Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
2. Эмитенттің қаржылық жағдайына сараптама5
3. Бағалы қағаздар табыстылығын бағалау9
Қорытынды12
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі оған қатысушы және қалыптасқан міндеттерді шешетін мамандарсыз мүмкін емес. Олардың қарекеті ақпаратты үйлестіру мен бағақалыптастыру процесін қамтамасыз ететін компьютерлік техниканы пайдалануды талап етеді. Қазіргі жағдайда бағалы қағаздар нарығының мамандарын арнайы дайындау қажет, ол тек қана жалпыэкономикалық және техникалық емес, сонымен қатар психологиялық дайындық болуы керек.
Брокер - сыйақы үшін шарт негізінде іс-қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырысы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал.
Брокерлер немесе брокерлік фирма қызмет атқару барысында өз клиенттері үшін эмитент кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы, бағалы қағаздардың табыстылығы туралы нақты ақпарат беруі тиіс. Осы ақпараттың сапасы фирманың беделін көтереді. Соның нәтижесінде фирманың табыстары қалыптасады.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты рөлді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсында қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады. Сондықтан әрбір қор операциялары бойынша, көрсеткіштер негізінде сараптама жасау маңызды.
1. Брокер - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ретінде
Брокер - сыйақы үшін шарт негізінде іс-қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырысы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.
Брокерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстау ретiндегi клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
Нақтылы ұстаушы ретiндегi клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:
- қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;
- қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi енуге тиiс.
Брокер клиенттiң бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен және брокердiң iшкi құжаттарымен белгiленедi. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер өз iс-әрекетiн клиентпен келiсiп алуға мiндеттi.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.
Брокер эмитентке андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсетуге құқылы.
Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiндегi бiрлескен қызметiн жүзеге acырудың талаптары мен тәртiбi эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:
- эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
- эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;
- бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.
Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды мынадай тәсiлдермен:
- андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында бағалы қағаздардың бүкiл шығарылымын сатып алатын "қатаң мiндеттемелер" тәсiлiмен;
- андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы олардың шығарылымын орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн "ең үздiк күш салу" тәсiлiмен;
- эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.
2. Эмитенттің қаржылық жағдайына сараптама
Белгілі бір компанияға өз капиталын ұтымды салғысы келетін инвестор, сонымен қатар бағалы қағаздардан дивидендтер алатын акционер кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы объективті ақпарат алуды көздейді. Қаржылық тұрақтылық бағалы қағаздардың сапасын, оның сенімділігін, өтімділігін және табыстылығын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - кәсіпорынның қаржы ресурстарының болуын, бөлінуін және пайдаланылуын анықтайтын көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын комплексті түсінік.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат кәсіпорын басшылығына дұрыс шешім қабылдау үшін және қаржылық жағдайын жақсарту үшін қажет.
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы туралы ақпарат акционерлерді де қызықтырады. Олар өз салымдарының сақтығына сенімді болғысы келеді.
Коммерциялық банктер де бұл ақпаратты пайдаланады. Олар кәсіпорынның несиені және оның пайыздарын уақытында қайтару мүмкіндігін білгісі келеді.
Бұл ақпарат қаржы нарығының кәсіби қатысушылары үшін аса маңызды. Себебі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның шығаратын бағалы қағаздарының табыстылығы мен бағасын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын келесі көрсеткіштер негізінде анықтайды:
- есептік кезеңдегі мүліктік жағдайы;
- есептік кезеңдегі қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі;
- осы кезеңдегі негізгі құралдарды пайдалануы мен жұмыс рентабелділігі;
- пайданы бөлу және айналымға қаражат жұмылдыру;
- қаржылық тұрақтылыққа жету үшін қосымша қаражат көздерін әртүрлі активтерге салу;
- кәсіпорынның банктермен, жабдықтаушылармен, өнімді тұтынушылармен және бағалы қағаздар нарығымен байланысы туралы ақпарат.
Қаржылық жағдай сараптамасы үшін маңызды ақпарат көзі бухгалтерлік баланс болып табылады. Қаржылық жағдай сараптамасын кейде баланс сараптамасы деп те атайды.
Баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы келесідей анықтамалар береді:
- кәсіпорын мүлігінің жалпы құнын;
- негізгі және айналымнан тыс құралдар құнын;
- айналым құралдарының құнын;
- негізгі құралдардың құнын;
- кәсіпорынның меншікті қаражатының мөлшерін;
- қарыздық қаражат мөлшерін.
Кәсіпорында аналитикалық жұмыс жүргізу үшін э. ғ. д. проф. А. Д. Шеремет, э. ғ. д. Р. С. Сайфулин және э. ғ. к. Е. В. Негашев тағайындаған кәсіпорынның қаржылық жағдайы сараптамасының әдістемесі ТМД бухгалтерлер Ассоциациясымен ұсынылады.
