды.

Бірақ, мәселені мектеп пен отбасының ынтымақтастығының әлеуметтік-
педагогикалық ерекшеліктері тұрғысынан қараған еңбектерді кездестіре
алмадық. Бұл қоғамдағы сұраныс пен қойылып отырған мәселеміздің өзектілігі
арасындағы қайшылықтарды анықтайды.
Осы айтылған мәселелерден келіп, біз диссертациялық жұмыстың тақырыбын
Жасөспірімдерді тәрбиелеу үрдісіндегі мектеп пен отбасының
ынтымақтастығының әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктері - деп алдық.
Зерттеудiң нысаны:
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасының бiрлескен
әлеуметтiк-педагогикалық жұмыс жүйесi.
Зерттеу пәнi:
Әлеуметтiк педагогтармен бірлесе отырып жасөспiрiмдердi тәрбиелеу
үрдiсiн қалыптастыру және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту.
Зерттеу мақсаты:
Қазiргi замандағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нәтижесiнде
жасөспiрiмдердi тәрбиелеу жүйесiн қалыптастырудың әлеуметтiк-педагогикалық
тиiмдi шарттарын анықтау.
Зерттеу болжамы:
Егер мектеп пен отбасында жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiн
қалптастырудағы әлеуметтiк-педагогтың функцияларын анықтап, мектеп пен
отбасының бірігіп жүргізетін іс-әрекет аясын анықтасақ және бұл жұмысқа
ғылыми әдістемелік жүйе құрылса онда отбасы мен мектептегі жасөспірімдер
тәрбиесiнiң дұрыс қалыптасуына, дамуына қол жеткiзуге болар едi, өйткенi
жасөспiрiмдердiң тәрбиелеу үрдiсiн реттеу арқылы жасөспiрiмдiк кезең
болатын тұлғалық, психикалық, физикалық, жыныстық өзгерiстердiң дұрыс
арнаға түсуiн қамтамасыз етуге болады.
Зерттеудiң мiндеттерi:
• Жасөспiрiмдердi тәрбиелеудегi мектеп пен отбасының ынтымақтастығының
теориялық негiздерiн анықтау.
• Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасына байланысты
әлеуметтiк-педагогикада қолданылатын әдiстердi анықтау.
• Мектептегi жасөспiрiмдердi тәрбиелеу жүйесiнiң әлеуметтiк педагогикалық
моделiн жасау.
Зерттеу көздерi:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, қаулы-қарарлары,
әдебиеттер, мектеп құжаттары, философтар, педагог, психологтардың тәрбие
туралы ой-пiкiрлерi, тұжырымдамалары және т.б.
Зерттеу әдiстерi:
Зерттеу мәселесіне қатысты отандық, шетелдік авторлар әдебиеттеріне
талдау жасау; тәрбиеге қатысты озық педагогикалық тәжірибелерді талдау,
мектептің тәрбиеге байланысты шығармашылық жұмыстармен танысу;
педагогикалық тұрғыдан бақылау, ұсынылған тұжырымдамаларды эксперименттік
тұрғыдан дәлелдеу.
Теориялық мәнділігі: Магистрлік диссертацияны зерттеу барысында
жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасына байланысты
педагогика және әлеуметтану саласының тарихы мен теориясын, педагогикалық
қырларын ашып, ғылымдағы алатын орнын саралау.
Практикалық маңыздылығы: Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндег мектеп
пен отбасы ынтымақтастығын нығайтатын әлеуметтiк-педагогика рөлiнiң
жоғарылығын және осы саладағы әлеуметтiк педагогтың қызметiн анықтау.
Күтілетін нәтиже: Жасөспiрiмдердiң тәрбиелеу үрдiсiн дұрыс және
нәтижелi қалыптастыру арқылы, жасөспiрiмдердiң бойында саналы тәртiптiң,
адамгершiлiктiң, отан сүйгiштiк және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру
мүмкiндiктерiнiң арта түсуiнiң қалыптасуы. Елмiздегi болашақ ұрпақтың
бiлiмiнiң, тәрбиесiнiң дұрыс қалыптасуы- мемлекетiмiздiң өсiп-өркендеуiнiң
және әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрден-бiр тiрегi болып табылады.

1. Жоғары мектепте әлеуметтiк педагогтарға білім берудің теориясы
мен тәжірибесі.
1.1. Жалпы орта білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтың
атқаратын функциялары.
Әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың мәнiн анықтау үшiн, ең
алдымен, “әлеуметтiк педагог” мамандығына анықтама беру қажет, сондай-
ақ оны “әлеуметтiк қызметкер”, “әлеуметтiк жұмыс” секiлдi мағынасы мен
тегi бойынша ұқсас ұғымдармен салыстыру керек.
Әлеуметтiк педагог - басқалармен салыстырғанда бiздiң ел үшiн
жаңа мамандық. “Әлеуметтiк педагог – делдал, жеке тұлға, отбасы және
қоршаған орта арасындағы, осы ортаның педагогикалық тұрғыдан мақсатқа
сай қайта құрылуына ықпал ететiн байланыстырушы буын” [1].
Қазақстанда авторлар әлеуметтiк педагогиканың әртүрлi сұрақтарын
басқалармен салыстырғанда жақында ғана қарастыра бастады.
Р.И.Бурганова әлеуметтiк педагогтардың кәсiби дайындығының
үрдiсiн зерттедi, болашақ әлеуметтiк педагогтың студент жастармен
жұмысқа дайындығын қалыптастырудың мазмұнын теориялық тұрғыдан
негiздеп, әдiстемесiн әзiрледi. [1,20]
Е.З. Батталханов оқушы жастардың гуманистiк дүниетанымының
қалыптасу мүмкiндiктерi мен жағдайларын әлеуметтiк педагогиканың
мәселесi ретiнде зерттедi. [2]
Г.Ж. Меңлiбекова болашақ ұстаздарды әлеуметтiк-педагогикалық
жұмысқа дайындаудың жүйесiн құрудың теориялық- методологиялық
негiздерiн қарастырды, болашақ ұстаздардың әлеуметтiк-педагогикалық
жұмысқа дайындығын қалыптастырудың құрама бөлiктерi мен жағдайларын
интеграцияланған жеке тұлғалық бiлiм беру ретiнде анықтады. [3]
М.Т. Баймуканова болашақ әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың
негiзiн зерттедi. Болашақ әлеуметтiк педагогтардың студенттiк
жастармен отбасын құру бойынша жұмысқа деген кәсiби дайындығын
қалыптастырудың әдiстемесiн әзiрлеу мақсатында жоғары оқу орнындағы
әлеуметтiк педагогтарды кәсiби дайындаудың үрдiсi оның зерттеуiнiң
нысаны болып табылды [4].
Басқа жағынан алып қарағанда, педагогиканы оқу-тәрбие үрдiсiнiң
заңдылықтары туралы ғылым ретiнде есепке алу керек, оны әлеуметтiк-
педагогикалық мәселелердi шешу үшiн пайдалануға болмайды. Егер бұл
орын алатын болса, онда, бiрiншiден, логикалық негiздер бұзылады,
екiншiден, ғылыми ұғымдар мен әдiстемелiк ыңғайларды педагогикаға тән
жағдайлардан әлеуметтiк ортаға ауыстыру әлеуметтiк-педагогикалық
мәселелердiң мәнiн ашып көрсетпейдi. Аталмыш “әлеуметтiк педагогика”
жаңа ғылыми бағытының пайда болуы мен дамуының өзектiлiгi де
осыған байланысты. А.С.Перуанский әлеуметтiк педагогиканы “қоғамның кез-
келген жастағы әлеуметтiк топтары мен мүшелерiнiң үздiксiз тәрбиесi
мен оқуының әдiстерi туралы ғылым” ретiнде анықтайды [5]. Оның
пiкiрiнше, бүгiнгi жағдайларда әлеуметтiк педагогика қоғамның жүйке
жүйесi болуы керек, оның күштерiн әлеуметтiк дерттерді емдеуге
бағытталуы керек және оларды емдеудiң құралы болуы керек, ал мұнымен
келiспеуге болмайды. Оның қажеттiлiгi экономикалық, медициналық,
психологиялық салаларды қамтитын мәселелердiң кешендiлiгi мен жан-
жақтылығынан туындайды, әлеуметтiк жұмыс деп “қоғамның адамның
өндiрiсi мен қайта өндiрiсi үрдiсiн барынша тиiмдi iске асыру
мақсатында тұрғындарға жағдай жасау мен көмек көрсетуге байланысты
қызмет аясы түсiнiледi” [6].
Педагогикалық қызметтiң табиғаты туралы, iскерлiктердiң маңызы және
олардың қалыптасуының негiздерi туралы ережелер Н.В. Кузьминаның,
Н.В. Кухаревтiң, Ю.Н. Кулюткиннiң, В.Г. Куценконың, Г.С. Сухобскаяның
зертеулерiнде ашып көрсетiлген. [17].
Н.В. Кузьминаның, Н.В. Кухаревтiң пiкiрiнше, ұстаздың
педагогикалық қызметi келесi құрама бөлiктердi қамтиды: гностикалық,
жобалық, құрама, ұйымдастыру және байланысты. Осының барлығы, бiздiң
пiкiрiмiзше, отбасы әлеуметтiк педагогының қызметi мен ата-аналардың
тәрбие қызметiне де толық қатысы бар. [18].
Кез-келген қызметтi оның субъектiсi iске асыратын болғандықтан, ол
мақсатты, құралды, қайта құру үрдiсiнiң өзiн және оның нәтижесiн
қамтиды. Қызметтiң мақсаты адамда өз iсiнiң болжауға болатын
нәтижесi ретiнде пайда болады.
Мамандықтың бiлiктiлiк сипаттамасы әзiрлендi. Соған сәйкес
әлеуметтiк педагог пен әлеуметтiк қызметкердiң мiндеттерiне келесiлер
кiредi:
( әлеуметтiк жұмыста педагогикалық құрама бөлшектi, мазмұнды,
түрлердi, клиенттi әлеуметтiк қорғау қызметтерiнде пайдаланылатын
әдiстердiң педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестiлiгiн қамтамасыз
ету, социумдағы гуманистiк қарым-қатынастардың қалыптасуына көмектесу.

( жеке тұлғаның және оның микроортасының медика-педагогикалық
ерекшелiктерi, клиенттiң мүдделерi мен мұқтаждықтарын, оның
тiршiлiк жағдайларын, оның әлеуметтiк тарихын зерттеу, клиенттiң
қажеттiлiктерiне байланысты ақпаратты жинау, балалардың,
жасөсiпiрмдердiң, олардың отбасыларының, ересек тұрғындардың
ортасындағы қиыншылықтар мен мәселелердi анықтау.
( социумда сауықтандыру, әлеуметтiк, тәрбие қызметiн, ересектер
мен балалардың әртүрлi ынтымақтастылықтарын ұйымдастыру, әлеуметтiк
бастамаларды, жаңалықтарды, шығармашылықты, физикалық және
адамгершiлiк тұрғыдан жетiлудi, өз-өзiне көмектесудiң алуан түрлерiн
дамытуға көмектесу.
( клиенттерге олардың жеке және әлеуметтiк мәселелерiн шешуде
кәсiби көмек көрсету, құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыс
iстеу, клиенттердi еңбекке жарамды ету, шиеленiстi жағдайларды
уақытында анықтау және шешу, адамдардың мiнез-құлқында
ауытқушылықтарды болдырмау.
( клиенттерге, олардың отбасыларына түрлi мемлекеттiк, қоғамдық
құрылымдармен өзара қарым-қатынаста өкiлдiк ету және мүдделерiн
қорғау, отбасының әлеуметтiк мәртебесiн көтеруде көмектесу,
мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың қызметiнде отбасы мүдделерiнiң
басымдылығын қамтамасыз ету арқылы оның тәрбиелiк және сауықтандыру
әлуетiн нығайту және дамыту [19]. Әлеуметтiк педагогтар мен
әлеуметтiк қызметкерлер, осылайша, бiр жағынан, әрбiр адамның мiнез-
құлқының, мүдделерiнiң және қабiлеттерiнiң сан алуандығымен жеке
тұлға ретiнде өзiндiк жүзеге асуына көмектесуге, екiншi жағынан,
осы әр адамға қамқорлық көрсету арқасында бар халықтың
адамгершiлiгiнiң, ұлтың физикалық және рухани саулығының қамын
жеуге, қоғамдағы қарым-қатынастардың гуманизациялануына көмектесуге
икемделген.
Мамандық ретiндегi әлеуметтiк педагогика түрiндегi әлеуметтiк
жұмыстың негiзгi мақсаты - өз-өзiне көмектесуге, адамда
бастамашылықтың, рухани күштiң, өз мүмкiндiктерiне деген сенiмнiң
пайда болуына көмектесу.
Мамандықтың күрделiлiгi, жан-жақтылығы, ең алдымен, әлеуметтiк
педагог қызметтерiнiң әр алуандығымен анықталады. Келесi қызметтердi
ажыратып көрсетуге болады:
( диагностикалық: әлеуметтiк педагог жеке тұлғаның қызметi мен
араласуының ерекшелiктерiн, микроортаның, отбасының, құрдастарының
топтарының, ересектердiң бiрлестiгiнiң ықпал ету дәрежесi мен бағытын
зерттейдi және нақты түрде бағалайды;
(ұйымдастырушылық: ол ашық ортада балалар мен жасөспiрiмдердiң
әлеуметтiк тұрғыдан маңызды қызметiн ұйымдастырады, демалысты орынды
түрде ұйымдастыруға ықпал етедi, адамдар арасындағы өзара қарым-
қатынастардың шынайы демократиялық жүйесiн қалыптастырады;
( болжамдық: жеке тұлғаның, жеке тұлғаны қалыптастыру жөнiндегi
барлық институттардың қызметiнiң дамуына қарай тәрбие үрдiсiне
бағдарлама және болжам жасайды;
( алдын алу-профилактикалық және әлеуметтiк-емдiк: әлеуметтiк
педагог жеке тұлғаға әсер ететiн жағымсыз ықпалдардың алдын
алудың

және жеңiп шығудың әлеуметтiк-құқықты, заңды, психологиялық
механизмдерiн iске қосады, жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды
қамтамасыз етедi; ұйымдық-байланыстық: қауымдастықтың өсiп келе жатқан
ұрпақты тәрбиелеуге қамтуға көмектеседi, клиент пен оның отбасына
қатысты түрлi ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланыстарды реттейдi;

( қорғаушы: жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға
бағытталған құқықтық нормалардың бар кешенiн пайдаланады, балалар мен
жасөспiрiмдерге құқыққа қарсы ықпал етуге жол беретiн тұлғаларға
қатысты мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын қолдануға көмектеседi [20].
Осы қызметтерге қоса, әлеуметтiк қызметкер, сондай-ақ, келесiлер
дағдыларға ие болады:
( әлеуметтiк-медициналық - сырқаттардың алдын алу бойынша жұмысты
ұйымдастырады, алғашқы медициналық көмек көрсетудiң негiздерiн
игеруге көмектеседi, жастарды отбасы өмiрiне дайындауға себiн
тигiзедi;
( психологиялық - жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарда түрлi
кеңестер бередi және оларды түзетедi, жеке тұлғаның әлеуметтiк
бейiмделуiне көмектеседi, барлық мұқтаж адамдарға әлеуметтiк қалпына
келуге көмек көрсетедi;
( әлеуметтiк-тұрмыстық - тұрғындардың түрлi категорияларына
олардың тұрмысын, тiршiлiк жағдайларын жақсартуда қажеттi көмек пен
қолдау көрсетуде қолғабыс тигiзедi [20,83].
Әлеуметтiк педагогқа, әлеуметтiк қызметкерге қойылатын кәсiби
стандарттар, талаптар негiз қалаушы жалпы адамзаттық құндылықтарға
негiзделедi және әрбiр жеке тұлғаның абыройы мен ерекшелiгiн, оның
құқықтары мен мүмкiндiктерiн есепке алады.
Көптеген ғалымдар әлеуметтiк педагогтар, ең алдымен, жеке
тұлғалық қасиеттердiң бар болуы керек екенiн басып айтады. Мысалы,
Б.З. Вульфов: “ешқандай да дайындық жүйесi жан дүниенi түсiнуге,
әзiлдi түсiнуге, педагогикалық түйсiкке не iс-әрекеттiң сыпайлығына
үйрете алмайды,”- деп атап көрсетедi. Әрi қарай: “Әлеуметтiк
педагогтың ең басты қиындығы оның өз жұмысымен, тек соған ғана
тән жеке тұлғалық қасиеттерiмен өзiнде “берiк болат пен нәзiк
шыбықты”, яғни мағынасы бойынша да, технологиясы бойынша да қарама-
қайшылықта болып табылатын нәрселердi ұштастыра бiлуi болып табылады,
ал бұл өзара түсiнiстiктiң жолдарын дәл табуды талап етедi” [21,52].

И.А. Зимняя атап көрсеткендей, әлеуметтiк педагогтың жеке тұлғалық
сипаттамасының негiзгi құрама бөлшегi жеке тұлғаның гуманистiк
әлуетiнiң осы қызмет түрiне сәйкес келу болып табылады. [22,11].
Ғылыми әдебиеттi талдау жеке тұлғалық қасиеттердiң терең
бiлiмдарлықпен, кәсiби бiлiмдермен, iскерлiкпен, жеке тұлғалық
бөлшектiң басымдылығы кезiндегi дағдыларымен шектеулi дәрежеде үйлесуi
керек екенiн көрсеттi.
Әлеуметтiк педагогтың суретiнiң екiншi құрама бөлшегi конгнитивтiк
құрама бөлшек, яғни медицина, биология, психология және
педагогика, философия, социология, этика және басқа да әлеуметтiк
ғылымдар саласындағы бiлiмдердi, әлеуметтiк-педагогикалық бiлiмдердi,
сондай-ақ шет тiлiн бiлудi қамтитын, адам мен қоғам туралы
бiлiмдердiң кешенi болып табылады.
Үшiншi, қызметтiлiк құрама бөлiгi деп әлеуметтiк педагогтарды
дайындау барысында дамитын және нақты тәжiрибеде өте қажеттi
iскерлiктердiң, дағдылардың және қабiлеттердiң кешенiн түсiнемiз. Бұл
- балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың әлеуметтену үрдiсiне
рұқсат етiлетiн және мақсатқа сай араласуды қамтамасыз ету,
тәрбиенiң дәстүрлi институттарына көмек көрсету, үшiншi адамның,
жеке тұлға мен микроортаның арасындағы, балалар мен ересектердiң
арасындағы, отбасы мен қоғамның арасындағы байланыстырушы буынның
өзiндiк ролiн атқару қабiлеттiлiгi:
( клиентке ғана емес, оның отбасына да, көршiлерi мен
достарына, микросоциумдағы жағдайға ықпал ете алу, клиенттi қандай
да бiр қызметке ынталандыра, шабыттандыра алу дағдысы;
( көзге түспей, әдеттен тыс араласу жағдайында, әдеттен тыс көш
басшы, көмекшi, бастама жасауға себiн тигiзетiн кеңесшi және т.б.
ретiнде жұмыс iстеу алу дағдысы [24].
Кәсiби дайындықтың алты құрама бөлшегiн ажыратып көрсетуге
болады:
1) себептiлiк;
2) адамгершiлiктi және бағыт-бағдарлық;
3) танымды-операциялық;
4) эмоционалды-жiгерлiлiк;
5) психофизиологиялық;
6) бағалаушы
Бұл құрама бөлшектерге жеке тұлғаның келесi қасиеттерi
жатқызылды. Себептiлiк құрама бөлшек: қоғамдық белсендiлiк, еңбекке
қызығушылық, өзiн-өзi үздiксiз жетiлдiру және т.б. Адамгершiлiктi
және бағыт-бағдарлық құрама бөлшек: шынайылық, адалдық, өз абыройын
сезiну, сыпайылық және т.б. Танымды-операциялық құрама бөлшек: қиял,
педагогикалық байқағыштық. Эмоционалды-жiгерлiлiк: оптимизм, жоғарғы
деңгейлi эмпатия және т.б. Психофизиологиялық құрама
бөлшек, ынтымақтастыққа, өзара көмекке деген қабiлеттiлiк, наным,
қайраттылық және т.б. Бағалаушы құрама бөлшек: өзiн-өзi сынаушылық,
педагогикалық рефлексияның, психоаналитикалық қасиеттерiнiң және т.б.
дамығандығы.
Сластенин В.А., әлеуметтiк педагогтың “адамның жеке тұлғасының
жоғарғы гуманистiк бастаулардың тасымалдаушысы ретiндегi өзiндiк
құндылығын, оның қайталанбас ерекшелiгiн және шығармашылық маңызын; ең
шектен тыс қанағаттану және оның өмiрiнiң мағынасы мен бағытын
құрайтын, таңдалған мамандықты саналы және эмоционалды түрде қабылдау
қажеттiлiгiн; үлкен жүйке-психикалық шығындарды, өзiмен тұрақты
түрде жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiби қызметтiң шығармашылық
табиғатын түсiнудi” ұғыну қажеттiлiгiн көрсетедi [42, 18]. Әлеуметтiк
педагогқа қойылатын осыншама жоғары талаптарды жүзеге асыру үшiн
болашақ мамандарды мұқият таңдау керек, олар өз бетiнше бiлiм алып,
өзiн-өзi тәрбиелеуi керек, сондай-ақ әлеуметтiк педагогтарды
шектелген, тұтас жүйе ретiнде дайындау да керек. В.А. Сластенин
әлеуметтiк педагогтың жеке тұлғасының қалыптасу үрдiсiнiң негiзiнде
жатқан қағидаларды анықтады:
( педагогикалық бiлiмнiң кең түрде гуманитарландыру жағдайларында
болашақ маманның жеке тұлғасын әлеуметтiк-адамгершiлiк, жалпы мәдени
және кәсiби дамытудың бiрлiгi;
( социумның дамуы мен жұмыс iстеуiнiң жаңа тенденцияларын есепке
алу;
( педагогикалық бiлiмдi оның тәжiрибелiк бағыттылығымен өзара
байланысты тұғырландыру;
( қазiргi уақыттың талаптарына және болашақтағы болжамдарға сәйкес
әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың мазмұнындағы, түрлерiндегi және
әдiстерiндегi өзгерiстердiң нұсқалылығы, қозғалмалылығы;
( педагогикалық бiлiмнiң, педагогикалық оқу орындарының
тiршiлiгiндегi барлық iстiң демократиялануы [26,22].
“Әлеуметтiк педагогика” мамандығы бойынша оқу орнының түлегi үшiн
маңызы бар, кейiн кәсiби өсуге ықпал ететiн факторлар мен
шарттардың арасында кең тарағандары келесiлер болып табылады:
Керi жақтардың қатарында:
( мамандықтың жаңа болғанына байланысты ведомстволық нормативтiк
және нұсқама-әдiстемелiк негiздiң жеткiлiксiздiгi;
( мамандық бойынша кәсiби құралдардың жетiлмегендiгi, бұл оны
маманның өз бетiнше әзiрлеуiне әкеледi;
( штат кестесiнде бiр маман мөлшерлемесiнiң (не тiптi бiрнеше,
бiрақ сұранысқа қарағанда төмен) бар болуы секiлдi кең таралған
жағдайда лауазымның ерекшелiгi мен мағынасын түсiнбеудi бiлдiретiн
“кәсiби жалғыздық” факторы.
Бұл жұмыстың оң жақтары да бар:
( мүмкiн жұмыс орындарының сан алуандығы;
( жеке тұлғаның оң қасиеттерiн, ұйымдастырушылық қабiлеттерiн
жүзеге асыру;
( қарым-қатынас жасау мүмкiндiгi;
( шығармашылық қабiлеттiлiктердi дамыту.
“Әлеуметтiк педагогика” мамандығы бойынша кадрларды дайындаған
кезде: орта арнаулы оқу орындарында жеке тұлғаның мамандыққа сәйкес
келетiн жеке тұлғалық кәсiби ерекшелiктерiн дамыту, әлеуметтiк
педагогтың кәсiби қызметiнiң жалпы кәсiби шолуын жүргiзу қажет,
жоғары оқу орындарында дайындықты нақтылау керек және әлеуметтiк
педагогтың белгiлi бiр қызмет түрiнде мамандану қажет, сондай-ақ
топтарды жинақтаған кезде, болашақ әлеуметтiк педагогтың жеке
тұлғалық қасиеттерiн есепке алу мақсатында тест жүргiзу керек.
Кәсiби дайындықтың негiзiн маманның бiлiктiлiк сипаттамасы
қалайды. Жоғары оқу орындарында әлеуметтiк педагогтарды дайындау, бiр
жағынан, академиялық болуы керек, ал екiншi жағынан, тәжiрибеге бет
бұрған болуы керек, жалпы мемлекеттiк те, аймақтық та құрама
бөлшектi де, жалпы кәсiби сипаттамаларды да, болашақ педагогтардың
мамандануын да есепке алуы тиiс.
Әлеуметтiк педагогтарды қайта дайындау бiлiктiлiктi көтеру
институттарында, жетiлдiру институттарында iске асырылады. Әлеуметтiк
педагоггтарға деген барған сайын өсiп отырған сұраныс, негiзiнен,
әлеуметтiк педагог мамандығына бет бұрған жоғарғы бiлiмдi
мамандардың қосымша саласының қажеттiлiгiн туғызады, бұл күндiзгi
болсын, iштей-сырттай түрде болсын iске асырылады.
В.Г. Бочарова әлеуметтiк қызметкерлердiң, педагогтардың курстық
кәсiби дайындығының бағдарламасын ұсынады, ол тыңдаушыларда жоғары
психологиялық-педагогикалық бiлiмнiң бар болуын жобалайды, негiзiнен
арнайы пәндердi қамтиды: әлеуметтiк жұмыстың этикасы, әлеуметтiк
жұмыстың теориясы мен тарихы, отбасымен әлеуметтiк жұмыс, девианттық
топтармен әлеуметтiк жұмыс және т.б. [22,125].
Әлеуметтiк педагогтарды әлеуметтiк-педагогикалық колледждiң
негiзiнде дайындау жоғары кәсiби бiлiмнiң бiрiншi сатысы ретiнде
қарастырылады. Ол педагогикалық бiлiмдердiң негiзiнде педагогикалық,
психологиялық, медициналық, құқықтық, филологиялық, мәдениеттану,
экономикалық бiлiмдердiң жүйесiн қамтиды. Дайындық бағдарламасы жалпы
мемлекеттiк құрама бөлшек пен жергiлiктi ерекшелiктердi ескеретiн
ерекше құрама бөлшектен тұрады. Осылайша, М.П. Гурьянова ұсынған
ауылдық әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың жоспарына мемлекеттiк
стандарттың пәндерi де: жалпы және әлеуметтiк педагогика, әлеуметтiк
жұмыстың теориясы мен әдiстемесi, әлеуметтiк медицина, кәсiби
шеберлiктiң негiздерi және басқалар, сондай-ақ ауылдағы жұмысқа
бағытталған пәндер де: ауылдық қауымдағы әлеуметтiк жұмыс, ауыл
шаруашылық бiлiмдерiнiң негiздерi, қазақ халқының тұрмысының ұлттық
дәстүрлерi, экология және аумақтану және т.б. кiредi [27].
“Әлеуметтiк педагог” мамандығының бiлiктiлiк сипаттамасына жоғары
оқу орындарындағы дайындық барынша толық сәйкес келедi. Жоғары оқу
орындарындағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың мемлекеттiк
стандарттары бiлiмдердiң 4 бөлiгiн, 4 негiзгi саласын қамтиды.
1. Жалпы мәдени дайындық пәндерi:
дүниежүзi өркениеттерiнiң тарихы, фәлсафа, қазiргi заманғы
жаратылыстану концепциясы, логика, этика, эстетика, социология,
мәдениеттану, этнология, дiн тарихы, дүниежүзiлiк көркем әдебиет,
экономика, саясаттану, құқық, математикаинформатика, сөйлеу
мәдениетi, шет тiлi, экология, дене тәрбиесi.
2. Медико-биологиялық дайындық пәндерi:
анатомияның, физиологияның, балалар мен жасөспiрiмдердiң
гигиенасының негiздерi, салауатты өмiр салтының және аурулардың
алдын алудың негiздерi, алғашқы медициналық көмек.
3. Психологиялық-педагогикалық дайындық пәндерi:
педагогикалық мамандыққа кiрiспе, психология, әлеуметтiк
психология, педагогикалық психология, педагогикалық теориялар, жүйелер
және технологиялар, әлеуметтiк педагогика, арнайы психология және түзету
педагогикасы, фәлсафа және бiлiм берудiң тарихы, педагогикалық
жүйелердi басқарулардың негiздерi.
4. Пәндiк дайындық пәндерi:
мамандыққа кiрiспе, әлеуметтiк саясат, әлеуметтiк педагогиканың
теориясы мен тарихы, әлеуметтiк жұмыстың негiздерi, отбасынтану,
педагогикалық байланыс, педагогикалық социология, әлеуметтiк
педагогтың жұмысының әдiстемесi мен технологиясы, балалықты әлеуметтiк
қорғаудың жүйесiн басқару [28].
Мамандануға байланысты оқу жоспары сондай-ақ, арнайы дайындықты
қамтуы мүмкiн.
Оқу орнының “әлеуметтiк педагогика” мамандығы бойынша түлектерi
үшiн маңызды болып табылатын, кейiн кәсiби өсуге ықпал ететiн, ең
кең тараған факторлар мен шарттардың арасында келесiлердi атап
өтуге болады:
Керi жақтары:
( мамандықтың жаңа болғанына байланысты ведомстволық нормативтiк
және құрал-әдiстемелiк негiздiк жеткiлiксiздiгi;
( мамандық бойынша кәсiби құралдардың жасалмағандығы, сондықтан
маман оны өз бетiнше жасауы керек.
( “кәсiби жалғыздық” факторы, бұл штат кестесiнде бiр маман
мөлшерлемесiнiң (не тiптi бiрнеше, бiрақ сұранысқа қарағанда төмен) бар
болуы секiлдi кең таралған жағдайда лауазымның ерекшелiгi мен мағынасын
түсiнбеудi бiлдiретiн “кәсiби жалғыздық” факторы;
Бұл жұмыстың жақсы да жақтары бар:
( мүмкiн жұмыс орындарының сан алуандығы;
( жеке тұлғаның оң қасиеттерiн, ұйымдастырушылық қабiлеттерiн
жүзеге асыру;
( қарым-қатынас жасау мүмкiндiгi;
( шығармашылық қабiлеттiлiктердi дамыту.
“Әлеуметтiк педагогика” мамандығы бойынша кадрларды дайындаған
кезде: орта арнаулы оқу орындарында жеке тұлғаның мамандыққа сәйкес
келетiн жеке тұлғалық кәсiби ерекшелiктерiн дамыту, әлеуметтiк
педагогтың кәсiби қызметiнiң жалпы кәсiби шолуын жүргiзу қажет,
жоғары оқу орындарында дайындықты нақтылау керек және әлеуметтiк
педагогтың белгiлi бiр қызмет түрiнде мамандану қажет, сондай-ақ
топтарды жинақтаған кезде, болашақ әлеуметтiк педагогтың жеке
тұлғалық қасиеттерiн есепке алу мақсатында тест жүргiзу керек.
“Әлеуметтiк педагог” маманының атағы, ең алдымен, мұғалiммен
байланыстырылатын “педагог” сөзiнiң туындысы болып табылады. Сондықтан
осы мамандықты енгiзгеннен кейiн алғашқы әлеуметтiк педагогтар
мұғалiмдер болғаны таң қалдырмайды, “әлеуметтiк педагогика” амандығы
бойынша сертификат алуға арналған кадрларды қайта дайындау курстарының
барлық түрлерiнң тыңдаушыларының басым бөлiгiн құрайтын да солар
[29].
Бiлiм берудегi әлеуметтiк педагог қызметiнiң ғылыми-әдiстемелiк
негiздерi
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны.
Қазіргі таңда көптеген мектептерде әлеуметтік педагог қызметі
кірістірілген. Бірақ осы маман көбінесе тәрбиешінің міндеттерін орындап
түрлі сауықтыру жұмыстарын атқарады. Бұрын осы іспен тәлімгер айналысатын.
Тәжірибенің нәтижесіне қарай осы мамандықтың кәсіби іс-әрекетi ерекше
болатындығы бізге мәлім.Әлеуметтiк педагогтың iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның
әлеуметтiк-мәдени жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық
тұрғысынан бағытталған. Ортаны гуманизациялау мен педагогизациялау – бұл
әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани-адамгершiлiк негiзi мен мақсаты.
Әлеуметтік педагог оқушылар мен түрлі оқушы топтарымен, олардың ата-
анасы және мұғалімдерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмысын, тәрбиені
педагогикалық тұрғыдан барлық талаптарға сай маман ретінде ұйымдастыра білу
керек.
Әлеуметтік педагог мамандығының жұмыс мазмұнына келесі адамдарға көмек
көрсету жатады:
1) Мұғалімге:
- оқушы – ата-ана – мұғалiм жүйесiнде оқыту мен тәрбиелеу үрдiсi
барысында туындаған тұлға аралық мәселелердi шешу жұмысын ұйымдастырудың
әдістемесін дайындауға;
- сыныппен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға;
- кейбір ата-аналардың өз баласымен өзара қарым-қатынасын іске
асырудағы әдістемесін әзірлеуге, жоспарлауға;
- мұғалім-оқушы, мұғалім - ата-ана, мұғалім-сынып арасындағы
қақтығыстарды шешуге;
2) Оқушыға:
- өзін-өзі жетілдіру жұмысы бойынша әрекеттенуге;
- тұлғааралық қақтығыстарды шешуге, сонымен бірге мұғалімі мен ата-
анасымен сұхбаттасу негізінде қақтығыстан шығу жолдарын анықтауға;
3)Ата-аналарға:
- кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету арқылы оқушының мәселелерін
шешуге;
- баланың теріс әлеуметтенуін түзетуге;
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жетілдіру мақсатында ата-ананың
мұғаліммен қатынасын дамытуға.
Оның негiзгi мiндеттерi мен қызмет мазмұны келесiлерден тұрады:
1. Әлеуметтiк педагог өз қызметiн үш бағытта жүргiзедi:
- балалар мен отбасының мүшелерiне жүргiзiлетiн психодиагностикалық,
психокоррекциялық қызмет әдiстерiн негiздеп, сараптайды және өндейдi;
- социумдағы әлеуметтiк жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы
отбасы мен балаларға әлеуметтiк-педагогикалық нақты көмек формаларын және
түрлерiн ұсынады;
- баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге
терiс көзқарасты жою, салауатты өмiр салтына оңды көзқарас қалыптастыру,
бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерiн анықтап, алдын ала сақтандыру
шараларын жүргiзу.Үгiт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың
психологиялық, құқықтық бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын қамтамасыз ету
[1.38]
Осы маманның кәсіби іс-әрекетінің мәні адамның әлеуметтік қызметi
тұжырымдамасының жаңа тарихи жағдайларда өзгеруімен сипатталады. Осы
тұжырымдамаға сәйкес білім беру саясатының негізінде әлеуметке бейімделген
қоғам мүшелерінің мұқтаждарын мемлекеттік тапсырыс деңгейінде қағаттандыру
мәселесі қойылған.
Сонымен бірге қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда тегін білім
алу мүмкіндігі шектелген кезде, балаларға білім берудегi көптеген
мәселелері отбасының материалдық жағдайына байланысты болады. Нәтижесінде
жағдайы жоқ немесе жағдайы төмен отбасындағы баланың үйлесімді дамуына
қатысты қажеттіліктері өтелмегендіктен бала үлгірмеушілер қатарына түсіп
сынып ұжымының қудалауына ұшырайды. Осы жәйттердің салдарынан балада
әлеуметтік жатсыну пайда болады екен. Сондықтанда көптеген оқушылардың
әлеуметтік дамуы осындай сипатта болуымен анықталып отыр.
Осы жағдайларда оқушыларға дәстүрлі формадағы (ыстық тамақ, киіммен
қамтамасыз ету т.б.) әлеуметтік көмек көрсету олар үшін қажет болғанымен
де, олардың мәселесін шешпейді. Бүгінгі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық
қолдау ісін кәсіби тұрғыда ұйымдастырудың жолы - сыныптан тыс сауықтыру
шараларын, түзету жұмыстарын өткізу маңыздырақ болады.
Әлеуметтік педагог нақты міндеттерді орындауда түрлі мамандармен
байланысудың әрекеттер жүйесін құрайды. Осы жүйенің көлемі, яғни мамандар
шеңбері, шешілетін мәселенің сипатына байланысты [2.58]
Әлеуметтік педагог әрекеттер жүйесін ұйымдастырып, оны іске асыруға
кірісу барысында әлеуметтік педагогтың әрекеттер жүйесінде тұлғааралық және
кәсіби қатынастары бірнеше кезеңдерден өтеді:
- мәселенің мәнін әрбір қатысушыға түсіндіру;
- мәселенің бір аспектісін шешудегі қажетті қадамдарын нақты көрсету;
- қатысушыларды белсенділікке тарту, яғни әрқайсысына жеке табыстарын
көрсетіп олардың әрекеттерін түрлі тәсілдермен белсендету.
Осы жүйе табысты болу үшін әлеуметтік педагог келесі мәселелерді шешуге
тиіс:
1. рөлдерді тарату;
2. қарым-қатынастарды анықтау;
3. тұлғааралық қатынастарын реттеу;
4. қақтығысқа бейімділікті айқындау;
5. құндылық бағдарлардағы қайшылықтарды көрсете білу;
6. мақсатты нақтылау.
Түрлі мәселелердің шешімін табу үшін әлеуметтік педагог жағдайды жан-
жақты талдауға тиісті. Мәселе шешілуінің мүмкін жолдары:
1. басқа адамның рөлін өз міндетіне алу;
2. істің барысындағы өзгерістерді ескеру;
3. бағдарламаға сәйкес іс-әрекетті жүргізу;
4. әрекеттер жүйесіндегі мүшелер құрамының өзгеруін ескеру;
5. әрекеттер жүйесіндегі мүшелерге көмек беру [3.61]
Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың келесі
негізгі бағыттарын анықтаймыз:
– баланың тәрбиесі мен оқуымен байланысты мәселелері бойынша отбасына
көмек;
– баланың үлгеріміне, мектеп пен сабаққа үздіксіз қатысуына теріс
әсерін тигізетін себептерді жоюға балаға көмек;
– әлеуметтік-педагогикалық шараларды ұйымдастыруға және өткізуге
қауымдастықты, ата-аналарды, балаларды қатыстыру;
– баланың алғашқы даму кезеңдерінде қауіпті қиын жағдайларды болдырмау
мақсатында қиын өмірлік сәттерді, мәселелерді, қарым қатынастағы
қақтығыстарды шешу мен диагностикалау;
– отбасында балаларды тәрбиелеу, қақтығыстар мен қиын жағдайларды шешу
сұрақтары бойынша әкімшілікке, педагогтарға, ата-аналарға, балаларға топтық
және жеке кеңес беру;
– тиісті мекемелер мен ұйымдардан мамандардың қатысуымен нақты
оқушыларға көмек көрсету шараларын ұйымдастырып дайындау және балалардың
қажеттіліктерiн анықтау;
– оқу-тәрбие жұмысындағы сұрақтарды анықтауға, оларды шешудегі
шараларды ұйымдастыруға педагогтарға көмек;
– білім беру мекемесі іс-әрекетінің түрлі бағыттары бойынша
бағдарламалар мен жоспарлар дайындап жобалау;
– педагогтардың, отбасылардың, балалардың құқықтарын оқып үйрету мен
насихаттау;
– оқу сабақтары кестесінен тыс оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз етудің
тәжірибелік сұрақтарын шешу [4.127]
Әлеуметтік технологияның сипаттамалық белгілері:
– жұмыс пен іс-әрекет нәтижелерін қамтитын үдерістік сипаттағы
әрекеттің мақсатқа бағытталған және мазмұнды болуы;
– объектіні өзгертудегі әдістер жиынтығының болуы;
– үдерістің оны құрайтын әрекеттер өзгеруінің жобалануы.
Әлеуметтік технология дегеніміз – халықтың әлеуметтік қорғануын
қамтамасыз ететін және түрлі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін
қолданылатын әлеуметтік жұмыскерлердің, әлеуметке қызмет көрсетудегі
кейбір мекемелердің және әлеуметтік қызметтің әсер ету тәсілдері мен
әдістерінің жиынтығы.
Әлеуметтік технологияның белгілері:
– нақты әлеуметтік мәселе шеңберінде шешілетін стратегиялық
бағдарламаның болуы;
– нақты нәтижеге жетудегі операциялар бірізділігінің алгоритмінің
сақталуы;
– іс-әрекет тиімділігін, табыстылығын бағалау өлшемдерінің болуы;
– әлеуметтік жұмыс клиенттерінің болуы мен қатынас үздіксіздігінің
сақталуы;
– әлеуметтік қызмет әдістері, формалары мен мазмұнының динамикасының
сақталуы.
Әлеуметтік технологиялардың классификациясы түрлі негіздеулерге
сүйенеді: іс-әрекет түрлеріне, міндеттерді шешу сипатына, қолдану
деңгейлері мен аумақтарына және басқа да түрлі параметрлеріне қарай.
Әлеуметтік педагог қызметінің келесі технологияларына тоқталып кетейік.
Әлеуметтік диагностика – дамудың тенденциялары мен себеп-салдарының
байланыстарын анықтау мақсатындағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеу үрдісі.
Ол әдістер, тәсілдер жүйесі арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік диагностика
әлеуметтік мәселені талдау тұрғысында оны құрамдас элементтерге бөлумен
сипатталып, осылардың негізінде кіші зерттеуді іске асырады. Сонымен,
әлеуметтік педагог маман ретінде диагностикалық жұмыс барысында алынған
мәліметтер негізінде әдістеме, әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.
Анықталған әлеуметтік диагноз зерттелетін әлеуметтік құбылыстың
жағымсыз, теріс тенденцияларын тежеу мен болдырмауға бағытталған
тәжірибелік әрекеттер мен шешімдер қабылдауға негіз болады.
Әлеуметтік бейімделу – бейімделмеген тұлғаларға өзінің әлеуметтік
орнын анықтау мен өмірлік сәтсіздіктеріне байланысты жаңа әлеуметтік
жағдайларға бейімделу, яғни әлеуметтенуі барысында оларға әлеуметтік қолдау
көрсету мақсатындағы әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Әлеуметтік алдын-алу – мінез-құлықтағы теріс және басқа да әлеуметтік
қатерлі ауытқуларды тудыратын негізгі себепкер жағдайларды жоюға,
болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-тәрбиелік пен әлеуметтік-
медициналық, қоғамдық, мемлекеттік шаралар жиынтығы.
Әлеуметтік бақылау – әлеуметтік жүйедегі (қоғам, әлеуметтік топтар мен
жеке тұлға) ұйымдастырушылық-тәрбиелік және әкімшілік-құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық сипатындағы үдерістер жиынтығын іске асыратын механизм.
Әлеуметтік бақылау әлеуметтік нормалар мен үлгілерге сәйкес жүйені іске
қосуға бағытталған. Ол ресми түрде құқықтық нормалар және ресми емес түрде
өзара бақылау негізіндегі қоғамдық пікірлер арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік патронаж – кодекс пен қарастырылған жағдайлардағы тұлғаның,
өз бетінше әрекетке қабілетсіз адамның және басқада азаматтардың құқығын
мемлекеттік қорғау тұрғысындағы қызметтiң ерекше түрi. Әлеуметтік қамқорға
алу шарасы технология ретінде қамқорлыққа мұқтаж адамдардың анықталуының,
қамқоршылардың таңдалуының, қамқорға алынған адамдардың қатынасын
орнатылуының және осылардың қызығушылықтары мен құқықтарының қорғалуының
реттелуін қамтиды. Патронаж үй жағдайында алдын алу, санитарлық-ағартушылық
шараларды ұйымдастыру мен әлеуметтік қызмет көрсетумен сипатталады.
Әлеуметтік реабелитация – әлеуметтік ортада адамның өміршеңдік
қабілетінің қайта жаңғыртуына бағытталған үдеріс. Технология ретінде қоғам
алдында медициналық, тұрмыстық, рөлдік, кәсібилік, тұлғалық деңгейлерде
реабелитациялауға бағытталған әдістер жиынтығы.
Әлеуметтік қамтамасыздану – әлеуметтік көмекті қажет ететін, еңбекке
жарамсыз азаматтар, отбасылар мен қарттарды қамқорлыққа алу және
материалдық қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе шеңберіндегі түрлі әлеуметтік
қызметтер көрсету жүйесі.
Әлеуметтік терапия – әлеуметтік әрекеттердің немесе әлеуметтік
қатынастардың көрініс берудегі нақты түрлеріне қоғамдық мекемелер мен
ұйымдардың соның ішінде діни, мемлекеттік құрылымдардың мақсатты түрдегі
тәжірибелік әсер ету үдерісі.
Әлеуметтік кеңес беру – әлеуметтік қарым-қатынасты өндірудің,
әлеуметтік қызметтерді тиімді ету мен қайта жаңғыртудың, адамды немесе кіші
топты әлеуметтендіру мақсатындағы әлеуметтік көмек көрсетудің бағыты [5.31]
Білім беру мекемесінің әлеуметтік педагогы бірінші ретте педагог, сонан
соң – әлеуметтік қызметкер. Тәрбиелеудің және тәрбие жұмысының дәстүрлі
әдістері ол үшін өзекті: сендіру, түсіндіру, кеңес беру, баланың оң
тәжірибесіне сүйену, қоғамдық пікірлерді ескеру, ұйымның, әлеуметтің,
этностың үлгілі дәстүрлерін қолдану, туындаған мәселелерді шешуде тұлғаның
белсенділігін көтерудегі педагогикалық ынталандыру, тәрбиенің әлеуметтік-
педагогикалық құралдарын қолдану, мысалға, еңбек, спорт, ойын, қайырымдылық
шарасы, психологиялық-педагогикалық кеңес беру мен ағарту, баланың
проблемасын комплексті түрде диагностикалау үшін мамандардың педагогикалық
отырысы және ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетінің әдістері мен
қызметтері (диагностикалау, жобалау, талдау; кезекті, аралық, қорытынды
бақылау және т.б.).Осыған байланысты әлеуметтік педагогтың әдістемелік
қорында әлеуметтік және психологиялық әдістер жиі кездеседі: тесттер,
сауалнамалар, сұрақ-жауаптар, отбасының әлеуметтік биографиялық әдісі,
шағын ауданның әлеуметтік тарихы, әлеуметтік ортаны диагностикалау және
т.б.
Сонымен, әлеуметтік педагог әрекетін белгілі бір бағытқа бағыттап,
арнайы дайындықтан өткізіп оны қосымша мамандыруға болады:
- оқудан тыс жұмысының ұйымдастырушысы ретінде (сынып тәрбиешісі);
- сауықтыру жұмысын ұйымдастырушысы ретінде;
- педагог-психолог ретінде;
- әлеуметтанушы ретінде;
- әлеуметтік қызметкер ретінде;
- әдіскер ретінде [5.66]
Жалпы орта білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтың
атқаратын функциялары.
Әлеуметтік педагогтрың қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды
қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз
қызметінде Қазақстан Республикасы Білім туралы заңын, басқа да
нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
Әлеуметтiк педагог социумның “әлеуметтiк диагнозын” қою барысында
оқушылардың жас және психологиялық ерекшелiктерiн, олардың қабiлетiн,
қызығушылығын зерттейдi. Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспiрiмдерге
тигiзетiн оңды және терiс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық,
медициналық, құқықтық, адамгершiлiк-этикалық және басқа да сипаттағы
проблемаларды шешуге көмектеседi. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы
жүйесiндегi аралық келiстiрушi бола отырып, тәрбиеленушiнiң қалыптасуына,
балалар мен ересектер арасындағы гуманистiк, рухани-адамгершiлiк қарым-
қатынастарға ықпал етедi.
Әлеуметтік педагог қызметінің ерекшелігі, оның тұлғалық және кәсіби
қасиеттерінің үйлесімділігімен анықталады.
Эмпатия – қоршаған ортаның құбылыстарын өзге адамның тұрғысынан көру
білігі, басқа адамдардай түсіне білу, сонымен бірге өзінің түсінігі туралы
өзгелерге айта білу қабілеті, осы түсініктегі көзқарастарды өзгелерге
растауға немесе сынауға мүмкіндік беру ниеттілігі.
Жақсылық тілеушілік – өзінің тілектестігін, оңды қатынасын білдірту
арқылы басқа адамды қолдауға дайындығы.
Сыпайылық – көргенділік, басқа адамдарға жақсы қарау қабілеті.
Нақтылық – сұраққа нақты жауап беру қабілеті.
Тікелей қосылушылық – осында және қазір жағдайында сөйлеу және әрекет
ету білігі, адам мен оның жағдайы туралы нақты пікірді көрсете білу білігі.
Ашықтық – өзгелерге өзінің ішкі дүниесін ашуға дайындығы, адал болуы,
өзінің сезімдері, ойлары туралы айта білу және оларды әңгімешіге жеткізе
білу.
Қатынасқа түсушілік – өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсуге
қызығушылығы. Осы мамандықты таңдаған адам гуманист, педагог, психолог,
әлеуметтік қызметкер болу керек. Ол рухани және жалпы мәдениеті жоғары
дамыған, баланың құқығын қорғауда белсенділік танытатын, адамгершілік
принциптерін ұстанатын маман. Осыған орай оның кәсіби іс-әрекеті адамтану
болғандықтан, онда адам туралы кең білімдері болуы тиіс.
Аналитикалық – баланың дамуына және оның жалпы күйіне теріс әсерін
тигізетін әлеуметтік үрдестердің, баланың және қоршаған әлеуметтің жағдайын
теориялық талдау білігі; баланың проблемасын анықтау және осы проблеманы
болдырмаудағы бірлескен іс-әрекетті зерттеу білігі.
Болжаушылық – туындаған проблеманы ескеріп ұйымдастырылған әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекетке баланы тарту негізінде, оның проблемасының
шешімдерін болжау білігі. Әлеуметтік-педагогикалық жобалау әлеуметтік-
педагогикалық процестің логикасы мен мәні туралы білімге, әлеуметтік және
жас шамасы тұрғысынан бала дамуының заңдылықтарына, оның проблемасы сипаты
туралы мәліметтеріне сүйенеді.
Рефлексивті – әр кезеңде әлеуметтік педагогтың өз іс әрекетін талдау
білігі; оның оңды және теріс жақтарын түсіну, бала тұлғасына алынған
нәтижелердің әсер ету дәрежесін байқау білігі.
Коммуникативті – тұлға аралық қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, яғни
баланы тыңдау, есту білігі; қарым-қатынас жағдайына кіру және қатынас
орнату білігі; баланың проблемасын түсіну үшін қажетті фактілер мен
мәліметті анықтап, оңды қатынасты орнату мен баланың вербальды және
вербальды емес мінез-құлқын бақылап түсіндіру білігі.
Кәсіби дәрежесi – кәсіби кодекстің лауазымдық нұсқауларында көрсетілген
әлеуметтік педагогтың құқықтары мен міндеттері, субъектінің тұлға аралық
жүйесіндегі лауазымдық орны[2.63-90]
Әлеуметтік педагогтың статусы оның орнын білдіреді, мысалға әкімшілік-
әлеуметтік педагогты (әлеуметтік педагог-методист), қауымдық әлеуметтік
педагогтың, отбасы әлеуметтік педагогтың, білім беру мекемелерінің
әлеуметтік педагогының, арнаулы орталық педагогының орны. Бірақ кәсіби
статус маманның авторитеті мен абыройын анықтамайды. Олар кәсіби-тұлғалық
қатынастар барысында қалыптасып, маманның тұлғалық ерекшеліктерімен және
оның іс-әрекеті нәтижелігімен анықталады.
Зерттеу барысында әлеуметтік педагог құпия мәлімет алуы мүмкін,
сондықтан да ол өз әрекетінде кәсіби борышын орындап этикалық кодекске
сүйенеді.
Этикалық кодекс негізінен әлеуметтік педагогтардың күнделікті іс-
әрекетіндегі басшылыққа алынатын құжат. Онда әлеуметтік педагогтың, оның
қызметтестері мен басшыларының және басқа да маман өкілдерінің мәртебесіне
сәйкес кәсіби стандарттар көрсетілген.
Кодекс әлеуметтік-педагогикалық көмек берудің мазмұнына және кәсіп
ретіндегі әлеуметтік жұмыстың фундаментальді құндылықтарына, оның
табиғатына негізделген, яғни әрбір тұлғаның ерекшелігі мен абыройын,
құқықтары мен мүмкіншілігін ескереді.
Әлеуметтік педагог осы кодекске сәйкес әрбір нақты жағдай тұрғысынан
өзінің моральдық жауапкершілігін сезінетін әлеуметтік қызметтің қызметкері
ретінде қаралады.
Кодекс кәсіби іс-әрекеттің түрлі мүмкін жағдайларындағы әлеуметтік
педагог әрекетінің дәл алгоритмі болып танылмайды. Әрекеттің жалпы
ұстанымдарын қамтып, ол этикалық әрекеттер туралы пікірлер базасын
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, әлеуметтік педагог әрекетінің этикалық
сипаты оның кәсіби міндетімен анықталады:
- Әлеуметтік қамқорлық, көмек және қолдау, сонымен бірге әлеуметтік қызмет
іс-әрекетінің және олардың көрсететін қызметтер жиыны мәселелері бойынша
мәліметпен балаларды қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік – ақпараттық
көмек.
- Азаматтық, еңбек, отбасылық-некелік, тұрмыстық мәселелері бойынша
балалардың құқықтық тәрбиесі, түрлі категориядағы балалардың құқықтық
тәрбиесі, түрлі категориядағы балалардың құқықтық кепілдіктерін іске
асыруға әрекет етуге, адамның және баланың құқықтарын сақтауға
бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек.
- Балалардың денсаулығын, эмоциялық, моральдық, психологиялық күйін
қайтадан қалпын келтіру бойынша орталықтарда, қызметтерде және басқа да
мекемелерде реабелитациялық қызметтер көрсетуге бағыттталған әлеуметтік-
реабелитациялық көмек.
- Балалар үйі түлектерін, жетімдердi материалдық тұрғыдан қолдауға,
балаларға мекен-жайлық көмек алуға, біруақыттылық төлем, етуге
бағытталған әлеуметтік-экономикалық көмек.
- Тәуекел тобындағы отбасынан шыққан балалардың медициналық-әлеуметтін
патронажы, кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, ішімдікке
салынудың алдын-алуға, ауру балалардың денсаулығын күтуге бағытталған
медициналық-әлеуметтік көмек.
- Тұлға ретінде өзінің орнын және кәсібін анықтауда, қоршаған адамдармен
мектеппен ұжым қатынасындағы қиыншылықтарды, үйдің жағымсыз әсерін
болдырмауға, бала тәрбиелеп отырған отбасы мен шағын әлеуметте жағымды
хал-ахуал жасауға бағытталған әлеуметтік-психологиялық көмек.
- Тәуекел тобындағы отбасында балалардың тәрбиесі мен дамуын
қамтамасыздандыруға, панасыздық жағдайлары мен педагогикалық қателіктерді
болдырмауға, баланы тәрбиелеуге ата-ананың құқығын іске асыру үшін
қажетті жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық көмек.
- Жас ерекшелiгiнiң әрбiр кезеңiне байланысты баланың жеке дамуына кешендi
ықпал ету.
- Өзара қарым-қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға
әлеуметтiк-педагогикалық көмек.
- Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу.
- Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтардың алдын-алу және болдырмау
[6.230]
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз
болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағы
әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу- оқыту үрдістерінен және солар ықпал
еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады. Балалардың әлеуметтік
олқылығының пайда болуы тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген
қажеттілігімен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде
іске қосылады. Әлеуметтік педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан,
шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез-
құлықының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаға
шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық
белгілері мен көріністері жинақталып қалады,олардың белгілері жинақтары-
психиканың интерациясы арқылы сапалы пайда болуына әкеледі. Ерте
зерттеу,алдын-алу түзету жұмыстары тұлғалық дамуда олардың алдын алу
маңызына және балалық кезеңнің онтогенетикалық маңызына және балалық
жастағы әсерлерінің жоғарғы нәтижелі маңызына ие. Ауытқушылық (девианттық)
мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез-құлықты
айтамыз (И.А.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С.Кон девиантты мінез-
құлықты психикалық денсаулық, құқық мәдениет немесе мораль қалыптарының
жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде
қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың концепциясыа сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық құбылыс ретiнде
Жасөспірімдерді кәсіпке бейімдеу
Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер