Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері



Кіріспе
Бөлім І
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың алғы шарттары
1.1. Заңды тұлғаларды несиелеу қағидалары мен несиелік қатынастың экономикалық мәні.
1.2. Заңды тұлғаларды несиелеудің шетелдік тәжірибелері
Бөлім ІІ
АҚ «Банк Центркредиттің» заңды тұлғаларды несиелеу тәжірибесі
2.1. АҚ «Банк Центркредиттің» қазіргі жағдайы (3 жыл бойынша)
2.2. АҚ «Банк Центркредиттің» АҚ «ХХХХ» және ТОО «ХХХХ» компаниясын несиелеуі
2.3. АҚ «Банк Центркредиттің» екі компанияны несиелеудегі ерекшеліктері
Бөлім ІІІ
ҚР.да заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдірудегі ұсыныстар
3.1. Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудағы проблемелар
3.2. . Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою жолдары мен ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Несиелеу – бұл банк қызметінің тәуекелді және табысы жоғары түрі. Банктік қызметінің маңызды саласы ретінде ұлттық экономиканың дамуына ерекше әсер етеді. Сонымен қатар банк несиесі өз қызметі мен құрылымын көрсететін мақсатты жағдайларға да әсер етеді. Әр мезетте бұл жағдайларды жүйелеу және олардың несиелеу кезеңіне әсерін түсіну ғылыми және тәжірибелік қызығушылықты туғызтады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, банктің негізгі қызметі - қаржыны жинақтап және оны болашақта тиімді орналастыру. Банктің несиелік қоржыны жылжымалы және өзгермелі. Бұлай болу себебі жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен және қаржы нарығының дамуы негізінде банк өткізілетін операциялар тізбесі кеңейуімен байланысты. Бірақ нарықтық экономикаға өткендіктен, несиелік қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты экономикалық басқару әдістерінің маңызы артты. Бұндай жағдайда банк жұмысы толықтай материалдық қызығушылыққа шартталған есептілікке қарай құрылды. Сондықтан, жоғарғы табыс пен төменгі тәуекелге негізделген банк қоржынын құру көкейкесті мәселе болып табылады.
Туындайтын несиелік тәуекелден құтылу үшін банк несие алушы мен несиені беру жағдайын мұқият талдап, қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына ылғи бақылау жүргізтеді.Бұл көрсетілімдер банктің несиелік қызметін нақты қарыз алушы тұрғысынан қарастырады. Сонымен қатар, толықтай несиелік қоржын жағдайына да көңіл бөлу қажет.
Банк несиені ұйымдастырудың бәсекелік жағдайында жоғарғы деңгейге жетуге қызығушылық білдіреді. Сол үшін банк қызметкерлері тек қана теориялық тұрғыдан біліп қоймай, сондай-ақ шетел банктері қолданатын несиелеу әдістерін, несиелеу саласындағы жоғары нәтижеге жетуге бағытталған өзіндік программаларды өңдеп, тәжірибелік тұрғыдан үйренгендерін қолдана білуі тиіс.
Банктің несиелік қоржынымен жүйелі түрде жұмыс істеуі, яғни оны бағалау мен талдау несие нарығын жүргізудегі стратегия мен тактиканы өңдеудің негізгі кезеңі болып табылады. Несиелік қоржынмен жүргізілген жақсы жұмыс банктің сапасын көрсетеді.
1. Банковское дело: Учебник /Под. ред. Г.Н. Белоглазовой, Л.П. Кроливецкой. – М.: Финансы и статистика, 2004. – 592 с.
2. Ақша, кредит, банктер: Оқулық / Сейітқасымов Ғ.С.- Алматы: «Экономика», 2006.-480 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учеб./ Г.И.Кравцова, Г.С.Кузьменко, Е.И.Кравцов и др.; Под ред. Г.И.Кравцовой. – Мн.: БГЭУ, 2003. – 527 с.
4. Купчинова О. Трансформация принципов банковского кредитования. – 2006. - № 10. – С. 18-24.
5. Мақыш С. Б., «Банк ісі». Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 2009ж, /269-285беттер/.
6. «Қазіргі несиелік механизм және оны жетілдіру жолдары» Мақыш С. Б. Оқулық – Алматы, Издат-Маркет 2007ж, /201бет/
7. «ІV-ая традиционная научно- теоретическая конференция молодых ученых и студентов», 2003ж, «ҚР-дағы заңды тұлғаларды несиелеу мәселелері», /408-414б/.
8. «Банковское право РК», Алматы, Жеті жарғы баспасы,2004ж /395-408б/.
9. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет», 1995ж 31 тамызда қабылданған заңы.
10. « Қазіргі кезеңдегі кредиттік іс» Оқу құралы / Хамитов Н.Н. – Алматы: «Экономика», 2009.- 25 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс тақырыбы:
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері

Жоспар:

Кіріспе

Бөлім І

Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың алғы шарттары

1. Заңды тұлғаларды несиелеу қағидалары мен несиелік қатынастың
экономикалық мәні.
2. Заңды тұлғаларды несиелеудің шетелдік тәжірибелері

Бөлім ІІ

АҚ Банк Центркредиттің заңды тұлғаларды несиелеу тәжірибесі

2.1. АҚ Банк Центркредиттің қазіргі жағдайы (3 жыл бойынша)

2.2. АҚ Банк Центркредиттің АҚ ХХХХ және ТОО ХХХХ
компаниясын несиелеуі

2.3. АҚ Банк Центркредиттің екі компанияны несиелеудегі
ерекшеліктері

Бөлім ІІІ

ҚР-да заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдірудегі ұсыныстар

3.1. Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудағы проблемелар

3.2. . Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою
жолдары мен ұсыныстар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Несиелеу – бұл банк қызметінің тәуекелді және табысы жоғары түрі. Банктік
қызметінің маңызды саласы ретінде ұлттық экономиканың дамуына ерекше әсер
етеді. Сонымен қатар банк несиесі өз қызметі мен құрылымын көрсететін
мақсатты жағдайларға да әсер етеді. Әр мезетте бұл жағдайларды жүйелеу және
олардың несиелеу кезеңіне әсерін түсіну ғылыми және тәжірибелік
қызығушылықты туғызтады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, банктің негізгі қызметі - қаржыны жинақтап
және оны болашақта тиімді орналастыру. Банктің несиелік қоржыны жылжымалы
және өзгермелі. Бұлай болу себебі жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен
және қаржы нарығының дамуы негізінде банк өткізілетін операциялар тізбесі
кеңейуімен байланысты. Бірақ нарықтық экономикаға өткендіктен, несиелік
қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты экономикалық басқару әдістерінің
маңызы артты. Бұндай жағдайда банк жұмысы толықтай материалдық
қызығушылыққа шартталған есептілікке қарай құрылды. Сондықтан, жоғарғы
табыс пен төменгі тәуекелге негізделген банк қоржынын құру көкейкесті
мәселе болып табылады.
Туындайтын несиелік тәуекелден құтылу үшін банк несие алушы мен
несиені беру жағдайын мұқият талдап, қарыз алушының несиені өтеу
қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына ылғи бақылау жүргізтеді.Бұл
көрсетілімдер банктің несиелік қызметін нақты қарыз алушы тұрғысынан
қарастырады. Сонымен қатар, толықтай несиелік қоржын жағдайына да көңіл
бөлу қажет.
Банк несиені ұйымдастырудың бәсекелік жағдайында жоғарғы деңгейге жетуге
қызығушылық білдіреді. Сол үшін банк қызметкерлері тек қана теориялық
тұрғыдан біліп қоймай, сондай-ақ шетел банктері қолданатын несиелеу
әдістерін, несиелеу саласындағы жоғары нәтижеге жетуге бағытталған өзіндік
программаларды өңдеп, тәжірибелік тұрғыдан үйренгендерін қолдана білуі
тиіс.
Банктің несиелік қоржынымен жүйелі түрде жұмыс істеуі, яғни оны бағалау
мен талдау несие нарығын жүргізудегі стратегия мен тактиканы өңдеудің
негізгі кезеңі болып табылады. Несиелік қоржынмен жүргізілген жақсы жұмыс
банктің сапасын көрсетеді.
Диплом жұмысының мақсаты банк несиесінің қызметі мен мәнін талдау, заңды
тұлғаларды несиелеудің ұйымдастыру кезеңдерін талдау мен ерекшеліктерін
анықтау.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Коммерциялық банктің несиелік операция түсінігін теориялық тұрғыдан
қарастыру, яғни оның несиенің қажеттілігі мен мәнін, қағидаларын,
сыныпталуын ашу, заңды тұлғаларға несие беру кезектілігін көрсету;
- Банк ұсынатын несие сапасын бағалау әдістері мен мақсатын анықтау;
- Несиелеудегі шетелдік тәжірибені көрсету;
- Банк Центр Кредит- тің қазіргі кездегі жағдайы мен заңды тұлғаларға
ұсынатын несиелерін қарастыру;
- Заңды тұлғаларды несиелеудегі негізгі проблемаларды қарастырып, оларды
шешу жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмысты орындауда банктің заңды тұлғаларды несиелеуде
қолданатын әдсітері мен тәжірибелерін, ҚР заңдарын, басқада арнайы
әддебиеттер мен шетелдік және отандық басылымдарды талқылаға негізделген.

3. Заңды тұлғаларды несиелеу қағидалары мен несиелік қатынастың
экономикалық мәні.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы дамуы несиелік
қатынастың жүргізілу потенциалымен байланысты болды. Несиелік қатынас
түсінігі қаражатты берудегі несие беруші мен қарыз алушы арасындағы
қатынасты білдіреді.
Несие қарыз капиталының, яғни қарызға берілетін ақша капиталы
қозғалысының формасын көрсетеді. Несие ақша капиталының қарыз капиталына
өзгерісін қамтамасыз етеді және қарыз алушы мен несие беруші арасындағы
қатынасты көрсетеді. Оның көмегімен мемлекеттің, жеке сектордың және
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақша қаражаттары қарыз капиталы
ретінде шоғырланып, уақытша қолданысқа беріледі.
Нарық жағдайындағы несиенің негізгі түрі банк несиесі болып табылады.
Банк несиесі банк операцияларында, экономиканың дамуы үшін қаражат тартуда
жетекші рөл атқарады. Несие ресурсы банк инвестициясының айтарлықтай үлесін
құрайды, ұдайы өндіріс процесін жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық орнықтылығын қамтамасыз
етеді. Банктік несие аймағында несиелік қатынас субъектілері болып
шаруашылық органдары, мемлекет және банктің өзі танылады. Несиелік
қатынаста,ы келісім-шартта субъектілер несие беруші және қарыз алушы
ретінде қатысады. 1
Несие беуші – несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Ол кәсіпорын-
дардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын
шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде
ұсынады.
Қарызға алушы - несиелік қытнастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қарызға алушы алынған қаражаттың меншік иесі болып
табылмайды, өндіріс саласында, айналымда, оны өз қалауымен қолданады. Бұл
жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры
таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп,
қарызды артық көлемде төлейді.2 Сонымен қатар, қарыз алушы қарыз алатын
қаражатты қайтаруға экономикалық және заңи тұрғыдан кепілдік беруі тиіс.
Мұндай кепіл кепіл заты немесе келесі үшінші тұлға гарант бола алады.
Қарыз алушы алған несие мен оған есептелетін үстемақыны несиелік келісім-
шартта көрсетілген мерзімде төлеуі үшін өндіріс процессін дұрыс
ұйымдастыруы тиіс. Қарыз алушының өндірісін үзіліссіз қамтамасыз ету және
кредитордан алған қаражатқа меншік құқығын қамтамасыз ету үшін алынған
несиенің нақты қажеттілігі қарыз алушының несие берушіге қатысты
экономикалық тәуелділігін анықтайды. Экономиканың қазіргі даму сатысында
бұл тәуелділік тұрақты сипатқа ие және қарыз алушының алынған ссуда бойынша
және оған төленетін сыйақыны міндетті түрде төлеуін талап етеді. Кері
жағдайда кредиторға жағымсыз әріптес болады және қарыз алуда белгілі
қиындықтарға тап болады. Көрсетілген тәуелділік несиелік келісімде қарыз
алушының орны кредиторға қарағанда мағыналы екенін көрсетпейді, олар бұл
келісімде мақсаттары мен қызығушылығы тең құқылы болуы негізінде несиелік
қатынас пайда болуын көрсетеді.
Несиелік қаынаста экономикалық субъектілер өз орындарын ауыстыра алады:
несие беруші қарыз алушы бола алса, керісінше қарыз беуші несие алушы бола
алады. Тауар-ақша қатынастарының қазіргі даму деңгейінде бір уақытта
кредитор қарыз алушы болып жұмыс істеу сипатына ие.
Кредитор қарыз алушыға уақытша қолдануға ақша немесе тауар түрінде қарыз
береді, ол өзіне тән ерекшелікке сәйкес қарыз құны деп аталады.
Қарыз құны – бұл несиелік келімнің объектісі, соның негізінде несиелік
қатынас туындайды. Ол несиелік қатынас объектісі ретінде өзіндік сипатқа
ие.
Біріншіден, қарыз құнының қозғалысы қайтарымдылық сипатқа ие: кредитордан
несие алшыға, содан соң несие алушыдан кредиторға қарай.
Екіншіден, қарыз құны аванстық сипатқа ие. Аванстау қарыз құнын қолдану
арқылы табыс немесе басқа әсер алынған жағдайды айтамыз. Мысалы, несие
алушы тек несие алғанда қарыздарын жауып қана қоймай, несиеге алған
қаражтты дұрыс жұмсаса қосымша пайдада алуы мүмкін.
Үшіншіден, қарыз құны басқа жаңа тұлғаның шарауашылық процестегі
қозғалысын жалғастырушы.
Төртіншіден, қарыз құны өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етіп, өндіріс
процессін одан әрі жылдамдатады.3
Сонымен, несиенің әрбір құрылымдық элементі өзгеше мәнге ие бола отырып,
несиелік қатынаста өзіндік сипатын көрсетеді. Бірақ несиенің бір объектісін
немесе субъектісін талдау несиенің толықтай мазмұнын анықтай алмайды.
Несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін бүкіл элементтер бірігіп
сипаттағанда ғана ашылады. Бұл жағдайды дұрыс емес бағалау тәжірибеде кері
әсерге әкеледі.
Қазіргі уақытта ішкі экономикалық айналымда көбінесе ақшалай түрдегі
несие көп қолданылады. Ол ең алдымен банктік несие түрінде беріледі.
Банктік несие бос ақшалай қаражатты жинақтап, қайтару негізінде
берумен, сондай-ақ ақша белгісін несиелеу жүйесі айналымында
эмиссиялаумен байланысты.
Банктік несиелеу жүйесі несиелік процесс элементерімен байланысты
қатарларды ұсынады. Ол несиелеу қағидалары мен объектілерін, несиені
қайтару механизмдерін қамтиды. Несиелеу қағидасы банктік несие жүйесінің
негізгі элементін және оны іске асыру кезінде сақталатын негізгі ережелер
мен жағдайларды құрайды. Бұл ережелер мен жағдайлар табиғаты, ролі,
қоғамдық тұрғыдан айқындалатын несие қызметі бойынша анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
І топқа – жалпы эккономикалық тәртіптегі қағидалар:
- Несиенің үнемділігі;
- Несиенің жинақтылығы;
- Несиенің дифференциалдығы.
ІІ топқа –несиенің мәнін бейнелейтінқағидалар:
- Несиенің мерзімділігі;
- Несиенің қайтарымдылығы;
- Несиенің төлемділігі;
- Несиенің қамтамасыз етілуі.3
Несие экономикалық категория ретінде басқа құн категорияларымен
байланыста болатындықтан жалпы экономикалық қағидаларды да қамтиды. Мұндай
қағидаларға көбінесе үнемділік, жинақтылық, дифференциалдығы
жатқызылады. 4,19 б.
Үнемділік қағидасы аз несие салып, ең үлкен тиімді табысқа қол жеткізуге
бағыттау. Мұнда тек несие беруші ретінде банкке ғана маңызды емес,
сонымен қоса қарыз алушыға да маңызды. Бұл қағиданы банктің іске асыруы
несие ресурсы айналымын жылдамдатуға мүмкіндік берсе, ал қарыз алушыға
несие сыйақасы шығындарын қысқартуға және пайданы жоғарылатуға әсер етеді.
Жинақтылық қағидасы белгілі кезеңдегі мемлекет экономикасының даму
заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескеретін несие саясатын қолдануды
тұжырымдайды.
Дифференциалдық қағидасы әр түрлі қарыз алушыға, объектілерге, түрлі
мақсаттарға түрлі амалдар көрсетуді білдіреді. Жоспарлы экономика
жағдайында дифференциалдықтың негізгі белгісі болып қаржы-шаруашылық
қызметтің негізгі көрсеткіштерінің ұйымдастыруын орындау табылады. Жақсы
жұмыс істейтін кәсіпорынға банк несиелеуде жеңілдіктер береді, жұмыс
қабілеттілігі нашар кәсіпорындарға санкциялар қолданады.
Несиенің дифференциалдығы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады, ол мерзімділік принципімен
байланысты, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына
беріледі. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және
банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында
потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған
ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын,
сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекешілікке ала отырып,
бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Жалпы экономикалық қатардағы қағидадан басқа несиенің өз мәні мен
ерекшелігін нақты көрсететін қағидаларды бөлек қарастырады. Банк несиесінің
мәнін бейнелейтін қағидалар: несиенің мерзімділігі, несиенің
қайтарымдылығы, несиенің төлемділігі және несиенің қамтамасыз етілу
қағидалары.5,269 б.
Мерзімділік қағидасы – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі
мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол несие берушінің қарыз
алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің
қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық – несиенің
ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл
қағидасына ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты
ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілу
тәуекелі. Екіншіден, бұл қағиданы сақтау коммерциялық банктердің
өтімділігін қамтамасыз етуі үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру
қағидасы тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға
салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл
қағиданың сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі – бұл несие берушіге қарыз алушы берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп атайды. Еркін
реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге
деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін
басты факторларына мыналар жатады:
- Орталық банктің коммерциалық банктерге беретін ссудалары бойынша
белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
- Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы
мөлшері;
- Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі
қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
- Несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
- Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, банк үшін оның қамтамасыз
етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты
жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары
болуға тиіс).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық,
сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және
жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе,
соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Несиелеудің келесі бір қағидасы - берілетін ссудалардың материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз,
себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да,
несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана
жүргізіледі. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл-хат,
кепілдеме, кепіл, сақтандыру міндеттемелері қолданылады.4
Несиенің қамтамасыз етілу тәсілдері мынадай:
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз
етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып,
оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып
келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру.
Несиені берер кезде банкте тәуекелге баратындықтан, сенімді болу үшін қарыз
алушының несиелік қабілетіне де зор көңіл бөледі. Қарыз алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу
қабілеті болжанады.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің
мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты
қарызға алу қабілеті, ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті
қаражатты табу қабілеті, капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік
мәміле жасалатын жағдай, бақылау.
Соның ішінде банктердің заңды тұлғаның қарыз алуын қарастырсақ.
Заңды тұлғаларды несиелеу қандай-да бір шаруашылық субъектілердің
қажет ететін ресурстарын, құрал-жабдықтарын тағы басқа алуға мүмкіндік
беретін ақшалай ресурстарды белгілі-бір қағидалар мен шарттарға сәйкес
беру болып табылады. Банктік несиелеудің дамуы экономикалық өсімді
қаржыландырудың маңызды факторларының бірі болып отыр. Қазіргі кезде
әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейту үшін өте тиімді
жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі мөлшерде қолданылады.
Жалпы несиелеу процесін мына сызбамен көрсетуге болады:7, 408 б.
№1 сызба

Қандай заңды тұлға болмасын банктен несие алар кезде шот ашады. Қазіргі
кездегі екінші деңгейлі банктреде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29
маусымдағы Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы Қазақстан
Республикасының заңына және 2000жылғы 2 маусымдағы Ұлттық Банк
Басқармасының №266 бекітілген Қазақстан Республикасының банктеріндегі
клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы
нұсқаулықта көзделген.8, 395 б.
1. Өтінішті рәсімдеу үшін құжаттар. Соның ішінде несие алу өтініш,
кәсіпорын анкетасы, кәсіпорынның жетекшісіне арналған анкета, бизнес-
жоспар тапсырылады.
2. Заңи сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар. Соның ішінде мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік, жарғысының көшірмесі, құрылтайшылық шарт,
статистикалық карточка, СТТН-нің көшірмесі, қызметіне алған лицензия
немесе патенттің көшірмесі, құрылтайшылық жиналыс туралы хаттама, АҚ
үшін акционерлердің жиналысы туралы, акционерлердің реестрі туралы
көшірме, бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туралы түпнұсқа,
кәсіпорын жетекшісінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы,
оның төлқұжатының көшірмесі, қол қою және мөр басу үлгілері бар
карточка, кепілге беретін мүліктің құқығын растайтын құжаттарының
көшірмесі.
3. Несиелік сараптама және талдау үшін қажетті құжаттар. Соның ішінде
соңғы 2 жылға және несиеге өтініш жасау алдындағы есепті күнге
берілетін қаржылық құжаттар, соңғы 6 айға ағымдағы шот бойынша
қаражаттар қозғалысының көшірмесі, кәсіпорын кассасындағы айналым
туралы құжат, кредиторлық және дебиторлық қарыздың мәліметтері,
күмәнді дебиторлық қарыз көлемі, кәсіпорынның негізгі құралдары туралы
мәліметтер, олардың қалдық құны, өндірілетін өнімнің өзіндік құнының
есебі, несиені пайдалану мақсатын растайтын құжаттар талап етіледі.
Сонымен қатар банктің талабынан туындайтын қосымша құжаттар да сұралуы
мүмкін. 9
Содан соң оларды талдау кезінде төлем қабілеті мен несие қабілетін
есептейді.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау объективті және субъективті
факторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Объективті факторлар потенциалды
қарыз алушының есебін егжей-тегжейлі талдау негізінде бағаланады. Оны
жүзеге асыру кезінде банктер горизонтальды, вертикальды, трнедалық,
факторлық және жағдайлық талдауды қолданады.
Талданатын объектілер ретінде, әдетте, қаржылық нәтижелері, актив және
меншікті капитал рентабельділігі, қаржылық жағдайы қолданылады.
Кәсіпорын туралы неғұрлым толық мәлімет алу үшін оның қызметінің
нәтижелерін бәсекелес кәсіпорынның нәтижелерімен салыстыруға болады.
Несие алушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын бағалау оған мінездеме
беруден басталады. Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға
ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы
жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай
келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет
етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай
келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің іскерлік әлеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына
моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын
құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты
негізделеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің маңызды критерийі болып
саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
1) Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапыннан жарғылық қордың
ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициенті
негізінде талданады;
2) Несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни
ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін
куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса,
соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды
қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша
көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы.
Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар тууы
барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына
кепілдік береді.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынандай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер қарыз
алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште
көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік
саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты,
ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының
стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталған, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік
қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына
жататындар:
- Іскерлік тәуекелді бағалау;
- Менеджментті бағалау;
- Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
- Ақша тасқынын талдау;
- Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
- Орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап
отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы
басты факторға оның қаржылық жағдайы кіреді. Ол қарыз алушының қызметін
көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық
қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы
алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.6,201б.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға
беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне
байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырысады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау
шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін
талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық
қызметін жан-жақты бағалауға мүмкін беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын
көптеген әдістемелер қолданылады. Заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық
жағдайын анықтау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен
келесідей жылдық бухгалтерлік есеп нысандары керек:
- Кәсіпорын балансы (№ 1-нысан);
- Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі (№ 2- нысаны);
- Кәсіпорын балансына қосымша бет (№ 3-нысан);
- Қазақстан Республикасы статистикалық есеп нысаны Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің көрсеткіштері туралы есебі (№1-Ф-мерзімді-
тоқсандық нысандары)
- Кәсіпорынның өнімінің (жұмыста, қызметтер) кеткен шығындары туралы
есебі (№5-з-мерзімді-тоқсандық-жылдық нысандары).
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы компаниялардың несиелік қабілетін
бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады:
- Өтімділік коэффициенті;
- Қаражат көздерін тиімді басқаруға арналған қаржылық тәуелділік
коэффициенттер;
- Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған
айналымдылық коэффициенттер;
- Пайдалылық коэффициенттер.
Мұндағы өтімділік коэффициентінің өзі екі коэффициент көмегімен анықталады:
- Ағымдағы өтімділік коэффициенті;
- Тез өтімділік коэффициенті.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті = ағымдағы активтерағымдағы міндеттеме.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті бұрынғы өтеу коэффициенті ретінде белгілі.
Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелердің ағымдағы активтермен қаншалықты
қамтамасыз етілетінін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің мәні 0,7-тен 1,2-ға
дейінгі аралықта болуға тиіс. Егер оның мәні 1,2-ден артып кетсе, онда
тауарлы-материалды қорларға (ТМЗ) салынған қаражаттар айналысының
бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуын көрсетеді. Ал оның
мәнінің төмен болуы клиенттің төлем қабілетсіздігін баяндайды.
Тез өтімділік коэффициенті = ағымдағы активтре – ТМҚ ағымдағы міндеттеме.
Бұл көрсеткіш тауарлы-материалды қорларды тез арада сату мүмкіндігі
болмаған жағдайдағы қарыз лаушының қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу
мүмкіндігін бағалауға көмектеседі. Аталған коэффициент мәнінің 0,4-тен 0,6-
ға дейінгі аралықта болғаны дұрыс. Бөлшек сауда компанияларында оның мәні
0,3-тен 0,4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Қарыз алушының іскерлік беделі
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы мәлімет
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Заңды тұлғаларды несиелеу
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
Пәндер