Бұл әдістеменің негізі - есептік баланстың бір жағынан объективті сараптама жүргізуді, сондай-ақ аналитикалық есептеулер жүргізуге ыңғайлы.
Баланстың өзгертілген қалпы салыстырмалы аналитикалық баланс деп аталады (2. 1. кесте) .
2. 1. кесте. Салыстырмалы аналитикалық баланстың активі
жыл басына
жыл басына, инфляция коэффицентін есептегенде
жыл соңына
жыл басына
жыл соңына
абсолютті мөлшер
жеке салмақта
жыл басындағы мөлшерге %-бен
баланс өзгертулеріне %-бен
Салыстырмалы аналитикалық баланстың пассиві
жыл басына
жыл басына, инфляция коэффицентін есептегенде
жыл соңына
жыл басына
жыл соңына
абсолютті мөлшер
жеке салмақта
жыл басындағы мөлшерге %-бен
баланс өзгертулеріне %-бен
Баланс өтімділігінің сараптамасы ағымдық төлем қабілеттілікті бағалап, болашақта қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттіліктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды беруі керек. Қаржылық коэффиценттер сараптамасы кәсіпорынның қаржылық жағдайын бәсекелестерінің қаржылық жағдайымен салыстыруға, сондай-ақ қаржылық жағдай динамикасын зерттеуге мүмкіндік береді.
2. 2. кестеде баланстың қысқаша құрылымы берілген, мұнда активтер өтімділігіне қарай, ал пассивтер, олар бойынша төлемдердің жеделдігіне байланысты орналастырылған.
2. 2. кесте. Кәсіпорын балансының құрылымы
I топ: тез өтелетін құндылықтар
- Ақша қаражаттары, соның ішінде касса, есептік шот, банктегі басқа да шоттар және басқа да ақша қаражаттары
- Нарықтық бағалы қағаздар және басқа да қысқа мерзімдік, қаржылық салымдар
I топ: қысқа мерзімді пассивтер
- Банк несиелері және басқа да несиелер
- Кредиторлармен есеп айырысу, соның ішінде акцептелген құжаттар бойынша жабдықтаушылармен
- Төленетін вексельдер
- Жинақталған өтелмеген қарыздар
- Бюджетпен есеп айырысу
- Басқа да ағымдық пассивтер
II топ: орташа өтелетін активтер
- Түсірілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар
- Дебиторлық қарызды алу шоттары
II топ: ұзақ мерзімді пассивтер
- Ұзақ мерзімді несиелер
- Мерзімі ұзартылған несиелер
- Облигациялар
- Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер
III топ: баяу өтелетін активтер
- Материалды-өндірістік қорлар
- Болашақ кезең шығындары
- Аяқталмаған өндіріс
- Дайын өнім
III топ: тұрақты пассивтер
- Жарғылық қор, соның ішінде артықшылығы бар және жай акциялар
- Амортизациялық қор
- Негізгі құралдардың тозуы
- Бөлінбеген пайда
IV топ: қиын өтелетін активтер
- Негізгі құралдар
- Материалды емес активтер
- Пайданы пайдалану
- Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
Эмитент кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің сараптамасы. Эмитенттің төлем қабілеттілігі - оның қаржылық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Эмитент кәсіпорынның төлем қабілеттілігін “жұмыс істеуші” капитал сараптамасынан бастап анықтайды:
ЖК = ӨА + АП, мұнда
ЖК - “жұмыс істеуші” капитал;
ӨА - ағымдық өтімді активтер;
АП - ағымдық қысқа мерзімді пассивтер.
Егер келесідей қатынас болса, балансты абсолютті өтімді деп санауға болады:
А 1 + А 2 > П 1
А 3 > П 2
А 4 > П 3 .
3. Бағалы қағаздар табыстылығын бағалау
Бағалы қағаздарға инвестиция салудың тиімділігін болашақ табыстардың қазіргі құны формуласымен есептеуге болады:
ҚҚ = ҚШ + Д
, мұнда
ҚШ - қазіргі шығындар;
Д - дивидендтер;
ПҚ - пайдалылықтың қауіпсіз деңгейі;
Т - кезең саны, жылдар саны.
Бағалы қағаздардың нақты құнын анықтауда олардың баланстық құны есептелінеді. Бір облигация бойынша:
Таза активтер = Облигацияларды қамтамасыз ететін таза активтер / Бір облигация бойынша төлемдер.
Облигациялардан кейін артықшылығы бар акциялар талап ету құқығын иеленеді. Сондықтан артықшылығы бар акциялардың баланстық құны келесідей анықталады:
Артықшылықты акцияларды қамтамасыз ететін таза активтер = жалпы активтер - материалдық емес активтер - ағымдық міндеттемелер - ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бір артықшылықты акцияға:
Таза активтер = Артықшылықты акцияларды қамтамасыз ететін таза активтер / Шығарылған артықшылықты акциялардың көлемі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz